Олигофрения (грек тілінен аударғанда о1уgоs — аз, кішірею, рһrеn – ақыл) - тұқымықуалаушылық жолмен таралатын патологиялық жағдайлар, хромосомдық аберрация әсерінен орталық нерв жүйесінің ұрықтык даму кезеңінде, постнатальды дамудың ерте кезеңінде ( 2 жастан-2,5 жасқа дейін) зақымдануынан болатын психикалық жетіспеушіліктің күрделі формасы.
Деменция (латын тілінен аударғанда - аз милылық) – танымдық әрекеттердің тұрақты түрдегі әлсіреуі. Деменцияның негізгі себептері нейроироинфекцияның, соққылардың әсерінен резидуальды-органикалық бұзылулармен түсіндіріледі. Деменция кезінде гидроцефалия, ОНЖ-нің аурулары, шизофрения, эпилепсияның әсерінен интеллекті төмендейді. Қазіргі кезде ақыл-ой кемістігінің қосымша психопатологиялық синдромдары бар балаларды жиі кездестіруге болады: гипердинамикалық, психикалық тежелуге ұқсас, эпилептифтік формада, невротикалық талып қалулар. Бас миының зақымдалу уақыты мен деңгейіне және клиникалық, психолого-педагогикалық сипатына қарай зияты зақымдалған тұлғалар әртүрлі болып келеді.
Халықаралық классификацияға сәйкес (МКБ-10), ақыл-ой кемістігінің төрт түрін ерекшелейді: жеңіл (IQ - 40-69), орташа (IQ - 35-49), ауыр (IQ - 20-34) жәнетерең(IQ-20-дантөмен).
Қазақстандық олигофренопедагогикада көбінесе (МКБ-10) классификациясы кеңінен қолданды. Осыған сәйкес ақыл-ой кемістіпшң 4 түрін ерекшеледі: Ғ70 - жеңіл денгейі; Ғ71 - орта денгей; Ғ72 - ауыр дендейі;
Ғ73 - терең денгейі.
Ақыл-ой кемістігінің жеңіл түрі - ақыл-ой кемістіпнщ басқа түріне қарағанда жиі кездеседі. Бұндай балалар өз құрдастарының дене дамуы мен бітімінің дамуы жағынан арта қалады. Олар кеш жүреді, сөйлейді, кеш уақытта өзін-өзі күту дағдысын меңгереді. Бұл балалар ессіз, элсіз, жиі ауырады. Оларда айналасындағы қызығушылықтары өз бетімен қалыптаспайды, заттарды зерттемейді, ол туралы үлкендерден сұрамайды, табиғатта және әлеуметтік өмірде болған құбылыспен процестерге немқұрайлы қарайды. Мектепке дейінгі жастың соңында, олардың сөздік қоры өте шектеулі болады. Балалар қарапайым мазмұнды жеткізе алмайды. Пассивті сөз қоры қалыпты жағдайға қарағанда көлемі жағынан аз, олар 2-3 сөзден тұратын сөйлемдерді түсінбейді. Мектеп жасында олар әріптесінің сұрағын жақсы түсінбейтіндіктен әңгімелесуден қашады. Коррекциялық оқытусыз мектепке дейінгі жастың соңында, бұл балаларда тек заттық әрекет қалыптасады, ал ойындық әрекет жетекші болып қалыптаспайды. Төменгі мектепке дейінгі жаста, оларда ойыншықтармен мақсатсыз эрекеттер пайда болады, жоғарғы мектеп жасына дейінгі жаста заттық-ойындық әрекеттер пайда болады (қуыршақты тербету, машинаны жүргізу). Ойындық әрекеттері сезімдік реакция мен сөйлеусіз жүреді. Сюжеттік-рөлдік ойыны арнайы оқытусыз, өзбетінше қалыптаспайды. Ақыл-ойы кемтар бала ойнай алмайтындықтан (ережелерді түсінбейді, ретін сақтай алмайды, моторикасында ауытқушылықтары бар т.с.с), оны қалыпты құрбылары ойынға қабылдамайды. Ол әріптестерінің арасында теріс қаратылып, өз жасынан кіші балалармен ойнауға мәжбүр болады Мұндай бала жалпы үлгі деп бала-бақшада, қарапайым математикалық елестерін қалыптастыру, тіл дамыту, айналамен танысу, құрастыру бойынша сабақтарда бағдарлама материалын меңгеруде тұрақты қиындықты сезінеді Егер бала балабақшада арнайы түзетушілік көмекті алмаса, оның мектепте оқуға дайындығы қалыптаспайды.
Оқу барысында көптеген қиыншылықтарға ұшырайды. Ойлауының байланысты заттарды топтастыруда, себеп-салдарын анықтауда көптеген түсінбеуішлік туады. Сауат ашу кезеңінде әріптер мен дыбыстарды ажырата алмайды. Оқу дағдысын меңгергенімен оқыған мәтіннің мағынасын түснбейді. Математика оқыту барысында арифметикалық есептерді шешуде көптеген киындықтар кезедеседі. Сонымен қатар таным іс-әрекеті жеткіліксіз болғанымен оқуға қабілеті бар. Арнайы мектепте 9 жылдың ішінде шамамен бастауыш сыныптың бағдарламасын меңгере алады.
Ақыл-ойы кемдіктің орташа деңгейі де - бас миының қабығы және де төменде жатқан құрылымы да зақымдалады. Бүл бұзылыстар бала дамуының ерте кезеңінде пайда болады. Нэрестелік жаста мұндай балалар басын ұстауды, өз бетінше аунап, отыруды кеш бастайды. 3 жастан кейін жүреді. Оларда гуілдеу, былдыр, «жандану комплексі» қалыптаспайды.
Сөйлеу тілі мектепке дейінгі жастың соңында сөз, кейде сөз тіркесі ретінде пайда болады. Жиі дыбыс айтуы едәуір бұзылған, моторикасы бұзылғандықтан, өзін-өзі күту дағдысы қиындықпен, кеш, ересектердің көмегімен қалыптасады. Танымдық мүмкіндіктері бірден төмендеген: сезінуі, қабылдауы, есі, зейіні, ойлауы қатты зақымдалған.
Бұл топтағы адамдарға тән негізгі белгісі, жалпы абстракциялық түсініктері қалыптаспайды. Сөйлеу тілінің дамуы карапайым, өз сөйлеу тілі кедей, тұрмыстық деңгейде сөйлеу тілін түсіну сақталған.
Ақыл-ойы кемдіктің орташа деңгейіндегі балалар мүгедектер деп саналады. Кейбіреуі арнайы мектептерде білім алады. Оқуы жеке бағдарлама бойынша жүргізіледі. Бұл балалар оқи алады, яғни қатынас дағдысын, әлеуметтік-тұрмыстық дағдыны, санауды, қоршаған орта туралы кейбір қарапайым мәліметтерді меңгеруге қабілетті. Сонымен бірге, ерекше жағдайын бірі олар өзбетінше өмір сүре алмайды, үнемі қамқорлықты кажет етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |