Зертханалық сабақ № 12 – Бензой қышқылын бензальдегидтің тотығуымен алу. Бензой қышқылының туындыларын алу.
Сабақтың мақсаты: бензой қышқылын алу және қасиеттерін зерттеу
Жұмыс барысы:
1- Тәжірибе.
Калий перманганаты ерітіндісінің 2-3 мл және бензальдегидтің 1-2 тамшысынан тұратын қоспаны пробиркаға енгізіп, шайқап отырып су моншасында бензальдегидтің иісі жойылғанға дейін қыздырады, содан соң этил спиртінің бірнеше тамшысын қосады (ерітіндінің күлгін түсі жойылады). Содан соң ыстық ерітіндіні қоныр тұнбадан бөліп алу үшін фильтрден өткізеді. Түссіз фильтратқа сұйытылған күкірт қышқылын қосқанда бензой қышқылының кристалдары бөлінеді. Олар сілтілерде және ыстық суда жақсы ериді, ал суық суда нашар ериді.
Бензой қышқылының қоспасын (3г) фарфор ыдысына енгізіп оны саңылаулары бар қағаз фильтірімен жабады. Фильтрдің диаметрі ыдыс диаметрінен үлкен болу керек. Фильтрдің шетін сыммен байлайды немесе желіммен фарфор ыдысынын шетіне жабыстырады. Воронкамен жабып сетканың үстіне қойып горелка көмегімен немесе плиткада қыздырады.
2 – Тәжірибе.
а) Ароматты қышқылдардың эфирлерін алу. Пробирканы суыта отырып 5 мл спирт және 2 мл концентрленген күкірт ұышқылын араластырып енгізеді. Қоспаны екіге бөледі: біруіне шайқап отырып 0,5 г бензой қышқылын, ал екіншісіне 0,5 г салицил қышқылын қосадыү пробиркаларды кері ауа тоңазытқыштармен тығындап су моншасында 15 мин аралығында қыздырады да, оны 15 мл суы бар стакандарға құяды. Судың бетінде күшті өзіне тән иісі бар күрделі эфирдің қабаты пайда болады.
Бензой және салицил қышқылдарын этерификациялау реакцияларын жазыңыздар. Бұл реакциялардын механизмдерін қарастырыңыздар.
б) ароматты қышқылдардың күрделі эфирлерінің гидролизі. Бензойэтил эфирінің бірнеше тамшыларына 1-2 мл концентрленген натрий гидроксиді ерітіндісін қосып, қоспаны су моншасында шайқап 10 мин аралығында қыздырады. Содан соң қоспаны суытып, концентрленген тұз қышқылын қосады. Тұнба түзіледі.
в) салицил қышқылының эфирлерінің темір хлоридімен (ІІІ) әрекеттесу. Бір пробиркаға бірнеше тамшы салицил қышқылының этил эфирінің тамшыларын енгізіп, 2 мл спирт қосады. Екіншісіне – спирттің 2 мл бірнеше кристалл салол қосады (салицил қышқылының фенил эфирі). Әрбір пробиркаға 1-2 тамшы темір хлоридінің (ІІІ) ерітіндісін қосады. Күлгін түс пайда болады.
г) аспирин (ацетилсалицил қышқылы) гидролизі. Пробиркада аспириннің бірнеше кристалдарын 5 мл суда ерітеді. Алынған ерітіндіні екіге бөледі. Біріншісіне 1-2 тамшы темір хлоридінің (ІІІ) ерітіндісін қосады. Ерітінді түсі күрт өзгермейді. Ерітіндінің екінші бөлігін проибркада бірнеше минут қайнатып, суытқаннан кейін 1-2 тамшы темір хлоридінің (ІІІ) ерітіндісін қосады. Қызыл-күлгін түс пайда болады. Реакция теңдеуін келтіріңіз.
Бақылау сұрақтары:
1. Аспириннің сумен әрекеттесу реакциясын келтіріңіз
2. Бензойэтил эфирінің өзгерістерін түсіндіріңіз және келтіріңіз
3. Бензой және салицил қышқылдарын этерификациялау реакцияларының механизмдерін келтіріңіздер.
Достарыңызбен бөлісу: |