Пәнінің ОҚУ Әдістемелік кешені


суретте ластик құрылысы көрсетілген



бет8/17
Дата08.06.2024
өлшемі0.84 Mb.
#502436
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17
УМКД, Матаны ондеу (роспись ткани)

3.17. суретте ластик құрылысы көрсетілген.


Сурет 3.17 - Ластик құрылысы (1) және оның графикалық жазбасы (2)
Ластик өрімін ластикті, фангілі және котонды машинада өндіреді. Екітерістемелі (айналмалы) трикотаж - қосарлы өрім, екі жағының құрылымы бірдей, біртегістің теріс жағына ұқсас (ілмек доғалары ба- сым болады). 3.18. суретте екітерістемелі өрім көрсетілген.


Сурет 3.18 - Екітерістемелі (айналмалы) өрім
Бұл өрім ілмек таяқшалары және ілмек доғаларының алмасуынан алынады, яғни оң ілмек қатары теріс қатарымен алмасады.

Интерлок (қосластик) - қосарлы өрім, екі айқасқан ластиктің үйлесуінен тұрады, бір - біріне теріс жағымен қосылған. Жайманың оң мен теріс жағы бірдей және оң ілмек бағаншалардан тұрады. Интерлок өрім ластикпен салыстырғанда серпімділігі мен тығыздығы жоғары, созылымдылығы мен тарқатылуы төмен болады. 3.19 - суретте интер- лок өрімі көрсетілген.


Сурет 3.19 - Интерлок өрімнің құрылымы

3.3.4. Бойлай тоқылған трикотаж өрімдері

Басты негізжіптік өрімдерге тізбекше, трико, атлас жатады.

Тізбекше - жалаң өрім, оның ілмектері бір бағанада бір жіптен және әрбір келесі ілмегі алдыңғының үстінде орналасады. Тізбекше ашық және жабық ілмектерден тұрады. Тізбекше оң жағына шиыршық (спираль) түрде бұрылады, бұл өрімнің созылымдылығы шамалы. Тізбекше тек басқа өрімдермен бірге бірігіп қолданылады, өйткені жеке өзі жайманы құрамайды. 3.20. суретте тізбекше өрімі көрсетілген.

Трико - жалаң өрім, оның ілмектері қатарлас екі ілмек бағанада кезегімен ирек орналасады. Өрімнің оң жағында ілмек таяқшалары (3.20 сурет. а), ал теріс жағында - ине доғалары мен көлбеу созылма- лары орналасады. Трико жеңіл формасын өзгертеді және жіп үзілген кезде ілмек бағанасы бойымен жеңіл тарқатылады. Әдетте жиі басқа өрімдермен бірге қолданылады.
3.21. суретте трико өрімі көрсетілген.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет