Күн жылынып, қар да еріпдірілдеп,
Сай-сайлардан сулар ағып, күрілдеп...
Осылайша балаларға тікелей өлең арнай бастаған Бейімбет 1922 жылы «Өтірікке бәйге» атты ертегі-дастанын жазды. Бұл енді қазақ балалар әдебиетінің асыл қорына қосылатын шығарма. Дастанды ұстап тұрған арқау – асып-тасқан ханның ерігіп, өтірікке бәйге жариялауы. Сонымен хан «Уәзірлерін жиып алып, жұртқа бұйрық таратқан...». Мұны естіп білген жұрт қарап қала ма, істеп жатқан кәсіптерін жиып қойып, хан ауылына жиналады. Алтын алмақ, оп-оңай байып қалмақ. Содан олар хан алдында өтірік айтып жарысады. Таласқа түседі. Бірінен бірі асады. Бірақ хан «Бәрі рас, нанамын» деп, таудай талаптарын тұжыра береді. Сөйтіп барша өтірікшінің беті қайтып қалады. Сонда халық жеңіліп. Хан жеңіп кетпек пе? Жоқ. Үсті дал-дұл бір таз бала ханның алдына келеді. «Өтірігі өте жойқын, жас бала да нанғысыз. Алтын қимай «Рас», - дейді, Ұяты жоқ хан арсыз». Содан бала тағы бір өтірігін – соңғы өтірігін айтады. Ерні жалақ, жалаң аяқ, Қисық таяқ қолында. Ақсай басып, асып-сасып, Бұқаның жүр соңында... Тақсыр ханым! Білесіз бе, Сол жаман шал кім еді? «Жоқ, білмеймін, ал айта ғой!» Басқа ешнәрсе демеді». Таз бала «Бұл шал сіздің әкеңіз еді, рас па осыным?»– дейді. Хан шошынып, жеркенгендіктен еріксіз «өтірік» деп салады. Сөйтіп бала ханды жеңіп, бәйгені алады.
І.Жансүгіровтің «Жұмбақтар» деп аталатын келесі еңбегі 1930 жылы Қызылорда қаласында «Балалар кітабы» сериясымен жарияланды. Ақын жұмбақтардың бала ойын дамытудағы қызметін жақсы түсінген. Жинаққа 67 жұмбақ енген. «Үй саймандары», «Жаратылыс құбылыстары», «Құрал-сайман» деген үш бөлімнен тұрады.
І.Жансүгіровтің жас жеткіншектерге, бөбектерге арналған өлеңдері де бар. Ақын өлеңдері ойнақылығымен, көркемдігімен бала жүрегіне жақын. «Бөбек бөлеу» өлеңінің ойы терең, өрнегі өзгеше. Анасы өз бөбегін халық ұғымындағы ең жақсы нәрселердің бәріне теңейді. Ананың сәбиіне деген ыстық сезімі, елжіреген жүрегі, шексіз махаббаты байқалады. Ақын ауыз әдебиетіндегі классикалық дәстүрді ары қарай дамытады. «Бөгелмей білім біл, бөбек, елге есті ер керек» деп өз заманының бөбектеріне тіл қатады.
Ақын «Жазғытұрым», «Жазғы шілде», «Күз», «Қыс» өлеңдерінде жылдың төрт мезгілін өзінше жырлайды. «Ой, балалар, балалар!» деп тікелей арнауға құрылып, ойнақы айтылады. Бала көңілін жылдың әр мезгілінің өзіндік сипаттарына аударады.
Ой, балалар, балалар!
Жылы-жылы жел соқты,
Қаңқыл-қаңқыл қаз кепті,
Жер қарайды – жаз кепті,– деп жырлайды. Табиғат құбылысын жылдың әр мезгіліндегі ел тіршілігімен байланыстыра береді. Бала назарын нақты өмір суреттеріне аударады. Өлеңдерінде ақын балаларды әр мезгілдің талабына сай еңбекке шақырады. «Жазғытұрым» атты өлеңінде жазғытұрым»ойналық та күлелік, қос басына мінелік» десе, шілдеде «ойналық та күлелік, үйретіп тай мінелік», күзде «ойналық та күлелік, енді оқуға кірелік» дегенді айтады.
Негізгі әдебиеттер:
Ахметов Ш. Қазақ совет балалар әдебиеті. Алматы: Мектеп, 1976
Ахметов Ш. Қазақ балалар әдебиеті тарихының очерктері. Алматы: Мектеп, 1965
Қирабаев С. Әдебиетіміздің ақтаңдақ беттері. Алматы, 1995
Қирабаев С. Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті. А: Білім, 1998
Кенжебаев Б. ХХ ғасыр басындағы әдебиет. А: Білім, 1993
Ахметов Ш. Қазақ балалар әдебиеті тарихының очеркі. А., 1965
Кенжебаев Б. ХХ ғасыр басындағы әдебиет. А: Білім, 1993
ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті. А., 1994
Нұрғали Р. Қазақ әдебиетінің алтын ғасыры. Астана, 2002
ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті. А: Мектеп, 1983
Қосымша әдебиеттер:
Қирабаев С. Әдебиетіміздің ақтаңдақ беттері. Алматы: Білім, 1995
Байменшин С. Майлының Бейімбеті. Алматы. Білім, 1994
Сарбалаев Б. Бейімбет Майлин. А.Мектеп, 1988
Қирабаев С. Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті. А. Білім, 1998
Нұрғали Р. Қазақ әдебиетінің алтын ғасыры. Астана, 2002
Кенжебаев Б. Қазақ єдебиеті тарихыныњ мєселелері А,. 1973
Сәтбаева Ш.Қ. Шәкәрім Құдайбердиев. А., 1990
Қирабаев С. Жүсіпбек Аймауытов. А., 1990
Шәкәрім. Шығармалары. А: Жазушы, 1988
Торайғыров С. Сарыарқаның жаңбыры. А: Жазушы, 1987
Байтұрсынов. Ақ жол. А: Жалын, 1991
Дулатов М. Шығармалары. А: Жазушы, 1991
7-дәріс
Қазақ кеңес балалар әдебиеті
М.Әуезовтің балаларға арналған шығармалары
С.Мұқанов балаларға арналған шығармалары
Мұхтар Әуезовтің балалар әдебиетінде де өзіндік орны бар. Осы орайда алдымен суреткердің балалар әдебиеті ерекшелігі хақында пікір айтқанын атап айту керек. Мәселен, «Ертегілер» еңбегінде халықтық шығармалардың қайсысы балалар әдебиетіне жақын екендігін айқындап береді. «Ұлы ұстаз ертегілердің тәрбиелік мәнін терең ашып, «Адамдағы кемдікті, мінді бадырайтып, ұлғайтып, жиренішті етіп көрсету үшін, хайуанның мінез-құлқын дәл адамның мінез-құлқындай етіп суреттеу әсерлі болады»,– деп көрсетеді.
«Әр жылдар ойлары» кітабында жастар мен жасөспірімдердің оқитын кітаптары тобына жататын шығармаларға да назар аударады. «Қазақ халқының салт-дәстүрлері бойынша қайырымдылық пен мейірімділік ана сүтімен жұғысып, әрбір тұлғаның ұлттық белгісін көрсететінін дәлелдеп, халқының келешегін ойлап, тебіренген жазушы: «Ал қазақ мешел болып қалам демесең, тағылымыңды, бесігіңді түзе! Оны түзеймін десең, әйелдің халін түзе»,– дейді.
М.Әуезов балалар әдебиетінің ғылыми тұрғыда зерттелуіне көңіл бөлумен қатар, өзі де балаларға арнап бірнеше шығарма («Қорғансыздың күні», «Жетім», «Көксерек» әңгімелері, «Қараш-қараш оқиғасы» повесі) жазды. Тұңғыш әңгімесін 24 жасында жариялады. «Қорғансыздың күні» баяндалу әдісі жөнінен европалық әдебиет үлгісінде жазылған. Әңгіменің оқиға желісі жас қыз Ғазизаның тағдырына құрылған. «Жетім» әңгімесіндегі басты кейіпкер – жас бала Қасым. Шығармада он жастағы жас баланың қиын тағдыры, аянышты халі берілген. Бұл шығармасында қаламгер бала ұғымын, сезімін беруде өзінше ізденіс танытқан.
М.Әуезовтің балалар әдебиетінен негізгі орын алатын әңгімесі – «Көксерек». М.Әуезовтің 1928 жылы жазылған осы әңгімесі автор талантының айқын айғағы. Көп ізденістердің жемісі. Оны әлем әдебиетіндегі үздік классикалық шығармалармен салыстыруға болады. Әңгіме сюжеті Канада жазушысы Сетон-Томсеннің «Виннипег қасқырына» ұқсас. Есімі әлемге әйгілі жазушы Джек Лондонның «Қасқыр» шығармасы М.Әуезовтің аударуымен 1936 жылы жеке кітапша болып шыққандығын да айта кетуіміз керек. Әуезовтің «Көксерегі» – тұтас философиялық шығарма. Автор әңгімесін әр түрлі жабайы аңдардың мекен еткен жерлерін суреттеуден бастайды. Бұл тәсіл жыртқыш аңдар өмірі мен олардың күн көрісін айқындауға тірек болған. Әңгіменің композициясы мен сюжеті оқиғадан оқиға тудырып отырады. Жыртқыш аңдардың қомағайлығы жанды суреттер арқылы беріледі. Әңгімеде жыртқыш аңлар тірлігі мен қазақ жерінің сұлу табиғаты, ен байлығы сөз болады. Жазушы жаратылыстың көркем көріністерін әсерлі суреттейді. Қаламгер мақсаты – сол сұлулықты балаларға сезіндіру ғана емес, оны құрметтеу, байлығын қадірлеу жағына үйрету. Жазушы қасқыр күшігінің өсу, жетілу жайын суреттей келіп, соған байланысты оның мінез өзгешеліктерінің қалыптасу, өзгеру жолдарын да аңғартып отырады. Осы арқылы жыртқыш аңдарда болатын психологиялық өзгешеліктерді танытады. Көксеректің қолға үйренбеуі жас оқушыны ойға қалдырады. Оның асырауға көнбеу себебінің неге байланысты екені балалар үшін жұмбақ. Осының себебін білу – балалар үшін өмір танытарлық сабақ. Көксеректің қолға үйренбеу себебі оның жаратылысына байланысты екені бірте-бірте айқындала бастайды. Құрмаштың трагедиялық өлімі жас баланың көңілінде жақсылықтан басқаны ойламаған аяулы адал жанның бейнесін қалдырады. Әңгіме соңында кемпірдің қасқырды басқа тебуі – жай тебу емес. Бұл – шығарманың ширыққан, шешім тапқан тұсы.
М.Әуезов қаламынан туған 30-40 жылдардағы әңгіме, хикаяттардың қай-қайсысында болмасын кездесетін терең де нәзік психологизм, өзгеше үн мен тіл көркемдігі, жаңа сапа, ой-қиял жүйріктігі табиғи дарынымен тоғыса келіп, автордың суреткерлік талантын паш етеді. Бұл туындылар қазақ прозасындағы ерекше құбылыстың әсем үлгісі болумен бірге, ұлы эпопеяға бастар жолдың, шығар шыңның алғашқы дайындық баспалдақтары екеніне күмән келтірмейміз.
Әңгіме қазақ әдебиетінде нағыз көркем жанр ретінде М.Әуезов суреттеуінде жаңа тың, өзгеше сипатқа ие болды. Жазушының еуропалық прозаның деңгейіндегі алғашқы көркем шығармасы – 1921 жылы жазылған «Қорғансыздың күні» атты әңгімесі. Жазушы өмір шындығын, заман сипатын, адамның тіршілік-тынысымен байланыстыра, сабақтастыра шебер әңгімелеп жеткізеді. Оқиға басталғаннан-ақ оқушыны қорқынышты бір үрей сезімі билейді.
Тағдыр тауқыметін арқалаған жүдеу үйдегі соқыр әйел, кәрі әже, жас қыздың зарлап калуы кімді болса да тебірентпей қоймайды. Тек Ақан сияқты қатыгез, жауыз болыс қана міз бақпай, өзінің айуандық бет-пердесін біртіндеп ашады. Жас қызды зәбірлеп, зорлық көрсетуі Ақанның азғындығын, адамгершіліктен жұрдай екенін дәлелдейді. Сондай-ақ оқырман Ақан, Қалтай сияқтылардан ешқандай жақсылық күтуге болмайтынын түсініп, ұғынады. Қорлыққа жаны төзбеген, жауыздықтың құрбаны болған Ғазизаның әкесінің моласына барып, үсіп өлуі себебін жазушы өте анық та дәл шебер суреттейді: «Бұлардың басынан тағдырдың дауылы жаңадан ғана соғып өткен. Қораның алдындағы жас бейіт сол дауылдың салдарынан туған. Бұл әйелдердің қуаныш-қызығы да, үміт-қорғаны да сол суық қабірге өліктермен бірге көмілген. Ол қабірде жатқан – Ғазизаның әкесі – Жақып және жалғыз кішкене бауыры – Мұқаш».
«...Ғазизаның шашы азырақ дудырап қапты. Денесінің жартысын қар басқан. Әкесінің бейітіне жабысып, қасіретті өмірдің ақырғы қуатын сол жерге берген екен. Өлер сағатына шейін қабағын басқан қайғы бұл уақытта ыдыраған, ізі қалған жоқ. Балалық жүзінде: «Менде жазық жоқ, мен тазамын» деген ашық тазалықтың белгісі, қайғы-қасіреттен сейілген жас баланың ажары бар».
Әңгімеде жазушы ескі өмірдің бір елесін көрсетіп, пасық әрекеттерден аулақ болуға оқушыға ой салады. Мұнда автордың ең негізгі түйін-тұжырымы –жауыздық ешқашан да адамшылықты, тазалықты жеңе алмайды.
С.Мұқанов «Балуан Шолақ» (1940-1941), «Бақташының баласы» (1953) шығармаларын жазды. «Балуан Шолақ» − ХХ ғасыр басында тіршілік кешкен, өзі көзімен көрген аяулы өнерпаз өмірінен жазылған шығарма. «Бақташының баласы» повесі «Қазаға ұшыраған құнан», «Қақпандағы қасқыр», «Аянышты лақ», «Жаралы құлын», «Бөлтіріктер», «Көк шолақ», «Аңды аң жеңеді» деген жеті бөлімнен тұрады. Повестің бас кейіпкері – он жасар Жандос. Бақташының баласы мал жайын, әр малдағы мінез өзгешеліктерін жақсы біледі. Жазушы бас кейіпкердің мінезін, батылдығы мен адамгершілігін қиын-қыстау қауіпті сәттерде сынайды. С.Мұқанов аударма саласында да еңбектенді. Навтедждің «Балалар» (1953), В.Осееваның «Васек Трубачев және оның жолдастары» (3-кітабы, 1955), шығармаларын қазақ тіліне аударды.
Сәбит Мұқанұлы көркем прозада қарапайым еңбек адамынан бастап өмірдің алуан саласындағы тұлғаларды (революционер, ғалым, т.б.), қазақ қоғамының кешегісі мен бүгіні хақында тарихи, драмалық, т.т. сипатта маңызды мұралар қалдырды.
Негізгі әдебиеттер:
Ахметов Ш. Қазақ совет балалар әдебиеті. Алматы: Мектеп, 1976
Ахметов Ш. Қазақ балалар әдебиеті тарихының очерктері. Алматы: Мектеп, 1965
Әуезов М. Әдебиет тарихы. Алматы, 1991
Қирабаев С. Әдебиетіміздің ақтаңдақ беттері. Алматы, 1995
Кенжебаев Б. ХХ ғасыр басындағы әдебиет. А: Білім, 1993
Қазақ балалар әдебиетінің кітапханасы: Сарғасқаев С., Қайсенов Қ. А: Жалын, 1990
Қосымша әдебиеттер:
Нұрғали Р. Қазақ әдебиетінің алтын ғасыры. Астана, 2002
Әуезов М. Таңдамалы. Алматы, 1997
БАҚ мен ғаламтор желісіндегі материалдар
8-дәріс
Ұлы Отан соғысы кезіндегі балалар әдебиеті
Қ.Қайсенов шығармаларындағы партизандық күрес тақырыбы
Ғ.Мүсіреповтің ана ролін бейнелеудегі әңгімелерінің тәрбиелік мәні мен маңызы.
Қ.Қайсенов шығармаларындағы партизандық күрес тақырыбы
Отан соғысы жылдары қазақ балалар әдебиетінде бұрын-соңды айтылмай келген жаңа бір тақырып – жау тылындағы партизандар қимылы. Бұл тақырыпты әдебиетімізге ендіргендердің біреуі Ұлы Отан соғысының сұрапыл жылдарында жау тылында, Украина жерінде басқыншыларға қарсы құрылған астыртын ұйымның жұмысына қатысып, кейіннен партизандар қатарында болған Қасым Қайсенов еді. Соғыс жылдарында қойын дәптеріне күнделік ретінде жазып жүріп, 1955 жылы «Илько Витряк», 1957 жылы «Перьяслав партизандары» және 1959 жылы «Ажал аузында» деген очерктер жинағын шығарды. 1960 жылы «Жау тылындағы бала» атты көлемді повесть жазды. Мұның өзі түгелімен балаларға арналған. Қайсеновтың аталған үш кітабындағы оқиғалар Украина, Чехословакияда болған. Қайсенов шығармаларының оқушысына әсерлі болатын тағы бір себебі – оқиғаның желісі мен оған қатысушылардың ішкі дүниесін, күйінішін бірдей дамытуында. Шығармалардың құрылысы, композициясына қарап, аңғаратын тағы бір жағдай – оның адамды еркіндікке, азаттыққа, әділеттілік бағытына шақыратын соған үндейтін объективті мәні. Қ.Қайсенов шығармаларындағы басты бағыт – оқушысын бірлікке, тату-тәтті ынтымаққа баулып отыруды көздейді. Отан соғысы тақырыбына жазылған Қайсеновтың шығармаларындағы стиль өзгешелігі – оқиғаның нақтылығы мен дәлдігі, нанымдылығы.
Ғабит Мүсірепов – аса көрнекті жазушылардың бірі. Балаларға нені қалай түсіндіруді үйрету әр жазушының міндеті, парызы. Ғ.Мүсіреповтің «Қазақ солдаты» романы – балалар әдебиеті қорына енген, олардың сүйіп оқитын шығармасы. Жасөспірімдердің ұғымына қиын соғарлық бірде-бір ауыр сөздер мен түсініксіз штрихтер кездеспейді. Екі ұшты мағынада айтылатын астарлы ойлар жоқ. Жасөспірімдерді жалықтырмайтындай, романның композициялық құрылысында, оқиғаның өрістеуінде ешқандай шұбалаңқылық жоқ, оқиғадан оқиға тез өрбіп, дәлдік көрінеді. Романның тілі салиқалы, жеңіл, әзілкеш. Адамның қытығына тиерлік, жасөспірімдердің өз бастарында жиі кездесетін балалық шақ, жастық өмірге тән күлкілер ішек-сілеңді қатырады. Балалардың балалар үйіне орналасуы, олардың жұпыны өміріне қосылған зор бақыт және болашақ армандарының бірінші басқышы еді. Таразының бір басында анасы, екінші басында достары Шеген мен Бораш тұрды. Ана махаббаты бала махаббатына, бала махаббаты ана махаббатына ұштасып жатты.
Қайырғалидің ісінен, мінезінен, барлық жүріс-тұрысынан қазақ халқының бауырмалдылығы, кең пейіл қасиетіне тән атқаратындығы көрініп тұр. Ол майданда соғысқан қай ұлт болмасын, соның бәрімен достасып, соның бәрімен оңай табысып кетеді. Осы ынтымақ, ұлт бірлігі сұрапыл соғысты жеңеді.
Ғ.Мүсіреповтың «Қазақ солдаты» романы – қазақ әдебиетіндегі әскери тақырыпқа жазылған алғашқы шығармалардың бірі. Шығарманың бас кейіпкері – өмірде болған адам. Ол – Керчь, Қырым майданындағы көзге түскен барлаушы, Қайрош Сарталиевтің прототипі − Кеңес Одағының Батыры Қайырғали Смағұлов. Бастапқыда Қайырғали Смағұловтың ерлігін очерк желісі етті. Кейін бұл шағын повеске, одан романға айналды. 1945 жылы «Қазақ батыры» деген атпен «Майдан» альманағында повесть түрінде жарияланды. Ғ.Мүсіреповтің бұл повесі «Қазақ солдаты» романына дайындығы іспетті.
Бірнеше жыл өткеннен кейін жазушы орыс әдебиетіндегі Ұлы Отан соғысы тақырыбына жазылған туындылардың тәжірибесін үйреніп, кейіпкерлермен қайта кездесіп және жұртшылық сынын ескере отырып, бұл шығарманы түгелдей жазып шықты. Шығарманың толықтырылған жаңа нұсқасы 1949 жылы «Солдат из Казахстана» деген атпен орыс тілінде жарық көрді. Келесі жылы «Қазақ солдаты» деген атпен қазақ тілінде роман болып басылып шықты.
Ғ.Мүсірепов өмірдегі Қайырғалиды повеске, романға сол күйінде көшіре салмаған. Көркем шығарманың негізгі объектісі – адам. Көркем образ жасалмаған жерде шығарма құрғақ фактілер тізбегіне айналады. Ұлы Отан соғысы кезіндегі халық басындағы ауыртпалықты жеке кейіпкерлер тағдыры арқылы көрсету мақсатында жазушы әрбір оқиғаны жалаң баяндамай Қайроштың көкірек көзінен өткізуге, сол арқылы характерлердің арақатынасын ашуға ұмтылады. Автор романда Қайрошты типтеніріп, біртұтас тұлға жасауға көп көңіл бөлген.
Ғ.Мүсіреповтің ана жайында, өмір үшін күрескен ананың ұлы махаббаты жайында жазылған әңгімелері үлкендермен қатар балалардың да сүйіп оқитын шығармалары. Ғабиттің «Ана туралы аңыз» дейтін әңгімесі ананың балаға деген құдіретті қамқорлығы жайында жазылған. Ана мен бала арасындағы жылы сезімдер және өмірінің жалғасы деп танылған балдырғанның болашағы, алдағы бақыты үшін күрескен ананың ерлік істері жайында әңгімеленеді. Ана жайындағы оқиғаның бәрі де бала тағдырына байланысты өрістейді. «Ананың анасы» деген әңгімеде: «Менің атым – Әйел, мына қыздың анасымын. Бәрің де анадан тудыңдар. Анамен алыспайды да, атыспайды да. Нең бар еді менің жалғызымда. Кел, ботам, өзіме!»– деп барымталап тартып алып бара жатқан қырық жігіттің ортасында Жалпақ батырдан ана суырып алады.
