Пікір жазғандар: филология ғылымдарының докторы, профессор Г. Е. Надирова



Pdf көрінісі
бет48/119
Дата23.06.2022
өлшемі2 Mb.
#459437
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   119
Авакова фразеосемантика

Авакова Р.А. Фразеосемантика
94
Абылай атына байланысты тілімізде Абылайдың ақ туы, Абылай 
аспас бар ма асу, Абылай қосы деген фразеологизмдер бар.
Абылайдың ақ туы «бір тудың астына жиналу, бірлікті, бірігуді» 
білдіретін символдық ұғымға айналған. «Сол аласапыран дәуірде қалың 
елдің «қайраңдап жан қала ма» дегендей Қазығұрт үміті, жалғыз ғана 
Абылайдың басында қалған. Ескі қазақ елдігін, ескі жұрттың тілегін 
ту көтеріп, бір арнаға жинаған Абылай болатын», – деп жазған болатын 
кезінде М. Әуезов. Абылай аспас асу «сапары ұзақ, өте ауыр, қиын жол» 
мағынасында қолданылады. Осы бір тіркестен Абылайдың жүріп өткен 
жолының «тар жол тайғақ кешу», тарихта қалдырған ізі, артына қалдырған 
үлгілі істері мен жеңістері көрінеді.
Абылай қосы «киіз үйдің бір түрі, уықтың бір жағын жерге, ұшын 
шаңыраққа қадап, керегесіз тіккен». Бұл жерден керегені кеңге керіп, уық 
шаншып, шаңырақты шалқайтып, аппақ туырлықпен үзік жапқан үйлер 
– мамыражай тұрмыс пен бейбіт кезеңінің символы да, Абылай қосы – 
жаугершілік заманының белгісі, өткен күннің ескерткіші болып, халық жа-
дында сақталған.
• Біз не көрмедік,
Тоқа Сәметті де көрдік
Бұл сөз Кіші жүз рулары арасында кеңінен тараған. Құсмұрын дуанын-
да қазақтың бір жігітін орыс көпестерінің бірі бақанмен ұрып өлтірген. Құн 
дауы басталып, дуанбасы «бір ұрғаннан өлген адам көргенім жоқ, ондай 
адамдарың болса, әкеліп көрсетіңдер де, құндарыңды ала беріңдер», – десе 
керек. Сонда Кіші жүздің Тоқа аталығынан төрт қамшысымен әрі-бері зуыл-
дап өтеді, қамшысын сілтемейді. Үшінші рет өткенде қамшысын бір сілтейді, 
әлгі жігіт табанда жан тапсырады. Дау қазақтар пайдасына шешіледі. Осы 
оқиғадан кейін орыс әміршілері де аяқтарын аңдап басатын болады.
• Ердің соңы – Есет
Пірдің соңы – Бекет
Кіші жүзде екі Есет батыр болған. Біріншісі – Еділ – Жайық бойын казак-
тардан, Маңғыстауды Бұхар, Хиуа қалмақтарынан қорғаған Есет Көкіұлы. 
Оның сондай жанкешті батырлығына риза болған Тәуке хан «Айбатың аса 
түссін, найзаң мұқалмасын, ел намысы тұздығың болсын!» , – деп батасын 
берген екен. Кіші жүзге ауыз салмақ болған түрікмен, қалмақ, башқұрт, 
«Есет келді дегенше, Әзірейіл келді десейші», – деп үрейленіп қаша 
жөнелген екен.
Бұл Есеттен тура бір ғасырдан кейін дүниеге келген Есет Көтібарұлы – 
ХІХ ғасырда аты шыққан батыр ғана емес, елдің, Алшындардың (ру аты) 
аршыл азаматы, қамқоршы ағасы, сахараның саяхатшысы да болған адам. 
«Айман-Шолпан» жырында айтылған Маман байдың қос қызын әкесі 
Көтібардан босатуына себепкер болған да осы – жас бала Есет. Жауға қарсы 
сөз найзасы мен өз найзасын кезеген Махамбет пен Исатайлар Есеттен 


95
Фразеологизмдердің бейнелік және танымдық семантикасы
95
рухани жәрдем, ақыл-кеңес алып отырғандығы ел есінде қалған. Есеттің 
өрлігі мен ерен ерлігіне сүйсінген елі «Ердің соңы – Есет», – деп айтып 
кетіпті. «Жүректі болсаң, Есеттей бол, Білекті болсаң, Бекеттей бол», – 
деп Жетес бидің де айтқаны ел ішіне кең тараған.
Шаң-тозаң басқан асыл тасты қайтадан жарқыратқандай құнды 
ойлардың тобықтай түйінін қорытсақ:

мифтік персонаж аттарына диахрондық талдау жасау арқылы сол 
кездегі сәби халықтың мифологиялық ойлау жүйесін, дүниетанымының 
тереңдігін тануға болады;

тұрақты тіркестер құрамындағы антропонимдерден ұлттық әдет-
ғұрып, салт-сана, тұрмыс-тіршілік іздерін байқауға болады; 

халықтық антропонимдердің уақыт өте келе мағыналарының 
абстрактіленіп, жалқылықтан жалпылыққа ауысу (апеллятив) тенденция-
сы байқалады;

антропонимдер уақыт мәжесінің субъектілері ретінде де танылады 
(Бабай түктішашты Әзіз заманында, Тәуке хан тұсында, Қорқыт дүниеге 
келерде және т.б.);

ел есінде қалған белгілі бір оқиға уақыт пен кеңістікке түсінікті 
де бере алады (Арқада Сағынайдың асы болғанда, Әз Жәнібекті хан 
көтергенде және т.б.);

ойдан шығарылған аттар, көбінесе, ырғақ пен ұйқас үшін алынып,, 
жаңылтпаш, жұмбақ, ауызекі тапқыр әңгімелерде көбірек кездеседі;

басқа халықтан ауысқан (Аплотон, Атымтай, Наушаруан, Ұлықпан 
және т.б.) антропонимдер бізге қасиетті Құраннан, арабтың атақты «Мың 
бір түннен», шығыс жауһарларынаың ғашықтық жырларынан келген;

сындық қасиетке ие кейбір қосалқы аттар бір нәрсенің өлшемі, сим-
волы ретінде қабылданады (Әлінің бүлбіліндей, жел айдаған Қаңбақтай, 
Қорқыт атам қобызындай, Қарабайдай қаныперез және т.б.);

халық санасында сақталған мифтер, аңыз-әңгімелер, афоризм-
дер адам аттарының қатысуымен ұмытылмай жеткен (Нұқтың кемесі, 
Қорқыттың көрі және т.б.).
125
Антропологиялық фраземалар тілдік материал, тілдік қазына 
ретінде зерттеушілердің назарын аударып жатса, біздің 
мақсатымыздың аз да болса жүзеге асқаны.
Сонымен зерттеу барысында арнайы қарастырылмаған, 
бірақ талдау материалы ретінде қарастырылған фраземалар да 
кездеседі: 

өсімдіктер әлемі: бетегеден биік, жусаннан аласа, шөп 
басын сындырмау, аузын қу шөппен сүрту, бидай өңді, алма 
мойын, шөп желке, мүйізі қарағайдай т.б. 

метеорологиялық фраземалар: бие сауым жер, сүт 
пісірім уақыт, таң құлан иектегенде, құнан (ат) шаптырым 
жер, тай шаптырым жер және т.б. Кейбір фразеологизмдер 
өлшемдік ұғымдардың негізінде пайда болған: уақыт мерзім 
өлшемдері: күн шыға, сәске түсе, ел жайлауға көшерде, ымырт 
жабыла және т.б.; көлем өлшемдері: бір қора қой, бір жағым 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   119




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет