Әдебиеттер:
1. История средних веков. Т,1.М., 1997.
2. История средних веков. Т,1.М., 2000.
3. История средних веков: Европа и Азия. Минск. 2000.
4. История стран Азии и Африки в средние века. М.1968.
5.Т.Тортаев Орта ғасырлар тарихы. Алматы.1999.
6. В.А.Федосик, А.А. Прохоров, И.О. Евтухов. Материалы по истории древнего мира средних веков. Минск. 2004
3-лекция. Жапония
1.ІХ-ХІІғғ Сегунаттың орнауы. Самурайлар
2.Ходзе әулетінің билікке келуі
3.Жапонияда Токугава режимінің орнауы.
Жапонияда феодалдық қоғамның қалыптасуы
1.ХІ-ХІІІ ғасырлар аралығында Жапонияда феодалдық қоғамның қалыптасуы аяқталды. Бұл кезеңде Жапонияда мұрагерлік жер иелігі қалыптасты. Жер иеліктері - сёэн деп аталды. Мұрагерлік жер иеліктері салықтан босатылды. Мұнда шаруалардың екі түрі жұмыс істеді. Біріншісі бас бостандығы жоқ, тәуелді шаруа болды, екіншісі мемлекеттік шаруа деп аталды. Тәуелді шаруалар феодалдар жерінде қызмет атқарып, жер иелеріне толық тәуелді болды. Мемлекеттік шаруалар император сарайына тиісті жерде жұмыс істеді. Қызмет жасаумен қатар, император қазынасына салық та төлеп отырды.
Жапон қоғамында феодалдардың да бірнеше әлеуметтік тобы болды. Ең ірі феодалды даймё деп атады. Даймё қарауында кішігірім жер иеленушілер болды. Ірі және орташа феодалдардың жер иеліктерінде оларға бағынышты әскери адамдар - самурайлар қызмет атқарды. Самурай жапон феодалдық қоғамындағы негізгі кәсіби, әскери топ болды. Самурайлар да кейіннен ұсақ жер иелеріне айналды. Олар жерді өздерінің бастьщтарынан сыйльщқа алу негізінде иеленді.
Саяси құрылысы
Жапонияда VII ғасырдан бастап орталық императорлық өкімет билігі орнады. Ең жоғарғы билік және барлық жер иелігі микадо қолында болды. ХІ-ХІІІ ғасырлар аралығында Жапонияда императорлық билік біртіндеп әлсіреп, жаңа әлеуметтік топ - сегундар билігі күшейді. Сегун - микадоның бірінші министрі немесе оның уәзірі қызметін атқарды. 1192 жылдан бастап сегундардың саяси билігі күшейіп, император елдегі діни басшы ретінде ғана сақталып калды. Солтүстік жапон феодалы Минамото самурайлардың күшімен император әскерін жеңіп шығады. Ел астанасы Киото қаласын басып алып, сегундардың үстемдігін орнатады. Жапонияда көп уақытқа дейін минамото әулетінен шыққан сегундар билік құрды. Минамото жасақшылары қарсыластардан тартып алған жерлерді өзара бөліске салып, кейін олардың көбі ірі феодалдар - даймёларға айналды. Үстемдік етуші феодалдар табы - «әскери-поместьелік» жер иелері (буси, самурай) елдің негізгі жер бөлігін қолында ұстап, өздерінің мемлекеттік басқару әкімшілігін құрды. Сөйтіп ХІ-ХІІІ ғасырлар аралығында Жапонияда мұрагерлік биліктің екі түрі болды. Бірі - императорлық,екіншісі - сегундық. Мемлекеттің басында сегун тұрды. Ол әскери өкімет басшысы әрі самурайлардың қолбасшысы болды. 1199 ж. Минамото өлген соң үкімет билігін Ходзе Токимаса иеленді. Жапонияда әскери-феодалдық мемлекет құрылды.
Шаруалардың жағдайы
Шаруаларды қанау бұрынғыдан да күшейе түсті. Феодалдар әр түрлі сылтаулар тауып, жаңа салықтар енгізіп отырды. Феодалдар арасындағы қырқыстар да шаруалар тұрмысын тұралата түсті. Шаруашылықтар өзара соғыстардан күйзеліске ұшырады. Мұның бәрі шаруалар наразылығын күшейтіп, көтеріліс жиі болып тұрды. 1428 жылы ең ірі көтеріліс Киото қаласының маңында болды. Олар қарыздарды жоюды талап етіп, өсімқорларға қарсы шықты. Көтеріліс «самурайлар жойылсын» ұранымен өтті. 1441 жылғы шаруалар көтерілісін кедейленген самурайлар - рониндерде қолдады. Ямасиро ауылында көтерілісшілер жеңіске жетіп, 7 жылға жуық өз биліктерін орнатқан кездері де болды. Олар өз өскерін құрып, халық жиналысын шақырып, өздерінің заңдарын бекітіп отырды. Халық жиналысы 36 адамнан тұрды. Олар салық мөлшерін анықтап, шіркеу иелеріне салықты ұлғайтты. Шаруалар көтерілісі XVI ғасырда да тоқтаған жоқ. 1532 жылы Киото, Харима, Исэ, Тайба қалаларында кедейлер көтерілісі болды. XVI ғасырда Жапонияда сегундық билік әлсіреп, феодалдық бытыраңқылық елдің бірнеше дербес кінәздікке бөлінуіне дейін жеткізді.
Қалалардың дамуы
ХІ-ХІІІ ғасырларда Жапонияда қалалар саны өсті. Қалалар қолөнер орталығына айналды. Жапония қолөнершілері ертеден жібек матадан киім-кешектер тігетін. Жапондар ата-бабасынан бері темірден, алтыннан, күмістен әр түрлі заттар жасай Самурай. білген. Күні бүгінге дейін жапон семсері әлемге әйгілі болып келеді. Жапон семсері көп елдерге шығарылып отырған. Мысалы, 1483 жылы шетелге 67 мың семсер сатылған. Жапондар Корея, Қытай, Филиппин аралдарымен сауда-саттық қатынас жасап отырған. Елдегі ірі калалар - астанасы Киото, Сакаи, Хиого, Хаката, Нагасаки т.б.
Біртұтас мемлекеттің құрылуы
Жапонияның бір орталыққа бағынатын күшті мемлекетке айналуына, феодалдық құрылысты нығайтуға феодалдар мүдделі болды. Олар мұндай үкімет өзара қырқысты, шаруалар көтерілістерін тоқтатады, өсімқор буржуазияның өсіп бара жатқан беделін шектейді деп үміттенді. XVI ғасырдың соңы Жапонияда капитализмнің белгісі - сауда буржуазиясы қалыптаса бастаған кез болатын. 1568-1582 жылдары елді біріктіру ісін феодал Ода Нобунага басқарды. Аз ғана уақыттың ішінде ол орталық Хонсю аралы жерін өзіне бағындырды. 1573 жылы Асикага әулетінің ең соңғы сегунын биліктен кетіреді. Ода Нобунага 1580 жылы Жапонияның жартысын біріктірді. Жапонияның ең бай қаласы Сакаиды бағындырды. Нобунаганың ісін алға апарған досы Тоётоми Хидэёси (1583-1598) елді біріктіру ісін жалғастырды. Хидэёси елде қатаң тәртіп орнатты. Ол шаруаларды жерге бекітетін, басы ауған жаққа кетуіне тыйым салатын заңдар шығарды. Сырт елдермен басқыншылық саясат жүргізіп, 1592 жылы Корея еліне екі рет жорық ұйымдастырды. Оңтүстік Корея жерін уақытша бағындырды.
1598 жылы Хидэёеи өлгеннен кейін Жапонияны біріктірумен Токугава (1598-1616) айналысты. 1603 жылы ол елді біріктіруді аяқтап, сегун деген атақ алды. Токугава әулетінің сегундары Жапонияны 1867-1869 жылдардағы буржуазиялық революцияға дейін 265 жыл биледі.
ХІ-ХІІІ ғасырлардағы Жапонияның саяси құрылысы
Жапонияда бір орталыққа бағынатын мемлекет орнағаннан кейін, елге шетелдіктердің келуіне тыйым салынды. Еуропалықтардың Жапониядағы істеріне үзілді-кесілді шек қойылды. Жапонияның басқа елдермен қатынасын осылай жасанды түрде үзіп тастау екі жарым ғасыр бойы сақталды. Бұл - феодалдық монархияның өсіп келе жатқан буржуазияға саяси шектеу қойып, феодалдық қоғамды сақтап қалуға жасаған шаралары еді. Жапонияның өзін-өзі оқшаулау саясаты халқының ұлттық ерекшелігінің дамуына жол ашты.
3.Қазіргі Жапония аумағына адамдар неолит дәуірінде қоныстана бастаған. Алғашқы тұрғындар Азия құрлығынан топ-топ болып қоныс аударған деген жорамал бар. Олар жер өңдеумен, мал шаруасымен айналысқан (Дзёмон және Яёи мәдениеттері). Б.з.б. 2 ғ-дан бастап тайпалар одағы қалыптасып, ямато тайпалық одағы негізінде ежелгі Жапон мемлекеті пайда болды. Орталық мемлекеттік билік күшейіп, ямато билеушілері Қытай императорына бірнеше елшілік аттандырды және осы кезден бастап ел ішінде будда діні тарай бастады. Ямато патшалары өздерін ”тэнно” деп атады және бұл атау күні бүгінге дейін император деген ұғымды білдіреді. 645 жылы болған төңкерісінен кейін «Тайка» реформаларының нәтижесінде құл иелену жойылып, жалдамалы шаруалар мен ірі жер иелері пайда болды. 710 жылы алғашқы тұрақты астана Нара салынып, 784 жылы орталық Нагаоку, 794 жылы Хэйан қалаларына көшірілді. 11 ғасырдада ірі-ірі әскери топтар арасында билік үшін күрес басталып, 1192 жылдан бастап үкімет билігі тек сөз жүзінде ғана сақталды. Сёгундер елді әскербасыларының (буси) көмегімен басқарды. Бусилардың төменгі бөлігі ұсақ жер иелерінен тұрып, самурай деп аталды. Қытай мен Кореяны басып алған Шыңғыс хан империясы 1274 жылы және 1288 жылы екі рет Жапонияға сәтсіз жорық жасады. Елде 13 ғасырдан бастап сауда және қолөнер бірлестіктері (дза) көптеп құрыла бастады. Қалалардың саны өсті. 15 — 16 ғасырларда Қытай және Кореямен арадағы сауда дамыды. Кен орындары (алтын, күміс, мыс) пайда болды. Жапония жеріне алғаш рет еуропалықтар (1542 жылы португалдар, 1584 жылы испандар), христиан миссионерлері келе бастады. Иэясу Токугава (1542 — 1616) елдің бірігуін аяқтап, 1603 жылы сегун болып жарияланды. Токугава әулетінің билігі 1867 жылға дейін созылды. Аймақ билеушілері (даймё) үлкен жасақ ұстады. Оларға самурайлар қызмет етіп, еңбектері үшін күріш түрінде жалақы алды. Даймелердің үстінен қатаң бақылау орнатылды. Халық 4 әлеуметтік жікке (самурайлар, шаруалар, қолөнершілер, саудагерлер) бөлінді. Үкімет еуропалықтарға қарсы арнайы заңдар шығарып, олардың елге келуіне және христиан дінін насихаттауына тыйым салды. 1641 жылдан Қытай мен Голландия көпестері үшін Нагасаки (Дэсима) порты ашылды. 18 ғасырдың аяқ кезінен бастап мануфактуралар (жібек өңдеу, қағаз, т.б.) пайда болып, нарықтық қатынастар дами бастады. 1850 — 1860 жылы Жапония АҚШ және еуропа мемлекеттердің қысымымен шетелдіктер үшін жаңа порттар ашуға мәжбүр болды.
Әдебиеттер:
1. История средних веков. Т,1.М., 1997.
2. История средних веков. Т,1.М., 2000.
3. История средних веков: Европа и Азия. Минск. 2000.
4. История стран Азии и Африки в средние века. М.1968.
5.Т.Тортаев Орта ғасырлар тарихы. Алматы.1999.
6. В.А.Федосик, А.А. Прохоров, И.О. Евтухов. Материалы по истории древнего мира средних веков. Минск. 2004
4-лекция Индонезия
1. ХІ- ХVІІғғ Индонезия.
2. Маджапахит империясы
3.Бантам және Матаран мемлекеттері
Кейбір тарихшылардың пікірінше Индонезия архипелагының аралдарына көшіп қону жүрістері Азия метеригінің оңтүстік бөлігінен біздің заманымыздан бұрынғы XXV ғасырда басталған. Бірінші мемлекеттік құрылымдар біздің заманымыздағы II - V ғасырлар аралығында теңіз жағалау аудандарында пайда болған. Индонезияның теңізшілері мен саудагерлері сол кездегі Шығыста сауда бітістірушілердің басты топтарына кіретін. VII ғасырдың ортасында Шривиджая деген құатты Суматриялық империя пайда болды. VIII ғасырдың бірінші жартысында Ява аралының орталығында шиваист династиясы басқарған Матарам мемлекеті құрылды. XI ғасырдың ортасында Матарам мемлекеті Ява аралындадағы сауда қалаларын өз қол астына біріктірді. XI ғасырдан бастап Ява аралы Индонезияның экономикалық, мәдени және саяси орталығына айналды. Индонезияны Ява аралығының аясында біріктіру процессы барысында Маджапахит мемлекетінің 1328-1364 жж. басшысы болып Гаджа Мади басқарған. XIV ғасырда Индонезияға ислам дінінің енуі күшейе түсті (Үндістан мен Малаккадан). XVI ғасырда Маджапахит империясы бірнеше мұсылман мемлекеттеріне бөлініп кетті. XVII ғасырдың басында Нидерландияның Ост-Инд компаниясы Молук аралдарынан португалдықтарды ығыстырды. Компания Индонезия тауарларын, оның ішінде көбінесе татымды заттардың тасымалдауын қамтамасыз етіп отырды. XVIII ғасырда компанияның құлдырауы басталды
Әдебиеттер:
1. История средних веков. Т,1.М., 1997.
2. История средних веков. Т,1.М., 2000.
3. История средних веков: Европа и Азия. Минск. 2000.
4. История стран Азии и Африки в средние века. М.1968.
5.Т.Тортаев Орта ғасырлар тарихы. Алматы.1999.
6. В.А.Федосик, А.А. Прохоров, И.О. Евтухов. Материалы по истории древнего мира средних веков. Минск. 2004
5-лекция. Вьетнам
1.ХІ-ХVІғғ Дайвьет мемлекеті. Кейінгі Ли әулеті.
2. Вьет мемлекеті Қытай үстемділігіне қарсы күрес
3.Әскери реформалар, аграрлық жүйе. Дайвьеттің сыртқы саясаты.
1. Б.з.б Вьетнам жерінде темір дәуіріне өту кезеңі аяқталды. Вьетнамдықтардың Лаквьеттер деген атпен белгілі арғы тектерінің қалыптасуы туралы мәселе б.з.б 1-мыңжылдықта Янцзы өзенінің төменгі алабын жайлап, кейіннен оңтүстікке ығыса келіп, мұнда индонезиялық түпкі және азиялық бергі тайпалармен араласып, сіңісіп кеткен вьет этникалық тобының тарихымен байланысты болды.
Солтүстік Вьетнам жерінде 3-4ғ феодалдық қатынастар орнады. Осы кезде лаквьеттерден Вьетнам халқы қалыптаса бастады. Ерте феодалдық тәуелсіз Вансуан мемлекеті 6ғ ортасында құрылды. 10ғ басына қарай феодалдық өндірістік қатынастар үстемдік алды. Әлеуметтік-экономикалық дамуы жағынан Вьетнам қоғамы Қиыр Шығыстағы өркендеген елдердің (Қытай, Жапония, Корея ) дәрежесіне жетті. 10ғ басында Вьетнам мемлекетінің Қытайдан тәуелсіздігі қалпына келтірілді. Осы ғасырдың 2-жартысында куандардың (феодалдардың) үстемдігі әлсіреп, ел билеуде вуаның (патшаның) әмірі күшейді, елдің жаңа ресми аты- Дайковьет деп аталды. 11ғ 1-жартысында бір орталыққа бағынатын феодалдық мемлекет қалыптаса бастады. Нығайған Вьетнам мемлекеті (1069ж Дайвьет- Ұлы Вьет атанды) өзінің жерін ұлғайту үшін дамылсыз күресті, 12 ғ. басы – 13ғ. басы ол Камбоджамен ұзақ соғыс жүргізді. 1257-1588ж монғол әскерлерінің үш дүркін шабуылын тойтарып, өзінің тәуелсіздігін қорғап қалды. 2.13ғ аяғында Дайвьет Лаостың Лансанг мемлекетімен соғысты. Ұзақ соғыстардың ауыртпалығы шаруалардың наразылығын туғызды, 14ғ 2-жартысында шаруа көтерілістері болды. 1407ж елге басып кірген Қытай агрессорлары 1427ж қуылды.
15ғ мемлекет жер меншігі белең алып, қалалар тез өсті. Ирригациялық жүйе кеңейді, сыртқы және ішкі сауда дамыды. Армия мен мемлекеттік аппараттың ұйымдастырылуы белгілі бір жүйеге келтірілді. 16ғ басында шаруалар бірнеше рет көтеріліске шықты. 16ғ 2-жартысында Вьетнам шетел миссионерлері мен көпестері (португалдар, испандар, ағылшындар, француздар) келе бастады, жергілікті феодалдардың өзара қырқысуы олардың емін-еркін әрекет жасауына жағдай туғызды. 17ғ басында Дайвьет мемлекеті іс жүзінде екіге: Солтүстігінде- Чиндердің, Оңтүстігінде- Нгуендердің мемлекетіне бөлінді, олардың арасында өзара қырқысқан соғыс ұдайы болып жатты. Өндіргіш күштердің өркендеуі 17ғ ортасынан бастап қауымдық қатынастарды одан әрі ыдырата түсті. 18ғ қолөнершілер, көпестер, тау-кен кәсіпкерлері үлкен роль атқарды. 18ғ аяғына таман шаруалар көтерілісі қайта тұтанды. Шаруа қозғалысының орталығы Нгуендер мемлекетінің солтүстік аудандары болды. Мұнда феодалдық Вьетнам тарихындағы ең ірі шаруалар көтерілісі 1771ж басталды.
3. 19ғ басында Вьетнамда абсолюттік монархия орнады. Ол күшті армияға сүйенді. 1804ж Зя Лонгтың монархиясы Вьетнам атанып, астанасы Хюэ қаласы болды. Тау-кен өнеркәсібі тез дамыды, ішкі рынок қалыптасты, товар-ақша қатынастары өркендеді.
19ғ ортасында Вьетнам дамыған жартылай феодалдық мемлекетке айналды. Бірақ Вьетнам қоғамының дербес дамуын капиталистік елдердің басқыншылық саясаты бұзып кетті. 1858-1862ж Франция Вьетнамға қарсы 1-отарлау соғысын жүргізіп, оңтүстіктегі 3 провинцияны басып алды. 1883-1884ж соғыста ол Солтүстік және Орталық Вьетнамды бағындырды.
Вьетнамда француз отаршыларының жаулап алуы салдарынан елдің тарихи қалыптасқан біртұтас территоиясы: Оңтүстік Вьетнам, Солтүстік Вьетнам және Орталық Вьетнам болып үшке бөлшектенді. Камбоджаны басып алғаннан кейін Франция бұлардың бәрін Үндіқытай Одағына біріктірді. 1893ж оған Лаосты қосты. Отарлық өкімет орындары қол астындағы жерді негізінен француз концессионерлеріне үлестіріп ішінара Вьетнам помещиктеріне берді. Қазба байлықтарына өз монополиясына алды.
Әдебиеттер:
1. История средних веков. Т,1.М., 1997.
2. История средних веков. Т,1.М., 2000.
3. История средних веков: Европа и Азия. Минск. 2000.
4. История стран Азии и Африки в средние века. М.1968.
5.Т.Тортаев Орта ғасырлар тарихы. Алматы.1999.
6. В.А.Федосик, А.А. Прохоров, И.О. Евтухов. Материалы по истории древнего мира средних веков. Минск. 2004
6-лекция. Иран мемлекеті
1. Сасанидтер державасы және оның әлеуметтік құрылымы
2. Құл иеленушілік құрылыстан феодалдық құрылысқа өту
кезеңіндегі Иран.
3. Иранның шаруашылығы.
4. Иранды моңғолдардың жаулауы
І. ІІІ ғасырда қалыптасқан Сасанидтер мемлекеті Парфян державасының орнына келді. Оның ұүрамына Иранның кең аумағы, Месопотамия, Үндістанның батыс аймағы, Хузистан және Шығыстыі таулы аудандары кірді. Елдің әр аймағындағы экономикалық даму әр түрлі болып қалыптасты.
Сасанидтер мемлекетінің халқы көбінесе жер шаруашылығымен айналысты. Таулы өлкені мекендейтін тайпалар көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан белгілі қалалары елдің батыс бөлігінде орналасқан. Сол қалалардың ең белгісі – Ктесифон. Ктесифон Сасанидтер мемлекетінің астанасы болған. Сасанидтік қалалардың көбі қолөнершілердің шығарған өнімдерімен белгілі болған. Олардың дайындаған өнімдері, маталар мен қару-жарақтары өте сапалы, әрі керемет әдемі болған. Ежелгі сауда жолдары Батыстан Орта Азия мен Қытайға Иран территориясы арқылы өткен.
Иранның біршама аудандарында құл иеленушілік құрылыс, құлдық қарым-қатынас дамыған. Көбінесе құлдар туралы деректер «Матиган-и хазардадестан» атты сасанидтік судебникте кездеседі. Құлдарды сол уақытта сатып жіберіп, сатып алуға құқылы болған. Құлдарды орташа бағасы 500 драхм. Көбінесе қылмыс жасаған азаматтарды құлдыққа сатып отырған. Сол уақытта еркіндіктің күрделі жүйесі болған. Құлдар кей жағдайда өздеріне тиесілі заттарға және келісім шарт жасауға құқылы болды. Ендігі жерде құлдарға өздері жасаған өнімдерін пайдалануға құқық берілді.
Құлдар көбінесе жер өңдеу ісінде еңбек етті. Уақыт өте келе құлдардың жерді өңдеу ісіндегі еңбегі, егін шаруашылығында атқарған еңбегі тиімсіз бола бастады. Өйткені егін шаруашылығы жоғары интенсивті еңбекті қажет етті. Билеуші топ өкілдері эксплуатацияның жаңа формаларын іздей бастады.
Деректерде жер иеленудің түрі – дасткрад жиі кездеседі. Құлдар бір жерге орналасқаннан кейін басқа жерге ауыса алмаған және өз мекенінде бөтен болмаған. Дасткард ірі және ұсақ иеліктерге сонымен қатар тәуелсіз шаруаларға тиесілі болған. Белгілі адамдардың жерінде құлдарға біраз еркіндік және өздері дайындаған өнімді пайдалануға рұқсат берілді.
Еңбек өнімінің дамуына байланысты билік басындағылар салық көлемін ұлғайта бастады. ІІІ – Ү ғасырларды Иран аристократтары шаруаларды эксплуатациялау жүйесін күшейту мәселесін қолға алды. Бірақ бұны іске асыру қиынға соқты, өйткені шаруалар, қауым адамдары бұған қарсы болды. Көп уақыт бойы Иран шаруаларын эксплуатациялау салық алу арқылы жүргізді. Ү ғасырдың ІІ жартысында ақсүйектер салықтың ортақ жүйесін енгізді. Сол уақытта салықтың хараг, гезид түрлері пайда болды. Олар жер салықтары болып табылады.
Шаруалар қауымын эксплуатациялау күшейгенімен, иран шаруашылығы әлі де тәуелсіз болып табылды. Ауыл тұрғындары арасыгнда үлкен жанұялы қауым маңызды роль атқарды. Одан да маңыздырақ ауылдық көршілес қауым болды. Ол бірнеше үлкен жанұялардан құрылған. Үлкен жанұя қауымын кед-худа басқарды. Кед-худа билеушісі болып табылады. Сонымен қатар ауыл старостасы өзіне көптеген міндеттерді алды. Мысалы администраторлық және финанстық кызметтер. Сондай ақ олар құлдарға да праволы болды. Кейбір Иран аудандарында жанұялық қауым ҮІІ ғасырдың соңына дейін сақталып қалды.
«Азат» деп тәуелсіз қауым мүшелерін атаған. Кейін келе «Азат» деп өз еркімен еңбек істейтін басты қадамдарды, өзін-өзі қамтамасыз ете алатын, соғысқа қару-жарағымен, атымен аттана алатын адамды айтады. Осы ұғымға Ү ғасырда кед-худа және дикхане түсініктері кірді. Декхан деген термин азат, тәуелсіз жер иесі, шаруа деген мағынаны білдіреді. Декхандар құлдардың көмегімен жерді өңдеген.
Тұрғындардың көп бөлігі қолөнершілерді құрады. Көптеген Иран өнімдері сол кездегі қолөнершілердің іскерлігін көрсетеді. Деректерде қолөнершілердің бірлестіктері болғандығын айтады. Сонымен қатар Сасанидтер мемлекетінде қолөнершілердің жағдайы онша болмаған, олардың жасаған өнімдері төмен саналып, еңбегі бағаланбаған, яғни қолөнершілердің қызметі төмен саналған. Сасанидтер мемлекеті төрт сословиеге бөлінген. Олар: жауынгерлер, духовенство және ченовниктер, шарулар, қолөнершілер, саудагерлер. Төменге сасловиеден жоғарғы сасловиеге көтерілу мүмкін болмаған.
Мемлекеттік құрылысы.ІІІ ғасырдың басында сасанидтердің белгіңлі өкілі Ардашир бүкіл Парс елін және Иранның орта аймақтарын, Хузистанды өзіне қаратып, билігін жүргізді. 226 жылы Ардашир мемлекет басшысына айналды. Ол 241 жылға дейін билік жүргізді.
Мемлекеттің жоғарғы билеуші шаханшах деп аталды. («Царь царей»). Мұрагерлікпен билікке келу қатаң түрде сақталмаған, бірақ билік басына келетін адам Сасанидтер әулетінен шығуы міндетті болды. Шаханшазты сайлау көбінесе белгілі адамдардың ықпалымен өтті. Административтік аппараттың басында вазург – фрамадар тұрды. Орталық өкіметтің міндетіне әскер және елдің әлеуметтік жағдайы кірді.
Провинциялар жергілікті шіркеулер мен князьдар билік жүргізді. ҮІ ғасырға дейін Сасанидтердің әскері тайпалардың біріккен отрядынан тұрды. Негізінен оларда атты әскер негізгі роль атқарды. Әскерді әскери аристократтардың өкілі басқарды.
Мемлекеттік дін – зороастризм.Сасанидтер державасында зороастризм мемлекеттік дін болып саналды. Зороастризм ақсүйектер билігін нығайтуда маңызды орын алды. Зороастризм негізінде Сасанид кезеңінде дуалистік идеялар болды. Көптеген құдайлардың және сыртқы тылсым күштерге сену культі көптеген абыздар арқылы жүргізілді. Культтік орындар храмдар болып табылды. Храмдар үнемі жанып тұратын от болған. Ол оттың жанында әр түрлі әндер мен қасиетті мәтіндерді оқумен өтетін рәсімдер жүргізілген. Зороастристік храмдар мен абыздардың жоғары өкілдерінде құлдар еңбек ететін жерлер болған храмға әкелінген әр-түрлі заттардың арқасында олар мол табысқа ие болды. Сондай-ақ абыздар діни рәсімді өткізуден біршама табысқа қол жеткізген. Кейде абыздар діни ережелер мен рәсімдерді дұрыс атқармаса, оларға айып пұл төлеткен.
Манихей діні.
Манихей дінінің негізгі идеясы зороастризм діні сияқты дуалистік идеяларға толы болды.
Манихей дінінің негізін қалаған Мани шамамен 215 жылы дүниеге келген. Алғашында Сасанидтер манихей дініне қарсылық көрсетпей жүрген, бірақ кейін келе бұл діннің мемлекетке және шіркеуге қарсы уағыздарда таратаныны білгеннен кейін манихей дінін ұстаушыларды аяусыз жазалып қуғындады. Ал Маниді түрмеге қамап, 276 жылы оны өлім жазасына кесті. Бұл діннің ұстанушыларына ендігі жерде жасырынуға тура келді, сондықтан да олар батысқа қарай жылжиды.
Кең көлемде жазылған христиандық аңыз әдебиеттерде манихей дінінің ықпалы өте жоғары болғандығы айтылады.
Манихей діні Орта Азияда согдий қалаларында кең таралады. Осы қалалар арқылы біл дін Шығыс Түркістан мен Қытайға тараған. Иранда манихей діні ештееңге қарамастан сақталып қалды, және де өз ықпалын Иран қоғамына тигізді. ІІІ – Ү ғасырларда Иран билеушілері өз жерінде христиан дінін ұсынушылардың жүруіне қарсы болмады, өйткені олардың Римге қарсы соғысында көмегі тиіп қала деп ойлады.
Сасанидтердің сыртқы саясаты Алғашқы кезде Сасанид мемлекетінің сыртқы саясаты құл иеленушілік құрылыстың дамуымен сипатталды. Құл иеленушілік құрылыстың, шаруашылықтың ең басты шарттарының бірі жаулап алу сғыстары мен құлдарды тұтқындау болып табылды.
Ардашир І парфияндарға тиесілі болған жерлердің бәрін жаулап алды. Ардашир І тұсында Сасанидтер әскерлері Римдік Месопатияға, Сирия мен Кіші Азияға шабуыл жасап тізе бүктіртті.
Сасанидтер әскерлерінің шабуылына Кушан державасы әлсіреді. Хорасан мен Мерв оазисінде Сасанидтер билігі күшейді. Месопатия мен Армения үшін Риммен болған күресте Сасанидтер әскерлерінің күші көбірек болды. Шапур І тұсында Риммен болған соғыс 260 жылы Сасанидтердің жеңісімен аяқталды. Қолға түскен тұтқындар мен Рим императоры Валериан тұтқындалып, құлдыққа сатылған. Олардың қолдарымен Карун өзені бойына үлкен Иран платиналары салынған.
Римді жеңген Сасанидтердің Закавказьедегі ықпалы күшейді. Шапур І Шығыста да көп жетістікке жетті. Шапурдың жазбаларында Сасанидтердің Орта Азия мен Чач (қазіргі Ташкент) деріне дейін жеткен туралы айтылады. Сасанидтердің территориясы Мерв оазисі Герата мен Сакастан таулы аймақтарына жеткен.
283 жылы Месопатамияга жүргізілген сапар сәтсіз аяқталды. Соның\ нәтижесінде Саснидтер Арменияға оз ықпалын жүргізе алмады. Сонымен қатар Орта Азия тайпалары Саснидтерге қарсы шықты.
IV ғасырда Рим мен Сасанид арасындағы жаңа жанжал пайда болды. Жанжалдың басты себебі Армения деріне билік жүргізу. Шапур II (310-379) римдіктердің ең мықты қамалдарын жаулап алды. 363 жылы Юлиан император басқарған риидіктер Сасанидтер державасына кенеттен шабуылжасады. Бірақ бұл сәтсіздікпен аяқталды. 371 жылы римдіктреге қарсы соғыс басталды, бұл 5 жылға созылды. IV ғасырпдың соңында екі мемлекет Армения жері бойынша шешімге келді. Арменяның көп бөлігі, яғни 4/5 бөлігі Саснидтерге, қалғаны Шығыс Рим империясына (Византияға) тиесілі болды.
IV ғасырдың аяғында Иран қоғамында әлеуметтік қозғалыстың күшейуі мен ішкі жағдайдың өзгеруі Саснидтер мемлекетінің сыртқы саясатына әсер етті.
V ғасырдың аяғындағы ішкі жағдай. Халықтарды эксплуатациялау күшейгендітен, яғни соның нәтижесінде қауым шаруашылығына зиян келді. Кейбір деректерде Бахрама Yгора (421-438) билігі кезінде халықта, не мал, не егін егетін тұқым болмаған. Шығынға ұшыраған қауымадар, шаруалар жерлерін тастап кетіп қалған. Күндерін көру үшін қолөнермен немесе басқа да істермен шұғылданған, тіпті үйсіз-күйсіз жандарға айналып кеткен кездері де болған. Эксплуотаторлар қарапайым халықты, шаруаларды жерлерін тастап кетті, жалқаулар деп оларға кінә тақты.
Шаруашалақтың құлдырауы елдің эканомикасына кері әсерін тигізді. Кейбір дерекетрде былай айтылады: «Пероза (459-484) билігі тұсында өзендер мен арықтар тартылып қалды., малдардың барлығы аштықтан қырылып, адамдардың өздері ашаршылықты бастарынан кешті». Қауымды кенеттен эксплуататциялаудың салдарынан ауыл шаруашылығының дамуы тоқтады.
Ақсүйектердің күш көрсетуінен және қауымды эксплуататциялаудың жоғарлауынан қауым мүшелері ғана емес «Азаттар» қиыншылық көрді. Азаттар мен қауым мүшелеріне мемлекеттік қызметті және әскери қызмет атқаруға рұқсат етілмеді. Сондықтан V ғасырда азаттар мен декхкандар құл иеленуші таптарға қарсы шықты. Декхкандар мен азаттар белгілі бір әлеуметтік топты құрды. Ақсүйектерге қарсы соғыста шаханшах осы әлеуметтік топқа сүйенді. Осы ақсүйектердің саяси ықпалын жоюға, әлсіретуге тырысқан Ездигирде І (399-420ж) болып табылды. Ездигирде І көптеген ақсүйектерді репрессияға ұшыратқан. Бірақ оның ұлы Бахрам V
таққа отырғанда ақсүйектердің ықпалында болып, өз әкесінің ісін теріске шығарды.
Сасанидтер державасының элсіреуін пайдаланған Орта Азия жэне Кавказдың көшпелі тайпалары оларға шабуыл жасады. Біраз уақыт Сасанидтер көшпелі тайпалардың шабуылына төтеп бере алды. Бірақ Пероз шаханшах түхында жеңіліске үшырады. Алғашында Пероз эфталиттерге біріншісінде үлкен контрибиция төлеп, оларға өзінің үлын Каваданы кепілдік ретінде қалдырды. Екінші рет жеңілісінде Пероздың эскерлері түгелдей кырылып, шаханшахтың өзі де мерт болды. Осы согыстың нэтижесінде эфталиттер Сасанидтер патшалығының Шығыс бөлігін өзіне каратып алды.
Ашаршылык пен эскери жеңілісті басынан кешірген елде халык көтерілістер басталды. Ү ғасырда басталган ең кауіпті шаруалар қозгалысының бірі, сол кездегі Батыс Азиядағы тарихи окиғаның бірі Маздакит козғалысы болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |