Пікір жазғандар


Бақылыу сұрақтары мен тапсырмалары



бет19/99
Дата06.03.2023
өлшемі1.45 Mb.
#470440
түріОқулық
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   99
арнайы кітап

Бақылыу сұрақтары мен тапсырмалары
1. Қалыпты даму кезіндегі бала тілінің даму ерекшеліктеріне сипаттама жасаңыз.
2. Л.С.Выготскийдің ойлау мен сөйлеу қатынасы туралы пікіріне сипаттама жасаңыз.
3. Тілдік қарым-қатынасқа түсудегі әлеуметтік аспектілерді атаңыз.
4. Сөйлеу тіліндегі кемшіліктердің қандай формаларын білесіз.
5. Мүмкіндігі шектеулі балалардың (көру, естуі бұзылған; ерте жастағы аутизмге шалдыққан; зияты зақымдалған; сал ауруы бар) сөйлеу тілінің ерекшеліктерін атаңыз.


10. Арнайы педагогиканың әдіснамалық және теориялық негіздері

1.Арнайы педагогиканың әдіснамалық негіздері.


2.Арнайы педагогиканың теориялық негіздері.
3.Арнайы педагогиканың дамуындағы Л.С.Выготскийдің теориялық концепциялары, оның мәні.

Кез-келген ғылым өзінің әдіснамалық базасын құрушы негізгі қағидаларға сүйенеді.


Арнайы педагогика психиканы адам әрекетінің ең жоғарғы материясы болып табылатын мидың қызметіне бағындыра отырып, материя мен сана байланысты деген философиялық көзқарас негізіне сүйенеді.
Арнайы педагогиканың негізгі әдіснамалық негіздері мыналаp:
Детерменизм - құбылыстардың жалпы себептік байланыстарын аынқтайды. Бала психикасының дамуы биологиялық және әлеуметтік факторларға тәуелді. Биологиялық себептерге орталық жүйке жұйесінің органикалық бұзылуынан болатын даудағы кемшіліктерді немесе Функционалдық жетіспеушілікті жатқызамыз. Әлеуметтік себептерге сәбилік шақтағы, ерте балалық шақтағы микроәлеуметтік жағдайлардың жасалмауы жатады.
Сананың, тұлғаның және әрекеттің бірлігі – адам тұлғасы туа бәтпейді. Керісінше сананың қалыптасып, белгілі бір саналы ірекет жасауға дайын болған кезде қалыптасады. Сана да өзі жеке тұрып қалыптастырмайды, ол тұлғаның құрылымына кіріп, әрекет кезінде қалыптасады деген ұстанымға негіз болады.
Дамуға қаблеттілігі-адам санасы өзгермелі, сондықтан ол әр уақытта өзгерістерге бейім тұрады. Баланың дамуы туралы білім, оның өзекті және потенциалдық дамуы денгейінің талдауы психологиялық-педагогикалық болжам жасауға, бала дамуындағы білім берушілік бағыттарды анықтауда маңызды деген пікір жасаумызға ықпал етеді.
Арнайы педагогиканың теориясы мен практикасының дамуына үлкен үлес қосқан оқырмандар: R.A Heber, R.M Hodapp, E.Zigler, T.E. Jordon, L.Kanner, E.Kraepelin, Л.С Волкова, Р.И Лалаева, В.ГПетрова, А.Г Литвка, Л.И солнцева, Е.А Стребелева, Г.В Чиркина, С.Г Шевченко, М.Ш Адилова, Ж.И Намазбаева, Р.А Сулейменова, А.А Айдарханова т.б.
Арнайы педагогика теориялық негіздері түрлі ғылым салаларынан тұратын білім құрастыруда мына еңбектердің қатары ерекше орын алады:
- Философиялық және әлеуметтік мәдени тұжырымдамалар, олар бір жағыныан арнайы педагогиканың әдіснамалық базасын құрса, екінші жағынан арнайы педагогиканың өз алдына ғылым саласы ретінде дамуы преспективасын анықтайды;
- Адамның жоғарғы жүйке жүйесі туралы түрлі мәліметтер И.П павлов, И.М Сеченов еңбектерінде көрсетілген;
- Неирофизилолгия мен нейропсихология салалары туралы білім, атап айтсақ А.Р Лурияның мидың 3 блогы теориясы, бас ми қабығы локализациясының бұзылуы туралы теориялар;
- Балалар психотерапиясы салаларындығы ғылыми мәліметтер (В.В
- Л.С. выготскийдің және оның шәкірттерінің ғылыми концепциялары;
- Психикалық дизонтогенез теориясы (В.В.Лебединский, В.И. Лубовский );
- Жалпы және аномальды дамудың спецификалық заңдылықтары туралы тұжырымдама (Л.С.Выготский, В.И.Лубовский, В.В.Лебединский);
- Р.М.боскис, Т.А.Власов, Р.Е.Левина, Н.Г.Морозова, Ж.И. Шиф, Қ.Қ.Өмірбекова, Қ.Б. Бектаева және басқалардың еңбектеріндегі педагогикалық тұжырымдамалар.
- Л.С.Выготский дефектологияның эмперикалық сипаттамалық позийиясынан ғылыми негізінде көшу қамтамасыз етудегі теориялық-әдіснамалық негізін құрады. Оның ғылыми тұжырымдамалары өткен ғасырлардың 1920-1930-шы жылдарында құрылған тұжырымдамалары өзінің өзектілігінің жоғалтпай осы кезеңге дейін жеткен. Арнайы педагогика ғылымы үшін өте маңызды Л.С. Выготскийдің тұжырымдамалары мыналар:
• психиканың мәдени-тарихы маңызы мен жоғарғы психикалық функциялардың қалыптасу консепциясы;
• қалыпты даму мен патологиядағы психикалық дамудың заңдылықтары концепциясы;
• дамудағы білім берудің ролін анықтау концепциясы.
Арнайы білім берудің теориясы мен практикасындағы ерекше мәнге ие болып табылатын оқымыстының идеяларына кез-келген кемшіліктің жүйелі түрдегі құрылуы мен дамудағы кемшіліктер кезіндегі компенсаторлық мүмкіндіктер, аномальды бала тұлғасының қалыптасуында ұжымдық формадағы әрекеттердің маңызы (оқу әрекеті, ойын әрекеті, еңбек әрекеті) орын алады.
Психиканың мәдени-тариха маңызы мен жоғарғы психикалық функциялардың қалыптасу концепциясына сәйкес тұлғаның қалыптасыуы қоғамдық-тарихи тәжірбиелер негізіндн игеріледі. Л.С.Выготскийдің пікірінше, сыртқы ортадағы практикалық әрекеттер бірте-бірте психикалық функцияларға ауысып, саналы түрде шартты сиппаты бейнелейді.
Сонымен қатар, Л.С.Выготский психиканың даму деңгеиін екіге бөліп көрсетеді: шынайы биологиялық сипаттағы даму деңгейі және әлеуметтік сипаттағы даму деңгейі.
Бұл деңгеилнр сөйлеудің дамумен, баланың белгілік-символдық әрекеттерімен байланысты, қорытындыланып, психиканың сапалы түрдегі қайта құрылуын, жоғарғы психикалық функциялардың қалыптасуын қамтамасыз етеді.
Жоғарғы психикалық функциялар сапалы түрде адамдардың өмір сүру жағдайындағы қарым-қатынас кезінде, түрлі әрекеттерді игеру барысында, сөйлеуді игеруде қалыптасады.
Адамның жоғары психикалыө функцияларын анықтаушы белгілердің қатарына баланың ойыны барысында, продуктивті әрекет кезінде қолданылатын белгілік құралдарды, әріптерді, сандарды жатқызамыз. Тіл де белгілердің жүйесін құрайды. Белгілер мен символды заттар мен құбылыстардың шынайы өатынастарын бейнелеуші адам әрекеті барысындағы модельдеуде ( сызба, формалар, чертеждер) өзара бірігеді.
Жоғарғы психикалық функцияларға ерікті зейінді,ерікті есте сақтауды, логикалық есте сақтауды, сөздік-логикалық ойлауды, қабылдау арқылы талдауды, мағыналы сөйлеуду, шығармашылық ойлауды, жазбаша сөйлеуді жатқызуға болады. Сонымен, адамның қоғамдағы психикалық функциялары туа пайда болмайды. Олар адамның әлеуметтенуінің маңызды өнімі болып табылса, екінші жағынан адамның социумға енуін қамтамасыз етіп, қоғамдағы өмір сүруін қамтамасыз етушу құрал.
Психиканың мәдени-тарихы маңызы мен жоғарғы психикалық функциялардың қалыптау концепциясы теориясынан шығатын қортынды адамның дамуы билолгиялық және әлеуметтік факторлардың бірігуі арқылы анықталады. Соның ішнде әлеуметтік фактордың маңызды. Баланың қалыпты дамуы үшін оның организімі биологиялық жағынан орталық жүйке жүйесінің дамуы қалыпты болуы керек, Дегенмен дені сау бала, әлеуметтік депривация жағдайында қалатын болса,(ата-анасының қарауынсыз қалу, ақпараттар мен әрекеттердің жетіспеушілігі) бала дамуы кешеуілдейді . Психиканың толық дамуы үшін адам басқа адамдармен қарым-қатынасқа, әрекетке түсуін қамтамасыз ететін педагогикалық-әлеуметтік жағдайлардың орны ерекше.
Психиканың дамуындағы заңдылықтар концепциясына сүйене отырып, қалыпты даму мен патологиядағы алпы және спецефикалық заңдылықтарды анықтауымызға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   99




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет