Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «органикалық химия іі» мамандық үшін 5В072100 – «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» ОҚУ-Әдістемелік материалдары



бет22/25
Дата09.12.2023
өлшемі2.41 Mb.
#486029
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25
П?нні? О?У-?дістемелік кешені «органикалы? химия іі» маманды? ?ш

Сабақтың мақсаты: фенолдың қасиеттерін зерттеу
Жұмыс барысы:
1- Тәжірибе. Пикрин қышқылын алу
1 мл концентрлі азот қышқылына 1 мл фенол ерітіндісін қосады және абайлап спирт шамымен қайнағанша қыздырады. Салқындатқаннан кейін пикрин қышқылының сары кристалдары түскенін бақылайды.
1. Реакция механизмін түсіндіріндер.
2. Реакция теңдеуін жазыңыздар.
2-Тәжірибе. Фенолдың темір хлоридімен (ІІІ) реакциясы
Пробиркаға 1 мл фенол ерітіндісін және 1 тамшы темір(ІІІ) хлоридінің ерітіндісін қосады.( фенол-күлгін, м-крезол -қызыл-күлгін ,п-крезол- қою көк түс береді). Реакция нәтижесінде не байқалады? Абайла! Фенол тері күйдіргіш зат
3-Тәжірибе. Азотты қышқылмен фенолдың реакциясы
Пробиркаға 0,5 концентірлі күкірт қышқылы және 2-3 тамшы фенол ерітіндісін қосады. Алынған түссіз ерітіндіге тамшылап натрий нитритын қосады. Түс пайда болады. Сұйытылған қышқылда-ашық қызыл түс,сілтіде-жасыл-көк түс пайда болады. Реакция теңдеуін жазыңдар.
Бақылау сұрақтары:

  1. 39 т бензолдан егер өндірістік шығыны 10% болса, қанша фенол алуға болады?

  2. 19 г метил спирті мен фенол қоспасын бром суымен әрекеттестіргенде 33,1 г тұнба пайда болған. Алынған қоспадағы метил спиртінің массалық үлесін (%) анықтау қажет.

  3. Фенол мен спирттердің қасиеттеріндегі ұқсастық және айырмашылық



Зертханалық сабақ № 11 – Ароматты альдегидтердің тотығуы. Ароматты альдегидтердің сілтілермен әрекеттесу (Канницаро реакциясы)
Сабақтың мақсаты: ароматты альдегидтерді алу және олардың қасиеттерін зерттеу
Жұмыс барысы:
1- Тәжірибе. Ароматты альдегидтердің тотығуы
а) Сағат шынысына бензой альдегидінің 1-2 тамшысын тамызады, екіншісіне – ацетофенонның 1-2 тамшысын және ауда қалтырады. 1-2 сағаттан кейін шының екеуінің біруінде бензой қышқылының кристалдары түзіледі. Екінші шыныда зат өзгереме?
Бензой қышқылының түзілу теңдеуін жазыңыздар.
б) Екі жуылған пробиркаға күміс оксидінің аммиакты ерітіндісінің 1 мл енгізіп, біріншісіне 1-2 тамшы бензальдегид, ал екіншісіне 1-2 тамшы ацетофенон құяды. Екі пробирканы су моншасында қыздырады. Әрбір пробиркадағы өзгерістерді салыстырыныздар.
Реакция теңдеулерін жазыңыздар.
2 - Тәжірибе. Ароматты альдегидтердің сілтілермен әрекеттесуі (Канницаро реакциясы)
а) концентрленген күйдіргіш калидің 1 мл этил спиртінің 4 мл араластырып, жаңа айдалған бензальдегидтің 1 мл қосады. Қоспа қызады, суытқаннан кейін калий бензоатының тұнбасы түзіледі.
б) калий бензоатын бөліп алғаннан кейін алынған фильтратты пробиркаға құйып, қайнап тұрған су моншасында пробирканы қыздырып, этил спиртін буландырады. Қалған сұйықтықтың тамшыларының жағымсыз иісі бар, бұл бензил спиртіне тән. Реакция процесінде бензальдегидпен жүретін өзгерістерді түсіндіріңіз.
Бақылау сұрақтары:
1. Тәжірибеде карбонильді қосылыстармен қандай өзгерістер жүреді?
2. Тәжірибедегі бензальдегид және ацетофенонның қасиеттерінің айырмашылығы немен түсіндіріледі?
3. Қандай реакцияларда бензой қышқылы және бензил спирті түзіледі?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет