Пікір жазғандар: филология ғылымдарының докторы, профессор Г. Е. Надирова



Pdf көрінісі
бет57/119
Дата23.06.2022
өлшемі2 Mb.
#459437
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   119
Авакова фразеосемантика

ІІІ тарау 
ҚАЗАҚ ФРАЗЕМАЛАРЫ 
ҚҰРАМЫНДАҒЫ
КӨНЕРГЕН СӨЗДЕР 


§ 1. Көнерген сөздер – фраземалық қордың толығу көздері
Адамның қарым-қатынас құралы бола тұра, тіл өзінің сөздік қорын 
шексіз толықтыра алмайды. Себебі адамның есте сақтау қабілеті де шектеулі. 
Сондықтан да қажеттіліктен пайда болған жаңа ұғымдар мен түсініктердің 
атаулары болып сөз тіркестері қалыптасады. Қоғам мен ортаның даму 
барысында тіл жүйесінде мыңдаған сөз тіркестері пайда болады. Олар 
адамдардың қарым-қатынас қажеттілігін өтеу мақсатында белгілі номина-
тивтік немесе экспрессивтік қызметті тұрақты түрде атқарады. Міне осы 
қолданыс тұрақтылығымен әрдайым сөйлеу кезінде жаңадан жасалатын, 
еркін сөз тіркестерімен ерекшеленеді.
Қазақ тіліндегі мәдени лексиканың ұлттық ерекшеліктерін талдай келіп, 
профессор Ж. Манкеева төмендегідей пікір айтады: «Ана тіліміздің сөз 
айдынының тереңінде халықтың ғасырлар бойғы іс тәжірибесінен, өмір 
тануынан қорытылып, ереже түрінде тұжырымдалған аталы сөз, мақал-
мәтелдер, тұрақты тіркестер туып жатады» [Ж.А. Манкеева, 1997; 53 б.].
Тілдің лексикалық жүйесіндегі деривацияның (сөзжасамның) түрлі 
тәсілдері арқылы жасалатын сөзбен салыстырғанда тұрақты тіркестер 
(фраземалар) тілдік жүйедегі еркін сөз тіркестерінің фразеологиялану 
үрдісі нәтижесінде қалыптасады.
Еркін сөз тіркестерінің лексикалық құрамы мен грамматикалық 
құрамы және мағыналық бүтіндігімен ерекшеленетін тұрақты тіркес-
терге айналудың бірінші себебі – қолданыстағы тұрақтылығы, ауыспа-
лы мағынасында, яғни метафоралық мағынада жұмсалуы. Еркін сөз 
тіркестерінің тұрақты тіркестерге айналу үрдісін сипаттай келіп, фразе-
маларды диахрондық тұрғыдан зерттеген орыс тарихи грамматикасының 
маманы Б.А. Ларин былай дейді: «Переходу переменных словосочета-
ний в постоянные, устойчивые содействует метафоризация, расширение 


Авакова Р.А. Фразеосемантика
112
и обобщение значения в сторону образной типичности» [Б.А. Ларин, 
1956; 219 б.].
Қазақ фразеологиясын зерттеуші академик І. Кеңесбаевтың пікірі де 
осы қағидамен ұштасып келеді: «Фразеологиялық единицалардың бірден 
жасала қоймағаны, уақыт ұзаған сайын бірте-бірте барып қалыптасқан, 
еркін тіркестердің негізінде жасалғаны сөзсіз. Олар сол дәуірдегі нақты 
өмір шындығына, халықтың ерте кездегі ұғымына, ой-санасына сай келуі 
де фразеологиялық мағына екінші кезекте бертін келе өрбіген» [І.К. Ке-
ңесбаев, 1977; 605 б.]. Мысалы: қолға алу «кірісу, тікелей шұғылдану» 
(салыстыр. ол баланы қолға алды), бел буу «шешімге келу» (салыстыр. 
белдікпен белін буды) және т.б.
Тілдегі сақталған осындай тіркестерге тоқтала келіп, К. Аханов: 
«Фразеологиялық бірлік өзімен омонимдес еркін сөз тіркесінен бір бүтін 
образды мағынаны білдіру қасиеті жағынан ажыратылады», – дейді 
[К.Аханов, 1993; 175 б.].
Қазақ (түркі) тіліндегі сөзжасам тарихын синхрондық әрі диахрондық 
тұрғыдан зерттеген ғалым А. Салқынбай фразема-ларды сөзжасамның 
ерекше түрі деп қарастыра келіп былай дейді: «Тұрақты тіркестердің 
номинативті мағына беруі, жаңа мағынада жұмсалуы когнитивтік про-
цестер нәтижесінде ерекше ұғым пайда болғанда ғана мүмкін болады. 
Олай болса тұрақты тіркестер сөзжасамдық процестің нәтижесінде ғана 
деривация-лық мағынаға ие болады. Пайда болған номинативтік мағына 
туынды сөз жасалғандығының көрінісі, фактісі» [А. Салқынбай, 1999; 
266 б.].
Сөз тіркестерінің сөйлеу кезінде біртіндеп лексикалық бірлікке айна-
луы, яғни номинативтенуі – тілдік құбылыс. Бұл үрдіс сөздік қорды байыту-
дың өнімді тәсілі болып табылады. Ә. Аблақов, С. Исаев, Е. Ағманованың 
авторлығымен жарық көрген «Қазақ тіліндегі сөз тіркестерінің дамуы мен 
лексикалану процесі» еңбегінде сөз тіркестерінің номинативтік бірлікке 
айналу құрылымын лексикалану үрдісі деп атайды [Ә. Аблақов, С. Исаев, 
Е. Ағманов; 1997; 31 б.].
Фраземалардың мағынасы тарихи тұрғыдан алғанда құрамындағы 
компоненттердің мағынасынан шығуы әбден мүмкін. Олар бірден қа-
лыптаса қоймаған, ғасырлар бойы біртіндеп пайда болуы да ықтимал. 
Кезінде қоғамда, тілде актив қолданылған еркін тіркестер тілдің ішкі 
заңдылықтарына орай тікелей мағынасы ұмыт болып, олардың екіншілік 
экспрессивті, бейнелі мағыналары туындап тілде сақталған.
Фраземалардың этимологиясын және олардың пайда болу арнала-
ры мен реконструкциясына талдау жасаған А. Салқынбай төмендегідей 
ғылыми тұжырым жасады: «Барлық тұрақты тіркестердің әуелгі еркін 
тіркесті мағынасын қалпына келтіруге мүмкіндік бар. Тарихи тұрғыдан 
тұрақты тіркес толық өзіндік лексикалық тура мағынада жұмсалған сөздер 
болған деуге әбден болады. Айталық: «Аманат беру, аманат сөз тапсыру, 


113


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   119




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет