ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені «ортағасырлар тарихы»



бет4/19
Дата23.02.2016
өлшемі1.38 Mb.
#11166
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19

Маздакит қозғалысы.

Маздакит қозғалысының негізгі қозғаушы күші Иранның қауым мүшелері, шаруалары мен колөнершілері. Сонымен катар бүл қозғалыска азаттар мен дикхандар катысқан.

Маздакит қозғалысы Иран жерін мекендейтін халыктарды қамтыды. Маздакит қозгалысы Манихей жэне зороастризм дінімен тығыз байланысты болды.

Маздакит қозғалысының негізгі себебі - қоғамда элеуметтік және мүлік теңсіздігінің орнауы. Маздакизм қозғалысы ақсүйектердің қысымына қарсы бағытталған. Жеке меншік жердің бөлініп берілуі, мүлік тендігінің сақталуы маздакиттердің негізгі талаптары болды. Кей деректерде маздакиттер туралы былай айтылған: «Егер кім де кім өзіне мүлік немесе жер, кұлдардың саны жағынан артык алып иемденсе, біз одан артығын алып, оны басқа біреуге теңестіру үшін береміз». Өздерінің әлеуметтік талаптарын орындау мақсатында маздакиттер ақсүйектердің жерлерін тартып ала бастады. Олардың байлығын өзара бөлісіп отырды. Аксүйектердің малдары, кұлдары мен қамбада сақталған бидайларын өзара тең бөлісіп пайдаланды.

Маздакит козғалысын пайдаланып калғысы келгендердің ішінде шаханшах Кавад I болды. Шаханшахтың маздакиттермен уақытша одақ құруының негізгі себебі - Каваданың ақсүйектер билігін кұрту еді. Каваданың көмегімен маздакиттер мемлекеттік істергі кірісті. Бүл козғалыстың жетекшісі Маздак мемлекеттің ең көрнекті түлгаларына айналды. Деректерде осы маздакиттер қозғалысы тұсында Византиямен соғыста ірі жеңіске жеткендігі туралы, сонымен қатар көшпенділердің шабуылына карсы түра алғандығы туралы айтылады.

Маздакит қозғалысы ен, алдымен ірі аксүйектерге қарсы бағытталған. Осы козғалыстың гтайдасы әсіресе азат-дикхандарға тиді. Себебі олар ақсүйектерден айтарлыктай жер үлестерін, мүліктерін алды. Азат - дикхандардың козғалыстан кетуі маздакит козғалысын айтарлықтай эсер етті. Шаруалар отряды жан-жакқа шашырап кетті.

Кавад өзінің позициясын өзгерте бастады, ол аксүектермен ынтымақтаса бастады. Билік басындағы, эскери қатардағы маздакиттерді орындарынан кетірді. Қозғалыс 529 жылы жеңіліс тапты. Бірақ маздакит қозғалысы халық арасындағы ең атақты қозғалыс болып табылды.

Маздакиттер козғалысының салдары: шаруалардың жағдайы біршама жаксарды, қулиеленушілік құрылыстың элсіреуіне, феодалдық қатынастардың дамуына ықпал етті. Хосрова I реформасы.

Халық көтерілісі орын алған Сасанидтер мемлекеттерінде ескі тәртіптің сақталып калуы мүмкін емес еді. Сондыктан жаңа сасанид шаханшахы Хосров I Аноширван (531-579) елде феодалдык тәртіпті орнықтырып дамыту мақсатында реформалар жүргізе бастады. Халық көтерілісі кезінде алынған жерлер конфикацияланып, мемлекеттің жеріне кірді. Жердің баска бөлігі, яғни кұлиеленушілердің жері жаңа жер иесіне берілді.

Билеуші класс өкілдері арасында да езгерістер пайда болды. Жерінен айырылған ақсүйектер өкілдерін Хосров патшалықтың қызметіне қабылдады. Осы арқылы ол ақсүйектерді өзіне бағынышты қылдырмақ болды.

Хосров I реформасының ең маңыздысы салык реформасы болып табылады. Бүл реформа бойынша ол көптеген салық түрлерін алып тастады. Негізгі деген екі салықтың түрін қалдырды. Олар хараг жэне гезит деп аталады, бүлар жер салығы болып табылады.

Каваде мен Хосров I түхында жерлер өлшеніп соған байланысты салык мөлшері белгіленген. Егер де жер өлшемі көп болса, салық көп мөлшерде алынған. Салык акшалай түрде алынған.

Деректерде билік басындағы адамдардың кірісі үлғайған сайын, олар өздерінің шаруаларына жер мен жерге себетін тұкым берілді. Осы реформаның жүргізілуі Сасанидтер державасында феодалдық катынастардың дамуына себеп болды. Реформаның салдарынан шаруалардың экономикалык жағдайы біршама жақсарды. Хосров I реформасының нэтижесінде азат-дихкандар феодалдық қоғамда эскери сословиеге кірді. Маздакит қозғалысының жойылуынан кейін бүл әлеуметтік топ өкілдері мемлекеттің әскери және административтік қызметін аткарды. Елде төрт әскери округ кұрылып, эскери жэне азаматтық билік болып бөлінді. Ел төрт аймакка бөлінді, азаматтық аймактық билік эскери бастыкка, яғни спахабадаға бағынды. Хосров I кезіндегі сыртқы саясат.

Хосров I көрші елдеріне байланысты жаулап алу соғыстарын жүргізді. Кавада тұсында өріс алған Иран мен Византия арасындағы соғыс Хосров түхында жалғасын тапты. 540 жылы Иран эскерлері Сирияның ең маңызды экономикалык орталығы болып табылатын Антиохияны жаулап алып, Оронт арқылы Жерорта теңізіне шықты. Антиохиядан экелінген тұтқындарды арнайы соларға салынған Ктесифондағы бір жерге орналастырған. Византия мен Иран Лазика үшін соғысты. Кавказдьщ шығысында Хосров күшті бекініс жүйесін тұрғызды.

Ирандықтар оңтүстікте ірі жеңістерге жетті. 570 жылы Иеменді жаулап алды. Иеменді жаулап алуы олардың Индиядан батыска өтетін сауда жолына билік етуіне мүмкіндік алды.

IІ.Иран Бағдат халифатының күйреуі кезінде.Иранда Сасанидтер кезінде басталған феодалдық процесс мемелекеті арабтар бағындырғаннан кейін дами бастады. Бұл жаулаушылық Ирандағы құлиеленушілік қатынас пен касталық қатарға үлкен соққы тигізді. Азия, Африка және Европадағы жеке аймақтарда сауда дами бастады. Бұл айналым Иран шаруашылығы мен мәдениетінің дамуына үлкен әсерін тигізді. Араб бғаныдырушылары Сасанид кезіндегі басқару жүйесін сақтап қалды. Бірақ жер мен жан басына салынатын салық Сасанид кезіне қарағанда жеңіл болды. Тұрғылықты халыққа нақты көрсетілген мөлшерленген салықтар келісімшарттағы беліленген бөліктің негізінде өнеркәсіпті дамытудың мақсатында ланыды. Кейінне феодалдық қатынастың дамуына байланысты омеядтар салықты күшейтуге көшті. VII ғасырдың - VIII ғасырдың басында салық төлеушінің жағдайына қарай, тұрмысына байланысты салық төлей алатындығы жайла жүйеге ауысты.

VII-IX ғасырларда ауыл шаруашылық дамыды. Жерді өңдеудің сапасы жақсарды. Күріш, қант, жидектер өсіру сияқты ауыл шаруашылық түрлері пайда болды. Бұлар Сасанидта жаңа пайда болғандықтан аз өсірілді. Сонымен бірге арпа, бидай, мақта мен тұт ағаштары өсірілді. Қалалық тұрғындар саны біркелкі өсті, қолөнер мен қалалар арасында сауда-саттық дамыды. Ал ауылды жерлерде әлі де патриархаттық қатынас еді, олардың шаруашылығы нағыз халықтық болды. Олар феодализмнің дамуы баяу болды. Көшпелі мал шаруашылығының ет пен сүт өнімдер іүшін ғана емес, жүн мен былғарыны шикізат ретінде қалалардағы шеберханаларға берді.

Иран халқын арабтар икемдеп, жергілікиі халыққа ислам діні тарата бастады. X ғасырдың аяғында тұрғындардың көпшілігі бұл дінді қолдады. Басқаларға қарағанда жергілікті феодалдар көп қызықты. Исламдықты қабылдай отырып өздерінің қоғамдағы жағдайын жөндеп, мықтылап ламақшы болды. Ауқатты адамдар өздері де мұсылмандықты қолдады. Себебі олар салықты мұсылмандар аз, мұсылман еместер көп төлейтініне байланысты болды. VII ғасырдың аяғында Иран араб тіліне көшті. Өйткені бүкіл оқылатын халифаттар жалпы осы араб тілінде болды. VII ғасырда Араб феодалдарының үстемдігі халықта наразылық туғызды. Иранда араб династиясына қарыс көтерліске шықты.

747 жылы Хоросанда араб династиясына қарыс көтеріліс болды. Ол Халифаттағы басқа көтерілістің боуына бірден-бер себеп болды. Әбу-Муслимнің басқаруы күш қосты. Аббасидтер халифаты пайда болды.

Аббасидтер халықтық көпшілікке айтқан сөздеріне, уәделерінде тұрмады. Көтерілістің басындағы ережелерін сақтамады. Иран мен Орталық Азияның феодалдары мен Аббасидтер жақтаушылары да осылай істеді. Салық төлемін азайтпады, күштеп жұмыс істеуді тоқтатпады. Содан барып шаруалар көтерілісіне VII-IX ғасырда жаңадан шығуға мәжбүр етті.

Халықтық қозғалыс религияның өзгеруіне әкеп соқты. Ислам дінін қабылдағанға дейінгі меникейлер – маздахитша мен хуррамизм негізгі идеологиялық шаруа көтерілісіне айналды. Хуррамидтер жалпылама теңдік, әйел теңдігі мен салықтандан босату, материалдық жағдайды түзету үшін жеңілдетпекші болды. Дамаскіде Абу – Муслимнің халифеттерінің бұйрығымен өлтірілуі жаңа көтеріліске итермеледі. Абу – Муслим аббасидтьнер династиясының мүддесін жоқтаса да, хурамидтер оның бейнесін идеал етіп, оның өлімін өздерінше бағалады.

755 жылы Сумбада Маганың басқаруымен хурамидтер жаңа көтерілістерді Солтүстік Иранда бастады. «Низам аль-Мулька» кітабында абу – Муслми туралы аңыз жазылды. Сумбад онда Абу-Муслим халиф оны өлтірер кезінде ол, көгершінге айналып, ұшып кетті, енді ол жерге әділдік пен бақыт беру үшін қайтып оралды деді. Халықтық көтеріліс жеңіліс тауып отырса да, феодадық эксплутацияны әлсіретіп тастады.

Араб билеушілерінің әлсіреуі, сепартизмнің өсуіне әкелді. 821 жылы Хорасанда Тахиридтардың тұқымдық эмиранты құрылды. Систанда Саффаридтер эмиранты деген де болды. Сафаридтер әскері саманидтерден ойсыра жеңілді. Хорасан бірнеше жылдардан кейін тұтас Шығыс Иран Тәжік мемлекетінің құрамына кірді. Ал Саманидтер Бұқараның орталығымен жүздеген жылдар болды. Каспий маңындағы аудандар әсіресе Гиляна мен Дейлемеде бірнеше ұсақ мемлекеттер пайда болды. Олар халифтер атынна формальді түрде басқарылды. Олардың құрамына: Арабтық Ирак, Хузистан, Фарс, керман, Хамада, Исфахан, Рефя аудандары кірді.



Ауыл шаруашылық қатынастардың дамуы.X-XI ғасырларда Иран эканомикалық көтеріліс пен өндірістік күшетердің өсуін бастан кешті. Завказье және Орта Азиядағы мемелекет Иранда көшпенділерден қорғады. Салықтан түскен пайда өнделмеген жерге жіберілді. Жаңа өсімдіктер түрлері шыға бастады. Күріш, жеміс, мақта, бидай кеңіне таралды. Хузистанда, Керманда және Фарста қант өсірілді. Керманда құрма, хузстанда лимон және қарбыз өсіру кеңінен тарады. Шираз бен Рейде құнды шарап пен қызғылт май және Каспий маңындағы аймақтарда жібек өндірілді. Көшпелі мал шаруашылығымен, кейбір жерлерде отырықшылану дамады. Көшпелі мал шаруашылығы нақта таула аймақтарда жер мен бақшасы бар мемлекеттің жоғары билеушілері тұрды. Ең көне фамилиядағы дихандар, жеке меншік мүлік иелері кеңінен тарады. Мүлікті ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып қалып отырды. Ұсақ және орташа жағдайы бар феодалдар істерін тұралатып жағдайда оны аяғынан тік тұрып кеткен ірі купецтер иелік етті. Ал оның әкімшілік және әскерилік жазасы – мүлікті кәмпескелеп қазынаға өткізу болды.

Басқа мұсылман мемлекеттері сияқты Буид және саманид мелекетінде де белгілі адамдарға, әскери шенділерге, Арабтар мен Ирандардан икьтаны тарату тәжербиеленді. Буидтарға қазынашы блоып қызмет еткен Ибн Мискавейх (1030 жылы өлген) иктаны иеленушілер өздерінің иеліктерін жылдамдатып құлдыратып, қазынаға өткізіп,оның орнына өз қалауынша басқа нәрсе лаып отырады деп айтқан екен. Сондықтан IX-X ғасырларда мемлекеттің жер аумағы икта үшін төлеген төлем сый үшін әжептәуір қысқартылып отырды.



IX-X ғасырлардың басында шаруалардың феодалдық қаспақтан құтылуларына аз да болса мүмкіндік туды. Жергілікті жердің басқарушылары қоғамдық жұмыс ведомостваларына көп көңіл бөлді. Осындай басқару барысында Абдаллах ибн Тахир (828-844) Хорасанда жасанды жолмен суды шағарудың ережесі құрылды. Буидтар кезінде Нұр өзенінде ең ірі Фарс деген платина салынды. Шаоуалардың түсіи түсірудің жолы да қарастырылды. Бірақ та X ғасырда алғашында шаруалар жағдайы тағы да күрт төмендеді, феодалдық эксплуотацияны және жер үшін иеленушілердің еркінен тыс айырбасталып отырды. Оның себебі шаруалардағы бар құрал жабдық үлкендерді иеруге байланысты болды.

Қала, қолөнер, сауда.Тауарлық кәсіпорынның дамуы IX-X ғасырларда қалардың өсуіне себебін тигізді. Халықаралық сауданың жолында тұрған ірі ескі қалалардың арқасында жаңа қалалар пайда болды. Олар қолөнер орталығы ретінде жергілікті базарды қамтамасыз етті. Тахиридтердегі Нишапурдың резинденциясы басқа қалалардың дамуына үлкен стимул, мағынасында болды.Мысалы, Буидтардағы Шираз бен Исфахан, Саффаридтарда зерендж т.б Олар мықты жолдар, көпір құрылыстарын, бай көріністегі ыңғайлы үйлер, құрылыстарды астанаға сала бастады, Бұл қаладағы қолөнерлік шеберханалар, кәсіпорындардың өсуі біріншіден әскерді, әкімшілікті, феодалдарға, ішкі рыноктың дамуыменбайланысты болды. Қолөнер өнімдері Ираннан орыс жеріне, Үндістанға, Қытайға, Батыс Еуропа елдеріне жіберілді. Осы айтылған уақытта Иранда әсіресе текстильді қолөнер қарқынды дамыды. Қымбат карма, жібек, қлаың маталар мақталы қалың кілемдер шығарылды. Металдан да заттар – суық қару (кежел, найза, семсер) бас, дене сауыттары қола күміс ыдыстар. Әр түрлі мөлшердегі керамиаклық ыдыстарды тұрғылықты адамдар пайдаланды. XII ғасырда Иранда ең жоғарғы сапалы аспалы шамдары-қолөнердің ең танымал түріне айналды. Ішкі рыноққа ыдыстар мен рйыншықтар көптеп шығарылды. Былғары өнімдері де жоғары сапамен өнделіп кеңінен таралды. Олар ат әбзелдері, өнделген таза былғарының өзі және аяқ киімдері. Орта ғасырларда Иран қалалары ірі базалардың орталығы болды, мұнда тек сауды ғана емес, сондай-ақ қолөнер өнімдерінің жері болып табылды. Қолөнершілердің шеберханалары жай қарапайым нүктелер болды. Қолөнершілер бірдей түрдегі бірдей түрдегі қолөнерін жасау үшін базардың нақты бір қатарында жұмыс істеді. Сол кезде Исфаханда 200000 тұрғын блоған екен. 40000 адам Арраганда (фарста) тұрды. Нишапурды 44 квартал болды, географтардың сөзіне қарағанда оның кейбіреуінің ауданы Шираз қаласының жартысына пара пар еді, ал тұрғындардың саны бірнеше жүз мыңдарға жеткен. Нишапур мен Исфаханнан басқа тағы Рей, Шираз деген ірі қалалар болды. Ол қалаларда кітапханалар мен медреселер болды. Медреселерде мұсылмандықтан басқа математика, медицина, философия және тарих оқытылады. Бұл қалаларды сонда тұратын жергілікті жер иелері мен феодалдар басқарды. Рсыдан барып феодалдар мемлекеттік ірі күштердің саяси эканомикалық қызығушылығы өсті. Иранның қалаларында орта ғасырлық Бтыстан айырмашылығы ірі купецтер феодалдарға өзін қарсы қоймады, керсінше олармен бірге антифеодалдық қозғалыстаға қатысып отырды. Иранда квартал аралық, купецтік корпорация аралық, қолөнераралық өзара өзін-өзі басқару болды. Алайда жалпы қала арасындағы өзін-өзі басқару жолға қойылды.

Шығыс Иран Газневидтер қол астында. Саманидтардың гулям гвардиясына үстемдік етіу әрекеті іске аспай қалды. Орта Азия мен Амудария шығыс-солтүстік басқа жерлер қараханидтер түріктерді қамтиды. Шығыс иран Орта Азияның кейбір бөліктерімен бірге, Ауғаныстанды қосып алғанда Газневидтер мемлекетінің құрамына енген.

962 жылы саманидтер әскери басшаларының бірі Альп Тегин саманидтерге қарсы бүлік шығарғанымен жеңілсіке ұшырады. Ол Ауғаныстанға қашып барып сонда басша болды. Оның шәкірті Махмұд Газневид (998-1030) Буидтармен соғысы, өзінің өктемдік ететінін мойындатты. Әсіресе Рейя мен Исфаханда Махмудтың ең ірі соғыс саяхатында 17 рет Үндісианның сотүстігінде тонаушылық жасады. Газневид мемлекетінде гвардиясының қоғанысы Махмуд әскери экспедицияға дайндық «түсінбейтіндерге қарыс соғыс» деген лозунгімен өтті. Оған қала мен ауылдың кедейлері тартылды. Олардың саналарын ренгиялық фанатизм мен әскер жорықтан түскен тегін үлеспен улады. Махмуд оның ішкі маңындағы ұсақ түйек мәселен гөрі халықты тонаудан түсетін байлыққа итермелеп, еш уақытта жеңіліске ұшырамау керектігін ескертіп отырды. Сұлтанның айтуы нәтижесінде қала тұрғындар аса ауыр күйге түсті. Жеңіліс пен кедейлікке көп көрді. Нишапурда жұт жылы болған жылдардың бірінде аштықтан 100000 адамға дейін өлді.

Махмуд орталық билікті күшейтіп қазыналық жерді иеленуді кеңейтуге тырысты. Бірақ ол діни феодалдардың алдында оның беделін түсірді. Осыдан барып халық арасында қозғалыстар пайда болды, әр түрлі діни секталар пайда болды. Қолөнершілер мен саудагерлердің, тіпті феодалдардың кейбіреулердің арасында исламдағы суфизм мистико-аскетикалық жаңа ағым таралды. Тонаушылық саяхаттары тоқтағаннан кейін мемлекеттің ішкі көзқарасы түзеліп түрік көшпенділеріне дұрыс қарай бастады.

Селжуктер билігіндегі Иран. Түрікмен ұрпақтары оғыздар тайпасы орталық Азияның оңтүстік көшпелі ел еді. Олар X ғасырда феодалдардың қоғамда алғашқы қауымдық құрылыспен қалыптасу процесін бастан кешірді. Олар көшіп жүріп өздерден басқа елді эксплутациялау мақсатымен тұратын орынларын тартып лаып, әскери кірістер жасап жүрді.

XI ғасырдың 20 жылдары түркіменнің 4000 отбасы Хорасанға келіп қоныстанды. Махмуд сұлтан олар солтүстік Хорасанда тұрып, әскери қызмет істеуге рұқсат етті. Түркімендердің Хорасанда орналасуы Махмудтың өлімінен кейін келе түсті. 1038 жылы олар Нишапурға келді. Олардың басшысы Тоғрұл-бек Селжук Газневидтерден бөлініп түркімендердің егемендігін жариялады. 1040 жылы Дандекан – Газневид әскерлері түрік көшпенділерінен жеңілді. Сөйтіп газневидтер Хорасанда айырылды. Бірақ та Ауғаныстанның бір бөлігі мен Пенджабадағы билікті ұстап қалды.

1040-1050 жылдары Селжуктар Иранды жаулап алды. Олардың тайпалары Завказье мен Месопатамияға қарай жылжыды. 1050 жылы олар Бағдатты алды. Халиф басшысы Тоғұрл бек сұлтанға арыздануға мәжбүр болды.

Тоғрұл бектің ұрпақтары жаулап жалғастыра берді. Селжуктер Кіші Азияның араб жарты аралын, Месопатамияны, Закавказье бөлігін, Иранды және Орталық Азияның ірі аумағын басып алды. Олардың мемлекетін селжук тұқымының мүшелері басқарып отырды.

Бұл ірі мемлекет көшпенділердің мықты қару-жарағымен қаруланды. Икта салығының иелері өз мақсаты үшін белгілі, арнайы қаулыда көрсетілген хараджа мен басқа салық түрлерін жүйелі түрде жинауға құқылы болды. ОНың мөлшері бұрынғыдан аспады. Ткталықтар мүлік пен шаруалардың жеке нәрсесінпайдалануға құқылы болды. Икталықтар көрсетіп бергендей түскен түсім әскердің бір бөлігіне тиесілі болды.селжуктар өздерінің туыстары мен әскери басшыларға сыйлық ретінде бүтін бір қаланы және аймақты кеңінен тартып беріп отырды, сондықтан олар аббасидтағы халифтар сияқты мемлекетті бір орталық жүйеге бағындыру қолдарынан келмеді. Соның нәтижесінде XI ғасырда «әйгілі селжуктар» мемлекеті толық жойылды. Осы әлсіздікті пайдаланып орталық билік әскери дүниені өзінің мирастық жеке меншікке айналдырды. Шаруаларды құлдыратудың әлеуметтік пайдасын, мұндай эвалюцияны феодалдар иктадан көре алмады. XI ғасырдағы деректерде көрсетілмегендіктен шариғаттың құқықтық мүдделерін заңды қарастырылып, бекітілуіне жол бермеді.

Соғыс кезінде ауыл шаруашылығы үлкен зардап шекті. Селжуктардың билікке бекуінен кейін үкімет әлеуметтік қорғауға көңіл бөле бастады. Азербайжанның солтүстік батысында және Иранның шекаралас аудандары Хорасанның солтүстік шығыс Иран арқылы көптеген түрік тайпалары өтті. Селжуктер жаулап алғанға дейінгі уақытта фарси-дари әдеби тіл пайда болды. Ол парсы халықтарының тілі болып сақталды. Түрік бағындырушылары бығындырып алған халықтың мәдениетінің ықпалымен жүрді.

Селжуктер түрік феодалдарының салығына ғана арызданбады, сонымен қоса жергілікті Иран биліктеріне арызданды. Иран шенеуліктері мен ірі мұсылман діндарлары, бағындарылғандармен тез тіл табысып кетті. Өйткені көшпенді түріктердің білімділері орталық билікке бағынбауға тырысты. Селжуктар Ирандық бюрократтардың феодалдық мемлекетті басқарудағы тәжербилерін пайдаланып, оларға арқа сүйеді. Орталықтанған мемлекетті басқарушының біреуі көрнекті Иран шенеунігі Низам-аль-Мульк болды. Оның қызмет ету кезінде Бағдатты оқу орындары қалпына келтірілді. Низамдық академия пайда болды.Иранның басты қалаларында мектептер ашылды. 1079 жылы 15 наурызда атақты ақын, ғалым Омар Хайамның жаңа күнтізбесі қабылданды. Бұл күнтізбе Еуропадағы VIII Григорий папаның айтуымен 1582 жылы ғана жүогізілді. Низам-аль Мульк «Сийасет-наме» деген саяси трактат жазды. Онда Сасанид, Аббасид және Газневид мемлекетінің тарихынан мысалдар келтіре отырып оны ерекшелік ретінде көрсетті. Бірақ бұл саясаттың өзі сәтсіздікке ұшырады. Себебі әскери жүйенің жұмысын таратқаны үшін алауыздық туды. Мелік шахтың (1082-1092 жж.) кезінде жер салығынан түскен қор өсті. Бірақ мелік шахтың өлімінен кейін бұл держава тарап кетті.

Иранның саясаты туралы тарихта екі феодалдық топтың күресімен сипатталады.Оның біреуі түрік тайпаларының феодалдары және Иранның аристократтық феодалдарының арасы. Ол екеу арасындағы соғыс негізі сепаратизм және таққа таласу. XI-XII ғасырларда қалаларда класстық күрестер күшейе түсті. Бұл суидтер мен шииттердің арасындағы діни күрес болды. Хорасанда әйгілі селжуктар сұлтанаты, ирақтық (1113-1194), кермандық (1041-1087) деген сұлтанаттар пайда болды. Сонымен бірге Хорезмде саси мағынадағы өзін-өзі басқару өсті. Хорезмде әскери қозғалыс өтетін жерлерден басқа ауыл шаруашылығы қолөнер шаруашылығымен қолөнер жолдары пайда болды.

Хорезм әскерлері 1186 жылы Селжуктардан жеңілісін пайдаланып мерв оазисін басып алды. Одан кейін олар Хорасанда (1187-1193) және селжуктардан басқа да бірнеше иеленген жерлерін басып плды. 1194 жылы Хорезм шахы Текеш бүкіл Хузистан, Ирандық Азербайжаннан басқа, барлық батыс Иранды жаулап алды. Бірақ 1219 жылы монғолдардың Орта Азияға жорығы басталды.



Монғол билігіндегі Иран.Орта Азияны жаулап алғаннан кейін Шыңғыс хан 1220 ыжылы Иранға бет алды.Оның Жебе мен Сүбетейдің басқаруындағы атты әскер Хорасан арқылы өтіп. Мазадеран, гильян және Рейді алды. Монғолдар күштерін таулы аудандардағы, каспийдегі провинцияға және оңтүстік Иранға күштерін жұмсамады. Солтүстік Иранна кейін Закавказьеге бет алды, оны жеңіп каспий арқылы Орта Азиядағы Шыңғысханның негізгі қолына қосылды. Шыңғыс ханның төртінші ұлы Толуй Хорасан қаласын басып алды. Мұндай қалалардың көбі қирап өртеніп кетті. Ең ірі Нишапур қаласындағы бүкіл бекініс үйлер және тұрғындар түгі қалмай жойылды. Нишапур қаласы тұрған жер жыртылып оған арпа себілді. 1220-1224 жж. Шыңғыс ханның әскери саяхаты кезінде монғолдар Гильян, Казвин және Хашадан қалаларында мықты қарсыластарға тап болды. 1131 жылы могғолдар Тербизді 1237 жылы Исфаханды жаулап алды. 1253-1256 жылдары ғана Шыңғыс ханның немересі Хулагу ханның жорығында ғана Иранды толық басып алды. Хулагу атақты Мөңке ханның жіберуімен болды. Осы жорықты 1256 жылы монғолдар Аламұтты, Асссасиндер мемлекетін алды. 1258 жылы Бағдатты және Аббасид Халифатын басып алды. Ал 1261 жылы Хулагу ильхан тайпа ханы атағын алды. Оның мемлекетіның жер көлемі кеңейе түсті. Кіші Азиядағы Рүм сұлтаны Иран арабы, Армения, Азербайжан, Грузия, Иран, Ауғаныстанға кірді. Монғол көшпенділерінің Ирандағы биліктің тұрақтандыруы ежелгі жергілікті мәдениеттің, қолөнердің дамуын және кәсіби күшін төмендетті. Соның арқасында әлеуметтік базасы ретінде көшпелі мал шаруашылығына айналды және жердің бәрін жайылым ретінде пайдаланды. Көшпелі тұрғындар саны бірден өсті. Мыңдаған шаруалар мен қолөнершілер монғолдардың бағындыруымен күңге айналды. Оңтүстік Ирандағы қолөнермен айналысатын еркін корпорациялар өте ауыр салықтар төлеп отырды. Ондаған қалалар ұсақ ауылдарға айналып кетті. Иранда материалдық бағалы кәсіпорындарды монғол басқыншылары жойды. Көп адамдар эпидемиялық аурулармен аштықтын қырылды. Иен қалған даланы біртіндеп құлдар баса бастады. Иран тарихшысы Рашид ад-Дин (1247-1318 жж.) XVIII ғасырдың аяғында Иранның өнделген жерінің 10 пайызы ғана жарамды болды. Иранда XVIII ғасырдың аяғында өте ауыр жағдай болды. Өз пайызынна құтыла ламаған жанұялар күңдікке сатылу жағдайлары көптеп байқалды. Монғолдародың бағындырушылары өз заңдарын кіргізе бастады. Ол Шыңғыс ханның атақты Ясадан алынды. Олар заңда көшпенді әскердің қатарындағы әскери адамдардың өмірі сол қолбасшының қолында болды. Олар Иран шаруалары тікелей монғолодардың жер иеленуші феодалдың қолына қарап қалды. Монғол басшыларының арқасында Тархан деген феодалдың бір түрі пайда болды. Олар ерекше жеңілдікті пайдаланды, Олар он рет қателер жасағанға дейін сот пен жазадан босатылатын болды. Жорықтан түскен түсімді әскери басшымен бөліспейді. Өз иелігіндегі салықтар ешкіммен бөләспейді. Оларға түрік және күрт көшпенділерінің білгірлеріде қосылды. Өйткені олар монғолдарға көмек көрсетті. Оларға ең негізгі кіріс көзі болды. Сондықтан олар шексіз осғыса беруге қызығушылығы болды. Хулагу мемлекетінде феодалдық жер иеленудің бірнеше түрі болды. Олар: дивани (мемлекеттік жер), иджу( хон тегінің атында), мульк, икта, вакф. Монғолдар басып алған кезде феодалдардың және вакфтардың жер бөлігін алды.Кейін осының нәтижесінде Хулагуттар мұсылман діндарларының беделін және Иран азаматтық бюрократияға арқа сүйеп отырып ильхан билігінің бекуіне және ислам дінін қабылдауға қол жеткізуге тырысты. Осы екі негізгі феодалдың арасындағы күрес Хулагит мемлекетінің бүкіл тарихында жүрді. XVIII ғасырдың аяғында бұл елде талқандалған шаруалар өз жер үлестерін жинап тауға қашты. Елде антифеодалдық көзқарас пайда болды. Мемлекеттік қазына азайды. XVIII ғасырдың аяғында ильхан тобының Гейхату (1291-1295) алтын мен күмісті қағаз ақшаға айналдыруға тырысты. Осының арқасында қағаз ақша шығаратын кәсіпорындардың шексіздігін қағаз ақша кәсіпкерлерді тонаудың бір түрі болып көрінді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет