Пирзадаев арман нургабылович



Pdf көрінісі
бет16/18
Дата31.05.2024
өлшемі1.21 Mb.
#502160
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Dissertatsiya Pirzadaeva-Armana-Nurgabyilovicha-KAZGYUU

ҚОРЫТЫНДЫ 
 
Адамзат баласы бөтеннің мүлкіне қол сұғу қылмыстарын жеке адамға 
қарсы қылмыстармен бірдей алғашқы құқық бұзушылықтар ретінде біліп қана 
қоймай, оны тиісті қорғаумен қамтамасыз етуі бүгінгі таңда адамзаттың жеткен 
жетістіктерінің бірі екені белгілі. Біздің Қазақстан Республикамызда да 
меншікті қорғау - еліміздің негізгі заңында белгіленген конституциялық 
кепілдіктердің бірі. Меншікке қол сұғу және зардап келтіру - кез келген 
мемлекеттің 
қылмыстық 
заңындағы 
дәстүрлі 
қылмыстық 
құқық 
бұзушылықтардың қатарында.
Өзінің пайда болған уақытынан бері бөтеннің меншігін жымқыру 
қылмыстары ең көп тараған қылмыстық құқық бұзушылықтар болғаны және 
оны тарихи тұрғыдағы теориялық еңбектерден, оның ішінде, қазақ әдет құқығы 
заманында да жымқырумен байланысты қылмыстар болғандығын және оладың 
қоғамға келтірілген зардаптарына сәйкес реттелгенін көрсететін еңбектерден 
аңғарылды.
Соған қарамастан, бұл еңбекте көрсетіп отырғандай, бөтеннің мүлкін 
жымқыру қылмыстық құқық бұзушылықтарынан келетін зардаптарды 
зерттеудің нүктесі бола алмайды. Талдау мен зерделеу бар жерде ғылым 
ілгерілеушілігі байқалады. Сондықтан біз диссертацияда жымқырумен 
байланысты қылмыстық құқық бұзушылықтардың зардабын қылмыстық 
құқықтық және криминологиялық тұрғыда зерттеуге алдық. 
Қойылған мақсат пен белгіленген міндетте шеңберінде осы зерттеу 
жұмысында келесі қорытындылар мен тұжырымдар айқындалады. 
Қазақстан Республикасының қолданыстағы Қылмыстық кодексінде 
қылмыстық құқық бұзушылық зардабы - қоғамдық қауіпті зардап; ауыр зардап; 
зиян; залал т.б. терминдермен әрқилы сипатталып, нақты анықтамасы берілмеуі 
объективтi түрде қылмыстың осы белгiсiн анықтау туралы да сандаған пiкiрлер 
тудырады. Осы тұста, анықтамалар ішінде Қазақстан Республикасы 
Қылмыстық кодексінде қолданылатын негiзгi ұғымдарына жаңа «қылмыстық 
құқық бұзушылық зардабы» түсінігін «Қылмыстық құқық бұзушылық зардап 
ретінде тек қана Қазақстан Республикасының қолданыстағы қылмыстық 
заңнамасына сәйкес тыйым салынған қоғамға қауіпті іс-әрекетті кінәлі түрде 
жасау нәтижесіндегі залалды, зиянды және зардапты өзгерістерді атаймыз» - 
деп анықтама беріліп, енгізілуі қажет деп санаймыз. 
Қылмыстық құқық бұзушылық зардабының мәнін аша келе, бұл кез келген 
емес, тек қана қылмыстық заңмен тыйым салынған қылмыстық іс-әрекет 
нәтижесінің әлеуметтік сипаттамасы және тек қана қылмыстық заңмен 
қорғалатын қоғамдық қатынастардың зиянды өзгерісі болуымен ерекше. Яғни 
қылмыстық зардап тек қана қылмыстық іс-әрекетпен емес, қылмыс 
объектісімен де тығыз байланыста болады. 
Қазіргі таңда мүлкін жымқырудан келетін қылмыстық құқық 
бұзушылықтардан 
келетін 
зардаптардың 
материалдық 
зияны 
ғана 
мемлекеттік мәліметтер базасында тіркеледі. Ал зиян тек материалдық қана 


126 
емес, материалдық емес нысында да болатынын ескеріп, болашақта тек 
материалдық емес моральдық зияндарды есепке алуды қамтамасыз еткен жөн. 
Бұл орайда қылмыстық істердегі азаматтық талап ережелері шеңберінде 
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 47-тарауына сәйкес «Зиян 
келтіру салдарынан туындайтын міндеттемелер» бойынша да мемлекеттік 
мәліметтерді ресми тіркеуді жүргізуді енгізу қажет.
Қолданыстағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінінің 3-
бабының 10 тармағын, заң тілі мен техникасы ережелеріне сәйкес бір ғана 
«незначительный» терминін «болмашы мөлшер» немесе «ұсақ түйек мөлшер» 
деп заң мәтінінде екі түрлі аудармай, «ұсақ мөлшер» деп аударып енгізілген 
жөн деп есептейміз. 
Қолданыстағы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексіндегі 187-бап 
«Ұсақ-түйек жымқыру» құрамын жаңа құрам ретінде қылмыстық заңнамаға 
енгізуді қолдамаймыз, оны декриминализациялауды қажет деп санаймыз. Заң 
шығарушының қазіргі қолданыстағы қылмыстық кодексті қабылдаудағы да 
басты мақсаты да кезінде осы заңнаманы декриминализациялау деп 
түсіндірілген болатын. Алайда, бұрынғы қылмыстық кодекстегі әкімшілік 
жауапкершілікке 
тартылуы 
көздеген 
«ұсақ-түйек 
ұрлауды» 
қазіргі 
қолданыстағы қылмыстық кодексте «ұсақ-түйек жымқыру» деп атын 
ауыстырып оны қылмыстық құқық бұзушылық ретінде көрсеткеннен ешқандай 
декриминализациялық нәтиже жоқ деп ойлаймыз. 
Қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамдардың жауапкершілігінің 
жаза өтеумен шектелмей, келтірген залалының орнын толтыру міндетін жүктеп, 
жымқыру арқылы алған мүліктің құнын өтеу міндетін жүктейтін ҚР ҚК 188-
бабын бөлікпен немесе ескертумен толықтыруды ұсынамыз. Яғни: «Бөтеннің 
мүлкін жымқырған кінәлі адам тағайындалған жазаға қарамастан меншік иесіне 
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 917-бабына сәйкес 
материалдық және (немесе) материалдық емес) зиянды толық көлемде өтеуге 
міндетті». 
Жымқыруды түрлерге бөлу бөтеннің иелігінен заңсыз алынған заттың 
мөлшеріне байланысты жымқыру зардаптарының төрт түрі ажыратылады: 
1) болмашы мөлшердегі зардап, ұйымға тиесілі мүліктің құны 10 АЕК 
аспайтын немесе жеке тұлғаға тиесілі 2 АЕК аспайтын жымқыру әрекеттері 
яғни ұсақ-түйек жымқыру зардабы (ҚР ҚК 187-бабы); 
2) 10 АЕК-тен 500 АЕК дейінгі мөлшердегі мүлікті жымқыру зардабы;
3) ірі мөлшердегі зардап, 500 АЕК-тен 2000 АЕК дейінгі мөлшердегі 
жымқыру зардабы;
4) аса ірі мөлшердегі зардап, 2000 АЕК-тен асатын мөлшердегі 
жымқыру зардабы. 
Қолданыстағы 
Қазақстан 
Республикасы 
Қылмыстық 
кодексінің 
жаңашылдықтарының қатарында мұнай-газ құбырларынан жасалған ұрлық 
құрамын (188-баптың 4-бөлігін) Қазақстан Республикасының Қылмыстық 
кодексінің 188-бабының 4-бөлігінде «Ұрлық» құқық бұзушылық құрамының 
аса ауырлатылған түрі деп бекітуді жеткіліксіз деп табамыз. Мұнай-газ 


127 
саласындағы қылмыстық құқық бұзушылықтардың соңғы бесжылдықтағы 
ұдайы өсу тенденциясы мен мұндай іс-әрекеттердің қоғамға қауіптілігінің 
жоғарылығын, 
құбыр 
өткізу 
жүйесінің 
қауіпсіздігіне, 
мемлекеттің, 
мұнайтасымалдау ұйымдарының экономикалық мүддесіне елеулі қатер 
төндіретінін, жер бетіне мұнай өнімдерінің төгілуіне байланысты қоршаған 
ортаға, экология мен халықтың денсаулығына орны толмас зиян келтіретінін, 
мұндай қылмыстарды істеу тәсілдерінің ауырлығын ескеріп Қазақстан 
Республикасының жаңа Қылмыстық кодексіне 193-1 «Мұнай-газ құбырларынан 
алынатын мұнай-газ және мұнай-газ өнімдерін жымқыру» деп аталатын жаңа 
бапты енгізуді ұсынамыз. 
Жымқырудың әрбір нысанына жататын қылмыс құрамының белгілерін 
дұрыс анықтау - оны дұрыс саралаудың кепілі болып табылады деп санаймыз 
және 
«кінәлілер 
жәбірленушіге 
келтірілетін 
зардаптың 
мөлшеріне 
немқұрайлылықпен қарап нақтыланбаған қасақаналықпен іс-әрекет істейді. 
Осыған байланысты олар нақты келтірген залалы үшін жауап беруі тиіс. Әрине 
тәжірибеде кінәлі жәбірленушіге қандай залал келтіріп тұрғанын түсінетін де 
жағдайлар кездеседі. Алайда туындайтын зардапты көре білу жалпы ережеге 
сәйкес шешімін табады. Сондықтан елеулі зардаптың нақты мөлшерін 
белгілеудің қажеттілігі түсіп қалады. Ол жәбірленушілердің мүліктік 
жағдайының әр түрлілігімен, мүліктің құндылығы бар жағдайда ақшалай түрде 
бағаланбайтындықтан маңыздылығын жоғалтады. Алынған мүліктің құнын сот 
әрбір жағдайда дербес, жеке анықтауы тиіс. Қылмыстық заңда бөтеннің 
меншігіне қылмысты түрде қол сұғушылық үшін жауаптылық меншік 
қатынастарына қол сұғу тәсілдеріне байланысты дараланып, жікке, нысанға 
бөлінеді. Бөтен мүлікті алу ашық немесе жасырын, күш колданып немесе күш 
қолданбай, алдау немесе сенімге қиянат жасау тәсілдері арқылы жүзеге 
асырылуы мүмкін. Мүлікті алудың осындай тәсілдері істелген іс-әрекеттің 
қоғамға қауіптілігіне тікелей әсер етеді. Жымқырудың нысандарының 
әрқайсысының ерекшеліктері мен белгілері оларды ұқсас құрамдардан 
ажыратуға көмектеседі» деген В.Владимировтың пікірін қолдаймыз. 
Зерттеу барысында Қазақстан Республикасының қылмыстық заңын 
қолданудың теориясы мен тәжірибесі жымқыруға жататын қылмыстық құқық 
бұзушылықтардың шеңберін анықтау бойынша үш түрлі көзқарасты 
ажыратамыз, бірінші, ҚР Жоғары сотының 25-шілде 1996 жылғы «Жымқыру 
істері бойынша сот тәжірбиесі туралы» №8 нормативтік қаулысының 1-
тармағында жымқыруға ұрлық, бөтеннің сеніп тапсырылған мүлкін иемденіп 
алу немесе ысырап ету, алаяқтық, тонау, қарақшылық, ерекше құндылығы бар 
заттарды ұрлау, қорқытып алушылықты жатқызған. Қорқытып алушылыққа 
қарсы К.Ш.Сүлейменов, Б.З.Байкасаров қарсы көзқараста болған. Екінші 
көзқарас, А.Т.Жукенов бастаған ғалымдардың пікірі, яғни жымқыруға ұрлық, 
сеніп тапсырған бөтеннің мүлкін иеленіп алу немесе талан-таражға салу, 
алаяқтық, тонау және қарақшылық кіргізіліп, шеңбері тарылтқан. Ал, 
И.И.Рогов, С.В.Рахметов бастаған ғалымдар жымқыруға «ерекше құндылығ бар 


128 
заттарды жымқыруды» қосып қарастырған. Біз осы үшінші топтың көзқарасын 
толық құптаймыз.
Қазақстан Республикасының бас Прокуратурасы жанындағы Құқықтық 
статистика және арнайы есептер жөніндегі Комитеттінің мәліметтерін талдау 
нәтижесінде, 2010 жылдан бастап тіркелген барлық қылмыстық құқық 
бұзушылықтардың ішінде мешікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар 
үлесі 67,4 - 75% (2015 жылы), оның ішінде сол жылдар аралығында саны 
жағынан ең ауқымыдысы «ұрлық» екені анықталды, яғни 67,4% - 71,9% (2015 
жылы). 
Сәйкесінше, тіркелген барлық қылмыстылықтың зардабының жартысынан 
көбісі осы жымқырумен байланысты меншікке қарсы қылмыстық құқық 
бұзушылықтар зардабы құрап отыр. 2014 жылы оның үлкен бөлігі (74,4%) - 
заңды тұлғалардың үлесіне тисе, 2015 жылы үлкен бөлігі (45%) – жеке 
тұлғаларға келтірілген. Ал, жоғарыда атап өткендей жасалыну саны жағынан 
«ұрлық» алдыңғы қатарда болса, зардабы жағынан алдыңғы қатарға «алаяқтық» 
шығып отыр (2014 жылы – 69,6%, 2015 жылы – 47,2%). Бұл қылмыстық құқық 
бұзушылықтардың латенттілігі деңгейінің жоғары екендігін ескерсек, бұл 
цифрлар өздігінен-ақ еселеніп шығады. 
Жымқыру зардабы келтірілген еліміздің аймақтарындағы алдыңғы 
үштігіне 2014 жылы: Оңтүстік Қазақстан облысы, Ақтөбе облысы, Шығыс 
Қазақстан облысы кірсе, 2015 жыл бойынша, келтірілген жымқыру зардабының 
ауқымы бойынша алдыңғы қатарда Алматы қаласы, екінші болып Оңтүстік 
Қазақстан облысы, одан кейін Шығыс Қазақстан облысы танылып отыр.
Жымқырумен байланысты қылмыстылықтың құны бұл ақшалай баға: а) 
белгілі бір уақытта белгілі бір аумақта істелген қылмыстар жиынтығымен 
келтірілген (тікелей немесе жанама) зиян; б) белгілі бір уақытта белгілі бір 
аумақта істелген қылмыстармен күресу үшін мемлекеттің экономикалық және 
өзге де ақшалай бағаланатын міндетті шығындары (полицияны ұстауға кеткен 
шығындары, түзеу мекемелері мен түрмелерді, бас бостандығынан айыру 
орындарын ұстау үшін қажетті шығындар т.б.); в) қоғамның криминалдық 
қатерлерден қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жұмсайтын шығындары. 
Жымқыру зардабының құны қазіргі және алыс-жақын болашақтағы 
жымқырумен байланысты қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алып 
масштабын азайту үшін болжамдарды есептеуге, сонымен қтар сәйкесінше 
олардан келтірілетін зардап көлемін азайтуға және оны қамтамасыз ету үшін 
қаншалықты құралдар мен қызметтерді қамтамасыз етуді жоспарлауға 
көмектеседі. 
Жымқырумен байланысты қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын 
алу шараларын көлеміне қарай: жалпы, арнайы, жеке, ал сипатына қарай 
ұйымдастырушылық, техникалық, арнаулы, әлеуметтік деп бөлінуі дұрыс деп 
санаймыз. 
Жымқырумен 
байланысты 
қылмыстық 
құқық 
бұзушылықтың 
виктимологиясын зерттеп, негізгі жәбірленген зардап шегушілердің 30-39 жас 
аралығындағы тұлғалар екендігін анықтадық, осыған орай, жымқырудың алдын 


129 
алу шараларын ұйымдастыру және жүргізу барысында осы жастағы 
тұлғалардың кең қамтылуын ұсынамыз. 
Зерттеу барысында қылмыстық құқық пен криминологияда күрделі, аз 
зерттелген әрі даулы мәселелері көп болып кездесетін қылмыстық-құқықтық 
зардап, соның ішінде бөтеннің мүлкін жымқырумен байланысты қылмыстық 
құқық бұзушылықтар мен олардың зардаптарына қатысты мәселелердің 
теориялық және практикалық бағыттарына зерттеу жүргізуге ұмтылдық.
Тақырып көлемінде даулы болып есептелетін мәселелерді ашып көрсеттік 
және олардың объективті, анық шешімдерін келтірдік. Және де осы еңбек те 
көрсетіп отырғандай, бөтеннің мүлкін жымқырумен байланысты қылмыстық 
құқық бұзушылықтарды зерттеу мен олардан келетін зардаптар көлемі мен 
мөлшерін талдау мәселелері осы зерттеумен шектелмейді, жұмыста айтылған 
тұжырымдар ешқандай даусыз немесе мәселелерді толықтай шешеді дегенді 
білдірмейді, ол қылмыс бар жерде ғалымдар мен зертттеушілердің зерттеу 
объектісі бола береді.
Диссертациялық зерттеудің мақсаттары мен міндеттерін шешу 
нәтижесінде қол жеткен қорытындыларды, қылмыстық заңнаманы әрі қарай 
жетілдіру бойынша ұсыныс-шешімдер мен ережелерді заңгер ғалымдар мен 
көпшілік қауым назарына талқылау үшін ұсынып отырмыз. 
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев 2014 жылдың
17-қаңтарындағы «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» 
тақырыбындағы Казақстан Халқына Жолдауында: «Әлемнің дамыған 30 елінің 
қатарына ұмтылыс кезінде бізге адал бәсекелестік, әділеттілік, заңның үстемдігі 
және жоғары құқықтық мәдениет ахуалы қажет. Заң алдындағы теңдік құқық 
тәртібінің шынайы негізі болуға тиіс»-деп атап өтті [178], сонымен қатар 
«НұрОтан» партиясының XVI съезінде «Ұлт жоспары - бес институттық
реформа» ұсынып, оның екінші бағыты ретінде: «Меншік құқығына кепілдік 
беретін, кәсіпкерлік қызмет үшін, келісімшарттық міндеттемелерді қорғау үшін 
жағдай жасайтын, түптеп келгенде экономикалық өсім үшін негіз болатын 
заңның үстемдігін қамтамасыз ету керек» дей келе, мемлекетіміздегі сот жүйесі 
мен ішкі істер органдарының жұмысын жетілдіру бойынша бірнеше нақты 
ұсыныстар мен тапсырмалар берді [179]. Бұл реформалардың нәтижесі 
болашақта 
еліміздегі 
жымқырумен 
байланысты 
қылмыстық 
құқық 
бұзушылықтар мен оның келтіретін зардаптарының деңгейінің төмендеуіне 
үлкен әсер беретініне сенімдіміз. 
Осы бағытта отандық құқықтық саясаттың, оның ішінде қылмыстық 
құқықтық саясаттың мүлтіксіз орындалуы мен оның заман талабына сай 
жетілдіріп отырырылуының маңызы зор. 
Ал, қылымыстық құқықтық саясат - тек заң шығарушылык және құқық 
қолданушылық саясат шеңберімен шектеліп кана коймай, мемлекеттің жалпы 
саясатының бір бөлігі болып табылады. Сондыктан да, осы саясаттың нәтижесі 
– мемлекет дамуының басты көрсеткішін құрайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет