Пікір жазғандар


§ 3. АРНАЙЫ ПЕДАГОГИКАНЫҢ ҒЫЛЫМИ НЕГІЗДЕРІ



бет7/99
Дата06.03.2023
өлшемі1.45 Mb.
#470440
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   99
арнайы кітап

§ 3. АРНАЙЫ ПЕДАГОГИКАНЫҢ ҒЫЛЫМИ НЕГІЗДЕРІ

1. Арнайы псдагогиканың философиялық негіздсрі


2. Арнайы педагогиканың дамуындағы философиялық бағыттар
Арнайы педагогикада мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға деген жоғарғы дүниетанымдық потенциалға ие тәжірибелер жинақталған. Арнайы педагогиканың пәндік салалары арасындағы дифференциация процесі туралы сөз қозғағанда білімді қолжетімді жасау, интеграциялау, арнайы педагогиканың жалны заңдылықтары туралы пікірлер арнайы педагогика ғылымындағы өркениеттің феномені ретінде ерекше білімді қажет ететін тұлғаларға деген қатынасты жалпы теориялық фактілер мен арнаулы білім беру жүйесіндегі эмпирикалык фактілер, түсініктер қажет. Арнайы педагогиканын біртұтас теориясын кұру үшін дамуында кемшілігі бар балалар туралы мәліметтерді механикалық бірлігі семес, арнайы педагогиканың ішкі бірлігін қолдауға бағытталған ғылыми мәліметтердің мағыналы жүйесі анықталады. Аталған маңызды міндеттерді шешуде арнайы педагогиканың мәселслсрін шсшуге түрткі болатын, арнайы педагогиканың пәндік салалары арасындағы интеграцияны қарастыратын философия ғылымы маңызды орын алады.
Философиялық рефлексия өз деңгейінде арнайы педагогиканың даму перспективасын, концептуалды мәсслслерін шешуге бағытталған. Арнайы педагогикадағы философиялық зерттеулер арнайы педагогикалык әрекеттегі болжамдарды анықтау мен талдау, коррекциялық білім беру моделі мен идеяларының негізін кұру, сыни түрғыда талдау, мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға білім беру жүйесінің даму перспективаларын анықтауды көздейді. Философия арнайы педагогика ғылымына қатысты біріншіден, педагогикалық құбылыстардың эволюциясының себебінің болуы, адам туралы жалны түсініктсрдің жүйесін кұрушы, құбылыстар мен түсініктердің әлеуметтік тұрмыстық табиғатын анықтаушы, дүниетанымдық фундамент ретінде қарастырылса, екіншіден, арнайы білім беру процесінің кағидаларын колдану тәсілдерін зерттеудің әдіснамалық негізі ретінде қарастырылады.
Арнайы педагогикадағы философиялық зерттеулердің бөлімдеріне сәйкескелесідегідей негізгі дүниетанымдық аспектілерді бөліп көрсетуге болады:онтологиялық, гносеологиялық, аксиологиялық, философиялық -антропологиялык, тарихи-философиялық, әлеуметтік-философиялық. Арнаулы білім беру жүйесінің тұрмыстық бірліктегі алатын орны онтологиялық аспект бойынша анықталады. Оқыту мен таным арасындағы байланыстарды аныктау үшін гносеологиялык аспекті қарастыру қажет.! Арнаулы білім берудегі педагогикалық алғышарттар мен құнды болжамдарды түсіндіруде аксиологиялық аспект қызмет етеді. Философиялық-антропологиялық аспект көмегімен мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың өмір сүруі, танымдық сапалық қасиеттері, ішкі жан дүниесінің ерекшелігіне ғылыми болжамдар жасалады. Тарихи-философиялық аспект негізінде өткен уакытта өмір сүрген философтардың арнайы педагогиканың мәселелеріне деген көзқарастарын реконструкциялау қызметі анықталады.
Арнайы педагогиканың қазіргі жағдайын түсіну үшін құбылыстарды әлеумсттік контекеске қарастыратын әлеуметтік-философиялық аспект қажет. Себебі, арнаулы білім беру мазмұны ерекше әлеуметтік статустық анықтай отырып, оның дамуы өркениеті трапеформациялармен түсіндіріледі.
Әлеуметтік-философиялық зерттеулердің өзектілігі дамудағы кемшіліктер экологиялық және әлеуметтік катаклизмдерде ерекше ғылыми мазмұндағы байланыстар құралындығымен түсіндіріледі. Сонымен қатар, арнаулы білім беру жүйесінің маңызды әлеуметтік қызмет түрлерін қарастыра отырып, мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды сауықтыру, өмір сүруге бейімдеу жұмыстарымен қамтамасыз ететіндігі белгіленген.
Әдіснамалық-философиялық негіздемелердің ерекшелігі мен арнайы педагогикадағы негізгі фактілер жалпы танымдық тәсілдсрмен, жағдайлармен байланыстылығы анықталған. Арнаулы білім бсру жүйесіндегі түйінді мәселелердің қиындығы соншалықты, оны бір ғана білімнің құралдарымен шешу мүмкін емес, сондықтан осы мәселелердің философиялық негізінде нақты ғылымдағы білім көзіне талдау жасауды, интерпретациялауды, интеграциялауды қамтамасыз ететін пәнаралық қатынастар маңызды сипат алады. Осы және басқа да ғылыми болжамдардың орындалуы арнайы педагогиканың теориялық-әдіснамалық мүмкіндіктерін кеңейтуге жол ашып, осы төңіректегі зерттеулердің мазмұнын тереңдетеді. Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды емдеу, оқыту келесі ежелден философтарды толғандырғанымен, аталған мәселе эпизодты және фрагментті күйдемқалып отырды.
Алғашқы уақытта «кемістік» пен «ауру» түсініктері жалпы философиялық түсініктерден ажыраған жоқ, керісінше, осыған сәйкес адам өмірінің басқа да құбылыстарымен аралас түсіндіріліп, қиысып, осы турасындағы ғылыми пікірлер Гераклит Эфесский «ауру адам денсаулығына жайлылық» береді және адам өмірінің мақсаты одан арылу, сондықтан да ауру адамды емдеу жолдарын іздестіруге мүмкіндік бермйді деген болжам жасаған.
Кемшіліктерді түзету мен емдеудегі нақты тұжырымдар Платонның «Тимей» диалогында тән ауруының адам денесіне тиген алғашқы элементлердің әсерінен болады, жан ауруы (ақылдан айрылу мен мейірімсіздік) жағымсыз тәрбиенің әсерінен болады деп беріледі. Тірі нәрселердің денсаулығы мен сұлулығы Платонның пікірінше, жан мен тәннің бірлігі, олардың өзара тепе-теңдігі арқылы түсіндіріледі дс, денедегі кемшіліктерді дәрімен емес, өмір сүру реттіліғін қалыпқа келтіру арқылы шешуге болады деген нұсқау жасалады. Платонның «Мсмлекет» диалогында қалыптан тыс даму мәселсеі әлеумегтік мәнге ие категория рееінде, ауру адамдарға деген қатынас пен қарама-қайшылықтарды туындатады. Ежелгі Спарталықтардың рухани дәстүрлерінде жан ауруына ұшыраған адам өмірінің барлық уақытында өзінс де, қоғамға да жарамсыз болып табылады деп керсетілсе, екінші жағынан дене кемшілігі бар адаммсн қарым-қатынасқа түсудің мүмкіндігі анықталады. Платонның концепция нсгізін тәрбие мазмұнында балаларды қабілстіне қарай саралау идеясынын айкын көрсеткіші екенін ескерсек, бұл концепцияның негізі философиялық диагностиканың мазмұнын береді. Аристотельдің этика туралы жұмыстарында бұзылу, қатытездік, аз милылық және т.б. сияқты ауытқулар нақты қараслырылады. Аталған ауытқулар ксмшілік немесе жетіспеушілік ретінде бағаланады. Аристотельдің пікірінше, бақытты өмір сүру үшін адам аталған жетіспеушіліктерден бойын аулак ұстауы керек. Аристотельдің су мен ауаның адам өміріне қаншалықты қажеттігі, некеге отыру уақытының есепке алынуы, дүниеге бала әкелу уақытының есксрілуі, баланы дүниеге әкелудегі адам жасының жағымды кезеңі, нәрестснің тамақтануы мен козғалысы, аурудың алдын алу туралы берген нұсқаулары ерекше мәнге ие. Аталған сауықтыру жұмыстарының кейбірі, бала дүниеге келгенге дейінгі күннен бастап орындалуы керектігі туралы айтылады. Осылайша, аристотсльдік философия адам дамуындағы кемшіліктердің алдын алу туралы ойлардан бастау алады.
Антикалық философтар Плутарх, Сенека еңбектеріндс нақұрыс және ауру балалардан арылу дәстүрі туралы пікірлср келтіріліп, ортағасырлық еуропалык философиядағы кемтар адам дамуы христиандық сенім мен догманың қиысуында көрсетілген. Мысалы, Августин Аврелийдің «ауру» түсінігі күнаһарлық үшін жазалаумен байланысты түсіндіріледі. Емдеу жұмыстары бұл ретте денедсегі соққыларды қалыпка келтіруде қолданылғанымен, жалпы тазаруынан кейін қалыпқа келу деген ұғым оны басып отырады. Осы ретте қазіргі уақыттағы арнаулы психологиялық-педагогикалық көмек корсетудің маңызды бөлігі болып табылатын психокоррекцияның идеяларына тән образды көруімізге болады. Дамудағы кемшіліктерді түзетуде психологиялық батығты көмек түрлерін қолданбай, кемшілікті жою мүмкін сместігі тағы бір метрге дәлелденіп, дамуында кемшілігі бар тұлғаларды емдеу мен оқытудагы тәжірибелердің дамуы мен Жаңа дәуір кезеңінде дамудағы кемшіліктердін философиялық талдаулары сәйксстендіру, талдау жасау бағыты анықталады.
Соқырлар туралы ойларды француз ағартушысы Пьюзо, Д.Дидро туғаннан соқыр математик Н. Саундерсонның өмірбаянына сүйене отырып, адам бойындағы сезімталдык ерекшеліктердің, интеллектуалдық идеялар мен адамгершілік түсініктердің адамның дене құрылысымен, сезім органдарымен тікелей байланысты екендігі анықталған.
Медицина мен арнайы педагогиканың эмпирикалық базасының кеңеюі
дизонтогенез туралы теориялық түсініктердің мәнін, себептері мен формаларын бекітудің мазмұны дамудағы кемшіліктердің философиялық классификациясын, олардың тенденциясын құрудың қажеттілігі туындатады. И.Кант өзінің антропологиялық тұжырымдамасында ақыл-ойдың төмендігі меп жан ауруының классификациясын жасап, ақыл-ойдың бұзылуы жанның ауруы емес, жанның болмауы деп көрсетеді. Негізгі философтармен салыстырғанда И.Кант адам өміріндегі міндеттердің бірі қайырымдылық көрсету деп есептеп, осы төңіректегі енбегін денгейлерге, мүгедектер мен ауруларға мемлекет тарапынан кайырымдылық көрсетуге ариайды.
Г.Ф.Гегельдің субъектинің рухты зерттеу жүйссі объективті қарама-қайшылықтар кезінде туындайтындығымен сипапалады. Бұл контекст жүйесінде психикадағы патологиялық құбылыстар мәсслесі қарастырылып психикалық ауруларды емдеудің түрлі тәсілдсріне талдау жасалады.
Дамудағы кемшіліктерді. патологиялык дамуды, оларды этиологиясындағы әлеумсттік-экономикалық факторлардың рөлін Ф.Энгнльс материализм позициясынан қарастырып, адамның кедейлік өмірі күрделі ауруларға шалдығуына, өндірістегі бақытсыз жағдайлардың туындауына себеп болады деп түсіндіреді.
Арнайы педагогиканың калыптасуында мүгедектсрге көмек көрстудің жеткіліксіздігіне байланысты А.Шопенгауэрдің адам мінезінің өзгсрмейтіндігі оны түзетудің мүмкін еместігіне болжам жасаған пікірі аркылы. коррекциялық-псдагогикалық көмек көрсетуге деген жағымсыз жағдайлардың орын алтандығын байқауымызға болады. Бұл пікір төңірегіпде Ф.Ницше түзету әістерін табиғи жағдайларға қарсы тұру болып табылады. сондыктан да оның ешқандай да пайдасы жоқ деген пікір айтады. Ф.Ницшс идеялары сонымсн қатар, дамудағы кемшіліктерді компенсациялаудың мүмкіндікгері үшін ауруды кеңу жолдарын қарастыруға түрткі болды.
XX ғасырдағы әлеуметтік гоцкерістер жағдайында мүмкіндігі шсктеулі тұлғалардың көбеюі дүниетанымдық кқзқарастар жүйесі негізіндс олардың білім алуы мен даму мүмкіндіктерін қарастыруға жасады. Аталған мәселені қарастыруды қазіргі батыс философиясындагы негізгі үш багыт: экистенциализм, психоанализ жне постмодернизм өздерінің карауына алады.
Экзистенииализм философиясындағы (К.Ясперс. А.Камю, Ж.П.Сартр және т.б.) ойлар патологиялык кұбылыстарды тұрмыстық деңгейде қарастырып, оны шынайы жолмен жеңуді жөн деп санайды. Бұл бағытта адам еркіндігі мен бостандығы бірінші орынга қойылып, дүниеде бар нәрсслердің иррационалды күші, патологиялық феномендер кеңінен қарастырылып, оны танудың, білудін мүмкіндігі қиындады. Адам «тұрмыстағы негізгі шифрларды» танып, білуге қабілеттілікті қиын жағдайларда, өмір мен өлімнін арасындағы арпалыс кезінде ғана көрсете алады деп тұжырымдайды. Экзистенциалистердің ұсынған идеялары психотерапиялық тәжірибелердің дамуына маңызды түрде
ықпал етті.
Психоанализ теориясы (З.Фрейд, А.Адлер, К.Г.Юнг және т.б.) невроздарды емдеудсгі нсихоанализдік тәжірибелері туралы мәліметтср негізінде пайда болып, невроздық симптомдардың пайда болуы мәдениеттегі репрессивтік тежелулердің санасыздык импульстерімен байланысты, ал оларды емдеу саналы түрдегі интенциялар есебінен жүзеге асады дегенге болжам жасады. Арнайы педагогикадағы дамуында кемшілігі бар бала дамуы туралы А.Адлердін идеясы әлеуметтік жетіспсушіліктердің компенсациялануына бағытталады.
Постмодернизм теориясы (М.Фуко, Ж.Дслёз жане т.б.) қалыпты және патологиялық қүбылыстар, ақыл мен санасыздықтың арасындағы шектеулердің болмауына сүйенеді. Медиңиналық мәтіндердін талдаулары нсгізінде аталған кұбылыстар туралы акпараттарды тану клиникалық тәжірибеде патологиялық иррадиация құбылыстары тұрмыстағы және санадағы түрлі жағдайлар аркылы жүзеге асады. Постмодернистік идеялар коррекциялыө педагогиканың сыни түрдегі гендениияларына негіз болды.
Соқыр-керең балаларды оқыту теориясы Самойл Гридли Хоув, И.А.Соколянский мсн А.И.Мещеряковтың соқыр-керең оқытудағы «біріккен әрекет арқылы» оқытуды пайдаланып жүргізген эксперименттерінің жетістігі, ').В.Ильснкованың адам психикасының қалыптасуы мидағы процестердің көмегімен, адамның өмір сүру аркылы, баланың заттармен белсснді әрекегке түсуі арқылы қалыптасады деген түсініктері маңызды болып табылады. Соқыр-ксреңдерді оқытудағы материалдар Э.В.Ильенкованың, Д.И.Дубровскийдің мидағы нейродинамикалық процестер арқылы жинақталып, адамның рухани мәдениетінің формасы тарихи жолмен қалыптасады деп түсіндіріледі. Соқыр-кереңдерді оқытудағы талдаулар Ф.Т.Михайловтың пікірінше, адам санасының қалыптасуы қарым-қатынас пен әрекет деп талданады.
Дамуында ақауы бар балаларды окыту туралы философиялық идеялар жеке түрде Кеңес одағының зерттеушілер еңбектерінде берілген. Л.С.Выготскийдің ойынша, дефектологияның нысаны қандай да бір кемшілік емес, керісінше мүмкіндігі шектеулі тұлға. Кемшілік бала дамуын тежеп қана қоймай, элеуметтік компенсацияның жузеге асуына импульс бермейді. Л.С.Выготский кемтар бала дамуын «әлеуметтік мақсаттар мен арнайы мектентердегі жалпы міндеттердің бірлігі» жалпы және жеке ерекшеліктердің бірлігі деп белгілейді. Л.С.Выготскийдің бұл көзқарасы арнайы педагогикадағы қазіргі теориялардың негізін құрайды.
Осылайша, арнайы педагогика философиялық көзқарастардың негіздемесі мен нақтылығы үшін қызықты материалдардың туындауына түрткі болып, аталған материалдар философиялық деңгейде жеке түрде маңызды орынға ие болғандығы соншалық, қазіргі арнайы педагогиканың дамуында мақсатты түрдегі философиялық ойлардың қажеттілігі ерекше байқалады.
Қазіргі уақытта арнайы білім беру жүйесі білім беру мекемелеріндегі дәстүрлі құндылықтарды қайта жасақтау, білім беру мекемелерін материалдық базамен қамтамасыз ету, арнаулы білім беру міндеттердің артта қалушылығымен байланысты кризистік жағдайларды бастан кешуде. Т.С.Кунның ғылыми дамудағы көзқарастарын есепке ала отырып, арнайы педагогикадағы кризистік жағдайларды белгілі ғылым саласындағы геориялық және тәжірибелік міндеттсрді шешудіц үлгісін өзгерту арқылы жеңуге болағындығына болжам жасауға болады. Арнайы педагогикадағы жаңа гуманистік парадигмалардың орындалуы мен жүзеге асуының әсерінен, мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың өмір сүру әрекетін, білім алуын, әлеуметтік бейімделуіндегі өркениет пен олардың әлеуметтік-мәдени қажеттіліктерін қанағаттандыруға жасайды.
Арнайы педагогикадагы жаңа парадигмалардың жетекші бағыттарын құру гуманизация, фундаментализация және интеграция мәселесі арқылы орындалады. Осы багғыттағы философиялық зерттеулердің міндеттері арнайы педагогиканың даму стратегиясы мен перспективасындағы жеткілікті білімді игерудегі жүйелілікті құру болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   99




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет