Пікір жазғандар



бет34/99
Дата06.03.2023
өлшемі1.45 Mb.
#470440
түріОқулық
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   99
арнайы кітап

Көру қабілеті зақымдалған балаларға арналған арнаулы мектептер -соқырларға және нашар көретін балаларға арналған білім беру мекемесі. Бұл мектептерде қылилық пен амблиопия диагнозы қойылған балаларға арналған сыныптар (топтар) қызмет жасауы да мүмкін. Соқырлар мен көру қалдығы (0-0,04) сақталған және көру функцияларының күрделі бұзылуларымен сипатталатын балалар қабылданады.
Бірінші сыныбына 6,5 жастан бастап, кей жағдайларда 8-9 жастағы балалар қабылданады. Сыныптағы (топтағы) оқушылардың толымы 8 баланы құрайды. Оқу мерзімінің ұзақтығы орта (толық) жалпы білімді игеру уақытын
қосқанда 12 жыл.
Осы мектепке көру өткірлігі 0,05-тен 0,4-ке дейін сақталған нашар көретін балалар да қабылданады. Сонымен қатар бұл мектептерде көз ауруларымен жиі ауыратын, өте жақын арақашықтықтан оқитын және жазатын балалар да оқиды.
Жалпы білім беру сабақтарымен қатар коррекциялық сабақтар қатар жүреді. Оның ішінде: кеңістікте бағдарлау, тіл дамыту, әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлау, мимика және пантомимика және т.б.
Сөйлеу тілінде күрделі кемшіліктері бар балаларга арналған арнаулы мектеп. Осы мектеп екі бөлімнен тұрады:
- бірінші бөлімде, күрделі тіл кемшіліктері (алалия, дизартрия, ринолалия, афазия) кездесетін және тулығу тіл кемшілігі бар жалпы сөйлеу тілі бұзылған балалар білім алады.
- екінші бөлімінде, түлығу тіл кемшілігінің күрделі формасы кездесетін балалар білім алады.
Сөйлеу тіліндегі кемшіліктер жойылып, түзетілсе, психологиялық-медициналық-педагогикалық сараптаманың қорытындысына сай, ата-аналардың келісімімен жалпы білім беретін мектептерге ауыстырылады.
Мектептің бірінші сыныбына 7-9 жастан бастап, дайындық сыныбына 6-7 жастан бастап қабылданады. Мектепте білім алған балалар 10-11 жыл ішінде непзп жалпы білімді игереді. Арнаулы логопедиялық және педагогикалық көмек түрлері оқыту мен тәрбиелеу процесі кезінде, сыныптан тыс уақыттарда арнаулы құрылған сөйлеу режиміне сай жүргізіледі.
Тірек-қозғывмиталыс аппарашы бұзылган балаларға арналған арнаулы мектеп. Бірінші сыныпқа 7 жасар балалар қабылданады. Мектепте арнайы қозғалыс режимі орнатылған. Білім баланың қозғалыс аясын, оның сөйлеу кабілетін және жалпы танымдық қызметін қамтитын кешенді түзету жұмысы жүргізіле отырып беріледі. Бұл мектептерде тірек-қозғалыс аясында ақауы бар, бірақ қосымша кемістігі байқалмайтын жалпы білім беру бағдарламасын меңгеруге толық мүмкіндігі бар оқушыларды қамтиды.
Тірек-қозғалыс аппараты бұзылған балаларға арналған арнайы (коррекциялық) мектептегі білім беру процесі жалпы білім беру бағдарламасы бойынша үш деңгейде ұйымдастырылады:
1-ші деңгейі - бастауыш жалпы білім беру (4-5 жыл);
2-ші деңгейі - негізгі жалпы білім беру (6 жыл);
3-ші деңгейі - орта (толық) жалпы білім беру (2 жыл).
Ой-өрісінде жетіспеушілігі бар (ақыл-ойының дамуында бұзылыстары бар) балаларға арналған арнайы (коррекциялық) мектеп.
Бұл мектептегі білім беру процесі цензалы емес, себебі білім берудің мазмұны оқушылардың әлеуметтік бейімделуі мен кәсіби-еңбекке дайындық жұмыстарын негізгі мақсат етіп ұстанады. Мектептерде оқыту мен тәрбиелеу жұмысы еңбекке баулу жұмыстарына емтиханнан өтумен аяқталады.
Дайындық сыныбындағы оқушылардың саны 6-8 баладан аспауы тиіс, ал қалған сыныптарда 12 баланы құрайды. Мектептегі оқу мерзімінің ұзақтығы 9 жылды құрайды, ал кәсіби дайындықтан өту сыныптарын қосқанда 10 жылды құрайды. Мектептің материалдық базасы толық жасақталған жағдайда терендетілген түрдегі еңбекке дайындық сыныптары ашылуы мүмкін. Кәсіби еңбекке дайындық сыныптарын аяқтаған оқушыларға біліктілік разрядын игергендігін растайтын құжат беріледі.
Ақыл-ой кемшілігі орта денгейдегі балаларға 5-6 баладан құрылған сыныптар ашылады.
Психикалың дамуы тежелген балаларға арналған мектеп. Рәсімдеу құжаттарында бұл мектеп аталғанымен, 2010-2011 жылдары бұл мектептің түрлері жаппай жабыла бастады. Ол біздің мемлекетімізде инклюзивті білім беру процесінің дамуымен себепті. Соған сәйкес көптеген жалпы білім беру мектептерде психикалық дамуы тежелген балаларға арналған коррекциялық сыныптары ашылуда.
Білімді игеру кезінде тұрақты түрдегі қиындықтар туғызатын психикалық дамуы тежелген балалар арнайы (коррекциялық) қолдауды жалпы білім беру мектептің жай сыныбында алуға мүмкіндігі бар.
Балаға қойылған диагнозды нақтылаудың қажеттілігі туындаған кезде мектепке қабылданған ПДТ бала бір жыл бойы білім алып шығады. Білім беру процесі кезінде жеке және топтық сабақ формасындағы түзету сабақтары, логопедиялық сабақтар қатар жүргізіледі.
Арнаулы сыныптарға психопатиялық тәртіп, эпилепсия, психикалық аурулардың түрлері анықталған балалар қабылданбайды. Ол балалар ата-аналарымен бірге кеңес беру орталықтарынан қажетті көмек ала алады.
2002 жылы САТР орталығының ұсынысымен құрылған ҚР-ның «Кемтар балаларды әлеуметтік және медациналық-педагогикалық түзете қолдау туралы» Заңы қабылданды. Бұл заңның қабылдануы ҚР-ның арнайы білім беру жүйесінің дамуына негіз болып, арнайы білім беру мекемелерінің жаңа түрлерінің пайда болуына түрткі болды.
Сонымен, дәстүрлі тараған арнайы бала бақшалар мен арнайы мектептерден басқа мүмкіндігі шектеулі балаларға арналалған басқа да жаңа түріндегі мекемелер кең таралды. Олар: псхолого-медико-педагогикалық кеңес беру ұйымдары; реабилитациялық орталықтар; психолого-педагогикалық коррекциялық кабинеттер; логопедиялық пункттер; мемлекетгік емес қоғамдық ұйымдар (ассоцияциялар) және т.б.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға ерте жастан медициналық білім беру және әлеуметтік қолдау жүйесін қамтамасыз ететін инфрақұрылым құру, басқару және қаржыландыру, кадрмен және материалдық-техникалық қамтамасыз ету керек. Диагностикалық-кеңес беру жұмыстары психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес беру (ПМПК) ұйымдарында өткізіледі.
Психологиялық- медициналық-педагогикалық кеңес беру (ПМПК) мүмкіндігі шектеулі баланы тексеріп және оның ерекше білім алу қажетгіліктерін анықтап, соған сәйкес білім беру мекемесінде оқытуға ұсыныс жасап, қорытынды шығарады.
ПМПК іс-әрекеттерінің негізгі бағыттары:
1) психопрофилактикалық жұмыс;
2) психодиагностикалық жұмыс;
3) дамытушы және психокоррекциялық жұмыс;
4) кеңес берушілік жұмыс.
ПМПК жұмысының мазмұны - медициналық диагноз қою мақсатында баланы кешенді медициналық-психологиялық-педагогикалық тексеру, оның ауруларының пайда болу ерекшеліктерін және бірге жүретін патологиялық өзгерістерді анықтау болып табылады.
Әрбір ПМПК-ң штатында міндетті түрде кіреді: арнайы педагог, логопед, психолог, балалар психиатры, психоневролог.
Қосымша мамандар: офтальмолог, отоларинголог, хирург-ортопед, әлеуметтік педагог, неонотолог, педиатр және т.б.
Кеңестің басқармасының басқарушысы болып арнайы білімі бар немесе психология мамандығы бойынша медициналық білімі бар тұлға тағайындалады.
ПМПК-да келесі қркаттар жүргізіледі: кеңеске алдын ала тіркелу журналы, өткен тексеруде болған балалар жұрналы, тексеру барысындағы хаттама, қорытындысы және ұсынысымен жаттармаларын көшірме.
Ата-аналар ПМПК-ның қорытындысымен білім беру мекемесін таңдауға құқылы. Ақыл-ой дамуы бұзылған балаларды әлеумеггік ортаға қосу, яғни тұрмыстық бағдарлау және әлеуметтік бейімдеу арнаулы мектептегі жүйелі жұмыстың қорытындысы болып табылады. Сондықтан осы балалармен жүргізілетін жұмыстар жан-жақты және толық жүргізілуі тиіс.
Дамуында күрделі кемшілігі бар балалар мен жасөспірімдер үшін түрлі профилдеп реабилитациялық орталықтар құрылған. Мұндай орталықтардың санын психологиялық-медициналық-педагогикалық реабилитация және түзету орталығы, әлеуметтік еңбекке бейімдеу мен кәсіби бағдар беру орталығы қарауы мүмкін. Мұндай орталықтардың негізгі міндеттері ауыр және күрделі кемшілігі бар балаларға түзету-педагогикалық, психологиялық көмек көрсету, кәсіби бағдар беру, өз-өзіне қызмет етуге үйрету, әлеуметтік жұмыстарын құру болып табылады.
Бұл орталықтардағы сабақтар жеке және топтық жұмыс бағдарламалары бойынша жүргізіледі. Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балаларға логопедиялық көмек көрсету жұмыстары логопедиялық кабинеттер мен орталықтарда жүргізіледі.
Логопедиялық кабинеттердегі жұмыстардың негізгі міндеттері сөйлеу тіліндегі кемшіліктерді жою, педагогтар мен ата-аналарды логопедиялық біліммен хабардар ету болып табылады.
Қазіргі уақыттағы арнаулы білім беру жүйесінің қарқынды дамуы ерекше білімді қажет ететін түлғалардың білім алуын, әлеуметік бейімделуін қамтамасыз етудегі әлеуметтік-мәдени және экономикалық жағдайларға сәйкестенудің мүмкіндіктерін қарастыруда. Атап айтсақ, шалғай жерлерде орналасқан мекен-жайлардағы мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алуын қамтамасыз ететін арнаулы білім беру жүйесінің жаңа моделін құрастыру болып табылады. Осындай тиімділігі мол істерді жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының барлық облыстарында арнаулы білім беру мекемелерінің түрлері қызмет атқаруда. Нақты нормативтік құжаттар негізіндегі құрылған арнаулы білім беру мекемелері (2005 жылғы 1 қарашадағы Астана және Алматы қалалары мен облыстық білім басқармаларының (департаменттердің) деректері бойынша) арнаулы мектептердің типтері бар.
Көрсетілген арнаулы (түзету) білім беру үйымдарының негізгі міндеті –әрбір баланы өмірде айналасындағылардың көмегіне тәуелді болмай, өз бетінше өмір сүруге дайындау, өз-тұрмысын өздігінен ұйымдастыру мүмкіндігі болатындай әлеуметтік-тұрмыстық құзіреттілігін қалыптастыру. Шын мәнісінде, психикалық және дене дамуында ерекшеліктері бар балаларды оқыту мен тәрбиелеудің барлық үдерісі олардың қоғамда әлеуметтік бейімделуге қамтамасыз етуге бағытталған. Дегенмен, арнаулы білім беру саласындағы арнаулы мектептерінде, мектеп-интернаттарында, балалар үйлерінде тәрбиеленушілерді математика, физика, информатика, әдебиет, тарих сияқты пәндерді оқыту қаншалықты қажет болса, қоғамда өмір сүре білуге үйрету күрделірек және соншалықты қажет екенін өмір көрсетіп отыр. Арнаулы білім берудің қазіргі жүйесіне бала немесе жасөспірімнің өз өмір жолын, әлемге деген өзіндік көзқарасын талдауға, қоршаған өмірде бағдар алуына көмектесетін «Әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлау» курсын енгізу ішінара жүзеге асып келеді. Бұл пән негізінен есту қабілеті нашар балаларға арналған, басқа да түзету, мектептерінде, бейімдеу орталықтарында, мектеп-интернаттарында пән ретінде немесе сыныптан тыс жұмыстар, факультатив сабақтар ретінде өткізуге болады. Курсты арнайы педагог, әлеуметтік педагог немесе тәрбиеші оқыту мекемесінің жағдайына байланысты жүргізеді. Теориялық және практикалық тапсырмаларға лайықталған:тақта, парта; асхана бұрышы (газ немесе электр плитасымен); ыдыс-аяқ буфеті (шай, асханалық қүралдар); түрмыстық құралдар; жұмсақ жиһаздармен жабдықталған арнаулы кабинетте өткізілгені типі Курстың негізгі мазмұны балалар үшін жекелеген, бірақ өте қажет.
бағыттарды қамтиды: қоршаған ортамен қарым-қатынас жасау, мінез-құлық мәдениеті тұмыстық-қоғамдық пайдалы еңбек, жеке бас гигиенасы, денсаулық сақтау, сауда, көлік, тұрғын үй, байланыс құралдары дәрігерлік көмек отбасы негіздері, бюджет, мекемелер мен ұйымдар
Әлеуметтік тұрмыстық бағдар беру мақсаты - әрбір баланың интернат қабырғасынан шықканнан кейін өздігінен өмір сүруді сеншді бастауына, әлеуметте табысты бейімделуіне қажетті білім, білік және дағдыларын қалыптастыру болып табылады. Олар әр түрлі қызмет түрлерімен, тұрмыстық заттардың атаулары, міндеттерімен танысады, оларға күтім жасауға үйретеді, оларды дұрыс және ұтымды пайдалана білуді меңгереді. Сонымен қатар өздігімен өмір сүруге психологиялық дайындау, қарым-қатынас мәдениеті мен байланыс дағдыларын дамыта отырып, олардың бойында жеке бас сапаларын: өзіне деген сенімділік, қоғам өміріне белсенді араласуға икемділігін, іс-әрекетінде бастама көтере білуге тәрбиелеу мақсатын көздейді.
Мүмкіндігі шектеулі балалар өз үйлерінде немесе түзетушілік қызмет көрсететін реабилитациялық мекемелерде оқытылады және тәрбиеленеді. Реабилитациялық мекемелердегі балалармен психологтар, психоневрологтар, педиатрлар, психиатрлар, логопедтер, мұғалімдер жұмыс жасайды. Бүл реабилитациялық мекемелердің негізгі міндеттері:
•кескінді тұрғыда диагностика жасау, әрбір балаға жеке түрғыдан келіп оқыту мен тәрбиелеуде, олардың потенциялдық мүмкіндіктерін іске асыру;
•әрбір баланың диагнозына байланысты оқыту-тәрбиелеу жұмыстарын ұйымдастырып, жүргізу;
•балалардың бұзылған психофизиологиялық функциясын түзету, олардың танымдық қызығушылығын дамыту;
•оқу-тәрбиелеу процесінде әдіс-тәсілдерді өндіру т.б. жұмыстар.
Реабилитациялық мекеменің моделі ауданның әлеуметтік-мәдени және білім беру жағдайының анализінің негізінде жалпы және реабилитациялық типтегі мекемелердің инфраструктурасы және балалар контингентінің негізінде (денсаулығының психосоматикалық күйі, әлеуметтік реабилитация, әлеуметтік жүріс-тұрыс, мекемелер бойынша бөлу және реабилитациядағы қажеттіліктер) жасауы тиіс.
Аудандық әлеуметтік және білім беру ситуациясының ерекшеліктері реабилитациялық қызметтің анықталған моделін қалыптастырудың негізін қалайды. Бұл модель балалардың реабилитациясын организм деңгейінде (медициналық), тұлға(психологиялық), әлеуметтік субъект(әлеуметтік), іс-әрекет объектісі (педагогикалық) деңгейінде немесе кешенді түрде қамтамасыз етеді. Реабилитауиялау жұмыстары кезінде балаларға көмекті педагогтар ғана емес басқа мамандар да бере алатыны қарасытырылға.
Реабилитациялык жұмыс модельінің нақты бағдарлары мен кадрлар потенциалы болуы тиіс: мұғалім, босатылған сынып жетекшісі, тәрбиеші, психолог, дене шыныктыру мұғалімі, мектеп дәрігері. Жалпы реабилитациялау моделінде психологиялық қолдау көрсетудің моделне сәйкес реабилитауиялық орталықтары келесі жағдайда ғана тиімді қызмет ете алады:
- оңалту жұмыстарын ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету;
- оңалту мекемесін кадрлармен қамтамасыз ету;
- оңалту нысандарын таңдау және диагностика жүргізу;
Әлеуметтік-педагогикалық көмек басқармасы, сенім телефоны, әлеуметтік-педагогикалық оңалту орталықтары, балалар үйлері, балаларға көмек көрсету орталыктары арқылы:
- әлеуметтік педагогикалық диагностикасын (себептері, деңгейлері, түрлері);
- балалардың жүйке-психикалық және соматикалық күйінің алғашқы психологиялық және медициналық көмекті;
- экстремалды ситуацияларда көмектесуді;
- жеке оңалту кәсіби-еңбекті, социомәдениеттік, оқу танымдық және сауықтыру бағыттарындағы бағдарламалард
ы;
- нормаға сай өмір іс-әрекетін қамтамасыз ету
- кейін өмірлік қалыптасуға көмек көрсетуді жүзеге асырады. Денсаулық сақтау бағдарламасы диагностикалық және емдеу мекемелері, арнайы мекемелер, білім беру және интернаттық мекемелер арқылы медициналық-педагогикалық және медициналық-әлеуметтік оңалту жасайды, ол өзіне:
•денсаулық күйіндегі кемістікке уақытылы диагностикасын;
• мекемелерде емдеу-сауықтыру жұмыстарын жүргізуді;
• медициналық реабилитация және емдеу бағдарламасын жасауды; оқыту-жағдайларының медициналық-гигиеналық оптимизациясын; салауатты өмір салтын қалыптастыру;
•оқушыларды, педагогтарды, ата-аналарды медициналық оқыту мен тәрбиелеуді кіргізеді.
Жалпы білім беретін мекемелерде алғашқы диагностиканы жүзеге асыру, арнайы түзете-дамыту бағдарламаларымен жұмыс жасайтын топтар ашу; қиын ситуацияларда көмек көрсету, психокоррекция бойынша арнайы сабақтар өткізу жұмыстарын орындайды.
Профильдік оңалту мекемелер кемістігі бар балаларға жағдай туғызады (материалдық-тұрмыстық,кадрлық, әлеуметтік-психологиялық) және оңалтудың нақты басқармаларыи жасайды. Қойылған диагнозға байланысты бала сол мексмеде (дамудағы апомалия табылған жағдайда) немесе профильдік оңалту мекемелерінде тәрбиеленеді.Бұл жағдайда көмек тереңдетіліп, кеңейтілген түрде көрсетіледі.
Соңғы уақытта үй жағдайында білім беруді жүзеге асыратын қажетті біліктілікті игерген арнайы педагогтар, психологтар нақты қызмет түрлерін көрсетуде. Үй жағдайында білім беру процесі арнаулы білім беру мекемелеріндегі оқу процесінің мамұнына сай ата-аналарға кеңес беру, әдстемелік көмек көрсету жұмыстары түрінде ұйымдастырылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   99




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет