Периодонт қабынуын консервативті-хирургиялық әдіспен емдеу.
Периодонттың қабынуын емдеу шараларының ішінде консервативтік әдістің жақсы қалыптасқанына қарамай, оның әлі де әлсіз жақтары бар. Себебі кейбір түбір өзектерін өту және кеңейту мүмкіндігі болмағандықтан (жақсы ұлғайған адамдар тістерінде және түбірлер қисық кезде), жүргізілген емдік шаралар жақсы нәтиже бере қоймайды. Бұл кезде консервативті-хирургиялық әдістерді қолданады. Бұл әдістер көбінесе жас адамдардың өте бағалы деп саналатын тістерін (ас шайнауға, косметикалық толыққандылықты сақтауға, протез қоюға керек тістер) толық немесе жартылай сақтауға мүмкіндік береді. Бұл әдістердің төмендегідей түрлері бар: түбір ұшын резекциялау (резекция верхушки корня), сауыт түбірлік сепарациялау (коронорадикулярная сепарация), гемисекциялау және түбірді ампутациялау (генисекция и ампутация корня), тісті қайта отырғызу (реплантация зуба).
Аталған емдеу әдістерін қолданар алдында емделетін тістің барлық өтетін өзектерін эндодонттық аспаптармен кеңейтіп, дәрілермен өңдеп, пломбылап алады. Бұл әдістерді орындау тәсілдері хирургиялық стоматология сұрақтарын қамтитын оқу құралдарында кеңірек берілген.
Достарыңызбен бөлісу: |