Оқытудың функциялары - кезкелген объектінің ішкі қасиеттеріне қарай анықталатын жүйе. Коррекциялық оқыту процесінің функциялары төртке бөлінді: дамытушылық, білім берушілік, тәрбиелік және түзетушілік.
Дамытушылық функция оқыту процесіндегі тұлғаның дамуына болжам жасайды. Оқыту мен дамытудың арасындағы өзара қарым-катынастарды аныктау мәселесі бойынша педагогтар мен психологтардың кейбіреулері (Ж.Пиаже) дамыту окытуды жетелейді десе, ал Л.C.Выготский оқыту д амытуды жетелейді деген түрлі көзкарас білдіреді.
Л.С.Выготский окытуда даму деңгейінің екі аймағын ұсынады. Оның бірі - ойлау, есте сақтау, елестету негізіндегі «актуальды даму аймағы» болса, екіншісі - әр оқушыда қалыптаскан потенциалды даму деңгейін аныктаушы белгілер. Зерттеушінің пікірінше, «жақын даму аймағы» «актуальды даму аймағына» айналады да, мұғалімге окушының потенциалдык мүмкіндігін есепке алып, «жақын даму аймағын» анықтау міндеті жүктеледі.
Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов дамыта оқыту тұжырымдамасы негізінде дамыта оқыту тұжырымдамасын ұсынады.
Оқытудың білімдік функциясы практикалык іскерлік пен дағдыны, акпараттык қорды қалыптастырудағы ғылыми білім.
Білім - ғылыми түсініктермен, теориялармен, заңдылыктармен қоршаған дүниені танудың қорытындысы.
Іскерлік- игерілген білім негізіндегі әрекет. Іскерліктің жалпы түрдегі қабылданған түрлері: ауызша және жазбаша сөйлеуді игеру, оқулықпен жұмыс, конспект кұру, мен жазба кұру болса, арнайы іскерліктердің түрлері: накты пән бойынша компьютермен жұмыс жасау.
Дағды- жеке автоматты түрге айналган әрекет.
Білім, іскерлік және дағды бір-бірімен диалектикалык тәуелділік жағдайында бола отырып, тығыз байланысады. Мысалы, кітаппен жүмыс жасау іскерлігі барысында жаңа білім калыптасады.
Оқытудың тәрбиелік функциясы оқушылардың жан-жакты үйлесімді дамуына бағытталған. Оларды адамгершілік, эстетикалык, мәдени, акыл-ой, отбасылык катынастарға байланысты анықтаймыз. Окытудың тәрбиелік функциясын жүзеге асырудың факторлары:
- білім берудің мазмұны гуманитарлық циклдегі пәндер: әдебиет, музыка, тарих бойынша пәндердің мазмұнына карай тәрбиелілік міндеттерді орындайды;
- косымша дидактикалык материалдар жаратылыстану-математикалык циклдегі пәндер: физика, математика, химия тәрбиелеуді компенсациялауга жағдай жасайды;
- оқыту процесін ұйымдастыру сабақтың құрылысын, мұғалім мен оқушының әрекетін кұрудағы реттіліктің сақталуын қадағалайды;
- окытудың әдістерін, тәсілдерін, кұралдарын рационалды түрде қолдану оқушылардың танымдық әрекетін, өз бетінше жұмыс жасау қабілетін, инициативасын, жеке көзкарасын білдіру қабілетін арттыруға бағыттайды;
- ұжымдағы психологиялық ахуал қарым-қатынас стилінің демократиялы түрдегі кұрылуына негізделеді;
- оқушыларға және олардың ата-аналарына психологиялық көмек көрсету және қолдау;
- педагог тұлғасының тұлғалық және кәсіби-сапалық қасиеттерге байланысты айкындалуы.
Оқыту ерекшеліктерін анықтауда мұғалім-дефектолог, логопед, арнайы психолог кәсіби құзыреттілікті, жеке тұлғалык қасиеттерді игерген, мүмкіндігі шектеулі баламен жұмыс жасаудағы қарым-қатынас формаларын сақтайтын маман болуы тиіс.
Оқыту процесінің коррекциялық бағыты арнайы әдіс-тәсілдердің көмегімен оқушылардың танымдық қабілеттерін компенсациялау барысында арттырудың мүмкіндіктерін қарастырады. Осы бағытта мүмкіндігі шектеулі балалардың оқу әрекетін игерудегі киындыктар мына себептермен түсіндіріледі:
- кемшіліктің сандық кұрылымы кемшіліктің сапалық жағын бейнелейді;
- танымдық әрекеттің әлсіздігі игерген білімді кабылдау, оны қайта өңдеу, есте сақтауға кедергі келтіреді;
- сөйлеу тіліндегі кемшіліктер;
- әлеуметтік бейімделудің қиындығы.
Оқыту әдісі- бұл өз алдына мақсаты мен міндеттері бар, біртұтас құрылымдық жүйеден тұратын педагогикалық көмек көрсету тәсілі.
Әдістемелік тәсіл - бұл нақты оқушының жауабын қажет ететін мұғалімнін карапайым әрекеті.
Оқыту әдістемесі оқытудың накты мазмұны мен әдісін анықтаушы педагогикалық технология.
«Әдістемелік» және «әдіснамалык» түсініктер мағынасына карай ажыратып алуымыз керек. Әдіснама - бұл нақты ғылыми көзқарастар негізіндегі қағидаларды ұстанатын философиялық категория.
Оқытудың әдістерін түрлі позициядан қарастыруда бірнеше классификация белгіленген. Арнайы педагогика үшін Ю.К.Бабанскийдің ұсынған оқытудың біртұтастыгын есепке алып, құрған классификациясын қарастырамыз.
Аталған классификация үш топқа бөлінеді:
I топ - оқу-танымдык әрекетті ұйымдастыру әдісі. Бірінші топтағы әдістер былайша бөлінеді.
-сөздік, көрнекілік және практикалық әдістер (оқу материалын қабылдауына қарай);
-индуктивті және дедуктивті (интеллектуалды әрекет);
-репродуктивті және зерттеушілік-ізденіс (ойлаудың дамуы);
-мұғалімнің көмегімен оқушылардың өз бетінше жұмыс жасауы.
II топ - ынталандыру және бақылау әдісі.
III топ - бақылау және өзін-өзі бақылау.
В.А.Онищук ұсынған әдістердің классификациясында мұғалім мен оқушы әрекетінің түрлері беріледі.
- коммуникативтік;
- танымдық;
- жүйелілік;
- бақылау.
Мүмкіндігі шектеулі балалардың танымдық әрекетінің баяулығына (ойлау мен сөйлеудің, сенсорлық-перцептивтік әрекеттің, зейіннің баяулығы) байланысты аталған әдістердің классификациясы толығымен пайдаланылмайды. Коррекциялық оқыту жүйесінде арнайы дидактика позициясынан А.Н.Граборов, Г.М.Дульнев, И.Г.Еременко және т.б. зерттеулерінде жеткілікті түрдегі қарастырылған оқытудың сөздік, көрнекілік, практикалык әдістерін кеңінен қолданамыз.
Мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеу - арнайы педагогикадағы негізгі ұғымдардың бірі. Бұл ұғым баланың жалпы дамуы үшін, жолдастарымен және үлкендермен араласуы үшін, тұлға ретінде қалыптасуы үшін маңызды. Мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеудің мақсаты мен міндеттері педагогиканың жалпы принциптерімен анықталып, оны қолданудың ерекшелігі кемшіліктің құрылымы мен деңгейіне сәйкес белгіленеді. Мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиесі мектеп пен отбасының тығыз байланысы аркылы, өзара түсіністік пен көмек аркылы жүзеге асады. Дамуында акауы бар баланың тәрбиесі баланың жас ерекшелігін, жеке қасиеттерін есепке алып, баланың өз-өзіне қызмет ету дағдысын, тәртібін, өмір сүруге дайындығын қалыптастыру барысында орындалады. Мүмкіндігі шектеулі баланың тәрбиесі бала бойындағы психикалық және дене кемшілікке қоршаған ортаның деликатты қарым-қатынасын керек етеді. Бала бойында оптимизм мен сенімділік, қиындьқты жеңудегі қабілеттілік, жағымды сапалық қасиеттерге көңіл бөлу, өз әрекетіне сыни көзқарас көрсетуде маңызды.
Оқыту процесін ұйымдастыру, оның мақсаты, міндеті, принциптері арнайы мекеменің типіне сәйкес кемшіліктің мінездемесі мен күрделілігіне қарай жүзеге асады. Мүмкіндігі шектеулі баланың дамуы қарапайым бала дамуына қарағанда оқытумен байланысты қалыптасады. Сондықтан оқытудың уақытында басталмауы немесе болмауы осы бала дамуын тоқтатып, психикалық функциялардың қалыптасуына кедергі жасайды.
Көптеген МШ балалардың мектептегі оқу әрекетіне дайындығы төмен, оқуға деген қызығушылықтары тұрақсыз, зейіні төмен күйде болады. Бұл жағдайлар оқу процесінде оқуға деген қызығушылықты арттыратын, танымдық қабілетті, ойлау қабілетін қалыптастыратын тапсырмаларды орындауға бағытталған түрлі әдістерді қолданудың қажеттігін ескертеді. Ойын аркылы оқыту әдістері жоғары сыныптарда да көрініс табады, яғни өтілгенді қорытындылау кезінде қолданылады. Оқу процесінде оқытудың сөздік, көрнекілік, практикалық әдістері кеңінен қолданылады. Мысалы, оқушылар бір уақытта ауқымды материалдарды игере алмайды, сондықтан ол тақырыпты бөлімдерге бөлу керек. Сөздік формада түсіндірілген материал көрнекілік, практикалық әрекетпен бекітілмесе, оқушылар ол материалды еске сақтамайды. Сөздік және көрнекілік арасындағы байланыстарды оқушылар игере алмаса, әдістемелік тәсілдерді қолданудың қажеттігі туады. Мысалы, өтілген жаңа әріпті оқушылардың есте сақтауы үшін мұғалімдер әріптерді бастыру, ол әріптерді сымнан немесе қағаздан қию, бояу сиякты тәсілдерді қолданады. Түрлі әдістердің өзара байланысуы оқу пәнінің мазмұнына, дидактикалық міндеттерге, оқушылардың дайындыгына ғана емес, сынып оқушыларының кұрамына да байланысты аныкталады. Сынып оқушылары құрамының әр түрлі болуы білімінің талапка сай болуы үшін әдістердің өзара байланысын талап етеді. Оқу материалының түріне, ерекшелігіне қарай нақты сабаққа қажетті әдістер қолданылады. Олар ақпаратты игерту тәсіліне қарай келесі түрде қарастырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |