Пәннің мақсаты: Өсімдіктер морфологиясы мен анатомиясы курсы с


Студенттер орындайтын тапсырмалар



бет16/22
Дата17.06.2016
өлшемі2.01 Mb.
#142220
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   22

Студенттер орындайтын тапсырмалар:



Тест тапсырмасы

1. Қайсы балдырларды амебоидты құрылысты таллом сақталған ?



  1. Жылтырауық, сары- жасыл

  2. Пирофитті, жасыл

  3. Диатомды, жасыл

  4. Қара, қоңыр

  5. Қоңыр және қызыл

2. Сары – жасыл балдырлардың барлық типтері үшін бастапқы талломдардың құрылысы

  1. Монодалы

  2. Амебоидты

  3. Коккоидты

  4. Трихальды

  5. Гетеротрихальды

3. Монодалы құрылымның әртүрлілігіне нелер қатысты?

  1. Қозғалыстағы колония және ценобим

  2. Акинеты

  3. Апланоспоры, автоспоры

  4. Қозғалмайтын ценобим

  5. Цисталар

4. Балдырлардың дамуында монадалы стадияларға нелер енеді?

  1. Монодалы колония және ценабим

  2. Акинеты,цистаъ

  3. Аплоно, автоспора

  4. Зооспоралар және гаметалар

  5. Коккоидты ценабим

5. Сары жасыл балдырлар үшін қоректенудің қай түрі тән

  1. Автотрофты

  2. Хемотрофты

  3. Гетеротрофты

  4. Фототрофты

  1. Сары – жасыл балдырлардың неше мың түрлері белгілі?

А. 25 мың

В. 20 мың

С. 16 мың

Д. 10 мың

7. Сары жасыл балдырлардың көбею жолдарын ата?


  1. Вегетатив, жынысты және жыныссыз

  2. Акинеты,цистаъ

  3. Аплоно, автоспора

  4. Зооспоралар және гаметалар

  5. Коккоидты ценабим


ГЛОССАРИЙ

Сары балдыр

Жасыл балдыр

Автотроф

Вегетатив

Монада

Таллом

4- АПТА

(5 балл)

Тақырып: Қоңыр балдырлар
Жоспар

А) Қоңыр балдырлар биоморфологиялық ерекшеліктері

Ә) Қоңыр балдырлар көбею жолдары
ОБСӨЖ мәтіні: Классификациясы. Диатомды балдырлар бөлімі екі кластан тұрады : пенатталылар класы (Pennatophyceal) центрикалылар класы (Centrophyceal).

Бөлімнің негізгі туысының бірі пиннулярия (Pinnularia). Ол пенаттылар класына жатады. Бұл судың түбіндегі ұйықта көп мөлшерде кездесетін, клеткасының формасы салақтау, эллипс тәрізді, ұштары дөңгелектеніп келген, ортаңғы бөлігі жалпақтау, бір клеткалы балдыр. Клетканы бойлай тігіс (щель) өтеді, оның ұшында және ортасында түйін деп аталынатын, үш қалыңдаған төмпешік болады. Пинулярияның жақтауларында көптеген көлденең жолақтары болады, олар клетканың сыртындағы кремнеземнің бірыңғай тегіс болып жиналмауының нәтижесінде түзілген. Клеткасында ядро вакуоль және екі пластинка тәрізді қоңыр түсті хромотофорасы болады.

Түрлерінің жалпы саны 1.5 мыңдай болады. Қоңыр балдырлар бентостың маңызды компоненттердің бірі болып табылады. Қоңыр балдырлардың таломының бояуы сарғыштан қара-қоңыр, тіптен қара-қышқыл түске дейін болады. Қоңыр балдырлардың талломы көп клеткалы болады. Олардан эволюцияның дамуын ұсақ организмдерден бастап, аса үлкен 60-100м жетеді.Қарапайым түрлерінің талломы жіп тәрізді болып келеді және бір қатар клеткалардың тізбегінен тұрады. Жақсы жетілгендерінің клеткалары әртүрлі бағытта бөлінеді және көп жағдайда дифференцияланып, ассимиляциялық, қорлық арқаулық және механикалық өткізгіштік ұлпаларға ұқсас клеткалардың дараланған комплекстерін түзеді. Мұндай дифференциация талломның әртүрлі қызмет атқаратын участоктерге ризоидтарға өстік бөлікке (сабаққа) және филлоидтарға (жапырақтарға) бөлінуіне байланысты болса керек.

Қоңыр балдырлардың клеткалары бір ядролы. Хромотофоры көп жағдайда диска тәрізді, көп болады. Артық қор заттары ламинарын (полисахарид), маннит (сахароспирт) және шыны май тамшылары түрінде жиналады. Пектинді – целююлозды клетка қабықшасы оңай шырыштанады. Талломы төбелік немесе қысытырма меристемасы арқылы өседі. Өмірінің ұзақтығы бірнеше бөліктерге үзілуі арқылы жүзеге асады.Жыныссыз көбеюі көптеген екі талшықты зооспоралары немесе қозғалмайтын тетроспоралар арқылы жүзеге асады. Зооспоралары бір клеткалы сиректеу көп клеткалы зооспораларда, ал тетраспоралары тетраспорангияларда пайда болады.

Жыныстық процесі изогамиялы, гетерогамиялы, оогамиялы болып келеді. Изо және гетерогаметалары көп клеткалы гаметангияларда пайда болады, оонийлері мен антеридийлері – бір клеткалы. Қоңыр балдырлардың фикуста басқаларында өмірлік циклінде ұрпақ алмасуы айқын байқалады. Мейоз зооспорангияларда немесе тетраспораларда жүреді. Зооспоралары немесе гаметофитке бастама береді. Гаметофиттері қос жынысты немесе дара жынысты қос жынысты немесе дара жынысты болады. Зигота тыныштық кезеңіне көшпей-ақ спорофитке (2п) айналады. Әртүрлі түрлерінде ұрпақ алмасу әртүрлі болады.Біреулерінің спорофиті мен гаметофиті сырт қарағанда бірдей болады, ал екіншісілерінің спорофиті гаметофитіне қарағанда біршама үлкен болады. Қоңыр балдырлар теңіздердің түбінде орман немесе шалғын түзеді. Кейбір қоңыр балдырлардың талломының ұзындығы 60-100м.

Классификациясы. Үш кластан тұрады : изогенераттылар класы (isoqeneratae), гетерогенераттылар класы (Нeteroqeneratal) және циклоспоралар класы (Cyclosporeal).



Студенттер орындайтын тапсырмалар:



Реферат тақырыптары

  1. Қоңыр балдырлардың маңыздылығы.

  2. Қоңыр балдырлардың таломы.

  3. Қоңыр балдырлардың клеткалары

  4. Пектинді – целююлозды клетка қабықшасының ерекшеліктері.


Бақылау сұрақтары:

  1. Қоңыр балдырлардың биологиялық ерекшеліктері?

  2. Қоңыр балдырлардың клетка құрылыстары?

  3. Қоңыр балдырлардың көбею жолдары?

  4. Қоңыр балдырлардың классификациясы?

  5. Гетерогенераттылар класының биологиялық ерекшеліктері?


Тест тапсырмалары

1. Теңіздерде көп жасушалы балдырлардың қайсысы кездеседі?

  1. Қоңыр, қызыл

  2. Жасыл, қоңыр, қызыл

  3. Жасыл, қоңыр

  4. Жасыл, қызыл

  5. Тек қоңыр

2. Қайсы балдырларды амебоидты құрылысты таллом сақталған ?

  1. Жылтырауық, сары- жасыл

  2. Пирофитті, жасыл

  3. Диатомды, жасыл

  4. Қара, қоңыр

  5. Қоңыр және қызыл

3. Балдырлардың барлық типтері үшін бастапқы талломдардың құрылысы

  1. Амебоидты

  2. Монодалы

  3. Коккоидты

  4. Трихальды

  5. Гетеротрихальды

4. Балдырлардың қайсы топтары жіпше формалы циандерге жатады?

  1. Микроцистис, глеокапса

  2. Анабена, оссиллатория

  3. Улотрикс, эдогониум

  4. Трибонема, спирулина

  5. Мерисмопедия, вольвокс

5. Қоректену характеріне байланысты қоңыр балдырлар

  1. Хемеавтотрофтар

  2. Сапротрофтар

  3. Гетеротрофтар

  4. Миксотрофтар

  5. Фотоавтотрофтар

6. Көк – жасыл балдырлардың қай туысының өкілдері улы?

  1. Микроцистис

  2. Носток

  3. Глеокапса

  4. Осцилатория

  5. Анабена


5- АПТА

(5 балл)

Тақырып: Пирофитті балдырлар
Жоспар:

1. Пирафитті балдырларға жалпы сипаттама

2. Пирафитті балдырлардың клетка құрылысы

3. Пирафитті балдырлардың көбеюі


Сабақтың мақсаты : Студенттерді пирофитті және эвгленалы балдырлардың биологиялық ерекшеліктерімен таныстыру.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   22




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет