Пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені «органикалық химия іі» мамандық үшін 5В072100 – «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» ОҚУ-Әдістемелік материалдары


Зертханалық сабақ № 13 – Полиядролық ароматты қосылыстар



бет24/25
Дата09.12.2023
өлшемі2.41 Mb.
#486029
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25
П?нні? О?У-?дістемелік кешені «органикалы? химия іі» маманды? ?ш

Зертханалық сабақ № 13 – Полиядролық ароматты қосылыстар
Сабақтың мақсаты: полиядролық қосылыстардың қасиеттерін зерттеу
Жұмыс барысы:
1. Конденсирленген ароматты қосылыстар
2. Конденсирленбеген ароматты қосылыстар
3. Өкілдері
4. Есеп шығару
Бақылау сұрақтары:
1. Конденсирленген ароматты қосылыстардың химиялық қасиеттері қандай?
2. Конденсирленбеген ароматты қосылыстардың


Зертханалық сабақ № 14 – Фурфуролдың түзілуі және оның қасиеттері
Сабақтың мақсаты: фурфуролды алу және оның қасиеттерін зерттеу
Жұмыс барысы:
Бастапқы материалдың 1 г пробиркада 2-3 мл концентрлі түз қышқылы мен 4-5 мл сумен және темір хлоридінің (ІІІ) бірнеше тамшысымен араластырады. Қоспаны 15 мин қайнаған су моншасында қыздырады, содан кейін түтікшені жалғастырып, горелка жалынында қыздырады, басқа пробиркаға 1-2 мл сұйықтық жинайды. Айдалған заттың фурфурол иісін және сапалық реакцияларын көрсетеді.
Фурфуролдың түзілу реакциясын келтіріңіз.
Фурфуролдың судағы ерітіндісін оның 0,5-0,6 г 10 мл сумен араластыра отырып дайындайды. Егер фурфурол ұзақ уақыт сақталып қарайса оны қайта айдау керек. Фурфуролдың сулы ерітіндісімен келесі реакцияларды жүргізеді: а) фуксинкүкіртті қышқылымен, б) күміс тотығының аммиакты ерітіндісімен, в) фенилгидразинмен, г) пробиркада немесе заттық шыныда анилинмен мұзды сірке қышқылын бірдей мөлшерін араластырады. Алынған суйықтыққа фильтр қағазын батырып, сығып, оның үстіне фурфурол ерітіндісін тамызады. Ашық қызыл дақ түзіледі. Дәл осы қағаз қайнаған бастапқы затпен тұз қышқылының қоспасының буында болады, д) 1-2 мл фурфурол еірітіндісіне 3-5 тамшы тұз қышқылымен бірнеше кристалл флороглюцин қосады. Қыздыру кезінде қоспа қою жасыл түске боялады, ал оған су қосып отырса, қою тұнба бөлінеді. Реакция теңдеулерін жазады.
Бақылау сұрақтары:
1. Фурфурол фуксинкүкіртті қышқылымен әрекеттескенде қандай зат түзіледі?
2. Фурфуролдың күміс тотығымен реакция теңдеуің жазыңыз.
3. Фурфурол флороглюцинмен әрекеттескенде қандай зат түзіледі?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет