Пікір жазғандар: филология ғылымдарының докторы, профессор Г. Е. Надирова


§ 2. Фразеологизмдердегі ұлт мәдениетінің көрінісі



Pdf көрінісі
бет16/119
Дата23.06.2022
өлшемі2 Mb.
#459437
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   119
Авакова фразеосемантика

§ 2. Фразеологизмдердегі ұлт мәдениетінің көрінісі
ХХ ғасырдың соңына қарай мәдениетке ерекше көңіл бөлініп, 
мәдениет пен ұлт сабақтастығы, мәдениет пен әдет-ғұрып са бақтастығы 
қатынастарына орай зерттеудің жаңа тәсілдері мен жаңа нысандары қолға 
алынуда.
Бұрынғы гуманитарлық ғылымдарда орын алған үйреншікті, дәстүрлі 
зерттеулер мен көзқарастардың орнына, жаңа танымдық мақсаттар 
жүзеге асырылуда. Тіл біліміндегі эволюциялық даму – тарихилық пен 
сипаттамалықтан жүйелілік пен құрылымдылыққа дейін немесе ком-
муникативтік пен функционалдылықтың өзі біржақтылықты ғана керек 
етпейтін, көп аспектілі, сан қырлы қасиеттерге ие тілдің универсалды те-
орияларымен түсіндіру жеткіліксіз, қандай да бір формулаға бағындыруға 
бола қоймайтын және толыққанды топтастыруларға келе бермейтін 
құбылыс екені дәлелденді.
Әлемдегі бірбүтін дамудың орталығы деп танитын мәдениет іспетті 
тіл де бізге өзінің қырлары мен сырларына, жұмбағы мен құпиясына 
толы шексіз қасиеттерін ашуда. Әлемді қалай көреміз, қалай түсінеміз, 
қалай сезінеміз деген мәселелер ғылымда көп зерттеле қоймаған, әлі де 
толықтырулар мен ізденістерді талап ететін зерттеулердің бірі болып та-
былады. Қарапайым тілдің логикалық жағы, әсіресе, эмоцияны, «сезімдік 
ойлауды» талап етпейтін жағдайда қасиеттері өте шектеулі.
Адамның шығармашылық қызметі мәдениетпен, әдебиетпен, тілмен 
қалай сабақтасады деген мәселемен семиотика ғылымы айналысады. Се-
миотика әдістері тіл білімінің фразеология саласында жиі қолданылады, 
яғни фразеологиялық фактілерді реконструкциялау негізінде – ұлттық 
мәдени дәстүрлерді анықтау (ұлттық мәдени архаиканың «консерванты» 
болып табылатын фактілердің тілдің фразеологиялық жүйесіндегі орны).
Соңғы жылдары тіл білімінде кеңінен құлаш алған, фра зеологиялық 
қорды диахрондық тұрғыдан талдайтын этнолингвистика саласы кешенді 
түрдегі зерттеулер болып табылады. Белгілі бір халықтың ертедегі 
мифологиялық түсініктері, әлем моделдерінің дәстүрлі ерекшеліктері
ертедегі культтік сана-сезімдер мен дәстүрлері және т.б. тілдік дерек ретінде 
қарастырылады. Бұл салада Ресей ғалымдары, Н.И. Толстой еңбектері 
«Славян лексикология сы және семасиологиясы» («Славянская лексиколо-
логия и семасио логия») мен оның шәкірттері және Қазақстан тіл білімінде 
академик Ә.Т. Қайдар мен оның мектебі еңбек етуде. Бұл тұста фразеоло-
гия этнолингвистикалық мағлұматтың қажетті ерекше деректері ретінде 
қарастырылады, оның табиғатындағы халықтық мәдениет (халықтық он-
тология, психология, ұлттық көзқарас және т.б.) тілде көрініс табады.
Ертедегі мифологиялық кодтардың көріністері (стихиялық, анималис тік, 
вегативтік және т.б.) тіл фактілерін талдауда тарихи-генетикалық негізде-


31
Фразеология: әдістері және ұлттық психологиялық табиғаты
31
рін анықтаумен қатар жүргізіледі. Қазақ тіл білімінде фразеологиялық «ми-
фопоэтиканы» (әлем бейнесінің дәстүрімен байланысты тұрақты бейнелі 
бірліктер мен мифометафоралар) талдау арнаулы зерттеу нысаны болған 
емес. 
Орыс тіл білімінде осы тұрғыдағы зерттеулерді В.М. Мокиенко мен 
оның шәкірттері қарастыруда. Бұл мектеп зерттеулерінде әдеби тіл 
фразеологиялық бірліктерге синхрондық және диахрондық тұрғыдан 
сабақтастыра талдау жасап, олардың құрылымдық-мағыналық модельдерін 
анықтап, ол модельдерді фразажасам принципі және мәдени таңбаның 
көрінісі деп дәлелдейді. 
Адам сәби шағынан тілді, сол арқылы мәдениетті меңгергенде ғана 
адам болып қалыптасады. Халық мәдениетінің ұшқыр іздері тіл арқылы 
көрініс табады. Тіл нәзік болғанымен, оның табиғаты күрделі, сондықтан 
да әлем бейнесі адамзат тілінде әр қилы бейнеленеді.
Ғасыр соңында адамзат қоғамы әлем, дүние, қоршаған орта тура-
лы барлық мағлұмат лингвистикалық каналдар арқылы беріліп, сон-
да сақталатынына көзін жеткізді. Адам сөз дүниесінде өмір сүреді, ора-
сан зор мағлұматтарды адамзат сөз арқылы меңгеріп, сөз арқылы түсіне 
алады. Сондықтан да адамның тұлға ретінде жеткізіліп, өсуі оның сөзді 
қаншалықты дәрежеде меңгеруіне, сөз мәдениеті мен шеберлігін қаншалық-
ты білетіндігіне тікелей тәуелді. Адамның қоғамдағы орны сөз әлемін 
меңгеру дәрежесіне, тіл құпиясы мен сырын қаншалықты ұғынуымен бай-
ланысты. 
Сондықтан да тіл құпиясын ашу адамзат сырын танумен барабар. Тіл 
мәдениетінің қайнар көзі бола тұра, ол тілдің құрамдас бөлігі, сонымен 
қатар мәдениеттің өмір сүру шарты, тәсілі, мәдени кодтардың қалыптасу 
факторлары болып табылады.
Қазіргі ғылымда тіл теориясы мен мәдениет теориясының тоғысуында 
пайда болған тіл білімі саласы лингвистикалық мәдениеттану (лингвокуль-
турология) деп аталынады. Лингвис-тикалық мәдениеттану ғылымы – тіл 
білімі мен мәдениет-танудың шегінде пайда болған, халық мәдениетінің 
тілдегі сақталған көрінісін зерттейтін сала.
Бұл саланың негізгі мақсаты – ата-бабалар рухани дүниесінің тілде 
қаншалықты дәрежеде көрініс тапқанын анықтау. Болжамды дәлелдеу 
мақсатында миф-мәдениет, миф-тіл, фразеологизм-миф концептері 
қарастырылды. Әлемнің тілдік бейнесі – әлемнің мәдени бейнесі негізінде 
қалыптасатын болмысты, шындықты көрсетеді. Тіл – мәдениеттің бір 
бөлшегі, сонымен қатар мәдениет те тілдің бір бөлшегі болып саналады. 
Тіл әлемнің ұлттық көрінісінде кездесетін ұғымдардың барлығын белгілей 
алмайды, тек қана бейнелейді. 
Әр түрлі тілдерде бір ұғымды білдіретін сөздің семантикалық қалпы 
да әркелкі болуы, әрі оның шындықтың бөліктерін бүркемелеп тұруы да 
ықтимал. Әлемді әр түрлі тілдердегі тілдік құралдар арқылы қабылдау 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   119




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет