Пікір жазғандар



бет39/99
Дата06.03.2023
өлшемі1.45 Mb.
#470440
түріОқулық
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   99
арнайы кітап

Сенсорлық жүйеде оқыту теориясы Л.С.Выготский, Б.Г.Ананьев, С.Л.Рубинштейн, А.Н.Леонтьев, А.В.Запорожец, Л.А.Венгер және т.б зерттеулерінде есту қабілетінің дамуы сәйкес сезу мен қабылдау қасиеттерінің көмегімен орындалып, анализаторлар жұмысының белсенділігін арттырады. Аталған теория негізінде саңырауларды тілге оқыту есту қабілетінің әсерінен болған кемшіліктерді жоюға негізделеді. Мұнда сөздік қорды байыту, сөздің дыбыстық құрамын ажырату, тілдің грамматикалық құрылымын игеру, сөйлеу эрекетінің формаларын игертуге бағытталған жүмыстар жүргізіледі. Жазу мен оқу саңырауларды тілге оқытудың негізгі құралы. Мұнда оқу материалын игертудегі қолданылатын негізгі құрал көрнекіліктер, драматизация, инсценировка, пантомимика.
Жалпы мектепте білім алатын есту қабілеті нашар балаларға арнайы сурдопедагогтың қатысуымен ұйымдастырылатын педагогикалық көмек керек. Себебі, бүл балалар оқу материалын игеруде мынадай қиындықтарға жолығады:
- оқу мен жазуды игеру;
- диктант, өз бетінше орындайтын жазба жүмыстарын орындау;
- мұғалімнің түсіндіргенін қабылдай алмау. Есту қабілеті бұзылған баланың қателіктері:
- айтылуы ұқсас дыбыстарды шатастыру;
- дыбыстарды айтудағы әуезділіктің жоғалуы;
- күрделі сөйлемдерді оқу барысындағы дауыссыз дыбыстарды тастап кету.
Есту қабілетінен айырылған бозбалалар мен бойжеткендер мынадай мамандықтарды игере алады:
- саңыраулар қоғамы бойынша оқу-шаруашылық орындарында жұмыс жасау;
- кәсіби-техникалық училишелерде, колледжлерде, жоғары оқу орындарында.
Есту кабілетінен айырылған тұлғалар инженерлік-техникалық мамандықтарды игере алмайды.
Есту анализаторының қалыпты дамудағы атқаратын қызметі баланың жалпы дамуында ерекше орын алады. Есту анализаторынын кызмет кезде свилеу тш, баланьщ психикалық дамуы бұзылады, танымдык жалпы дамуы өзгерстерге ұшырайды, осының әсерінен, есту анализаторының бірінші кемшілігі бала дамуында қандай да бір екінші кемшілігі ,пайда болуына себепші болады. Есту анализаторының дамуындағы бірінші екінші үшінші кемшіліктердің барлығы естімейтін баланьщ танымдық әрекетінін дамуын әлсіретеді.
Отандық және шетелдік статистиканың қорытындыларына сәйкес, есту органының бұзылуы немесе әлсіреуі анықталған балалардың саны артып отыр. Осыған байланысты сурдопедагогика ғылымының алдында мынадай міндеттер қойылған:
- есту қабілеті бұзылған түлғаларды педагогикалық тұрғыдан зерттеу және олардың жеке даму ерекшеліктеріне байланысты есту, сөйлеу қабілетіндегі бұзылулардың заңдылықтарын зерттеу;
- есту қабілеті бұзылған тұлғалардың түрлі категорияларына арнайы білім беру мазмұнын жасақтау, ғылыми түрде негіздеу және тәжірибеге енгізу;
- есту қабілеті бұзылған тұлғаларды оқытуға арналған білім беру дидактикалық және арнайы әдістемелердің ғылыми негіздерін құру;
- есту қабілеті бұзылған тұлғаларға арнайы білім берудегі ішкі жүйелеірі құру, есту қалдығын дамыту, ыммен сөйлеуге, ауызша сөйлеуге, ана тіше меңгеруге, (кохлеарлық имплантация кезінде) операциядан кейіңгі педагогикалық реабилитациялауға арналған білім беру технологияларын жасактау;
- есту анализаторындағы бұзылуларды түзету мен компенсаіріялауға арналған техникалық құралдарды құрастыру;
- есту кабілеті бұзылған тұлғаларды әлеуметтік бейімдеу, әлеуметтік кәсіби тұрғыда бейімделуіне жағымды жағдайларды туғызу.
Есту қабілеті бұзылған тұлғаларға арналған мектептер болғанымен кей жағдайларда олар жалпы білім беретін мектептерде білім алуға мәжбүр болады. жалпы білім беру мекемелерінде есту қалдығы сақталған балалар білім алады, Мұндай жағдайда мұғалім сыныптағы барлық дыбыстар мен айтылған сөздердің естуі бұзылған балаға естілуін қамтамасыз етуі тиіс. Осыған байланысты, осы балаларды бірінші парталарға отырғызу қажет. Одан басқа мұғалім оқу процесі кезінде балаларға берілген тапсырманы естуі бұзылған баланың естіп отыруын, орындауға мүмкіндігін көрсете біліуіне назар аударып отыруы тиіс. Соның ішінде тіл сабақтарында сынып хат жазу кезінде, математика сабактарындағындағы сынап хат, бақылау жұмыстары барысында есту анализаторының қызметіне сүйене отырып жұмыс жасауына жағдай тұғызушы керек. Кей жағдайларда есту қабілеті нашар немесе саңырау окушылар жалпы білім беретін мектеп бағдарламасын толығымен игеріп, өз құрдастарымен қатар білім алатын жағдайлар да кездеседі. Есту қабілеті бұзылған балалардың жалпы білім беретін мектептерде білім алуына себеп болатын жағдайларды былайща түсіндіруге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   99




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет