Авакова Р.А. Фразеосемантика
114
ляться в речи всегда как новообразования ... лишь постепенно входят в
общее употребление» [Н.М. Шанский, 1985; 133 б.].
Бұрыннан тілде қалыптасқан фраземалар
моделінде туған тіркестер
адамдардың бұрыннан бар құралдар негізінде құбылыстарды бейнелі түрде
беру мақсатында қалыптасқан. «Эти стремления к обновлению наименова-
ния тех или иных понятий и приводит к появлению как новых слов, так и
новых фразеологических единиц, что обусловлено самой природой нашей
речи – оказать максимальное воздействие со стороны говорящего на слу-
шающего», – деп көрсетеді Р.Н. Попова [Р.Н. Попова, 1976; 24 б.].
Тілдің сөздік құрамының толығуы өзінің ішкі мүмкіншіліктері арқылы
ғана болмайды. Сонымен қатар тіл өзінің сөз байлығын өзге тілдерден
кіргізу арқылы да жүзеге асырады. Әдеби тілдің фразеологиялық жүйесінің
толығуының тағы бір себебі – басқа тілден енген кірме сөздер. Халық өзінің
басынан кешірген ұзақ даму тарихында көптеген елдермен араласып, әр
кезеңдерде түрлі қарым-қатынастар жасағаны мәлім. Қазақ тіліндегі араб,
парсы, монғол сөздерінің енуі тарихи кезеңдер-мен тікелей байланысты.
аузын
АШУ
басын
көзін
бетін
құшағын
артын
Р. Сыздықова кірме сөздерге байланысты тарихи лексикология
мәселелерін сөз ете отырып, қазіргі тілде қолданылатын фраземалардағы
плеоназм (плеоназм немесе плеонастық сөздер дегеніміз бір мағынадағы
екі сөздің қатар қолданылуы) құбылысына
ерекше тоқтала келіп былай
дейді: «Ол қатарды не екі тілдің сөздері, не көне-жаңа сөздер, не қызметі
бірдей екі морфологиялық тұлға құрайды. Әдетте тіл білімінде плеоназм (ол
преиссология деп те аталады) құбылысын тілдегі «басы артық» абсолюттік
емес, яғни плеоназм белгілі бір стильдік, не мағыналық қызмет атқарғанда
ғана тілде орын алады» [Р. Сыздықова, 1994; 174 б.].
Мысалы:
көр соқыр тіркесіндегі көр сөзі парсы тілінде «соқыр, соқыр
адам» деген мағынаны білдіреді. «Ал
көр соқыр тіркесі бір мағынадағы әр
тілде екі сөздің қатар қолданылуы болып табылатын плеонастық құбылыс.
«Соқыр» мағынасындағы
көр сөзі
көрбала, көрбілте сөздерінің құрамына
да қатысқан» [Р.Сыздықова, 1994; 101 б.].
Сары уайым тіркесінің дұрысы
сар-уайым болуы керек еді, өйткені
сар
сөзі парсы тілінде «уайым» дегенді білдіреді. Сонда
сар-уайым «уайым-
уайым» деген тіркес түрінде пайда болып, жай уайым емес, «қатты уайым,
таусылмас уайым» дегендей үстеме мағына алып тұр [Р.Сыздықова, 1994;
174 б.].
Тіл жүйесіндегі фраземалардың пайда болуының жоғарыда аталып өткен
себептері әрі номинативтік, әрі экспрессивтік сипаттағы фразеологиялық
қордың толығуына әкеледі.