Өзін өзі бақылаудың сұрақтары
1. Халықаралық сауда айналымындағы мердігерлік және халықаралық тасымалдау түсінігі
2. Халықаралық сауда айналымындағы мердігерлік және халықаралық тасымалдау маңызы
Ұсынылатын әдебиет
1. Комаров А.С. Правовые вопросы товарообменных сделок.М.,1994.
2. Лукашук И.И. Стороны в международных договорах. - М., 1996.
3. Розенберг М.Г. Заключение договоров международной купли-продажи товаров. М., 1991.
4. Садиков О.Н., Краснова Н.Л. Исковая давность в МЧП/ Российский ежегодник международного права.1992.
5. Шатров В.П. Международное экономическое право. - М., 1990.
6. Шмитхофф К. Экспорт: право и практика международной торговли.М.,1993
Тақырып 12. Халықаралық лицензиялық және сонымен байланысты шарттар. Франчайзинг
-
Франчайзинг ұғымы
-
Франчайзинг түрлері
-
Қазіргі франчайзингтің даму ерекшеліктері
Өріс алушы нарықта франчайзинг – кәсіпкелерді пайдалы , табысты бизнесті жүргізуде қажетті іс-тәжірибелік стандарттарға үйретудің, оқытудың ең жылдам тәсілі болып саналады. Барлық франчайзингтік мәмлелер обьектілері бойынша үш негізгі түрге бөлінеді:
1. Тауарлық франчайзинг
2. Өндірістік франчайзинг
3. Іскерлік франчайзинг
Франчайзи жетекші компаниядан өз тауарларын сол компанияның тауарлық белгісін қолдана отырып сату құқығын сатып алу арқылы бизнес жүргізу тәсілі тауарлық франчайзинг деп аталады. Франчайзер өзінің өнімін негізінен франчайзиға сатады, ал ол өз ретінде тек қана оның өнімін ғана сатып, осы тауарға ұқсас бәсекелестер өнімін сатпауы керек. Тауарлық франчайзинг барлық жерлерде жағар-май, автомобильдік тауарлар, гигиена құралдарын, сусындаржәне тағы басқа өнімдерді өткізуде қолданылады. Мысалы: «TEXACO», « Chevron», « Procter&Gamble», «Coca-Cola».
Франчайзер франчайзиге тауарларды өзі (франчайзер, бас компания) жеткізетін немесе онымен келісу арқылы жеткізілетін шикізатты, материялдарды технологиялар мен жабдықтарды пайдалана отырып, өзінің тауарлық белгісімен өндіру мен өткізу құқығын сатуды өндірістік франчайзинг дейміз. Франчайзердің франчайзиді құрал-жабдықтар, тауардбелгілерді пайдалану құқығы менрецептурасы және де өндіріс пен өнімді өткізу кезінде жалпы жарнамалық қормен жабдықталуы. Мысалы: «Дока-Пицца», «Довгань» компаниялары.
Іскерлік франчайзинг — жағдайында франчайзер кәсіпорын құрады және оны лицензиялық кешенмен қоса франчайзиге береді. Яғни, танымал фирманың қызмет түрі мен атауын ала отырып шағын кәсіпорынды ұйымдастыру құқығын сату. Яғни, франчайзер тауарлар мен қызмет сауда — саттығын сәйкесінше қамтамасыз ету жолымен (ноу-хоу) тауарлық белгілерді және қызмет көрсету белгілерін қолдану құқығына лицензия береді.Мысалы: «Mac Donald s» рестораны, «Алматы Құс» АҚ, Okan Inter – Continental мейрамханалық желілері жатады.
Әлемдік тәжірбиеде франчайзингтің мынадай типтері қалыптасты:
-
1. Өндіруші мен бөлшек саудагер арасындағы франчайзинг.
Мысалы, «Форд» және оның делдары арасындағы келісімдік қатынастар. «Аdidas» компаниясы Шығыс Еуропада франчайзингтік дүкендер жүйесін ұйымдастырды.
2. Өндіруші мен көтерме саудагер арасындағы франчайзинг. Мысалы, «Coca — cola» және «Pepsi» компаниялары өз концентраттарын , сусындарды өндіріп, бөтелкелерге құятын және бөлшек сауда орындарында сататын зауыттарға сатады.
3. Көтерме және бөлшек саудагерлер арасындағы франчайзинг. Мысалы, ойншықтар сататын «Христиансенс» дүкендері.
4. Дистрбьютор және қызмет көрсету фирмасы арасындағы франчайзинг. Әлемнің көптеген елдерінде қызмет ететін «Mac Donald s» және оның кәсіпорындары франчайзинг жағдайындағы тиімді серіктестікті жүргізудің нақты мысалы бола алады.
Франчайзингтің ерекшеліктері
Франчайзингбизнесиендерге кең мүмкіншіліктер береді. Ешқандайда тәжірбиені иемдебей, кішігірім капиталды игере отырып, ол бастау алған жерден тез арада қарқынды өріс ала алады. Бірақ, бизнесті жүргізудің кез келген түрі сияқты, франчайзингтің де өз артықшылықтары мен кемшіліктері бар. Франчайзингтің тез дамуы мен кең таралу феномені мыналармен анықталады:
1. Франчайзерге, сонымен қатар мыналар бойынша франчайзи үшін де өзара табысты болып саналады.
2. Салық салыну базасының қысқаруы.
Франчайзер үшін артықшылықтар:
— өткізу нарығының жылдам кеңеюі, сату көлемінің ұлғаюы мен бизнестің ауқымдық түрде таралуы;
— шұғыл басқару қажеттілігін босатылуы;
— меншіктік капитал салымдарының төмен деңгейі;
— лицензияны сатудан түскен табыс;
— франчайзи төлемі есебінен қосымша табыстарды иемдену;
— меншіктік сауда желісі арқылы өткізубойынша шығындарды қысқарту;
— жалданбалы жұмысшыларға қарағанда тәуелсіз бизнесмендер сәттілікке күштірек ынталандырылған. Франчайзер үшін кемшіліктер:
— өзінің кәсіпорнына қарағанда франчайзидан алатын пайда деңгейінің төмен болуы;
— франчайзи біреулерінің лайықты дәрежеде репутациясына сай келмеуі, сапаны лайықты бақылаудың болмау есебінен франчайзер өзінің репутациясына кесірін тигізуі мүмкін;
— франчайзи қаржылық есеп беруінің шынайылығын бақылау қиыншылығы;
— франчайзи бизнесі негізін жеткілікті жерде таңдау қиыншылығы
— франчайзиді оқыта, үйрете отырып, франчайзер өзіне болашақта болуы мүмкін бәсекелесті даярлауы ықтимал;
— жүйе ережесіне бағынбайтын франчайзимен қарым-қатынасты доғару мүмкіншілігінің болмауы;
— коммерциялық құпияның сақталу қиыншылықтары;
Франчайзи артықшылықтары:
— шағын бастапқы капиталмен меншіктік істі бастау мүмкіншілігі;
— дайын «қуыс», франчайзи франчайзермен жан-жақты сыналған, дайынбизнесті сатып ала алады;
- материалдар, шикізаттар, құрал-жабдықтар, жабдықтаушылар, өткізу жүйесі, жалпы жұмыс жүргізу әдістері мен тәсілдері турасында мазмұнды ақпаратты иемденетіннақты нұсқаулардың толық жинағын меңгеру;
- бизнес пен менеджментті жүргізу технологиясындағы франчайзер көмегі.
Франчайзиде келесі кемшіліктерді қарастыруға болады:
— қызмет ету бостандығының шектелінуі;
— сервистік төлем;
— қызмет етуде икемділіктің жетіспеушілігі;
— франчайзер компаняға қатысты жағымсыз сипаттамалардың франчайзи-кәсіпорын үшін де тән болуы;
— франшизаны иемденгенде құрылған жоспарлар ойдағыдай іс жүзіне аса бермейді.
Жоғарыда аталған себептерге байланысты қорытынды жасайтын болсам, елімізде франчайзингтің дамып, кең етек алуы келесі жетістіктерге жетелейді:
— инвестицияның ішкі және сыртқы ағымын күшейтеді;
— жаңа технологиялардың, құралдардың, бағалы ноу-хаулардыңпайда болуына септік етеді;
— бар өндірістерді дамытып, және жаңа өндірістерді қалыптастыру, ол сәйкесінше, жаңа жұмыс орындарының пайда болуына әсер етеді;
— шағын және орта кәсіпкерлік аясының кеңеюі мен бекітілуілуіне тұғыр болады;
— жұмыс күшінің біліктілігін жетілдіреді;
— елімізді сапалы тауарлар мен қызметтерге қанықтыруды жылдамдатады;
— қазақстандық өнімді жаңа нарықтарға өткізуге мүмкіндік береді.
Франчайзингтің дамуына, экономикадағы рөліне экономикалық талдау Франчайзингтің дамуына экономикалық талдау
Қазіргі кезде франчайзинг жүйесі арқылы шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту АҚШ-та, Еуропада жоғары дәрежеде дамуда. Халықаралық франчайзинг ассоциациясының деректеріне сүйенсек, қазіргі уақытта франчайзинг АҚШ-та ұдайы даму үстінде. АҚШ-та 1500 франчайзерлік жүйеде 350000 франчайзилік шағын және орташа сауда орындары дамуда. Ондағы франчайзингтік жүйе арқылы жылдық сатудың көлемі 1,5 трлн долларды құрайды. Саудада жұмыс істейтін кәсіпорындардың 40% -тен астамы франчайзингтік жүйемен жұмыс істейді (болжам бойынша, 2010 жылы олардың саны 50%-ке деін жетуі тиіс ). Саудадағы франчайзинг жүйесі АҚШ-тың Жалпы Ішкі Өнімінің 15%-тін береді. Жалпы Ұлттық Өнімнің 60% астамын шағын және орта кәсіпорындары береді, олардың 50% астамы франчайзингтік жүйемен жұмыс істейді. Басқа мемлекеттерде де, франчайзинг айтарлықтай дамыған, мысалға Еуропалық Одақ мемлекеттерінде 4000-нан астам франчайзилік жүйелер бар, ол жерде 1,5 млн-нан астам адам жұмыс атқарады, ал жылдық айналымы 120 млрд. доллардан асады.
Өзін өзі бақылаудың сұрақтары
-
Франчайзинг ұғымы
-
Франчайзинг түрлері
-
Қазіргі франчайзингтің даму ерекшеліктері.
Ұсынылатын әдебиет
1. Комаров А.С. Правовые вопросы товарообменных сделок.М.,1994.
2. Лукашук И.И. Стороны в международных договорах. - М., 1996.
3. Розенберг М.Г. Заключение договоров международной купли-продажи товаров. М., 1991.
4. Садиков О.Н., Краснова Н.Л. Исковая давность в МЧП/ Российский ежегодник международного права.1992.
5. Шатров В.П. Международное экономическое право. - М., 1990.
6. Шмитхофф К. Экспорт: право и практика международной торговли.М.,1993
Тақырып 13. Халықаралық инвестициялар.
1. Халықаралық инвестициялар.
2. Инвестициялық портфель
Инвестициялық портфель деп – шетел компаниясына бақылау орнатуға мүмкіндік бермейтін,акциялар,облигациялар және капитал салымдарының басқадай түрлерін айтамыз. Инвесторлар пайданы тек бағалы қағаздар ережелеріне сәйкес ала алады.
Инвестициялық портфель – ірі корпорация,орталық және жеке меншік банктер шығаратын қарыз облигацияларын, шетел капиталын тарту арқылы қаржыландырудың маңызды көзі. Шетелдік портфельді инвестицияларды жүзеге асыруда делдалдық қызметті ірі инвестициялық банктер жүргізеді.
Инвестициялық портфель қозғалысына жекелеген елдердегі облигацияға төленетін пайыз мөлшерлемесінің нормасындағы айырмашылық қатты әсер етеді.Инвестициялық портфельдің тікелей инвестициялардан негізгі айырмашылығы – портфельді инвестор өзі қаржыландыратын кәсіпорынға бақылау орнатуға ұмтылмайды. Кейбір халықаралық компаниялар жарғыларында оның өзі қаржы салатын кәсіпорында директорлар кеңесіне сайлануына және басқаруына қатысуға тыйым салынған. Бұл басқаруға қатысу жаңа мамандар штаттан қажет етіп, бас компанияның инвестициялық саясатындағы икемділігін азайтар еді. Инвестициялық портфельдің экономикалық мағынасындағы анықтамасында оны «тірі және затталған еңбектің өндіісін қуаттарды жасақтап, оның көмегімен өндіріс үрдісіне тірі еңбек тұтынуына қарағанда қосымша құнды өндіруге бағытталған салымдар үрдісі». М.И.Кулагин инвестиция дегенде ұлттық экономиканың өндіріс,көлік,ауыл шаруашылығы мен басқа салаларға,ұзақ мерзімді,пайда алу мақсатында салынған қаржыларды түсінуді ұсынады. Дж.М.Кейнс пікірінше инвестиция дегеніміз, капиталды мүліктің осы кезеңдегі өндіріс әрекеті нәтижесіндегі құндылықтардың өсімі немесе ұлттық табыстың тұтынылмаған бөлігі. Жобалық талдаудың міндеттеріне инвестициялық жобаның іске асырылуын бағалау, жобаның нәтиелілігін бағалау, жобаның тиімділігін бағалау және жобаны оптимизациялау жатады. Инвестициялық қаржы жағынан анықтамалығы – бұл табыс табу мақсатында шаруашылық қызметіне жұмсалатын активтердің барлық түрлері. Ал экономикалық жағынан экономикалық анықтамалығы – ол құруға,кеңейтуге,қайта құруға,негізгі капиталды техникамен жарақтандыруға, сол сияқты айналмалы капитал осымен байланысты емес өзгерістерге көпшілігінде негізгі капиталға жұмсалатын қозғалысын түсіндіреді. Нарықтық экономикада инвестиция кез келген формада қаржы процесі ретінде табыс табуға немесе қандай да болмасын басқа да нәтижеге жетуге тығыз байланысты. Инвестиция – бұл ресурс, оны жұмсай отырып, болжанған нәтижеге жетуге болады. Сонымен, инвестицияның мәні инвестициялық қызметтің кері жағын өзіне ұштастырады: ресурс шығындары және нәтижелік,яғни инвестициялар өз нәтижелерін бермесе, онда олар пайдасыз болғаны. Инвестициялар қаржы ресурстарын пайдалануды қысқа мерзімді немесе ұзақ мерзімді күрделі қаржылар формасында жүзеге асырылады. Капитал орталықтануының бірден-бір түрі болған акционерлік қоғамның құрылуы болып табылады. Капиталдың шоғырлану мен орталықтануы өндірістің шоғырлануына жағдай жасайды. Өндірістің шоғырлануы дегеніміз ірі кәсіпорында барынша өндіріс құрал-жабдығын, жұмыс күшін және өнімді шығаруды бір қолға жұмылдыруды айтамыз. Практикада қорлану күрделі қаржыны (инвестиция) тартумен жүзеге асады. Күрделі қаржы (инвестиция) – бұл жаңа құрылысқа,жабдықтауға,жұмыс жасап тұрған кәсіпорынды ұлғайтумен техникалық қайта жабдықтауға,тұрғын-үй,мәдени тұрмыстық құрылысқа кеткен шығындар. «Инвестиция» немістің «» деген сөзі және бұл кәсіпорынға пайда табу мақсатында ұзақ мерзімге салынған капитал мөлшерін көрсетеді. Осы тұрғыдан «инвестициялау» күрделі қаржыға қарағанда кең мағына білдіреді. Батыс елдері экономикалық теория мектептері инвестициялау процесін былай түсінген: кез келген қаржыны жұмсаудың мақсаты табыс, пайда немесе пайдалық табу. Бұған акция,облигация,жинақ сертификаттары,сақтық және зейнеткерлік қорға және басқаларға жұмсалған шығындар да жатады. Инвестиция қайнар көзіне өнеркәсіп кәсіпорынның көптеген пайдасы, ірі банктердің еркін ақшалай қоры, тұрғындардың жиналған ақшалары, мемлкеттік ақшалай қаржылары, яғни мемлекеттің табыстары (салық, кеден салығы және т.б.) жатады. Одан барлық шығындарын алып тасталынады. Тұтынуға кетпеген барлық ресурстар – жинақталған ресурстар болады. Олар инвестиция ретінде жаңа кәсіпорынды салуға, жол құрылысына, денсаулық сақтау, оқу-ағарту, мәдени объектілеріне бағытталады, яғни капиталдың қорлануына жұмсалады. Қорлану теориясын К.Маркс «Капиталдың» бірінші томында қарастырады, онда капиталдың қорлануының мәні мен механизмін ашады, ол өз кезінде ның органикалық құрылымын өзгереді және жұмыссыздықты тудырады.
Инвестиция теориясын ағылшын экономисі Дж.Кейнс өзінің «Еңбекпен қамту,пайыз және ақшаның жалпы теориясы» еңбегінде қарастырады,онда ол инвестицияны өндіріске жан бітіретін және тиімді сұранымның басты факторы ретінде анықтайды. Инвестицияның өсуі ұлттық табыстың ұлғаюына, өндіріске қосымша жұмыскерлерді тартуға ықпал етеді, яғни жұмыссыздықты жояды.Инвестицияның тиімділігін анықтау үшін оларды қол жеткен нәтижелермен салыстыру керек. Күрделі қаржыны тікелей нәтижесі болып негізгі қорды іске қосу болды. Ал, инвестицияның түпкі нәтижесі ұлттық табыстың өсуі болмақ.Инвестиция тиімділігінің артуы дегеніміз ең аз инвестиция мөлшерімен нәтижесі бір өнімге деген инвестицияның жеке үлесінің азаюына қоғам қажетті прогрессивті өнімді шығарудыайтамыз. Инвестиция тиімділігін арттыруға былай қол жеткізіледі:
— инвестицияның техникалық құрамын жақсарту, бұл жабдықтарға шығындар оның жеке үлесінің артуын көрсетеді;
— жұмыс жасап тұрған кәсіпорында техникалық қаруландыру мен реконструкциялауға және жаңа құрылыстың салынбауында күрделі қаржының жеке үлесінің артуы;
— жаңа объектілерін салу мерзімін қысқарту.
Инвестициялық портфель тиімділігін арттырудың басты құралы техникалық прогресс болып табылады. Жаңа техниканы ендіру оның экономикалық тиімділігін анықтау қажеттілігін қарастырады және оның пайдалы тиімділігінің ескісімен салыстырғанда мына көрсеткіштермен айқындалмақ: машина,станоктың қуаты мен өнімділігі, ондағы детальдарды дәл өңдеу және т.б. Сондай-ақ, пайдалы тиімділігінің басты элементі еңбек қауіпсіздігі, қызмет жасаудың ыңғайлығы, еңбек тиімділігін арттыру және оны жеңілдету болып табылады. Инвестициялар ЖҰӨ-нің ең маңызды және ең өзгермелі компоненттерінің бірі болып табылады. Қашанда болмасын құлдырау кезінде тауарлар мен қызметтерге деген шығын қысқарады, бұл қысқарудың үлкен бөлігі инвестициялық шығындар көлемінің құлдырауына қатысады. Инвестициялық шығындардың үш типі ерекшеленеді. Кәсіпорынның негізгі қорларына инвестициялар болып: кәсіпорынның өздерінің өндірістік қызметтеріне пайдаланулары үшін алған ғимарат,құрылыс және құрал-жабдықтар саналады. Тұрғын-үйлер құрылысы инвестициялары тұру үшін алынған үйлерге, сондай-ақ жалға беру үшін алынған үйлерге шыққан шығындарды қамтиды.Сақтық қор инвестициясы – фирмалардың сақтауға қалдырған тауарларын,оның ішінде шикізаттар мен материалдарды, бітпеген өндіріс пен дайын өнімдерді қамтиды.Қазақстан Республикасының «шетелдік инвестиция туралы» Заңында: «Портфельді инвестициялар дегеніміз – мүліктік құндылықтардың барлық түрлері және оларға деген құқық, сондай-ақ пайда алу мақсатында инвесторлардың кәсіпкерлік қызмет нысандарына жұмсаған интеллектуалдық меншікке құқық».Бұның өзі «Портфельді инвестиция» деген терминді спецификалық функционалды жүктемесінен айырып, оны «капитал жұмсау» деген жалпы ұғымға айналдырады. Өйткені инвестицияларды құқықтық көзқарас тұрғысынан анықтау маңызды, сол арқылы өндірісті ұдайы дамыту негізі ретінде инвестициялаудың бастау көздері мен тетігі және экономикадағы өмірлік қажетті заңды процесс жайында көрнекті түсінік беруге болады.Сөйте тұра «инвестициялар» санатына деген европалық және американдық методологиялық тәсілдің мазмұны инвестицияны «капитал жұмсаудан» айырып қарайды, оларды салыстырмалы түрде біріктіреді. Қазақстан Республикасы Президентінің, «Бухгалтер есебі туралы» заң күші бар Жарлығында жалпы инвестициясының қандай да бір анықтамасы берілмеген, ол ҚР «Статистика туралы», «Салық және бюджетке төленетін міндетті төлемдер туралы» Заңдарында да берілмеген. Қазақстандық салықтың Заңнамасы өзінің «активінде» тек «капитал жұмсау» терминін пайдаланып, «инвестициялар» санатын толықтай илемеуі, инвестициялық қызметті дамытудағы салықтық ынталандыру жолына тосқауыл туғызады. Ал оның солай болуы бір жағынан «капитал жұмсау» терминінің жалпы және арнайы заңнамада әртүрлі түсіндірілуінде болып тұр. Екінші жағынан, кәсіпорынның ұзақ мерзімді мүлік түрлерінің тізімі, бухгалтерлік есептің халықаралық стандартқа өтілуіне байланысты, бұрынырақта күрделі шығындар құрамында саналған: жер учаскелері, табиғат пайдалану объектілері, материалдық емес активтер сияқты негізгі қаражаттар есебіне жататын ұзақ мерзімді активтермен салыстырғанда кеңейе түседі. Сонымен, ұзақ мерзімді капитал жұмсаудың қазіргі экономикалық мазмұны дәстүрлі «капитал» жұмсау ұғымының аясына енді сыймайды. «Инвестициялар» санатының заңдық түрде айқын жазылған анықтамасының болмауы инвестициялық реттеуді ұлттық экономиканың айрықша мемлекеттік реттеу сферасы етіп бөлуге, оның нысаны – инвестициялық қызметтің заңды болуына күмән келтіреді. «Капитал жұмсау» және «инвестициялар» деген терминдер экономиканы дамыту туралы ресми статистикалық материалдардың басылымдарында бірін-бірі ауыстыратын синоним-сөздер секілді түсіндірмесіз қолданылады. Сөйткенімен, халықаралық практикада инвестиция деп капиталды екі бағытта пайдалануын айту қабылданған:
— нақтылы инвестиция – материалдық активтерге қаржы жұмсау;
— қаржылық инвестиция – құнды қағаздарға қаржы жұмсау.
Инвестицияның бірыыңғай анықтамасының жоқтығынан бүгінгі күні көптеген инвесторлар қорлық көруде, мұның өзінде нақты қаржылық тұрғыда зардап шегуде. Әр түрлі ой-талғамдарға жол бермейтіндей «инвестицияның» базалық анықтамасы жасалынса, онда қазақстандық Заңнаманың барлық салаларында және инвестициялық барша қызметтің қатысушыларына бұл норативтік актінің реттеуші болуына жағдай туар еді.
Белгілі болып отырғандай, кәсіпкерлік инвестициялаудың екі негізгі формасы айқындалады: тікелей инвестициялар және портфельдік.
Тікелей инвестиция: тікелей өндірістік кәсіпорындарға жасалынған инвестициялауды сипаттайды.
Өзін өзі бақылаудың сұрақтары
1. Халықаралық инвестиция
2.Инвестициялық портфель ұғымы
Ұсынылатын әдебиет
1. Комаров А.С. Правовые вопросы товарообменных сделок.М.,1994.
2. Лукашук И.И. Стороны в международных договорах. - М., 1996.
3. Розенберг М.Г. Заключение договоров международной купли-продажи товаров. М., 1991.
4. Садиков О.Н., Краснова Н.Л. Исковая давность в МЧП/ Российский ежегодник международного права.1992.
5. Шатров В.П. Международное экономическое право. - М., 1990.
6. Шмитхофф К. Экспорт: право и практика международной торговли.М.,1993
Тақырып 14. Халықаралық сауда дауларын шешу тәртібі.
1.Халықаралық сауда дауларының ұғымы
2.халықаралық сауда дауларын шешу жолдары
3.ДСҰ түсінігі
4. ЮНСИТРАЛ халықаралық сауда төрелігі
Қазіргі кезде ДСҰ шеңберінде қолданылып отырған дауларды шешу тетігі — халықаралық сауда жүйесінің маңызды элементі болып табылады. Ұйымның өз бағасы бойынша, ол әлемдік экономикада тұрақтылықты қамтамасыз етуге қосатын үлесі зор . Тарифтер мен сауда бойынша Бас келісім Уругвай раундының нәтижесінде құрылған бұл ұйым мүше-мемлекеттерінің саяси ықпалы мен экономикалық қуаттылығына қарамастан барлық қатысушылар үшін бірегей ережелерге негізделеді. Мұндай тәсіл кішігірім елдер үшін айтарлықтай қуатты мемлекетпен туындаған дауды екіжақты негізде шешу кезінде тиімдірек жағдайды иеленуіне жол ашуы едәуір маңыздылыққа ие. ДСҰ құрылу кезінен бері мемлекеттер бұл тетікке жиі жүгінеді. 2000 жылға дейін кеңесу өткізуге 180 үндеу, істерді қарау нәтижелері бойынша аралық соттардың 31 есебі, Аппеляциялық органның 26 баяндамасы тіркелген болатын. 2007 жылдың қыркүйегінің аяғында ДСҰ-да 369 дау тіркеліп, 2007 жылдың шілдесінде аралық сот пен Аппеляциялық органның 103 баяндамасы қабылданып, 25 аралық сот әрекет етіп, кеңесу өткізу жөнінде сұранымдар 600-ден асып кеткен болатын.ДСҰ өмір сүруінің бүкіл мерзімінде АҚШ, Канада және Еуропалық Одақ ең белсенді қатысушылар болып есептеледі. Дегенмен, дамушы мемлекеттер де бұл механизмге жиі сүйенетін болған.Дүниежүзілік сауда ұйымының іргесін қалаушы болған 1947 ж. ГАТТ кезінде, осы келісімнің ХХІІІ бабында сауда дауларын шешу мүмкіндігінің негізі қаланған. Ол бойынша, келісуші тараптардың біреуінің жүзеге асырып жатқан іс-шаралары келесісінің нарыққа ену жағдайының нашарлануына әсерін тигізуіне байланысты дауларды өз бетінше шеше алатындығы туралы айтылған. Сонымен қатар, тараптар өз шағымдарын жұмысшы топтарға (кейіннен аралық топтарға) жібере алған. Олар даулар қалайша шешілуі керектігі жайында ұсыныстар беріп отырды. Ақырында бұл қатысушылар мен аралық топтардың өздері сүйене отырып әрекет етуге міндеттейтін ережелер мен рәсімдердің құрылуына, яғни дауларды шешудің нақты үрдісінің қалыптасуына алып келді. Аралық топтар тараптар өз міндеттемелеріне сәйкес әрекет етуін, нарыққа ену жағдайының нашарлауы орын алған, алмағандығын анықтауы тиіс болды. ХХ ғасырдың 70-80 жылдары барысында ГАТТ жүйесінде айтарлықтай алға баса бастады. Аралық топтар құзыреттері кеңейіп, олар енді ГАТТ ережелерін интерпретациялауға (түсіндіру) қатыса бастады. Жаңа қағидалар Токио Раундының (1973-1979 жж.) Уағдаластығында бекітілді.Дауларды шешу тетігінің маңызды қадамына аралық соттарға қолдау көрсететін ГАТТ хатшылығында заң бөлімінің құрылуы болды. Аралық сот мүшелері «ad hoc» қағидасы бойынша құрылатын болғандықтан, ГАТТ хатшылық заңгерлері орын басушылық пен «инстуитуциалды жадыны» қамтамасыз етті. Осындай тәжірибені оң құбылыс ретінде қарастыра отырып, заңгерлердің аралық сот баяндамаларын дайындауға көмектесуі соңғыларының ұстанымдарына әсер етуіне алып келе алды. Одан басқа, шешім қабылдау кезіндегі күрделі мәселеге тоқталу керек. Мәселен, істің түрлі кезеңдерде ұзақ уақытқа созылып кетуі, нақтырақ айтқанда, аралық топты құру шағым түскен мемлекет тарапынан қабылданбауы бөгет болуы мүмкін. Аралық топ мүшелерін тағайындау кейде ұзақ уақытқа (бірнеше айға) созылып, шешім қабылдау — айтарлықтай үлкен мерзімді (екі жалдан көп) талап ететін. Тараптар аппеляцияға жүгіну мүмкіндігіне ие болмай, аралық соттардың баяндамалары оны бекітуге қатысқан мемлекеттер арасында консенсуске қол жеткізілген кезде ғана қабылданатын болған. Басқаша айтқанда, ұтылған мемлекет ол үшін тиімсіз болып табылатын шешімге вето құқығын сала алды . Баяндамалар қабылдануына қатысты белгісіздік бұл жүйенің үлкен кемшілігі болды. Сондықтан, мемлекеттер ГАТТ аралық топтарына өте сирек жүгінетін. ГАТТ өмір сүруі кезінде аралық топтың тек қана 101 баяндамасы мақұлданған.Осылайша, дауларды шешу механизмін алдағы реформалау қажеттілігі барлық Келісуші Тараптар үшін анық байқалды. Нәтижесінде бұл Уругвай раундында көпжақты сауда келіссөзерінің басты мәселесіне айналды. ГАТТ тетігімен салыстыра отырып, қазіргі кездегі дауларды шешу тетігіне шолу жасайтын болсақ, ГАТТ жүйесінде орын алған көптеген кемшіліктер жаңа жүйеде толығымен жойылды деп сенімді айтуға болады.
ГАТТ рәсімімен салыстырғанда, ДСҰ шеңберінде дауларды шешу тетігіндегі жаңа сипаттарының қатарына, ең алдымен, ДСҰ шеңберінде жасалған көпжақты келісімдерден туындайтын мемлекеттер міндеттемелеріне қатысты дауларды шешу ережелер бірегей құжатқа біріктірілгендігін айтса болады. Жоғарыда көрсетіліп кеткендей, ГАТТ жүйесінде көптеген келісімдерде дауларды шешудің өз жүйелері болса, ДСҰ-да ол ережелер ерекше құжат — Дауларды шешу ережелері мен рәсімдері туралы уағдаластығында (Уағдаластық немесе ДШУ) бекітілген. Оның міндеттемелері ДСҰ-ға мүше-мемлекеттердің барлығына бірдей міндетті болып табылады.ДШУ «аралық топтарды құруға, олардың және Аппеляциялық орган баяндамаларын қабылдауға сондай-ақ, шешімдері мен ұсыныстардың орындалуын қадағалауға, «қамтылған келісімдерден» туындайтын басқа да міндеттемелерді тоқтатуға рұқсат беруге құзыретті болып табылатын Дауларды шешу бойынша Органды бекітеді.Былайша айтқанда, ДШУ ДСҰ құру туралы Келісімге 1 және 2 Қосымшаларында орын алған барлық келісімдер-«қамтылған келісімдерге» қатысты қолданылады. ДШУ әрекет ету аясы келісімге келген тараптармен бекітілген болса да, «шектелген қатысушылармен жасалған келісімдерге» де тарайды (ДШУ-ға 1 Қосымша).
ДСҰ-ның аталмыш келісімшарттары үшін «Дауларды шешу ережелері мен рәсімдері туралы уағдаластығы» ортақ құжат болғанына қарамастан, «қамтылған келісімдердің» көбісі нақты келісімшарттарға байланысты дауларды шешу тәртібі туралы жеке ережелерге ие. Мысал ретінде, Субсидиялар мен қарсы шаралар туралы келісімді, Санитарлы және фитосанитарлы шаралар қолдану туралы келісімді, Қызмет саудасы туралы Бас келісімді және басқаларын келтірсе болады. Мәселен, Субсидиялар мен қарсы шаралар туралы келісімнің 4.6 бабы ДШУ-мен салыстырғада, рәсімдерге қысқа мерзімдер белгілеген. Ол арнайы және қосымша нормалар тізімі ДШУ 2 Қосымшасында бар.Дауларды шешуді реттейтін ДШУ ережелері мен «қамтылған келісімдер» нормаларының арасында қайшылық орын алған жағдайда, соңғысының ережелері қолданылады (ДШУ, 1(2) б.). Бұл қағида арнайы норма жалпы нормаға қарағанда артықшылыққа ие болатындығына негізделетіндіктен дұрыс болып табылады. Әр түрлі «қамтылған келісімдердегі» дауларды шешу үрдісін реттеуші екі норма арасында коллизия туындаған жағдай күрделі болып табылады. Бұндай жағдайда, тараптар өзара уағдаластық арқылы мәселені шешуге құқылы. Келісілген шешімге қол жеткізілмесе, Дауларды шешу бойынша Орган (ДШО) шешеді. Ол мүмкін жерлерде арнайы нормаларды қолданып, ал қақтығысты болдырмау қажет болғанда – Уағдаластық нормаларын қолдануы тиіс.Осыдан келесідей сұрақ туындайтыны анық: «қамтылған келісімдерде» арнайы нормалардың болуы ДШУ бекіткен дауларды шешу тетігіне кері әсерін тигізбейді ме? Бұл арнайы нормалар ДСҰ-ның қызмет етуінің нақты саласының ерекшеліктерін ескереді және «Уағдаластықта қамтылған тетікті ауыстырмай, керісінше толықтыра отырып, дауларды қарастыру рәсімнің тиімділігін арттыруға өзінің септігін тигізеді. Мұны Guatemala-Anti Dumping Investigation regarding Portland Cement from Mexico ісіндегі Аппеляциялық Орган ұстанымынан байқауға болады. Мұнда «арнайы және қосымша ереже бір ереже басқа ереженің бұзылуына, яғни олардың арасындағы қайшылық кезінде ғана ДШУ ережесінен басым болады. Бұл ұйымның «қамтылған келісімдер» ережелеріне Уағдаластықты қолдану «қамтылған келісімдердің» айқын бұзылуы болған жағдайда ғана жүгініп, «Уағдаластық» нормаларын барынша кең қолдану ниетін көрсетеді.
Дауларды шешу ережелері мен рәсімдері туралы уағдаластығының өзі туралы айтқанда, ол мүлдем жаңа құжат еместігін, жетілдірілген және модификацияланған ГАТТ тәжірибесінің жалғасы екендігін ескеру қажет. Тарифтер мен сауда туралы бас келісімнің шеңберінде жасалған құжаттардың көбісі ДСҰ жүйесінде де үлкен қажеттілікте екендігін тағы да атап өткен жөн. ДСҰ Бас келісім тәжірибесін басшылыққа алуы қажет деген жалпы нұсқаулардан басқа ДСҰ мүшелері 1947 жылғы Бас келісімнің ХХІІ және ХХІІІ баптарына сәйкес дауларды шешу қағидаларын ұстануы тиіс деп бекітілген.Одан басқа, «Уағдаластықта» ДСҰ құрылғанға дейінгі құжаттар аталып өтілген. Осылайша, ДШУ 26 бабы 1989 жылы 12 сәуірде ГАТТ шешіміне сүйенеді (BISD 36s/61-67). Басқа мысал ретінде ДШУ 3,12 бабын келітрсе болады. Ол бойынша, жауапкер мемлекет дамыған мемлекет болса, ал талапкер мемлекет дамушы болса, ондай жағдайда соңғысы кеңесулер, ізгі көмек, ымыраласу, делдалдық жасау, дауларды шешу бойынша топ құру арқылы және топтың дауды қарастыру рәсімі бойынша ДШУ стандартты ережелерін қолданбай, 1966 жылғы 5 сәуірдегі Келісуші Тараптардың тиісті тәртіптерін қолдана алады. Жоғарыда аталып өтілген ДШУ жетістіктерінің жалпы сипатынан, яғни ГАТТ-тың сәйкес ережелерінің жүйелілігі мен солардың негізінде дауларды шешу тетігі бойынша барлығына бірыңғай қамтылған келісімдер құрылуымен қатар, Уағдаластықта ДСҰ тетігі мен ГАТТ жүйесінен мүлде жаңа бірқатар ережелері бар.Бұл тұрғыда алғашқы назарды Дауларды шешу бойынша Уағадаластықта қарастырылған, Дауларды шешу бойынша орган құзыретіндегі бірқатар негізгі рәсімдік шешімдер қабылдауға байланысты ережелерге (мәселен, топ құру мәселелеріне, топ есебін бекіту т.б.) аударса болады. ДШУ ережелеріне сәйкес, осы шешімдерді қабылдауға қарсы консенсус болмау талап етіледі. Ондай консенсус әдебиетте «негативті консенсус» немесе «кері консенсус» (negative consensus or inverted consensus) деп белгіленген ретінде белгілі. Теория жүзінде, ондай консенсус бар. Дегенмен, мәселе өз пайдасына шешілген қатысушы мемлекет, сол шешімнің бекітілуіне қарсы дауыс береуі екіталай. Мұнсыз «кері консенсуске» қол жеткізу мүмкін еместігі айқын. Осылайша, бұл қағида бүкіл дауларды шешу тетігіне автоматизм сипатын береді. Осының нәтижесінде, ДСҰ шеңберінде дауларды шешу тетігінің негізі болып табылатын «кері консенсус» қағидасы бұл салада мамандардың жоғарғы бағасын ақтады .
Келесі ерекшелік аппеляциялық шағым беру болып табылады. Осы тұста, профессор Петерсманның осы сатыны енгізу мемлекеттердің «кері консенсус» қағидасына өтуге келісімін алуға өз үлесін қосты деген пікіріне қосылуға әбден болады . ГАТТ-та топтардың қате шешімдеріне қарсы кепіл ретінде топтардың есептерін бекіту үшін мүшелерінің консенсусы қажет ГАТТ Кеңесі болса, Дүниежүзілік сауда ұйымында есепті қабылдамау мүмкіндігі өте аз. Дегенмен, шағым дауласушы тарапынан түсетін болса, дауларды шешу бойынша топ қорытындыларын Аппеляциялық орган тексереді.
ДСҰ шеңберінде дауларды шешу тетігіндегі үшінші жаңа элемент ретінде істерді қарастырудың түрлі кезеңдері үшін міндетті мерзімдердің бектілуін атап өтсе болады. Бұл өз кезегінде, дауларды шешу барысында шешімдер шығарудың созылып кетпеуіне ықпал етеді, яғни дауларды шешуде айтарлықтай нақты жетістіктерге жетуге көмектеседі (ДШУ, 20 б.). Мысалы үшін, кеңесулердің басталу сәтінен Аппеляциялық орган есебінің бекітілуі 15 ай аралығында жүзеге асырылуы тиіс.ДСҰ шеңберінде дауларды шешу мерзімдерінің ұзақтығын барлығы бірдей жағымды қабылдамайды. К.В. Ремчуков оларды едәуір ұзақ деп, олардың тиімділігіне күдік келтіреді . Мұндай пікірмен келісе де алмаймыз. Дауларды қарастыру мерзімдері айтарлықтай ұзақ болып көрінуі мүмкін, алайда, ұйымда күрделі мемлекетаралық даулар қарастырылады. Олар үшін 12-15 ай тым ұзақ уақыт болып көрінбейді. Істерді қарастырудың мұндай мерзімдері, тіпті, ұлттық сот жүргізуде де кездеседі. Неміс заңгері Х.Хомани ДСҰ дауларды қарастыру мерзімдеріне жоғары баға бере отырып, Германияда Әкімшілік сотта іс 15 ай көлемінде қарастырылуына рұқсат етілетіні туралы атап өткен . Халықаралық деңгейде, ұлттық сот ісіне тән мерзімдердің болуы ДСҰ шеңберінде дауларды шешу үрдісінің жоғарғы тиімділігінің белгісі екені анық.Осылайша, Уағдаластық — Дауларды шешу бойынша органымен шешім қабылдауына автоматизм енгізетін рәсімдердің нақты мерзімдері туралы ережелері бар және аппеляциялық шағым жасау кезеңін ескерген дауларды шешу ережелерінің нысандандылырған жинағы деген қорытындыға келуге болады.ДСҰ аясында дауларды шешу тетігінің ерекше қырларына келетін болсақ, жеке тұлғалар мен компаниялар дауларды шешу механизміне тікелей қатысуға мүмкіндігі жоқ. Дауларға мүше-мемлекеттер қатысады, ал даулар ұлттық компаниялар тарапынан туындайды. Халықаралық сауда даулары отандық саланың ұлттық үкіметтегі арнайы құзырлы органдарына шетелдік мемлекеттің сауда режимінің өзгеруі салдарынан, бизнес үшін жағдайдың нашарлауы жайлы шағымдарынан басталады. Біріншіден, дауды бастау туралы түбегейлі шешім мемлекет тарапынан болуы тиіс. Оған дейін, мемлекет жеңіс немесе жеңілістен соң орын алатын жағдайды түсінуі керек. ДСҰ келісімдеріне қарама-қайшы болып табылатын мемлекет шараларына шағымданып, тергеуді бастаған мемлекет, істе жеңіске жете отырып, ұқсас дауда жауапкер мемлекет болу қауіпін төндіреді. Екіншіден, үкімет мәселе күш-жігер жұмсауды қажет етпейді. Үшіншіден, ДШУ ережелері бойынша, сот рәсімін бастамас бұрын, талапкер мемлекет ДСҰ ережелерін бұзушы мемлкетпен кеңесу өткізуге міндетті. Шиеленіскен мәселелер осы кезеңде де шешілуі мүмкін. Бұл ірі қаржы және адам ресурстарын жұмсамауға мүмкіндік береді.
Егер тараптар келіссөздер арқылы бір шешімге келе алмаса, олар Уағдаластықта тұжырымдалған дауларды шешу бойынша тетікке жүгінеді.
Дүниежүзілік сауда ұйымының дауларды шешу тетігін толық түсіну үшін, ұйым тәжірибесінде орын алған Америка Құрама Штаттары мен Еуропалық Одақ арасындағы американдық компаниялармен ЕО-ға банан импортына қатысты ұзақ уақытқа созылған, кейін «банан соғысы» деп аталып кеткен дауды талдайық.Аталмыш шиеленіс бірнеше американдық компаниялардың Еуропа мемлекеттеріне Эквадор, Гватемала, Гондурастан, яғни бұрынғы ағылшын және француздық отарларынан банан жеткізіп отыру ұмтылысынан басталды. Бірақ, ЕО банан жеткізіліміне қатысты өзінің және еуропалық компаниялар мүдделерін қорғау мақсатында америкалық компаниялардың еуропалық нарыққа өтуіне белсенді түрде бөгет жасады. ЕО мен АҚШ арасындағы сауда соғысына АҚШ әкімдігінің Еуропалық Одақ Латын америкасы елдерінен банан импортына еуропалық шекараларды ашатын болса, ЕО-дан алып келінетін кейбір өнім түрлеріне салық салынбайтыны жөніндегі мәлімдемесі түрткі болды.Бұл дау ДСҰ Шағымдар мен наразылықтарды талдау бойынша Комиссиясында қарастырылғаннан кейін, 1998 жылы іс Дауларды шешу бойынша орган қарауына берілді. Комиссия шешіміне сәйкес, ДСҰ Еуропалық одақты 1999 жылдың 11 қаңтарына дейін өзінің банан импорты режимін өзгертуге міндеттеді. Нәтижесінде, ЕО АҚШ қысымымен баж салығын 100 пайызға көтере отырып, экпорттық өнімге тарифтік шектеулер енгізді. Бұл шығын сомасынан үш есеге асып кетуіне алып келді.
1999 жылдың сәуір айында ДСҰ Дауларды қарастыру органы АҚШ ұстанымын қолдады. Ол бойынша, ЕО банан импорты кезінде «халықаралық сауда қағидаларын бұзды». Осылайша, американдық өнім жеткізуші шығындарын өтеу үшін ЕО-дан импортталатын бірқатар тауарларынан қосымша салық жинау жайында 1999 жылы 3 наурызда АҚШ жариялаған мәлімдемесінің жүзеге асуына жол ашты. Орган банан импортын реттейтін ЕО бекіткен ережелер АҚШ-тың сауда фирмаларын кемсітеді, банан импорттау саласында ЕО саясаты Дүниежүзілік сауда ұйымы қабылдаған ережелерге сейкес келмейді деп мойындады.2001 жылдың сәуірінде ЕО мен АҚШ арасындағы дау шешімін тапты. Вашингтон мен Брюссель арасындағы ұзақ келіссөздерден кейін, тараптар келісімге келді. Американдық компания еуропалық нарыққа рұқсат алып, ал Вашингтон еуропалық тауарларға салынған, сомасы жылына 190 млн.доллар құрайтын санкцияны алып тастады.Қазіргі кездегі Бас кеңес төрағасы Йонов Фредерик Аганың (Нигерия) 2010 жылдың 19 наурызынан 2011 жылдың 24 ақпанына дейін Дауларлы шешу бойынша органның төрағасы болды. Ол 2011 жылы ДСҰ дауларды шешу жүйесінің жетістіктері туралы айтқанда, құрылғанынан бері 400-ден астам дауды қарастырып, халықаралық дауларды шешу жүйелерінің ең жемістісі деп белгіледі. Шын мәнінде, Халықаралық сот 65 жыл қызмет етуі кезінде барлығы 150 дауды қарастырды. Теңіз құқығы бойынша, Халықаралық трибунал 1996 жылы құрылып, 15 іс қарады. Экологиялық мәселелер бойынша палата 1993 жылдан 2006 жылға дейін жұмыс істеп, бір де бір іс қарастырмаған. Осындай мысалдарды талқылай отырып, Дүниежүзілік сауда ұйымының Дауларды шешу бойынша жүйесінің қаншалықты тиімді және нәтижелі екендігін айқын аңғаруға болатыны сөзсіз.
Ойымызды түйіндейтін болсақ, жалпы алғанда, ДСҰ-ң дауларды шешу тетігі ГАТТ жүйесімен салыстырғанда едәуір жетістіктерге жетті және тиімді рәсімдері бар дауларды шешуші құрал болып табылады. Сондай-ақ, Дауларды шешу органымен мәселелерді қарастырудың нақты мерзімдері бекітілгендігін аңғардық. Бұл дауларды қарастырғанда оның тиімділігін арттыруға септігін тигізеді. Дегенмен, И.Т.Бдоян пікірінше, шектеулі уақыт мерзімі еленбеуі мүмкін. Себебі, мерзімге сай әрекет етілмеген жағдайда, ешқандай санкциялар енгізілбегендігін белгілейді . Әрине, бұл пікірге де қосылуға болады. Кез келген дауды шешіп, оның шешімдері нақты орындалуы үшін белгілі бір міндеттемелердің қажеттілігі зор. Қарапайым қоғамдық қатынастар да құқық пен тәртіп қағидалары арқылы реттелуде. Ал жүздеген мемлекеттер мүдделерін жүйелендіру үшін, даулардың оңтайлы шешілуі үшін құқық бұзушы мүше-мемлекеттерге санкциялар қолданылуы керек.Сонымен қатар, ДСҰ аясында институционалды мүдделерді келісімге келтірудің кең қолданылған жүйесінің болуына қарамастан, мүше-мемлекеттердің саяси және экономикалық мүдделерінің әр түрлілігімен байланысты белгілі бір «проблемалық зоналардың» бар екендігін белгілеген жөн. Мәселен, ДСҰ мағұлматтарына сүйенетін болсақ, 2009 жылдың басында антидемпингтік тергеулер 2008 жылмен салыстырғанда 40 пайызға артты. ДСҰ Бас директоры Паскаль Ламидің баяндамасы бойынша, 2009 жылы әлемдік сауда көлемі 2,1 пайызға қысқарды. ДСҰ шеңберінде дауларды шешудегі күрделі аспектісі — Аппеляциялық орган мен арнайы комитеттердің шешімдеріне заңдылық күшін беріп, мүше-мемлекеттер мен оның азаматтарының ол шешімдерге көнетінін кепілдік беру болып табылады . Бұл елеулі ресуртарды, кәсіби деңгейдің жоғарылауын және жалпы әлемдік қауымдастықтың ашықтығын қажет ететіні айқын деп есептейміз. Осылайша, 1997 жылы пайда болған ГАТТ-тың дауларды шешу тетігіне Уругвай раундымен енгізілген өзгерістер, яғни, алдыңғы жүйе «soft law» ережелеріне сүйенсе, енді қарама-қайшылықтарды реттеу жүйесі «hard law» ережелеріне негізделетіні айқын көрінеді.Қорыта келе, ДСҰ дауларды шешу жүйесінің әлемнің 155 мемлекетінің сауда-экономикалық қатынастарын реттеп қана қоймай, Дауларды шешу бойынша органы арқылы сол мемлекеттер арасында туындап отыратын әр түрлі даулардың оңтайлы шешілуін қамтамасыз етіп отырғанын аңғардық. Мемлекетаралық келіспеушіліктерді халықаралық құқық нормаларына сүйене отырып және барлық істерді тең дәрежеде қарастыратыны бұл тетіктің әділдігіне, әрі тиімділігіне дәлел.Шет елдердің қазіргі азаматтық құқығында төрелік сот даудың пәнін құрайтын, нақты мәселені соңғышешуші болып табылатын, төрелік соттың шешім шығаруымен аяқталатын квазисоттық (яғни соттыққа ұқсас) ресім сияқты қарастырылады. Төрелік талқылау басында еркін сияқты ойластырылған. Оның еркін сипаты мынадай төрт жадайда көрінеді:
а) тараптар дауды төрелік соттың қарауына өзінің қалауымен береді. Бұл үшін олар өз арасында болашақта туындайтын немесе туындаған экономикалық дауды төрелік талқылауда қол жеткізілген келісушіліктенөз көрінісін тапқанжәне мұндай дауларды қарастыруға қатысты сот тәртібін қолданбау туралы төрелік келісімге жасасады;
б) төрешілерді таңдау тараптар арасындағы келісілген әдіс бойынша жүргізіледі;
в) істі төрелікте қарау тәртібі тараптар белгілеген, бірақ қолданыстағы заңнамаға қайшы келмейтін, ережелер бойынша жүргізіледі;
г) тараптар төрелік шешімді орындауға міндетті және соңғы деп таниды.
Бүгінде төрелік талқылаудың әлемдік тәжірибесін дамытудағы үстем үдерістер түбегейлі іс жүргізудегі тәртіп бұзушылықтардың болуына сот бақылауы болып табылады. Төрелік шешімдерді негізгі сияқты алмастыру (recourse) туралы өтініштерді қарастыру, сот бақылауының көбінесе - Швецария, Германия, Австрия, Нидерландия және көптеген елдерде таралған бірден бір әдісі. Төрелік шешімдерге аппеляция жасалатын (толық және сол сияқты шектеулі) елдерде ол жоққа шығарылмайды.
Әлемдік тәжрибеде төрелік саласында сот бақылауының бірнеше үлгілерін бөліп көрсетеді: 1) шешімдерді мәні бойынша тексеру (материалдық және іс жүргізу құқығы нормаларын қолданудың дұрыстығы мәніне және іс үшін түбегейлі маңызы бар, сондай ақ іс жүргізуде бұзушылықтардың болуына) т.с. шешімдерге нақты шағымдану; 2) төрелік құрамдардың құзіреттері болу мәніне және іс жүргізудегі бұзушылықтардың болуына шешімдерді тексеру ; 3) қандай да бір сот тексеруінің жоқтығы. Одан өзге аралас үлгілер әрекет ететін елдер бар. Әдетте олардың қатарына шет елде Ұлыбритания мен Швейцария кіреді.
Ұлыбританияда егер тараптар өз келісімімен (жазбаша түрде) мұндай мүмкіндіктерді жоққа шығармаған жағдайларда, соттар апелляциялық тәртіпте құқық мәселесі бойынша төрелік шешімдерді тексереді. Сонымен бірге төрешілер (төрелік соттар) егер бұл төрелік шешімдерде қарастырылса, төрешілер аталған жағдайларды ақылға қонымды және дұрыс деп санаса, соған сәйкес шешім шығаруға міндетті. Ұлыбританияның 1996 жылғы Төрелік актісінің 33- бабының 1 - тармағына сәйкес төрешілердің негізгі міндеті екі тарапқа қатысты адал әрекет етуі қажеттігінен және барлық төрелік өндіріс кезінде олар бір тарапқа екінші тараптан гөрі көп басымдық беруге жол бермеу қажеттігінен тұрады. 1996 жылғы Төрелік сот актісінің 34-бабына сәйкес тараптар белгілі бір дәлелдемелерді аралық талқылауда пайдаланбайтын болса және егер тек осы белгілілік Ұлыбританияның бұқаралық тәртібіне қайшы келмейтін болса, мұндай белгіліліктің заңдық күші бар болады. Қазіргі уақытта мемлекеттік сотпен толық көлемде апелляциялық тәртіпте Францияда ішкі төрелік шешімі қайта қарастырылуы мүмкін, мұндай жағдайлардан басқа «достық делдалдар»- төрелік келісімде жақтар келісе алмаған шешім арбитрлармен шығарылады. Жалпы қағидадан алып тастау тәртібінде Францияның Жаңа Азаматтың процессуалдық кодексінің 1474 бабындағы (ЖАПК), осыған тиісті арбитрлардың шешімдері құқықтың тиісті нормаларына сәйкес шығарылу қажет, әлемдік (достық) делдалдар ретінде әрекет етуге арбитрларды өкілеттендіруге тараптар құқылы.Осындай жағдайда арбитрлар тек қана материалдық құқықтың нормаларымен ғана емес сот өндірісінің ережелерімен байланысты емес. Осы жағдайда тараптар арнайы төрелік келісімде қарастырмаса шығарылған төрелік шешім апелляциялық тәртіпте шағымдануға жатпайды.Сонымен қоса достық делдалдар Францияның жария тәртібінің талаптарын бұза алмайды, сақтамаған жағдайда арбитрлардың шешімдерінің күшін жоюға алып келеді. Сонымен қоса Францияда азаматтық соттың төрағасы қаулы шығару барысында төрелік шешіміне атқару күшін беру туралы, төрелік шешім «адал ниеті мен жария тәртібіне» қайшы келмейтіндігіне көзі жететіндігін атап өткен жөн.Германияда аралық өндіріс тәртібі төрелік келісімінде немесе басқа келісімде қарастырылмаған болса, аралық өндірістің немесе осы өндіріс уақытының бастамасына дейін тараптармен жасалынған, төрелікте қарастырылған істер олардың қарастыруы бойынша, тәртіп бойынша Германияның АІЖК 1034 тарауының екінші тармағына сәйкес арбитрлармен анықталған.Осыған орай арбитрлармен қойылған тәртіптер өздерімен де өзгертіле алады, бірақта олар адал ниетпен жария тәртібіне қарама қайшы келе алмайды, неміс құқығының негізгі қағидаларының бұзылуымен шығарылған Германияның АІК 2 §т 1041 және 2 § 1044а т күшіне сәйкес төрелік шешім күшін жояды және де адал ниетпен жария тәртібіне міндеттеп орындауға жатпайды. Португалияда 1986 жылғы төрелік туралы Заңның 29 бабына сәйкес мемлекеттік соттың бірінші инстанциясында төрелік шешімге апелляцияға жол беріледі. Төрелік шешімнің апелляцияның толық нормаларын Тунис және Перу, (Онтарио) Канаданың құқығында кездестіруге болады. Құқық мәселесі бойынша кейбір мемлекеттерде жалпы құқыққа төрелік шешімнің шектелген апелляциясына жол беріледі.Осындай көзқарас жүргізіліп жатқан реформаларға қарамастан дәйектілікпен Англияда іске асырылады, төрелік шешімдердің сот апелляция мүмкіндігі сақталады. Сәйкес ережелер Гонконг және Сингапур, Канада, Австралияның заңнамаларында бар.
Швейцарияда, жалпы тәртіп бойынша жүргізілетін түбегейлі іс жүргізудегі бұзушылықтардың жалпы пәнінің болуы тәртібіне және төрелік шешімнің соттық тексеруін тараптар толықтай алып тастауы мүмкін.
Жоғарыда аталғанды басшылыққа ала отырып төрелік шешімдерді мәні бойынша тексеру тараптар өз қатынастарын бағындырған құқықтық нормаларға негізделмеген актілерді қабылдау тәуекелін төмендететіндігін атап кеткен орынды. Сонымен қоса азаматтық айналымның қатысушыларының ұйымдастырушылық және қаржылық уақыттық шығындарын ұлғайтады, дауларды шешу әдісі ретінде төреліктің тартымдылық және тиімділігін төмендетеді.
Алғаш рет соттың төрелік шешімнің күшін жоюын болғызбауға жол беретін нормалар Бельгияда, Швецияда және Швейцарияда пайда болды. 1985 жылы Бельгия заңнамасына халықаралық коммерциялық төреліктер қызметіне соттардың араласуын едәуір шектейтін түзетулер енгізілді. Бұдан былай мемлекеттік соттар бельгиялық тараптың қатысуымен болған даулар бойынша шығарылған төрелік шешімдердің күшін жою туралы істерді ғана қарайтын болды. 1998 жылы Бельгияның Сот кодексінің 1747 (4) бабы өзгертіліп, бүгінгі таңда төрелік шешімді соттың тексеруі тараптардың келісімі бойынша ғана алып тасталуы мүмкін.
Швейцарияда 1969 жылғы Кантонаралық конвенцияға сәйкес Кантондардың жоғары соттары төрешілерді тағайындайды, тараптардың бірінің төрешісі даулаған жағдайда түпкілікті шешімдер қабылдайды, төрешілер өкілеттіктерінің мерзімдерін ұзартады. Швеция мен Финляндияда сөзсіз атқарушылық күші бар төрелік шешім оның мәжбүрлі түрде орындалуын талап етпейді. Италияда төрелік туралы ереже Азаматтық іс жүргізу кодексіне енгізілген, ол төрелік шешімге апелляциялық тәртіппен шағым беруге жол бермейді.
АҚШ-та төрелік келісімдердің және экономикалық даулардың төрелік
іс қарауы туралы келісімдердің заңды күшін қамтамасыз ететін тиісті заңдарды қабылдау ең алдымен штаттар деңгейінде жүргізілген. 1920 жылы алғаш рет Нью-Йорк штатында төрелік заң қабылданды. Кейіннен ол принципті маңызы жоқ кейбір өзгерістерімен қазір қолданылып отырған азаматтық іс жүргізу заңына енгізілді, онда төрелік туралы қаулылар 84-бөлімде жазылған. Туындаған да, болашақта туындауы да мүмкін даулардың төрелік іс қарауы туралы келісімдердің заңды күші бар екені, олар орындалуға тиіс екені және кері қайтарып алынбайтыны жөніндегі сілтеме осы қаулылардың негізгі ережесіне айналды.
АҚШ-та төрелік келісімдер мынадай іс жүргізу құралдары арқылы іс жүзінде жүзеге асырылады. Біріншіден, тараптардың бірі төреліктен жалтарғысы келгенде оның төрелікке қатысуын тиісті сот бұйрығы арқылы міндеттеуге болады, оны төрелік келісімнің жарамдылығы тексерілгеннен кейін және мүдделі тарап өз түсініктемелерін бергеннен кейін сот береді.
Екіншіден, жауап беруші төрешінің белгілеулерінен бас тартқанда оны
сот белгілей алады. Үшіншіден, төрелік келісімге қарсы келіп, сот ісін жүргізуді тоқтата тұру жолымен сот талабын қойған тарапқа ықпал ету көзделеді.
Төрелік туралы қаулылар төрелік шешімде оны негіздейтін дәлелдердің қамтылуын талап етпейді. Бұл төрелік шешімнің заңдық негізділігінің сот тексерісіне жатпайтындығымен байланысты. Алайда, заңда көрсетілген жағдайларда соттың төрелік шешімнің күшін жою мүмкіндігі жоққа шығарылмайды. Сотқа төрелік шешімнің күшін жою құқығы ғана емес, сондай-ақ заңда көзделген жағдайларда сот бұйрығы арқылы осы шешімге өзгертулер немесе түзетулер енгізу құқығы берілген. Бұл ретте мұндай өзгертулердің немесе түзетулердің төрелік шешімге сай болуы және тараптардың өзара қарым-қатынасында әділ сот мақсаттарына қызмет етуі тиіс екені жөнінде айтылып отыр.
Ресей Федерациясында, шетелдердің көпшілігіндегі сияқты, соттар тарапынан аралық соттардың және халықаралық коммерциялық төреліктердің шешімдерін бақылау оларды тексеру болып табылмайды. Мемлекеттік соттар жоғары тұрған инстанция болып табылмайды, істі мәнісі бойынша қайта қарамайды және төрелік шешімдердің заңдылығы мен негізділігіне бақылау жасамайды. Мемлекет және даулы құқықтық қатынас тараптары берген дауды қарау мен шешу, құқық қолдану актісін шығару жөніндегі өкілеттіктерді төрешілердің асыра сілтеуін бақылау жөнінде ғана айтылады.
Осылайша, Германияның, Францияның, Швецияның, АҚШ-тың, Ресейдің заңнамаларында аралық соттың мейірбандық пен әділдік қағидаттарына («ex aequo et bono» - лат.) сүйене отырып немесе адал ниетті делдал («amiable compositeur») ретінде шешімдер шығару мүмкіндігі, яғни құқық тұрғысынан дәлелді емес шешімдер шығару мүмкіндігі бекітілген. Аралық соттардың осы түрінің нақты жұмыс істеу тетігі, ең алдымен әділ сот шешіміне тараптар кепілі қосымша ой елегінен өткізу мен талқылауға жатады. Аралық соттың нақты іс бойынша жұмысының нәтижесі заңдылық қағидаты тұрғысынан тексерілетін жағдайда мұндай тәжірибені елімізде қолданудың орынсыз екені айқын. «Адал ниетті делдал» шығарған шешім бұл ретте құқықтық емес, этикалық (жалпы әлеуметтік) реттеуіштер рөлін атқаратын теңдік, адалдық, қисындылық, әділдік, жеке ісіне (жеке өміріне) араласпау қағидаттарымен және басқа да негізгі қағидалармен салыстырғанда, оның негізділігі тұрғысынан ғана тексерілуі мүмкін.
Қазақстандық аралық соттар мен төреліктердің іс жүргізу мүмкіндіктеріне тоқталатын болсақ, олар шетелдік төреліктердің мүмкіндіктерімен салыстырғанда шектеулі. Соңғылары жеке тұлғалардың және жариялы-құқықтық ұйымдардың, оның ішінде Қазақстанның юрисдикциясындағылардың қатысуымен кез келген жеке құқықтық – шарттық және шарттан тыс дауларды қарауға құқылы (қараңыз, мысалы, Сыртқы сауда төрелігі туралы Еуропа Конвенциясының I бабы, II бабының 1-тармағы, ЮНСИТРАЛ халықаралық сауда төрелігі туралы Үлгілік Заңның 1-бабының 1-тармағы, ЮНСИТРАЛ Төрелік регламентінің 1-бабының 1-тармағы, 2002 жылғы 24 шілдедегі «Ресей Федерациясындағы аралық соттар туралы» Ресей Федерациясы Федералдық Заңының 1-бабының 2-тармағы, 1993 жылғы 7 шілдедегі «Халықаралық коммерциялық төрелік туралы» Ресей Федерациясы Заңының 1-бабының 2-тармағы, «Төрелік туралы» Швеция Заңының 1-бабы [Швеция заңдарының жинағы, 1999:116], Германияның іс жүргізу жинағының оныншы кітабының § 1029-параграфы – 1997 жылғы 22 желтоқсандағы Төрелік туралы заңнаманы жаңаша реттеу жөніндегі заңның 1-бабының 7-бөлімі [Федералдық заңдар жаршысы, 1997, I бөлім, 3224-п]). Басқа дамыған құқық тәртіптеріне мәлім, бұл қағидадан ерекшеліктер де бар. Мәселен, Францияның Жаңа Азаматтық іс жүргізу кодексінің (АІЖК) 2060-бабына сәйкес мүліктік емес құқықтар саласы көбіне жариялы тәртіппен байланысты, бұл төреліктің құзырын толық жоққа шығарады. Адамдардың жеке мәртебесі мен іс-әрекетке қабілеттігі мәселелері, некені бұзуға қатысты мәселелер төрелікте қаралмайтын болып табылады, олар мемлекеттік соттардың құзырына жатады. Сонымен бірге, барлық өзге де мүліктік емес даулар (бәсекелестік құқығы, зияткерлік меншік құқығы, конкурстық құқық) Францияның Жаңа АІЖК-ке сәйкес төреліктің (аралық соттың) құзырына берілуі мүмкін.
Ресейдің төрелік соттары өздеріне бағынысты істерді қараған кезде сот билігін азаматтық және әкімшілік сот өндірісі арқылы жүргізеді. Төрелік соттар туралы заңнама олардың ведомстволық бағыныстылығына экономикалық даулар бойынша істерді және жалпы ереже бойынша сол және басқа жаққа заңды тұлғалар мен кәсіпкер-азаматтар қатысатын кәсіпкерлік және өзге экономикалық қызметті жүзеге асырумен байланысты басқа істерді жатқызған. Олар азаматтық, әкімшілік және өзге құқықтық қатынастардан туындайды және дауға қатысушылар қатарында кәсіпкер мәртебесі берілмеген азаматтың пайда болуы кезінде жалпы заңдық құзырдағы ведомстволық бағыныстағы соттарға айналады. Осындай жағдайларда қолданыстағы азаматтық іс жүргізу заңнамасына сәйкес олар азаматтық істер ретінде азаматтық сот өндірісі тәртібінде қаралады.
АҚШ-та төрелік банкроттық туралы істерді ғана емес, сондай-ақ монополияға қарсы заңнамадан, бағалы қағаздар, патенттер туралы заңнамадан, рэкет және жұмыстағы жемқорлық, кемсіту туралы заңнамадан туындайтын дауларды қарауға құқылы.
Украинада «Төрелік соттар туралы» заңға сәйкес аралық соттардың төрелілігінен отбасылық және еңбек мәселелеріне қатысты даулар алып тасталған (неке және еңбек келісімшарттардан туындайтын дауларды қоспағанда). Осылайша, Украина заңнамасы аралық судьялардың тиісті келісімшарттардан туындайтын дауларды қарауына тікелей жол береді.
Польшаның АІЖК 5-бөлімінде тараптар кез келген мүліктік дауды, сондай-ақ соттық реттелу мәні бола алатын мүліктік дауды төрелікке бере алады деп белгіленген, осыдан тараптар олар бойынша әрекет ету бостандығына ие кез келген мәселелерді және соттағы бітімгершілік келісім арқылы реттелуі мүмкін дауларды төреліктің қарауына беруі мүмкін екені туындайды.
Австрияда Азаматтық іс жүргізу кодексінің § 577 сәйкес тараптар бітімгершілік келісімді жасай алатын кез келген даулар төрелік қараудың мәні болуы мүмкін. Осы қағида Швецияның 1999 жылғы Төрелік туралы заңында бекітілген.
Үнемі әрекет ететін төрелік мекемелердің кейбіреулері тиісті елдің қолданыстағы заңнамасына сәйкес төрелік тәртіпте шешілуі мүмкін кез келген дауларды қарау үшін ашық (мысалы Цюрих сауда палатасының төрелік соты). Ал басқалары шаруашылық қызметтің белгілі саласындағы, мысалы биржалық және банктік, халықаралық сауда мен көлік саласындағы дауларды шешу үшін арналған (Антверпен Каучук бойынша, химиялық, минералдық және фармацевтикалық тауарлар бойынша төрелік және бітістіру палаталары). Ірі қаржылық-өнеркәсіптік бірлестіктердің жанында құрылған төреліктің тұрақты органдары бар (мысалы, «Нестле» концерн жанындағы төрелік). Олар төрелік тәртіпте осындай бірлестіктің құрамына кіретін фирмалар арасындағы дауларды қарайды. Осы төрелік органдардың сипаты жасырын және олардың қызметтеріне осы қаржылық-өнеркәсіптік бірлестіктің құрамына кірмейтін дауласушылар жүгіне алмайды.
Осылайша, шетелде қалыптасқан төрелік қарау мен заңнама жүйесінің мықты жақтары болып экономикалық дауларды қараудағы икемділік, оларды қараудағы жеделділік, тартысатын тараптар мүдделерінің қорғалуына барынша сәйкестік және әрине, кәсіпкерлер арасында дауларды шешудің нарықтық экономика жағдайларында жұмыс жасаудың кем дегенде үш ғасыр бойы жиналған үлкен тәжірибесі табылады.
Осы жүйенің әлсіз жағына оның толымсыздығын (оның әрекеті атап айтқанда, жеке кәсіпкерлер мен мемлекет арасындағы экономикалық дауларды шешуге қолданылмайды) және төрелікті және мемлекеттік соттарды қолдану салаларының ара жігін нақты айырудың жеткіліксіздігін жатқызу қажет, нәтижесінде соңғылары төрелікті осыдан туындайтын салдармен бірге бәсекелес ретінде есептейді. Осындай салдардың бірі, төрелік қарау кез келген сәтте тоқтатыла тұруы мүмкін және сот қаулысымен тоқтатылуы, ал төрелік шешім заңсыз деп танылуы және жойылуы
Өзін өзі бақылаудың сұрақтары
1. Халықаралық даулар ұғымы, пайда болу себептері
2.Халықаралық дауларды шешу жолдары
3.Дүниежүзілік сауда ұйымының ұғымы.
Ұсынылатын әдебиет
1. Комаров А.С. Правовые вопросы товарообменных сделок.М.,1994.
2. Лукашук И.И. Стороны в международных договорах. - М., 1996.
3. Розенберг М.Г. Заключение договоров международной купли-продажи товаров. М., 1991.
4. Садиков О.Н., Краснова Н.Л. Исковая давность в МЧП/ Российский ежегодник международного права.1992.
5. Шатров В.П. Международное экономическое право. - М., 1990.
6. Шмитхофф К. Экспорт: право и практика международной торговли.М.,1993
6.Гражданское право: Общая часть / Под ред. Диденко А.Г. – А., 2003
Тақырып 15. Арбитраждық келісім.
1. Арбитраждық келісім.
2. Арбитраждық келісім мақсаты
3. Арбитраждық келісім түрлері
Арбитраж ең бастысы реттеуге арналған осы келісім шеңберіндегі құқықтар туралы дауларды реттеуге – мұндай тәжірибе Америка Құрама Штаттары мен Канадада кең таралған – немесе мүдделер туралы дауларды реттеу үшін (кейде басқа елдерде қолданылатын) ұжымдық шартта көзделуі мүмкін. Арбитраж сипаттамасы әдетте екі аспектіде: оны сотта істі қараумен салыстыруда және дауларды реттеудің басқа баламалы құралдарымен салыстыруда беріледі. Бұл ретте арбитраж өзінің табиғатында соттық емес нысандардан гөрі, дауларды сотта қарау рәсімдеріне жақынырақ екендігі атап көрсетіледі. Сотта істі қараумен ұқсастығы арбитраж негізінде тараптарды сайыстыру қағидаты жатыр, ал арбитр квази-сот функцияларын орындайды – дәлелдерді зерттейді, фактілерді анықтайды, заңдық күші жағынан мемлекеттік сот шешіміне тең келетін шешім шығаратындығынан байқалады.
Бітімге келу жағдайындағыдай, дауды арбитражға беру ерікті және мәжбүрлі түрде жүзеге асырылуы мүмкін. Арбитраждық рәсімдер тараптардың уағдаластығы бойынша басталғанда ғана арбитраж ерікті болып есептеледі. Керісінше, тараптардың бірі арбитраждық рәсімдерді өз бастамасымен бастаса, арбитраж мәжбүрлі болып есептеледі. Егер мәжбүрлі арбитражда қоғам үшін өмірлік маңызы бар жұмыстар өндіретін тараптар қатыспаса, онда мүдделер туралы дауларды шешу үшін сирек қолданылады.
Арбитраж әрбір нақты дауды жеке арбитр немесе арбитраждық комиссия арнайы қарауы үшін аса жиі ұйымдастырылады. Арбитраждық комиссиялар, әдетте, қызметкерлер тәрізді, жұмыс берушілер өкілдерінен де тұрады. Бұл ретте, дауды шешуде – жеке арбитрлар ме немесе арбитраждық комиссиялар кім қатысатындығынан тәуелсіз – арнайы ұйымдастырылған арбитраж нақты дауларды олардың туындауына қарай шешуге сай келетін арбитрларды таңдап алуды талап етеді. Ерікті арбитраж
Ерікті арбитраж тәжірибесін таратудың бірнеше тәсілдері бар:
-
тараптар үшін арбитраждық шешімдердің заңдық тұрғыдан міндеттілігі;
-
арбитраж үшін механизмдері мен талаптарын әзірлеу;
-
бітімге келтіру рәсімдерінің сәтсіз жағдайларында, делдалдың дауды арбитражға беруге тараптарды иландыру міндетін белгілеу;
-
тараптардың келісімімен арбитраждық шешім шығару өкілеттігін беру арқылы.
Бірқатар елдерде заңнама делдал немесе өзге органнан дауды арбитраждық шешім шығаруға беруді талап етеді (осылайша, істі қозғау кезеңінде арбитражды мәжбүрлі етеді), алайда тараптар қаулыны немесе шешімді ол шығарылғаннан кейінгі көрсетілген мерзімде қайтару құқығын өзіне қалдырады, ол қаулы немесе шешімнің міндеттілігіне еріктілік сипат қосады.
Еркін арбитражды көздейтін заңнама дауларды арбитраждық органның қарауына беру мүмкіндігі туралы ережені қамтуы мүмкін:
-
тараптардың бірлескен өтініші бойынша, немесе
-
тараптардың келісімімен немесе сұратуымен делдалдық орган арқылы, немесе
-
делдалдық орган немесе тараптардың шешім шығарылған соң өзге мекеме арқылы одан бас тарту құқығы болуы. Мәжбүрлі арбитраж
Егер дау оған қатысатын тараптардың уағдаластығынсыз немесе келісуінсіз арбитражға берілсе (кімнің – тараптардың бірінің, мемлекеттің немесе тәуелсіз органның бастамасымен болғанына қарамастан) және егер дауды реттеу тараптар үшін міндетті шешім негізінде болса арбитраж мәжбүрлі болып есептеледі.
Мүдделер туралы дауларды шешуде мәжбүрлі арбитражды пайдалану даулы болып табылады: әдетте ол ереуілге шығу құқығын шектеумен байланыстырылады және тараптардың ұжымдық келіссөздерге деген құқықтарын шектейді. Бұдан басқа, мәжбүрлі арбитраж ұжымдық келіссөздер бостандығын жойып, тиімді ұжымдық келіссөздер үшін қажетті тараптардың мәмілеге келудегі өз талаптары мен ұстанымдарына қатысты дайындығын төмендетеді деп саналады.
Ерікті арбитраж жағдайында, дауды арбитражға беруге тараптардың келісім талабы бар. Делдал ретіндегі адам немесе басқа орган дауды арбитражға бере алады немесе беруге тиіс, дегенмен, бұл ретте тараптар арбитраждық шешімді қайтаруға құқылы; көрсетілген мерзімде мұндай қайтару болмаса, арбитраждық шешім орындалуға міндетті болады.
Арбитраждық органдарға тергеу жүргізу өкілеттіктерін беру көзделіп, ол мыналарды қамтуы мүмкін:
-
айғақты жазбаша түрде беруді талап ету өкілеттігі;
-
айғақ беру мақсаттарындағы отырыстарға куәгерлерді қатысуға мәжбүрлеу өкілеттігі;
-
бухгалтерлік кітаптар мен есептілікті көрсетуді талап ету өкілеттігі;
-
қаржы және басқа мәселелер бойынша сарапшылар қызметтеріне жүгіну өкілеттігін арбитраждық органдарға тергеу жүргізу өкілеттіктерін беру көзделеді.
Бұл өкілеттіктер тәжірибеде тараптардың бірінің өтініші бойынша пайдаланылуы мүмкін, дегенмен олар арбитраждық органның бастамасымен де пайдаланылуы мүмкін.
Арбитраждық органнан шығарылған шешімнің негізділігін талап етудің де қажет болуы мүмкін. Егер шешім орындалуға міндетті болып табылса, оның негізділігі дау тараптарының оны қабылдауына жәрдемдеседі, сондай-ақ дауды реттеудің аса қанағаттанарлық негізін қамтамасыз етеді.
Арбитражды, оның ішінде мәжбүрлі арбитражды пайдаланудың басты себептерінің бірі – заңдық рәсімдермен байланысты кедергілер, атап айтқанда, арбитраждық шешімге шағым жасау мүмкіндіктерінен сақтану. Осыдан сақ болу үшін көптеген елдерде мүдделер туралы даулар бойынша шығарылған арбитраждық шешімдер түпкілікті болып табылады және шағымдануға жатпайды.
Еңбек арбитражының төрағасын тараптар арбитраж мүшелері қатарынан сайлайды.
Еңбек арбитражы ұжымдық еңбек дауын ұжымдық еңбек дауы тараптары өкілдерінің міндетті түрде қатысуымен, ал қажет болғанда басқа да мүдделі адамдар өкілдерінің де қатысуымен қарайды.
Дауды қарау рәсімін еңбек арбитражы белгілейді және ұжымдық еңбек дауы тараптарының назарына жеткізеді.
Еңбек арбитражының шешімі құрылған күнінен бастап күнтізбелік жеті күннен кешіктірілмей арбитраж мүшелерінің қарапайым көпшілік дауысымен қабылданады. Еңбек арбитражы мүшелерінің дауыстары тең бөлінген кезде төрағаның дауысы шешуші болып табылады. Шешім дәлелді әрі жазбаша түрде болуға және оған арбитраж мүшелерінің барлығы қол қоюға тиіс.
Өзін өзі бақылаудың сұрақтары :
1. Арбитраждық келісім.
2. Арбитраждық келісім мақсаты
3. Арбитраждық келісім түрлері
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
1. Комаров А.С. Правовые вопросы товарообменных сделок.М.,1994.
2. Лукашук И.И. Стороны в международных договорах. - М., 1996.
3. Розенберг М.Г. Заключение договоров международной купли-продажи товаров. М., 1991.
4. Садиков О.Н., Краснова Н.Л. Исковая давность в МЧП/ Российский ежегодник международного права.1992.
5. Шатров В.П. Международное экономическое право. - М., 1990.
6. Шмитхофф К. Экспорт: право и практика международной торговли.М.,1993
3.Практикалық сабақтың құрылымы
Тақырып 1. Халықаралық сауда құқығының (ХСҚ) ұғымы
1.ХСҚ түсінігі мен қайнар көздері.
2.ХСҚ субъектілері.
-
ХСҚ объектілері.
-
Бағалы қағаздар жіктелуі және олардың ХСҚ- мен реттелуі.
-
Интеллектік қызмет және оның құқықтық реттелуі.
-
ХСҚ тарихы.
Өзін өзі бақылаудың сұрақтары
Достарыңызбен бөлісу: |