Пікір жазғандар: филология ғылымдарының докторы, профессор Г. Е. Надирова



Pdf көрінісі
бет46/119
Дата23.06.2022
өлшемі2 Mb.
#459437
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   119
Авакова фразеосемантика

Авакова Р.А. Фразеосемантика
90
қаншама мазмұнды да, көркем болғанымен, көлемі тым шағын, мағынасы 
жалпы келетіндіктен, үлкен уақиғаны, кесек ойды бере алмайды, келте 
қайырылады» [Қазақтар, 1998; 159 б.]. Әдетте аңыз-әңгімелермен, көркем 
туындылармен жымдасып өмір сүреді. Кейде оларға мазмұндық нәр
көркемдік әр беретін, айтылар ойды айқындайтын, толықтыратын фактор 
– адам аттары.

Түгел сөздің
Түп атасы Майқы би
Шежіреге сүйенсек, тарихта екі Майқы болған деседі. Біздің 
қарастыратынымыз – б.д.д. 178-189 жж. ғұмыр кешкен, ел билеген көсем, 
басынан сөз асырмаған шешен Мән баласы Майқы. Аңыз бойынша, Ор-
манбет би қайтыс болған соң қазақтарды үш жүзге бөлген осы Майқы екен 
[Қазақ совет энциклопедиясы, 1975; 50 б.]. Жұрт оны «Қарқуардай Майқы» 
деп таңның атысы, күннің батысы талмай шырылдайтын құсқа теңеген 
[Қазақ совет энциклопедиясы, 1975; 19 б.]. Абайдың айтуынша, Шыңғысты 
хан көтерген он екі бидің бірі. Бүкіл өмірден түйгендерін түйдектеп төгіп, 
ақыл таразысына тартатын Майқы бидің сөздері мірдің оғындай өткір де 
өктем болған. Сол Абыз атаның:
«Танысаң қара егер де
Оқи білсең, хат жақсы
Жыласқанға өз жақсы
Сыйласқанға жат жақсы» – 
деген сөздері ауыздан ауызға айтылып жүрер асыл дүние болып қалды.

Аяз би, әліңді біл
Құмырсқа, жолыңды біл
Аяз би Жаманұлы – данышпан, ақылгөй абыз, шешен ертегі кейіпкері. 
Атақты Майқы бидің қабырғалы биінің бірі болған. Бірде Құмырсқа батыр 
екеуі Майқы бидің алдын кес-кестей беріпті. Сонда Майқы би:
Билер, бүгін Майқының алдын кесесің,
Ертең жұрттың төбесін тесесің.
Майқының да айтатын кебі бар,
Айтуға аузының да ебі бар.
Аяз би әліңді біл,
Құмырсқа жолыңды біл, –
деген екен.


91
Фразеологизмдердің бейнелік және танымдық семантикасы
91
Бұл мақалды мәні – қандай да болмасын биікке шыққан адамның бақ-
дәулетке мастанбай, тура жолдан таймай, таза ақырын жүрып, аңдып басуға 
үндейді.

Ұмайға табынса, ұлды болар
Бұл мақал – әйгілі түркітанушы М. Қашқариде «Умайқа табынса – 
оғул болур» [М.Қашқари, 1993; 40 б.] деген нұсқасының аудармасы. Көне 
ескерткіште «Умай текті шешем қатын-құтына інім Күлтегіннің ер атағы 
шықты», – деген сөйлем кездеседі. Ұмай – тәңірі көктің әйелі деп сана-
лады [Мифологический словарь, 1991; 548 б.]. Кейбір зерттеушілер Ұмай 
атын Иран мифологиясындағы Құмай атымен байланыстырып, құстың 
көлеңкесі түскен адам бақытты болады деп сенгендігін айтады. Бүкіл түркі 
жұртында Ұмай – нәрестелердің қамқоршысы, шаңырақ киесі, ошақтың 
қолдаушысы деген түсінік бар. Таратып айтсақ: қазақтарда – Ұмай-Ене 
– балалардың сақтаушысы, оғыздарда – ана құрсағында жатқан баланың 
қорғаушысы, шорларда – сәбилердің құдайы, қырғыздарда – Фатима – мол 
астық пен мал өсімінің сақтаушысы және т.б.
Ұмайға бала көтере алмаған әйелдер қатты табынған, жалбарынып бала 
сұраған. Сәбиді сылау кезінде:
«Менің қолым емес,
Ұмай Ана, Қамбар Ата қолы
Фатима, Бибі, Зухра қолы
Тастай қыл, темірдей қыл», – 
деп айтуды әдетке айналдырған.
Ақылы Аплотондай
Атымтайдай жомарт
Наушаруандай әділ
Платон – б.з.д. 427-347 жылдары өмір сүрген, ежелгі Грек философы, 
Сократтың шәкірті, Афинада өз мектебін ашып, оны грек мифологиясының 
қаһарманы Академ атымен атаған. Оның данышпандығы, даналығы, 
ғылымның бірнеше түрін меңгергендігі жайлы аңыз-әңгімелер Шығыс 
елдеріне кең тарап, «Аплатондай дана бол, Атымтайдай сара бол» деген 
алғыс мәнді бата сөздердің тууына себепші болған.
Атымтай – V ғ. соңы, VІ ғасырдың басында өмір сүрген, асқан бай-
лығымен, оған қоса жомарт мінез мырзалығымен, даңқы төрткүл дүниеге 
жеткен. Оның Хатым – Ат – Тай (арабша – һатым кісі есімі, Тай – ру аты) 
атымен «жомарт» сөзінің тіркесіп келуі – Мырза, шүлендігінің символы. 
Мұндай қосалқы аттарды фольклордан көптеп кездестерміз: Асан қайғы, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   119




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет