ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің


Өзін өзі бақылаудың сұрақтары



бет3/7
Дата01.07.2016
өлшемі0.66 Mb.
#170302
1   2   3   4   5   6   7

Өзін өзі бақылаудың сұрақтары

1. Есептер.

2.Халықаралық несиелік аудармалар.
Ұсынылатын әдебиет

1. Комаров А.С. Правовые вопросы товарообменных сделок.М.,1994.

2. Лукашук И.И. Стороны в международных договорах. - М., 1996.

3. Розенберг М.Г. Заключение договоров международной купли-продажи товаров. М., 1991.

4. Садиков О.Н., Краснова Н.Л. Исковая давность в МЧП/ Российский ежегодник международного права.1992.

5. Шатров В.П. Международное экономическое право. - М., 1990.

6. Шмитхофф К. Экспорт: право и практика международной торговли.М.,1993

6.Гражданское право: Общая часть / Под ред. Диденко А.Г. – А., 2003


Тақырып 6 Халықаралық саудадағы аккредитив

1 Халықаралық саудадағы банктік кепілдік ұғымы, белгілері.

2 Халықаралық саудадағы банктік кепілдік түрлері.


  1. Халықаралық заңнамаға сәйкес банктік кепілдік дегеніміз - банктің үшінші тұлға жағынан міндеттемесін толық немесе тиісінше орындамаған кездегі бенефициарға берілетін кепілдігі және міндеттемеде көрсетілген ақша сомасын төлеуге байланысты банк міндеттемесі.

Банктік кепілдіктің субъектілері:

  • принципал – осы тұлғаның ұсынысы (өтініші) бойынша банктік кепілдік беріледі;

  • банк- кепілдік- кепілдік беретін банкі;

  • бенефициар - банк кепілдігінде көрсетілетін тұлға және оның талабы бойынша және оның пайдасына банк-кепілдік төлем жасайды.

1978 жылы Халықаралық сауда палатасы Шарттық (гарантиялар) кепілдіктер үшін Унификациялық ережелер қабылдаған, оның жаңа басылымы 1990 жылы қабылданған. 1991 жылы Бірінші талап бойынша кепілдіктер бойынша Унификацияланған ережелер көбінесе кепілдікті міндеттемелер кепілдігі, облигациялар және басқа да міндеттемелерге қолданылады.

1995 жылы Резервті аккредетивтер және тәуелсіз кепілдіктер туралы Конвенция жобасы қабылданып, 1995 жылы мамырда Вена қаласында қабылданды.



Банктік кепілдік негізі – төлем жасау міндеттемесі. Кепіл (гарант) бенефициардың бірінші талабы бойынша немесе қажетті құжаттар берілгеннен кейін, не кепілдіктің басқа шарттарына сәйкес төлем жасауға міндетті. Кепіл бенефициарға төлем жасаса оны принципалдан талап етіп алуға құқылы. Банк тек қана принципал өз міндеттемелерін орындамағанда ғана төлемдер жасайды. Сондықтан, банктік кепілдік мағынасы ретінде оның борышқор (принципал) міндеттемелерін өз мойнына алуда емес, ол орындамаған немесе тиісінше орындамаған кезде ғана кепіл ретінде төлем жасауы табылады. Кепіл тек қана шарттағы жағдайларға сәйкес қана жауапты болады. Бенифициардың кепілдікке байланысты құқықтары шартта көзделмесе, онда олар басқа тұлғаға ауыстырылмайды.

  1. Халықаралық заңнамаға сәйкес банктік кепілдіктер онң пәніне байланысты келесі түрлерге бөлінеді:

  • Тендерлік (конкурстық) кепілдік - офертадағы соманың 2-5% көлемінде болады, ол тендер өткізетін ұйымның шығындарын, оның қатысушысы одан бас тартса, өтеу үшін керек.

  • Орындау кепілдігі- - жиынтықтылықты таурларды жеткізу кезінде қолданылады және импортер мүдделерін қорғау жағдайларында 10% көлемінде барлық шарт сомасынан беріледі.

