Периодонттың қабынуын бір қабылдауда емдеу.
Соңғы жылдардағы периодонттың созылмалы қабынуын емдеу әдістерінің жетілдірілуі қабылдау санын қысқартып, емдеу шараларын бір-ақ қабылдауда жүргізуге жәненәтижелі аяқтауға мүмкіндік туғызды. Бір қабылдауда көбінесе біртүбірлі тістер емделеді және абсолютті көрсетілімі – жыланкөз болуы. Емдеу барысындатүбір өзегін пломбылағаннан кейін өршу үрдісі дамыса, периодонтта жиналған жалқық жыланкөз арқылы сыртқа шығып кетеді және мұндай жағдайда қабынудың өршу белгілері сирек орын алады.
Емдеуді бір қабылдауда жүргізген кезде жоғарыда көрсетілген шаралар (ұлпа ыдырандысын алу, түбір өзегін эндодонттық аспаптармен және антисептиктермен өңдеу, түбір ұшы тесігін ашу, түбір сыртына емдік препараттар шығару, түбір өзегін пломбылау) тісі сырқат адамды бірінші қабылдауда жүргізіледі. Егер жүргізілетін емдік шаралардың көлемі үлкен болса (ертеректе пломбыланған өзекті ашу, өте тар өзекті кеңейту сиқты) әрекеттер қажет болса, оның біраз бөлігін келесі қабылдауға қалдырады.
Бір түбірлі тісті бір қабылдауда емдеу әдісін периодонттың созылмалы қабынуының өршуі кезінде ауыспалы қатпарда тілік жасауды қажет ететін жағдайдада жүргізуге болады. Уақытша жансыздандыру әдісін қолданып барып түбір өзегін жоғарыда көрсетілгендей өңдеп, толтырып, тіске пломбы қойғаннан кейін, ауыспалы қатпарға тілік жасайды және дренаж қояды (жалқықтың кедергісіз шығуын қамтамасыз ету үшін).
Егер тісі сырқат адам тіс ауыруы әсерінен шаршаған және әлсіреген болса, бірінші қабылдауда тек периодонттағы жалқықтың шығуын қамтамасыз етіп, жалпылай ем тағайындайды.
Қалған емдеу шараларын өршу белгілері басылған соң, келесі қабылдауда аяқтайды.
Периодонттың созылмалы қабынуын бір қабылдауда емдеуді өзектері жақсы өтетін және өтуге болатынкөптүбірлі тістерде де жүргізуге болады. Бұл кезде түбір өзектерін пломбылау алдында калий иодидінің ертіндісімен электрофорездеу әдісін жүргізіп алған тиімді болады.
Түбір өзектерін пломбылағаннан кейін кейбір жағдайларда созылмалы қабынудың өршу белгілері байқалуы мүмкін. Бұл кезде ауыспалы қатпарға кортикостероидтар мен антибиотиктерді қосып енгізуге болады (0,1 мл гидрокортизонды новокаиннің 2% 2 мл. ертіндісіне (2 мл) қосады.
Ескерте кететін жағдай, периодонттың созылмалы қабынуын емдеген кезде түбір ұшы тесігін ашу немесе кеңейту шаралары (түбір ұшы аймағындағы қабыну ошағына емдік препараттар шығару үшін) периодонттың созылмалы гранулденіп немесе гранулемаланып қабынуы немесе олардың өршуі кезінде қолданылады. Периодонттың созылмалы фиброзды қабынуы кезінде түбір ұшы тесігін ашып кеңейтудің қажеті жоқ.
Достарыңызбен бөлісу: |