Пікір жазғандар: филология ғылымдарының докторы, профессор Г. Е. Надирова



Pdf көрінісі
бет10/119
Дата23.06.2022
өлшемі2 Mb.
#459437
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   119
Авакова фразеосемантика

Авакова Р.А. Фразеосемантика
20
және т.б. мағыналық-тақырыптар екшеленіп, олардың көп мағыналық, 
омонимдік синонимдік, антонимдік, варианттылық қатарлары ерекше 
фразео логиялық категория ретінде зерттелді.
5. Фразеологизмдердің жеке категориялары
1
.
Фразеологиялық бірліктердің белгілі бір сөз табына қатысын тіркестегі 
сөздердің грамматикалық сипатына қарап танып білуге болатыны белгілі. 
Фразеологизмдердің қай сөз табына қатыстығын анықтау үшін, негізгі сөз 
бен жалпы тіркестен туындайтын мағынаны салыстыру арқылы бағалауға 
болады. Бұл мәселе қазақ фразеологиясында жан-жақты зерттелген. ХХ 
ғасырдың 50-жылдары фразеологизмдердің зерттелуі қазақ тіл білімінде 
болсын, жалпы отандық лингвистикада болсын осы екі тұрғыдан зерттелді. 
Сөз табының қатысына қарай фраземалар есімді, етістікті, сан есім, сын есім, 
үстеу мағыналы деп сөз таптары топтастырылып, олардың морфологиялық, 
синтаксистік және лексика-семантикалық ерек шеліктері талданылды.
6. Фразеологизмдердегі диалектілік ерекшеліктер
2
.
Фразеологизмдердің жергілікті ерекшеліктері мен олардың диа-
лектілерге қатысы жөнінде жеке еңбектер саны көп емес. Олар көбінесе 
жалпы диалектологиялық зерттеулер мен жергілікті ерекшеліктерді 
саралағанда солардың құрамында қарастырылады. Аз да болса кейінгі жыл-
дары Қ. Қалабаеваның зерттеу еңбектерінде, Қытай қазақтарының тіліндегі 
тұрақты тіркестердің жергілікті ерекшеліктерін зерттеуші С. Мұстафаұлы 
еңбектерінде көрініс тапқан. 
7. Фразеологизмдердің этнолингвистика тұрғысынан зерттелуі
3
.
1
 Байталиев А. Проблемы ограничения именных фразеологических единиц сходных 
с ними явлении в казахском языке. Автореф.дис. ...канд.филол.наук. – Алма-Ата, 1956; 
Жайсакова Р. Семантико-грамматическая структура фразеологизмов в казахском языке. 
Автореф.дис. ...канд.филол.наук. – Алма-Ата, 1956; Таева Р. Фразеологические единицы 
типа «определение + определямое» в современном казахском языке. Автореф.дис.канд.
филол.наук. – Алма-Ата, 1983; Байталиев А. Қазақ тіліндегі есімді фразеологиялық 
тіркестердің күрделі сөздер мен еркін тіркестерден айырмашылығы жөнінде //Қазақ 
тілі мен әдебиеті, 3-шығуы. – Алматы, 1973. – 90-96 бб.; Оразбаева Ф. Фразалық сөз 
тіркестерінің сын есімдермен синонимдес болуы //Қазақ тілі мен әдебиеті, 6-шығуы. – 
110-115 бб.; Елешова А. Сан есімдер тіркесінен фразеологиялық единицалардың құрамы 
жөнінде //Қазақ тілі стилистикасының мәселелері. – Алматы, 1987. – 37-44 бб.; Сарбасова 
Қ.Б. Қазақ тіліндегі етістікті фразеологизмдердің лексика-семантикалық сипаты. Филол. 
ғыл. кандидаты ғылыми атағын алу үшін дайын.дисс. автореф. – Алматы, 1998 және т.б. 
2
Қалыбаева Қ. Қазақ тіліндегі диалектілік тұрақты сөз тіркестері. – Алматы, 1997; Қалиев 
Ғ. Қазақ говорларындағы диалектілік сөз тудыру. – Алматы, 1985; Мұстафаұлы С. Қытай 
қазақтары тіліндегі тұрақты тіркестердің жергілікті ерекшеліктері // ҚазМҰУ хабаршысы. – 
Филология сериясы. – 2001. –№16(50). – 56-60 бб.
3
Қайдар Ә. Қазақ тілінің өзекті мәселелері. – Алматы, 1998; Ә. Қазақ тілінің өзекті 
мәселелері. – Алматы, 1998; Копыленко М. Основы этнолингвистики. – Алматы, 1995; 
Манкеева Ж.А. Мәдени лексиканың ұлттық сипаты. – Алматы, 1997; Смағұлова Г.Н. 
Мағыналас фразеологизмдердің ұлттық-мәдени аспектілері. – Алматы, 1998; Авакова 
Р.А. Фразеологиялық семантика. – Алматы, 2002; Рысбаева К.Қ. Қазақ тіліндегі культтік 


21
Фразеология: әдістері және ұлттық психологиялық табиғаты
21
ХХ ғасырдың соңында пайда болған, этнос пен тілдің шегінде ғылым 
ретінде қалыптасқан этнолингвистика ғылымы қазақ тілі лингвистикасын-
да да өз дәрежесінде зерттелуде. Бүгінгі таңда академик Ә. Қайдар мен 
оның шәкірттері лексикалық қордың түрлі деңгейлерін мәдениеттану, этно-
графия, өлкетану, фольклористика, мифология, астрология, этнология, пе-
дагогика т.б. қоғамдық-әлеуметтік пәндердің шегінде қарастырылып, «эт-
нос тілінің табиғатын айқындауға тікелей қатысты (мәселен, этимология, 
диалектология, ономастика, фразеология, паремиология, терминология, 
лексикография т.б.) лингвистикалық пәндермен» [Ә. Қайдар, 1998; 12 б.] 
байланыстыра зерттеп, этнолингвистиканы жеке ғылым саласы дәрежесіне 
көтерді.
Қазіргі күні этнолингвистика ғылымының өзіне тән әдістері мен зерт-
теу тәсілдері, нысанасы мен мақсат-міндеттері, метатілі қалыптасқан, 
«жан-жақты ізденіс нәтижесінде өзіндік ерекшелігі мен үрдісі айқында лып 
келе жатқан, дербес те перспективті ғылым саласы ретінде танылып отыр»
[Ә. Қайдар, 1998; 8 б.].
Этнолингвистика ғылымының қарқынды түрде дамуын профессор
М.М. Копыленконың «Этнолингвистика негіздері» (Основы этнолинг-
вистики. Алматы, 1995) еңбегінің соңында берілген библиографиялық 
көрсеткіш санынан да айқын көруге болады.
8. Фразеологизмдердің жеке тілдер деректері негізінде салыстырыла 
зерттелуі
1
.
Қазақ фразеологиясы қазіргі таңда салыстырмалы және салғастырмалы-
типологиялық бағытта да зерттелуде. Салғастырмалы-типология тілді 
зерттеудің екі бағытын біріктіреді. Бұл ба ғыт тілдерді олардың туыстығына, 
фразеологизмдер. Филол.ғыл.кандидаты ғылыми атағын алу үшін дайын. дисс. автореф. 
– Алматы, 1995; Уызбаева Б.К. Қазақ тіліндегі сомантикалық етістік фразеологизмдердің 
сипаты. Филол. ғыл. кандидаты ғылыми атағын алу үшін дайын. дисс.автореф. – Алматы, 
1994 және т.б.
1


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   119




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет