Пирзадаев арман нургабылович


 Жымқырумен байланысты қылмыстық құқық бұзушылықтардың



Pdf көрінісі
бет15/18
Дата31.05.2024
өлшемі1.21 Mb.
#502160
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Dissertatsiya Pirzadaeva-Armana-Nurgabyilovicha-KAZGYUU

3.2 Жымқырумен байланысты қылмыстық құқық бұзушылықтардың 
алдын алудың тиімділігі 
Қылмыстылықты әлеуметтік жағымсыз құбылыс ретінде түсіну оның 
басты бағыты ретінде оны туындататын себептерге ықпал ету түрінде алдын 
алуды қажетсінеді. Қылмыстылықтың, соның ішінде меншікке қарсы 
қылмыстық құқық бұзушылықтардың сандық және сапалық көрсеткіштерінің 
сипаттамалары мұндай қылмыстылықтың алдын алу мәселелерінде жаңаша 
бағыттар іздестіруді қажетсініп отыр. Соның ішінде соңғы уақыттары меншікке 
қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтардың көрiнiс беруiне қоғамның 
төзбеушiлiгiнiң өскенi байқалады. Азаматтық қоғам институттары мен 
жұртшылық меншікті қорғау бойынша қызметке барған сайын көптеп 
тартылуда. Қылмыстылықпен күрескеннен көрі олардың алдын алу мен күрес 


97 
шараларының тиімділігін арттыру жемісті болатындығын күн өткен сайын 
дәлелдеуде.
Меншікке қарсы күреске жалпы мемлекет болып жұмылдырылып, 
ұйымдастырушылық және құқықтық жұмыс жүйелi әрi кешендi сипат алып 
келеді. Әрине қазіргі жағдайда құқық қорғау органдары тек қана тіркелген 
қылмыстылықты назарға алып, тек сол бөлігінен ғана қоғамға келген 
зардаптармен күресті жүзеге асырады деп айтуға болады. Бұл әрине қылмыс 
жасаған адамдардың қылмыстық құқықтың «жазадан құтылмайтындық» 
қағидасын жүзеге асыру бағытындағы құқық қорғау органдарының 
жұмысының маңызды бөлігі болып табылады. Яғни қылмыстылықтың алдын 
алу құқыққорғау органдарының басты функциясы жүзеге асырады.
Құқыққорғау 
қызметінің 
алдын 
алу 
бағытындағы 
жұмысының 
маңыздылығын А.Ю. Шумилов «іс-әрекетті қылмысты деп саралау арқылы біз 
құқыққорғау жүйесі белгілі бір деңгейде «жұмыс істемеді», қоғамға қауіпті іс-
әрекетті жасауға жол берді» Елеулi саяси, экономикалық және әлеуметтiк 
зардаптарға әкеп соғатын ең қауiптi құбылыстың бiрi бола отырып, 
қылмыстылық серпiнi Қазақстанда бәсеңдеуге айналғанымен, меншікке қарсы 
қылмыстар саны әлі күнге азаймай келеді, оның санын азайту тетіктері 
қаншама ғылыми негізделген методикалар болғанымен мүмкін болмай тұр. 
Шешiлмеген проблемалардың қатарында бөтеннің мүлкін жымқырудан келетін 
зардаптарды жою немесе алдын алу тетіктерін табу да бар.
Криминология бастапқыда қылмыстылықтың алдын алу жөніндегі ғылым 
ретінде пайда болып дамыды. Қылмыстылықты зерттеу, қылмыскер тұлғасын 
зерттеу мен өзге де осы сипаттағы мәселелерді зерттеу қылмыстылықтың 
алдын алу шараларының алғышарты [151, с. 5]. 
Қылмыстылыққа қарсы бағытталған шаралар кешенін ұқсас семантикалық 
мағынасы бар, бірақ құқықтық мазмұны әр түрлі терминдермен атайды: 
«қылмыстылықпен күрес», «алдын алу», «профилактика». Яғни, терминнің 
нақты анықтамасы қылмыстылықпен күрестегі мәселелерді шешудегі нақтылық 
шарттары. 
Соңғы жылдары «қылмыстылықпен күрес» термині кең қолданылып 
келеді. Қылмыстылықпен күрес термині бұрынғы Коммунистік партияның 
съездерінде де қылмыстылықты тамырымен жоюға байланысты мәлселелерді 
қойып, ол туралы бағдарламалар қабылданған кезде де айтылған. Бірақ, 
әлеуметтік қоғамдағы қылмыстылықпен күрес ол бастан ақ сәтсіздікке 
ұшыраған, себебі, «социализм дамыған» елде қылмыстылық бар болғаны 
«әлеуметтік-құқықтық тарихи өтпелі кезең» деп тұжырымдалған. 
Кеңес заңгерлері «социалистік қоғамда» қылмыстылықтың негізгі түп 
себептері жойылып, кінәлінің жауапқа тартылуы қағидалары мен 
қылмыстылықпен күрестің нақты алдын алу шаралары құрылған дегенді 
тұжырымдайды. Кеңес қоғамындағы қылмыстылықтың болуы олардық сол 
кездегі 
бастан 
кешкендерімен, 
сондай-ақ 
практикалық 
жұмыс 
жетіспеушілігімен де тығыз байланысты. 


98 
В.В. Лунеев айтқандай қоғам қылмыстылықты түп тамырымен алып тастай 
алмайды [152, с. 3].
«Қылмыстылықпен 
күрес», 
«алдын 
алу», 
«қылмыстылық 
профилактикасы» деген терминдерді айтқанда ең алдымен нені ойлау керектігі 
туралы криминологтар түрлі пікірлерін айтқан. 
А.И. Долгова қылмыстылықпен күрес әлеуметтік басқарудың бір саласы 
ретінде көрініс табады, яғни қылмыстылықты тудыратын себептер мен 
шарттарға әсер етеді деп айтқан. Қылмыстылықпен күрес сондай-ақ қылмыс 
жасаған 
тұлғаларға 
әсер 
етуді, 
жалпы 
қылмыстылыққа, 
оның 
детерминацияларына, соның ішінде қылмыстылықты жоюға бағытталған құқық 
қорғау органдарының қызметтеріне, кінәлілерді жауапқа тартуға бағытталған. 
С.Я. 
Лебедев 
«қылмыстылықпен 
күрес» 
терминінің 
орнына 
«қылмыстылықты әлеуметтік-құқықтық бақылау» терминін қолдануды 
ұсынады, себебі, оның криминологиялық аспектілері дәл осы алдын алушылық 
бақылауда көрініс табады дегенді алға тартады. Лебедев С.Я. «Обычаи, 
традиции, преступность: теория, история, опыт криминологического анализа». 
«Заң энциклопедиясында» қылмыстылықпен күреске «қылмыстылықтың 
алдын алуда, ашуда, кінәләлерді жауапқа тартуда, оларды түзетуде, қайта 
тәрбиелеуде т.б.шаралар бойынша құқықтық институттар байланысының 
жүйесі» деген түсінік берілген. 
Қазіргі кездегі қылмыстылықпен күресте криминологтардың пікірі 
бойынша негізгі үш бағытты айтуға болады: 
Жалпы күресті ұйымдастыру, қылмыстылықтың алдын алу, құқық қорғау 
органдарының қызметі. 
Біздің көзқарасымыз бойынша «қылмыстылықпен күрес» термині тікелей 
криминологиялық болып табылады, сондықтан да оның сұрақтары тікелей 
криминологтармен шешіледі. 
Криминологияның 
пәнін 
құрайтын 
мәселелердің 
қатарында 
қылмыстылықты зерттеу ғана емес, оның алдын алу мәселелері де бар деп 
қараймыз.
Қылмыстылықтың салдарымен күресуден гөрі себебімен күресу әлдеқайда 
тиімді. Қылмыстылықтың алдын алу құлашты кеңге сермейтін ауқымы кең 
шаралардың кешені. Ол тікелей қылмыстылықты ауыздықтауға бағытталған 
әрекеттерді де, тіпті, онымен жанама қатысты құбылыстарға да бағыттлаған 
шараларды қамтиды. 
Қылмыстылықпен күреске, бәрінен бұрын, сол қылмыстық құқық 
бұзушылықтардың жасалуына мүмкіндік тудыратын себептер мен жағдайларды 
жою арқылы кейбір адамдардың қылмыс жасау пиғылын іске асырмау жатады. 
Қылмыстылықпен күрес пен алдын алу шаралары әлсіреген жағдайда елдегі 
қылмыстылықтың өршуі байқалады. Және керісінше қылмыстылықпен күресті 
күшейту олардың санының азаюына әкеп соқтырады. Мәселен, Қазақстан 
Республикасының 2006-2010 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлықпен күрес 
бойынша мемлекеттік Бағдарламасында соңғы уақыттары мемлекеттік деңгейде 
сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күресті күшейту мен жалпы халықтың 


99 
сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілігі мен арнайы мемлекеттік органның 
құрылуы аталған қылмыстылықтың деңгейін төмендетуге мүмкіндік жасағанын 
айтады. 
Әлемдік деңгейдегі теоретик Фрэнсис Фукуяма (АҚШ) өзінің соңғы 
жұмыстарының бірі «Сильное государство» атты еңбегінде «...әлемдік саясатта 
30 жылдам астам уақыттан бері мемлекеттілікті әлсірету тенденциясы басым 
болып тұр. Мемлекеттердің шексіз тәуелсіздігі мен өзге елдерден оқшау өмір 
сүруге талпынысы мемлекет жұмысының тиімділігінің төмендеуіне, елдегі 
араздыққа әкеп соқтырады» [153, с. 13]. Оны Қырғызстан елінің тәжірибесінен 
де көріп отырғандаймыз. Елдегі ауызбірліктің болмауы ел экономикасын 
тұралатып тұр. Сол сияқты Түркіменстан сияқты әлемдегі газ отынының қоры 
бойынша 7 орынға ие мемлекет шекарасының қарым-қатынастарға «жабық 
есік» күйінде болуы экономикалық жағынан дамуды тежеп отыр. Ресейдің бір 
ғана «Газпром» компаниясы ел экономикасына жылына 250 млрд. доллар 
құйып отырғанын ескерсек, Түркіменстан Республикасы сыртқы саудада өз 
орнын 
тапппай 
отырғандығы 
мемлекеттің 
материалдық 
жағдайына 
қаншалықты дәрежеде кері ықпал ететінін есептей беріңіз. Алайда, кейбір 
мемлекеттер осындай саясатты қолдана отырып өз тәуелсіздігін нығайтуға 
сенімді. 
Кезінде «О преступлениях и наказаниях» еңбегінде Чезаре Бекария: 
«Жазалағаннан қылмыстың алдын алған жөн» деген еді. «Құқық 
бұзушылықтың алдын алу» түсінігі негізінен, қылмыстылықпен күрестің 
криминологиялық теориясына сүйеніп қалыптасқан. 
Г.А. Аванесовтың пікірінше, «қылмыстың алдын алу» түсінігі 
«қылмыстылықты жоюдың объективтік және субъективтік мүмкіндіктерінің 
тарихи қалыптасқан жүйесін, сондай-ақ осы құбылысты, оны туындататын 
себептер мен жағдайларды жоюға бағытталған мемлекеттік және қоғамдық 
шаралар жиынтығын» білдіреді.
Қылмыстылықтың алдын алу дегеніміз қылмыстылықты тудыратын 
құбылыстарды азайтатын, шектейтін, жоятын қоғамдық процесс. 
Қылмыстың алдын алу мақсатында ықпал жасалынатын объект «өте 
күрделі құбылыс», оған жеке адам, адамдар тобы, оларды қоршаған орта (оның 
ішінде тікелей қоршаған орта) және әр түрлі «заттар» факторлар, себептер мен 
жағдайлар, мән-жайлар, т.б. жатады. 
Алдын алу объектілері жайында сөз қозғағанда, тіптен, нақты кәсіпорын, 
аудан, қала, қандай да бір аймақ жайында айтуға болады. 
Қылмыстылықтың алдын алу сөзбе сөз алғанда адамдарды, мемлекетті, 
қоғамды қылмыстық құқық бұзушылықтардан қорғаштау [154, с. 30].
Қылмыстылықтың алдын алу бұл мемлекет пен қоғамның қылмыстылықты 
әлееуметтік төзімділік деңгейінде оны тудыратын себептерді жою мен жоққа 
шығару арқылы қылмыстылыққа қарсы бағытталған қызметі. 
Қылмыстылықтың алдын алуға анықтама берсек, ол қылмыстылықтың 
себептерін және оған мүмкіндік тудыратын жағдайларды анықтау және жою 


100 
мақсатында мемлекеттік, қоғамдық және басқа ұйымдардың жүргізетін, өзара 
байланыстағы әр түрлі шараларының жиынтығы. 
Қылмыстылықтың алдын алу бұл мемлекеттік органдар және қоғамдық 
бірлестіктердің қылмыстылықтың себептері мен жағдайларын бейтараптандыру 
немесе жою, анықтау және құқықбұзушылық жасауға бейім тұлғаларды 
жағымды әсер ету бойынша жекелеген азаматтардың әлеуметтік- құқықтық 
қызметі.
Қылмыстық құқық бұзушылықты ескерту қылмыстылықпен күрестегі 
негізгі бағыт болып табылады. Қалай дегенде, бұл қызмет ресурстық, бірінші 
кезекте, жоғары деңгейдегі кәсіби мамандармен, материалдық және қаржылық 
құралдармен, арнайы техникамен, әлеуметтік-құқықтық қорғаумен қамтамасыз 
етуді талап етеді. Алдын алу жұмыстарының ең негізгі кемшілігі көп жағдайда 
оның формализмі болып табылады. Қағаз жүзінде бәрі де ойдағыдай болғанмен, 
шын мәніндегі қылмыстылық жөніндегі картина басқаша болуы мүмкін. 
Қылмыстылықтың алдын алу бүкіл қоғам болып және мемлекеттік 
органдармен қылмыстылықтың алдын алу мақсатында жүргізілетін өзара бір 
бірімен байланысты шаралардың жиынтығы.
Қылмыстылықтың алдын алу - жүйені құрайды, бұл жүйеде 
профилактиканың объектісі, негізгі деңгейлері мен нысандары, күрес 
жүргізетін субъектілер бар.
Қылмыстылықтың алдын алу объектілеріне қылмыстылықтың жай-күйі 
мен динамикасына әсер ететін экономикалық, әлеуметтік, саяси сипаттағы 
факторлар, құқық нормасына сай келуі тиіс адамдардың қызметі, қылмыскердің 
жеке басын сипаттайтын қасиеттер кіреді.
Қылмыстылықтың алдын алу шаралары мынадай негіздер бойынша 
топтастырылады:
– 
алдын алу қызметінің әлеуметтік деңгейі;
– 
көлемі (жаппай қамтылуы), аумақтық көлемі;
– 
алдын алу обьектісіне әсер ету кезеңдері;
– 
бағыты, әсер етудің түрі (мазмұны);
– 
қолданатын субьект бойынша.
Алдын алу шаралары көлемі (жаппай қамтылуы) бойынша: жалпы, 
арнаулы және жеке болып бөлінеді.
Жалпы алдын алу шаралары қылмыстылықтың не оның жекелеген 
түрлерінің себептері мен жағдайларын анықтауға, жоюға, әлсіретуге, 
бейтараптандыруға бағытталған. Олар әсер ету обьектісінің (жағдайлар не 
тұлғалар) анықталмаған тобына жеке бағытталған. Мысалы, қаржы жүйесінің 
тұрақтылығы, нарықты дамыту мен бекітуге, экономикалық қатынастарды 
толықтай жүзеге асыуына көмектеседі.
Бұл шаралардың әсер ету механизмі барлық қылмыстық құқық 
бұзушылықтардың түрлері үшін бірдей, ол кейде өзінің тиімділігін бермей 
жатады. 
Экономиканы дамытуға, азаматтардың материалдық және мәдени деңгейін 
көтеруге бағытталған экономикалық, саяси, ұйымдық сипаттағы барлық 


101 
шаралар жүйесі жалпы шараларға жатады. Қоғамды позитивтік тұрғыда 
дамыту, 
өмірдің 
барлық 
салаларын 
жетілдіру 
мен 
тұрақтандыру 
қылмыстылықтан қоғамды сауықтыруға ықпал етеді. 
В.Н. Кудрявцевтің пікірінше, «ірі әлеуметтік шараларды мемлекет 
көлемінде жүзеге асыру жалпы сақтандырудың ең жоғарғы деңгейі болып 
табылады». 
Қылмыстылықтың 
алдын 
алудың 
жалпы 
шараларына 
біздің 
республикамыздағы барлық әлеуметтік-экономикалық өзгерістер жатады. 
А.Х. Миндагуловтың пайымдауынша: алдын алудың жалпы шараларының 
негізгі мақсат- тұрмысы нашар адамдарды әлеуметтік жағынан қорғау (әсіресе, 
баға жіберілген және нарықтық қатынас орнай бастаған кезде), халықтың 
табысын индексациялау, салық салу саясатын дұрыс жүргізу, халықтың 
еңбекпен 
айналысуын 
және 
оның 
тұрмыстық 
ахуалын 
бақылау, 
жұмыссыздарды еңбекке орналастыру, қоғамдық қатынастарды жетілдіру, 
адамдардың рухани байлығын молайту, мәдениетін, санасын көтеру, т.б. болып 
табылады [155, с. 34].
Ұрлау, тонау, қарақшылық, алаяқтық сияқты қылмыстық құқық 
бұзушылықтардың себептерін жоюға тікелей бағытталған шараларды арнайы 
қарастыру керек. Оларға ең алдымен ұйымдастырушылық және техникалық 
сипаттағы шараларды жатқызуға болады: 
– меншік иелерін өздерінің меншік құқықтары мен мүдделерін заңға 
қайшы емес тәсілдермен қолсұғушылықтардан қорғауды жүзеге асыру; 
– олар көпқабатты үйлердің кіреберістерін, жертөлелерін, шатырларын 
техникалық қамсыздандырылған диспетчерлік қызметпен қамтамасыз ету;
– пәтерлерді күзет дабылдарымен қамсыздандыру, есіктер мен есіктің 
жақтауларын күшейту, темір есіктер салдыру, домофондық жүйедегі есіктерді 
орнату;
– шағын аудандардағы криминогендік жағдайды ескеріп, патрульдік-
посттық қызметті күшейту;
– қылмыскерлерді анықтау мен дер кезінде ұстауды жүзеге асыру үшін 
ауладағы тұрғындардың қырағылығын арттырып, ынталандыру жұмыстарын 
әрдайым жалғастыру; 
– мас адамдарды қылмыс құрбанына немесе қылмыскерге айналмауы үшін 
көшеден тез арада алып кету; 
– тұрғындардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру; 
– 
автокөліктерді 
аулаларда қараусыз қалдырмай, ақылы түрдегі 
автотұрақтарға қою;
– көше, аулалар мен ғимараттарды жарықтандыру мен бейнебақылау 
жүйесін орнату; 
– елеулі емес ұсақ құқық бұзушылықтарға дер кезінде қарсы қимыл жасау 
және т.б.; 
– заң бұзушылықтың алдын алудың әлеуметтік базасын нығайту 
(әлеуметтік-экономикалық шаралар арқылы көп балалы отбасыларын, 
зейнеткерлерді, халықтың нашар тұратын тобын мемлекет тарапынан қорғауды 


102 
қамтамасыз ету; ең аз табысты анықтау және тұтыну мөлшерін ауық-ауық қайта 
қарастыру; ата-анасының қамқорынсыз қалған және жетім балалар үшін, қарт 
адамдар үшін мектеп жасына дейінгі балалар үйлерін, басқа да мекемелер 
жүйесін кеңейту; өнегелік тәрбиені, заңға баулуды жақсарту). 
Бұл жалпы шаралар белгілі бір дәрежеде жалпы қылмыстылықтың 
деңгейін ұстап тұруға көмектеседі. Дегенмен әрбір қылмыстар тобы үшін осы 
шаралармен қатар арнайы шаралар да болады.
Қылмыстылықтың алдын алудың арнаулы шаралары белгілі бір тектік 
белгілері бойынша ерекшеленетін адамдар не жағдайлар тобының шеңберінде 
жүзеге асырылады, мысалы: Есірткі заттарын пайдалану, жезөкшелікпен 
айналысу, қаңғыбастық және т.б. байланысты қылмыс жасауға бейім тұлғаларға 
қатысты; Пайдақорлық қылмыс жасауға итермелейтін: мысалы, тұрғын үй не 
кеңсе ғимараттары үшін қауіпсіздік стандарттарының болмауымен; 
құжаттарды, ақшаларды, тауар-материалдық құндылықтарды есепке алу мен 
сақтау ережелерінің бұзылуымен байланысты жағдайларға қатысты.
Арнайы алдын алу жалпы алдын алуды толықтырады, нақтылайды. 
Арнайы алдын алу белгілі бір салаға арнайыланған, мақсатты. Тіпті белгілі бір 
уақыттық немесе кеңістіктік шекарасы бар.
Мәселен, оқудан тыс уақытта балалардың бос уақытын ұйымдастыру, аз 
қамтылған отбасыларды қолдау т.б. Арнайы алдын алу шаралары әр түрлі 
негіздер бойынша жіктеледі. Мазмұнына қарай (экономикалық, саяси, мәдени-
тәрбиелік, 
құықытық 
және 
т.б.), 
әрекет 
ету 
ауқымына 
қарай 
(жалпымемлекеттік, регионалдық және т.б.), қолданылу уақытына қарай (ерте 
және тікелей), радикалдық дәрежесіне қарай (криминогендік құбылыстардың 
туындауының алдын алушы және жоятын немесе минимизациялайтын), 
құқықтық сипатына қарай (жалпы құқықнормасымен реттелген және арнайы 
заң нормасымен (қылмыстық, әкімшілік, азаматтық, еңбек, іс жүргізушілік 
және өзге де құқық салаларының нормаларымен) реттелген (әкімшілік 
қадағалау) арнайы алдын алу деп бөлінеді. Жіктеудің басқа негіздері де бар, 
алайда криминология ғылымында осы жіктеулер негізгі болып танылады. 
Меншікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтардың арнайы алдын алу 
шаралары мынадай:
– қылмыстық топтар қызметін уақытылы тоқтату; меншікке қарсы 
қылмыстар арасында топ болып қылмыс істеу фактілерінің деңгейі жоғары. 
Дегенмен көп жағдайда жауапкершілікке топ мүшелерінің біреуі ғана тартылып 
жатады. Мәселен, автобуста жолаушылардың заттарын ұрлау көбінесе екі-
немесе үш адамның қатысуымен орын алады;
– құқық қорғау органдары мен лауазымды тұлғалармен қаруды заңсыз 
сақтау, дайындау фактілерінің жолын кесу мен қаруды алып қоюды жүргізу; 
бұл бағытта елімізде қаруды легализациялау немесе тіркеу 2008 жылы 
жүргізілді, жұмыс әлі де жалғасып келеді. Нәтижесінде қару қолданып қылмыс 
жасау фактілерінің саны азайды; 
– пайдакүнемдік және пайдакүнемдік-зорлық қылмыстарын істеуге бейім 
психикалық ауытқулары бар адамдарды есепке қою мен оларды емдеу; Адам 


103 
бойындағы психофизиологиялық процесстер мінез-құлықтың себептері болады 
және құқыққа қайшы реакциялардың негізін құрайды. Психикалық 
аномалиялар тек қана қасақана емес, абайсыздықпен істелетін қылмыстарға 
әсер етеді; 
– белгілі бір аумақта, қаңғыбастардың, нашақорлардың, маскүнемдердің 
қылмыскер-гастролерлардың жүретін жерлерін, ұрланған мүлікті өткізетін 
(ломбардтар мен комиссиялық дүкендер, антиквариаттар алатын жерлер) 
жерлерді анықтау; маргиналдық топтарды үнемі бақылауда ұстау мен ұрланған 
мүлікті өткізу орындарын жүйелі тексеріп отыру қылмыстылықтың калдын 
алуға септігін тигізеді. Қылмыскер-гастролерлар қылмыстылығы – көші-қон 
процесінің есебінен қала халқының көбеюі, жаңа құрылыстарға бару, ары-бері 
ретсіз көшіп-қону жұмыс орнының жетіспеуіне, пәтер-үй тапшылығына, басқа 
да қиындықтарға әкеп соғады, ол өз кезегінде әлеуметтік шиеленіске 
ұшыратады, пайдақорлық-зорлық қылмыстарының көбеюіне себеп болады; 
– қалта ұрлығы, пәтер ұрлығы, көше ұрлығы, автокөлік пен оның 
бөлшектерін ұрлауға қатысты жедел топтар мен арнайы қызметтерді 
ұйымдастыру (соңғы уақыттары біздегі универсалдық, соның ішінде атты және 
велоcипедті полиция қызметкелерін де тәжірибеге енгізілуін айта аламыз); 
Нәтижесінде қылмыс оқиғаларының алдын алуға тек қана ішкі істер 
органдарының қызметкерлері, соның ішінде учаскелік полицейлер ғана емес, 
бұрынғы патрульдік-жол қызметкерлері де тартылып, ішкі істер органдарының 
полицейлері ретінде бірігіп қоғамдық құқықбұзушылықтармен күрес пен алдын 
алу шараларын нығайтудың құралы болды; 
– қылмыстың алдын алудағы тиімді шаралардың бірі полиция мен халық 
жасақшыларының күзетін жақсы ұйымдастыру. Олар жаңа құрылыс жүргізіліп 
жатқан жерлерге, қараңғы көшелерге, теміржол бойындағы жалғыз аяқ 
жолдарға, қылмыс жасауға қолайлы басқа да жерлерге баса назар аударулары 
керек; 
– бас бостандығынан айыру орындарынан босаған адамдардың бос 
уақытын ұйымдастыру мен жұмысқа орналастыру, қоршаған ортаға бейімдеу 
жұмыстарын жүйелі әрі кешенді түрде жүргізу; Қоғамдағы үлкен мәселелердің 
қатарында тек қана қылмыскерлерді жазаға тартып, жазасын өтеумен ғана 
шектелмейді, жазасын өтеп шыққан адамдардың қоршаған ортаға тез 
бейімделуі, қоғамның толыққанды мүшесі болуы үшін жұмыстар жүргізу де 
шешімін табуы тиіс. Әсіресе жазасын өтеп шыққандарды жұмыспен 
қамсыздандыру бұл шешімнің түйінін шешуге көмектеседі. Біздің елімізде 
бүгінгі күні күрделі күйінде қалып келеді. Әйтпесе елдегі рецедивистер санын 
азайту түйінді мәселе болып қала береді; 
– пайдақорлық-зорлық қылмыстарының алдын-алудың бір амалы – 
рецидивтік қылмыстылықпен күресті ұдайы жүргізу, бас бостандығынан айыру 
орындарынан босанып келген адамдарға әкімшілік жолмен қадағалау туралы 
Ережені бұлжытпай орындау. 


104 
Пайдакүнемдік қылмыс жасаған адамдар жайында өкілетті органдар 
олардың жұмыс орнына және оқитын жеріне хабарлауы тиіс. Колониялардағы 
жұмыс сотталған адам түзелетіндей нәтиже беруге тиіс [156, с. 24].
И. Шмаров ойынша: қылмыс қайталануының алдын алу процесіне кедергі 
келтіретін көптеген себептердің бірі қоғамға көндігу, тұрмыс және жұмысқа 
орналасу мәселелері. Жазасын өтеп шыққан адамдардың әрбір үшінші-
төртіншісі туысқандармен байланысын үзген, жұмысқа орналасуға, 
материалдық және дәрігерлік көмекке мұқтаждық көрген [157, с. 24].
Сотталғанның орнығуына және оны бақылауға алуда отбасының рөлі зор. 
Ұзақ уақыт сыртта болғандықтан олар отбасынан, үйінен қол үзіп қалады, дейді 
И.И. Карпец, бірақ бұл пікірмен келісуге болмайды. 
Э.Х. Нарбутаев жүргізілген зерттеулерге қарағанда, үкім заңды күшіне 
енген кезден бастап сотталған адам жазасын өтеп шыққанға дейінгі аралықта 
олардың 35% (көбісі жергілікті ұлт өкілдері емес) отбасын жоғалтқан, ал 
босанып шыққаннан кейін 73% өздерінің туыстарымен қарым-қатынасты үзген 
және бұрын өздерінің туыстарымен бірге тұрған салтбасты адамдардың 
соншасы да өз байланыстарын үзген [158, с. 24]. 
Ю. Блувштейн мен К. Лапинскастың пікірінше, бас бостандығынан айыру 
орындарынан босанып шыққан адамдардың қалыпты өмір жолына түсуі мына 
үш факторға байланысты: а) түзету мекемесіндегі тәрбиенің нәтижелілігіне; б) 
босанғаннан кейінгі әлеуметтік бақылаудың деңгейіне, в) босанғаннан кейін 
қандай ортаға келіп түскеніне [159, с. 32-33].
– меншікке қарсы қылмыс жасаудың тәсілдері мен жолдарын тұрғындар 
арасында түсіндіріп, қандай жағдайлардан сақтандыру керектігін айтып 
ақпараттық жұмыстар жүргізу; Мәселен, автокөліктерді ақылы немесе ақысыз 
тұрақтарға түнгі мезгілде қою арқылы автокөлік қылмыстарының ұрлануының 
алдын алуға болады. Немесе өз иелігіндегі мүлікті бөтенге сеніп тапсырмай өз 
иелігінен шығармау арқылы ҚР қолданыстағы ҚК 189-бабында көзделген 
қылмыстың орын алуына жол бермейді; 
– тәрбиелік шараларды ұйымдастыру. қылмыс жасауы мүмкін тұлғаларға 
(жұмыссыздар мен оқу оқымайтын) және психикасы тұрақтанбаған деп 
есептелетін кәмелетке толмағандарға болашақта қылмыс істеп қылмыскер 
атанбауы үшін қандай әрекеттерден бойын алшақ ұстау керектігін түсіндіріп 
тәрбиелік шараларды ұйымдастырып отыру; 
– заңда көзделген жағдайларда әкімшілік қадағалау жүргізу. Меншікке 
қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтардың жартысынан астамы түнгі 
уақыттарда, 25-30 пайызы жұмыс уақытында істелетіндіктен, әкімшілік уақыт 
белгілеу арқылы қылмыстық құқық бұзушылықтардың істелуінің санын 
біршама азайтуға мүмкіндік аламыз. Сонымен қатар әкімшілік қадағалау 
жұмыстарын жүйелі түрде жүргізу қажет.
Әкімшіліктік қадағалауға алынуы тиісті адамдардың барлығының бірдей 
есепке алынып тіркелмеуі, ал есепке алынып, тіркелген адамдарға тиісті 
бақылаудың ұдайы жасалынбауы. 


105 
Жазасын өтеп келген адамдардың 12% – әкімшіліктік қадағалау бір ай 
ішінде, 55% – екінші айда, 20% – үшінші, 12% – төртінші, бесінші, алтыншы 
айларда, 1% – алты айдан кейін белгіленген. 
Бөтеннің мүлкін жымқырудың алдын алудың арнайы шараларымен қатар 
жеке алдын алу шаралары да өз тиімділігін береді. 
Жеке алдын алу шаралары жекелеген тұлғаларға қатысты жалпы 
әлеуметтік және арнайы алдын алу шараларының нақтылануын көрсетеді. Ол 
төмендегілерге бағытталған:
– 
нақты жеке тұлғаның қоғамға қайшы бағыты мен қоғамдық қауіпті 
мінез-құлықтың қалыптасуына әкелетін жағымсыз әсер етулерді жоюға;
– 
қылмыстық жолға әкелетін әлеуметтік жағымсыз мінез-құлықты өзгерту, 
және жеке тұлғаның бағыты мен қасиеттерін түзетуге;
– 
дайындалып жатқан қылмыстарды алдын алу бойынша кейінге 
қалдыруға болмайтын шараларды қолдану, оны жасау әрекеттерін болдырмау.
Пайдакүнемдік немесе пайдакүнемдік-зорлық қылмыстарының жекелеген 
түрлерінің алдын алудың жеке шаралары қылмыстық құқық бұзушылықтардың 
ұрлық, тонау, алаяқтық, қарақшылық, қорқытып алушылық секілді түрлерінің 
алдын алуға тікелей бағытталған шараларды білдіреді.
Пайдакүнемдік қылмыстық құқық бұзушылықтарға қатысты жеке 
сипаттағы алдын алу шараларына мыналар жатады:
– қоғамның және шаруашылық пен экономикалық қызметтің 
криминализациялануын жоққа шығаратын экономикалық және құқықтық 
жағдайлар жасау;
– өндірістік және қаржылық институттарды криминалдық құрылымдардың 
басып алуы; 
– қаржылық және шаруашылық мәселелер бойынша экономикалық 
қауіпсіздік тұрғысында сараптама жүргізу; 
– осы мақсатта заңнамаларды да құқықтық, антикоррупциялық және 
криминологиялық сараптамалардан өткізу.
Ресейлік криминолог Миньковский Г.М. жалпы, арнаулы және жеке алдын 
алу криминогендік детерминанттардың пайда болу кезеңдеріне жеке тұлғаның 
дамуы және алдын алу жұмысының басталуына байланысты обьектіге әсер 
етудің жеті кезеңін атап өткен:
– криминогендік жағдайларды анықтау мен жоюдан тұратын әлеуметтік 
қорғау түріндегі ерте алдын алу;
– әлеуметтік қорғау мен әсер ету түріндегі ерте алдын алу, егер өмірдегі 
жағымсыз жағдайлардың кері әсері нақты тұлғалар мен топтардың бұрмаланып 
әлеуметтік жағымсыз мінез-құлыққа әкелген болса;
– тікелей алдын алу, егер адамдардың (топтардың) әлеуметтік жағымсыз 
мінез-құлығы жүйелі түрде құқық бұзушылықтар мен қылмыстарға айналса; 
– қылмыс жасаудың тікелей қауіптілігінің алдын алу;
– қылмыс жасауға дайындалу не дайындалу кезеңінде жолын кесу, 
басталған қылмыстың жалғасу немесе аяғына дейін жеткізуі, сондай-ақ 


106 
қылмыстық қызметке одан әрі жағдай жасауды болдырмауға бағытталған 
шараларды қамтиды;
– 
жасалған қылмыстар фактілері бойынша алдын алудың іс жүргізушілік 
шаралары, сондай-ақ қылмыстық-құқықтық сақтандыру мақсатын жүзеге асыру 
шаралары.
Жазаны өтеу және оны өтеп шыққаннан кейінгі қайта әлеуметтену 
кезеңінде 
қылмыс 
рецидивтің 
алдын 
алу, 
пенитенциарлық 
және 
постпенитенциарлық 
сипаттағы 
жағымсыз 
жағдайларды 
жою 
және 
бейтараптандыруды қамтиды. 
Пайдақорлық қылмыстылығының алдын алудың стратегиясы жалпы 
қылмыстық пайдақорлық қылмыстылықтың себептілік кешенін құрайтын 
құбылыстарды локализациялаудан тұрады.
Жоғарыда көрсетілген көлеміне қарай бөлінген жалпы, арнайы және жеке 
алдын алу шараларының нақты сипатына қарай алдын алу шараларын төрт 
топқа бөлуімізге болады. Олар: ұйымдастырушылық, техникалық, арнаулы, 
әлеуметтік шаралар болып бөлінеді.
Қылмыстылықтың алдын-алудың ұйымдастырушылық шараларының 
қатарына:
– 
пайдақорлық қылмыстылығының деңгейі, құрылымы, динамикасы 
туралы мәліметтерді зерттеу және талдау;
– 
криминологиялық бағдарлама;
– 
жекелеген аумақтар мен обьектілерді алдын ала тексеру сияқты шаралар 
жатады.
Мысалы 2015 жылы жасалынған «ұрлық» бойынша - 18,5%, «ұсақ-
түйек жымқыру» бойынша 25,2%, «сеніп тапсырған бөтен мүлікті иемденіп алу 
немесе талан-таражға салу» бойынша – 7,4%, «алаяқтық» бойынша – 15,6%, 
«тонау» бойынша – 20,6%, «қарақшылық» бойынша – 23,7%, «ерекше құнды 
заттарды жымқыруға салу» бойынша – 28,5% әйелдер жасаған. Ал 2015 жылы 
жасалған меншікке қарсы барлық қылмыстық құқық бұзушылықтардың 
жәбірленушілерінің ішінде әйелдердің үлесі – 51% [6].
Яғни 
осындай жымқырумен 
байланысты қылмыстық құқық 
бұзушылықтың алдын алу бойынша жүргізілетін шараларда әйелдердің үлесін, 
оладың құқық бұзушылық түріне икемділігін, оларға әсер ету методикасын, 
олардың әлеуметтік мәселелерін терең зерттеген жөн.
Техникалық шараларға келетін болсақ, оған біріншіден тұрғын үй 
жайларға, зат сақтайтын қоймаларға, кіреберістеге, техникалық құралдардың 
көмегімен бақылау ұйымдастыруды жүзеге асыру қажет. Бұған қоса 
автокөліктерге сигнализациялар орнату сияқты шаралар қарастырылуы керек. 
2015 жылғы мәлеметтер бойынша жымқырумен байланысты қылмыстық 
құқық бұзушылықтар, оның ішінде «ұрлық» - 16,1%, «ұсақ-түйек жымқыру» - 
11,2%, «сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға 
салу» - 4,1%, «алаяқтықтың» - 4%, «тонаудың» - 57,5%, «қарақшылықтың» - 
22,7% - көше, скверлерде жасалынған. Ал, 34,5% «ұрлық», 28% «ұсақ-түйек 
жымқыру», 9,7% «сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-


107 
таражға салу», 6,5% «алаяқтық», 74% «тонау», 41,4% «қарақшылық» - 
қоғамдық орындарда жасалынған [6]. 
Сондықтан, осы орындарда азаматтардың бет келбеті арқылы олардың 
жеке тұлғасын дереу анықтап беретін сапалы биометриялық бейне 
камералардың, дыбыс құралдарының орнатылуы, қоғамдық орындардағы 
қауіпсіздік қызметтерінің заман талаптарына сай жасақталуы жымқырудың 
алдын-алуға үлкен әсер ететіні сөзсіз деп ойлаймыз. 
Сонымен қатар,осы шараға шағын аудандардың криминологиялық 
ерекшелігіне орай құқық қорғау органдарынан барлаушылық қызметін 
ұйымдастыруды жатқызуға болады: 
– 
көшеде ішімдік ішіп жүрген мас азаматтарды уақытында алып кету 
қажет, себебі олардың қылмыскер не жәбірленуші болуға мүмкіндігі жоғары; 
– 
көше, аула және ғимараттар жарықтандырылуы тиіс; 
– 
ұсақ құқық бұзушылыққа дереу назар аударып, оны құқық қорғау 
органдары тарапынан жоюға бағытталуы керек; 
– 
қаңғыбастар, нашақорлар жинақталуға лайық орындарды жиі тексеріп 
рейдтер жүргізілуінің ұйымдастырылуын қарастыру қажет; 
– 
адамдардың сана сезімін жақсылыққа бағыттау жолында бас 
бостандығынан айыру орнынан келген тұлғаларды жұмысқа орналастырып, 
заңда көзделген ретте әкімшілік қадағалау жүргізілуі тиіс. 
Арнаулы шараларға төмендегілер жатады:
– 
қоғам мен барлық шаруашылық және қаржылық қызмет салаларының 
криминализациялануын жоятын экономикалық және құқықтық жағдайларды 
жасау;
– 
экономикалық қауіпсіздік жағынан қарағанда қаржылық және 
шаруашылық мәселелер бойынша қабылданатын шешімдерді саралау;
– 
ерекше құндылығы бар заттарды ұрлаудың барлық түрлерін алдын алу 
бойынша жедел-іздестіру шараларының кешенін жүргізу;
– 
«Заңдағы ұрылардың» қызметін, қылмыстық топтардың көшбасшылары 
мен белсенді қатысушыларын анықтау мен жолын кесу бойынша операциялар 
өткізу арқылы ұйымдасқан қылмыстылыққа қарсы тұру;
– 
ұйымдасқан қылмыстық топтардың және мұнай, газ, сирек кездесетін не 
түсті металдарды өндіру мен қайта өңдеумен айналысатын кәсіпорындардағы 
сыбайлас лауазымды тұлғалардың криминогендік қызметтеріне қарсы тұратын 
шараларды дайындау. 
2015 жылы жасалынған жымқырумен байланысты қылмыстық құқық 
бұзушылықтардың, оның ішінде «ұрлық» - 57, «ұсақ-түйек жымқыру» - 15, 
«сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу» - 
236, «алаяқтық» - 215, «тонау» - 15, «қарақшылық» - 2 мемлекеттік 
қызметкерлер жасаған [6]. Сондықтан осы жымқырумен байланысты 
қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу үшін, ең алдымен мемлекеттік 
қызметкерлерді жұмысқа алу барысында оларды дұрыс тексеру (арнайы 
органдармен, өтірік айту детекторымен, психологиялық анкеталарымен т.б.). 
Сонымен қызметкерлердің материалдық жауапкершілігін күшейту және оны 


108 
қадағалау 
немесе 
тіркеу 
бойынша 
бухгалтерлік 
қызметкерлердің 
жауапкершілігін арттыру. Сонымен қатар, болашақта мемлекеттік қызметке 
орналасу құқығын шектеу қажет деп ойлаймыз.
Оған 
қоса 2015 
жымқырумен 
жасалған 
қылмыстық 
құқық 
бұзушылықтарды жасауда Республикамыздың құқық қорғау органдары, сот 
және басқа да билік өкілдері тыс қалмаған. Мысалы: ІІМ қызметкерлері 92 
жымқыру жасаған (13 ұрлық, 5 сеніп тапсырған бөтен мүлікті иемденіп алу 
немесе талан-таражға салу, 68 алаяқтық, 5 тонау, 1қарақшылық), ҰҚК 
қызметкерлері 9 жымқыру (5 сеніп тапсырған бөтен мүлікті иемденіп алу 
немесе талан-таражға салу, 4 алаяқтық), Кеден қызметкерлері 1 жымқыру 
(алаяқтық), Қылмыстық атқару жүйесі органдарының қызметкерлері 6 
жымқыру (1 сеніп тапсырған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға 
салу, 5 алаяқтық), Судья 1 жымқыру (алаяқтық), әкімдер 1 жымқыру 
(алаяқтық), сот орындаушылары 1 жымқыру (алаяқтық), салық органдарының 
қызметкері 1 жымқыру (алаяқтық), ІІМ Ұлттық Гвардиясында 
қызмететушілермен 8 жымқыру (1 сеніп тапсырған бөтеннің мүлкін иеленіп алу 
немесе талан-таражға салу, 5 алаяқтық, 2 тонау), ҰҚК Шекара 
қызметкерлерімен 7 жымқыру жасалған (4 сеніп тапсырған бөтеннің мүлкін 
иеленіп алу немесе талан-таражға салу, 3 алаяқтық) [6]. 
Жеке секторға тоқталсақ, 2015 жылы жеке кәсіпкерлермен «ұрлық» - 64, 
«ұсақ-түйек жымқыру» - 7, «сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу 
немесе талан-таражға салу» - 33, «алаяқтық» - 143, «тонау» - 7, «қарақшылық» - 
1 жасалынған [6]. Бұл жерде саны жанынан көп, мысалы «алаяқтық» жасаған 
жеке кәсіпкелерге де қатысты, қосымша жаза түрінде болашақ жеке кәсіпкер 
статусын алу құқығынан айыру тиімді деп санаймыз. 
Оқу орындарындағы жасалынатын жымқыруға байланысты қылмыстық 
құқық бұзушылықтарды анықтайтын болсақ, 2015 жылы жоғары оқу 
орындарында - 131 - «ұрлық», 23 - «ұсақ-түйек жымқыру», 1 - «сеніп 
тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу», 19 - 
«алаяқтық», 24 - «тонау», 7 - «қарақшылық» жасалынған. 
2015 жылы колледждерде 576 - «ұрлық», 55 - «ұсақ-түйек жымқыру», 2 - 
«сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу», 44 
- «алаяқтық», 252 - «тонау», 19 - «қарақшылық» жасалынған. 
2015 жылы мектеп оқушылары 678 - «ұрлық», 21 - «ұсақ-түйек 
жымқыру», 21 - «алаяқтықтың», 124 - «тонау», 8 - «қарақшылық» жасаған [6]. 
Бұл көрсеткіштер оқу орындарындағы ең алдымен жастардың тәрбие 
мәселесін оналтуды талап етеді, яғни заман талабына сай тәсілдер арқылы 
құқық бұзушылықты жасаудың қатерін, жаңа нысандағы жастар клубын 
құрылуын, оқытушылар мен тәрбиешілердің жүйелі тәлімдемеден өтуін 
ұйымдастыру, ата-аналар жиналысының жиі өткізілуін қамтамасыз ету, білім 
беру барсындағы талаптарды күшейту, жастардың өзін-өзі жетілдіру курстарын 
ашу, отансүйгіштік, қайрымдылық қасиететтерін жетілдіру. Спорттық 
үйірмелерді ашып, жастарға салауатты өмір салтын насихаттау. Сонымен қатар 


109 
оқу орындарындағы бейне бақылау т.б. қауіпсіздік қызметтерін дұрыс 
ұйымдастыру. 
Әлеуметтік шаралар:
– 
құқық қорғау органдарының қызметі, халықтың өзін-өзі қорғауы туралы 
құқықтық насихат жүргізу;
– 
жетімдер үйі мен әлеуметтік-оңалту мекемелерінің материалдық 
базасын, көп балалы және аз қамтылған отбасылардың тұрғын үй және 
тұрмыстық жағдайын жақсарту бойынша шараларды жасау;
– 
жасөспірімдер мен жастардың, үйсіздер мен жұмыссыздардың, 
қашқындар мен амалсыз орын тепкендер, қаңғыбастар, бұрын сотталған және 
тұрақты табысы жоқ өзге де тұлғалардың әлеуметтік қорғалуы мен жұмыспен 
қамтылуын қамтамасыз ету шараларын әзірлеу мен жүзеге асыру;
– 
қаңғыбастықтар мен қайыршылықпен айналысатындарды оңалтатын 
орталықтарды құру;
белгілі бір тұрғылықты жері мен жұмыссыз қалған тұлғаларға әлеуметтік көмек 
көрсететін мекемелер жүйесін дамыту шараларын жүзеге асыру және т.б. 
Мысалы 2015 жылы «ұрлық» – 34262, «ұсақ-түйек жымқыру» - 6446, 
«сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу» - 
859, «алаяқтық» - 6492, «тонау» - 4800, «қарақшылық» - 692 жасаған адам - 
жұмыссыздар [6]. Яғни, бір аймақтағы немесе мемлекеттегі жұмыссыздық 
мәселесін шешу жоғарыда көрсетілген жымқырумен байланысты қылымыстық 
құқық бұзушылықтардың, әсіресе ұрлықтың алдын алуға және оның санын 
азайтуға үлкен әсер ететінін мойындау керек. 
Шынымен де, меншікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар 
арасында жұмыссыздық факторы қылмыстық құқық бұзушылық істеудің 
басты себебінің бірі болуы мүмкін. Өйткені адам қажеттіліктерін 
қанағаттандыру үшін бөтеннің мүлкін жымқыруы, жасырын немесе ашық 
түрде ұрлауы әбден мүмкін.
Оны Оңтүстік Корея елінің қылмыстылық бойынша мәліметтері беріп 
отыр. Ол елде мемлекет тарапынан азаматтарын қолдау нәтижесінде 
халықтың 90 пайызы жұмыспен қамтылған, меншікке қарсы қылмыстық 
құқық бұзушылықтардың үлес салмағы жалпы қылмыстылық ішінде бар 
болғаны 35 пайызды құрап отыр [160, с. 8].
Сонымен қатар, «Жұмыссыздар мен тұрақты түрде табысы жоқ адамдар 
арасындағы қылмыстылықтың заманауи тенденцияларын анықтағанда 
олардың қылмыстылығының пайдакүнемдік-күштеу сипатын айту қажет. 
Бірінші орынға ұрлық, тонау, алаяқтық, қорқытып алушылық, бандитизм, кісі 
өлтіру мен есірткі заттары мен қарудың заңсыз айналымымен байланысты 
қылмыстар шығады» деп көрсетеді И.А. Неупокоева [161, с. 85].
АҚШ ғалымдары R.W. Gillespie, R.B. Freeman, S.K. Long және A.D. White 
өздерінің зерттеу жұмыстарында жұмыссыздық пен меншікке қарсы 
қылмыстылықтың ара-қатынасын терең зерттеп, олардың ара-қатынасының 
тығыздығына көздерін жеткізбеді. 
АҚШ-тың басқа криминологтары Э. Аллан және Д. Стеффенсмейер бұл 


110 
байланысты қылмыскердің жасы, меншікке қарсы қылмыстың түрі және 
жұмыссыздық деңгейінің көрсеткішіне сәйкес қарстыру керек деп 
тұжырымдайды. Бұл көзқарасты 14-17 жастағы жұмыссыз азаматтар ғана 
меншікке қарсы қылмыс жасауға талпыныста болады, ал 18-24 жастағы 
азаматтардың меншікке қарсы қылмыс жасауы жұмыссыздықпен байланысты 
емес деп S. Baron, T. Hartnagel, C. Britt қолдайды. Ал, G. LaFree: тек 
жұмыссыздық ақ нәсілді азаматтардың қылмысқа баруына тән, қара 
нәсілділердің қылмыс жасауы жұмыссыздықпен байланысты емес дейді.
Д. Кантора мен К. Ланда керісінше жұмыссыздық меншікке қарсы 
қылмыстардың азайуына әсер етеді. Жұмыссыз азаматтың ұзақ уақыт үйінде 
отыруы қылмыскерлердің оның меншігіне қарсы қылмыс жасау қаупін 
төмендетеді, сонымен қатар жұмыссыздық өндіріс пен тұтынушылықтың 
тоқтауына әкеліп, мүліктің құны жойылып, қылмыскерлерді аз қызықтырады 
деп ойын түйіндейді [162].
Енді жымқырумен байланысты қылмыстық құқық бұзушылықтар 
жасағандардың білім деңгейіне үңілетін болсақ, 2015 жоғары білімді 
азаматтардың 1301 – «ұрлық», 222 - «ұсақ-түйек жымқыру», 620 - «сеніп 
тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу», 1917- 
«алаяқтық», 172 - «тонау», 29 – «қарақшылық» жасаған. Ал орта және арнаулы 
білім иелерінің үлесі бұған қарағанда артық, мысалы: «ұрлық» бойынша 26.5 
есе үлкен – 34567, «ұсақ-түйек жымқыру» бойынша 31,5 есе үлкен – 6992, 
«сеніп таспсырылған бөтеннің мүлкін иемдену немес талан таражға салу» 
бойынша 2 еседей – 1124, «алаяқтық» бойынша 2,3 есе үлкен – 5682, «тонау» 
бойынша 29 есе – 4897, «қарақшылық» бойынша 24 есе үлкен – 689 адам [6]. 
Яғни, жоғары көрсетілгендей тек жұмыссыздық мәселесін ғана емес оған қоса 
жоғары білім беру жүйесін жақсартып, талапкерлердің жоғары білім алуына 
жағдай жасау жұмыстарын ұйымдастыру қажет. Сонымен қатар олардың тегін 
түрде қысқа мерзімдегі арнаулы онлайн курстардан өтіп, онлайн емтихан 
тапсырып, онлайн элетрондық мөрге ие сертификаттарын алып жұмысқа 
тұруына байланысты шараларды ұйымдастыру тиімді нәтиже беретіні сөзсіз. 
Меншікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын-алудың 
мақсаты - қылмыстылықтың деңгейін төмендетуге келіп саяды. Ол үшін 
меншікті қорғауды қамтамасыз ету қажет.
Неғұрлым тиімді алдын алу шараларының қатарында жәбірленушілердің 
құрбандық мінез құлқының профилактикасы да бар. Бұл бағытттың мәні 
мынада, қажетті профилактикалық шараларды тек қана потенциалды құқық 
бұзушылармен ғана емес, потенциалды жәбірленушілермен де өмір сүру 
қалыбы, отбасылық жағдайы мен айналысатын кәсібіне қарай қылмыстық қол 
сұғушылықтардың құрбаны болуы мүмкін адамдармен де жұмыс істеудің 
қажеттілігін түсіндіруде. Мұндағы міндет, жәбірленушілердің өздерімен 
қалыптастырылатын криминогендік жағдайлардың санын барынша қысқартуға 
келіп саяды.
2015 жылы жымқырудан жәбірленуші мүгедектер саны - 93, оладың 
ішінде, 67 - «ұрлық», 9 - «ұсақ-түйек жымқыру», 1 - «сеніп тапсырылған бөтен 


111 
мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу», 6 - «алаяқтықтың», 9 - 
«тонау», 1 - «қарақшылық» жымқыру қылмыстық құқық бұзушылықтардан. 
2015 жылдағы жәбірленуші шет ел азаматтарының саны - 253. Оның 
ішінде 173 - «ұрлық», 8 - «ұсақ-түйек жымқыру», 12 - «сеніп тапсырылған 
бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу», 21 - «алаяқтықтың», 21 
- «тонау», 5 - «қарақшылық» жасалуынан. 
Сол жылдағы жымқырудан зардап келтірілген 11 жасқа дейінгі 
жәбірленушілердің саны -75. Оның ішінде 40 - «ұрлық», 6- «алаяқтықтың», 27 - 
«тонау», 2 - «қарақшылық» жасалынғаннан; 12-13 жас аралығындағылар – 31. 
Оның ішінде 14 - «ұрлық», 1 - «алаяқтықтың», 17 - «тонау» жасалынғаннан; 14-
15 жас аралығындағылар – 132. Оның ішінде 42 - «ұрлық», 11 - «алаяқтықтың», 
77 - «тонау», 2 - «қарақшылық» нәтижесінде; 16-17 жастағылар – 339. Оның 
ішінде 138 - «ұрлық», 6 - «ұсақ-түйек жымқыру», 32 - «алаяқтықтың», 152 - 
«тонау», 11 - «қарақшылық» нәтижесінде; 18-20 жас аралығындағылар – 4154. 
Оның ішінде 3142 - «ұрлық», 148 - «ұсақ-түйек жымқыру», 11 - «сеніп 
тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу», 411 - 
«алаяқтықтың», 416 - «тонау», 26 - «қарақшылық» нәтижесінен; 21-29 
жастағылар – 22560. Оның ішінде 17018 - «ұрлық», 1124 - «ұсақ-түйек 
жымқыру», 141 - «сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-
таражға салу», 2784 - «алаяқтықтың», 1363 - «тонау», 130 - «қарақшылық» 
нәтижесінен. 30-39 жастағылар – 25879. Оның ішінде 19608 - «ұрлық», 1573 - 
«ұсақ-түйек жымқыру», 251 - «сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу 
немесе талан-таражға салу», 2980 - «алаяқтықтың», 1372 - «тонау», 95 - 
«қарақшылық» нәтижесінен; 40-49 жастағылар – 20137. Оның ішінде 15269 - 
«ұрлық», 1342 - «ұсақ-түйек жымқыру», 283 - «сеніп тапсырылған бөтен 
мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу», 2289 - «алаяқтықтың», 851 - 
«тонау», 103 - «қарақшылық» нәтижесінен; 50-59 жастағылар – 15661. Оның 
ішінде 11765 - «ұрлық», 1223 - «ұсақ-түйек жымқыру», 250 - «сеніп 
тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу», 1715 - 
«алаяқтықтың», 629 - «тонау», 79 - «қарақшылық» нәтижесінен; 60 жастан 
жоғары – 10256. Оның 7494- «ұрлық», 916 - «ұсақ-түйек жымқыру», 170 - 
«сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу», 
1125- «алаяқтықтың», 479 - «тонау», 70 - «қарақшылық», 2 – ерекше құнды 
заттарды жымқыруға салу нәтижесінде [6].
Яғни, бұл мәлеметтерден жымқырудан жәбірленушілердің ең көбі (26%) 
– 30-39 жастағылар, әріқарай (22,7%) – 21-29 жастағылар, (20,3%) 40-49 
жастағылар, (15,8%) 50-59 жастағылар, (10,3%) 60 жастан жоғары жастағылар, 
(4,2%) 18-20 жастағылар, (0,3%) 16-17 жастағылар, (0,07%) 11жастағылар, 
(0,03%) 12-13 жастағылар екенін байқаймыз. 
Виктимологиялық 
әдебиеттерде 
айтылғандай, 
мүмкін 
болатын 
құрбандарға әсер ету шаралары зерттеуден тысқары қалатын, тек қана 
потенциалдық құқық бұзушыларға бағытталған дәстүрлік профилактиканы 
өзгерту қажет. Мұнда құқық қорғау органдарының қызметін ең алдымен 


112 
қылмыс құрбандарының (нақты және потенциалды) құқықтары мен мүдделерін 
қорғауға қарай қайта бағыттау жөнінде болуы керек.
Қылмыстылықпен күрес бойынша мемлекеттік саясат қылмыс құрбандары 
факторына баса көңіл бөлуі тиіс. Көптеген жылдар бойы біздің елімізде құқық 
қорғау органы қылмыстық заңның репрессиялық қызметіне арналды, негізінен 
жеке тұлғаның мүддесіне емес, мемлекет пен қоғам мүддесін қорғауға 
бағытталды. Қылмыскердің фигурасы бірінші орында болып, қылмыс 
жәбірленушілері көлеңкеде қалып қойды. Бүгінде қылмыстық юстиция 
басымдықтарының жүйесінде жеке тұлғаның құқықтары мен мүдделерін 
қорғауға бағыттағандықтан, тек қана қылмыскерлер емес, олардың құрбандары 
да зерттеуден тыс қалмайды.
Мұнда айта кететін жай, осы виктимділік түсінігін және виктимологиялық 
профилактиканы дамытуда Н.К. Котованың еңбегі зор. Біз Н.К. Котованың 
«виктимділік ол способность емес, ол қылмыстылық жағдайына тәуелділігін 
және объективтік сипатын ескере отырып, әрбір индивидтің қылмыстық жәбірі 
болудағы потенциалды мүмкіншілігін айтамыз» деген пікірімен келісеміз [163, 
с. 9].
Біз жымқыру қылмыстық құқық бұзушылықтарының виктимологиялық 
профилактикасына әсер ететін келесідей кешендік шараларды ұсынамыз: 
Біріншіден, жымқыру қылмыстарынан және жалпы қылмыстылықтан жапа 
шеккен 
адамдардың 
есебін 
жүргізіп, 
аталған 
қылмыстық 
құқық 
бұзушылықтардың профилактикасында міндетті түрде ескерілуі қажет. 
Екіншіден, жымқыру қылмыстарынан жапа шеккендердің жасына, 
кәсібіне, 
мінезіне, 
әдеттеріне 
қарамастан 
жымқыру 
қылмыстарын 
істеушілермен қарым-қатынас профилактикалық жұмысты талап етеді: 
жымқыру қылмыстарының жәбірленушілерімен ақпараттық-анықтамалық, 
тәрбиелік-түсіндірушілік, қажет болса психологиялық қызмет жүргізу т.б. 
Сондай-ақ Н.К. Котованың айтқанын да ескерген жөн, «мұндай қылмыстық 
құқық 
бұзушылықтардың 
мотивациясына 
жәбірленушілердің 
жеке 
қасиеттерінен гөрі оның материалдық жағдайы, мүлкінің болуы т.б. 
жағдайлармен 
қамсыздандырған 
нәтижелі 
болмақ. 
Сонымен 
қатар 
жәбірленушінің абайсыздық, сенгіштік сияқты жеке қасиеттері да қылмыстық 
ниет туғызу мүмкіндігі жоғары болғандықтан осы бағытта да жұмыстар жасау 
керек [164, с. 4-5].
Қылмыстылықтың деңгейін төмендетуге белгілі бір дәрежеде қылмыстық 
заңмен көзделген жауаптылық пен жаза мәселесі де ықпалын тигізеді деп 
есептейтін көзқарасты құптауға болады. 
Солардың ішінде Ү.С. Жекебаев «Қылмыстылықпен күресудің бір құралы 
жаза болып табылады. Қылмыстық құқықтық әдебиеттерде жаза мәселесіне 
жеткілікті көңіл аударылуда: оның мағынасы мен қызметі, жаза тағайындаудың 
жалпы бастамасы және жаза түрлерін қолданудың ережелері қарастырылуда, 
қылмыстық құқықтық мәжбүрлеу тиімділігінің мәселелері белсенді түрде 
зерттелуде. Бірақ қылмыстық жазаның жалпы және арнайы алдын алу ретінде 


113 
қолданылуының шегі мен мүмкіндіктері жеткілікті түсінікті болмай қалып бара 
жатыр» деген болатын [159, с. 162].
Қылмыстылықтың алдын алу идеясының мемлекеттің жазалау идеясынан 
басымдығы жайлы сонау б.э.д. IV ғасырға тиесілі. Платон қоғамда адамдарды 
қылмыс жасаудан бас тартқызатын заңнама қолданылуы керек деген болатын. 
Бұл ой өзінің құқықтық реттелуін классикалық қылмыстық құқықта XVIII 
ғасырда тапты. Олар қылмыстылықпен күрестің саясатының негізіне алынды. 
Мәселен, Чезаре Беккариа өзінің «О преступлениях» (1764) атты еңбегінде 
қылмыстылықтың алдын алуда жазаның қаталдығына емес, оның әділ және 
жауаптылықтан құтылмайтындығына негізделуі қажеттігін бекітті.
Сондықтан профессор У.С. Джекебаевтың қылмыстық жазаны 
қылмыстылықтың алдын алудағы құралдардың бірі ретінде қарағаны 
құптарлық. Жазамен қорқыту арқылы қаншама адамның қылмыс жасауының 
алдын алуға болады [165]. 
Азаматтардың мүліктік қылмыс жасауынанан бас тартуға әсер ететін 
себептерді зерттегенде сотталғандар дәл осы жазадан қорқу негізінде қылмыс 
істегендердің 43 пайызы бас тартар едім деп жауап берген екен [166, с. 203].
Қазақстандық ғалым Н.О. Дулатбеков «Жазаның негізгі қағидаларының 
бірі оның қауіпті қоғамдық әрекетке сай болуы болып табылады. Жаза 
мөлшерден тыс немесе жеткіліксіз болмауы тиіс, басқаша жағдайда қылмыс 
жасаған тұлғаға ықпал етуде тиімді құрал болып шықпайды. Жазаның 
жеткіліктілігі дәрежесі оның таңданылған тәсілі, қолданылған шарасымен 
анықталады. Соңғысын қазақстандық заң шығарушылар Қылмыстық кодекс 
баптарының құрылымында ескерген және оның мөлшері (жоғары және төмен) 
анықталған»,-деп қазіргі қылмыстық заңдағы жекелеген қылмыс түрлеріне жаза 
көрсету бағытын сипаттайды [120, с. 168].
Жазаның тиімділігі жөнінде И.М. Гальперин былай дейді: «Жазаның 
тиімділігі- жаза заңды, негізделген және әділетті болса да жазаны атқару 
органдарының қызметіндегі кемшіліктер есебінен төмендеуі мүмкін. Бұған 
керісінше жазаны атқару өз дәрежесінде болғанда да, бірақ сот тиісті жазаның 
түрі мен мерзімін жауапкершілікті жекешелендіру туралы заң талаптарын 
ескермей жаза тағайындаса да төмендейді» [167, с. 152].
Мүліктік зардап келтірумен сипатталатын меншікке, экономикалық 
қызметке қарсы бағытталған және пайдақорлық ниетпен жасалатын қылмыстық 
құқық бұзушылықтар үшін мүліктік тұрғыдан жазалау шараларын қолданған 
тиімді. Негізінде мүліктік тұрғыдан жазалауды білдіретін айыппұл, тұзеу 
жұмыстары, мүлкін тәркілеу сияқты жауапкершілік түрлері де қолданыстағы 
қылмыстық заңның баптарында пайдақорлық ниетпен жасалатын қылмыстарда 
басымырақ кездеседі. Мұндай жазаны қолданудың мағынасы, егер адам заңсыз 
әрекеттер жасау арқылы пайда тапқысы, байығысы келсе, онда оны осы 
тараптан материалдық тұрғыдан жазалау дұрыс және мүліктік сипаттағы 
жазаны қолдану арқылы оның бұрын қылмысты жолмен тапқан қаражаттарын 
қоғамға қайтару көзделеді. Сондықтан құқықтық саясаттың осы бағыты 
қолданыстағы қылмыстық заңда қазірде де бар, тек экономикалық қызметпен 


114 
байланысты қылмыстар көбінесе пайдақорлық ниетпен жасалатындықтан 
мұндай жазалауды арттыру керек деген түсінік шығады және заңның мұндай 
бағытына біз де қосыламыз. Егер шет елдердің жаза қолдану практикасын 
назарға алсақ, Жапония, Ұлыбритания, Франция сияқты елдерде барлық 
жазалардың ішінен айыппұл жазасы 70-90% аралығында қолданылады екен 
[168, с. 38-42].
Біздің ойымызша ҚР ҚК Ерекше бөліміндегі қылмыстық құқық 
бұзушылықтарға жазаның түрін белгілеу саясатында алдымен осы қылмыстық 
құқық бұзушылықтардың зиян келтіру бағытын, сипатын ескеру жатыр. Заң 
нормаларында белгіленген жазаның тиіміділігінің мұндай жағдайдағы 
көрсеткіші, олқылмыскердің қоғамға қауіпті ойының бағытына қарай осы 
салаға сәйкес келетін қарсы шараның түрін белгілеу болып табылуы керек. 
Мұндай жаза белгілеу саясаты қазіргі қылмыстық заң Ерекше бөлімінің 
баптарында негізінен сақталған. Мысалы ұрлық қылмыстық құқық 
бұзушылығы адамның меншігіне бағытталған және оның себебі кінәлі адамда 
пайдақорлық ниеттің орын алуы болып табылады. Сондықтан мұндай 
пайдақорлықпен және меншікке зиян келтірумен сипатталатын қылмыстар 
үшін алдымен мүлікті тәркілеу, айыппұл жазалары тиімділік көрсетуі мүмкін, 
сонымен қатар заң шығарушы қоғамдық жұмыстар, түзеу жұмыстары, 
бостандығын шектеу, бас бостандығынан айыру жазаларын көрсеткен.
Қылмыстылық детерминациясының 3 деңгейін қарастырамыз: 
1) жалпы-әлеуметтік деңгей. Бұл деңгейде қылмыстылық детерминациясы 
жаһандық сипатта: жоғарыда аталған криминалдық себептілік факторлары 
жиынтығында, өзара ықпалдастығында қылмыстылықты қалыптастыратын 
себептер мен шарттардың кешенін құрайды; 
2) әлеуметтік-топтық деңгей. Бұл деңгейде криминалдық мінез-құлық 
микроортадағы 
криминогендік 
саралануына 
әсер 
етеді, 
топтардың 
криминалдық өмір сүруіне, ауытқымалы және маригиналды мінез-құлқымен 
және топаралық, топішілік қатынастар мен нормаларға сәйкес өмір сүреді. 
Қылмыстық субмәдениет бұл микроптарды өзіне «сіңіріп» алады, олар 
қылмысты заңдылықпен, ситуативті немесе кездейсоқ қарайды, ол 
криминалдық немесе девианттық мінез-құлық нормасымен байланыс 
саралануыне байланысты қылмыс жасайды; 
3) 
жеке, 
индивидуалды 
деңгей. 
Аталған 
деңгейдегі 
негізгі 
детерминациялық фактор болып тұлғааралық байланыс алынады. Белсенді 
субъект өзі меңгерген криминалдық әдет-ғұрыпты, мінез-құлық нормаларын, 
құндылықтар мен бағдарларды береді, ол болса осы сияқты қатынастардың 
ықпалына байланысты қылмыс жасайды. 
Жоғарыда 
аталған 
қылмыстылық 
детерминацияларымен 
тікелей 
байланысты болып табылатын қылмыстылықтың алдын алудың негізгі төрт 
бағытына көшейік. 
Жалпы-әлеуметтік бағыттағы қылмыстылықтың алдын алудың шаралары 
ретінде түгел қоғамды қамтитын, жалпы сипаттағы шараларды айтуға болады, 


115 
яғни, мұндай шаралар түгел адамзатты қамтуы керек, мысалы, терроризмге 
және экстремизмге қарсы күрестегі халықаралық бірлестікті айтуға болады. 
Сондай-ақ осындай шаралардың қатарына жалпы қоғаммен және 
бұқаралық ақпарат құралдарының, жаппай акциялардың, көмегімен жүзеге 
асырылатын саяси, экономикалық, құқықтық, идеологиялық, моральді-
адамгершілік, мәдени, тәрбиелік сипаттағы жалпы әлеуметтік шараларды 
жатқызуға болады. 
Арнайы-криминологиялық бағыттағы алдын-алу шарасының субъектісі 
болып құқық қорғау органдары табылады, ал объектісі-қоғамның криминалды 
және криминогенді топтарын жатқызамыз, мақсаты-осылардың әрекеттерімен 
қылмыстылықтың алдын алу. 
Бұл шаралардың ерекшелігі болып сәйкестелген материалды-техникалық 
инфрақұрылымды, кәсіби білім мен танымды, қылмыстылық пен 
қылмыскерлердің әрдайымғы моноторингін, болжамдар мен жедел-тактикалық 
әрекеттерді талап ететін арнайы сипаты табылады. 
Мұндай шараларға келесілерді жатқызуға болады: криминалды 
«қарсыласы» туралы ақпараттарды жинау және анализ жасау, материалды-
техникалық қамтамасыз ету, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің 
құқықтық және кәсіби деңгейін көтеру, криминогенді және криминалды 
құрылымдарды жоюға бағытталған шараларды жүргізу т.б. 
Біздің ойымызша осыншама залалды ескере отырып, мемлекет құқық 
қорғау саласын жетілдіруге және қылмыстың алдын-алу шараларына қаражат 
бөліп отырса, мысалы: көшелер мен кіреберістерді, саябақ тар мен 
жағажайларды, демалыс-сауықтыру орындарын т.б. обьектілерді толық бейне 
камералармен жабдықтаса, құқық қорғау қызметкерлерінің жалақыларын 
көтеріп олардың жанұясының мүшелері әлеуметтік қамтамасыз етілсе, олардың 
жедел із кесіп қылмыспен күресуге көмек болатын заманауи технологиялармен 
жабдықталынса және олардың білімдері жылына жетілдіріп отырылса, 
бюрократиялық схемаларды қысқартып құқық қорғау қызметінің жедел әрекет 
етуіне жағдайлар жасалынса және олардың ішіндегі сыбайлас жемқорлықпен 
күрестің жүргізілуі қатаң қадағаланса отанымыздағы қылмыстылықтың алдын 
алу және онымен күресудің қызметі жетіліп, қылымыстылық азаяды деп 
ойлаймыз. Керісінеше осы жұмыстардың нәтижесінде қылымыстық зардап 
көрсеткішетрі де азаяды. 
Әлеуметтік-топтық бағыттағы қылмыстылықтың алдын-алудың бұл 
бағытының объектісі болып қоғамның маригиналды, девиантты топтары: 
жасөспірімдердің, жезөкшелердің, наркомандардың, таксикомандардың, 
жұмыссыздардың, бұрын сотталған адамдардың т.б. микротоптары табылады. 
Мұндай топтар біріншіден, құқық бұзушылық жасауға бейім тұрады, 
екіншіден, олардың топтарына кірмейтін басқа адамдармен салыстырғанда 
қоғамға қауіпті болып табылады 
Қылмыстылықтың алдын алудың субъектісі болып құқық қорғау 
органдары секілді, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктер 
табылады. 


116 
Жоғарыда аталған әлеуметтік топтарға байланысты қылмыстылықтың 
алдын 
алу 
шараларын 
құқықтық, 
ұйымдастырушылық, 
тәрбиелік, 
медициналық-емдік, әлеуметтік-бақылаушылық т.б. деп бөлуге болады [169,
с. 24].
Жеке-индивидуалды бағыттағы жүргізілетін шаралардың ерекшелігіне 
олардың жекелік және психологиялық сипаты табылады. 
Бұл шараны қолданатын субъект сәйкестелген білім мен өзі бағытталып 
отырған адаммен жеке байланыс орната білу қабілетіне ие болу керек 
Мұндай адамдар құқық қорғау органдарында, кәмелетке толмағандардың 
ісі жөніндегі инспекцияларда, қылмыстық атқару орындарында, өзге де 
мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарда міндетті түрде қажет болуына 
байланысты жұмысшыларды мемлекеттік көлемде дайындау талап етіледі. 
Зерттеу 
нәтижесінде 
меншікке 
қарсы 
қылмыстық 
құқық 
бұзушылықтардың елдегі жалпы қылмыстылық құрылымының жартысынан 
астамын құрағанына қарамастан, әлі күнге дейін бөтеннің мүлкін жымқырумен 
байланысты қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселесі 
мемлекеттік саясаттың басым бағыты ретінде болмай отырғанын байқадық.
Қоғамдағы мемлекет атты үлкен құрылымдық механизм кез келген 
әлеуметтік мақсатқа жету жолында нақты бір саясатты қолданады, оны 
басшылығына алады. Қоғам өмірінің әр саласында әр түрлі саясат жүргізіліп 
отырады. Ол мемлекеттің қай саланы басқаруына, оны жүзеге асыру 
тетіктерінің бірін таңдауына мүмкіндік жасайды. Осындай біртұтас саясаттың 
қатарында мемлекеттің қауіпсіздігін, қылмыстық құқық бұзушылықтардың 
алдын 
алу 
мен 
қандай 
да 
бір 
әрекеттерді 
қылмыстық 
құқық 
бұзушылықтардандыру мен қылмыссыздандыру саласындағы саясат, атап айтар 
болсақ, қылмыстық саясат та бар. 
Мемлекеттік саясаттың бір тармағы ретінде құқықтық, соның ішінде 
қылмыстық саясатты да тану заңдылық, өйткені құқықтық саясат мемлекеттік 
саясатқа, мемлекет ұстанып отырған саясатқа қайшы келмеуі тиіс. Қылмыстық 
саясат та мемлекет басқаруына байланысты, мемлекет айқындаған бағыттарға 
жетуге арналған. Мемлекет белгілі бір әлеуметтік мақсаттарға жетуінің 
жолдары мен амалдарын анықтаған соң нақты саясатты белгілейді.
Қазақстан Республикасының Конституциясының 40-бабының 1-бөлігінде 
мемлекетіміздің ішкі және сыртқы саясаттарының негізгі бағытын Қазақстан 
Республикасының Президенті анықтайды деп жазылған, сондықтан біздегі 
мемлекеттің даму саясатын біртұтас дамуды көздейтін саясат деп айтуға 
болады. Саясаттың мазмұнына қарай анықталатын мақсаттар мемлекеттік 
органдардың қызметі арқылы салалар бойынша жүргізіліп, іске асырылады 
және күрделі сатылардан өтеді. Сонымен қатар мемлекеттік саясат таралымды 
құбылыс, ол қоғамдық өмірдің әр түрлі салаларында кездеседі. Елдің даму 
бағыттарын ескере отырып, қоғам өмірінің салалары бойынша қызмет 
атқаратын органдар мемлекеттік саясаттың өзіне қатыстыларын анықтап, оны 
іске асыруды ұйымдастырады және жүзеге асырады.


117 
Осы мәселелерді қарастырғанда Қазақстан Республикасының құқық қорғау 
органдарының 
алдында 
тұрған 
міндеттердің 
бірі 
меншікті 
қолсұғушылықатардан қорғау болуы тиіс.
Қылмыстық саясаттың мемлекеттік саясаттың бір тармағы ретіндегі негізгі 
міндеті, қылмыстылықпен күресудің амалдары мен тәсілдерінің тиімділігін 
арттыру үшін өткен уақыттарға баға бере отырып, алдағы уақыттардағы осы 
саладағы қызметтерге жаңа бағыт-бағдар беру болып табылады.
«Қылмыстық саясат» терминін алғаш рет 1840-жылы Ансельман Фейербах 
қолданған [170].
Сол замандардан бері қылмыстық саясаттың мазмұнын анықтау үшін 
зерттеулер жасалуда. Қылмыстық саясаттың қандай мәселелерді көтеретіндігін, 
яғни оның пәні мен мазмұнын анықтауға байланысты ғылыми әдебиеттерде 
кездесетін пікірлерді талдай келе, оның күрделі болғанына қарамастан, негізгі 
төрт бағытын ажыратуға болады: 
а) мемлекеттік органдар мен қоғамдық күштердің барлығының қызметін 
қылмыс пен өзге де құқық бұзушылықтармен күресуге бағыттайтын 
қылмыстық саясат [167, с. 178-179];
ә) қылмыстық саясат қылмыстылықпен күресудің негізгі міндеттерін, 
нысаны мен бағыттарын анықтайды [171, с. 4];
б) қылмыстық іс жүргізу, еңбекпен түзеу заңнамасы негізінде 
қылмыстылықпен күрес бойынша арнайы шаралардың қолданылуын қамтитын 
қылмыстық саясат [172, с. 65]; 
в) жоғарыдағы үш бағытқа қазіргі уақыттағы қылмыстылықпен күресті 
реттеуге бағытталған деңгейлерін ғана көрсетеді деп баға бере отырып, 
төртінші бағытын көрсетеді. Ол қылмыстылықпен күрестің негізгі бағыттарын 
дайындайтын қылмыстық саясат [173, с. 15].
Біздіңше, жоғарыда аталған бағыттарды жеке-жеке, дербес алып қарауға 
болмайды, керісінше, осы бағыттардың барлығы да бір-бірінен алшақ 
өміршеңдік таныта алмайды. Сондықтан олардың барлығы да бір міндетті 
шешуге, нақты айтқанда қылмыстылықпен күрес жүргізу бойынша қызметті 
атқарады. Ал қылмыстылықты болдырмауға, оның алдын алуға қолданыстағы 
заңнамада бекітілген нормалар көмегін тигізеді.
Қылмыстық-құқықтық саясат арқылы еліміздің қылмыстық заңнамасын 
құрастырып қана қоймай, оны дамыту бойынша шараларды қабылдауға, оны 
қолдануға болады. Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғанынан бері 
Қылмыстық кодекс қабылданып, өзіне жүктелген міндеттерін жүзеге асырып 
келеді. Алайда, тәжірибе көрсетіп отырғандай, заңның жекелеген нормалары 
тиімсіз болып, өз қызметін атқармауы мүмкін. Яғни, заң жүзінде бекітілгенмен, 
іс жүзінде қолданыста болмайтын жағдайлар кездесіп қалады. Осындай 
жағдайларды болдырмау үшін мемлекет өзінің қолындағы басты құралы 
саясатқа жүгінеді және қылмыстық саясаттың мазмұнына сәйкес келесідей 
жолдардың бірін таңдайды:
– қылмыстылықпен күресті ұйымдастыру; 


118 
– 
қоғамға 
қауіпті 
іс-әрекеттерді 
криминализациялау 
және 
декриминализациялау; 
– қылмыстық жазалардың пенализациясы мен депенализациясы.
Әсіресе, мемлекет қалыптастыру кезеңінде қабылданған заңдардың бір-
бірінің ережелерін ескермей, қарама-қайшылықтары мол болып келетін 
нормаларды қабылдауға жол беріп келді. Бұл мәселеге талдау жасау арқылы 
осындай процесстердің болуы заңды деп айта аламыз. Себебі, жаңа мемлекеттің 
қалыптастырылуы кезеңінде қоғамдағы түрлі қайшылықтарды жою үшін, 
келеңсіздіктердің жолын кесу үшін тез және ұтымды шешім қабылдау қажет 
болды, оның парақтарын жаңартуға бағытталған тәсілдердің қажеттілігі 
айқындалды. Бұл жолда отандық білікті заңгер-ғалымдардың еңбектері жоғары 
бағасын алуға тұрарлық деңгейде.
Қазіргі таңда да елімізде білікті кадрлардың қатысуымен заман үдерісіне, 
өзгерістеріне, халықаралық стандарттарға жауап бере алатын, ең алдымен 
әлеуметтік факторларға сай келетін, олардың мүддесіне қарсы болмайтын 
заңдарды өмірге әкеліп жатыр. Бұл қолданыстағы бүкіл заңдарды қайта, 
жаңадан қабылдау қажет деген түсінік қалыптастырмауы тиіс. Себебі, сапалы, 
қойылатын талаптарға жауап беретін немесе өміршеңдігін танытып отырған 
заңдар да баршылық. 
Қазақстан Республикасының құқықтық саясатының 2010 және 2020 
жылдар кезеңіндегі Тұжырымдамасы (27.08.2009 ж.) мемлекеттегі құқықтық 
саясаттың 
негізін 
анықтайтын 
құжат 
бола 
отырып, 
мемлекеттің 
заңшығарушылық, ұйымдастырушылық және өзге де шараларын жүзеге 
асыруға бағытталуын көздейді.
Бұл құжат сонымен қатар елдегі қылмыстылықтың алдын алу мен күрес 
шараларын күшейту талабын қояды. 
Меншікке қарсы қылмыстармен күрес тиімділігі ғылыми және құқықтық 
қамтамасыз ету жағынан да көптеген жағдайлаармен тығыз байланысты. Олар: 
– меншікті қолсұғушылықтардан қорғауды нормативтік-құқықтық тұрғыда 
қамтамасыз ету саласында мемлекеттік саясатты бекіту; 
– меншікке қарсы қылмыстарды, соның ішінде бөтеннің мүлкін 
жымқырумен байланысты пайдакүнемдік қылмыстарды істеген адамдарды 
қылмыстық 
жауаптылыққа 
тарту 
және 
қылмыстық 
жауаптылықтан 
құтылмайтындық қағидасын бұлжытпай орындау; 
– меншікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтардың табиғи және 
жасанды түрдегі латенттілігімен күрес, қылмыстық құқық бұзушылықтардың 
жасырылуына мүмкіндік бермеу; 
– 
қаңғыбастық, 
қайыршылық, 
жезөкшелік 
секілді 
қоғамдық 
проблемаларды үнемі бақылауда ұстау, бейберекет қаңғып жүруіне жол 
бермеу;
– кәмелетке толмағандардың мінез-құлқының тұрақтануына, олардың бос 
уақытын тиімді ұйымдастыруды қамтамасыз ету; 
– алкогольдік, есірткі тұтынудан мастану жағдайындағы адамдарды 
сауықтыру шараларын ұйымдастыру; 


119 
– тұрғындардың мүлкін қорғау үшін қандай шаралар қабылдауы 
керектігін, ғылым мен техниканың бөтеннің мүлкін жымқыру саласында 
жеткен жетістіктерін әшкерелеп отыру; 
– құқыққорғау органдары қатарында тек қана білікті, әмбебап 
қызметкерлердің қызмет етуін қамтамасыз ету; 
– бұқаралық ақпарат құралдарында меншікке қолсұғушылықты 
болдырмаудың, халықтың материалдық жағдайыны ешкімнің тиіспеушілігін 
қамтамасыз етуде мемлекеттік бақылаудың қылмыстық-құқықтық құралдары 
жөнінде уағыздау және т.б. жағдайларды іске асыру кезек күттірмейтін және 
жүйелілікті талап ететін жұмыс болып табылады.
Сонымен қатар меншікке қарсы қылмыстарға қарсы тұру механизмдері 
келесідей құрылымдық бөліктерден тұрады және олардың кешені мемлекеттегі 
қылмыстық саясаттың қылмыстылықтың алдын алу бойынша мақсатына жетуге 
ұмтылдырады. Атап айтқанда:
1) 
құқық қорғау органдарының азаматтарға қылмыстық құқық 
бұзушылықтарды жасамау керектігі ниетін ұстануды тудыруы және 
қылмыстылықпен күресте азаматтардың құқыққорғау органдарына көмек 
көрсетуін тудыруы. Бұл құқыққорғау органдары қызметінде біздің 
мемлекетімізде кездесетін алғашқы қиындықтарының бірі деуге болады. 
Тұрғындар қылмыс істелгенін көрсе де бей-жай қарап назар аудармағанымен 
қоймай, құқыққорғау органдарына істелген қылмыс жайлы хабарлауға 
құлықсыздық танытады немесе көрсе де көрген жоқпын деп құтылу 
менталитеті қалыптасқан; 
2) мұндай әсер етуге азаматтардың беретін жауабы немес реакциясы. 
Әдетте реакция жағымсыз, дөрекі жауап беру нысанында болады. Азаматтар 
қылмыс жайлы ақпарат беруден қашқақтайды немесе керек болса өздерің тауып 
алыңдар дейді. Немесе баюдың кез келген мүмкіндігі туындаған жағдайда оны 
мүлт жібермей пайдаланып қалуды көздейді. Мәселен, қоймада өрт 
туындағанда адамдар өртті сөндіруге емес, қоймадан қолына түскен затты іліп 
кетуді көздейді; 
3) құқық қорғау органдары қызметкерлерінің азаматтарға әсер етуді 
әлеуметтік-құқықтық бағалай білуі қажет. Уақыт жоғалтпай оқиғаға көмек бере 
ала ма алмай ма бағасын бере алуы тиіс; 
4) әлеуметтік (саяси, экономикалық, құқықтық) және әлеуметтік-
психологиялық және жеке басындық факторлар мен жағдайлар кешенінің 
құқыққорғау органының жұмысы мен азаматтардың мінез-құлқына қылмыстық 
–құқықтық нормаларды қолдану мен пайдалануда әсер етуін бағалау; 
5) меншікке қарсы пайдакүнемдік қылмыстық құқық бұзушылықтарды 
толығымен жоюдың мүмкін еместігін мойындай отырып мұндай қылмыстарды 
барынша азайту үшін алдын алу субъектілерінің бірлескен үйлесімді қызметі 
керек;
6) 
пайдакүнемдік қылмыстық құқық бұзушылық проблемаларын 
зерттегенде оның құрамдас элементтерін, сандық және сапалық көрсеткіштерін, 


120 
қылмыстылықтың индекстілігін ескеру қажет, ол аталған қылмыстылықты ашу, 
тергеу мен жоққа шығарудың тиімдң әдістерін пайдалануға итермелейді;
7) 
пайдакүнемдік қылмыстық құқық бұзушылықтарды істейтін 
субъектілердің биологиялық, нерв-психикалық, әлеуметтік-демографиялық, 
мәдени-білім, кәсіби және адамгершілік қасиеттерінің ерекшеліктерін 
уақытылы анықтау арқылы қылмыстылықтың жағдайы ретінде жеке тұлғаның 
мінез-құлқына әсер етеді, сонымен қатар болашақта қылмыс істеуді 
болдырмауға көмектеседі; 
8) мемлекеттің қылмыстылықтың алдын алу бойынша қызметінің 
механизмдерін әрі қарай жетілдіре түсу қажет. Себебі қылмыстылықтың алдын 
алудың шеңберін шектеп не нақты белгілеп қоюға болмайды, ол әрқашан 
жетілдіріліп, қоғам дамуына сәйкестендіріліп отырғанда ғана нәтижелі жұмыс 
көкжиегі көрінеді;
9) пайдакүнемдік және пайдакүнемдік-зорлық қылмыстық құқық 
бұзушылықтардың алдын алу бойынша қызмет үш бағытта жалпыәлеуметтік, 
арнайы-криминогендік және жеке бағытта үйлесімді, кешенді түрде жүргізілуі 
тиіс;
10) қылмыстылықтың алдын алу міндеті жүктелген құқық қорғау 
органдары қызметін жетілдіру мен белсенділігін арттыру арқылы 
пайдакүнемдік қылмыстық құқық бұзушылықтардың деңгейіін ұстап тұруға 
ғане емес, оның дамуын тежеуге тиімді әсер етуге жол ашылады; олармен 
аталған қылмыстармен күресу үшін арнайы әдіс-тәсілдер жүйеленген және 
қылымыстылықтың алдын алуға байланысты түрлі бағдарламалары бар; 
11) қылмыстылықтың алдын алуда барлық құқықтық жүйе, мемлекеттік 
органдар, қоғамдық бірлестіктер мен азаматтардың үйлесімді жұмыс істеуі 
қажет және оны құүқықтық-бағдарламалық жағынан қамтамасыз етуіміз қажет;
12) құқық қорғау органдары қызметіне көмектесу мен қол ұшын берудің 
пайдалылығын мемлекеттік деңгейде азаматтарға түсіндіру мен құқықтық және 
әлеуметтік жағынан қамтамасыз ету; 
13) қылмыстылықпен күрес тиімділігін қамтамасыз етпейтін заң 
нормаларына өзгерістер енгізу немесе мүлде алып тастап жаңа нормативтік-
құқықтық актімен қамтамасыз ету жөнінде ұсыныс білдіру.
Пайдакүнемдік қылмыстық құқық бұзушылықтарының алдын алудың 
тиімділігін қамтамасыз ету үшін құқық қорғау органдары қызметкерлерінен 
пайдакүнемдік қылмыстарын істеуге итермелейтін негізгі криминогендік 
жағдайларға қатысты үлкен біліктілік талап етіледі.
Р.Т. Нұртаев «Қылмыстылықпен күресудің тиімділігін зерттеу негізгі, 
арналуы әлеуметтік мәселелерді шешуден тұратын қылмыстық құқықтық 
нормалардың тиімділігін қарастырудан басталуы керек» деп біздің осы 
тақырыпты таңдауымыздың себебін көрсеткендей жазады [174, с. 31].
Меншікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алудың 
тиімділігін арттыру үшін келесідей шараларды жүзеге асыру қажет: 
1) мүлікті жымқырудан қорғау жүйесін үнемі жетілдіріп отыру; 


121 
2) 
жеке және мемлекеттік меншікті 
жымқырудан қорғаудың 
методологиялық ұсыныстарын дайындау және жүйелі түрде халықты істелген 
қылмыстар жайлы және олар бойынша қабылданған шешімдер жайлы 
ақпаратттандырып отыру; 
3) ақша-қаржы жүйесінде жымқыруды болдырмау үшін құқықтық тәртіпті 
үнемі жетілдіріп отыру; 
4) жымқыру үшін қылмыстық жауаптылықтан қашып құтылмайтындық 
қағидасының толығымен жүзеге асуын қамтамасыз ету; 
5) құқық қорғау органдарының бөтеннің мүлкін жымқырумен байланысты 
қылмыстармен күресудегі жұмысының тиімділігін арттыру; 
6) 
қылмыстылықпен күресте мемлекеттік органдар мен жеке 
құрылымдардың (күзет мекемелері) және азаматтардың өзара ықпалдастығын 
күшейтуғе жағдай жасау; 
7) жымқырудың алдын алу бойынша құқық қорғау органдары мен 
бұқаралық ақпарат құралдарының жұмысын үйлестіру; 
8) меншікті қылмыстық қолсұғушылықтардан қорғауды қамтамысыз ету 
үшін ұйымдастырушылық және техникалық, әлеуметтік, құқықтық шаралардың 
мүмкіндіктерін кеңейту.
Қылмыстық заңды әрі қарай реформалау жалғасқан жағдайда, құқық 
қорғау органдарының заң нормаларын қолдану барысындағы құқық бұзушылық 
зардабына байланысты қызметтерін сапалы заңмен қамтамасыз ету үшін құқық 
нормаларының тиімділігін қалыптастыруға бағытталған алғы шарттарды 
немесе құралдарды дайындау қажет. 
А. Костенконың айтуынша, жақсылық пен жамандық қатар жүрмей 
ешқандай өркениеттік дамымайды, яғни, қылмыстылық әрқашанда болады 
[175, с. 3].
Бұл жерден пайдакүнемдік қылмыстық құық бұзушылықтарының алдын 
алуға бағытталған шаралар мәселен, маргиналды топтарды бақылауда ұстау әр 
кезде де қосымша шаралармен, айталық меншікке қарсы қылмыстық құқық 
бұзушылықтардың жекелеген түрлерін жасауға ықпал ететін жағдайлар мен 
себептерді табу мен жоюға бағытталған шаралармен толықтылып нақтыланып 
отыруы шарт. Әйтпесе жеке жеке қолданылған алдын алу шаралары өз 
тиімділігін бермейді, сондай-ақ кез келген меншік қылмысының алдын алу 
үшін ортақ, тиімді шараны ойлап табу ақылға қонымсыз.
Яғни меншікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алуды 
ұйымдастыру мен жүзеге асыру барысында туындайтын міндеттерді шешудегі 
жетістік ол шаралардың неге, қашан, қалай әлеуметтік құбылыстар мен 
процестердің табиғатын, жағдайын, динамикасын, негізгі ерекшеліктерін алдын 
алу субъектілерінің қаншалылықты ескергеніне тікелей байланысты. Алдын алу 
шараларының дифференциациясы меншікке қарсы қылмыстық құқық 
бұзушылықтардың дұрыс, ғылыми негізделген топтарға бөлінуіне қарайды. 
Яғни меншікке қарсы қылмыстарды тікелей объектісінің ерекшеліктеріне қарай 
бөлу нәтижелі әрі дұрыс болмақ.


122 
Біздің ойымызша, қазір жасөспірімдерге мемлекеттік патронаж 
бағдарламасы қажет. Мұндай бағдарламаларды қаржыландыру мемлекеттік 
бюджет атынан жүргізілуі тиіс. Бір жағынан мұндай жасөспірімдерге көмек 
көрсету бойынша әр түрлі жұмыстар жұргізілуі тиіс, екінші жағынан 
жасөспірімдерге кері әсерін тигізетін солардан құралған топтардың көбейіп 
кетуіне байланыстты, осындай жасөспірімдердің отбасы, таныстары үнемі 
бақылап отыруы қажет. Егер, алкогольдік немесе нашақорлық ауруымен 
аурытан жасөспірімдер белгілі болған жағдайда оларды мәжбүрлі түрде 
емдеуге жіберу керек.
Бөтеннің мүлкін жымқыру қылмыстық құқық бұзушылықтарының алдын 
алу шараларының тиімділігін арттыру үшін құқыққорғау органдары тек қана 
тіркелген қылмыстармен күресті жүзеге асыру жеткіліксіз. Сондықтан бөтеннің 
мүлкін 
жымқыру 
құрамдарының 
алдын 
алуда 
жедел-іздестіру 
профилактикасының тиімділігін арттыруға көңіл бөлу қажет. Жедел-іздестіру 
шаралары осы топтағы қылмыстық құқық бұзушылықтардың жай-күйі мен 
негізгі тенденцияларын білу; оларды жасау себептері мен шарттарын түсіну; 
пайдакүнем қылмыскердің жеке басының ерекшеліктерін ескеру; меншікке 
қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтардан келетін залалды толық бағалап, 
қылмыстылықтың құнын анықтау; қолданыстағы қылмыстық заңнаманы дұрыс 
қолдану мен жан-жақты талдау арқылы нәтижелі болады деп есептейміз. 
Жеке профилактикалық жұмыстың тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында 
келесідей негізгі талаптарды сақтауымыз қажет:
1. Дер уақытылық. Қылмыстық құқық бұзушыларға қарсы өз уақытында 
алдын алу шараларын қолданбау айналасындағы қоршаған адамдарға теріс 
ықпал етеді, тіпті антиқоғамдық мінез-құлықтың қалыптасуына, қоғамның 
деградациялануына әсер етеді. Дер кезінде профилактикалық шараларды 
қолданбау меншікке қарсы қылмыстарды істейтін кәмелетке толмағандар 
санының артуына жол береді. Ол мұндай шаралардың тиімділігін төмендетеді. 
Мысалы, кәмелетке толмағандар қылмыстылығының 2/3 бөлігі қолайсыз 
отбасылардың балалары болып шыққан. Олар қылмыс істегенге дейін 
құқыққорғау органдарының назарына ілікпеген.
2. 
Арнайы бағытталған. Алдын алу шаралары объектілерінің 
криминогендік жағынан күшті болуы оларға қатысты алдын алу шараларының 
да күшті, мықты болуын қажетсінеді. Адамның криминогендік жағынан күшті 
болуы жеке алдын алу шаралары бағытталған адамның мінез-құлқынан да, оған 
әсер ететін криминогендік ортаның дәрежесінен де көрінеді.
3. Бірізділік. Жеке алдын алу шараларын бірізділікпен, біртіндеп жүргізу 
керек. Ықпал етудің өткірлігі біртіндеп арта беруі (қабылданған шаралар 
жеткіліксіз болғанда) немесе төмендеп (жағымды өзгерістер байқалғанда) 
отыруы ақталады. Әңгімелесу, тұрмыстық және еңбектік көмек, бос уақытын 
ұйымдастыру, жағымсыз ортаның ықпалын жою немесе азайту т.б. егер ол 
шаралар көмегін бермесе онда ұжымның ата-аналардың, туыстардың көмегіне 
жүгінеді, егер заң бұзушылықтар орын алатын боолса тиісті жауапкершілік 
шараларын қолданады.


123 
4. Кешенділік. Алдын алу субъектілерінің қызметі жинақы, үйлесімді, бір-
бірін толықтыратын, қайталамайтын, өзара қақтығыспайтын деңгейде болуы 
тиіс. Мысалы кәмелетке толмағандар істері бойынша инспекторлар олардың 
қылмыстарын тіркеуге міндетті емес, оны ішкі істер органдарының берген 
мәліметтері негізінде ҚР Бас Прокуратурасы жанындағы құқықтық статистика 
және арнайы есеп комитеті тіркеумен айналысады.
5. Шынайылық: профилактикалық шараларды жүзеге асыру объективтік 
мүмкіндіктерге сайкес болуы шарт. Айталық, қазіргі уақытта бас 
бостандығынан айыру орындарынан жазасын өтеп шыққан адамдарды еңбекпен 
және тұрмыстық жағдаймен қамтамасыз етуге әкімшілік жүйе қауқарсыз, 
мекеме басшыларында бұрын сотталғандарды жұмысқа алуға ынталандыру 
жоқ. (Мәселен, салықтан босату немесе кәсіпорын табысының жергілікті 
бюджетке беретін түсімдерін азайту т.б.). 
6. Заңдылық. Меншікке қарсы қылмыстар үшін жеке профилактика 
құқықтарды шектеумен байланысты болатын кездері бар. Мысалы азаматтарға 
әкімшілік қадағалау тағайындау, сондықтан заң жүзінде қандай тұлғалар және 
не үшін профилактикалық есепке алынатындығы мен оларға қандай шаралар 
қолданылуы мүмкіндігін реттейтін нормативтік заңдық негізде реттелуі шарт 
[176].
А.А. Тайбаков «меншікке қарсы қылмыстық қол сұғушылықтарды жалпы, 
арнайы және жеке алдын алудың негізгі объектілерінің бірі ретінде қарау 
керек» дейді.
Пайдакүнемдік қылмыстық құқық бұзушылықтарына қатысты келесідей 
мәселелер әлі де шешімін таппаған:
– пайдакүнемдік қылмыстар жалпы қылмыстылық ішінде басымдыққа ие 
және оның көрсеткіштерін (динамикасы, деңгейі мен құрылымын) анықтайды, 
сондықтан олардың алдын алу мен профилактикалық қызмет елдегі 
қылмыстылықтың өсіміне қарсы тұру мен негативтік тенденцияларын 
төмендетуге тиімді әсер етеді; 
– пайдакүнемдік қылмыстық құқық бұзушылықтарының, соның ішінде 
жымқыру қылмыстарының алдын алу тиімділігі әлі де төмен;
– тұтастай алғанда қылмыстылықтың, соның ішінде пайдакүнемдік 
жымқыру қылмыстарының алдын алу бойынша заңнамалық базасы әлі де 
жетілдіруді қажет етеді [177, с. 4]. 
Сондай-ақ мұндай жұмыстар тек құқық қорғау органдарымен ғана емес, 
кәмелетке толмағандардың ісі бойынша комиссия инспекторларымен, бос 
уақытын өткізу, жұмыспен қамтамасыз ету, әлеуметтік және медициналық 
көмек көрсету бойынша орталықтардың да өкілдерімен жүргізілуі тиіс. 
Сонымен қатар, мұндай тұлғалардың арнайы білімдері болуы керек. 
Тарихқа үңілсек, қылмыстың адамзат бойынан арылмаған тірлік екенін 
көреміз. Дей тұрғанмен азаматтар, мемлекет және қоғымдық аппарат 
қылмыстылықпен, соның ішінде меншікке қарсы қылмыстармен күресу мен 
олардың алдын алуда үйлесімді, кешенді және тұрақты түрде айналысатын 


124 
болса, мүлікті жымқыруға төзімділік танытпаса аталған қылмыстық құқық 
бұзушылықтардың жалпы қылмыстылық ішіндегі үлесін азайтуына болады.
Бөтеннің 
мүлкін 
жымқыру 
қылмыстарының, 
жалпы 
алғанда 
қылмыстылықтың алдын алу шараларының тізімін нақты анықтап белгілеп қоя 
алмаймыз. Нәтижесінде мұндай қылмыстық құқық бұзушылықтардан келетін 
қылмыстық зардаптар да азаяды және қоғам дамуының артта қалуы сияқты 
экономикалық, әлеуметтік түйінді мәселелерді шешуде кері әсерін тигізбейді 
деп есептейміз.
Және де осы еңбек те көрсетіп отырғандай, бөтеннің мүлкін жымқырумен 
байланысты қылмыстарды зерттеу мен олардан келетін зардаптар көлемі мен 
мөлшерін талдау мәселелері осымен шектелмейді, ол қылмыстық құқық 
бұpушылқтар бар жерде ғалымдар мен зертттеушілердің зерттеу объектісі бола 
береді.
Меншікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар, соның ішінде бөтеннің 
мүлкін жымқырумен байланысты қылмыстық құқық бұзушыларға қатысты 
қылмыстық саясаттың тиімділігі қоғамда қалыптасқан әлеуметтік, саяси және 
экономикалық жағдайға адекватты түрде жауаптылығына байланысты. Мықты 
мемлекет өз азаматтарын, мемлекет пен қоғамды төніп тұрған қауіптен бұрын, 
алдын орап қорғауды қамтамасыз етуі керек.


125 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет