Пікір жазғандар


Бақылау сұрықтары мен тапсырмалары



бет27/99
Дата06.03.2023
өлшемі1.45 Mb.
#470440
түріОқулық
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   99
арнайы кітап

Бақылау сұрықтары мен тапсырмалары.
1. Арнайы білім беру процесінің мәнін ашыңыз.
2. Коррекциялық педагогикалық процесстің қозғаушы күштерін атаңыз.
3. Мүмкіндігі шекетеулі балаларды оқыту мен тәрбиелеудегі әдістерге таңдау жасаудың ерекшелігіне сипаттама жасаңыз.
§14. КОРРЕКЦИЯЛЫҚ- ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРОЦЕСТІҢ ҰЙЫМДАСТЫРУ ФОРМАЛАРЫ.
1. Оқыту формалары туралы түсінік, оның түрлері
2. Сабақ - оқытудың ұйымдастырудың негізгі формасы ретінде
3. Арнаулы мектептегі сабақты ұйымдастыруға қойылатын талаптар
Дамуында кемшілігі бар балаларды оқыту мен тәрбиелеудің ерекшеліктері 1920 жылдары бекітілді. Л.С. Выготскийдің пікірінше кемістігі бар балаларды оқыту мен тәрбиелеуде қалыпты балалардың даму ерекшеліктеріне сай жан-жақты қалыптастыру керектігі анықталған. Осы уақыттан бастап мүмкіндігі шектеулі балаларға арналган мекемелердің негізі әрекеті белгіленген:
- қоршаған ортаның, табиғаттың көмегімен балаларға коррекциялық көмек көрсету;
- оқу процесін коррекциялык бағытта ұйымдастыру;
- мәдени-сауықтыру шараларын ұйымдастыру;
- отбасылық тәрбиенің дұрыс жолға қойылуын қамтамасыз ету.
Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту формаларын келесі топтарға бөлеміз:
1.Жеке оқыту.
Дәстүрлі түрде дамуында эр түрлі кемшілігі бар балалар мен ересектердің оқытуы жеке түрінде басталған болатын. Өйткені, бастапкы окыту үй жағдайында, монастырлерде, арнаулы шеберханаларда ұйымдастырылған. Қазіргі уақытта оқытудың жеке түрін келесі жағдайда қолдануымыз мүмкін:
- әр түрлі себептермен бала үй жағдайында білім алатын болса;
- топта, ұжымда білім алуға мүмкіндігі болмаған жағдайда, мысалы, ауыр немесе күрделі кемістігі бар балалар;
- жас ерекшелігіне сай, мысалы, ерте жастағы бала жеке оқыту формасын талап етеді;
- білім беру процесінің ұйымдастырылуына байланысты кейбір балалар қосымша жеке коррекциялық сабақтарды талап етеді: зағип балалар үшін кеңістікке бағдарлау, немесе тіл кемістігі бар балаларға арналған жеке логопедиялық сабақтар т.б.
Оқытудың жеке-топтық ұйымдастыру формасы.
Педагогикалық процесте жеке оқытудың жалғасы ретінде қолданылады.Коррекциялық-педагогикалық үдерісте арнаулы бала-бақшаларда коррекциялық кабинеттер жағдайында қолдану кең таралған.
1.Мектептегі сабақ.
Мектептегі оқу процесін ұйымдастырудың негізгі формасы сабақ болып табылады. Әрбір сабақ оқушылардың білімін, дағдысын, іскерлігін, сапалық қасиеттерін қалыптастырушы қызмет атқарады. Сабақ өзінің біртұтастығымен, қорытындысымен, міндеттерді орындаушылығымен ерекшеленуі тиіс.
Арнаулы мектептегі әрбір сабақ күрделі дидактикалық жүйелерге ие. Сабақтың бөлімдері: мазмұны - мұғалімнің сөзімен, оқулықпен, көрнекі құралдармен, оқытудың әдістерімен, формаларымен анықталады.
Әрбір сабақта негізгі дидакгикалық міндеттер шешіледі: оқыту,тәрбиелеу, коррекциялау. Сабаққа қойылатын талаптар:
- өткенмен байланысты болуы және жаңа сабақ арасындағы
байланыс;
- жаңа білімнің ғылымилығы, шындықпен байланысуы; оқушылардың кабілеті мен психофизикалық ерекшеліктеріне қарамастан білімнің жеткіліктілігі;
- сабак үстіндегі оқушылардың танымдык қабілеттерді қалыптастыруы;
- оқыту процесіндегі саралау принципінің орындалуы;
- педагогикалық процестің ғылыми түрде үйымдастырылуы;
- дидактикалық мақсаттарға сай көрнекі құралдармен жабдықталуы;
- сабақ құрылымының қойылған мақсаттарға сай болуы.
Сабақтың мақсаты мен негізгі бағыттарына сай оқушылардың жеке тәжірибелері есепке алған жөн. Себебі, оқушылар игерілетін материалдың өмірмен, табиғатпен, шындықпен байланысты болғанын қалайды.
Сабақтың дидактикалық мақсаттарына қарай сабақтың типтері анықталады.
Кіріспе сабақ кезінде оқушылардың жаңа материалды игеруіне жағдай жасалады. Оқушылардың жаңа материалды игеруге қажетті білімді жүйелеу жұмыстары ұйымдастырылады.
Жаңа материалды хабарлау сабағында тақырыпты игертуге арналған жұмыстар жүргізіледі.
Қайталау сабағы немесе қорытынды сабақ кезінде игерілген материалдарды жүйелеу жұмыстары ұйымдасгырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   99




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет