Газан-хан реформасы. Шаруашылықтың күйреуі арасында наразылық тудырды, осы жағдайға байланысты билеушілер ильхандардың өздері реформа шығару керектігін түсінді. Бұл реформаға итермелеген күш 7 хан Газан – ханның атымен (1295-1304) және оған көмектесіп, реформаны талдап талқылауға көмектескен ғалым-энциклопедияшы Рашид ад-Дин болды. Газан-хан мен оның везирінің саяси идеалы – ортилаықтанған мемлекеттік ортақ тәртіппен келе жатқан салық жүйесі еді.
Газан-хан шаманшыл ильханның діни жүйесін бұзып, шіркеу мен синагогтарды қиратып өзі исламдықты тағы мұсылмандар дінімен жүоді. Газан-ханның мұсылмандықты қабылдауы жергілікті феодалдардың әлеуметтік қолдауына ие болды. 1304 ж. Қазынаға біртіндеп түсім келе бастағаннан кейін жаңа бұйрық шықты. Ол берат деп аталды. Бератта облыстық пен ауылдық деп айтылды. Онда еңбекақы мен зейнетақы алуға арнайы құжат енгізді. Әрбір облыс, ауыл, қала бойынша ақша мен шикізаттың мөлшері көрсетілді. Шаруалар әскерилерді, азаматтық шенеуніктерді, феодалдық беделді адамдарды асыраудан босатылды, шығынды мемлекет өз мрйнына алды. Газан-ханның реформасында ең маңызды алға басу-ол қаңырап бос қалған жерді салықтық жнңілдіктер беру арқылы өңдеу болды. Қолөнершілер мен саудагерлер салықтың көлемін азайып немесе уақытша салықтан босатылды.
1303 жылы ханның бұйрығымен барлық монғол әскерлеріне иктаны мирастық жолмен тарату жүрді. Мың адамнан тұратын әскери топтарға жер үлестері де берілді. Ол жүз адамның тіпті жеребе арқылы да бөлінді. Олар сол жерден жинап алған тұқымдарының аздаған бөлігін мемлекетке сыйға тарту ретінде беретін болды. Ол әскери қызметті тастап кетпеуге, өз жерін шаруалармен бөлісуге міндетті болды.
1303 жылы жаңа бұйрық шықты. Онда жер шаруаларға заңды түрде бекітіліп беруі айтылды. Олар басқа иелікке кетіге немесе ауысуға тыйым салында. Егер тастап кетсе, онда отыз бойы қашқын шаруаны іздеуге немесе қайтып келуіне мүмкіндік юерілді. Бірақта шаруа жердің иесіне емес, жерге бекітілді. Сол жергілікті жерде тізімде тұрды. Икта беруші шаруаға құл ретінде қарауға тыйым салынды.
Газан-хан тұсында шеберханаларда да құлдарды ұстауға тыйым салынды. Қолөнершілер еңбегі жо,ары бағаланып кеңінен таралды. Газан-хан ақша реформасын жүргізді. Құрып кеткен шаруашылықты кейбір бөлігіне ғана жүрді. Ал кейбіреулері керісінше халықты қысып, реформаны орындамады.
XIV ғасырдың 30 жылдары ірі беделділер арасында соғыс жүрді де ол мемлекеттің құлауына әкеп соқты. Оның орнына бірнеше ұсақ мемлекет пайда болды. Фарста Мозаферидтер (1333-1393), Оңтүстік Иранда джеларириттер, (1336-1411) Бағдатта шебанидтер (1344-1358), Тебризде Хорасанның шығыс бөлігінде ильхан билігін 1353 жылға дейін ұстап тұрды.
Хорасан батыс бөлігінде 1337 жылы монғолдарға қарсы көтеріліске мұсылмандық идеологиямен, лозунгмен шықты. Ол Сабзевардағы монғол атты әскерлерінің біреуі шаруаға күштеп жәбір көрестекені үшін блоған көтеріліс еді. Осыдан барып жасырын қару-жарақтар жасалып, ұйымдасқан түрде қолөнершілермен қала кедейлері біріге басатды. Көтеріліс басышлары Сербедалар жергілікті жердің ұсақ феодалдары болды. Ол көптеген халықтың көзқарасын қолдады. Хараджы 1/3 бөлікке азайды. (Газан-хан тұсында 60 пайыз болған), бератты таратуды алып тастады. Шариғатта көрсетілмеген садақалардың бәрін лап тастады. Сербедарлар мемлекетті 1331 жылға дейін басқарды.
Осындай халық көтерілістері XIV ғасырдың ортасында Каспий маңындағы облыстада, Керманда да болды. Мұндай көтерілістің бірі Мазендернда Сейд (1350-1393) мемлекеттің құрылуымен аяқталды.
XIV ғасырда Иран феодалдар Орта азиялық басшысы Тимурдың (1360-1405) жаулар алу үшін барлық жағдайды қарастырды. 13080-1393 жж. Иранда Тимурдың барлық әскері мемелкетті бірінен осң бірін басып алды.
1383 жылы Тимудың мұндай әрекетіне қарыс оның горнизоны Исфаханның халқы көтеріліске шықты. Алайда тағы да Тимур жеңіп, қаланы тұтастай жоюға бұйрық берді. Енді жөндеу жұмыстарына 70000 адамның кесілген бастарын пайдаланды. Тимурдың басып алуы мен билік жүргізуі Иран халқына көптеген қиын сынақтар әкелді. Ол феодалдық эксплуатицияны күшейтті, әлеуметтік құлдырауға ұшырады.
XV ғасырдың басында Иран өзінің мемлекеттік жеке құрылымын жасай алмады. Ол Тимур державасынабір провинциясы ғана болды. Тимудың өлімінен кейін оның ұрпақтары Ирандағы және Орта Азиядағы билікке таласып күресе бастады. (1405-1409). Антифеодалдық халықтық көтеріліс Иранда белсенді түрде жүрде. Онда түрлі діни ағымдарға бөлініп, секта басшылары күресті. Олар Фазуллаха Хуруфи, Мухаммед Муша-ша, Махди, Хуфейза тағы басқалар.
1502 жылы Тебризді Исмайл басып алды да өзін Иранның шахан шахы етіп жариялады. Ал Тебризді астана етті. Ал мемлекеттің діні – шиизмдік мемлекет болды. Сөйтіп Сефевидтер мемлкетінің іргетасы қаланып, Сеферид мемлекеті жарияланды (1502-1536).
Әдебиеттер:
1. История средних веков. Т,1.М., 1997.
2. История средних веков. Т,1.М., 2000.
3. История средних веков: Европа и Азия. Минск. 2000.
4. История стран Азии и Африки в средние века. М.1968.
5.Т.Тортаев Орта ғасырлар тарихы. Алматы.1999.
6. В.А.Федосик, А.А. Прохоров, И.О. Евтухов. Материалы по истории древнего мира средних веков. Минск. 2004
7-лекция Арабтар
1. VIІғ Арабия әлеуметтік-экономикалық дамуы.
2. Араб халифаты. Омеялар. Аббасилер
3. Мамлюктар мемлекеті.
Ежелгі араб феодалдық мемлекетінің құрылуы
Арабия түбегінің жер көлемі - 3 млн шаршы шақырым. Жерінің көбін құм басып жатыр. Тек орталық бөлігі мен Йемен жері шаруашылыққа колайлы. Ежелден Арабия түбегін арабтар қоныстанып келді. Халқы егіншілікпен және мал бағумен айналысады. Суармалы егін шаруашылығы басым. Құнарлы көкорай жерде бау-бақша-, жеміс-жидек өсіріледі.Отырықшылықпен қатар, арабтар көшпелі мал шаруашылығымен шұғылданды. Қалаларда колөнер мен сауда дамыды. Ең ірі калалары - Неджран, Мекке, Таиф т.б. сауда орталықтарына айналды.
Біздің заманымыздың III ғасырында Арабия түбегінде Лахмид патшалығы өмір сүрді. Лахмид әулетінің билеушілері тұсында бұл патшалық дамыған ірі мемлекетке айналды. Лахмид патшалығының күшейген кезі - IV ғасырдың аяғы мен V ғасырдың басы. Бұл патшалық VII ғасырдың басына дейін Сасанилік Иранға тәуелді болды.
Арабияда өндіргіш күштердің өсуі, феодалдық шаруашылықтың дамуы, мүлік теңсіздігінің тереңдеуі, сондай-ақ, жаңа жерлерді жаулап алу ірі мемлекет кұруға негіз болды. Арабтарды біріктіру идеясын уағыздау кең етек алды. Ислам идеясын таратушы Мұхаммед пайғамбар (570-632) Меккеде туып-өскен. Ол өзін Алланың жердегі елшісі деп жариялап, арабтарды ислам дініне енуге уағыздады.
Мұхаммед пайғамбардың діни уағыздарына қарсы болған Меккеқаласының билеушілері қасиетті Қағбаны басып алып, Пайғамбардың қаладан кетуін талап етті. Меккеқаласында өзіне қолдау таппағаннан кейін Мұхаммед пайғамбар Арабияның екінші қаласы Ясрибке (қазіргі Медине) барып паналауға мәжбүр болады. Сол жерде Медине халқынан қолдау алып, Меккеге қарсы жорыққа дайындалады. Осы жорықта жеңіске жеткен Мұхаммед Меккені ислам дінінің орталығы деп жариялайды. Қағба әрбір мұсылман жылына бір рет барып, Алла алдында өз парызын өтеуге тиісті қасиетті орынға айналады.
VII - IX ғасырларда арабтардың жаулап алуы
Жер мемлекеттік меншік саналып, Аллаға адал қызмет атқарған адамдарға беріліп отырды. Жер алғаны үшін оның иесі «үшір» салығын төлеуге міндетті еді. Малшылар да белгілі мөлшерде салық төлеп отырды. Мұхаммед пайғамбардың билігімен өз мемлекетіне адал қызмет атқарғандарға берілген жер икта (бөлік) деп аталды. Мұхаммед Арабия түбегін түгелдей бағындырып, Ислам мемлекетін Құрды. Пайғамбар өлгеннен кейін оның ізбасарларына халиф (пайғамбар ісін жалғастырушы, жолын қуушы деген мағынаны білдіреді) деген атақ берілді. Сөйтіп Араб халифаты деген ірі мемлекетті Мұхаммед пайғамбардың серіктері Әбу Бәкір, Омар, Осман, Әли т.б. басқарды. Араб халифаты Иран, Сирия, Иордан, Армения, Египет, Вавилон жерлерін, 648 жылы Солтүстік Африкадағы Ливияны, 711-18 жылдары Гибралтар бұғазы арқылы Пиреней түбегіндегі Испанияны жаулап алып, Франция жеріне дейін жетті. Шығыста Араб халифаты Орта Азия жерін жаулап, Мерв (Мары) қаласы халифаттың орталығына айналды. Сөйтіп Үндістаннан Атлант мұхиты жағалауына дейінгі жер Араб халифаты мемлекетіне бағындырылды. Араб халифаты жаулап алған жеріндегі барлық халықтарға ислам дінін таратты.
Араб халифатының саяси басқару жүйесі
Барлық жаулап алынған жер мемлекеттік меншікке айналдырылды. 661-750 жылдары билік басына Омейя әулеті келді. Омейя халифатының жері бес жергілікті басқару аймағына бөлінді. Бірінші аймағына - Иран, Ирак, Шығыс Арабия, Хорасан және Орта Азия жері; екінші аймағына - Хиджаз, Йемен, Орталық Арабия; үшінші аймағына - Армения мен Әзірбайжан, Кіші Азияның шығыс бөлігі; төртінші аймағына - Египет, Ливия, Триполи; бесінші аймағына Батыс Африка және Испания кірді. Әрбір аймақты басқаруға халифтың үкімімен әмір тағайындалды. Әрбір әмірдің екі орынбасары болды. Бірінші орынбасары әмірлікте салық және қаржы мәселесімен, екіншісі дін ісімен айналысты. Халифатқа қарамағындағы аймақты басқарып тұру үшін өте көп әскер керек болды. Бүкіл халифаттағы әскердің басшысы халифтың өзі болып, бас қолбасшы рөлін атқарды. Әрбір әмірлікте жергілікті әскери басқару жүйесі жүргізілді. Әскер бастығы дәрежесі жағынан аймақтағы екінші адам болып саналды. Омейя әулетінің негізгі әлеуметтік тірегі арабтың феодалданған ақсүйектері болды.
Омейя әулеті билік құрған Араб халифатында қоғамдық мекемелер мен мешіттер салуға көп көңіл бөлінді. Сауда және қолөнер айтарлықтай дамыды. Сауда айналымына алтын динар мен күміс дирхем енгізілді.
Омейя әулеті басқарған Араб халифаты орта ғасырлардағы ең ірі мемлекеттердің бірі болды. Бірақ ұзақ жылға созылған ішкі бақталастық Араб халифатын әлсіретті. 750 жылы Әбу Мүслім бастаған көтерілістің нәтижесінде Омейя әулеті билік басынан қуылып, оның орнына Аббас әулеті келді. Мұхаммед пайғамбардың немере ағасы Аббастан тарадық дейтін араб халифтары әулеті үстемдік құрған алғашқы жүз жылда халифаттағы феодалдық қатынас күшейіп, сауда өрістеді. Аббасилік халифат әсіресе һарун ар-Рашид (768-809) пен Мамун (813-833) тұсында кемеліне келді. Халифат Азия, Африка, Еуропа құрлықтарын қамтыған әлемдік державаға айналды. Бұл құрлықтардағы халықтардың өздеріне тән тарихи, мәдени, діни ерекшеліктері болды. Олар әр түрлі тілде сөйлеп, өз салт-дәстүрлерін ұстанды. Бұл сияқты ала-құлалық түбінде әлемдік державаның күйреуіне әкеліп соғатын. Мұндай тағдырдан Халифат та қашып құтыла алмады. VIII-X ғасырларда Халифат бірнеше тәуелсіз мемлекеттерге ыдырап кетті. Олардың ішіндегі ірілері Бағдад халифаты (750-1258), Фатимилер халифаты (909-1071), Кордова халифаты (756-1031), Саманилер мемлекеті (875-999) т. б. болды.
1258 ж. Шыңғысханның немересі Хулагу хан басқарған монғол әскері Бағдадты басып алды. Аббас әулетінің соңғы халифі Мустасим өлтірілді де, Араб халифаты мемлекет ретінде жойылды.
Араб халифаты — халифалар басқарған араб-мұсылман мемлекеттерінің Еуропа елдеріндегі атауы. Мұхаммед пайғамбар Батыс Арабияда құрған мұсылман қауымы (Умма) Араб халифатының ең алғашқы түп негізі болды. 632 - 56 жылдардағы халифаттың астанасы -Медине қаласы Араб жорықтарының бірінші кезеңінде халифаттың құрамына Ирак, Иран түгел дерлік, Кавказ сыртының басым бөлігі, Сирия, Палестина, Египет кірді, ал екінші кезеңінде оған Солт. Африка, Пиреней түбегінің көп бөлігі, Орта Азия, Табарстан, Джурджан (Горган), Синд қосылды. Халифат тұсында ислам дінінде сунниттер мен шииттердің, хариджиттердің алғашқы діни-саяси ағымдары және түрлі халифаттар (Омейя әулеті халифаты (929 — 1031), Аббас әулеті халифаты (750), Фатима әулеті халифаты (909 — 1171), Кордова халифаты), Сасани, Тулуни, Әли әулеті, Тахир әулеті, Самани әулеті т.б. билеген мемл-тер мен жергілікті әмірліктер пайда болды. 1258 ж. Хулагу хан бастаған монғол әскерлері Бағдадты алып, Аббас әулетінен шыққан соңғы халиф Мұстасимді өлтіргеннен кейін А. х. мемл. ретінде жойылды. Халифат– халифтар басқарған, құқықтық жүйесі исламның сүнниттік тармағына негізделген мемлекеттердің жалпы атауы. Алғаш Батыс Арабияда 632 – 56 жылы Мұхаммед Пайғамбардың басшылығымен құрылған. Қазақстаннан халифат құрамына кейбір оңтүстік аймақтар (Фараб, Испиджаб, Яссы, — халифалар басқарған ортағасырлық араб мемлекеттері. Мұсылман теократиясына негізделді. Халифаттың түпкі негізі 7 ғасырларда Батыс Арабияда Мұхаммед пайғамбар (ғ.с.) құрған мұсылман қауымы — умма болды. Арабтардың жаулап алулары нәтижесінде халифат Арабия түбегін, Иран, Иракты, Орталық Азия мен Кавказдың көпшілік бөлігін,Сирия, Палестина, Египет, Солтүстік Африка, Пиреней түбегінің басым бөлігін, Синдті қамтыған орасан зор мемлекетке айналды (қ. Араб халифаты Арабтардың Орталық Азияға жорықтары). Омейя әулеті (661 — 750) мен Аббас әулеті (750 — 1258) кезінде халифат құл иеленушілік және патриархалдық тәртіптер сақталған, феодалдық қатынастар басым дамыған мемлекет болды. 7 — 10 ғасырларда халифатта дүниежүзілік мәдениеттің дамуында маңызы зор болған жарқын да сан алуан мәдениет қалыптасты (қ.Араб мәдениеті). 9 ғасырда құрамына кірген мемлекеттердің экономикасының дамуының әркелкілігі, аймақтар арасындағы шаруашылық байланыстардың әлсіздігі, жер-жердегі халифатқа қарсы көтерілістер, билеушілердің өзара тақ таласы мемлекеттің ыдырауын және іс жүзінде дербес ұлттардың құрылуын тездетті. 10 ғасырдың 1-жартысынан бастап Фатима әулетінің (909 — 1171), Испанияда Омейялар (929 — 1031) мен Аббастардың Халифаттары өмір сүрді. Фатима әулеті халифтері өз қолдарына діни, зайырлы биліктерді қатар шоғырландырды. Аббас әулеті халифтары 945 жылы Бағдадты Буилер жаулап алғаннан кейін зайырлық биліктен айрылды. 1055 жылы Бағдадтағы Буилер билігін салжұқтар алмастырды. Салжұқтардың біртұтас мемлекеті ыдырағаннан кейін (1118) Аббас әулеті Тигр мен Евфрат алабында жаңа Халифат құрды. 1258 жылы Бағдадты моңғолдар басып алғаннан кейін Халифат мемлекет ретінде өмір сүруін тоқтатты. Алайда Египетті 1517 жылы түріктер жаулап алғанға дейін Аббас әулеті халифтері Каирде тұрып, өздерінің діни беделімен жергілікті сұлтандарды және басқа да мұсылман елдерінің билеушілеріне ықпал етті, оларға қаржы жағынан көмектесті. Кейін түрік сұлтандары өздерін халифтер деп атай бастады. Олар мұны Египетті жаулап алғаннан кейін Аббас әулетінің соңғы өкілінен мұраға алғандықтарымен түсіндірді. Түрік Халифатын 1924 жылы наурызда республикаТүркия жойды.
Әдебиеттер:
1. История средних веков. Т,1.М., 1997.
2. История средних веков. Т,1.М., 2000.
3. История средних веков: Европа и Азия. Минск. 2000.
4. История стран Азии и Африки в средние века. М.1968.
5.Т.Тортаев Орта ғасырлар тарихы. Алматы.1999.
6. В.А.Федосик, А.А. Прохоров, И.О. Евтухов. Материалы по истории древнего мира средних веков. Минск. 2004
8-лекция. Үндістан.
1.Дели сұлтанаты.
2. Акбардың реформалары
3. Европалықтардың Үндістанға келе бастауы.
Ислам Үндістанды тұтастай бағындыра да алмады, бүкіл елдің және оның мәдениетінің дамуы жолындағы бетбұрыс кезеңі де бола алмады. Сол себепті үнді-ислам өнерінің кезеңі мұсылман халықтары мәдениетінің тарихында кездейсоқ құбылыс болып қалғаны сияқты Үндістан үшін де ол кезең үнді мәдениеті дамуының тарихындағы негізгі емес, жай ғана қатардағы бір тарауы іспетті болды. Бірақ кейде кездесіп қалатыны сияқты оған мән бермей қоюға да, тіпті бұл кезеңді Үндістан мәдениеті мен өнері тарихынан мүлдем шығарып тастауға да болмайды. Тұтас алғанда ерте ислам кезеңі, оған өкшелес Моғолдар кезеңі сияқты үнді тарихының біртұтас құрамды бөлегі болып табылады және де ол тарихтың біздің заманымызға дейінгі дамуына ықпал жасағаны жақсы мәлім. Қалай болған күнде де өнер саласында үнді-исламдық өзара ықпал өз жемістерін берді. Бұл кездегі елеулі сәулет өнерінің жетістіктерімен және осы кезеңнің ерекшелігі болып саналатын қолөнердің өркендеп гүлденуі тамсанта таң қалдырып, ғажайып шеберлігіне тәнті етеді.
