Пікір жазғандар



бет10/99
Дата06.03.2023
өлшемі1.45 Mb.
#470440
түріОқулық
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   99
арнайы кітап

Өмір сүруді қамтамасыз етуде мүмкіндігі шектеулі тұлғаның еңбек етудегі (интеллектуалдық енбектегі, үй шаруасындағы, нарықтағы қаржы мәселесіне байланысты кәсіби біліктілікті, икемділікті, белсенділікті көрсету) қабілеттері қалыптасады. Аталған параметрлерге сәйкес мүмкіндігі шектеулі тұлғанын еңбекке араласудағы материалдық қажеттіліктерін орындау үшін белгілі бір деңгейдегі арнайы білімі қажет.
Әлеуметтену - адамның қоғамдық өмір турасындағы игерген білім, іскерлік, дағдысы арқылы түрлі қоғамдық қатынастарға түсуі. Толықтай әлеуметтенуді игерудің қажетті жағдайы қарым-қатынас (коммуникаңия) болып табылады.
Әлеуметтанушылар мен психологтардың пікірінше, дамудағы дене немесе психикалық кемшіліктер тұлғаның қалыптасуындағы негізі бола отырып, әлеуметтену мен әлеуметтік қарым-қатынас дағдыларының дамуына кері әсер етеді. Арнайы психология мен арнайы педагогика арнайы білім беру процесін ұйымдастыруда, оқу пәндерінің құрылуы, тәрбие жұмыстарының ұйымдастырылуы, мүмкіндігі шектеулі түлғалардың қоғамға бейімделуіне байланысты әлеуметтік-мәдени ситуацияларды шеше білудегі мүмкіндіктерге баулуды басты мақсат етіп алады.
Рекреацкя - мүмкіндіғі шектеулі түлға басқалар сияқты өзінің өмір сүруі мен денсаулығын сақтауға, оны тиімді түрде дұрыс жолға салуға дайын болуы.
Субмәдениет - мүмкіндігі шектеулі тұлға өзінің бос уақытыи спорт, би, экскурссия, қолданбалы өнер, қызығушылық арқылы тиімді пайдаланып, аталған істермен шұғылдану.
Әлеуметтендіру мәселесі бойынша көрсетілген негізғі ұғымдардын мағынасы мен мәнін анықтауда оқыту мен тәрбиелеудегі қиындыктарды жоюдың көздерін іздестіреміз. Тұлға тәрбиесіндегі жетістіктердің қаншалықты жоғары болғанына қарамастан әлеуметтік бейімдеу жұмыстарында қиындықтар болып тұрады. Әсіресе, біздің еліміз секілді даму жолына жаңа түсіп, қоғамдық құрылымы бір сипаттан екіншісіне ауысқан өтпелі кезеңде мұндай мәселелер көбеймесе, азайған жоқ. Осындай себептің салдарынан қазіргі кезде әлеуметтік көмекке мұқтаж болып отырған мүгедек және созылмалы ауруларға шалдыкқан, күйзеліске дұшар болған балалар күннен-күнге көбейіп барады. Мемлекет тарапынан оларға көмек беру мақсатында Қазақстан Республикасында 2002 жылы «Мемлекеттік атаулы әлеумепік көмек туралы» заң, «Көп балалы отбасы және ана мен балаға көмек» (1997 ж) бағдарламасы, «Неке және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының заңы және басқа да Заңдар мен қаулылар қабылданды. Одан басқа түрлі қорлар, орталыктар. институттар мен мекемелерде әлеуметтік мәселелерді шешу ісімен айналысуда. Мұндай кезде көмек беру мен «қатарға қосу» шаралары жеткіліксіз, тосын жағдайлардың алдын алу, болдырмау мақсатында жүргізілген әлеуметтік қолдау мен бейімдеудегі арнаулы іс-шаралардың өзіндік маңызы мен орны бөлек.
Қазіргі қоғамда демократизация мен жаһандану үрдістері әрбір адам үшін білім алу, олардың жеке қабілеттеріи дамыту, мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды әлеуметтік интеграциялау, олардың мүмкіндігі мен тең құқығын құрудың қажет екендігін қарастыруда.
Жас ұрпақты тәрбиелеуде, оның бойындағы туа біткен табиғи мүмкіндіктерін дамыту, бағалау, сенім, үлгі көрсету, талап ету арқылы жауапкершілігін жетілдіру, ынтымақтастық педагогикасын пайдалану негізінде жеке тұлғаны қалыптастыруға жол ашылады.
Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды әлеуметтік педагогикалық түзету, қолдау, олардың басқа азаматтармен бірдей қоғам өміріне қатысу мүмкіндіктерін арттыру балалар мүгедектігінің алдын алу үшін Қазақстан Республикасының 2002 жылы қабылданған «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық колдау туралы» Заңы арнаулы білім беру жүйесін жоспарлы түрде кеңейтуді қамтамасыз етеді. Осы заң мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік, медициналық-педагогикалық түзету аркылы қолдаудың нысандары мен әдістерін айқындайды, оларға көмек көрсетудің тиімді жүйесін жасауға, тәрбиелеу, оқыту, еңбекке және кәсіби еңбекке даярлау ісімен байланысты мәселелерді шешуге бағытталған. Жас ұрпақты тәрбиелеуде осы аталған заңның бірінші тарауының сегізінші бабында көрсетілген ерте көмек көрсету, медициналық, психологиялық-педагогикалық диагностикалау, емдеу, түзете-дамыта оқытуды қамту, ерте балалық жастағы (үш жаска дейінгі) балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзету арқылы қолдаудың маңызы зор. Қазақстан Республикасының барлық айматарында, яғни аудандарында, қалаларында сауықтыру орталықтары, психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері түріндегі түзету ұйымдарының жаңа түрлері пайда болуда. Осы мақсатта облыстық, аудандық психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері мүмкіндігі шектеулі балалардын дамып-жетілуін жан-жақты зерттеуде.
Көрсетілген әлеуметтік бағыттағы мәселелерді шешуде Республикалық арнаулы (түзету) мекемелерді, мектепке дейінгі ұйымдарды, мектептерді арнаулы мамандармен қамтамасыз етілу жұмыстары бүгінгі күннің міндеті болып отыр. Осы себептерге байланысты әлеуметтік-педагогикалық процестің теориялық негіздерін қалыптастыру, мүмкіндігі шектеулі түлғаларды әлеуметтендіруге қолайлы шарт жасау және кедергілерді жоя білуге бағытталған жұмыстар орындалуда.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   99




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет