қайтсын! Алланың рахымы жаусын! Алланың көзі түзу болсын! Алла разы
болсын! Тәңір жарылқасын! Тәңір алғыр! Тәңір жар болсын! және т.б.
алғыс және қарғыс мәнде қолданылған.
Тәңір – көне түркі сөзі «аспан», «көк» деген мағынаны білдіреді:
Тәңір жолы ақ жүрек,
Сайтан деген қиянат.
Ақ жүректі ертерек,
Ескердағы қыл әдет (Шәкәрім).
Қалған жоқ жарық сөніп, өмір бітіп,
Жүрекке табынамын тәңір тұтып (Т. Есімжанов).
Халық түсінгенде тәңір, алла, құдай – ерекше күштер. Рақымы түссе,
адамға көмектеседі, рақымы түспесе, адамға киелі кәрісін төгеді деген ұғым
болған. Сондықтан да адамдар оларға жалынып, жалбарынған. Өздерінің
жасаған жақсылық, жамандық әрекеттерін осы күштермен ғана байланы-
стырып отырған.
Пешенемізге құдайдың жазғаны сол болса, оны көрдік. Көппен көрген
ұлы той (Б. Нұржекеев). Құдай салды – біз көндік. Бірақ ағаның есінде бол-
сын – Ұлпан арзанға түспейтін қыз (Ғ. Мүсірепов).
Әкесін бүйтіп қор ғып кеткенше алланың ақ өлімінен кетсе не арманы
бар еді? (Ж. Аймауытов).
Алла сөзі кейде тағала сөзімен қосарланып алла тағала деп те айтыла-
ды. Алла және тағала сөздері араб тілінен ауысқан синоним сөздер беретін
мағынасы «жаратушы құдірет, ұлы мәртебелі».
Алла тағала жар болса,
Қара мылтық бар болса,
Беремін атып қабыланды (Батырлар жыры).
Жаратқан, жаратушы, жасаған ие ұғымдары – алла, тәңір, құдай
сөздерінің баламасы іспеттес. Олардың мағынасы «бар әлемді жаратушы ұлы
күш», «құдірет иесі». Мысалы, жаратқан алла жар болды, жаратқан жар
болды, жаратқанға жалбарынды, жаратқан ием жар болсын және т.б.
О, жасаған, тәңірім. Аллаға не жаздым. Өзі мені айналдырып жүр
(Ө. Күмісбаев).
Халық танымындағы культтік мағынамен ұшырасатын культурема-
лар әулие және пайғамбар сөздері діни наным бойынша адам тағдырына
ықпал жасайтын қасиетті киелі жандар. Ауыспалы мағынасы – «қадірлі,
Авакова Р.А. Фразеосемантика
84
таңдаулы, керемет», «алланың дінін, уағызын адамзатқа таратушы елші».
Мысалы, әулие тұтты, әулие ата, әулие білгіш және т.б.
Халық ұғымында әруақ сөзі қасиетті, киелі деп танылатын «рух күш
қуат» мағынасында қолданылады: әруақ атсын, әруақ шақыру, әруағына
сыйынды, әруақ қонды және т.б.
Қазақтардың әруаққа сыйынуы қазіргі күнге дейін бар, кейде қатты
қысылғанда, бастарына бір қиындық түскенде, әруақтарды шақырып,
оларға арнап құрбандық шалып, Құрбандық қабыл болсын! Аруақтың ба-
тасы тие берсін! Әруаққа бағыштадым! деген тілектер білдіреді.
Қазақ халқы әсіресе ата рухына тіршілікте үлкен атақ, абыройға ие
болғандардың әруағына ерекше табынған. Мысалы:
Түркістанда – Қожаахмет,
Мәдинада – Мұхаммед,
Маңғыстауда – пір Бекет.
Түркістанда Түмен бап,
Сайрамда бар сансыз бап,
Отырарда отыз бап.
Бабалардың бабын сұрасаң,
Ең үлкені – Арыстан бап және т.б.
Жан, рух, аруақ ұғымдарына байланысты туған діни танымдар анимизм
ағымымен тікелей байланысты. Жан сөзі – «туылған, жасаған» мәніндегі
санскиттік атау, көп мағыналы сөзге жатады. Қазіргі тілде «адам», «кісі»
деген мағынасымен қатар «аруақ», «құт», «рух» мәнінде қолданылады
[Древнетюрский словарь, 1961; 471 б.]. Рақымды немесе рақымсыз рух-
тар туралы түсініктердің шығу төркіні осы жанмен байланысты. Қасиетті
адамдардың жаны кейін, яғни о дүниеде жеке тіршілік ететін әруаққа айна-
лады. Мәселен, өзін қадірлей білген ұрпаққа шапағатын тигізеді, ренжісе
киесі ұрады деген халық ұғымында түсінік бар.
Жанның басқа бір түрі жын, сайтан, кесір, пәле сияқты күштер рақымсыз
рухтарға айналып, адамдарға қастандық жасайды деп түсінген. Тіліміздегі
пәле жабысу, қырсық шалу, сайтан азғыру, жын соғу және т.б. фраземалар
мен бұл «пәлелерді» тек бақсы шақырып, дем салып, зікір салып аластатуға
болады деген түсініктер осының айғағы.
Діни ұғым бойынша алла мен адамдардың арасында жүретін және
олардың арасын байланыстыратын таза күнәсіз, құдайдың әмірін пәнилерге
жеткізіп тұратын, әзірейіл, әулие, пір, күнәдән пәк, уыз, жас сәби, бала,
кіршіксіз адал жан, асқан сұлу, әдемі ару бейнені періште деп атаған. Мы-
салы, періштенің құлағына шалынсын, періште әумин десін, періште
қолдасын және т.б. тіркестер содан туған.
Тілдегі мифологиялық персонаждар мен халықтың танымымен,
культтік сенімімен байланысты туған мифологемаларға тоқ тала келіп, сла-
вян тілдеріндегі фраземалардың шығу тегі мен уәжділігіне ғылыми талдау
85
Фразеологизмдердің бейнелік және танымдық семантикасы
85
жасаған ғалым профессор В.М. Мокиенко былай дейді: «...Как мифологи-
ческое представления и образы русского фольклора отражаются в языке,
поэтому сначала комментируются соответ-ствующие реалии, а затем в этот
комментарий вплетается фразеология и лексика, так или иначе с такими
реалиями связанная. Такой подход, думается, позволяет показать, как линг-
вистические приемы «добывания» внеязыковой информации, так и особое
значение последней при углубленном познании русского языка, тем более,
что видимая прозрачность образов большинства фразеологизмов нередко
создает иллюзию их «познанности» носителями языка, хотя представление
об этих образах может быть расплывчатым или вовсе неверным. Дойти до
истинного источника каждого такого образа – задача историка фразеологии»
[В.М. Мокиенко, 1999; 7 б.].
Қазақ салтында жанды, рухтарды, аруақтарды қадірлеу, анимизмдік
таным да, шаманизм де – санада сақталған көне заманның жалғасы.
Қазақ тілінде наным-сенімге байланысты тұрақты тіркестерге этно-
лингвистикалық талдау жасаған ғалым Қ. Ғабитханұлы: «Тарихнамада:
Наурыз айында тайпа бастары Тәңірқұрттың ғибадатханасына, маусым
айында Айдаһар қаласына жалпы жұрт жиналып, ата-бабалар аруағына,
тәңірге, жерге, жынға, әулиеге тасаттық береді. Ру басын қадірлеу, «ата-
баба аруағының шапағаты тиеді» деп сену қазақ арасында қазірге дейін
сақталған. Мұны ислам дінінде жоқ «ас беру», «шек», «аруақ шақыру»
дәстүрлерінен айқын көруге болады» – дейді [Қ. Ғабитханұлы, 1995; 10 б.].
Адамзат өзінің күнделікті қарым-қатынас үрдісінде ойланбай, санадан тыс
көптеген мифологизмдерді қолданған. Мәселен, «періште» сөзі бата, тілек
айтқанда да жиі қолданылады. Жаңа түскен келіннің бетін ашу салтында
байланысты мынадай өлең жолдары бар:
Әумин десең, міне бата,
Қолдасын Қызыр ата,
Қыдырың қияласын,
Періште ұяласын!
... Бармаймын енді әріге,
Дұшпанның жолы тарылсын!
Осы айтқанның бәрі де
Періштенің құлағына шалынсын! –
Қазақ фольклорында сыртқы зұлым күшпен байланысты, бақсы-
балгерлерге, диуанаға қызмет ететін, көзге көрінбейтін зиянды мақұлықтар
бар деп сенген. Олар: ж ын, шайтан-сайтан, ібіліс, албасты, дию, және
т.б. Тілде сақталған – жын қағу, жын буу, жын қуғандай, жын ойнақ,
жыны қозу, жыны басылу, жынын шашу, жын қысу, жыны ұстау, шай-
тан түрту, шайтан азғыру, үмітсіз шайтан, араға шайтан кіру, Шай-
тан алсын!, Албасты басқыр! Сияқты тіркестер тілде жағымсыз мәнде
қолданылатын мифологемалық фраземалар.
Авакова Р.А. Фразеосемантика
86
Мифологиялық танымдағы тілдік «қалдықтар» – табиғи құбылыс.
Тіл мұндай «қалдықтарды» «қатырып» («консервілеп») сақтап қана
қоймайды, сонымен қатар мағынасын жаңартады, танымдық тұрғыдан
жаңаша көзқараспен қабылдайды. Соның нәтижесінде тілдік бірліктердің
тарих қойнауында ұзақ уақыт сақталуы – осының куәсі. Миф қабаттарын
ақырындап аша отырып, біз біртіндеп ертедегі дүниетанымның ошақтарына
жол аша аламыз, бабалардың өмір тіршілігін «өз көзімізбен» көруге
мүмкіндік аламыз. Ф. Энгельс өзінің «Анти-Дюринг» еңбегінде: «...Всякая
религия является не тем иным, как фантастическим отражением в головах
людей тех внешних сил, которые господствует над ними в их повседневной
жизни, отражением которых земные силы принимают форму не земных», –
дей келіп, діннің қалыптасу тарихына тоқталып, пікірін жалғасты-рады: «...
в начале истории объектами этого отражения являются прежде всего силы
природы, которые при дальнейшей эволюции проходят у различных наро-
дов через самые разнообразные и пестрые олицетворения … Фантастиче-
ские образы, в которых первоначально отражались только таинственные
силы природы, приобретают теперь также и общественные атрибуты и ста-
новятся представителями исторических сил, – деп көп діндік атрибуттың,
құдіреті күшті бір ғана дінге шоғырлану үрдісін ашып береді [К.Маркс,
Ф.Энгельс, 1983; 328-329 бб.].
Фраземалар мен ұғымдардың мифологияның түп тамырына қайта ора-
луы – мифтен ата-бабаларымыздың шындық өмірін, тіпті қатыгез әлемін
де көруге мүмкіндік береді. Мифология фольклордың қайнар көзі болса,
ауыз әдебиетінде сақталған байлығымыз – көне заманның тілдік бейнесі.
Тарихи-этимологиялық экскурс – мифологияның «материалдық» көзі,
дәнекері.
Достарыңызбен бөлісу: |