Студенттер орындайтын тапсырмалар:
Глоссарий
Хлорофиль
Каратинойд
Пигмент
Вегетатив
Паразит
Гетеротроф
Фототроф
Сапрофит
Хемотроф
Актиномицетин
Миксобактерия
Тест тапсырмасы
1. Көк – жасыл балдырларды басқа өсімдіктермен жалпы бірлестігі
-
Оксиген фотосинтезіне қабілеттілігі
-
Яросының болмауы
-
Хромотофорасының болмауы
-
Вакуолясының, клетка шырындысының болмауы
-
Клетка қабырғасының ультраструктурасы
2. Циандар талломының формалары
-
Бір клеткалы, колониалды, көп клеткалы
-
Пластинкалы
-
Сифональды, сифонокладальды
-
Бір клеткалы, коккоидты (қозғалмайтын)
-
Ризоподикальды
3. Көк – жасыл балдырларда қандай пигменттер болады?
-
Хлорофилл а, каротиноидты, билихромопротейдтер
-
Хлорофилл а және в, каротиноидтар, ксантофиллдер
-
Хлорофилл а,с, каротин, ксантофилл, диаболейн
-
Хлорофилл а, д, фикобилиндер, карабинолды, ксантофилдер
-
Хлорофилл а,с, каротиндер, ксантофиллдер, фикобилиндер
4. Циандердің қандай көбею формалары белгілі?
-
Вегетативті көбею
-
Вегетативті, жыныссыз және жынысты көбеюлер
-
Жыныссыз, жынысты
-
Вегетативті, жынысты
-
Вегетативті, жыныссыз формалар, жынысты көбею жоқ
5. Көк – жасыл балдырлар қандай споралар арқылы көбейеді?
-
Моно -, тетра -, полиспоралармен
-
Зооспора, автоспора
-
Гонидия, коккамен және планококкамен
-
Зооспоралармен және конидиялармен
-
Аско және базидиоспоралармен
6. Жіпшелі циандердің маманданған клеткалары
-
Вегетативті көбеюде және азот фикцация процессіндегі гетероцистер
-
Изогаметалар жыныстық көбеюде
-
Жыныссыз көбеюде зооспоралар
-
Гетерогамды жыныстық процессте гетерогаметалар
-
Оогамды жынысты процессте жұмыртқа клеткалары және сперматозоидтар
7.Көк – жасыл балдырларда вегетативті көбею қалай өтеді?
А. Клеткаларды бөлінуі, гармогониялармен
В. Зооспоралар және аплоноспоралармен
С. Бүршіктермен
D. Қосымша өркендермен
Е. Түйнектермен
8. Барлық цианофиттердің дамуындағы характерлі ерекшеліктері
-
Жынысты процесстердің болмауы әрекеттегі формалар және даму стадиялары
-
Жынысты және жыныссыз процесстердің алмасуы
-
Дамудың үш фазалы циклі (гаметофит, карпоспорофит, тетраспорофит)
-
Нәсілдердің алмасуларының болмауы
-
Гаплодиплобионтты
9. Клетка формалары және атқарылатын функцияларына қарай жіпше тәрізді көк – жасыл балдырлар қалай аталады?
-
Гормогония
-
Гетеротрихома
-
Гомоцитті трихома
-
Гетероцитті трихома
-
Бір қатарлы трихома
10. Балдырлардың қайсы топтары жіпше формалы циандерге жатады?
-
Анабена, оссиллатория
-
Микроцистис, глеокапса
-
Улотрикс, эдогониум
-
Трибонема, спирулина
-
Мерисмопедия, вольвокс
11. Қоректену характеріне байланысты көк – жасыл балдырлар
-
Фотоавтотрофтар
-
Хемеавтотрофтар
-
Сапротрофтар
-
Гетеротрофтар
-
Миксотрофтар
12. Көк – жасыл балдырлардың қай туысының өкілдері улы?
-
Микроцистис
-
Носток
-
Глеокапса
-
Осцилатория
-
Анабена
3-АПТА
(5 балл)
Тақырып : Сары - жасыл балдырлар бөлімі
Жоспар:
1. Сары -жасыл балдырлардың жалпы сипаттамасы
2. Сары -жасыл балдырлардың классификатциясы
Сабақтың мақсаты : Сары -жасыл балдырлардың биологиялық айырмашылығы, таксономиялық бірліктері. Негізгі өкілдерінің сипаттамасымен студенттерді таныстыру.
Сабақтың мазмұны Сары – жасыл балдырлар өте ертеде пайда болған өсімдіктер түрлерінің жалпы саны 25 мың.
Қазіргі кезде дүние жүзі бойынша хара балдырларының 300 – дей түрі сиптталып жазылған. Талломы күрделі тарамдалған болып келетін үлкен балдырлар. Олар көп жағдайда тұщы суларда кездеседі. Су астында ну болып жиі өседі. Жыныссыз жолмен көбеймейді. Вегетативтік көбеюі ризоидтарында пайда болатын түйнектері немесе талломының төменгі бөліктері арқылы жүзеге асады. Жыныстық көбею органдары оогоний мен антеридийелері көп клеткалы. Хара балдырлары жасыл балдырлардың ішіндегі ең жақсы жетілгендіріне жатады. Пісіп жетілген қызғыш – сары түске боялады. Ұрықтанған жұмыртқа клеткасынан зигота түзіледі өмірлік циклы гаплоидты фазада өтеді. Зигота ғана диплоидта.
Бұл бөлімге 25 мыңдай түр жатады. Олардың тамомы көп клеткалы жіп тәрізді, клеткаланбаған. Сары – жасыл балдырлар негізінен тұщы суларды, сиректеу тұзды суларда мекендейді. Олар планктондар, бентостардың маңызды компоненттерінің бірі болып табылады. Сонымен қатар сары – жасыл балдырлар топырақта және тастық бетінде де өседі. Олардың клеткаларының қабықшалары протопектинді, целлюлозасы аз болады. Ядросы көп жағдайда біреу, клеткаланбаған түрлерінің ядросы көп болады. Хромотофорында хлорофилден басқа талломға сары – жасыл түс беретін каротиноидтар болады. Пиренойдтары болмайды. Артық қор заттары ретінде шыны майы, кейде лейказиннің және валютиннің түйіршіктері жиналады.
Вегетативтік көбеюі клетканың екіге бөлінуі арқылы немесе талломдардың бөлшектері арқылы жүзеге асады. Жыныстық процессі негізінен изогамиялы. Сиректеу оогамиялы болып келеді. Зооспоралары мен сперматозоидтарының ұзындықтары әртүрлі, екі талшығы болады : біреуі қысқа түзу, жылтыр, ал екіншісі ұзын және қауырсынды болып келеді.
Классификациясы. Бұл бөлім мынадай 6 кластан тұрады : ксантомонадалылар класы (Xanthomonodap hyceal), ксантоподалалылар класы (Хanthopodophyceal) kcantokan салылар класы (Хаnthocapsophyceal), ксантококкалылар класы (Хanthococcophyceal), ксантококкалылар класы (Xanthotrichophyceal), ксантотрихалылар класы (Xanthotrichophyceal), kcanto сифондылар класы (Хanthosiphonophyceal) осы 6 кластың ең үлкені және теориялық тұрғыдан маңыздысы ксантосифондылар класы.
Ксантосифондылар класы – Xanthosiphonophyceal.
Бұл класқа сифонды құрылысты яғни талломы леткаланбаған сары – жасыл балдырлар жатады. Негізгі туысының бірі Вошерия (Vaucheria). Вошерия туысы пигменттерінің құрамына және ассимиляциясының өнімдеріне қарай систематиктер бұл туысты жасыл емес бұрынғыдай сары – жасыл балдырларға жатқызды. Табиғи жағдайда бұл түр ақпайтын тұщы және ағын суларда, сонымен бірге суы тартыла бастаған су қоймаларының жағалауларында қара – көк түсті, жіп тәрізді талломдардың жиынтығын түзеді. Топыраққа ризоидтары арқылы бекініп тұрады.
Талломы клеткаланбаған, тармақталған, көп ядролы диск тәрізді көптеген ұсақ хромотофоралары болады. Жыныссыз көбейгенде жіпшесінің жоғарғы ұшында зооспорангий түзіледі. Оның ішінде көптеген екеу – екеуден жұптасқан талшықтары бар бір ғана зооспора жетіледі. Зооспора біраз уақыт суда жүзіп жүреді, содан соң талшықтарын тастап, тоқтайды да өсіп жаңа талломға айналады. Жыныстық процесі оогамиялы. Актеридни мен оогонийт бір клеткалы болады. Біраз тыныштық кезеңінен соң зигота редукциялық жолмен бөлінеді де өсіп жаңа особьқа айналады. Тіркеспелі бюалдырлар класына негізінен микроскопиялық сары жасыл балдырлар жатады. Түрлерінің жалпы саны 4700 – дей болады. Олардың көбісін десмидиялылар қатары түзеді. Талломы көп клеткалы жіп тәрізді немесе бір клеткалы талшықсыз болып келеді. Жыныстық процесі тіркесу арқылы жүреді. Зооспоралары мен гаметалары болмайды.
Негізгі өкілдерінің бірі ткөп клеткалы жіп тәрізді балдыр спирогира туысы (Spiroqira). Ол сыртқы кілегеймен қапталған ашық көк түсті матасқан жіптердің жиынтығы түрінде ақпайтын немесе жай ағатын сулардың қабаттарында жүзіп жүреді, немесе судың түбінде салынды түзеді. Спирогираның клеткалары ұзынша созылған цилиндр пішінді болып келеді. Клетка қабықшасы қалың және ол целлюлозадан тұрады. Клетканың ішінде спирал тәрізді бұралған аситаға ұқсас хромотофоры болады. Вегетативті көбею жіптердің үзілуі арқылы жүзеге асады. Сары - жасыл балдырлдардың табиғатта маңызы зор. Олар фотосинтез процессінің негізінде органикалық заттар түзіп судан өз бойына көмір қышқыл газын сіңіреді және оттегін бөліп шығарады. Онымен суда мекендейтін жануарлдар тыныс алады. Сары жасыл балдырлар шамадан тыс көбейіп кетсе, шаруашылыққа зиян келтіруі мүмкін. Сондықтан каналдарды және көлшіктерді балдырлардан тазалап тұру қажет.
Хара балдырлар бөлімі – Charophyta.
Достарыңызбен бөлісу: |