Махмұд Ғазнауи ықпалы
Үнді мәдениетіне ислам жаулап алушыларының алғашқы қуатты соққылары мүлде теріс әсерін тигізді, Махмұд Газневи сұлтан (998—1030) бастаған жаулап алушылар жасағы өздерінің ауғандық астанасы Кабулдан шығып, Солтүстік Үндістанға басып кірді және Деканға дейін жетіп, үңділік көркем-өнер ескерткіштерін құртып жіберді. Дінге ессіз берілген ол жолындағының бәрін жайпап, «дінсіздердің» көптеген қасиетті жерлерін — ортағасырлық ғаламат діни құрылыстарын құртып жіберді, түгін қалдырмай тонап алды, үнді халқының аман қалдырылған бөлегін (негізінен қолөнерші шеберлер, сол сияқты бишілер мен музыканттар) өзінің ауғандық отанына құлдыққа айдап әкетіп, өздеріне басыбайлы жұмыс істеуге мәжбүр етті.
XI ғасыр басындағы бұл тонаушылық пен талқандаулар, жаулап алушылардың шектен тыс қаталдықтары тірі қалған үнділіктердің жазып қалдырып кеткен жазбаларынан ғана емес, мұсылман жылнамаларының көптеген авторлары хабарларынан, ең алдымен, әйгілі әл-Бируни жазбаларынан да мәлім болып отыр. Ол Махмұд жорықтарын және оның Тханесардағы, Матхурдағы, Канаудждағы, Гвалиордағы, Катьанджардағы храмдарды және Сомнатхпурдағы сол кездегі қасиетті орын есептелінетін Сурья храмын тас-талқан етіп, қиратқаны туралы егжей-тегжейлі жазып қалдырған. Газневилерден кейін мұра ретінде өкімет тізгінін қолға алған Грудтер әулетінің билігі кезінде (XII ғасыр) Солтүстік Үндістан мен Деканның едәуір бөлегі жаулап алынды, тек үнді субконтинентінің қиыр шығысы мен оңтүстігі ғана аман қалды. Ол тұстағы ел билеген үнділік әулеттер бытыратылып жіберілді. Олар әскери кастаның дәстүрлік ғұрыптарына сүйене отырып, дәл сол кез үшін күлкілі болып шыққан билік жолындағы «рыцарьлық» өзара қырғын соғыстар жүргізумен болды.
Ал мұның өзі, әрине, қандай да болсын біріккен қарсылықты қиындата түсті және берекесі қашқан, соғысқа құлықсыз үнділік дұшпандары сан жағынан әлдеқайда басым болуына қарамастан мұсылман жаулап алушыларының жеңіске жетуіне көмектесіп отырды. Мұхаммад Гури 1178 жылы Ненджабты жаулап алды және Дели түбіндегі шешуші ұрыста өзіне әлі де қарсылық көрсетумен болған үнді билеушілерін қирата жеңді. Мұхаммад жаулап алғанмен астанасын Үндістанға көшіргісі келмеді. Ол бұл жерге әкім етіп өзінің түрік құлы Кутб-уддин Айбекті отырғызды.
Кутб-уддин Айбек
Ал бұл батыл қолбасшы мұсылман өктемдігін Ганга жазықтығына да орнатты, Бихар мен Бенгалияны жаулап алды, сәйтіп өзінің бұрынғы қожайыны қайтыс болған соң, дербес билеуші алғашқы үнді сұлтаны (1206—1210) болып алды. Ол Мамелюктар (құлдар) әулеті дегеннің негізін қалаушы болды. Үндістанның XIII—XIV ғасырдағы мұсылман әулеттері жиі-жиі ауысуымен ерекшеленген кезеңі сахнаға кейде жігерлі қолбасшыларды, ал кейде рақат өмірді, қолбостықты, махаббат қызықтарын ғана күйттеген азғын билеп-төстеушілерді шығарған дөрекі соғыс күшінің дәуірі болған еді. Бұл билеушілерді қашан да өздеріне жақын жүрген жауласушы құлдары, сарай маңындағы адамдары мен әскербасылары тақтан түсіріп тастап отырды. Күшпен бағындырылған халық шектен тыс зорлық-зомбылықты бастан кешірумен болды, бірақ әлгі әкімдер өздерінің әскери-бағындырушы аппаратымен шалғай тұрғандықтан, олардың халық тұрмысына, халықтың қоғамдық және мәдени өміріне араласы тіпті де аңғарылмайтын. Бұл мұсылман келімсектерінің үзіліссіз ішкі күрестері белгілі бір дәрежеде көне үнді мәдениетінің бір қалыпта тұмшаланып сақталып қалуына көмектесті. Әрине, бұл сырттай қарағанда ғана еді, алайда 1212 жылдан 1328 жылға дейінгі аралықта мұсылман билігі Үндістанға түгел дерлік, сол сияқты оның Мадураиға дейінгі оңтүстік бөлегіне де орнығып болды.
Билік үшін күрес жаулап алушылардың алғашқы кездегі ислам діні арқылы нығайтылған бірлігін әлсірете берді. Ұсақ және ірі-ірі көтерілістер жекелеген облыстардың орталық өкіметтен азат болып, дербес мұсылман князьдерінің құрылуына әкеп соқтырды. Мәселен, 1337 және 1347 жыл- дар аралығындағы мұсылман билігінің тұсында-ақ Бенгалия мен Декан, осындай дербестікке ие болды. Самарқаннан шыққан Темір 1398 жылы Үндістанға баса-көктей кіріп Делиді жаулап алды, тонады; орталық өкіметтің уақытша әлсіреуін пайдаланған басқа провинциялар да мемлекеттік одақтан шығып кетті: XV ғасыр мен XVI ғасырдың басында Үндістан ішінде Кашмир, Синд, Дели, Джаунпур, Бенгалия, Мальва, Гуджарат, сондай-ақ Солтүстік Декандағы Бахманидтер мемлекеті сияқты өзара ұдайы жауласып өткен, көптеген дербес, ұсақ мұсылман мемлекеттері құрылды. Олардың өзара күресін және басқа саяси жағдайларды пайдаланған кейбір бұрынғы үнді мемлекеттері өздерінің дербестігін сақтап қалды, ал кей реттерде дербестіктерін қайтарып алып отырды. Мәселен Орталық және Тел-ка-Мандир. Жартасқа жасалған джайндық мүсіндер. Солтүстік-Батыс Үндістанда Раджпуттар мемлекеттерінің үлкен федерациясы өмір сүрді; жолы қиын Ориссаның шалғай облыстары ақыр соңында мұсылман әкімдері билеген көрші Бенгалия бағындырып алғанға дейін біраз уақыт бойына тәуелсіздікте болды; оңтүстіктегі Чолдар мен Паңдьялар әулеттерінің мемлекеттері иеленген үнді мемлекеттері мен Тунгабхадра өзеніндегіХампи басты қаласы болып табылатын Виджаянагар мемлекеті де өз дербестіктерін сақтап қалды. Негізінен алғанда Раджпуттар мен Виджаянагар мемлекетінің арқасында ислам басқыншылы- ғынан өзіндік негізгі ерекшеліктерін аман алып қалған көне үнді мәдениеті сақталып қалды.
Алайда, тіпті, мұсылман өкіметі бақылауында болған үнді облыстарының өзінде де мұсылмандар өмірінің саяси, қоғамдық, мәдени-діни формаларын күшпен енгізу арқылы да үнді мәдениетін біржолата жойып жіберу ешқашан да мүмкін болмағанын атап айта кеткен жөн. Үндістанның қиыр солтүстік-батысындағы, қазіргі кез- де Пакистанға қарайтын жекелеген аудандары туралы ғана бұлай деуге болмайды. V Тек қана өкімет басына келген моғолдар бірнеше рет әрекет жасаған соң барып XVI ғасырдың екінші жартысында Солтүстік Үндістан мен Декан аудандарын орталық өкіметтің бақылауына бағындырып, біртұтас үнді-мұсылман мемлекетін құра алды. Бахманидтер мемлекеті Бграр, Бидар, Биджапур және Голконду сияқты жекелеген мемлекеттерге бөлектеніп кеткен Декан ғана Моғолдар өкіметіне күшті қарсылық көрсетті. Ерте ислам кезеңінде — Моғолдар өкіметінің Акбар тұсында нығайып күшейгеніне дейінгі уақытта — жоғарыда айтылғандай, индуистік және джайндық сәулет өнерінің көптеген ескерткіштері талқандалды, мүсіндер құрып кетті немесе айуандықпен бүлдірілді, құдайлардың бастары жұлынып тасталды немесе танымастай етіп бүлдіріп қиратылды. Алайда, жаулап алушылар қолымен жасалған мұндай бүліншіліктер ақыр соңында олардың сол бүлінген құрылыстардың жарамды деген қалдықтарын өз өнері мен құрылыстары үшін пайдалануын мәжбүр етті. Құрылыстардың тұтас жұрнақтары, ең алдымен, бағандар (колонналар) мен мүсіндік әшекейлер жаңадан салына бастаған мұсылмандық құрылыстарға көшіріліп әкелінді. Бұдан келіп туатын ой: осылайша «ақиқат» діннің «дінсіздерді» жеңгендігі айқын дәлелденетін болғандықтан, мұндай, іс-әрекеттің өзін діншіл мұхаммедшілер мақтан тұтқан секілді. Бихар мен Бенгалиядағы будда храмдары да осындай талқандаушы діни фанатизмнің табанына тапталды, ал Үндістандағы ең соңғы будда әулеті болған Палдар кезеңіндегі көптеген құрылыстардан ештеңе де қалған жоқ деуге болады. Қазіргі музейлерде сол дәуірдегі өнер үлгілері ретінде қойылған заттар — сол кездің шағын елді мекендерінде сақталып қалған жекелеген тас мүсіндер ғана. Буддалық монахтар ерекше қуғындалып, олардың көпшілігі құрбан болғанға ұқсайды.
Алайда, олардың қайсыбіреулері, сол сияқты дінге сенетін буддалықтар көрші елдерге қашып құтылған. Мәселен, буддаллық қашқындардың үлкен топтары Бенгалиядан шығысқа қарай шекаралық облыстарға және көршілес Бирмаға ағылды. Қашқындардың басым көпшілігі қарлы шекара арқылы солтүстікке, Непал мен Тибетке бет алды. Сөйтіп, осы кезден бастап Палдар кезеңіндегі үнді мәдениетінің бұл елдердегі жергілікті өнерге деген күшті әсері басталды. Көп ретте азғындаған және негізінен әскери-саяси өкімет мәселелерімен айналысқан ерте ислам әкімдері билеп-төстеген кезеңlе көптеген діни ғимараттар — бірінші кезекте мешіттер мен мұнаралар, медреселер (исламдық діни оқу орындары), көбінесе аумақты да керемет көрікті ескерткіш бейіттер, елдің әкімдері мен белгілі адамдарының мавзолейлері салынды. Ал мұның өзі Үндістан жеріндегі жаңа құбылыс еді және оның ескі үнді ғұрыптарына ешқандай да қатысы болмайтын.
Алайда, бұл кезде тұтас қалалар да пайда болып жатты. Ертеде салынған бекіністері, сарайлары немесе қорғандары және тұрғын үйлері мен базарлы көшелері caп түзеп, тұтастай аман сақталған қалалар Үндістан тарихының дәл осы кезеңіне жатады. Көлемі мен маңыздылығы жөнінен бірінші болып есептелетін мұсылмандық сәулет комплексі Делиде сақталған. Ол — XIII гасырдың басына жататын, осында салынып, күні бүгінге дейін Делидің ең назар аударарлық орны болып есептелетін биік күмбез — Кутб-Минар алып мұнарасы. Бұл Кутб-уд-дин Айбектің тұсында салына бастап, Илтутмыш тұсында, шамамен 1230 жылы аяқталған. Делидің бұл комплекстен басқа ғимараттары: Кутб-уд-дин Айбектің үлкен мешіті, Ала-уд-дин Хильджапың мазары (1215) мен медресесі, сол сияқты Илтутмыштың мавзолейі (1235). Кутб-Минар өзіндік ерекшеліктерге бай және мейлінше әсем-ақ. Оның табанының диаметрі — 16 метр; 1794 жылы биіктігі 70 метр еді. Кейініректе, бүлінген жерлерін қалпына келтірген соң тағы да бірнеше метрге биіктеді.
Ілгері қарай шығыңқы кернеулі мұнараны қоршап тұрған төрт балкон оны бірнеше қатарға бөлшектеп тұр, ең төменгі балкон шамамен 33 метр биіктікте, екінші — 49, үшіншісі — 63, ең соңғы төртіншісі 71 метр биіктікте орналасқан. Сөйтіп, жоғары көтерілген сайын оның қабаттарының биіктігіде, диаметрі де біртіндеп кішірейе түсіп отырады. Мұнараның тік тұрқы ою-өрнекті жиырма төрт шығыңқы кернеумен бөлектенген. Олардың біреулері қырланып, шаршыланып келсе, екінші біреулері дөңгелек болып келеді. Төменгі қабатында бұлар араласып отырады да, екінші қабатында түгелдей дөңгелек, ал үшінші қабатында кілең тікбұрышты. Жоғарғы қабатта мұндай шығыңқы кернеу жоқ. Мұнара қызыл құмтастан салынған. Үшінші қабатының үстінде ақ мәрмәрдан жасалған жолақ бар. Бұл екі түрлі құрылыс материалының екеуі де ислам кезеңіне тән нышанды айғақтайды және бұл Ұлы Моғолдар кезеңіндегі көптеген сәулет комплекстерінде кездеседі. Кутб-Минарды көрген алғашқы европалықтар оның әсемдігін Флоренциядағы әйгілі Джотта кампаниласына теңестірген. Ол, әрине, бұдан 10 метр биік, бірақ көрші тұрған аумақты кафедралық со-бордың қалқасында, биіктігі көкке шаншылған құдіреті тұрғысынан мына оқшау тұрған Кутб- Минардай әсер қалдырмайды. Ислам сәулетінде бұдан биігірек бір ғана мұнара бар, ол — Каирдағы Хасан мешітінің мұнарасы.
Үндістандағы Ұлы Моғолдар әулеті — Делиді басып алған және тонаған жаулап алушы ретінде жоғарыда аталып өткен самарқандтық әмірші Темірден басталады. Бабыр 1526 жылы Лоди әулетінен шыққан соңғы әкімді жеңіп, Дели мен Аграны жаулап алады. Оның ұлы Хумаюн әкесі жаулап алған Үндістан облыстарын ұстап тұрарлықтай күшті болып шықпайды; бастапқы (1530—1540) соғыс жетістіктерінен кейін ол Шер-шаһтан жеңіледі де, өз семьясымен Парсы еліне қашуға мәжбүр болады. Парсы патшасының көмегімен көп жыл өткеннен кейін Дели мен Аграны қайыра жаулап алып, Моғолдар әулетінің өкіметін (1555—1566) қалпына келтіреді. Хумаюн кешікпей қайтыс болады да, кезінде парсыларға бірге қашқан ұлы Акбар Үндістандағы Моғолдар әулетінің өкіметін нығайтушыға айналады. Ол билеген жылдарда Үндістан өнері тарихында жаңа кезең басталады, бұл кезең ерте ислам кезеңіндегіге қарағанда көп жағдайда өзіне тән бірқатар ерекшеліктерге иелік еткен. Акбар өзінің әкесі мен атасы сияқты өнер қамқоршысы ғана болып қойған жоқ, ол сонымен бірге аса зор ұйымдастырушылық қабілеттерімен көзге түскен және бір жақты діни фанатик те еместі. Ол өзіне бағынышты индуистермен де тіл таба білді. Оның тікелей мұрагерлері де осылай жасады, шешелері князьдік Раджпуттар тұқымы ұрпақтарымен некелескендіктен де олардың нағашы жұрты сол үнді елі болды. Олардың сарайлары маңына көптеген үнділік суретшілер жұмысқа орналасты. Сондықтан да моғолдар билеген кезеңге әдетте патшалық, құрған үймен байланысты болатын бір жақты мұсылмандық артықшылықтар тән еместін. Бұл кезеңдегі қандай да болмасын көркемдік бастамаларға тек үнділік не мұсылман суретшілері ғана емес, алыс елдерден келген жатжұрттықтар да, солардың ішінде жекелеген европалықтар да қатысып отырған. Бұл Делиде, Агра мен Лахорда, сол сияқты Үндістанның басқа да қалаларында көптеген аса ірі сәулет ескерткіштері жасалған жарқын дәуір болды. Бұл кезеңде сонымен бірге «моғол миниатюрасы» деген атқа ие болған миниатюра барынша дамыды. Үнді тарихының шыны саналып, Маурьялар мен Гупттар билеген кезеңмен салыстырылатын бұл кезеңді колониализм дәуірі алдындағы бүкіл Үндістанды қамтитын бір орталыққа бағындырылған мемлекет құру жөніндегі соңғы әрекет кезеңі деп қарастырған жөн. Акбар өз мемлекетін көптеген провинцияларға бөлді: Кабул (қазіргі Ауғанстан), Лахор (қазіргі Пакистан, бұл провинцияға Кашмир де кірді), Мультан мен Синд, Дели, Агра, Аудх (Авадх), Аллахабад, Аджмер, Ахмадабад, Бихар, Бенгалия мен Орисса, Кандеш, Берар мен Ахмеднагар. Бүкіл Солтүстік және Орталық Үндістан соның қол астында болды. Өзіне күшпен бағындырылған басқа діндегі халықтарды басқарудың қандай да бір ұтымды формаларын таппай бас идіру мүмкін еместігін Акбар әп дегеннен-ақ түсінді.Ұлы Моғолдар әулетінен шыққан патша үшін халықты мемлекет басқарудың қандай да болмасын демократиялық формасына қатыстыру мәселесінің мәнісі жоқ еді, сондықтан да Акбар өз сарайына Раджпуттар тұқымынан шыққан князьдерді тартып, оларға жауапты қызметтерді беріп отырды. Өзінен бұрынғы сұлтандардың «дінсіздерден» жан басына көбейтілген салықтар жинауы сияқты алалаушылық шаралардан ол, әрине, мүлде бас тартты. Акбардың діні басқа жұрттармен бірігуге және ынтымақтасуға ынталы болғаны соншалық, ол тіпті синкретикалық дін тәрізді бірдеңені енгізуге де әрекеттеніп көрді, бірақ та индуистар мен мұсылмандар қаншалықты мүдделі болғанымен, оның мұнысынан ештеңе де шықпады. Өкінішке орай, осынау уағдагерлік бастамалар сонымен бірге Ұлы Моғолдар әулеті билігінің қалай дегенмен шарықтау шыңы да бола білді. Акбар мұрагерлері Жаһангер (1605) мен Шаһ Жаһан (1628) тұсында бұл әулеттің саяси ықпалы да, мәдени дәрежесі де біршама кеміп кетті, бұл арада сарай маңындағы түрлі қастық-араздасушылық әрекеттер аз роль атқарған жоқ. Ұлы Моғолдар әулетінен шыққан төртінші билеуші Аурангзеб (1628) тұсында исламдық пуританизм қайыра үстемдік алып, индуистерге деген өшпенділік epic алды. Бірақ әскери зорлық күштің кезеңі өткенді, демек Аурангзеб канша күш жұмсағанымен өткенді оралту мұмкін болмай қалды. Ол Ұлы Моғолдардың соңғы әміршісі болып шықты да, әскери ірі жеңістерге қарамастан мемлекеттің көптеген ұсақ бөлшектерге бөлінуінің куәсы болды. Оның мұрагерлері бұл ұлы әулеттің атын ғана сақтап қалды, ал іс жұзінде олар отарлық өкіметтер мен әредікте біртіндеп бас көтеріп келе жатқан Раджпуттардың тегеурінді тықсыруына ұшырап, бұрынғыдай кең құлаш өктемдік жасау правосынан айрылған солтүстік үнділік билеушілер ғана болатын. Ақыр соңында 1858 жылғы ¥лы көтеріліс британ әскерлері күшімен басылғаннан кейін, ең соңғы «Дели патшасы» өз орнын босатып, ағылшындарға беруге мәжбұр болды. Акбардың Үндістан мен оны мекендеген әр түрлі халықтарды біріктіруге деген әрекеті мұсылман өнеріне үнділік ықпалды күшейтуге әкеп сайды. Ақбар билеген кезеңдегі көптеген құрылыстар олардан бүрынғы дәуірдегі ғимараттарға тән қаталдық пен ұстамдылықтан өзгеше, мейлінше жаңаша стиль туындылары болып келеді. Бұл жаңа стиль кей реттерде формалармен ойнағандай мейлінше алуан сырлы түрлі байлығымен, Раджпуттар тұқымынан шыққан билеушілер негіздеген үнділік сарай дәстүрлеріне барынша үндес жұтынған көрік, сән-салтанатымен ерекшеленеді.
Достарыңызбен бөлісу: |