Ғабиттің ана туралы аңыз әңгімелерінде баласының болашақ өмірі үшін күрескен ана қайраты барлық сұрапыл күштерден де басым екендігі көрінеді. «Ашынған ана» әңгімесінде түрмеден шығып келе жатқан Қанапия: «Бала ананың бауыр еті ғой, отқа да, суға да сүйреп салады екен, өзегіңнен үзіліп түскен балаң үшін қалай отқа түспессің»,– дейді. Аналар жайындағы әңгімелер кейіпкерлерін жинақтап айтқанда, олардың шындық үшін күресте өзінің ұлылығын айқын сезінетін айбатты күрескер, өршіл, өжет ананың типтік образы ашылады.
Отан соғысы жылдары қазақ балалар әдебиетінде бұрын-соңды айтылмай келген жаңа бір тақырып – жау тылындағы партизандар қимылы. Бұл тақырыпты әдебиетімізге ендіргендердің біреуі Ұлы Отан соғысының сұрапыл жылдарында жау тылында, Украина жерінде басқыншыларға қарсы құрылған астыртын ұйымның жұмысына қатысып, кейіннен партизандар қатарында болған Қасым Қайсенов еді. Соғыс жылдарында қойын дәптеріне күнделік ретінде жазып жүріп, 1955 жылы «Илько Витряк», 1957 жылы «Перьяслав партизандары» және 1959 жылы «Ажал аузында» деген очерктер жинағын шығарды. 1960 жылы «Жау тылындағы бала» атты көлемді повесть жазды. Мұның өзі түгелімен балаларға арналған. Қайсеновтың аталған үш кітабындағы оқиғалар Украина, Чехословакияда болған. Қайсенов шығармаларының оқушысына әсерлі болатын тағы бір себебі – оқиғаның желісі мен оған қатысушылардың ішкі дүниесін, күйінішін бірдей дамытуында. Шығармалардың құрылысы, композициясына қарап, аңғаратын тағы бір жағдай – оның адамды еркіндікке, азаттыққа, әділеттілік бағытына шақыратын соған үндейтін объективті мәні. Қ.Қайсенов шығармаларындағы басты бағыт – оқушысын бірлікке, тату-тәтті ынтымаққа баулып отыруды көздейді. Отан соғысы тақырыбына жазылған Қайсеновтың шығармаларындағы стиль өзгешелігі – оқиғаның нақтылығы мен дәлдігі, нанымдылығы.
Негізгі әдебиеттер:
Ахметов Ш. Қазақ совет балалар әдебиеті. А., Мектеп, 1976.
Қирабаев С. Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті. А., Білім. 1998.
С.Сарғасқаев, Қ.Қайсенов. Повестер. Қазақ балалар әдебиетінің кітапханасы. А., Жалын, 1990.
Қазақ балалар поэзиясының антологиясы. Алматы: Жалын, 1977
Қазіргі қазақ балалар поэзиясының антологиясы. Алматы: Балауса, 1992
Қосымша әдебиеттер:
Қазақ совет балалар жазушылары. Алматы, 1987.
Сөзстан. А., Жалын, 1983.
Базарбаев М., Нарымбетов Ә. Отан соғысы кезіндегі әдебиет. Алматы, 1984
Қирабаев С. Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті. А: Білім, 1998
Қазақ балалар әдебиетінің кітапханасы: Сарғасқаев С., Қайсенов Қ. А: Жалын, 1990
Бұлқышев Б. Заман біздікі. А: Жалын. 1994
Иманжанов М. Алғашқы айлар. А: Жазушы, 2003
БАҚ мен ғаламтор желісіндегі материалдар
9-дәріс
Ұлы отан соғысынан кейінгі дәуірдегі балалар әдебиеті
С.Бегалин − қазақ балалар әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі
Ө.Тұрманжанов поэзиясының танымдық, тәрбиелік сипаты
С.Бегалин − қазақ балалар әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі
Қазақ жазушысы, балалар әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі С.Бегалин 1895 жылы 24 қарашада бұрынғы Семей облысы, Абай ауданы, Дегелең ауылында дүниеге келген. 1915 жылы Семей қаласындағы орыс-қазақ училищесін бітірген. 1916 жылы майданның қара жұмысына алынған. 1929-1935 жылдары Дегелең болыстық атқару комитетінің председателі, Қарқаралы уездік атқару комитетінің мүшесі, бөлім меңгерушісінің орынбасары, аудандық халық судьясы болған. 1935-1956 жылдары «Теміржолшы» газетінде, Қазақ Ғылым Академиясының тіл және әдебиет институтында, Қазақстан Жазушылар Одағында жұмыс істеген.
С.Бегалин әдеби шығармашылығын өлең жазудан бастаған. «Қазақ бозбалаларына» деген алғашқы өлеңі 1914 жылы «Айқап» журналында басылады. Қазақ халқының ауыз әдебиеті үлгілерін жинап бастыру саласында пайдалы еңбек етеді. Халық ақындарының өмірі мен шығармашылығын зерттейді. И.Байзақов, Д.Әлімбаев, Ш.Қошқарбаев, Қ.Терібаев, Т.Көлтіков сияқты халық ақындарының шығармаларын бастырады. 1946 жылы «Жамбылдың ата-тегі, өмірі» атты ғылыми монографиясы жарық көреді. Т.Шевченко, А.Пушкин, М.Лермонтов өлеңдерін, Д.Мамин-Сибиряк, Л.Соловьев әңгімелері мен повестерін қазақ тіліне аударады. С.Бегалиннің 50-ге жуық өлеңіне ән шығарылған.
Жазушының әр жылдары жарық көрген кітаптары: «Қыран кегі» (1943), «Сәтжан» (1947, 1973, 1978), «Көксегеннің көргендері» (1948), «Жас ұрпақ» (1953), «Цимлян теңізі» (1953), «Ермектің алмасы» (1955, 1985), «Таңдамалы» (1956), «Жеткіншектер» (1960), «Мектеп түлектері» (1961), «Сыр қайнары» (1963), «Шоқан асулары» (1971, 1996), «Қыран туралы аңыз» (1976), «Екі томдық шығармалар» (1979) және т.б. 1975 жылы С.Бегалиннің «Заман белестері» атты романы жарық көреді. Романдағы оқиғалар нақтылы өмір шындығына негізделген. Мемуарлық туынды автордың 1910-1928 жылдар аралығында көзбен көріп, бастан кешкен оқиғаларын баяндайды. С.Бегалин 1983 жылы 5 сәуірде қайтыс болды.
С.Бегалиннің балаларға арналған әңгімелері мен повестерін тақырыбына қарай Ш.Ахметов бес топқа бөледі. Аңшылық, мал шаруашылығы, мичуриндік агробиология тақырыбындағы шығармалары, тәрбие мәселесін көтеретін және екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі тыл мен майдан өмірі туралы туындылары.
«Сәтжан» повесі. Жазушы соғыс жылдары қызмет бабымен Аягөз ауданына барады. Сол жақта ителгі асырап, саятшылық жасайтын Сәтжан деген баламен танысады. Повесть осы кездесуден соң жазылады. Сәтжан бейнесі талапты баланың іс-әрекетін көрсетуге арналған. Мектеп оқушысы Сәтжан жазда колхоз бұзауын бағады. Аңшы атасы Серікбайға еліктеп, құсбегілікпен айналысады. Табиғат тағысы қыран құс ителгіні үйретеді. Тау қыранымен аң аулайды. Сәтжан туған өлкенің сыр-сипатымен танысады. «Таңбалы тастағы» әр алуан суреттер мен тастар Сәтжанды үлкен ойға қалдырады. Талапты бала аңшылықты өлкетану ісімен байланыстырады. Сәтжан алдында аңшылық өнерден жоғары мақсат пайда болады. Оны қиясына қыран, қыналы бетіне тарих ұялатқан зәулім жартастар құпиясы қызықтыра бастайды. Повесть балаларға арналған әдебиеттің Бүкілодақтық конкурсында жүлде алады. Орыс, армян, азербайжан, өзбек, корей, т.б. тілдерге аударылады.
«Бала мерген» повесіндегі Уаш әке жолын қуып аңшы атанады. Әкесі соғысқа кеткенде үй іші тірлігін арқалап қалады. Повесть «Таныстыру», «Алғашқы елік», «Сілеусін», «Қалаумен барып қасқыр атқаны», «Аюмен жекпе-жек», «Таутеке жорығы» деп аталатын тараулардан тұрады. Шығарма кейіпкерлері – он төрт жасар Уаш, әкесі Нұрқасым, шешесі Әймен, милиция бөлімшесінің бастығы Исаев, Ыбырайым қарт, Жанжігіт атай, Қалиев, Чугунов, Мұқан, Уаштың қарындасы Дариға. Повесте жер-су атаулары мол: Сарнай өлкесі, Қырық құдық белдеуі, Алтай тауы, Сарымсақты өлкесі, Қоскемпір биігі, Тазқара биігі, Үлкен Нарын, Балтақалған тауы, Текше тауы, Шыбынды бұлақ, Сармойын құздары, Ақжар биігі, т.б.
«Көксегеннің көргендері» повесіндегі Көксеген – маралшы бала. Ол дала сырын жақсы біледі. Оның далада көргендері – замандастары үшін таңғажайып хикая. Көксеген көп нәрсені көреді, ойға түйеді, көкірегіне байлайды. Көргендері мен түйгендерін жас оқырмандармен бөліседі. Повесте аңшылық кәсіп, жер, егін шаруашылығы өзара байланыста әңгімеленеді. Шөп шабуға шыққан балалар табиғат құбылыстарымен танысады, аңшылықтың қыр-сырын танытатын тосын оқиғаларды бастан кешіреді.
Ө.Тұрманжанов Оңтүстік Қазақстан облысының Ордабасы ауданына қарасты жерде, Бөген өзенінің бойында 1905 жылы өмірге келді. Ө.Тұрманжанов балалар әдебиетіне келу жайын былай баян етеді: «Мен балалар тақырыбына 1929 жылдан бастап шындап жаза бастадым. Балаларға арнап жазған тырнақалды кітапшам «Қарлығаш». Ол 1930 жылы Алматыда басылып шықты. Онан соң сол жылдары «Құрыш құс», «Карл» деген кітаптарым да басылып шықты. ...жазғандарымның дені балалар мен жасөспірімдерге арналған».
Әдебиеттанушы Қ.Ергөбек Ө.Тұрманжановтың балалар әдебиетімен айналысуына себеп болған екінші жайтты да атап көрсетеді. Ол бұған КСРО Жазушыларының 1934 жылы болған бірінші съезінің себеп болғанын айтады. Съезде назар аударылған мәселелердің бірі балалар әдебиеті болды. Бұл съезге қатысқан І.Жансүгіров елге оралысымен, қазақ балалар әдебиеті мәселелерін қолға алады. Өзге әріптестерін әдебиеттің осы саласына жұмылдырады. «Жалпы осы жылдары баланы болашақ тұтқан бірсыпыра қаламгер балалар әдебиетіне бетбұрыс жасады. Содан да отызыншы жылдары қазақ балалар әдебиеті қаламгерлерінің қатары толығып, недәуір еңсе көтеріп қалды. Өтебай Тұрманжановтың балалар әдебиетіне біржола бет бұрып, тұрақты машықтануына әсер еткен екінші фактор осы»,− дейді ғалым Қ.Ергөбек.
Сөйтіп ақын балаларды болашақ тұтып, өзінің бар дарын-қуатын бүлдіршіндерге арнады. Ө.Тұрманжанов Оңтүстік Қазақстан облысының Ордабасы ауданына қарасты жерде, Бөген өзенінің бойында өмірге келді. Ресми құжаттарда ақын 1905 жылы туған деп көрсетіледі. «Таң өлеңдері» (1925), «Қошан кедей» (1927), «Карл» (1934), «Пулемет» (1933), «Құрыш құс» (1932), «Таң сыры» (1929), «Еңбек және мектеп» (1930), «Қарлығаш» (1931) секілді кітаптары жарық көреді. Ө.Тұрманжанов балалар тақырыбына 1929 жылдан бастап шындап жаза бастаған екен. Балаларға арналған алғашқы кітапшасы – «Қарлығаш». Алғашқыда көптеген өлең, поэма, проза жазған ол бертін келе бойдағы бар дарын қуатын, алтын уақытын осы салаға біржола бағыштады. Ө.Тұрманжанов балалар әдебиетінің кезеңдік проблемалары, жеке таланттары жайлы мақала да жазып отырды.
Ө.Тұрманжанов балалар тақырыбына 1929 жылдан бастап шындап жаза бастаған. Балаларға арналған алғашқы кітапшасы – «Қарлығаш». 1930 жылы басылып шықты. Кейін «Құрыш құс», «Карл» кітаптары шықты. Ө.Тұрманжанов балалар әдебиетімен үздіксіз шұғылданды. Алғашқыда көптеген өлең, поэма, проза жазған ол бертін келе бойдағы бар дарын қуатын, алтын уақытын осы салаға біржола бағыштады. Ө.Тұрманжанов балалар әдебиетінің кезеңдік проблемалары, жеке таланттары жайлы мақала да жазып отырды. Ақын өлеңдерінің тақырыптары сан тарапты. Ө.Тұрманжановтың бүлдіршіндерге арнаған өлең-жырларынан сәбиге тән бала тілін, оқушыға тән асқақ сезімді, романтизмді, лиризмді оңай аңғарамыз. «Ән салайық айналып» өлеңінде:
Достарыңызбен бөлісу: |