Пікір жазғандар


Жалпы және психикалық аномальды дамудағы психикаға тән заңдылықтарды



бет21/99
Дата06.03.2023
өлшемі1.45 Mb.
#470440
түріОқулық
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   99
арнайы кітап

Жалпы және психикалық аномальды дамудағы психикаға тән заңдылықтарды Л.С. Выготский былайша ұсынады.
Дамуы қалыпты бала жас ерекшелік кезеңнің әрбіреуінде биологиялық және әлеуметтәк жағынан жаңа психологиялық функциялардың деңгейін игеріп отырады. Аномальды бала биологиялық жағынан дамығанмен, психикалық функциялардың даму кезеңдерінде айтарлықтай артта қалдырып отырады. Егер балаға уақытында тарнайы ппедагогикалық көмек көрсетілмесе, артта өалушылық максималды деңгейге дейңн дамиды. Арнаулы оқыту мен тәрбиенің ықпалынан биологиялық және психологиялық тізбектегі даму бір-біріне жақындап, біріге бастайды.
Л.С.Выготский оқулары жүйелі құрылым жағынан кез келген кемшілік кезінде есепке алынатын, дефектология ғылымы үшін маңызды болып табылады.
Кез-келген кемшіліктің құрылымында бірінші жіне екінші кемшіліктерді айқындауға болады. Бірінші кемшіліктің бас миының органикалық бұзылуынан немесе олардың функционалдық жетіспеушілігінен болса, екіншілік кемшіліктер бірінші кемшіліктердің әсерінен пайда болады. Одан басқа тұлға дамуында айтарлықтай кері әсер етуші үшінші, төртінші кемістіктер пайда болуы мүмкін. Баланың жасы кіші болған сайын бірінші кемшілік анық байқалады, ал екінші кемшілік бірінші кемшіліктің негізінде дамиды. Сонымен, коррекциялық жұмыстардың барысында алғашқы кемшіліктерді анықтау арқылы екіншіліктің алдын алуға болады.
Компенсацияның мүмкіндігі сақталған функцияладың негізінде ұйымдастыруларды. Бұл заңдылық Л.С.Выготскийдің кемшіліктің күрделі де жүйелі құрылымын анықтау туралы оқуларынан келіп шығады. Мысалы, есту анализаторының кемшілігінен бірінші кемшілік естудің нашарлауы, саңыраулық пайда болса, екінші кемшілік сөйлеудің кемшілігін анықтайды.
Дегенмен, бұл кемшіліктерді сақталған көру анализаторы жұмысы арқылы компенсациялауға болады. Дамуында кемшілігі бар балалармен жүргізілетін барлық коррекциялық жұмыстар компенсациялау негізінде сақталған функциялардың көмегімен жүргізіледі. Л.С.выготски аномальды балаларлың даму заңдылықтары туралы оқулары өзінің шәкірттерінің де еңбңетерінен көрініс тауып отыр.
Л.С.Выготский оқудың бала дамуындағы алатын ролі тұжырымдасамы негізінде дамыта оқыту идеясын ұсынып, бала мүмкіндігінің өз бетінше әрекетке түсуі потенциялық мүмкіндіктері арқылы айқындалатын “даму зонасының өзектілігін” және “жақын даму зонасын” анықтайды. Потенциялдық мүмкіндіктердің айқындалуына ересектердің ықпалы қажет екендігін ескерту негізінде “жақын даму зонасы” бала мүмкіндігі мен қаблетін анықтауға, соған байланысты оқу жоспарын, оқу бағдарламасынын құрастыруда мұғалімге үлкен көмек болды.
Жүргізілетін барлық коррекциялық жұмыстар “жақын даму зонасы” негізінде ұйымдастырылатындықтан, бұл принцп дамудағы кемшіліктерді диагностикалау мен түзетуде маңызды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   99




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет