Пікір жазғандар: филология ғылымдарының докторы, профессор Г. Е. Надирова



Pdf көрінісі
бет17/119
Дата23.06.2022
өлшемі2 Mb.
#459437
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   119
Авакова фразеосемантика

Авакова Р.А. Фразеосемантика
32
және концептуалдау барысы олардың туыстастығы жағынан да елеулі бо-
лып шығуы мүмкін. Басқа сөздермен айтатын болсақ, әр түрлі тілдерде 
әлемнің көріністерінің өзіндік ерекшеліктері болады.
Белгілі бір мәдениеттің өкілдері үшін релевантты болып келетін тілден 
тыс шындықтың белгілері көп жағдайда тілде тікелей көрініс табады. 
Осыған байланысты, лингвомәдениеттану саласы тілді мәдениеттің ажы-
рамас бір бөлшегі ретінде қарастырады. Тіл мен мәдениеттанудың өзара 
байланысы туралы мәселенің шешімін табу – түрлі лингвомәдени дәстүр 
өкілдерінің шындықты түйсінудегі әмбебап және өзіндік ерекшелік терін 
іздеу барысымен тығыз байланысты. Әлемнің тілдік бейнесі кез келген ұлт 
өкілдерінің шындық болмысты танып білу айнасы. Тілдік бірліктің тарихи 
негіздері халықтың болмысымен тікелей байланысты түрлі «мәдени код-
тарды» жеткізуші, ұлттық сана-сезімді өз бойына сақтаушы тілдік таңба 
болып табылады.
ХХ ғасырдың негізгі ерекшелігі – ғылыми білімінің әр түрлі сала-
ларының өзара байланысының қарқынды дамуы. Гуманитарлық пәндер 
арасындағы бұндай синтез адамның іс-әрекеті мен қызметінің заттанған, 
таңбаланған нәтижелерін өнбойына сіңірген мәдениеттің феномені ретінде 
қарастырылатын мәдениеттанулық зерттеулерден көруге болады.
Қазіргі уақытта В.Н. Телия сөзімен айтсақ, «тіл мен мәдениеттің ара-
қатынасын синхрондық тұрғыдан зерттеу және сипаттау» линг вистикалық 
мәдениеттану пәнінің негізгі міндеті болып табылады [В.Н. Телия, 
1996; 217 б.]. Лингвистикалық мәдениеттану ғылымын зерттеуші ғалым
В.Н. Маслова пәннің мақсаты мен міндеттеріне тоқтала келіп, былай дейді: 
«эксплицировать культурную значимость языковой единицы (т.е. «культур-
ные значения») на основе соотнесения прототипной ситуации фразеоло-
гизма или другой языковой единицы, его символьного прочтения с теми 
«кодами» культуры, которые известны или могут быть предложены носи-
телю языка лингвистом» [В.А. Маслова, 1997; 10-11бб.].
Аталмыш анықтамаға сүйене отырып, тілдік бірлік негізінде мәдени 
бірліктер көзін ашуға ғана емес, сонымен қатар, керісінше, мәдени бірліктер 
арқылы тіл бірліктерінің табиғатын ашуға болатынына көз жеткізіп отыр.
Лингвистикалық мәдениеттану тұрғысындағы зерттеулердің негізгі 
міндетіне тоқтала келіп, лингвокультурологиялық концептерді символдар 
жүйесі деп танитын ғалым Г.Г. Слышкин былай дейді: «Біріншіден, сөйлеу 
тіліндегі (дискурстағы) қандай да бір мәдени бірлікті айқындайтын тең 
дәрежелі тілдік құралдарды анықтау, екіншіден, әр түрлі коммуникативтік 
ситуацияда негізгі апеляциясының прагматикалық қызметінің аталмыш 
мәдени бірлікке тән екенін дәлелдеу қажет» [Г.Г. Слышкин, 2000; 8 б.].
Қазіргі кездегі тіл білімі әдебиеттерінде концепт терминімен қатар
тіл және мәдениет элементтерін байланыстыра қарастыратын логоэписте-
ма, лингвокультурема терминдері қолданылып жүр. Ғылым саласының 


33
Фразеология: әдістері және ұлттық психологиялық табиғаты
33
жаңадан қалыптасу кезеңінде жарыспалы қолданыстардың қатар жүруі 
заңды құбылыс болып табылады.
Лингвоэпистема терминін лингвоелтанулық зерттеу еңбектерінде алғаш 
рет Е.М. Верещагин мен В.Г. Костоморов енгізген болатын. Лингвоэписте-
ма – тілдік бірліктерде сақталған білімдер жинағы, яғни «знание несомое 
словом как таковым – его скрытой внутренней формой, его индивидуаль-
ной историей, его собственными связями с культурой» [Е.М. Веращагин, 
В.Г. Костоморов, 1999; 71 б.].
Лингвокультурема терминін алғаш ұсынған – В.В. Воробьев. Лингво-
культурема – лингвистикалық және экстралингвистикалық ұғымдардың 
диалектикалық бірлігі болып табылатын кешенді деңгейаралық бірлік 
[В.В. Воробьев, 1997; 45-97 бб.].
Зерттеу барысында, көбінесе, лингвокультурема терминін қолданамыз. 
Тіл мен мәдениеттің арақатынасы негізінде зерттелетін тілдік бірліктер 
– культуремалар зерттеудің негізгі нысаны болып табылады. Аударма 
саласындағы лингвистикалық мәдениеттанудың теориялық мәселелеріне 
тоқтала келіп, профессор А. Алдашева былай дейді: «Лингвистикалық 
мәдениеттану саласы – этнолингвистикамен де, лингвоелтанумен де 
ортақтасатын ғылым; лингвомәдениеттану әрбір тілдік единицаның белгілі 
бір халықтың төл элементі, халық тілімен жасасып келе жатқан өз сөзі; 
өзгелерден ауыс-түйіс емес, өз меншігіндегі сөз, сөз тіркесі, афоризм, 
мақал-мәтел екендігін дәлелдейтін белгі қайсы; ұлттық «бет-пішін» бар 
деп есептелінген сөз ұлттық, элементтік, этикалық, саяси адамгершілік, 
тұрмыстық нормаларынан қандай мәлімет жеткізе алады дегенді зерттеуге 
назар аударады» [А. Алдашева, 1998; 122-123 бб.].
Мәдениет семантикасының күрделі кілті тілде жатыр. Ғасырлар 
бойы бірнеше ұрпақты толғандырған аңыздар мен шежірелер, яғни миф-
тер тек мәдениеттің көрінісі ғана емес, ол адамзаттың мифологиялық 
кезеңінің тілдегі (фразеологиялық бірліктерде) сақталуы, қазіргі тілдік 
материалдардағы бейнесі.
Түркітану ғылымында шамандық белгілері көне түркілердің сенім де-
рінде, мифологиялық дүниесінде көп екендігін дәлелдейтін зерттеулер ХІХ 
ғасырда жүргізілген. Европа ғалымдары тіл мен миф арасындағы тығыз бай-
ланысты көрсету, адамның әлеуметтік және мәдени өміріндегі құбылыс ре-
тінде байланыстар мен ерекшеліктерін анықтаумен ХІХ-ХХ ғғ. айналысты.
Тіл мен миф арасындағы байланыс туралы көзқарастар бір-біріне 
қарама-қайшы пікірлермен жалғасып жатады. Мәселен, атақты ғалым 
Ф. Шеллинг тілді қатып қалған, солған мифтің бейнесі десе, М. Мюллер 
тілдің біріншілігін, мифтің тілге қарағанда екіншілігін дәлелдейді. Ал
Э. Кассирер тіл мен мифті қатар қойып, олар бір-бірінен ажыратуға 
келмейтін символдық формалар, сондықтан да олар әрқашан бір-бірін 
толықтырады деген пікірді айтады [А.М. Лобок, 1997; 159-164 бб.].




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   119




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет