Пікір жазғандар


Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары



бет37/99
Дата06.03.2023
өлшемі1.45 Mb.
#470440
түріОқулық
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   99
арнайы кітап

Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары
1. Медициналық-әлеуметтік-педагогикалық патронаж қызметінің мақсаты мен міндеттері, мазмұны қандай?
2. Медициналық-әлеуметтік қолдау жұмыстары дегеніміз не? 3.Психологиялық-медициналық-кеңес беру жұмыстарының қызметі
туралы баяндаңыз.
4. Отбасы жағдайында ерте диагностикалау мен ерте көмек көрсету жұмыстарының маңызы туралы баяндаңыз.
5.Мемлекеттік тарапынан ерте жастан коррекциялық-педагогикалық көмек көрсету жүйесіне сипаттама беріңіз.
БӨЛІМ IV. АРНАЙЫ БІЛІМ БЕРУДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ
ЖҮЙЕЛЕРІ


§ 19. ЕСТУ ҚАБІЛЕТІ БҰЗЫЛҒАН БАЛАЛАРДЫ ОҚЫТУ МЕН ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖҮЙЕСІ

1. Есту қабілеті бұзылған балалардың клиникалық-психологиялық мінездемесі


2. Мектепке дейінгі арнайы білім беру ұйымдарында есту қабілеті бұзылған балаларды оқыту мен тәрбиелеу
3. Есту қабілеті бұзылған балаларға білім берудегі коррекциялық оқыту мен тәрбие жұмысының ұйымдастырылуы
4. Есту қабілеті бұзылған тұлғаларға кәсіби білім беру мен әлеуметтік бейімдеу
5. Есту қабілеті бұзылған тұлғаларды жалпы білім беретін мектептерде оқыту мен тәрбиелеу
Есту қабілеті бала интеллектісінің дамуында ерекше орын алады. Есту қабілеті қалыпты бала айналадағы дыбыстарды естіп, ересектердің сөзіне еліктеу арқылы өз бетінше сөйлеуді игереді. Сәби ересек адамның түсіндіргенін қабылдап, айтқандарымен танысып таным әрекетінің күрделі түрлерін меңгереді, жасына сай сөздердің мағынасын ажыратуды үйренеді. Есту қабілетінің көмегімен өзінің сөзін басқалардың сөзімен салыстыруға, өзінің сөзіне бақылау жасауға, дыбыстарды дұрыс айтуға, тілдің лексикалық-грамматикалық құрамьш игеруге дағдыланады. Уақыт өткен сайын сақталған ауызша сөйлеу мен жазбаша сөйлеуді игеруге жағдай жасайды.
Есту қабілетінің бұзылу себептерін медициналық тексерулер инфекциялық аурулар, механикалық, акустикалық немесе контузиялық соққылар, тұқымқуалаушылық аурулар, туа пайда болған жағымсыз әсерлер құрайды.
Қазіргі уақытта есту қабілетінің жағдайын дамудың ерте кезеңінде анықтаудың мүмкіндігі артуда. Есту қабілетінің бұзылу орны, деңгейі аудиометрияның көмегімен (аппаратураның көмегімен) анықталса, сөз арқылы тексеру естудің жағдайын анықтауда қолданылды.
Қазіргі уақытта есту қабілеті бұзылған балаларды классификациялауда 1961 жылы ұсынылған Л.В.Нейманның әдісі қолданылады. Мұнда «саңыраулық» диагнозы 75-80 дБ кезіндегі естудің жоғалуына қойылады. Саңыраулық сөйлеу диапазоны арқылы орташа арифметикалық жағдайда (500, 1000, 2000, 4000) анықталады.
Саңыраулық 500-ден 4000 Герц аралығында былайша анықталады.
I деңгейі — 50 дБ-ден аспайды;
II деңгейі — 50-70 дБ;
Ш деңгейі — 70 дБ-ден артық.
Есту қабілетінің бұзылуын есту арнасының ерекшелігше қарай төрт топқа
бөледі:
І топ-125-250 Гц;
II топ- 125-500 Гц;
II топ-125-1000 Гц;
IV топ - 125-2000Гц-тен жоғары.
Халықаралық классификация (1988ж.) бойынша естудің орташа деңгейдегі жоғалуына қарай: 500, 1000, 2000 Гц-пен төртке бөлінеді.
I деңгей - 26-40 дБ;
I деңгей-41-55 дБ;
III деңгей - 56-70 дБ;
ІV деңгей-71-90 дБ; Саңыраулық - 90 дБ-ден жоғары.
Саңыраулық - құлақ қалқанының түбінен берілген дыбыстарды өз бетімен қабылдай алмаушылық, тұрақты түрдегі естудің жоғалуы. Бұл кезде бала айтылмайтын кейбір дыбыстарды (ысқырық, қоңырау, барабанды соғу) қабылдайды. Саңыраулық туа пайда болуы мүмкін және жүре пайда болуы мүмкін. Жүре пайда болған саңыраулық, ерте саңыраулық, сөйлеудің қалыптасқан кезеңінен кейін пайда болған саңыраулық, кеш саңыраулық деп ажыратамыз. Естудің нашарлауы - есту қалдығына сүйене отырып, сөйлеу қабілетін игерудің мүмкіндігімен анықталатын тұрақты түрдегі естудің бұзылуы. Естудің нашарлауына - күрделі түрдегі сөйлеу тілі бұзылған есту қабілеті нашар балалар жатады.
Есту қабілетінің бұзылуын ғылыми тұрғыда зерттеген Рахиль Марковна Боскис есту қабілеті бұзылған балалардың психологиялық-педагогикалық классификациясын анықтады. Аталған классификацияда есту функциясының бұзылу деңгейі, естудің бұзылуы кезіндегі сөйлеу тілінің даму деңгейі, есту қабілетінің бұзылу уақытын есепке алынған. Бұл классификацияда балалар төрт топқа бөлінеді:
• сөйлеу тілі дамымаған саңырау балалар (ерте саңыраулыққа ұшырағандар);
• сөйлеу қабілеті сақталған саңыраулар (кеш саңыраулыққа ұшырағандар);
• сөйлеу тілі дамыған есту қабілеті нашар балалар;
• сөйлеу тілінде күрделі кемшілігі бар есту қабілеті нашар балалар.
Есту қарай анықталады. Егер, есту қабілеті 3 жасқа дейін бұзылса, сөйлеу тілі өздігінен қалыптаспайды. Егер, есту қабілеті 3-4 жастан кейін бұзылса, фразалы сөйлеу тілі сақталады, бірақ сөздіктерді айтуда, тілдің грамматикалык құрылымында, дыбыстарды айтуда кемшіліктер байқалады. Егер, есту қабілеті мектеп жасында бұзылса, бала фразалы сөйлеуді игергенімен, сөздің буындык құрамын ажыратуда, ұяң дауыссыздарды айтуда қиындықтарға кездеседі. Сөйлеу тілінің даму деңгейі тәрбие жағдайына, коррекциялык жұмыстарынын басталу уақытына да байланысты.
Есту қабілеті нашар баланың сөйлеу тіліне тән сөздердің түсінісксіз айтылуы, сөздердің қатты дауыспен айтылуы, сөйлеудің баяулауы сияқты ерекшеліктер болады. Ерте балалық шақтағы есту қабілетінен айырылған нашар еститін баланың сөйлеуінде тілдік жүйелердің барлығы (лексика, грамматика, фонетика) бұзылады.
Есту қабілеті нашар баланың жазбаша сөйлеуінде тіл кемшіліктерінің барлығы айқын көрініп отырады. Есту қабілеті бүзылған балалардың сөйлеу тіліндегі кемшіліктерден басқа күрделі тіл кемшіліктері (ринолалия) байқалады. Есту қабілетінің жеңіл түрдегі бұзылуы кезінде баланың қатты дыбыстарды шығарып сөйлеуі есту қабілетін белсенді күйге жеткізеді. Есту зақымдалуының күрделі деңгейінде ерін қимылынан оқу, тактильді-вибрациялық сезімталдықты қалыптастыру арқылы есту қалдығын іске қосуға бағытталған жүмыстар жүргізіледі.
Есту қабілеті бұзылған балалардағы қосымша кемшіліктерге байланысты оларды былайша топтастырамыз:
- қосымша кемшілігі жоқ есту қабілеті бүзылған балалар;
- қосымша кемшілігі бар (ой-өрісінің, көрудің, тірек-қимылдың, эмоцияның бұзылуы) есту қабілеті бұзылған балалар.
Сонымен, есту қабілеті бұзылған балалардың тобы есту кабілетінің бұзылу деңгейі, есту қабілетінің сипаты (кондуктивті, сенсоневральды, аралас түрдегі естудің бұзылуы) естудің бүзылу уақыты, дамудағы қосымша кемшіліктер түрінде қарастырылады.
Саңырау және есту қабілеті нашар балалармен жүргізілетін коррекциялық жұмыстардың жетістігі мынадай жағымды факторларға байланысты:
- баланы оқыту жағдайының интенсивті, жүйелі, адекватты түрде жүргізілуі;
- оқыту мен тэрбие процесіне отбасының белсенді араласуы;
- баланың потенциалдық мүмкіндіктері, дене даму жағдайы, тұлғалық қасиеттері (белсенділігі, шыдамдылығы, жүмысқа қабілеттілігі);
- сурдотехникалық құралдардың қолданылуы.
Есту қабілеті бұзылған балаларға коррекциялық көмек көрсету жұмыстары дэстүрлі түрде денсаулық сақтау жүйесіне қатысты мекемелерде (сурдологиялық кабинеттерде, орталықтарда, бөлімшелерде, үлкен ауруханалардағы құлақ ауруларын емдейтін бөлімшелерде) жүргізіледі.
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының жүмысы «Мектепке дейінгі білім беру үйымдарына арналған типтік ереже» бойынша реттеледі. Ерте балалық шақтағы саңырау және есту қабілеті терең бұзылған балаларға білім беру мекемелері:
- саңырау және нашар еститін балаларға арналған балабақша;
- аралас түрдегі балабақша;
- саңырау және нашар еститін коррекциялық жалпы білім беретін мектептердегі, мектеп-интернатгардағы арнайы топтарға 1,5-2 жастағы балалар тәрбиеленеді;
- мектепке дейінгі және кіші мектеп жасындағы балаларға арналған білім беру ұйымдары.
Аталған арнаулы білім беру ұйымдары бірінші сыныптан бастап 10-12 класс аралығында білім берумен айналысады.
Есту қабілеті бұзылған балаларды коррекциялық оқыту мен тэрбиелеудің ғылыми-әдістемелік негіздері Р.М.Боскис, Г.Л.Выгодский, Л.А.Головчиц, С.А.Зыкова, Б.Д.Корсунская, Э.И.Леонгард, Е.А.Малхасьян, Н.Д.Шматко, А.Н.Аутаева және т.б. еңбектерінде беріледі.
Есту қабілетінің бұзылуы кезіндегі коррекциялық-педагогикалық жұмыстардың мазмұны бірнеше бөлімдермен анықталады. Олардың эрбіреуі тәрбиелік, білімділік міндеттер сияқты, мектеп жасына дейінгі есту қабілеті бұзылған балалардың психикалық дамуын қалыптастыру ерекшеліктеріне қарай коррекциялық бағытты құрайды. Аталған бөлімдерге жеке-жеке тоқталсақ, былайша сипатталады.
«Тіл дамыту» сабақтары коррекциялық жұмыстар жүйесінде саңырау және есту қабілеті нашар балалардың сөйлеу тілін дамыту мен тілдік қарым-қатынасқа түсу мүмкіндігін арттыруда жетекші бөлім болып табылады. Бұл бөлімнің негізгі міндеттері сөйлеу қабілетін дамыту, сөздік қорды байыту, сөздің мағынасымен жұмыс жасау, сөйлеу тілінің түрлі формаларын (ауызша, жазбаша сөйлеу тілі, дактиль тілі), сөйлеу әрекетінің түрлерін дамыту.
Есту қабілетін дамыту және сөйлеуге үйрету процесінде баланың есту қабілетін, сөйлеу тілін дамыту жұмыстарымен анықталатын коррекциялық міндеттердің маңызды түрлері орындалады. Саңырау және есту қабілеті нашар балалармен жүргізілетін есту қабілетін дамыту жұмыстары тілдік және естілетін дыбыстарды қабылдауға үйрету мақсатында есту қалдығын дамытуға бағытталады. Есту қабілетін дамыту және сөйлеуге үйрету жұмыстары мынадай міндеттерді шешеді:
- тілдік және естілетін дыбыстарды қабылдауға үйрету;
- ауызша сөйлеу тілінің негіздерін есту және көру қабілеті арқылы қабылдауға үйрету;
- тілдік қарым-қатынасқа түсу дағдысын қалыптастыру.
Дыбыстарды айтуға үйрету жұмыстары ауызша сөйлеуге үйрету, шынайы сөйлеуге еліктеуге үйрету, дыбыс күшейткіш аппаратуралардың көмегімен жұмыс жасауға бағыт береді.
Есту кабілеті бұзылған балалар қалыпты балалар сияқты сан және цифр, көлем мен форма, заттардың кеңістіктегі орналасуы мен олардың қасиеттері, санау және өлшеу, есептеу кұралдарымен танысуда математикалық біліммен қаруланады.
Есту қабілеті бұзылған балаларға мектепке дейінгі ұйымдарда ойын арқылы оқытуға аса мән беріледі. Ойын әрекетін қалыптастыру оқушылардын ойынға деген қызығушылығын арттыру, сюжетті-рольдік ойындарға араласуға, заттар мен әрекеттердің ерекшеліктерін ажыратуға үйретеді.
Бейнелеу өнеріне баулу мен конструктивті әрекетті қалыптастыру мектеп жасына дейінгі есту қабілеті бұзылған оқушылардың эстетикалық талғамын, танымдық әрекетін қалыптастырады. Бейнелеу өнеріне баулу мен конструкциялауға үйрету сабақтарында, отбасында, сабақтан тыс уақытгарда сурет салуға баулу, ермексазбен жұмыс жасау, жапсыру, конструкциялауға үйрету мақсатты түрде жүргізіледі.
Бейнелеу өнері мен конструктивті әрекетке баулу жұмыстарын ұйымдастырудағы маңызды міндеттер баланың сенсорлық қабілетін дамыту.
Оқыту процесі кезінде көру арқылы қабылдау, тактильді-қимылдық қабылдау, қимылдық қабылдаудың түрлерін дамыту жұмыстары жүйелі түрде жүргізіледі.
Мектеп жасына дейінгі есту қабілеті бұзылған баланы еңбекке тәрбиелеуде ересектердің еңбегіне қызығушылық, еліктеу қабілеті дамиды. Мектеп жасына дейінгі баланың танымдық және әлеуметік дамуы қоршаган ортамен таныстыру барысында қалыптасады
Мектеп жасына дейінгі есту қабілеті бұзылған баланы тәрбиелеуде музыкалық тәрбие беру жұмыстары қатар орындалады. Дамудағы кемшіліктерді коррекциялау мен компенсациялау жұмыстары музыканы қабылдау, вокалды-интонациялық дауыс ырғағын реттеу арқылы шешіледі. Үй жағдайында тәрбиеленетін балалар үшін коррекциялық көмек түрлері мына мекемелерде үйымдастырылады:
- денсаулық сақтау жүйесінің жергілікті жерде орналасқан сурдологиялык кабинеттерінде;
- жергілікті жердегі отолорингологиялық кабинетерде;
- мектепке дейінгі ұйымдардағы қысқа уақытта тәрбиеленетін топтарда; -медициналық-психологиялық-педагогикалық және әлеуметтік
реабилитациялау орталықтарында.
Есту қабілеті бүзылған балаларға коррекциялық көмек көрсету жүйесі тұрақты түрде оқыту мен тәрбиенің интеграциялану заңдылығы бойынша жүргізіледі.
Аралас түрдегі мектепке дейінгі ұйымдарда интеграциялы оқытуды ұйымдастыруда интеграциялаудың түрлі формалары қарастырылған:
- уақытша интеграция, бүл формасында арнайы топтың барлық тәрбиеленушілері психикалық дамуындағы және сөйлеу тіліндегі ерекшеліктерге қарамастан айына екі рет тәрбиелік шаралар бірге ұйымдастырылады;
- ішінара интеграция, жалпы білім беру стандартын игеруге қабілетсіз балаларды 1-2 баладан жалпы топтарға күннің жартысын бірге өткізулеріне жағдай жасайды;
- аралас интеграция, психикалық, дене және сөйлеу тіліндегі ерекшеліктері қалыпты бала дамуымен сәйкес келетін 1 -2 бала жалпы топтарда арнайы педагогтың көмегімен тәрбиеленеді;
- жалпы интеграция барысында есту қабілеті бұзылған балалар жалпы топтағы балалармен қатар тәрбиеленеді;
- мектепке дейінгі аралас топтар, барлық балаларға арналған топта (1-2 бала емес, 4-5 баладан құрылған аралас топ) екі тәрбиеші ғана емес, арнайы педагог (сурдопедагог) та жұмыс жасайды.
Естімейтін (саңырау) балалар жалпы білім беру бағдарламасын арнайы (коррекциялық) мектебінде білім алады. Білім алу барысы үш сатыға бөлінеді:
1-ші сатысы - бастауыш білім (нормативтік үзақтығы оқу пәндеріне байланысты 4 жыл немесе дайындық сыныбын қоса есептегенде 5 жыл);
2-ші сатысы - негізгі жалпы білім (нормативтік ұзақтығы 6 жыл);
3-ші сатысы - орта (толық) жалпы білім (нормативтік үзақтығы 2 жыл). Бірінші сыныпқа 7 жастан бастап қабылданады. Мектепке дейінгі балабақшада тәрбиеленбеген балалар дайындық сыныбынан өтеді. Сынып оқушыларының толымы 6-8 оқушы. Мұғаліммен белсенді қарым-қатынасқа түсу мүмкіндігіне байланысты сыныптағы парталар дәстүрлі жағдайдан тыс қатар-қатарға қойылмайды, барлық балалар мұғалімнің сөйлеуін меңгеру үшін парталар «П» әрібі сияқты немесе дөңгеленіп орналасады Арнайы мектептің осы түрінде кешенді түрдегі кемшілігі анықталған саңырауларға (ақыл-ой дамуы кешеуілдеген саңыраулар, ПДТ саңыраулар) арналған сыныптар болады. Мұндай сыныптардағы оқушылардың толымы 5 оқушыны құрайды.
Қазіргі сурдопедагогикада саңырауларды оқытудың екі жүйесі (билингвистикалық оқыту жүйесі және сөйлеу тілі арқылы оқыту) қолданылады.
Скандинавия, Ұлыбритания, Швейцария, Канада, АҚШ және т.б. шет елдерде қолданылатын саңырауларды оқытудың билингвистикалық жүйесі өзінің тиімді жақтарымен танымал.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   99




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет