Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары
Арнайы псдагогика саласының мақсаты мен міндеттерін атаныз.
Арнайы педагогиканын пәндік салаларына талдау жасаңыз.
Мүмкіндігі шектеулі түлғалардың категориясын атап көрсетіңіз.
Арнайы псдагогикада колданылатын ұғымдар мен түсініктердің
мазмұнын ашыңыз.
Арнайы педагогикадағы зерттеу әдістерін тұжырымдаңыз.
§ 2. ҚАЛЫПТАН ТЫС ДАМУ ТУРАЛЫ ҒЫЛЫМИ
БОЛЖАМДАР ЭВОЛЮЦИЯСЫ
1. Шет елдерде XX ғасырға дейінгі дамуыпда ақауы бар балаларды
зерттеу жұмысының мазмұны
2. Кеңес одағы кезеңіндегі арнайы білім берудің калыптасуы мен дамуы
3. Қазақстан Республикасында арнайы білім беру жүйесінің дамуы.
4. Қазіргі уақыттағы арнайы білім берудің дамуы мен өзекі і мәселелері
Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға деген қоғамдық көзқарастар өз алдына тарихи мәнге ие бола отырып, қоғам дамуының кезеңдерімен, яғни ғылым меп мәдениеттің даму жағдайымен, әлеуметтік-экономикалық қатынастармен, діни көзқарастармен, ұлттық дәстүрлер және құқықтық ережелермен анықталады.
Ғасырлар бойы аномальды даму мәселесі ғылыми позициялық деңгейде қарастырылған жоқ. Қоғамның тарихи дамуындағы ерте кезеңдерінде психикалыққ және дене кемшілігі бар тұлғаларға деген қарым-қатынастың түрі тіпті басқаша болды. Мүмкіндігі шектеулі тұлғалар туралы ұғым Аристотель уақытынан бастап қарастырылды. Ежелгі Спартада, Римде ІV-V ғғ. дамуында кемшілігі бар балалардың көзі жойылып отырды. Дамудағы кемшіліктің себептері әртүрлі жолдармен түсіндіріліп, дүниеге келген сәби қолына беріліп, жалпы тексеруден өткеннен кейін ғана бала дамуының жағдайына қарай болашағы анықталды.
Қайта өрлеу дәуірінде мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға деген гуманистік көзқарастар негізінде мейірімділік, адамгершілік идеяларын ұсынған Т.Мор Э.Роттердамский, Я.А.Комснский, Д.Локк ағартушы философтар болды. Дәрігерлер сол кезден бастап монастырлер мен түрмелерге барып, жан ауруына ұшырағандарға бақылау жүргізу, оларға көмек көрсету, қоғамға араласуға бағыт беру түріндегі жұмыстарды ұйымдастыра бастады.
Ақыл-ой дамуы артта қалған балалардың оқыту мен тәрбиеге бағынышты екендігін айтып, оларға ерекше оқыту формасының қажеттілігі туралы пікірін ұсынған ең алғаш швейцар педагогы Иоганн Генрих Песталоцци (1746-1827) болды.
Әйгілі чех педагогы Ян Амос Коменский барлық тұлғаның білім алуға құқылы екендігін айтып, ақыл-ой дамуының деңгейіне, мінез-кұлықтағы ерекшеліктерге карай мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды типтерге бөлді.
Саңырауларды жеке түрде оқытудың алғашқы қадамдары 1578 ж. Испанияда, 1648 ж. Англияда, сокырларды оқыту 1670 ж. Фраицияда жасалды.
Мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың азаматтығын қорғаудағы гуманизация мен демократизация туралы қөзқарастар Жан Жак Руссо, Ф. Вольтер, Ш.Монтескье, Дени Дидро еңбектерінде, Ұлы Француз революциясы кезіндегі 1793 ж. «Адам декларациясы» еңбегінде баяндалады. Дегенмен, мемлекеттік қайраткерлер мен педагогтар арасындағы бұл идеялар қолдау таппай отырды.
XIX ғ. ортасынан Қайта өрлеу дәуірінде Батыс Еуропадағы арнайы педагогика ғылымынын дамуында мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға педагогтар мен дәрігерлердің көмегі көрсетіле бастады. Бұл бағыттың қарқынды дамуына үлкен үлес қосқан сол кездегі зерттеушілер: жан ауруына ұшырағандарға адамгершілік қатынас көрсеткен француз дәрігері және психиатр Филипп Пиннель (1745-1826) болды. Арнайы педагогика ғылымына «аменция», «деменция» ұғымдарын енгізген оның шәкірті Жан-Этьен-Доминик Эскироль (1772-1840). XVIII ғ. аяғы мен - XIX ғ. басында дамуында кемшілігі бар балаларға педагогикалық көмек көрсету жүйесі қалыптаса бастады.
Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды медициналық-педагогикалық қолдау, оқыту мен тәрбиелеуді қолдаушы әйгілі француз психиатры Жан Итар (1775-1938). Жан Итар ақыл-ой дамуында күрделі кемшілігі бар балаға қимыл-қозғалысын дамытуға бағыттап оқытудың көмегімен сезіміне әсер ету арқылы білім беруді ұсынды. Жан Итардын жүргізген зерттеулеріне оң нәтиже анықталмағанымен, дамуында күрделі кемшілігі бар балалардын сезім органдары мен моторикасын арнаулы дайындық жаттығулары арқылы қалыптастырудың жолдарын анықтады.
Арнайы педагогика ғылымының дамуына да зор үлесін қосқан Э.Сеген идеялары болды. Оның идеялары Америкада ақыл-ой дамуы бұзылған балаларға арналған жеке мектептердің ашылуына ықпалын тигізді. Бұл мектептерде баланың еңбекке дайындығы мен дене дайындығын қалыптастыру бағытында педагогикалық көмек түрлері ұйымдастырыла бастайды. Осы кезеңге дейін дефектолог мамандар Э.Сегснніц жасаған оқыту құралдарын қолданып келеді. Еуропадағы Э.Сегеннің идеясы М.Монтессоридің ақыл-ой дамуы кешеуілдеген балаларды оқыту жүйесіндегі дидактикалык жүйелер арқылы, соның ішінде мектеп жасына дейінгі балаларды сенсорлык дамыту жүйесі аркылы жетістіктерге жетіп отырды.
Еуропада ХІХ-ХХ ғасырларда мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арнайы мекемелерде көмек керсету жұмыстарының төмендегідей негізгі бағыттары аныкталды:
- христиандық-филантропиялық бағыт: мүгедектерге арналған мекемелерде қайырымдылық көмек түрлерін ұйымдастыру;
- медициналық-педагогикалык бағыт: емдеу, тәрбиелеу және оқыту;
- педагогикалық бағыт: есту қабілеті, көру кабілеті, зияты бұзылған тұлғаларға білім беру;
- психодиагностикалық бағыт: зияты бұзылған тұлғаларды диагностикалау, саралау.
Арнаулы ұйымдарды қаржыландыру мәселелері қайырымдылық қорлары арқылы шешіліп отырды.
Алғашқы емдік-сауықтыру мекемесі XIX ғасырда пайда болды. 1854 жылы Рига қаласында дәрігер Фридрих Пляц алғаш рет өзінің акыл-ой дамуы кешеуілдеген балалар мен эпилептиктерге арналған жеке емдік-педагогикалық мекемесін ашады. Аталған мекемеде медиңиналық көмек түрлерімен қатар Э.Сеген жүйесі бойынша сабақтар жүргізіледі. Петербургте осындай арнаулы мекемелер ақыл-ой дамуы бұзылған балалар үшін энтузиастар Е.К. Грачеваның, ерлі-зайыпты дәрігерлер И.В жене Е.Маляревскийлердің басшылығымсн жүзеге асты. Мәскеудегі ең алғашқы көмекші сыныптар М.П.Постовскаяның бастамасымен ашылды. Ресейлік коррекциялық педагогиканың даму кезеңі белгілі ағартушылар А.И.Граборов, Л.К.Шлсгер, К.Н.Корнилов есімдерімен байланысты. Рссейдегі арнайы білім беру жүйесін ұйымдастырушылардың бірі В.П.Кащенко (1870-1943) 1908 жылы Мәскеуде кемшілігі бар балаларға арнап Мектеп-санаторий ашады. Оның «Балалар мен жасөспірімдердің мінез-кұлық жетіспеушіліктерін педагогикалық тұрғыдан түзету» еңбегі 1994 ж. қайта өңделіп шықты.
1917 жылы Совет одағындағы арнайы білім беру жүйесінің кұрылуынан бастап мүмкіндігі шектеулі тұлғалар қалыпты тұлғалардан ерекшеленіп, мемлекеттің қарауына ауысады. Осы уақытта «жабық» түрдсгі арнайы мектеп-интернаттар жүйесі құрыла бастады. 1917-1918 ж.ж. 30-ға жуық басқарушы биліктегі құжаттардың өзгеруіне мынадай мәселелср негіз болды:
- білім беру ұйымдарын шіркеу мектептерінен ажырату;
- кайырымдылык әрексттеріне тыйым салу;
- барлық қайырымдылык ұйымдарының кызмет түрлерін өзгерту.
1917 жылдың соңында Совет укіметі құрылғаннан кейін жаңа мектептік жүйенің құрылуымен айналысатын Мемлекеттік халық ағарту комиссариаты кұрылып, арнаулы білім беру ұйымдары заңды түрде А.В.Луначарский басқарған Халық ағарту комиссариатынын қарауына ауыстырылады. Жаңа білім беру жүйесін көркемдеу ісі 1920-шы жылдардың соңында ұйымдастырылады. Арнаулы білім беру жүйесін қаржыландыру көзі ретінде алғаш рет мемлекеттік бюджет қабылданады. 1926 ж. Ресей Федерациясының Үкіметі бекіткен «Саңырау мылқауларға, соқырларға және ақыл-ой дамуы кешеуілдеген балалар мен жасөспірімдерге арналған мекемелер туралы» жобада арнаулы білім беру ұйымдарындағы оқу-тәрбие процесінің регламенті беріледі. Арнаулы білім берудің мақсаты мектеп пен еңбек арқылы қоғамдық пайдалы еңбекке араласу деп белгіленеді.
Н.Н. Малофеев Кеңес Одағындағы арнайы білім беру жүйесінің ерекшелігін цензалы білім беру сипатымен түсіндіреді. Кеңес Одағы кезіндегі 1950-60-шы жылдары арнаулы білім беру ұйымдарының диффиренциациясы жүзеге асады, яғни арнаулы білім беру ұйымдарының жаңа типтері мен түрлері пайда болады; мектеп реформасын анықтаудағы - (1959 ж.) міндетті 8 жылдық білім беру, одан кейін (1966 ж.) 10 жылдық білім беру жүйесін енгізу арқылы олардың тізбегі кеңейеді.
1970-80-ші жылдары психикалық дамуы тежелген балаларды оқыту мен тәрбиелеу (ПДТ) жүйесі қалыптасады. 1981 жылы бұл балаларға арналған мектептер ашылып, 1988 жылдан бастап жалпы мектептерде ол балаларға арналған түзету сыныптары ашыла бастайды.
1980-ші жылдардың соңына қарай көмекші мектептерде ақыл-ой дамуы күрделі тұрде кешеуілдеген балаларға арналған эксперименттік сыныптар алғаш рет ашылады.
1990 жылға қарай, яғни Совет үкіметінің кұлдырауы кезенінде, арнайы білім беру мекемелерінің жалпы саны 2789-ға жетіп, ол мекемелерде 575 мыңға жуық бала білім алады. Олардың қатарында арнайы мекемелердің 8 түрі және арнайы оқытудың 15 түрі болды.
1970-ші жылдардан бастап ашыла бастаған мектепке дейінгі ұйымдарда мүмкіндігі шектеулі 300 мыңға жуық бала тәрбиеленді.
Кеңес Одағы кезіндегі арнайы білім беру мәселесінің позитивті жақтары ретінде мына жағдайларды қарастыруға болады:
- арнаулы білім беру жүйесіндегі кұрылымдық жүйелердің пайда болуы, саралау, арнайы білімді кажет ететін тұлғаларды толықтай қамту;
- арнаулы педагогиканың әдіснамалық, теориялык және әдістемелік нсгіздерінін жоғары деңгейдегі дамуы;
- арнайы педагогикалық технологиялардың жоғарғы деңгейде дамуы, мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың түрлі категорияларын оқытудағы толыктай қамту жолдарының құрылуы (Л.С.Выготский, В.П.Кащенко, А.Р.Лурия, А.Я.Граборов, А.С.Грибоедов, Г.М.Дульнев, Ф.А.Рау, Н.А.Рау, Ф.Ф.Рау, Ж.И.Шиф, Р.М.Боскис, И.А.Соколянский, Р.Е.Левина, Н.Г.Морозова, Б.Д.Корсунская, М.С.Певзнер, А.И.Дьячков, С.А.Зыков, К.Б.Бектаева, К.К.Өмірбекова, З.А.Мовкебаева, И.Г.Елесеева, А.Н.Аутаева және т.б.).
Арнаулы білім беру жүйесінін,ң қалыптасуы мен даму тарихын қарастыра келе, Н.Н.Малофеев оны бірнеше кезеңдерге бөледі.
1-ші кезең - (VIII ғ. - XII ғ.) агрессия, шыдамсыздық күйден мүгедектерді саналы түрде қабылдау кезеңі.
2-ші кезең - ( XII г. - XVIII ғ.) мүгедектерді саналы түрде қабылдау кезеңінен саңыраулар мен соқырлардың оқуға мүмкіндігін анықтау, оларды жетім үйлерде оқытудың жеке формасымен арнайы білім беру мекемелерінде оқыту кезеңі.
3-ші кезең - (XVIII ғ. аяғы мен XX ғ. басы) сенсорлық кемшілігі бар тұлғаларды оқыту мен тәрбиелеу тәжирибесінен дамуында ақауы бар барлық балалардың білім алуға құқылы екендігін мойындау кезеңі.
4-ші кезең - (XX г. басы мен 1970-ші жылдарға дейінгі кезең) мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың барлық категорияларын оқытудың қажеттілігін мойындаудан оларға арнайы білім беру жүйесінің қажет екендігін анықтау, яғни арнайы білім беру жүйесін дамыту мен дифференциациялау кезеңі;
5-ші кезең - (XX ғ. 1970 ші жылдарынан бастау алған уақыт) тең құқық пен тең мүмкіндіктерге, сегрегациядан интефацияға көшу кезеңі.
Қазақстан Республикасындағы мүмкіндігі шектеулі балаларға білім беру тарихына шолу жасайтын болсақ, бірден екінші кезеңге көшуге болады, өйткені көшпенді қазақтардың мүгедек тұлғаларға шыдамсыздық пен агрессивті көзқарас туралы мәліметіміз жоқ. Мүмкін, көшпенділердің тұрмыстық өмір жағдайы мен ауа райы төзгісіз боғандықтан мүгедек балалардың ішінде өлімге ұшырауы жиі кездесетін, сол себептен ересек мүгедектер саны аз болатын.
Сонымен қатар батыс елдегі көрініс алған мүгедек балаларға арналған діни-қайырымдылық ұйымдар біздің еліміздің дәстүрінде қалыптаспаған.
Үшінші жәнс төртінші кезеңді біріктіруге болады, өйткені арнайы білім беру жүйесі Совет одағы құрылғаннан кейін басталды. Қысқа уакыт мерзімде мүмкіндігі шектеулі балалардың әр категориясына арналған (соқыр, керең, тіл кемістігі бар, зияты зақымдалған жэне т.б.) арнайы білім беру жүйесі кұрылды.
XX ғасыдң 30-жылдарынан бастап республикамызда білім беру жүйесіндегі мүмкіндігі шектеулі балалардың түрлі категорияларын (арнаулы білім беру мекемелерінің типтерінде дамуында кемшілігі бар тұлғаларды оқыту мен тәрбиелеу) саралау арқылы оқытумен қамтамасыз етті. Қазіргі уакытқа дейін жүйе арнаулы мектептердегі окытудың мазмұнымен, әдістерімен, формаларымен қамтамасыз ететін 8 типтегі білім беру мекемелері жұмыс жасаған. Бұл кезеңдерде арнаулы мектептердің барлық түріне арналған түрлі деңгейдегі бағдарламалар мен оқытуды ұйымдастырудың вариативтік формалары қалыптасқан болатын.
Арнайы педагогиканың әдіснамасы мен теориялық негіздері шет мемлекеттердегі білім беру жүйесінің, арнайы педагогика мен арнайы психологияның дамуындагы әлемдік жүйелері ұсынған міндеттерді шешуді көздеп отыр. Дегенмен, ғылыми білімдер жүйесіндегі салыстырмалы иілдаулардың қорытындысы кеңестік арнайы білім беру жүйесіндегі, кемшіліктерді анықтауда. Оларды атап айтсақ:
білім берудің цензалық сипаты дамуында кемшілігі бар балаларды оқуға мүмкіндігі бар» және «оқуға мүмкіндігі жоқ» деген ұғымдармен ажыратуға бағыт беріп отырды;
білім берудің құрылымдық жіне мазмұнды жақтарының біркелкілігі;
мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың барлығына арнайы білім берудегі әдіснамалык актілердің жоқтығы;
жабық түрдегі ұйымдарда білім алатын тұлғалар мен қоршаған ортада оқшауланбаған тұлғалар арасындағы кедергілердің сақталуы;
мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың дамуындағы кемшіліктерді аныктау, диагностикалау және есепке алудағы мемлекеттік жүйенің жүзеге аспауы;
күрделі және ауыр кемшілігі бар тұлғалар тәрбиеленетін отбасыларын қолдауға арналған әлеуметтік бағдарламалардың жоқтығы;
арнаулы мекемелердің арнайы педагог кадрлармен толық қамтамасыз етілмеуі.
5-ші кезең - тең құқық пен тең мүмкіндіктерге, сегрегациядан интеграцияға көшу кезеңі - Қазакстан республикасынын тәуелсіздік алғаннан кейін басталып қазіргі уакытқа дейін жалғасуда.
2012 жылғы мәліметі бойынша республикамызда 151000 астам мүмкіндігі шектеулі балалар тіркелген. Көрсетілген нормативтік құжаттарға сәйкес республиканың барлық облыстарында арнайы мектептер және бала бақшалармен қатар психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес беру ұйымдары, оңалту орталыктары психологиялык-псдаогикалық коррекциялық кабинеттері, логопедиялық пункттер қызмет жасайды. Мысалы, 2011 жылы оңалту орталықтарының саны - 19; психологиялық-педагогикалық коррекциялық кабинеттері - 129; логопедиялық пунктер -479; психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес беру ұйымдары 56 болған. Бірақ әлі де болса олардың саны тұрақсыз, себебі мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды әлеуметтік қолдау мәселелерін шешуде арнаулы мекемелердің саны артып келеді.
Қазакстан Республикасында мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың оқыту мен тәрбиелеу ісін ұйымдастыратын мекемелердің бірнеше түрлері бар. Осы үйымдардың қызметін реттеуші - арнайы нормативтік құжаттар, оның ішіндсгі ең маңыздының бірі - ҚР-да «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзету арқылы қолдау туралы Заңы» (2002). Қабылданған заңда БҰҰ Мемлекеттік Ассамблеядағы көрсетілген «Мүгедектердің тең құқығын сатаудағы стандартты ережелері» (1993) және Саламандық декларациясындағы (1994) т.б. халықаралық тенденциялары мен талаптар ескертілген.
2002 жылы жарық көрген Қазакстан Республикасының «Кемтар балаларды әлеуметтік жене медициналық-педагогикалық түзету арқылы қолдау туралы Заңында» арнаулы (коррекциялық) ұйымдарының келесі тізімі бекітілген:
1. Есту кабілеті бұзылған балаларға арналған мекемер (естімейтін, нашар еститін, кейінен саңырау болып қалған).
2. Көру қабілеті бұзылған (көзі көрмейтін, нашар көретін) балаларға арналған мекемелер.
3. Қимыл-қозғалыс функциялары бұзылған балаларға арналған
мекемелср.
4. Тіл кемістігі бар балаларға арналған мекемелер.
5. Зияты зақымдалған балаларға арналған мекемелер.
6. Психикалық дамуы тежелген балаларға арналған мекемелер.
7. Эмоңиялық-ерік жағынан және мінез-құлқы бұзылған балаларға
арналған мекемелер.
8. Күрделі бұзылыстары бар балаларға арналған ұйымдар.
Соңғы он бес жылда мүмкіндіктері шектелген балаларды әлеуметтік және әдістемелік-педагогикалық коррекциялық қолдау бойынша арнайы оқыту қызмсттерін көрсетуге арналған арнайы білім беру ұйымдарының түрлері ашылды:
- психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес беру ұйымдары;
- оңалту орталыктары;
- психологиялық-педагогикалық коррекциялық кабинеттер;
- логопедиялық пункттер.
2008-2010 жылдары мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды сапалы білім беруге қолжетімділігін қамтамасыз ету мәселесін шешуге арналған нормативтік құқыктық базасы кұрастырыла басталды. Оның негізінде 2010 жылы «Білім беру» заңына толықтырулар енгізілді (ст. 1. п.21-3). Толықгырудың мазмұнында инклюзивті білім беру ұғымына анықтама беріліп. дамуыныц құқыктық негізі қаланды.
Сонымен, жоғарыда көрсетілген заңдардын толық іске асырылу мәселесі Қазақстан Республикасының «2011-2020 жылдарға арналған білім беруді дамыту мемлекеттік бағдарламасында» анықталған. Инклюзивті білім беруді дамытудағы мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту мен тәрбиелеуді ұйымдастырудағы басты мәселелерді шешу жолдары айқын көрініс тапты. Олар төмендегідей:
1.Арнайы білім беру ұйымдарын, коррекциялық кабинеттерін, арнайы балабақша және мектеп, ата-аналарға кеңес беру пункгерін және т.б. арнайы білім беру мекемелерді сақтай және кеңейте отырып мүмкіндігі шектеулі балаларға ерте жастан түзете-педагогикалық қолдау көрсету.
2.Білім беру жүйесінде білім алуға мүмкіндігі жоқ, үй жағдайында білім
алатын мүмкіндігі шектеулі балаларды қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру
және жеке бағдарлама құрастыру.
3.Мұғалімдердің қазіргі таңдағы жаңа технологиялық құралдармен жұмыс жасау біліктілігін арттыруда және жаңа білім беру жүйссінде кәсіби құзыреттілігін дамытуда қайта даярлану мен арнайы курстардан өткізу.
4.Балабақша және жалпы білім беру мекелерінде мүмкіндігі шектеулі әр балаға «тосқауылсыз» жағдай мен ортаны құру.
Бұл құжаттар Қазакстан Республикасының әрбір аймағында орналасқан
білім беру мекемелердің қызметін реттеп отырады.
Демек арнайы педагогика ғылымының дамуындағы өзекті мәселелер реабитациялық кеңістікте кең түрде қарастырылып, бір жағынан мүмкіндігі шектеулі балалар кагегориясының барлығын тұтас қамту болса, екінші ретте мүмкімдігі шектеулі балаларға медициналық-психологиялық-педагогикалық қолдаудың қажеттілігі сияқты шешімін таппай тұрған жағдайлар болып отыр. Олардыц ішінде әліде болса зерттеуді қажет ететін, өзекті мәселенің бірі даумындағы кемшілікті ерте диагностикалау мен ерте түзету мәселесі.
Дамудағы кемшіліктерді ерте жастан түзету арқылы интеграциялау контектсінде мүмкіндігі шектеулі бала дамуы қоғамдағы перспективті және жетекші тенденциялардың бірі ретінде қарастырылады. Қазіргі уақытта елімізде дене және психикалык дамуында кемшілігі бар балалардың категориясы туралы мәліметтер, оларды оқыту мен тәрбиелеу мәселелері жеткіліксіз қарастырылған. Бұл категорияның қатарына кіретін сөйлеу тілінде күрделі кемшілігі бар балалар, психикалық дамуы тежелген балалар, ерте жастағы аутизмге шалдыққан балалар, күрделі кемшілігі бар балалар, тәртібі бұзылған балалар құрайды.
Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу мәселесі тарихи даму жағынан арнаулы білім беру жүйесіне мектеп жасындағы балаларды енгізеді. Мектепке дейінгі арнайы білім беру жүйесі өткен жүз жылдықтың 70-ші жылдарының басында қалыптасты. Мектеп жасына дейінгі балалардың психологиялық ерекшсліктері толық зерттелмегендіктен, оларға коррекциялық көмек көрсету жүйесінің мүмкіндігі аз болуда. Сонымен қатар, арнайы педагогикада шешімін күттірмейтін мәселелердін бірі - туғаннан 3 жасқа дейінгі бала дамуындағы кемшіліктерді ерте диагностикалау мен ерте түзету жұмыстары құрайды. Ерте кезең мен мектепке дейінгі шақ интенсивті түрдегі психикалық дамудың сензитивті кезеңдерін анықтаушы кезең болып табылады. Дамудың осы кезеңдерінде болашақтағы барлық психикалық процсстердің, жеке тұлғаның дамуына негіз болатын мидын морфофункциялык қалыптасу кезеңі дамиды, шартты байланыстардың негізгі көлемі қалыптасады. Әзірге мүмкіндігі шектеулі ерте жастағы балалардың орталық жүйке жүйесінің органикалық бұзылуына байланысты сензитивті кезендерді қолданудың мүмкіндігі толығымен іске аспайды.
Аталған мэәселелер турасындағы жеткен жетістіктердің қатарында 1990-шы жылдары Е.В.Кожевниковтың басшылығымен құрылған «Сәбилердің ребилитациясы» бағдарламасы бар. Бұл бағдарлама негізінде ерте кезден бастап диагностикалау мен түзету жүмыстарының мазмұны, ерекшеліктері аныкталған. Қазіргі уақытта Қазакстан Республикасында балаларға ерте педагогикалық-түзетушілік көмек көрсетуге байланысты бірқатар құжаттар қабылданып, жүзеге асырылуда.
Ерте қолға алу (ерте қолдау) – психикалық дене бұзылыстары скринингін, медициналық психологиялық-педагогикалық диагностиканы, емдеуді, дамыта оқытуды қамтитын, сәби жастағы (үш жасқа дейінгі) балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу аркылы қолдау.
Мемлекеттік тарапынан ерте жастан коррекциялық-педагогикалқ көмек көрсету жүйесі әзірленіп (Р.А. Сүлейменова), негізгі деңгейлер бойынша жүзеге асырылуда:
1.Сәбилердің психикалык женс дене дамуын жаппай тексеру. Ерте
жастан көмекті көрсетуді іске асыру үшін жапнай тексеруді (скринингті)
перзентханалар мен емханаларда жүргізілуі тиіс. Скрининг - "қатер" тобындағы балаларды анықтау мақсатымен жаппай стандартталған тексеру.
2.Скрининг нәтижесінде анықталган "қатер" тобындагы балаларды ата-аналарының жене өзге де заңды өкілдерінің келісімімен психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес беру ұйымдарына жіберуді қамтамасыз ету.
3.Арнайы бала-бақшаларды жалпы үлгідегі бала-бақшалардың арнайы топтарында алғашкы медициналық-санитарлық көмек көрсету мекемелердің түзету кабинетгерінде оңалту аймақтарында іске асырылатын коррекциялық жұмыс ұйымдастыру.
4.Ерте коррекциялық көмек көрсету жүйесін ғылыми-әдістемелік
қамтамасыз ету. Бұл жұмыс барысында барлык мәліметтерді жүйелеп,
компьютерге енгізу және ғылыми зерттеу бағдарламаларын әзірлеу, оларды іске асыру, нәтижелері бойынша нұсқауларды дайындау.
Тағы бір өзекті мәселелерінің бірі - медициналық-әлеуметтік-педагогикалық патронажды (МӘПП) ұйымдастыру.
МӘПП - бұл дамуында ауытқуы бар баланың отбасына әр түрлі мамандардын бірге отырып, кешенді оңалту көмек шараларын ұзақ мерзімде қолдануды қалайды.
Достарыңызбен бөлісу: |