Пәннің оқу-әдістемелік кешені (контент) «Мектепке дейінгі, бастауыш білім және өнер» кафедрасының мәжілісінде қаралды



бет17/23
Дата10.06.2022
өлшемі0.64 Mb.
#459105
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   23
20-21-2 Балалар әдебиеті - ДШО-20-2 дист - контент - Садуахасова Г. (1)

Қосымша әдебиеттер:
Аймауытов Ж. Шығармалары. - Алматы., Рауан, 1995
Алтынсарин Ы. Тандамалы шығармалары. -Алматы., Жазушы, 1994
Ахметов Ш. Балалар әдебиетінің хрестоматиясы . - Алматы., Мектеп, 1980.
Əлімбаев М.Балдəурен, балалық [Мəтін] / М. Əлімбаев. - Алматы : Балауса, 2017.
Базарбаев М., Нарымбетов Ә. Отан соғысы кезіндегі әдебиет. Алматы, 1984
Әлімбаев М. Жұмбақтар.-Алматы, 2018
Ергөбек. Арыстар мен ағыстар. 1 том. Алматы: Өркениет, 2003


Ғаламтор желісіндегі материалдар
https://youtu.be/burtzRgzKZY
https://youtu.be/olcWmxS1l1M
Балалар әдебиеті пәнінен дәрістер кешені

1-дәріс
Балалар әдебиеті – рухани қазына



  1. Қазақ балалар әдебиеті және онын зерттелуі

  2. Балалар әдебиетінің өзіндік ерекшеліктер

  3. Балалар әдебиетінің рухани қазығы – фольклор

1.1 Қазақ балалар әдебиеті және онын зерттелуі


Балалар әдебиеті – қазақ әдебиеті тарихының өскелең әрі құрамдас бір саласы. Оның өзіндік өсу, өркендеу жолдары бар. Басында жалпы әдебиетпен бірге дамып, толысып келген ол ХІХ ғасырда өз ерекшеліктерімен дербес күйге жетті. 1960 жылдардан бастап жоғары оқу орындарында жеке пән ретінде оқытыла бастады. Балалар әдебиетінің қалыптасу, өсіп-өркендеу жолы бұрынғы-соңғы зерттеулердің аясында, халық өмірі мен қоғам дамуына байланысты қарастырылады.


Педагогикалық, психологиялық тұрғыдан алып қарағанда “бала” деп атап жүрген жас жеткіншектердің өз араларында үлкен өзгешеліктер бар. Бес жастағы бала мен он жастағы баланың мінезі, ұғымы, дүниеге көзқарасы бірдей еместігі мәлім. Соған орай балалар әдебиеті жас ерекшеліктеріне байланысты бірнеше салаға бөлінеді. Балаларға арналып жазылатын шығармалар жасөспірімдердің ой-өрісін, сана-сезімін дамыта отырып, оларға заман талабына сай тәлім-тәрбие беруге бағытталады.
Қазақ балалар әдебиеті көркемдік жағынан болсын, тақырыптық-тәрбиелік жағынан болсын, барлық талаптарға сай өсіп-өркендеп, дамып келеді. Әдебиеттің басқа түрлеріне қарағанда балалар әдебиетінің өзіндік алғы шарттары да жоқ емес. Балалардың ойлау, түсіну қабілеті суреттеліп отырған оқиғаның, көркем образдың нақтылығын, дәлдігін өз өмірінің айналасынан алуды қажет етеді. Балаларға арналған ірі туындылардың идеялық-эстетикалық қырларын халықтың педагогикалық көзқарастарымен, өмір тәжірбиесімен, қоғам талабымен, жазба әдебиетке тигізген әсері, дәстүрлік мәселесі, зерттелу жайы жөнінде оқып білгендерін болашақ мамандар тұжырымды түрде жеткізіп отырулары керек.
Балалар әдебиеті – жас буынның сана-сезімін оятып, ақыл-есін дамытатын, оларды адамгершілік қасиеттерге баулитын өмір оқулығы. Оның өзектілігі – мектеп жасына дейінгі үш жасар баладан бастап он жеті жасқа дейінгі мектеп оқушыларына әдеби тілде жазылған қызықты шығармалар ұсына алатындығында.
Балалар әдебиетінің жіктелуі, салаланып дамуы, сараланып сөз бола бастауы ХХ ғасырдың 30-жылдарынан басталды. 1927 жылы “Өтірік” деген жинаққа жазған алғысөзінде І.Жансүгіров “Ел өтірігі үлкендерден гөрі балалардікі, балалар әдебиетіне жатады”,– деп өтірік өлеңге бірінші рет анықтама береді. 1931 жылы жазған “Мен қалай жаздым?” мақаласында “Бізде балалар әдебиеті – жасалмаған әдебиет. Сондықтан менің бір ойым осы әдебиеттің бізде жасалуына көмектесу еді”,– деген. М.Әуезов “Әр жылдар ойлары”, “Ертегілер” деген еңбектерінде “Балалар әдебиетінің арғы төркіні халықтық шығармалардан туады” деп көрсетеді. С.Ерубаев “Балалар әдебиетін жасайық” деген мақаласында (1930) мектепте оқитын жүз мыңдаған оқушылардың балалар әдебиетіне шөліркеп отырғандығын айтады. Б.Бұлқышевтің Қазақстан Жазушыларының ІІ съезі қарсаңында жазылған “Балаларға жақсы кітаптар керек” мақаласында балалар әдебиетіне жеткілікті дәрежеде көңіл бөлінбей келе жатқандығы айтылады.

Ш.Ахметов «Қазақ балалар тарихының очеркі» кітабында балалар әдебиетінің алты ерекшелігін атайды.


Біріншіден, балалардың психологиясына зерттеу жасағанда, олардың ойлау, түсіну қабілеттілігі әңгімеленіп отырған оқиғаның, көркем образдың нақтылығын, дәл-дігін, әсіресе көрнектілігін, өз өмірінің айналасынан алынып отыруын қажет етеді.
Екіншіден, әңгімеленіп отырған оқиғаның барысында лиризм болуы шарт. Баланың ішкі дүниесіне, ой-санасына бірден әсер ететін күшті де, мағналы сөздер айтылуы керек. Чернышевскийдің сөзімен айтқанда: «ах, яе деген қорқынышты» немесе «қандай тамаша»« дел отыратындай болуы тиісті. Балаларды өмірдің жарқын болашағына қанаттандырып, шарықтатып отыру шарт.
Үшіншіден, балалар әдебиетінде оқиғаны және адам характерін суреттеу өзгешеліктері мен әдістерінің динамикасы ерекше болады. Психологияның дәлелдеуіне қарағанда, балалар алдымен оқиғаның туып отыруына, бұлардың тез өзгеруіне, шешіміне, кейіпкерлер мінездерінің әржақты болуына қызығады. Одан соң оның неден шыққан себептерін іздестіре бастайды.
Төртіншіден, балалар жаратылыстың көркем көріністерін — пейзажды шебер зейнеттеуді ұнатады, оған сүйсіне қарайды, соны өз айналасынан іздейді. Көркем әдебиеттегі жаратылыс суреттері олардың байқағыштық, талғампаздық қабілетін арттыра түседі. Пейзаждық сурет эстетикалық тәрбиенің бір көрінісі.
Бесіншіден, балалар әдебиеті шыгармаларының мазмұны мен идеясы олардың белсенділігін арттырып, өз өмірінің жарқын болашағын танытуға себепкер болуға тиісті. Оларды белгілі мамандыққа, еңбек сүйгіштікке әуестендіре білуі керек.
Алтыншыдан, «Сөз — әдебиеттің негізгі материалы болып табылады. Біздің барлық әсерімізді, сезімімізді, ойымызды көркем түрге келтіретін сол. Әдебиет — сөз арқылы сұлу суреттелетін искусство», - деген М. Горький.
Әсіресе, балалар әдебиетіне қойылатын талаптар да дәл осындай. Балалар әдебиетінің тілі ойнақы, жеңіл, әрі көркем, әрі қысқа, әрі мейлінше түсінікті, айқын да дәл, әсерлі болып отыруға тиісті. Балалар әдебиетінің тілі олардың сөздік қорын байытуға жәрдемдесетін бірден бір құрал болып табылады.
Бесік жыры, тұсау кесу жыры, санамақ, жаңылтпаш, жұмбақ, мазақтама, тақпақ, жырлар мен ертегілер, аңыз әңгімелер бәрі де тілді, ойды дамытып, тәлім-тәрбие беріп, дүние танытатын этнопедагогикалық ғаламат туындылар. Бұл – халық педагогикасының үлкен бір саласы. Жалпы педагогика ғылымының негізі халық педагогикасында жатыр. Халық педагогикасының бұл саласын этнопедагогиканың және жалпы педагогиканың барлық салаларында ғылыми, іс-әрекеттік негізде пайдалануға болады. Ал, халықтың мақал-мәтелдері педагогикамен қатар, философиялық дәрістердің түсініктемелеріне арқау бола алады.
Халық мұрасының танымдық, тәрбиелік мәні шексіз, шектеусіз терең дүние. Оның ішінде тікелей бала тәрбиесіне бағытталған, сәбидің жан-дүниесінің қалыптасуына, рухани марқаюына негізгі ұйытқы болатын шығармалар өзінше арна түзеді. Мұны фольклор ішінде «балалар фольклоры» деп атау қалыптасқан.
Сәбилер дүниетанымы ес біле бастағаннан-ақ екі түрлі негізге сүйенеді. Оның алғашқысы – машықтық дағды, яғни көрген-білгенін тез қағып алып үйрене қайталау. Екіншіден, бала жан дүниесі сезімге ерекше бай, әсерленгіш келеді. Бұл, әсіресе, жеткіншектік жаста ерекше көрінеді. Баланың айналасын танып білудегі бұл ерекшелігін жетінші қарасөзінде ұлы Абай да тап басып көрсетеді. Сонымен, балалар фольклоры – балалар психологиясын, көркемдік талғамын, шығармашылық мүмкіндіктерін танытатын халықтың ғасырлар бойы жасаған асыл мұрасы. Ол өзінің бала қабілетіне лайықтылығымен, логикалық жүйелілігімен, тілінің нәрлілігімен, ақ пен қараның жігін айқын ажыратқан тәрбиелік маңыздылығымен бағалы.
«Балалар фольклоры» деген ұғымның ауқымы кең. Бұған ауыз әдебиеті үлгілерінің көптеген жанрлары мен жанрлық түрлері жатады. Олардың ішінде қара сөз түріндегі шығармалар да, үлкенді-кішілі түрлі мақсатпен айтылатын өлең-жырлар да бар. Бұған қоса ойынға байланысты және ертегі, аңыз-әңгімелерде жиі кездесетін ырғақты прозаның да балалар фольклорынан алатын орны ерекше. Дегенмен, ауыз әдебиеті үлгілерінің кез келгенін, мәселен, эпостық жырларды, мақал-мәтелдерді балаларға лайықты іріктеп, өңдеп жариялауға болғанымен, олардың барлығын “балалар фольклоры” деген ұғымға толығымен жатқызуға болмайады. Ауыз әдебиетінің кез келген жанрларынан балаларға үлгі боларлықтай, тәрбиелік маңызы зор шығармаларды көптеп кездестіреміз. Бірақ олар балалардың өзіне ғана арналған, болмаса балалардың өз творчествосының нәтижесінде пайда болған ауызша сөз өнерінің белгілерін сипаттай алмайды. Ал, ертегі, аңыз-әңгімелер, төрт түлік жырларының, жұмбақтардың үлкендерге де, балаларға да қатысы бар.
Қорыта айтқанда, балалар әдебиеті деген не? Онын мақсаты қандай? Балалар әдебиеті — жас буынның саңа – сезімін оятып, ақыл – есін дамытатын, оларды адамгершілік моральге тәрбиелейтін өмір оқулығы. Оның мақсаты — мектеп жасына дейінгі үш жасар баладан бастап, 16 жасқа дейінгі оқушыларға көркем әдеби тілде жазылған жоғарғы идеялық қызықты шығармаларды беруді көздейді. Осының барлығы жас буынды саналы өмір сүруге талпынтады. Оның келешегіне жол ашады, бағыт сілтейді. Өмірге жанасымды, икемді, төзімді күрескер етеді.

Негізгі әдебиеттер:


Ахметов Ш. Қазақ балалар әдебиеті тарихының очеркі. Алматы, 1965
Ергөбек Қ. Арыстар мен ағыстар. 1 том. Алматы: Өркениет, 2003
Ергөбеков Қ. Жақсыдан қалған сөз. Алматы, 1991
Ергөбеков Қ. Мейірім шуағы. Алматы, 1985
Ыбырайым Б. Сырлы әлем. Алматы,1997
Қазақ совет балалар жазушылары. Алматы: Жалын, 1987.
Детская литература. М: Просвещение. 1989. Под ред. Е.Е.Зубаревой
Қосымша әдебиеттер:
С.Ерубаев. Мәңгілік өмір. Алматы: Жазушы, 1994
Б.Бұлқышев. Заман біздікі. Алматы: Жалын ,1994
Детская литература. Москва: Просвещение, 1989. Под ред. Е.Е.Зубаревой
Русская литература для детей. Москва: Изд. центр «Академия», 1998. Под ред. Т.Д.Полозовой

2-дәріс


Балаларға арналған халық өлеңдері

  1. Балаларға арналған халық өлеңдерінің жіктелуі

  2. Бесік жыры және оның түрлері

Жалпы дамыған елдер өміріне көз жіберсек, фольклорлық жанрлардың бірінен соң бірінің балалар репертуарына біртіндеп көшіп жатқандығын байқауға болады. Мәселен, кәдімгі ертегі. Шығу тегі жағына келсек, бұл ересектер фольклорының көнеден келе жатқан күрделі де, негізгі жанрларының бірі. Бірақ ол бүгін таза балалардың сүйіктісіне айналып кетті емес пе? Бүгінгі сәбидің ойлау жүйесі бір кездегі адамзаттың балаң кезіндегі ойлау жүйесімен көп жағдайда сәйкес шығып жатады. Міне, осы тұрғыдан келгенде балалар шығармашылығы мен ересектер мұрасының арасына қазіргі кезеңде шек қоюға тырысудың өзі шартты мәселе. Бұл шарттылық шынтуайтына келгенде кез келген ғылыми зерттеудің мүддесіне байлансты бой көтереді.
Сонымен зерттеушілер балалар фольклорын саралау кезінде көп жағдайда шығармалардың авторы мен орындаушыларына мән беріп, оларды
-балаларға арналған үлкендер шығармалары,
-үлкендер репертуарынан балалар аузына көшкен шығармалар,
-таза балалар шығармашылығы деп үш топқа бөліп қарастырып келеді.
Балалар фольклорын іштей саралауда назар аударып, есте ұстайтын шарттар мыналар болмақ.
Оның алғашқысы - шығармаларды кім шығарып, кімдердің орындайтындығын және қалай орындайтындығы. Мәселен, бесік жырын ата-аналар шығарып, негізінен солар орындайды. Көптеген шығармалар балаға байланысты әдет-ғұрып, салттар негізінде болып келеді. Ал мазақтамаларды балалар өздері шығарып, өздері орындайды. Осыған орай бұл шығармалар түрлі топтарға жіктелмек.
Екінші ескеретін мәселе шығармалардың атқаратын қызметі. Бұл шарт балалар фольклорын іштей саралауда маңызды міндет атқарады. Мәселен, бесік жырын да, алдарқату жырын да ересектер орындайды, бірақ екі шығарманың атқаратын міндеті екі басқа. Бірі – баланы тыныштандырып, ұйықтатуды мақсат етсе, бірі алдандырып, көңілін сергітуді мұрат тұтады. Немесе, тақпақ пен драмалық ойындардың қай-қайсысын болмасын балалар өздері орындайды, бірақ шығармалардың міндеті әр түрлі.
Үшіншіден, шығармаларды саралауда балалардың жас ерекшелігін де ескерген жөн. Мәселен, ата-аналар сәбилерге олардың табиғатына лайық шығармалар айтса, келе-келе бала әрбір жанрлық түрді жас ерекшелігіне қарай біртіндеп игереді.
Төртінші ескеретін негізгі шарттың бірі - шығармалардың поэтикасы. Яғни шығарманың тақырыптық, мазмұндық, сюжеттік, композициялық құрылымы, сөз саптасы, тіл кестесі т.т.

Фольклортанушы К.Ісләмжанұлы осы шарттар бойынша қазақ балалар фольклорын мынандай топтарға жіктеп, ішкі жанрлық түрлерге бөледі:


-Әлпештеу поэзиясы (бесік жыры, сәбилік ғұрып жырлары, мәпелеу жырлары, уату-алдарқату жырлары)
-Жеткіншектер поэзиясы (маусымдық жырлар, арнау-тілек өлеңдері,балалар өлеңдері:тақпақ, сұрамақ, қызықтама, өтірік өлең,мазақтама)
-Ойындық фольклор (ойын өлеңдері: тәжікелесу, жаңылтпаш, жұмбақ, балалар айтысы,ойынға байланысты жырлар: ойынға шақыру, қаламақ, санамақ, драмалық ойындар).

Балалар фольклоры – балалар психологиясын, көркемдік талғамын, шығармашылық мүмкіндіктерін танытатын халықтың ғасырлар бойы жасаған асыл мұрасы. Бала қабілетіне лайықтылығы, логикалық жүйелілігі, тілінің нәрлілігі – балалар фольклорының негізгі ерекшелігі. Балалар фольклоры үлкен үш топқа жіктеледі, сондай-ақ ішкі жанрлық түрлерге топтастырылады.


Бесік жыры және оның түрлері


Бесік жыры. «Бесік жыры» – жас нәресте туғанда, шілдехана күні, оны алғаш рет бесікке бөлегенде айтылатын өлең. Бұл да ертеден осы кезге дейін айтылып, жаңарып, дамып келе жатқан тұрмыс-салт лирикасының бір түрі. Дәстүрлі халық жырының әр шумағы «әлди-әлди, ақ бөпем, ақ бесікке жат, бөпем» деген жолдарынан басталады.
Қазақ бесік жырларын зерттеушілер екі топқа бөліп қарастыруды ұсынады:

  • дәстүрлі бесік жырлары,

  • суырып салма бесік жырлары.



Дәстүрлі бесік жырына ұзақ жылдар бойы айтылып әбден қалыпқа түскен, мазмұндық-композициялық негізгі қаңқасы толық сақталып, Қазақстанның барлық түкпірінде өзгеріссіз айтылатын жырлар жатады. Бұл жырлар, негізінен, тікелей балаларға арналған. Жыр құрылысында «әлди-әлди» немесе «жылама, бөпем, жылама» тәрізді қайырмалар қайталанып, жырдың негізгі мазмұны баланы ұйықтауға, тыныштандыруға, оның жарқын болашағына ақ тілек білдіруге құрылады. Бұл жырларда қазақ халқының дәстүрлі бала тәрбиелеу ісінің, халық тұрмысының, ұғым-түсінігінің, арман-мақсатының көріністері мол.


Суырып салма бесік жырлары адамның жеке басындағы, тұрмыстағы, тарих пен қоғамдағы түрлі оқиғалардың әсерінен туып тарап отырған. Ол жырларда сол кезеңдік оқиғалардың бедерлері мол. Бала тербетіп отырған адам бесік жырының дәстүрлі нұсқасын пайдалана отырып, өз ой толқынысын, күйініш-сүйінішін сыртқа шығарады. Бұл топтағы жырларды іштей тарихи-тұрмыстық тақырыптағы және айтушының жеке басына байланысты мұң-шер жырлары деп екіге бөлуге болады. Бірақ бұл топтағы жырлардың көпшілігі белгілі аймақта ғана айтылып, кең тарамаса, кейбіреулері кең таралғанмен, өлеңнің тууына себеп болған оқиғамен бірге уақыт өткен соң ұмытылып кеткен.

Негізгі әдебиеттер


Ш.Ахметов. Қазақ балалар әдебиеті тарихының очеркі. А., 1965
Б.Уахатов. Қазақтың халық өлеңдері. А., 1974
К.Ісләмжанұлы. Рухани уыз. А., Ана тілі, 1995
Қазақ балалар әдебиетінің хрестоматиясы. А., Мектеп, 1980
Қосымша әдебиеттер
М.Ғабдуллин. Қазақ халқының ауыз әдебиеті. А., 1974
М.Әуезов. Әдебиет тарихы. А., 1991
А.Байтұрсынов. А., Ақ жол, 1991
Ә.Табылдиев. Халық тағылымы. А., Қазақ университеті, 1992
Ақ сандық, көк сандық. А., Жазушы, 1988
Соқыр теке. А., Өнер, 1990
Жаттамақ. А., Балауса, 1994


3-дәріс
Фольклор арқылы баланы халық даналығына баулу


Халық даналығына баулуда мақал-мәтелдердің тәрбиелік мәні
Өтірік өлеңдердің бала қиялының дамуына әсері


Мақал – халық данышпандығының алтын қазыналы мұрасы болып табылады. Қазақ халық мақалы – қазақ әдебиетінде үлкен көркемдік мән беріп, сөздің байлығын, айтайын деген ойдың ұтымды жағын көрсететін әдеби әдістің тамаша түрлі формасы.
Мақал-мәтелдер халық бұқарасының ой-өрісін өте айқын анық көрсетеді. Халықтың әлеуметтік тарихи тәжірибесін мақал-мәтелдер жеткізеді. Қазақтың халық мақалдары, жұмбақтары адам өмірінің бастан кешіргенін және тіршілікке байланысты мол мұрасын жинақтайды.
Қандай мақалды алсақ та, оның шығуына үлкен уақиға, мәнді әңгіме себеп болған. Мақал соларға берілген баға, жасалған қорытынды, яғни «тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні» есебінде жүреді. Халық аз сөзге көп мағына сыйдыра отырып, өзінің өмірінде көргендерін, бастан кешірген кезеңдерін, алған тәжірибелерін мақал арқылы айтып береді. Бұл жағынан алғанда, көптеген мақалдар ақыл-өсиет, нақыл сөз есебінде қызмет атқарады.
Мақалдың мағынасы терең, ойы көркем, сөзі ықшамды және жеңіл болғандықтан, бала тәрбиесінде алатын орны ерекше. Халық шыр етіп дүниеге келген баласын терең, ойлы сөзбен тәрбиелеп, сөздік қорын дамытып, оларды жарқын болашаққа тәрбиелейді, өмірге бағыт-бағдар сілтейді. Халық үшін көре-көре көсем, сөйлей-сөйлей шешен боласың деп талаптанудың игілігін қызықтырады. Балаларға арналған халықтың мәтелдері баланың көңілін сергітіп, ықыласын арттырады. Айтылған ойдың жемісін көрсеттіреді. Сондықтан да «ата балаға сыншы» деп өмірдің тәжірибесін арнайды. Бала тәрбиесінде халық өзінің асыл ойын, даналығын үлгі-өнеге ретінде ұсынады. «Бала – өмірдің жалғасы» деп, «Бала – бауыр етің, көздің нұры» деп армандайды. Бала тәрбиесінде халық мақалдарын бірталай тақырыптарға бөлеміз:
Тәрбиеге байланысты:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет