Авакова Р.А. Фразеосемантика
96
Антропологиялық фраземалар тілдік материал,
тілдік қазына ретінде
зерттеушілердің назарын аударып жатса, біздің мақсатымыздың аз да бол-
са жүзеге асқаны.
Сонымен зерттеу барысында арнайы қарастырылмаған, бірақ талдау
материалы ретінде қарастырылған фраземалар да кездеседі:
•
өсімдіктер әлемі:
бетегеден биік, жусаннан аласа, шөп басын сын-
дырмау, аузын қу шөппен сүрту, бидай өңді, алма мойын, шөп желке, мүйізі
қарағайдай т.б.
•
метеорологиялық фраземалар:
бие сауым жер, сүт пісірім уақыт,
таң құлан иектегенде, құнан (ат) шаптырым жер, тай шаптырым жер
және т.б. Кейбір фразеологизмдер өлшемдік ұғымдардың негізінде пай-
да болған: уақыт мерзім өлшемдері:
күн шыға, сәске түсе, ел жайлауға
көшерде, ымырт жабыла және т.б.; көлем өлшемдері:
бір қора қой, бір
жағым от, бір киер киім және т.б.; Ұзындық, қалыңдық, тереңдік:
бармақ
қазы, құлаш жіп, иек асты, көз көрім жер, аспан мен жердей және т.б.;
•
табиғат құбылыстарын білдіретін фраземалар:
ат құлағы көрінбейтін
ақ боран, қызыл шұнақ аяз, ақ түтек және т.б.;
•
әдет-ғұрыптар мен тарихи этнографиялық ұғымдарды білдіретін
фраземалар:
ас беру, қыз ұзату, қонақ кәде, тұсау кесер, аузына түкіру,
босаға майлау, итаяғына салу, көз тию, шөп сындыру және т.б.;
•
тарихи кезеңдермен байланысты фраземалар: қаз. т.:
ақ табан
шұбырынды, алқа көл сұлама, қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған кез
және т.б.
Сандық және түстік мәнде қолданылатын фраземалар монографияның
«Фразеологизмдердің таңбалық-символдық ерекшеліктері» деп аталатын
ІV тарауында жан-жақты қарастырылады.
Халықтың тұрмыс-тіршілігі, мәдени мұрасы және рухани байлығы, эко-
номикасы мен қоғамдық саясаты көрініс тапқан фразеологизмдерде қандай
да бір нақты құбылыстың, жағдайдың бейнесі ашық көрініп тұрады. Бұлар
фразеологиялық бейнеге ерекше экспрессиялық
нышан берілгендіктен,
фраземалар идиомалануға анағұрлым «икемді» болып тұрады.
Қорыта келгенде, адамзат санасы арқылы табиғат пен қоғамның
мифологиялық ізінің әр түрлі кезеңдерін сақтаған тілдің өзі көп қабатты
миф болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: