1.2 Мектеп жасына дейінгі балалар дамуы бұзылуының негізгі түрлері
Қазіргі таңда мектеп жасына дейінгі балаларға арналған түзету педагогикасы мен арнайы психологиясының теориясы мен практикасы қарқынды дамып келеді. Медицина- психолгия педагогикалық қызметтердің алдында тұрған міндет ол, түзету тәрбиелік дамытушылық және емдеу профилактикалық ықпалдардың көрсеткен жеке дара бара-бар іс- шараларын анықтау үшін, әр баланың психикалық даму ерекшеліктерін тереңдете зертеу.
Баланың өзекті мүмкіндіктерін анықтауға бағытталған экстрес- диагностикалық әдістер мен тәсілдер әзірленуде сондай-ақ болжамалы жоспарлау бойынша, баланың жақын арадағы даму аясын анықтауда маңызды (мәселе баланың нені біліп, нені оқитындығын ғана анықтау емес, сондай-ақ тиісті көмек көрсетілген жағдайда нені игере алатындығын анықтауда маңызды).
Педагогика мен арнаулы психологияда міндетті түрде даму ауытқына ұшыраған балаларға түзету – психологиялық әсер етудің жаңа да тиімді әдістерін іздестіруге мәжбүр.
Психогенетиканың дамуына байланысты аталмыш әдістер қарқынды ғана емес, сондай- ақ нәтижелі сипат танытуда.
Қазіргі кезде мектепке дейінгі түзету педагогикасы мен арнайы психологиясының түрлі салаларының дамуы, елеулі табыстарға қол жеткізіп отыр. Көптеген ғылыми жұмыстар, зияткерлігі көру, есту қабілеттері, тілі, эмоциялық жігері, іс – қимыл аясы бұзылған балаларға арналған. Дамудың түрлі ауытқуларына ұшыраған балалардың айрықша ерекшеліктерін сипаттайтын мол айғақтар жинақталды және мектепке дейінгі түзету тәрбиесімен оқытудың әр тараулары бойынша әзірленген әдістемелік материалдардың да легі молшылық.
Балалардың даму барысындағы түрлі ауытқулардың құрылымы мен жаратылыстарын талдап, зерттеу жалғасуда және баланың бойындағы ақауға барабар (адекватно) келетін әсер етудің түрлері зерделенуде.
Психикалық іс-әрекеттердің неше түрлі нысандарының жалпы жаратылысы дәйектелді, онтогенездің түрлі кезеңіне сай ең жоғарғы психикалық функциялардың жүйелі сипаты анықталды, осы буындылығы мен баланың қимыл ептілігі деңгейін анықтауда айқындалады, бала дамуындағы ауытқулардың түзетілуі мен қалпына келтірудің жолдары мен түрлері, тетіктері белгіленді.
Тіл ақауын және басқа іс-қимылды процессуалдық, симтомологиялық, ауытқуларды әр деңгейде талдай отырып, деңгейлік зерттеудің түрлі бағыт бағдарын қалыптастыру жүйеге келтірілді. Аталмыш бағыт бағдарларға сүйене отырып, бала тілінің ақауы, айрықша ирархиялық іс-әрекет ретінде қаралады. Тілден туындаған сөйлемдердің негізінде, мотивациялық, мазмұндық тілдік және сенсоматорлық сияқты бірнеше буындарға бөлінеді. Бала дамуының ауытқулары ерекшеліктеріне сәйкес, аталмыш буындардың, біреуі немесе бірнешеуінің қалыптасуы да мүмкін. Басқа да іс-әрекеттер сияқты, тілде өзінің дәлдігімен мақсаткерлігі және белгілі бір құрылымы сипатталады.
Тіл сөйлеуінің жүйесінде бір немесе бірнеше буындар бұзылуы мүмкін. Сол себепті түзету психологиясы сол ақауды қалпына келтіру мен шұғылданады.
Тіл сөйлеуін туындату үшін, баланың өз ойын тіл арқылы білдіру үшін оған себеп туғызу керек, бала өз тілінің іс-әрекетінен туындайтын нәтижеге ынталы болуы қажет, сөйлеу жоспары (бағдарламасы) әзірленуі тиіс лексика, іріктеу, таңдау арқылы таңдалынылуы тиіс, себебі, тақырыпты таңдау – тақырыпқа сәйкес лексиканың мағынасын ашады, ал семантикалық таңдау – нақтырақ айтқанда дұрыстау, сөйлеуді жүзеге асыру үшін граматикалық құрылым болуы керек және тілдің сөйлеу кезінде мұқият қадағалау қажет. Сайып келгенде тіл сөйлеуі дегеніміз – тіл операциясымен сөйлеудің іс-әрекеттері болып табылады. Тілдің бұзылуы барысында оның кемшіліктері анықталады.
Сөйлеудің жетілмеуі баланың психикалық дамуына кері әсер етеді, оның қоршаған ортамен қарым-қатынасын қиындатады. Тілдің бұзылуы іс жүзінде бала дамуы ауытқуларының барлық түрлерінде кездеседі. Мысалы, ақыл – ой кемдігі, психикалық дамудың кешеуілдеуі, балалар церебральды сал болуы, есту, көру қабілеттерінің бұзылуы кездерінде. Әйткенмен жоғарыда көрсетілген ауытқулардың әрқайсысы, сөйлеу кезінде өзіндік сипаты мен айрықша құрылым күйінде болады. Әр ауытқудың жаратылысына сәйкес түзету, психологиялық әсер ету жүйесінің ерекше түрін қолдану, талап етіледі. Ауытқулардың дамуы әрқилы жеке-жеке бірнеше ғылыми еңбектерде терең талданған (Е.М. Мастюков, В.Л. Петров, Л.С. Волков, С.Г. Шевченко, Р.И. Лалаев және тағы басқалар).Психолог мамандардың кеңес берулерінде және мектепке дейінгі балалар мекемесіндегі мамандар бала дамуындағы әр-түрлі бұзылулардың түрлерін деференциялды диагностикасынан хабардар болуы жаңа психологиялық емдеу әдістерін меңгеріп, түзету жұмыстарын жүргуде [7-181].
Мектепке дейінгі кезеңдегі дамуында ауытқуы бар балаға кешенді (комплексті) психо – педагогикалық түзету қызметі методологиялық принциптер негізінде іске асады. Бұл принцип жүйелі, жұмыста бір ізді деференцияланған және балаға жеке тұлғалық, қолайлы принцип болып табылады. Келесі бір құнды принцип – антогенетикалық принцип, бала дамуының кезеңін, баланың психо-физикалық ерекшелігін, бұзылыстың қалыптасуын түсіндіреді. Бұл принцип түзету қызметінен бағыт алып, жеке тұлғалық сөйлеудің бұзылуы, сенсорлық бұзылу эмоционалды кемістік бұзылыстарындағы, жеке өзіндік даму негізінде толық қанды тіршілік иесінің дамуын көрсетеді.
Баланың көру, есту жүйелерінің толық дамуы оның маңызды мәләметтерді табиғаттан алуға кері әсерін тигізеді, бұл психологиялық және сөйлеуге деген әркеттерін тежеейді, әсіресе бала жас кезінде көзі көрмей қалса және құлағы естімей қалса. Ойлау қабілетінің төмендігі мен психологиялық дамуы, көру және есту жүйелерінің зақымданған уақыты мен дәрежесіне байланысты жүйелерінің зақымдануы баланың жас кезінде болса баланың ойлау, көру қабілеттері де сол қалпынан кеш дамиды. Бұл компанентердің көру, есту, ойлау қабілетерінің дамымауы абстактылық – логикалық ойлануында өзінің кері әсерін тигізеді.
Көзін уақытында емдетсе интелектуалды дамуы қалыпты болады. Баланың көру, есту, сөйлеу, мүшелерінің бұзылуы салдарынан баланың ақылы да дамымайды.Көздің- құлақтың ақауларынан баланың жүйкелік- психологиялық жүйесі де бұзылады.
Көзі жақсы көрмейтін немсе соқыр балалардың білімдері шектеулі болады, қоршаған ортаны толық түсінбейді.Көзінің дұрыс көрмеуі баланың басқа балалармен араласып ойнауына кедергі келтіреді.
Нашар көретін балалардың психологиялық жағдайы микросоциалдық жағдайға байланысты, жалпы ойлауы және сөйлеу қабілетіне де байланысты.
Мектепке дейінгі жастағы балалардың дұрыс сөйлей алмауы көптеп кездеседі. Бұлардың ішінде үйде сөйлесу кезінде нақты бір тілде сөйлесудің салдарынан, балалр әр – түрлі тілдегі әр – түрлі дыбыстардан шатасып, дұрыс сөйлей алмайды. Ана тілдің жанұяда қолданылмауы да үлкен әсер етеді. Баламен сөйлескенде әрбір әріпті нақтылап анық айтып сөйлеу қажет. Бес жасқа дейінгі балаларды әр – түрлі физологиялық ерекшеліктер байқалады, сол үшін жылжымалы артикуляциялық аппаратты қолданады.
Дыбыс қабылдау (есту) жүйесінің бұзылуы - дислолия деп аталады. Психикалық дислолия, артикуляциялық аппараттың құрылымы бұзылуы мен, дұрыс естудің бұзылуымен анықталады. (Жоғарғы және астыңғы жақтырдың бір – біріне дұрыс отырмауынан, орталық сызықтық жақтың ортасына келмеуінен, тілдің кіші немесе мөлшерден тыс үлкен болуынан дауыс анық шықпайды). Бұл жағдайда тіс дәрігерінің кеңесіне жүгіну қажет.
Жалпы балаға педагогикалық сабақтардың берілмеуі салдарынан да сөйлеуге қиналады.
Дизертрия - бұл дыбыс жүйесінің бұзылуы, орталық нерв жүйесінің жұмыс істемеуі нәтижесінде болады.
Мектепке дейінгі балаларда псевдобульварная дизертрия кездеседі бұл псевдобулварлықпараның нәтижесінде ішкі утробтың, табиғи өмірлік нерв жүйесінің зақымдануы болады.
Балалар дизертрияға шалдыққанда анық таза сөйлей алмайды. Медециналық жағынын бұл ауруды коррекциондық педагогикалық болып келеді. Бұл жолмен мамандар медециналық операция жасайды.
Сөйлеу қабілетінің ауыр, қатты бұзылуы ринолалия деп аталады. Бұл топқа дуыс шығару жүйесінің бұзылуы, дауыстың анық шықпауы жатады. Баланың сөзі біраз уақытқа дейін түсініксіз болады.
Нашар еститін бала дауысты естімейді, ал сенсорлық алали балалардың дауыстары әдеттегідей болады. Нашар еститін балалардың тәрбиесін дұрыс жолға қою қажет. Алалиалық науқас балаларды уақытша пункционалдық сөйлеуі көптеген балалардан ажырату қиын. Бұларға қатысты соцалдық себептер мыналар – балалар үйде тәрбиеленуші балалар, ұзақ уақыт ауруханада болу.
Алалия кезінде науқас баланың есте сақтау, қабілеті, оптика – пространстволық жетіспеушілік, жоғарғы психологиялық процесстерге көңіл бөлмейді. Ары қарай баланың өсіп жетілуіне орталық нервтік жүйесінің зақымдануынын ұзақ уақыт сөйлей алмайды, кейде өмір бойына сөйлей алмайды. Ақылы кем балалар псхологиялық тұрғыдан дамымайды. Сенсорлық даму – сезім мүшелерінің дамуы, түсіну, қабылдау миының көмегімен барлық әрекеттерге , дыбастарға сараптау жасйды.
Толық функционалдық сезім органдардың және матораларының толық психологиялық дамуына тигізер әсері көп. Баланың психологиялық тұрғыдан толық дұрыс дамуына қоршағаан ортасы да әсер етеді.
Сенсорлық алали және нашар еститін балалар үшін –диференциалдық диогнстиканың теориалық және практикалық кмегі өте көп. Осы апараттың көмегімен анықталған нәрсе бұл дыбысты нашар еститін балалар дыбысты естімегеннен емес оны дұрыс түсініп естімегеннен болатынын анықтаған.
Сенсорлық алалиалық науқас баланы тексеру қиын. Аудио метриалық аппараттың көмегімен 8-10 рет тексеру қажет.
Сенсорлық алалиалық науқас пен нашар еститін балалар ету аппарттарнын қолдана алмайды. Олардың құлақтары ауырады, бастары ауырады. Аппаратпен естіген дыбыстар оның нерв жүйелерін қоздырады. Бұл жағдайда бала өзі сөйлемейді немесе аз және дұрыс сөйлшемейді.
Есту қабілетінің төмендеуі балана мектепте оқутуда белгілі қиындықтарды шақыруы мүмкін, әсіресе сауат ашу кезінде. Көру қабілеті төмен (нашар) балалар кітап жолын көрмейді, кескін бойынша ұқсас көрінгендерді шатастырады. Хал-жағдайына тең емес талаптар баланы тез шаршатады, кәдімгі мектеп жағдайында оқытуды нәтижесіз болады, оның жалпы күйін шаршатады.
Ақылы кекшуілдеп дамыған мектеп жасына дейінгі балалар ойлрын нақты айта алмайды, өмір сүруге деген қабілеттілігі төмен деңгейде болады. Бұлардан байқалатыны өмірге ықыласы төмен, жүйесіздігі, есте сақтау қабілетінің нашарлығы байқалады.
Сөйлеу мәнері дамымаған, фонетика-фонематикалық және лексико-грамматикалық жақтары төмен дамыған болады.
Ақылы кешуілдеп дамыған балаларда сөз құрастыру мәнері жай жұмыс істейді, нақты қалыптасқан жағдайды қалдау жүйесі баяу жай және анық емес түсінеді. Бала ұзақ уақыт бойы сұрақ жауап түрінде ғана әңгімелеседі. Бала өзінің не істеп отырғанын өзі түсінбейді және ол үшін жауап бере алмайды. Өзінің қатарындағы жасты балалардан сурет салудан бір нәрсені құрастырудан кейін қалып қояды. Өзі қатарлы балалардан физиологиялық даму деңгейінен де қалып қояды.
Интелектілік дамудың көп варианты бар, бұл көлемді гипотиза болуы мүмкін.
Анализ жасау кезінде ақылы дамымаған балаларда сөйлеу мәнері де, дамымайды. Бұл балаларды дұрыс дамыған балалардан айырып тұратын белгі, дұрыс тәрбие көрмегендігі болып табылады. Кейде ойдың дамымауының басты сипаты қоршаған ортаның әсерінен болады.
Ой өрісі дамымаған балалардың дұрыс сөйлей алмауы екі топқа бөлінеді.
1.Олигофрения синдромының симптомы дұрыс сөйлей алмауға келеді. Балаларға дұрыс көңіл бөлмеуден, есте сақтау қабілеті нашар, өз- өзіне деген жауапкершілігі төмен.
2.Олигофрения аясында барлық сөйлеу қабілеті бұзылуы мүмкін интелектуалдық қиындық туғызуы мүмкін.
Дұрыс сөйлей алмайтын ой- өрісі дамымаған балаларда, дұрыс дамыған балаларға қарағанда көп кездеседі.
Алалия мен альмгофренияны ажырату қиын, өйткені дұрыс сөйлей алмайтын балалардың миы толық жетілмеген., диогностикалық көрсеткіштерге сүйенсек алалиалық науқас балалардың олигофрен науқастарына қарағанды мәліметтері көп болады. Алалиалық науқас балалар өзінің жағдайын өзі түсінеді, бірақ өзі тілмен сөйлеп жеткізе алмайды. Ол өз жағдайын түзеткісі келеді, сөйлегісі келеді. Сөйлеу қабілетінің төмен болуы интелектуалдық қабілетін тежейді, бұл екінші фактор болып саналады.
Кей жағдайда балалардың психологиялық дамуының тежелуі (кешігіп дамуы) байқалады(ЗПР). Мұндай жағдайда ақылы жетілмеген балалардың айырмашылығы даму деңгейінде болады, жұмыс істеу қабілеті төмен болады, өзі дұрыс шешім қабылдай алмайды. Фонетика – фонаматикалық және лексика – граматикалық қабылдауы, мәліметтерді дұрыс қабылдауы дұрыс болмайды. Мұндай балалардың өздігінен жұмыс істеуі мен басқа біреудің ықпалымен жұмыс істеуінде айырмашылық көп болады. Балалар көмекті қабылдауға қабілетті болуы және сол көмекті өз пайдасына жаратуы дұрыс шешім. Нақты осы жағдай психологиялық тұрғыдан даму деңгейі тежелген балалармен ой өрісі дамымай қалған балаларды ажыратуға көмектеседі. Психологиялық дамуы тежелген балалардың потенциялдық мүмкіндіктері жоғары.
Балалардың 2-3 жасында қоршаған ортамен, айналасындағы адамдармен қарым – қатынаста болмауы да өте маңызды. Басты белгілері ретінде баланың қиялы өз ойы бойынша қатты ойлануы, ешкіммен әңгімелеспеуі, қасындағылармен қарым – қатынасқа түсуден бас тартуы ойнамау болады. Бұл науқас аутизм деп аталады.
Баланың айналасындағылардың тәрбиесін білім беруін дұрыс қабылдауы да мүмкін. Аутизм салдарынан көру, есту, сөйлеу мүшелері толық дамымауы мүмкін.
Балалардың ми қабыршықтары, орталық нерв жүйесінің дұрыс дамуына аутизмнің тигізер әсері зор. Егер аутизм науқасына шалдыққан балалардың көп жылдар бойына зардап шегуі мүмкін және өмірінің соңына дейін науқас болып қалып қоюы да мүмкін.
Деффектінің ауыр структурасында есту жүйесінің, көру жүйесінің төмен дәрежеде болуына алып кеп соқтырады, соның салдарынан ақыл- есі дұрыс дамымайды.
Психология – педагогикалық айырудың негізгі мәселелері болып ақыл-ойы артта қалуды онымен ұқсас хал-жағдайдан бөлуі табылады.
Бұл мәселелерді жете зерттеуде Т.А. Класова, Т.М. Дульнев, А.Р. Лурия, М.С. Певзнер, Ж.И. Шиф және т. б. дефектологтар үлкен еңбегін сіңірді.
Ақыл-ойы артта қалған балалар үшін мекемелерді іріктеп жинақтауға байланысты әр түрлі айыру мәселесі Копенгаген қаласында 1962 ж. өткен халықаралық конференциясында талқылау болды. Сол кезде-ақ ақыл-ойы артта қалуды айыру кезіндегі тек психометриялық бағалардың жетіспеушілігін айтқан және ақыл-ойы артта қалуды өзімен ұқсас хал-жағдайдан бөлу үшін зерттеу әдістері мен белгілерін өңдеу мәселесі алға қойылды. Әртүрлі айыру кезде қандай хал-жағдайлар нағыз қиындықтар туғызады?
Мектеп жастағы бала ақыл-ойының толық жарамдылығына күдіктік қоюға себеп болып, оның үлгермеушілігі болып табылады. Ол оқыту барысында көзге көрінеді. үлгермеушілікті ақыл-ойы артта қалғандармен теңдестіру тұрпайы және қатерлі теоретикалық және практикалық қате болып табылады. Үлгермеушілік себептеріне зерттеуге арналған З.И. Калмыкова, Н.А. Менчинский, А.М. Гельмонт, Л.С. Славина және т. б. педагогтар мен психологтар жұмыстарында үлгермеушілік көптеген жағдайларында танырлық әрекеттің бұзылуы ескертілмейді, өзгеше себептерден туындайды. үлгермеушіліктің көптеген себептерінің бірі – бұл балалардың мектеп оқуына дайын еместігі, оларға алдыңғы жағдайларының және дағды әрекеттерінің ұйымдастырылмағаны. Балалар бағыну талаптарына үйретілмеген, жұмысты аяғына дейін жеткізе алмаған тапсырма орындау процесінде ұқыпты болмайды. Олар жұмыста жеңілтек мінезді, мақсатсыз. Бала мектепке, сыныпқа оқыту тәрбиелік процесінде аласа сатылық жағдайда (дидактикалық сабақ көзқарастары өзгереді, мұғалімнің педагогикалық маманының кемдігі, оқушылардың жеке ерекшеліктері ескермелуі және т.б.) оның үлгермеушілігі педагогикалық қараусыз қалуына айналуы.
Жиі үлгермеушіліктің себебі, бала өмірінің жанұяда қолайсыз жағдайлардың бақылауы жоқ болуы және ата-аналар жағынан оқуда көмектің, жанұяда келіспеушілік жағдай күн тәртібі сақталмауы. Әсіресе ауыр зардап жағдайлар байқалады, қашан әлеуметтік-педагогикалық сәтсіздік бала өмірінде алдыңғы айлары мен жылдарында орын алады.
Егер ерте және мектепке дейінгі жасында балалар ата-аналарымен, басқада үлкендер мен балалар жағымды сезім байланысудан айырылған болса, олар ұзақ мерзімінде интернат, түрлі мектепке дейінгі мекемелерде болған кезде, осы балалар жалпы хабарлар қоры нашар және шамалы сөздік қоры түсінік, қарапайым қисынды істі тындыру игере алмайтыны көрінуде, психологиялық қараусыз қалу пайда болуы мүмкін. Осы балаларда өздерінің құрдастарына қарағанда білім қоры мен жаңа білім жетістік қабілеттілігі төмен, сондықтан 1-сыныптан олар үлгермеушілер қатарында болып табылады.
Үлгермеушілік баланың жағдайы әлсіздігімен де байланысты болуы мүмкін, ауруының ұзақ қозуы нәтижесінде бала тез шаршайды, ес әлсірейді, мінез-құлқы өзгереді.
Барлық осы жағдайларда үлгермеуді жеңіп шығу үшін, ең алдымен педагогикалық сақтандыру тәртібі өмірде қолайлы жағдай жасау қажет.
Үлгермеудің себептерін анықтап және баланың потенциалды мүмкіншіліктерін дамытып, оларды жою қажет.
Диагностика жағынан өте қиын балалар болып психикалық дамуы кешіккен балалар табылады. Олар оқытудың бірінші жылдары-ақ үлгерімі нашар болып шығады. Қазіргі кезде осы балалар дәрежесі клиникалық және психолого-педагогикалық жағынан да терең және жан-жақты зерттелген. Бұл жерде біз негізгі қасиеттері мен шығу тегіне толық тоқталмаймыз, дамуы кешеуілдеген балалардың психикалық іс-әрекетінің ерекшеліктерін дифференциалды диагностика үшін нақтысын көрсетеміз.
Шығу тегіне байланысты (мидың, құрылыстық саматогендік, психогендік), бала ағзасына психика дамуының зиян себептерінің әсер ету уақытына байланысты, психика дамуының кешеуілдеуі сезім-ерік ортада және таным әрекеттерінде ауытқулардың әртүрлі түрлерін тереді.
Психика дамуының кешеуілдеуінің миға байланысты пайда болуы хромосомдық бұзылуларында, ішкі жатырлық жарақаттары, босану жарақаттары кезіндегі пайда болуы басқаларына қарағанда көбірек кездеседі және ақыл-ойы артта қалудан қорғау үшін көптеген қиындықтар көрсетеді.
Дефектологтардың (В.И. Лубовский, К.С. Лебединская, М.С. Певзнер. Н.А. Цыпина және т.б.) зерттеулерінде психика қызметтерінің біркелкі емес қалыптасатыны орын алатыны көрсетілген. Бұл жерде зақымдануы да және психика бөлек процестерінің жетілмегені де көрсетіледі. Олигофренияда жаппай және төменнен жоғарыға дейін зақымданулар сай.
Психикалық процесстер мен психика дамуының кідіруі бар балаларды оқуының мүмкіндіктерін зерттеген ғалымдар (Т.В. Егорова, Г.И. Жаренкова, В.И. Лубовский, Н.Д. Цыпина, С.Г. Шевченко, У.В. Ульенкова және т. б.) олардың таным, тұлғалық ерік-сезім ортада және мінез-құлқында өзгеше ерекшеліктер қатарын тапқан.
Психика дамуының кідіруі бар балалардың келесі негізгі қасиеттері көрсетіледі: жоғары әлсіреуі, соның нәтижесінде жұмыс қабілетінің төмендеуі, сезімдердің жетілмегені, еріктің әлсіздігі, психикалық ауытқу мінез-құлығы жалпы мәліметтер мен танымдардың жарамсыз қоры, нашар (кедей) сөз қоры, дыбыс талдау қиындықтары, ойлау әрекет дағдыларының қалыптасуында көрініс береді.
Ойын әрекеттері (қимылдары) толық қалыптаспаған. Түйсігі жай қабылдаумен ерекшеленеді. Ойлауында сөз-қисын қызметтерінің жеткіліксіздігі байқалады. Тапсырманы көрнекілік түрінде көрсетсе, оын орындау сапасы біраз жақсарады. Психолого-педагогикалық тексеру кезінде ойлау дамуының деңгейін бағалау үшін бала жұмысының нәтижелерін сөз-қисын және көрнекілік метариалдармен салыстыру керек.
Осындай балаларда жадының барлық түрлері, еске сақтау үшін көмекші құралдарды қолдану.
Мәліметтерді қабылдау және қайта өңдеу үшін өте ұзақ уақыт қажет етеді. Назар аударуы тұрақты емес.
Бұдан басқа, өз-өзін бақылау дағдысы төмен. Ол әсіресе іс-әрекет, қызмет процесінде көрінеді. Мектеп оқыту басында осындай балаларда негізгі ойлау қызметтері қалыптаспаған – синтез, талдау, салыстыру, жалпылау. Олар есеп шығарғанда есеп шешу бағытын білмейтін, өз әрекеттерін жоспарламайды, есептің шартын сақтай алмайды. Ақыл-ойы артта қалғандарға, оларда өте жақсы оқуға ынтасы бар, көмекті жақсы пайдаланады және ұқсас есептерді шығарғанда көрсетілген шығару амалын пайдалана алады.
Оқу, жазу, есептеуді зерттегенде олар ақыл-ойы артта қалғандар сияқты қателер жібереді, бірақ оларда сапа жағынан айырмашылықтары бар. Психика дамуының кідіруі (ПДК) бар балалар кітап оқу тәсілін нашар болғанда оқығанды әрқашан түсінуге тырысады, егер, керек болса, қайталап оқиды. Ақыл-ойы артта қалғандар түсінуге ынтасы жоқ, сондықтан олардың түсінік айтуы тиянақсыз және қисымсыз болуы мүмкін.
Жазу кезінде көркем жазуы қанағаттанарлықсыз дағдысы, ұқыпсыз көрсетеді. Бұл мамандардың ойы бойынша, қимылдың жетілмегендігімен, кеңістік түсінумен байланысты.
ПДК бар балаларға дыбысты талдау қиын. Ақыл-ойы артта қалғандарда бұл кемшіліктері одан да қатты білінген.
Матемаикада сандардың құрамын меңгеруде қиындықтар орын алады, ондықтарды асып санауда, жанама сұрақтары бар есептерді шығаруда және т. б., бірақ ақыл-ойы артта қалғандарға қарағанда бөлек нәтижелі болады. Осы ескере отырып, дифференциалды диагностикада балаларды тексеруін оқыту-ғылыми тәжірибе түрінде тұрғызу қажет.
Психика дамуының кідіруі бар балалардың кейбір ерекшеліктері осындай. Оларды жиі медициналық (дәрігерлік) – педагогикалық комиссиясына жібереді.
Ақыл-ойы артта қалғандармен көрінген ұқсастығы талдама қызметтерінің бұзылу кезінде де болуы мүмкін. Бұл бұзылулар балалардың таным әрекеттерінде нақты бір қиындықтар туғызады, ол мектеп жағдайында үлгермеушілікті туғызады. Сондықтан бұл бұзылуларды ақыл-ойы артта қалғандардан айыру маңызды мәселе болып табылады.
Көру және есту кемістігі бар балалар жай жағдайларды әлсіз болып қалады, ақыл-ойы артта қалғандардың әсерін келтіреді. Бірақ естуі нашар балаға қисын түрінде есеп берілсе, одан толық естуін талап етпейік (топтастыру, себеп-салдар байланыстар есепке алып суреттерді жаю), ал нашар көретінге осыған сай ауызша тапсырмалар берілсе, онда олар оны орындай алады. Талдама бұзылумен пайда болған хал-жағдайларда ақыл-ойы артта қалғандардан айыру кезінде артта қалуда басты болатынын анықтау қажет: ақыл-ойы артта қалу алдыңғы немесе бірінші кемістік болып табылады, ал есту көрудің төмендеуі оған жай ілеседі немесе артта қалу талдама қызметінің бұзылу нәтижесінде болды. Талдама зақымдануының уақытын есепке алу қажет. Ауру процессі ерте пайда болса, онда зардабы қиынырақ түседі. Диагнозға байланысты баланың қандай мектепте оқитындығы туралы шешім қабылданады.
Одан басқа, ауызекі тілінің бұзылуы бір дені ау балаларды ақыл-ойы артта қалғандардан айыру өте маңызды болып табылады. Ауызекі тілінің бұзылуы оларға сай қасиеттерінің бірі болып табылады. Зақымдану уақыты мен күшіне және ашық көрсетілгеніне байланысты әр түрлі дәрежесі бар ауызекі тілінің әр түрлі бұзылулары бәріне белгілі. Бұл ақыл-ойы дұрыс балалар, бірақ олар оқу, жазуды меңгеруде қиындықтар көреді және де кейбіреулерінде ауызекі тілінің жалпы жетілмегендігі байқалады. Сақталған есту талдама бойынша бұл балаларда фонетикалық есту қабілеті кем болады. Ол оқу кезінде қиындықтарға әкеледі (қаратпа ауызекі тілді нақты қабылдамайды, ұқсас дыбыстарды бөле алмайды, сондықтан дыбыс-әріпті талдауға қиын және т. б.). Фонетикалық есту қабілетінің ауыр бұзылуларында бүкіл ауызекі тіл қызметтерінің жетілмегені болады. Сауатты болуға сөйлеу бұзылуы да әсер етеді. Логопедиялық тексеру жүргізгенде осы бәрін есепке алу керек.
Ауызекі тіл бұзылуы бар балалардың ақыл-ойының сақталуы ауызекі тілінің қатынасын керек етпейтін тапсырмаларды орындағанда анық білінеді («тілсіз» нұсқалары бар көрнекілік әдістемелер) бұл балаларда еті тірі, теңбе-тең (біркелкі) мінез-құлық. Осы қасиеттерімен олар ақыл-ойы артта қалғандардан ерекшеленеді.
Таным қызметінде осы айтылған уақытша қиындықтар және орталық нерв жүйесінің бұзылуларына мектеп пен жанұяның назары аударылмаса, онда ақыл-ойы артта қалумен теңдестірілетін психо-педагогикалық қараусыздыққа әкеледі.
Жетілмеу, баланың эмоционалды-еріктік ахуалына көбінесе әсер етіп, олардың еңбекке және әлеуметке бейімделуіне кедергі жасайды. Балардың эмоционалды-еріктік жетілмеуі олардағы сексуалдылықтың пайда болуымен байланыстырылады. Мектеп жасындағы үлкен балалардың ойын-ойнауға құмарлығы, ерік күшінің әлсіздеу болуы да эмоционалды еріктің жетіспеуін-ен болады. Баланың көңілі мен белсенділігі ғана қарастырылмайды, сонымен қатар қимыл-қозғалысының кідіріп қалуы, эмоционалды тұрақсыздығы және ойын әрекетіндегі енжарлығы да ескеріліп отырылады.
Психикалық инфантилизм кезінде баланың мінезі жағымсыз күйде болады. Бұл күйлер 3-ке бөлінеді:
1) невропатиялық вариант;
2) балалардағы психикалық инфантилизмнің ауыр түрде дамуы;
3)церебральды параличтері бар оқушылардың психикалық инфантилизмдерінің ауыр түрде дамуы және отандық психиаторлар (Г.Е Сухарева,С.С. Мусслим т.б.) көрсеткендей органикалық инфантилизм дамуы.
1-ші түрдегі неврапатия кезінде баладан вегативтік функцияларында-ғы нервтік жүйесінің тұрақсыздығын байқаймыз . Неврапатиясы бар балалар сезімтал әрі әсер еткен нәрселерге тез қозғыш болады. Олар көбінесе эмоци-оналды қозғыш, жүдегіш және қылық-әрекеттері тежегіш болып келеді. Барлық жаңа нәрселерден тез қорқатын мұндай баланың бет жүзінен-ақ, әлсіз екендігін байқауға болады. Психикалық инфантилизмнің невропатиялық түріндегі ми ауруымен ауыратын балалар өз күштеріне сенбейді, әрдайым үрейленіп, өз бетімен жұмыс атқара алмайды. Бұл балалар материяға аса жақын, жаңа нәрселерге тез бейімделеді және мектепке әрең үйренеді. Мектепке дейінгі кезеңде олардың көбісінің жасқаншықтығын, қорқақтығын анықтау үшін бақылау жүргізіледі. Сонымен қатар баланың қаншалықты өзін бағалайтындығы мен мотивация деңгейі де бақыланылады. Осы нәрселердің барлығы баланың бойында болса, бұл бала өмірге, мектепке, тіпті қоршаған ортасына деген көзқарасын өзгертеді.
Достарыңызбен бөлісу: |