  • Төлемді қайтару кепілдігі - кешенді тауар жеткізу кезінде қолданылады және ұзақ мерзімді жұмыстар мен қызметтерде болады.

  • Төлем кепілдігі - банк вексельдік сенімге кепілдік береді немесе құжаттық аккредетивтің ашылуына кепіл болады.

  • Кедендік кепілдік - кепілдік төлемдердерді қамтамасыз ету үшін қолданады және тауарларды кепілдік режимде кіргізу немесе транзитпен өту кезінде тауарды басқа мемлекет территориясына жеткізу кезінде пайдаланады.

  • Сот кепілдігі - сотта тараптарды немесе процесті қамтамасыз ету үшін қолданады.

  • Талапты қамтамасыз ету кепілдігі - тауарларды тәркілеген кезде қолданылады.

  • Коносамент кепілдігі – жүк тасымалдаушының міндеттемелерін, тауарларды коносаментсіз беру кезінде орындауын қамтамасыз етеді.

  • Қарсыкепілдік - бенефициардың кепілдік банкісі ондай кепілдікті бермейді, контрагент мемлекетіндегі жаңа банк контрагентке береді.

  • Талап бойынша кепілдік - бенефициардың бірінші жазбаша талабы бойынша (гарант) төлем жасауға тиіс.

  • Шартты кепілдік - бенефициар куәландыратын құжаттар көрсеткен кезде ғана кепіл (гарант) кепіл төлемдер жасайды.

  • Консорциумды кепілдік – консорциум қатысушылары осы топтық міндеттемелерін қамтамасыз етеді, ол үшін консорциумның бас кепілі қажетті топтан банктік кепілдіктер алады.

Халықаралық заңнамаға сәйкес кепілдік шарттары көбінесе арнайы формуляларға байланысты жасалады, оның нысаны - кепілділік хат түрінде болады. Осы шартқа байланысты банк белгілі бір оқиға болған жағдайда өзіне басқа тұлғаның (бенефициардың) пайдасына ақшалай төлем жасайды. Егер мән-жәй шынында болмаған болса, онда бенефициар заңсыз алған сомаларды банкіге қайтарып беруге тиіс.

Кепілдік-банк кепілдікке байланысты сыйлықақыларды алуға құқылы.

Банктік негіздік ол орындалғаннан кейін тоқтатылады және құжат кепілге қайтарылып берілуі тиіс.

Тақырып 7. Халықаралық саудадағы инкассо


  1. Халықаралық саудадағы инкассо

  2. Халықаралық саудадағы инкассоның маңызы

Банктердiң қолма-қолсыз есеп айырысу операцияларың түрлеріне : инкассо, аудару және акредитив болып табылады.

а) Инкассалық есеп айырысу.

Инкассо - әр түрлi құжаттарды пайдаланып, клиенттердің тапсырысы бойынша және олардың шотына банк­тердiң ақша түcipy операциясы. Инкассоға чектер, вексельдер, бағалы қағаздар және т.б. құжаттар қабылданады.

1996 жылдан Халықаралық сауда палатасы шығарған инкассо бойынша Үйлестірілген бiріңғай Ерже қолданылады. Онда инкассоның мәні және түрлері анықталған; вексельдерді, чектерді, инкассолық тапсырыстарды инкассалау тәртібі; шарт бойынша халықаралық төлемде инкассо түріндегі есеп айырысу тәртібі қарастырылған.

Инкассалық операцияның екі түрі бар .

Жай инкассо – клиенттің банк арқылы коммерциялық құжатсыз қойған төлем талабы негізінде банктің үшінші жақтан ақша алуға міндеттенген операциясы. Жай инкассо тауарсыз есеп айырысуды қолданылады.

Құжатты инкассо – үшінші жаққа клиенттен алған құжатты (негізінен тауарды реттеуші ) көрсету және оны тек төлемді қолма-қол алғанда немесе акцепт алғанда ғана беру нәтижесінде банктің жүргізетін операциясы.

Аудару операцияларында клиент банкіне өз шотынан белгілі бір соманы көрсетілген жаққа аудару жөнінде тапсырма береді. Бұндай операцияны жүргізгені үшін банк коммиссиялық ақы алады.

в) Аккредитивтік есеп айырысу.

Аккредитив (латын сөзi- "ceнeмiн") - бiр банктiң екiншi банкке аккредитивте көрсетiлген шарттарды орын­дағанда белгiлi бiр соманы жеке немесе занды тұлғаға төлеу жөнiнде берген жазбаша тапсырмасы.

Аккредитивтердің келесі түрлері бар:


  1. орны толтырылған аккредитивтер банк эмитент төлеушінің өз құралдарын немесе оған берілетін несиені банк жеткізушіге аударады;

  2. орны толтырылмаған аккредитивтер- екі банк бір-біріне корреспонденттік шот ашқан кезде қолданылады. Осы кезде аккредитив атқарушы банкте осы банкке банк эмитенттің шотынан аккредитив сомасын есептеген шығару құқығын беру жолымен ашылады.

  3. кері шақырып алу аккретитив-банк эмитентінің шақырып алуға құқығы бар аккредитиві;

  4. жауапсыз аккредитив-келісімнің барлық шарттарын орындағанмен банк­-әлимент қайтарып алу құқұғына не бола алмайтын аккредитив.

Есептеу қарым қатынастарында құжатталған аккредитив деген түсінігі де бар.

Құжатталған аккредитив – сатып алушының нұсқауы бойынша банк құжаттар көрсетілген бойда сатушыға белгілі бір соманы төлеуге міндеттелетін коммерцилық аккредиттің пішімі.

Осындай есептеу пішімдерінің артықшылығы құралдарды алушы (тауар беруші) өз ақшасын тауар жіберілген күні де алатынынасенім білдіреді.

Аккредитивтiң негiзгi түрлерi: ақшалы және құжатты. Ақшалы аккредитив - атаулы ақшалы құжат. Онда бел­гiленген мерзiм iшiнде аккредитивте көрсетiлген соманы түгел немесе бөлiп-бөлiп оны иемденушiге төлеу жөнiнде корреспондент банкке берген тапсырма жазылған. Құжатты аккредитив – көлемі, ол бойынша эмитент-банк клиенттiң нұсқауымен және оның өтiнiшi бойынша үшiншi жаққа төлемдi жүргiзу немесе оның үкімі бойынша төлеуi немесе ол берген аударым вексельдi акцептеуi, құжаттарды есептеуi немесе сатып алуы керек. Эмитент-банк көрсетiлген опера­циялардың кез-келгенiн жүргiзу өкiлдiгiн басқа банкке (орындайтын) беруiне болады.

Электронды техниканық жетiстiктерiнің, банк операцияларын автоматтандыруды дамыту мен жетілдірудің нәтижесiнде ХХ ғасырдың 70-жылдарының екiншi жартысында электрондық төлем жүйесiн колдануға мүмкiндiк туды. Электронды төлем жүйесi - ол қағазсыз тасымалдаушы, электронды сигнал жiберу арқылы ақша сомасын аудару, банктiк шоттардың жағдайын бақылау, несиелiк және есеп айырысу операцияларын жүргiзу үшiн қолданылады.

Банк клиенттерiне қызмет көpceтeтiн электрондық төлем жүйесiне:



  • автоматтандырылған есеп айырысу палатасы;

  • банктiк автоматтар;

  • сауда ұйымдарындағы терминалдар;

  • үйде банктiк қызмет көрсетулер жатады.

Автоматтандырылған есеnтесу палатасы (АЕП) қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды автоматтандырылған тәртiппен жүргiзедi және төлемдер жөнiнде барлық хабарлар электронды есептегiш машиналаpға енгiзу үшiн, магниттiк лентаға немесе терминалдық құрылғыға түcipeтiн формада болады. Алғашқыда АЕП 1972 ж. AҚШ-тa жұмыс iстей бас­таса, қазiргi кезде оны Жапония, Ұлыбритания және Баты­стың өнеркәсiбi дамыған мемлекеттерi қолдануда.

Банктiк автоматтар (БА) - ол клиентке банк қызметкерлерiнсiз банктiк электронды есептегiш машиналарға қосылып өз бетiмен операциялар жүргiзуге мүмкіндiк беретiн құрылғы. Алғашқыда БА банк ғимаратында орналастырылып, тек қолма-қол ақша беруге қолданылды.

Біртiндеп БА қолдану масштабы өзгерiп, ол жүргiзетiн операциялардың шеңберi кеңiдi. Қазiр олар халыққа үнeмi және көп қызмет көpceтeтiн жерлерде қонақ үйлерде, вокзалдарда, аэропорттарда және т.б. орнатылуда. Әмбебап (көп қызмет түрлерiн aтқаpaтын) БА қолма-қол ақша берумен қатар, ақшаны бiр шоттан басқасына аудару, мерзiмдiк төлемдерді aтқару, лимит шегiнде борыш беру, хабар анықтама беру, шетел валютасын ұлттық валютаға айырбастау және т.с.с. көптеген операциялар жүргiзедi. БА-тың тeтiгi ­- пластикалық дебеттiк карточка. Ол - банктiк шот иесiнiң мағлұматтары (реквизиты) және жүргiзетiн операциялар түpi жазылған арнаулы магниттi жолақ (полоса).

Терминалдар - сауда орындарында, ресторандарда және т.б. сауда ұйымдарындағы есеп айыратын қызметкерлер банк жүйеciнe төлем операциялары туралы хабар беруге және оны ол жүйеге қосуға, сонымен қaтap сатып алушының төлем қаблеттілігі туралы хабарды кepi алуға мүмкiндiк беретiн құрылғы. Терминалдарды енгiзудiң мақсаты - қолма-қол ақша айналысын қысқарту.

Үйде банктiк қызмет көрсету - ол электронды есептегіш техниканы пайдалану негiзiнде халыққа банктiк қызмет көрсету, яғни телефон аппараттары мен жеке компьютердің қазiргi үлгiсiн пайдаланумен жүзеге асады. Оның ең жай түрі - телефонмен тiкелей байланысу арқылы – жеке клиенттерге шот ашуға, несие алуға, есеп айырысуға мүмкіндік бередi. Ал жеке компютердi немесе монитордың (телидидардың) экранын пайдаланып, клиент банктiк компютерге қосылып, кең коммерциялық хабар алуға; өзiнiң ағымдағы шотын, салымын басқаруға; ағымдағы күнге шотына түскен және одан төленген соманы бiлуге; банк жұмысы туралы ереже және нұсқаулармен тaнысуға; бағалы қағаздармен операция жүргiзуге, салық төлеуге және с.с. операцияларды жүргiзуге мүмкiндiгi бар.

«Қазақстан Республикасы аумағында төлем құжаттарын пайдалану және қолма-қолсыз төлемдер мен ақшалай аударымдарды жүзеге асыру ережесі» туралы ҚР Ұлттық банк Басқармасының 2000 жылғы 25 сәуірде бекіткен № 179 қаулысына сәйкес, заңды тұлғалар арасындағы 4000 айлық есеп көрсеткішінен асатын, яғни 3488000 = (4000 X 872) теңге сомасынан жоғары мөлшерде есеп айырысулар тек қана қолма-қолсыз тәртіпте жүзеге асырылуға тиіс. Осы ережеге сәйкес қолма-қолсыз есеп айырысуларда қолданылатын төлем құжаттарының түрлеріне мыналар жатады:

- төлем тапсырмасы;

- төлем талабы-тапсырмасы;

- инкассалық үкім;

- чекпен есеп айырысу;

- вексельмен есеп айырысу.

Аталған төлем құжаттарының мынадай өзіне тән көрсеткіштері болуға тиіс:

1) төлем құжатының атауы;

2) төлем құжатының номері, толтырылған күні, айы, жылы;

3)ақшаны аударушының (төлеушінің) толық аты-жөні және жеке идентификациондық коды;

4)ақшаны аударушы банктің толық аты-жөні және банктік идентификациондық коды;

5)бенефициардың (ақшаны алушының) толың аты-жөні және жеке идентификациондық коды;

6)бенефициар банктің толық аты-жөні және банктік идентификациондық коды;

7) төлемнің тағайындалу коды;

8) санмен және жазбаша түрде берілген төлем сомасы;

9) төлемді немесе ақшалай аударымды жасайтын тұлғаның қолдары мен мөрлері (егер құжат қағаз түрінде толтырылған болса);

10) бенефициардың және ақшаны аударушының салықты төлеуші ретіндегі тіркеу номері (СТН).

Төлем құжаттары қағаз және электрондық жолмен толтырылуы мүмкін. Төлем құжаттарының дұрыс толтырылуына үлкен мән беріледі. Әсіресе, ондағы төлемнің тағайындалу коды 1999 жылғы 15 қарашадағы «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік классификаторы - төлемдердің тағайындалуының бірдей классификаторын пайдалану ережесі туралы» ҚР Ұлттық банктің Басқармасы бекіткен № 388 қаулысына сәйкес болуға тиіс.

Төлемдердің тағайындалуының бірдей классификаторы Қазақстан Республикасындағы ақша-несие және валюта саясаты, сыртқы қарыз, төлем балансының параметрлерін, банк жүйесінің жағдайын шұғыл түрде талдау, жоспарлау және бақылау, сондай-ақ ақша ағымын талдауға мүмкіндік беретін көрсеткіштер жүйесін қалыптастыруға арналған.

Резиденттік белгісі ҚР-ның валюталық заңдылықтарына сәйкес анықталады және былай белгіленеді:

«1» - резидент;

«2» - бейрезидент.

Экономиканың секторының коды мынадай:

0 - Халықаралық, ұйымдар;

1 - Орталық Үкімет;

2 - Аймақтық және жергілікті басқару органдары;

3 - Орталық (ұлттың) банктер;

4 - Басқа депозиттік ұйымдар;

5 - Басқа қаржылық ұйымдар;

6 - Мемлекеттік қаржылық емес ұйымдар;

7 - Мемлекеттік емес қаржылық емес ұйымдар;

8 - Үй шаруашылығына қызмет көрсететін, коммерциялық емес ұйымдар;

9 - Үй шаруашылықтары.

Төлемнің тағайындалу коды операцияның түрін анықтайтын 10 санаттан тұрады:

0 - Зейнет ақы және жәрдем ақы;

1 - Қолма-қол ақшамен операциялар (спецификалық аударымдар);

2 - Шетел валютасы және бағалы металдармен операциялар;

3 - Депозиттер;

4 - Займдар;

5 - Қазақстан Республикасының бейрезиденттерінің шығарған бағалы қағаздары, вексельдер және депозиттік сертификаттары және шетел капиталына инвестициялар;

6 - Қазақстан Республикасының резиденттерінің шығарған бағалы қағаздары және вексельдері, Қазақстан капиталына инвестициялар;

7 - Тауарлар мен материалдық емес активтер;

8 - Көрсетілетін қызметтер;

9 - Бюджетке төлемдер мен бюджеттен төлемдер.

Төлемдердің тағайындалуының бірдей классификаторы толтырылатын-дарға мынадай төлем құжаттары жатады:

- төлем тапсырмасы;

- төлем талабы-тапсырмасы;

- салық (кеден) органдарының инкассалық үкімі;

- аударуға берген өтініш;

Төлем тапсырмасымен есеп айырысу. Бұл қазіргі кезде кеңінен қолданылатын есеп айырысу формасы.

Төлем тапсырмасы - ақшаны аударушының (төлеушінің) аталған тапсырмада көрсетілген ақша сомасын бенефициарға аудару туралы қызмет көрсетуші банкке берген тапсырмасы.

Төлем тапсырмасымен есеп айырысу кең көлемді төлемдерді жүзеге асыру үшін қолданылады: алынған тауарлары мен көрсеткен қызметтері үшің тауарлы емес операциялар (зейнетақы және сақтандыру қорына төлемдер, салықтық төлемдер, банкке комиссиондық және т.б. төлемдер) бойынша, жабдықтаушылар мен мердігерлерге тауары және көрсетілген қызметтері үшін алдын ала төлеуге, аванстық төлемдер бойынша.

Төлем тапсырмасы оны толтырған күннен бастап (оны толтырған күн есепке алынбайды) он күнге жарайды және төлеушінің шотында қаражат болған жағдайда ғана іске асырылады.

Екі жақтың келісуі бойынша төлем тапсырмасы мерзімді, мерзімінен бүрын және кешіктірілген болуы мүмкін. Мерзімді төлем - бұл тауарды жөнелткенге дейін; тауарды жөнелткеннен кейің яғни тікелей келісім беру жолымен; немесе ірі мәмілелер барысында бөліп төлеу арқылы жүргізіледі. Мерзімінен бұрын және кешіктіріп төлеу бұл жақтың қаржылық жағдайына зиян келмеуі үшін жасалған келісім негізінде төленуі мүмкін.

Төлеуге кепіл болуы мақсатында төлеуші мәміленің шартында төлем тапсырмасына акцепт беруі мүмкін. Бұл жағдайда банк тапсырмадағы соманы төлеу үшін тиісті қаражатты жеке бір шотқа аударып қояды. Төлем тапсырмасы арқылы есеп айырысудың кемшілігіне қаражат айналымының біршама қиындығы мен ұзақтығы және клиенттің шаруашылық айналымынан белгілі бір қаражат бөлігінің шығып қалуы жатады.

Төлем тапсырмасымен есеп айырысудың артықшылығы, оның әмбебап есеп айырысу формасы ретінде ішкі банкаралық есеп айырысуларда және мемлекетаралық жабдықтауларға байланысты, тауарлы және тауарлы емес операциялар бойынша, сатып алған тауарын төлеу және алдын ала төлеу, аванс арқылы төлеуде қолданылумен сипатталады.

Төлем талап-тапсырмасы. Бұл қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысудың жаңа формасы, біздің тәжірибеге 1990 жылы енгізілген болатын. Мұнда төлем талабы және төлем тапсырмасының элементтері қатар қамтылған.

Төлем талап-тапсырмасы - бенефициардың төлеушіге оған қызмет көрсетуші банкке бағытталған жөнелтілген өнім, атқарылған жұмыстар және көрсетілген қызмет құнын жіберілген есеп айырысу құжаттары негізінде төлеу талабы.

Төлем талаптапсырмасын бенефициар толтырады да, оны коммерциялық құжаттармен бірге бірден аударушының банкіне жібереді. Аударушының банкі төлем талап-тапсырмасын төлеушіге береді. Ал аударушы банкке келіп түскеннен бастап, үш күн ішінде төлем туралы банкке келісімін беруге тиіс. Төлем талап-тапсырмасы банктегі аударушының шотында ақша болған жағдайда ғана қабылданады. Төленбеген төлем талап-тапсырмасы 1 күннен 30 күн аралығында № 1 картотекаға орналастырылуы мүмкін.

Төлем талап-тапсырмасы бойынша төлеуден бас тартатын болса, оны осы үш күн ішінде банкке хабарлайды. Сөйтіп төлем талап-тапсырмасы жөнелту құжаттарымен және төлеуден бас тартуын хабарлайтын құжатпен бірге тікелей бенефициарға қайтарылады.

Төлем талап-тапсырмасымен есеп айырысудың мынадай артықшылықтары бар: келісімшарт тәртібінің нығаюына мүмкіндік береді және құжат айналымын жылдамдатады.

Инкассалық өкім - заң актілерінде көзделген жағдайда ақшаны жөнелтушінің келісімінсіз, оның банктік шотынан ақшаны алу үшін пайдаланылатын төлем құжаты.

Инкассалық өкім салық және кеден органдарына төленбеген төлемдерді, сондай-ақ соттың шешімі бойынша басқа да төлемдерді талап ету жағдайында қолданылады. Мұндағы салық және кеден органдарының инкассалық өкімінен басқасы міндетті түрде соттың шешімдері, бұйрығы, қарары және қаулысы бойынша берілетін орындау парағымен бірге жүреді.

Инкассалық өкімде төлемнің тағайындалуы ақшаны аударушының банктік шотынан, оның келісімінсіз ақшаны алуға құқық беретін заңдық актіге сілтеме көрсетіледі.

Салық және кеден органдарынан келіп түскен инкассалық өкім сомасы аударушының шотындағы қаражат көлемінде төленуі мүмкін, яғни қаражат көлемі толық жетпеген жағдайда, сол құжаттың келесі бетіне «жартылай төленді» деген белгі қойылуға тиіс. Қалған сома қаражаттың шотқа, түсуіне қарай төленеді. Тек қана соттың шешімімен келетін инкассалық өкімдер шотта қаражат сомасы жеткілікті болған жағдайда төленеді, керісінше жағдайда ол шоттағы қаражат қозғалысына тыйым салынады. Мұндай төлем құжаттары басқа құжаттарға қарағанда кезектен тыс төленуге тиіс.

Чекпен есеп айырысу. Чекті есеп айырысу барысында төлем құралы ретінде заңды және жеке тұлғалар пайдалана алады. Чек арқылы есеп айырысудың қолайлылығы мынада:

- егер де төлеуші тауарды алғанға дейін төлегісі келмей, ал жабдықтаушы төлеуге кепіл бергенше тауарын жібергісі келмеген жағдайда;

- сатушы белгісіз болған жағдайда.

Еліміздегі чекті пайдалану барысы 1998 жылғы 5 желтоқсандағы ҚР Ұлттың банкі Басқармасы бекіткен № 266 қаулыға сәйкес жүзеге асады.

Аталған ережеге сәйкес чектер мынадай түрлерге бөлінеді:

- Кепілденген чек - чек берушінің банкіндегі шотындағы қаражаттың көлеміне байланыссыз чекте көрсетілген соманы төлеуге қызмет көрсетуші банктің беретін кепілін көрсететін чек.

- Кепілдендірілмеген чек - чек беруші банктің кепілдігі көрсетілмеген чек;

- Қамтамасыз етілген чек - банкке алдын ала салған депозитпен қамтамасыз етілген чек;

- Қамтамасыз етілмеген чек - депозитпен қамтамасыз етілмеген чек.

Ережеге сәйкес, чек - бұл чек берушінің чекті қабылдаушы банкке, өзара жасалған келісімшарт негізінде чекте көрсетілген соманы чекті ұстаушыға төлеу туралы бұйрығы.

- Чектің өзіне тән мынадай көрсеткіштері болады:

1) «Чек» деген атауы;

2) Чек номері мен сериясы;

3) Чектің қызмет ету мерзімі;

4) Чек берушінің аты-жөні;

5) Чек берушінің СТН;

6) Санмен және жазбаша түрде көрсетілген сомасы, күні, айы, жылы, чек берген жері және чек берушінің қолы мен мөрі;

7) Чек ұстаушының аты-жөні;

8) Чек ұстаушының СТН;

9) Чекті төлеуге міндетті чек беруші банктің атауы;

10) Чек беруші банктің жеке банктік коды;

11) «Бұйрық бойынша төлеңіз» кестесі;

12) «Төлемнің тағайындалу» кестесі;

13) Чекті төлем ретінде қабылдағаны туралы чек ұстаушының белгі соғатын орны.

Чектер қолма-қолсыз төлемдерді жүзеге асыру және қолма-қол ақша алу үшін пайдаланылады. ҚР-да чекпен есеп айырысу тек қана ұлттық валютамен жүзеге асады. Банктен қолма-қол ақшалар алуға арналған чектің түріне ақшалай чек жатады. Мұндай чектің түрін Ұлттың банктің бекітілген формасында 2003 жылдың 1 қаңтарына дейін екінші деңгейдегі банктер өздерінің клиенттеріне беріп келсе, бүгінгі күні кез келген коммерциялық банк өзінің формасында чекті шығарып отыр. Чекті пайдалану банктен алатын чектік кітапша негізінде іске асады. Чек алу үшін шот иесі банкке чектік кітапша алуға өтінішін жасайды.

Аккредитивтік есеп айырысу формасы. Аккредитивпен есеп айырысу жиі қолданылмайды, бірақ та ол нарық жағдайында біршама тұрақты есеп айырысу формасы.

Аккредитив - бұл сатып алушының тапсырмасы бойынша сатып алушының (аккредитив ашушының) банкісінің жабдықтаушының банкісіне аккредитивте көрсетілген құжаттарды жабдықтаушы бергеннен соң және аккредитивтік басқа да шарттарын орындаған жағдайда төлемді төлеуге берген шартты ақшалай міндеттемесі.

Егер де аккредитивті ашатын банк, клиенттің тапсырмасы бойынша қаражатты жабдықтаушының банкіне аударып қойса, онда аккредитивте көрсетілген барлық шарттардың орындалуы барысында төлемді жүзеге асыру үшін жабдықтаушының банкінде «Аккредитив» жеке баланстың шоты ашылады.

Аккредитивтің мынадай түрлері болады:

- өтелген және өтелмеген;

- қайтарылатын және қайтарылмайтын.

Өтелген (қаражат аударылған) - бұл эмитент банктің міндеттемесінің іс-әрекетінің барлың мерзімі ішінде төлеушінің меншікті қаражаты немесе несиеге клиентіне берген қаражаты есебінен аударылған жабдықтаушының банкісінде ашқан аккредитиві (7-суретте берілген).

Өтелмеген (кепілденген) - бұл банктердің өзара корреспонденттік қатынастар орнатуы негізінде жабдықтаушының банкіне сатып алушының банкісінің шотынан қаражатты шегеруге құқық беру арқылы ашқан аккредитивін сипаттайды.

Әрбір аккредитив қайтарылатын немесе қайтарылмайтын болуға тиіс. Ондай анықтауыш белгі болмаған жағдайда, ол аккредитив қайтарылатын болып табылады.

Қайтарылатын аккредитив жабдықтаушының келісімінсіз эмитент банктің әмірімен өзгертілуі немесе күшін жойы мүмкін. Бұл аккредитив сатып алушының мүддесін көздейді.

Қайтарылмайтын аккредитив жабдықтаушының келісімінсіз өзгере немесе күшін жоя алмайды. Себебі, мұндай аккредитив жабдықтаушының пайдасына ашылған болып табылады.

Аккредитив формасын пайдалану арқылы есеп айырысуда қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысудың барлық негізгі ережелері сақталады: өнім жөнелтілгеннен кейін барып төлем жүргізіледі; төлем төлеушінің келісімімен жүзеге асырылады, яғни оған аккредитивтің ашылуы дәлел болады; келісімшарттағы жағдайлардың бұзылуына байланысты төлеушіге төлемнен бас тартуға құқық беріледі; аккредитив төлеушінің қаражаты есебінен немесе банктің несиесі есебінен ашылады, егер де төлеушінің аккредитив ашуға құқығы болса. Аккредитивтің басты артықшылығы, оның төлеуге кепіл болуымен сипатталады. Сонымен қатар, бұл есеп айырысу формасында бірқатар кемшіліктер де бар: сатып алушының қаражаты аккредитивтің қызмет ету мерзімінің ішінде оның шаруашылық айналымынан шығарылып қалады; тауар айналымы бәсеңдейді, яғни жабдықтаушы аккредитивтің ашылғаны туралы хабар алғанша, өзінің дайын өнімін жөнелте алмайды және оның сақталуы да қосымша шығындарды қажет етеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет