Пікір жазғандар: филология ғылымдарының докторы, профессор Г. Е. Надирова



Pdf көрінісі
бет51/119
Дата23.06.2022
өлшемі2 Mb.
#459437
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   119
Авакова фразеосемантика

Фразеологизмдердің бейнелік және танымдық семантикасы
99
ретінде сөйлеу контактісіне қарай қолданғанымен, түп-төркіні баршаға 
айқын емес. Мәселен, қой үстіне бозторғай жұмыртқалады, ат қара тіл 
болғанда, атқа жеңіл Телпекбай, қой аузынан шөп алмас, тайға таңба 
басқандай фраземаларының ауыспалы, идиомалық мағыналары бізге 
түсінікті болғанымен, олардың тілде пайда болу уәждерін бірден айтып 
беру қиындық туғызады, өйткені олардың астарында этнолингвистикалық 
факторлар жатыр. Міне, сондықтан да әр алуан лексикалық бірліктердің 
мағыналарын шартты түрде «этнолингвистикалық» мағыналар деп атайды.
Этнос табиғатын, толық танып-білуге қажетті тілдік фактілерді, сол 
фактілердің қабатында, астарында жатқан этно-лингвистикалық деректерді 
«ізіне түсу, түп-тамырымен қопару» арқылы сөйлетуге болады. Әрбір зат 
пен құбылыстың, ұғым мен түсініктің тура, айқын мағыналарын ғана емес, 
олардан тараған туынды мағыналардағы астарлы ойларға үңілу де абзал. 
Өйткені, негізгі мағына мен туынды мағыналар арасында ажырамас байла-
ныс бар. Мәселен, қазақ тілінде малдың дене мүшелеріне қатысты фразема-
лар көптеп саналады: бота тірсек, ат құлағы көрінбейді, ат кекілі кесісті, 
ат тұяғы тимеген, қой тұяқ жамбы, ат басын тартпау, ат құлағында 
ойнау, сиырдың бүйрегіндей бытырау, түйе табанын сояды, ат маңдайы 
аумай, ат жалын тартып мінді, ат құйрығын шарт түйді, қозы құйрық 
қылды, қой мойынды, тілі буылған өгіздей, мал құлағы саңырау, бұзау тіс, 
қой көз, қошқар тұмсық, ат бауырында алды, ай мүйізді қошқар, қой тіс, 
бұқа мойын, ат жақты, аттың жалы, түйенің қомы, тана көз т.б.
Тіл байлығы сөз санымен ғана емес, оның сапасымен, мағына тереңдігімен 
ауқымдылығымен де өлшенеді. Бұлар – этностың дүниетанымына, өмірлік 
тәжірибесіне қатысты фактордың тілдегі бір көрінісі, қабаттасып жүрген 
артық емес, қайта ғасырлар бойы тілдің потенциялық мүмкіндігін еселеп 
арттыра беретін, толықтырып отыратын бұлақтардың бірі.
Негізгі және туынды мағыналық бірліктерді сан жағынан ғана емес
сапа жағынан да байытып, оны этнос туралы дерек-мағлұматтармен 
толықтырып, мазмұн, тақырып арнасын кеңейтіп, мән-мағынасын теңес-
тіретін этнолингвистикалық арналар да бар. Олар: баламалар, тұрақты 
теңеулер, фразеологизмдер, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, ауыз әдебиет 
үлгілері.
Фраземалар – тақырып, мағына, тұлға жағынан әр түрлі болып келетін 
тұрақты тіркестердің үлкен бір саласы. Олар қандай ұғым-түсінікке 
қатысты болмасын адамның іс-әрекетін, сын-сипатын, қалып-күйін, 
дүниетанымын өзіндік бояу-нақы-шымен бейнелейтін танымдық мәні 
зор көркем сөз бұлақтарына жатады. Мысалы: түйе үстінен сирақ үйіту, 
ат кекілін кесісті, ат құйрығын шарт түйеді, мал құлағы саңырау және 
т.б. Бұлардың жасалуына ұйытқы болып тұрған сирақ үйіту, бозторғай, 
ат кекілі, ат құйрығы, мал құлағы тәрізді тірек компоненттердің адамға 
тікелей қатысы жоқ. Сондықтан да этнолингвистика үшін ең қиын мәселе 
– осы сияқты фраземалардың ауыс мағынада қолдану уәждерін түсіндіру.


Авакова Р.А. Фразеосемантика
100
Халықтың рухани творчествосының жемісі, тілдің ажарын кіргізетін, 
оның құдіретін арттыра түсетін, ойды бейнелеп, астарлап, өзіндік 
нақышымен жеткізетін, ата-бабадан мұра ретінде келген сөз қазынасының 
дайын қолданылатын үлкен саласы фразеологизмдер этнос тілінің құ-
рамдас бөлігі болғандықтан, оларға этнолингвистикалық талдаудың ғылым 
үшін құндылығы ерекше. Адамзат тарихын өз бойында сақтаған қазақ 
фразеологиялық ойлары, дүниені танып-білуі, тұрмыс-тіршілігі, ұлттық 
мәдениеті айқын көрініс тапқан.
Тіл философиясының өкілі Вильгельм фон Гумбольдт материалдық 
және рухани мәдениет тілге әсер етеді; кез келген мәдениет ұлттық нақышқа 
ие; тіл – адам мен қоршаған ортаны жалғастырушы буын; тілге «халықтық 
рух» пен мәдениеттің белгісі – ішкі форма тән – деген пікір кең тараған. 
ХХ ғасырдың соңғы ширегінде Қазақстан лингвистикасында «Қайдаров 
мектебі» мен оның шәкірттерінің этнолингвистикалық еңбек-терінде осы 
бағыт өз жалғасын табуда.
Қазіргі тіл білімі адаммен, оның ойлау қабілетімен, танымымен, соның 
негізінде тілдік фактілерді тілдік тұлғамен, олар өмір сүрген ұжыммен, 
ортамен тығыз байланыста зерттеуге бой ұруда. Осы тұрғыдан келген-
де, сол тілде сөйлеуші халықтың тілдік құбылыстарының көріністерін 
тілдің, тілдік бірліктердің ұлттық-мәдени нышандарымен тығыз байланы-
ста зерттеу тіл-этнос-мәдениет үштігінің негізін құрайтыны сөзсіз. Тілдік 
бірлік болып табылатын фразеологизмдер, кез келген халықтың рухани 
байлығының жемісі. Халықтың мәдениетінің, салт-дәстүрлерінің, бейнелі 
ойлау болмысының, танымы мен санасының, қиялы мен дүниетанымының 
көрінетін тұстары да осы – фразеологизмдер.
Фразеологизмдердің ұлттық-мәдени нышандарын зерттеу дәстүр бой-
ынша оның жеткізу өрісі негізінде жүргізіледі.
Фразеологизмнің ұлттық-мәдени компоненттері ретінде фразеоло-
гия құрамына кіретін эквивалентсіз лексика үлкен рөл атқарады, яғни 
географиялық атау (Күлтөбенің басында күнде кеңес – Күлтөбе Тәуке 
хан тұсында үш жүздің басын қосып, кеңес-жиын өткізілетін Ташкент 
қаласының жанындағы жер), тарихи есімдер (Қасым ханның қасқа жолы, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   119




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет