Пікір жазғандар


Мектепке дейінгі арнаулы жүйе келесідей сипатталады



бет33/99
Дата06.03.2023
өлшемі1.45 Mb.
#470440
түріОқулық
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   99
арнайы кітап

Мектепке дейінгі арнаулы жүйе келесідей сипатталады:
Тәрбиешілер мен арнайы педагогтардың сабақтарын бөлуде тіл дамыту, қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру, конструкциялау, ойын әрекетін дамыту сабақтарын арнайы педагогтар жүргізеді
Арнаулы сабақ түрлерін ұйымдастыру. Мысалы: есту қабілетін дамыту, дыбыстарды дұрыс айтуға үйрету, көріп қабылдауын дамыту, логопедиялық сабақтар, кеністікте бағдарлау, емдік дене шынықтыру сабақтары арқылы орындалады.
Төлемсіз білім беру. Жалпы балабақшаларда ата-аналар тарапынан қандай да болмасын қаржы бөлінетіні белгілі. Мүмкіндігі шектеулі балаларға жасалған. Жеңілдік есебінен ата-аналардан ешқандай төлем қабылданбайды. Мектепке дейінгі арнаулы білім беру жүйесіндегі бұл ерекшелік «Дене немесе психикалық дамуында кемшілігі бар балаларға мемлекет тарапынан қаржы бөлу туралы» заңнамалық құжат негізінде орындалады.
Мектепке дейінгі арнаулы мекемелер жұмысы мүмкіндігі шектеулі балалардың отбасыларына көмектесу, олардың потенциалдық мүмкіндіктерін максималды түрде дамыту жұмысының бірлігіне тәуелді.
Мүкіндігі шектеулі балалар ата-аналардың келісімен психологиялық медициналық педагогикалық кеңес беру жұмыстарын қатамасыз етілуі үшін мектепке дейінгі арнаулы білім беру мекемелерінің барлығында да қабылдана алады.
Түрлі себептерге байланысты мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбиелене алмайтын балалар калыпты режим бойынша қысқартылған топтарда тәрбиелене алады. мұндай қысқартылған топтарға жұмыстың негізі міндеттері психологиялық-педагогикалық көмек көрсету, ата-аналарға құқықтық негізде кеңес беру, оларды қолдау, баланың әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз ету, оқу әрекетінің қалыптасуына толық жағдай жасау болып табылады. Бұл топтардағы сабақтар жеке түрде немесе 2-3 балалан тұратын аз топтармен жүргізіледі. Отандық білім беру жүйесіндегі өзгерістер шетелдік тәжірибелердің ықпалынан жүзеге асырылып, мүмкіндігі шектеулі балаларды қалыпты балалардың арасында интеграциялы оқытудың моделі асқан жауапкершілікпен, тиянақтылықпен қалыптасуда. Себебі, интеграциялы оқытуды тәжірибеге енгізу үшін жалпы білім беретін мектепке дейінгі мекемелерде жоғарғы деңгейдегі база, арнаулы кадрлармен қамтамасыз етілудің жағдайы, түзету-педагогикалық және емдік-сауықтыру жұмыстарын жүргізуге арналған материалдық-техникалық жағдайлар қажет.
Әрбір бала үшін мектептегі оқуды игеру өтпелі кезең болып саналады. Мұнда бала әрекетің жаңа бір түрі оқу әрекетін игеріп қана қоймай, балалар мен ересектердің жаңа ұжымына, жаңа күн режиміне, жаңа ортаға үйренісуі тиіс. Ерекше қажеттіліктері бар балалардың білім алу, қарым-қатынас, әлеуметтік бейімделу процесіндегі бұл өзгерістер кризистік кезеңнің жағымды немесе жағымсыз түрде өтуіне тікелей әсер етеді. Бұл балалардың жаңа жағдайларға үйренісуі үшін білім беру мекемелеріндегі оқыту мен тәрбие беру ісі жоғарғы деңгейдегі үйымдастырылған жүмыс формасымен ұйымдастырылып, алғаш күннен бастап жеке-дифференциалды жүмыстың түрлеріне таңдау жасалуы тиіс. Тәжірибеде көрсетілгендей, мектепке дейінгі шақтағы оқытудың дайындық кезеңінде бала өзіне таныс ситуацияларда білімді игеруіне мүмкіндігі болады.
Ерекше білімді қажет ететін мектеп жасындағы балалар арнаулы білім беру стандарттары негізінде арнаулы мекемелерде немесе үй жағдайында білім алады.
XX ғасырдан бастап мүмкіндігі шектеулі балалардың барлық категориясы арнаулы (коррекциялық) мектеп-интернаттарында білім алып келеді.
Қазақстан Республикасындағы мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған коррекциялық ұйымдарының қызметі мен тәртібін анықтайтын Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 3 ақпандағы №100 «Арнайы білім беру ұйымдарының ережесінің» қаулысы бойынша арнаулы білім беру жүйесінің мазмұны реттелуде
Көрсетілген нормативтік құжатқа сәйкес арнаулы мекемелердің барлық түріне арналған білім беру стандартты ережелері қабылданған.
Білім беру мекемелерінің әркайсысы арнаулы білім беру стандарты негізінде баланың жеке даму мүмкіндіктерін есепке алып оқу жоспарларын, оқу бағдарламаларын құрып, оны жүзеге асыруда. Мұндай мемлекеттік және мемлекеттік емес арнаулы білім беру орындары бала өміріне тікелей жауапты бола отырып, баланың конституциялық құқығы мен мүддесін қорғауды жауапкершілігіне алады.
Арнаулы білім беру мекемелерінің барлық түрінде бала үшін қажетті жағдайлардың барлығы (медициналық көмек, әлеуметтік бейімделу мен интеграция) қамтамасыз етіледі.
Арнаулы (корекциялық) мекемесінің түлектері (зияты бұзылған балаларға арналған мектептерді коспағанда) цензалы білім алады. Мұнда жалпы білім беру мазмұнының деңгейіне сәйкес білім беріледі, мысалы: негізгі жалпы білім беру, орта жалпы білім беру. Арнаулы мектеп түлегіне игерген білімінің деңгейіне қарай мемлекеттік негіздегі құжат беріледі.
Арнаулы мектептерге ата-аналардың келісіммен және психологиялық- медициналық-педагогикалық кеңес беру орталықтарының ұсынысына сәйкес білім беру басқармалары баланың білім алуына қажетті жолдама береді.
Арнаулы мектептерде күрделі кемшіліктер анықталған балалар үшін арнаулы сыныптар кұрылады. Бала дамуындағы кемшіліктің деңгейі мен түріне, психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес мүшелерінің қорытындысына қарай білім беру процесінде мұндай балалар үнемі бақылауда
болуы тиіс.
Арнаулы мектеп оқушылары психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес мүшелерінің қорытындысы, ата-аналардың келісімімен оқу бағдарламасын игеру мүмкіндігі мен даму қабілетіне қарай жалпы білім беру мекемелеріне ауыстырылуы да мүмкін.
Арнаулы мектептерде білім берумен қатар медициналық көмек көрсету арқылы бала денсаулығын сақтау, психологиялық қолдау көрсету, әлеуметік қорғау қызметтері де көрсетіледі. Мұндай қызмет түрлерін көрсетуге арналған мамандарға штат бөлініп, қызметкерлердің әрекеті педагогикалық ұжымның жұмыс мазмұнымен, жұмыс кестесімен тығыз байланыста құрылады және диагностикалау, психокоррекциялау, психотерапиялық, бала құқығын сақтау сияқты қызмет түрлерін жүзеге асыра алады. Қажет болған жағдайда балаларға медикаментоздық ем, физиотерапия, массаж, шынықтыру жаттығулары, емдік-сауықтыру бағытындағы қызмет түрлері көрсетіледі.
Мүмкіндігі шектеулі баланың әлеуметтік бейімделуі мен қоғамға араласу, әлеуметтік интеграция, әлеуметтік ортаға бейіделу процесін әлеуметтік педагог мамандар жүзеге асырады. Арнаулы мекемелердегі әлеуметтік педагогтардың қызметі мектеп түлегінің мектепті аяқтау кезінде үлкен роль атқарады.
Арнаулы мекеменің қай түрі болмасын мектеп түлектерін қоғамдық пайдалы еңбекке кәсіби еңбекке даярлайды. Баланы мұндай еңбек түрлеріне даярлау ісі жергілікті жердің ерекшеліктеріне байланысты: жергілікті еңбек нарығының қажеттіліктері мен тәрбиеленушілердің қызығушылықтары, мүмкіндіктеріне қарай аймақтық, этноұлттық және мәдени ерекшеліктерге байланысты түрленіп отырады.
Естімейтін баларға арналған арнаулы мектеп – жалпы білім беретін мектеп бағдарламасына сәйкес үш деңгейде білім беретін саңырау балалар мектебі:
1-ші деңгейі - бастауыш жалпы білім беру (дайындық сыныбымен қоса есептегенде 4-5 жылды қамтиды);
2-ші деңгейі - негізгі жалпы білім беру (6 жылды қамтиды);
3-ші деңгейі - орта білім беру (2 жылды қамтиды).
Мектеп жасына дейінгі дайындығы жоқ 7 жастағы балалар бірінші сыныпқа қабылданады. Оқу әрекетінің барлығы ауызша және жазбаша сөйлеу тілін қалыптастыру мен дамыту жұмысына бағытталып құрылады да балалардың есту, көру қабілетінің негізінде қоршаған ортамен танысу, дыбыс күшейткіш аппаратуралардың көмегімен тілдік қарым-қатынасқа түсу жұмысын қамтамасыз етуге бағытталады.
Осындай мақсатпен есту қабілетін дамыту мен ауызша сөйлеу тілін қалыптастыруда арнаулы топтық және жеке сабақтар үздіксіз ұйымдастырылып отырады.
Билингвистикалық жүйе негізінде жұмыс жасайтын мектептерде оқушыларды ыммен сөйлеуге және ауыз екі сөйлеу тілін қалыптастыру жұмыстары қатар ұйымдастырылады.
Естімейтін балаларға арналған мектептегі күрделі кемшілігі бар саңырау балаларға арналған (ақыл-ой дамуы бұзылған, көруі нашар, оқуда қиындықтар тудыратын) арнаулы сыныптар жұмыс жасайды.
Нашар еститін балаларға арналған арнаулы мектеп - нашар еститін, кеш саңыраулыққа ұшыраған, бірақ өз бетімен сөйлей алатын балаларға арналған мектеп. Бұл мектеп екі бөлімге бөлінеді:
- бірінші бөлім - есту қабілетінің бұзылуына байланысты жеңіл түрдегі сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналады;
- екінші бөлім - есту қабілетінің бұзылуына байланысты күрделі түрдегі сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналады.
Көрсетілген бөлімдердің әрқайсысына (бірінші сыныпқа) балабақшада болған жеті жасқа толған балалар қабылданады. Мектепке дейінгі мекеме тәрбиесінде болмаған балалар екінші бөлімде дайындық сыныбынан өтеді.
Сыныптардағы оқушылардың толымы бірінші бөлімде 10 оқушыны, екінші бөлімде 8 оқушыны құрайды.
Арнаулы мектептегі білім беру процесі жалпы білім беру мазмұнының бағдарламасына сәйкес үш деңгейде ұйымдастырылады:
1-ші деңгейі - бастауыш жалпы білім беру (бірінші бөлімде 4-5 жыл, екінші бөлімде 5-6 жыл);
2-ші деңгейі - негізгі жалпы білім (бірінші бөлімде де, екінші бөлімде де 6 жыл);
3-ші деңгейі - орта (толық) жалпы білім беру (бірінші бөлімде де, екінші бөлімде де 2 жыл).
Есту қабілетін дамыту мен сөйлеу тілін қалыптастыру және оларды арнаулы ұйымдастырылған топтық және жеке сабақтарда жүргізіледі.

Есту қабілетін дамыту мен дыбыстарды айтуды машықтандыру жұмыстары фонетикалық ритмика сабақтары мен ырғақты би сабақтарында да қатар ұйымдастырылуы болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   99




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет