Пікір жазғандар: филология ғылымдарының докторы, профессор Г. Е. Надирова



Pdf көрінісі
бет45/119
Дата23.06.2022
өлшемі2 Mb.
#459437
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   119
Авакова фразеосемантика

жүзігі жоқта сүмірейген» деген мәтел осыған байланысты туса керек. 
Аңызда Сирия мен Палестинадағы керемет архетиктуралық құрылысты 
Сүлейменнің жындары тұрғызғандығы айтылған. Бұдан басқа су патшасы 
Сүлейменнің сиқырлы айнасы, кілемі, үстелі де болған.
Мұса (Мойсей, еврейше – Моше) – Құранда айтылған Алланың елшісі, 
«Бес кітапты» жазған. Мұса пайғамбардың жылан бейнелі таңғажайып 
сиқырлы асатаяғы болған, соның құдіретімен он екі бұлақтың көзін ашып, 
шөл даланы суға толтырған. Мұсаның асасындай деген тіркес «қиюы 
келмей, орындалмай тұрған істі» қиюластырып, тез орнына келтіру 
мағынасында қолданылады. Құранда Мұса пайғамбар туралы әңгімелер 
өте көп, көбінесе, оны батыр, сиқыршы, қорғаушы, ақылды деп суреттеген 
[Мифологический словарь, 1991; 371 б.].

Нұқтың кемесі
Нұқ – Інжілде Ной деп аталатын христиан дінінің пайғамбары. Аңызда 
дүниені топан су қаптап кеткенде, Нұқ алып кеме жасап, ішінде тіршілік 
иелерінің әрқайсысынан тұқым алып, тіршілікті аман сақтап қалғандығы 
туралы айтылады. Нұқтың кемесінің тоқтаған жері туралы да даулы мәселер 
баршылық. Дегенмен, біз сенетін аңызда Қазығұрт тауына келіп іліккенін, 
тіршіліктің жалғасы Нұқтың сақтап қалған хайуанат-жәндіктерінен баста-
латыны баяндалады.
«Қазығұрттың басында кеме қалған
Ол киелі болмаса, неге қалған


89
Фразеологизмдердің бейнелік және танымдық семантикасы
89
Ішінде екі қозы болған екен
Шопан ата деген сөз содан қалған», – 
деп ары қарай Зеңгі баба, Қамбар ата, Ойсыл қара туралы өлең шумақтары 
халық жадында қалып кеткен.

Ескендірдің қос мүйізі 
Бұл тіркес «іште жатқан шер, құпия, сыр» ұғымында жұмсалады
[І.К. Кеңесбаев, 1977; 177 б.].
«Бұл жұрт Ескендірді біле ме екен» дегендей ежелгі дүниенің аса ірі 
қолбасшыларының бірі ІІ Филипптің ұлы Аристотельдің шәкірті, Шығыста 
Ескендір Зүлхарнайын (арабша – екі мүйізді [Мифологический словарь, 
1991; 22 б.] атанған, есімі Низами поэмасы арқылы мәшһүр болған, Алек-
сандр Македонский. Оның «екі мүйізді» деп аталуы екі тұлымы немесе 
тәжінде екі мүйізі болғандығы, не Египет патшасы қос мүйізді Амонға 
ұқсатуынан алынған деген жорамал бар.
Аңызда Ескендірдің шашын алатын шаштараздың басын алып 
отырғандығы баяндалады. Күндердің бір күнінде шаштараз ешкімге айт-
паймын деп ант-су ішіп тірі қалады да, құпия сыр ішіне симай, қамыстың 
арасына барып: «Ескендірдің қос мүйізі бар», – деп сыбырлайды. Бұл 
құпия кейін сол жердегі қамыстан жасалған сыбызғыдан елге тарап 
кетеді. Шығыс халықтарының түсінігінде: адамға біткен мүйіз – аса бір 
ерекшеліктің, бақыттың айғағы іспетті. Осыған байланысты қазақта «қане, 
шыққан мүйізің» деген тіркес қалыптасқан, ол «артықшылығың қандай» 
деген ойдың баламасы ретінде осы күнгі қолданыстан шықпай айтылып 
келеді.
Халықтың тұрмыс-тіршілігі, рухани байлығы, мәдени мұрасы, тіпті сая-
саты да көрініс тапқан адам аттарының қатысымен жасалған фразеологизм-
дерде қандай да бір тарихи оқиғаның, құбылыстың, ситуацияның бейнесі 
ашық көрініп тұрады. Бұлар тұрақты тіркестерге ерекше экспрессиялық 
реңк беретіндіктен халық жадында сақталып, осы күнге дейін сақталып 
отыр.
Фразеологиялық тіркестер құрамындағы фольклорлық антропонимдер:
Америка ашты, Асан қайғыға түсті, Әлімсақтан келе жатқан, 
Әлінің дүлдүліндей, Бибібатпа пірімнің қолы, Қорқыт атам қобызындай, 
Қорқыттың көрі, Су патшасы Сүлеймен, Толағай күш және т.б.
Біздің негізгі мақсатымыз – халық ауыз әдебиетінің қай түрінде бол-
сын, оның құрамында кездесетін антропонимдердің бәрін қамту емес
ішінара, яғни тарихи тұлғалар мен қасиетті пірлер, әулие аттарының та-
рихтан мәңгілік орын тебуіне себепкер факторлар мен уәжділікті анықтау. 
Халық даналы-ғының мейлінше сұрыпталған, жинақталған «тоқсан ауыз 
сөздің тобықтай түйіні» мақал-мәтелдерден көрінеді. «Мақал-мәтелдер – 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   119




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет