9.3 Картоп және көкөніс өндірісінің экономикасы
Қазақстан Республикасында картоп «екінші нан», сонымен бірге кепілдемелік (немесе сақтандыру) дақыл болып есептелінеді. Егер күздік дақылдардың өнімділігі түсетін қар мен жаңбыр мөлшеріне және көктемнің соңы мен жаздың бас кезінде үсіктің болу болмауына тәуелді болатын болса, жаздық дақылдар өнімділігі тамыз айындағы жауын мөлшері мен үсіктің жүрмеуіне, ал картоп өнімділігі жаздың орта шенінде жауатын жауын мөлшеріне байланысты болады. Бұл кезде, тіпті тез өзгеретін климаттың өзінде де жаздың ортасында үсік жүрмейді, алайда маусым және шілде айларында жауын –шашын болып тұрады. Осылайша, елде ауа-райы қолайсыз болған күннің өзінде картоп өнімді міндетті түрде береді. Сонымен қатар, ол малға берілетін жем ретінде ғана емес, жеңіл және тағам өнеркәсіптерінде де кеңінен пайдаланылады, осыдан барып оны өсіру тиімділігі артады.
Осы айтылғандардың барлығына қоса, картоп басқа өнімдермен салыстырғанда күй талғамайды,ол топырақ өнімділігіне біраз сезімтал және тыңайтқыштарға жақсы реакция береді (өнімділік деңгейі бірдей бола тұрып, картоп дәнді дақылдарға қарағанда тыңайтқыштарды аз мөлшерде талап етеді). Реформалау жылдарында жан басына шаққандағы картоп өндірісінің мөлшері азайған жоқ (дәнді дақылдар өндірісімен салыстырғанда).
Бұл дақылды өңдеу салыстырмалы түрде жоғары еңбек сіңіргіштігімен қиындатылады – 1 га отырғызғанға 250 адам-сағатқа дейін. Жоғары еңбек сіңіргіштік картоп өндірісі рентабелділігінің төмен деңгейде болуын түсіндіреді. Осы жағдайдың, сонымен қатар халықтың негізгі бөлігінің тамақтану құрылымындағы жағымсыз тенденциялардың кесірінен, қазіргі кезде картоптың көп мөлшерін тұрғын халық өздері өсіреді.
Реформалау жылдарында картоп өнімділігі ауыл шаруашылық кәсіпорындарында 130 ц/га шегінде, ал шаруа қожалықтарында 160ц/га, халықтың шаруашылығында - 100 ц/га шегінде болған.
Халықтың шаруашылықтарында картоптың өнімділігін төмендететін негізгі фактор болып отырғызу, өңдеу және өнімді жинау, сонымен бірге тыңайтқыштарды себу процестерінің механикаландырылмауы, селекциялық жұмыстардың жүргізілмеуі және өнімді сақтаудың температуралық-ылғалдылық режимдерінің бұзылуы табылады.
Картоп өндірісінің тиімділігін бағалауда дәнді дақылдарды өңдеу тиімділігін бағалаудағы көрсеткіштер қолданылады.
Көкөністерді өсіруде ауыл шаруашлығының осы саласына тән ерекшеліктерді есепке алған жөн:
-
біріншіден, көкөніс өсіру шаруашылығын орналастыру аймағы, сәйкесінше, табиғи-климаттық жағдайлар таңдалуы керек. Егер дәнді дақылдарға физиологиялық және технологиялық жағынан пісіп-жетілуге елдің бүкіл территориясына дерлік мүмкіндік беретін болса, көкөніс өнімдерінің, оның барлық сорттарының пісіп-жетілуіне мүмкіндік беретін жерлер одан да көп. Сорттар өнімділігі, сапалық сипаттамасы және өткізу бағасы бойынша табиғи-климаттық жағдайларға байланысты бөлінеді.
-
екіншіден, көкөністерді өңдеу ерекшелігі, ол аймаққа тәуелсіз түрде оны өсірудің екі сызбасы қолданылады – ашық топырақта және жылы жерде (теплицада). Бұл сызбалар технолдогиялық жағынан өте ерекшеленеді, сонымен қоса әртүрлі деңгейдегі әрі сипаттағы күрделі және ағымдағы шығындарды талап етеді. Теплицалық шаруашылықты ұйымдастыру дайын өнімді қыста және көктемде өткізуді қалайды, яғни бұл кезде оған деген сұраныс деңгейі де, сонымен қатар баға деңгейі де жоғары болады.
-
үшіншіден, көкөніс дақылдарын өсіретін алқаптарда ауыспалы егіске деген талап жоғары болады. Көкөністердің жоғары өнімділігі топырақтың тез тозуына әкеледі. Топырақтың тиімді құнарлылығын сақтауға екі шараны сәйкестендіру арқылы ғана қол жеткізуге болады – бағдарламаланған тыңайтқыш себу және көкөністің дұрыс ауыспалы егісі, жем-шөп пен дәнді дақылдардың қосылуымен.
-
төртіншіден, жоғарыда көрсетілген факторларға сәйкес тек көкөніс дақылдарының шекті түрін өңдеуге арналған мамандандырылған ауыл шаруашылық кәсіпорындарын құру экономикалық жағынан қиындатылған.
Реформалау жылдарында көкөніс өнімділігі ауыл шаруашылық кәсіпорындарында - 103 ц/га, шаруа қожалықтарында – 190 ц/га, халықтың шаруашылықтарында – 195 ц/га шегінде болып отырған.
Ауыл шаруашылық өндірісінің осы түрінің тиімділігін көрсететін бірден бір көрсеткіш, ол - өңделген өнімді өткізуден түскен пайда, және туынды көрсеткіш ретінде - өнім рентабелділігі болып табылады.
Ауыл шаруашылығының осы саласының рентабелділігінің төмендеуімен байланысты көкөніс өнімдерін өңдеу орталығы шаруа қожалықтары мен тұрғын халықтың шаруашылығы жағына қарай ауысты.
9.4 Жем-шөпті өндіру және пайдаланудың экономикасы
Қазақстан Республикасында мал шаруашылығының дамуы мықты жем-шөп базасының болуымен байланысты.
Мал шаруашылығының жем-шөп базасы дегеніміз жем-шөп мөлшері, құрылымы, сапасы, алу көздері, өндіру жүйесі және оларды пайдалануды ұйымдастыру. Тиімді ұйымдастырудан, жем-шөп өндіру мөлшері мен сапасынан мал шаруашылығының барлық салаларының интенсификациялануы және жаңару болақтары тәуелді болады.
Жем-шөп базасын тиімді ұйымдастырудың негізгі белгілері болып келесідей негізгі қағидаларды ұстану табылады:
-
жем-шөп базасының зоналық, микрозоналық экономикалық және табиғи жағдайларға сәйкестігі;
-
рациондар теңдігі және табиғи жайылымдарды далалық және дақылдық шабындық-жайылымдық жем-шөп өндірісімен бірге пайдалану сәйкестігі негізінде жем-шөппен қамтамасыз ету теңдігі;
-
малдар мен құстардың толық құнды жем-шөпке деген қажеттілігін еңбек пен қаржы шығынын минималды түрде болдыра отырып, оңтайлы қанағаттандырумен қамтамасыз етілетін максималды экономикалық тиімділік.
Жем-шөп өндірісін тиімді ұйымдастыру бүгінгі күні көптеген технологиялық, ұйымдастырушылық және әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешумен тікелей байланысты. Бұл мәселелерді шешу тездігі және маңыздылығы мал шаруашылығының жем-шөпке деген қажеттілігі мен оның бар болуы арасындағы сәйкессіздікпен негізделеді.
Жем-шөп құрамы бойынша үш негізгі топқа бөлінеді:
-
өсімдіктен дайындалатын;
-
малдан дайындалатын;
-
минералдық.
Өсімдіктен дайындалатын жем-шөп өз кезегінде төмендегідей болып бөлінеді:
-
жасыл (жайылым шөбі және қосымша жемдеуге арналған жасыл масса);
-
шырынды (силос, тамыр жемістері, картоп және т.б.);
-
қатты (шөп, сабан, сенаж);
-
құнарландырылған (бидай және бидай өнімдері, құрама жем, жмых, шрот және т.б.).
Шаруашылықта осы жем-шөп түрлерінің қатынасын, олардың тағамдық құндылығы бойынша, жем-шөп базасының құрылымы деп атайды. Қазіргі кезде Қазақстанның мал шаруашылықтарының жем-шөп базасының негізін құрамында жеткілікті мөлшерде клечаткасы (қатты азықтар), көмір сулары, витаминдері (жасыл және шырынды жем түрі), протеиндері (шоғырланған жем түрі) бар өсімдіктен дайындалған жем-шөп құрайды.
Малдан дайындалған жем-шөп (сүт және оның қалдықтары – көк сүт, іркіт, пахта, сонымен қоса балық, ет, сүйек ұны және т.б.) құрамында толық құнды ақуыздың, минералдық заттардың жоғары мөлшерде болуымен және организмде жақсы қорытылатындығымен сипатталады, ол көбінесе төлдерді өсіруде және қосымша ретінде пайдаланылады.
Минералды азықтар (ас тұзы, бор және т.б.) жеке өзі және негізгі жем-шөпке қосымша ретінде де пайдаланылады. Шаруашылық ішінде жем-шөп алу көзі болып пайдаланылатын табиғи жем-шөптік жерлер, далалық жем-шөп өндірісі, өсімдік шаруашылығының қосымша өнімі, тағам қалдықтары табылады. Сатып алынатын жем-шөпке өнеркәсіп қалдықтары, ақуыз-минералдық, минералдық қосымшалар және премикстер жатады.
Жем-шөп дайындау өндірісінің тиімді түрі – бұл малдар мен құстардың әр басына саны ғана емес сапасы жағынан да сәйкес келетін жем-шөпті өңдеу мен сақтауды, тиімді өндіруді қамтамасыз ететін ұйымдастырушылық-шаруашылық және технологиялық шаралардың ғылыми негізделген жүйесі.
Елдегі жем-шөп дайындау өндірісінің түрлері және оны пайдалану мал шаруашылығының салалары бойынша бір-бірінен ерекшеленеді, сонымен қоса сала ішінде – зоналық және микрозоналық маманданудың, егін шаруашылығының басым жүйесінің және олардың иелерінің қаржылық жағдайының ерекшеліктеріне байланысты жеке кәсіпорындар бойынша ерекшеленеді. Шабындық жерлер мен жайылымдардың үлкен алқаптарын алып жатқан Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының шаруашылықтарында сүтті мал рационында жайылым шөбі, сенаж және шабындық шөбі көптеп кезедеседі, ал қосымша жемдеуге арналған жасыл масса жасыл конвейер жүйесіне дайындалған егіс алқаптарында өндіріледі.
Мал шаруашылығы мен қой шаруашылығындағы рацион құрылымында жасыл, қатты және шырында жем-шөп түрлері көптеп кездеседі, шоғырланған жем-шөп түрі 15-20% мөлшерінде ғана болады. Шошқа шаруашылығы мен құс шаруашылығында, керісінше, шоғырланған жем-шөп түрі көп мөлшерде болады (рационның жалпы тағамдық құндылығының 60-80%).
Жем-шөп өндірісінің түрі жем-шөптің экономикалық жағынан тиімді түрлеріне негізделеді, ол соңғы жылдардағы (3-5 жыл бойынша) іс жүзіндегі орташа мәліметтерді салыстыру арқылы төмендегі көрсеткіштер бойынша анықталған:
-
аудан бірлігінен жем-шөп пен протеин бірлігінің шығымы;
-
1 ц шартты жем-шөпке еңбек шығымы;
-
жем-шөп пен жемдік ақуыздың шартты бірлігінің өзіндік құны;
-
жем-шөптің 1 теңгеге шаққандағы өндірістік шығындарының есебінде мал шаруцашылығының жалпы өнімінің құны;
-
1 га егістіктен алынатын таза табыс сомасы.
Бүгінгі күні мал шаруашылығындағы ғылыми-техникалық прогресс жем-шөп дақылдарын өсіретін алқаптардың көлемін кеңейту, олардың өнімділігін арттыру, жемді дайындау мен сақтау технологияларын жетілдіру (ең алдымен силос, шөп, бидай қалдықтары бойынша), сонымен қатар өнеркәсіп қалдықтарын кеңінен пайдалану мен ауыл шаруашылық малдарын тиімді жемдеуді ұйымдастыру негізінде жем-шөп базасын нығайтумен байланысты. Ғылыми-техникалық прогресс нәтижелерін толығымен қолдану үшін қаржы қажет.
Жем-шөп өндірісінің ерекшелігі болып оның тұтынушы сұранысына қарай бағытталуы табылады. Өнімді малды өсірумен айналысатын кәсіпорындарда жем-шөп өндірісін ұйымдастыру оңтайлы болып табылады. Осыған сәйкес жем-шөп өндірісінің тиімділігі міндетті түрде мал өнімділігінің артуын талдау арқылы бағалануы мүмкін.
Жем-шөп өндірісінің экономикалық тиімділігін жұмыс малына арналған қосымша жем-шөп түрі бойынша талдау міндетті емес.
Негізінен жем-шөп бірлігін өндіруге кеткен еңбек шығынын бірнеше жылдар бойынша бағалау белгілі бір қызығушылықты тудырады.
Сауылатын сүт мөлшерін арттыру мен қосымша салмақ қосқызу үшін қолданылатын жем-шөп экономикалық тиімділігі жағынан бағалануы керек, онда келесідей талдау түрлерінің көрсеткіштері қолданылады:
-
өнімділік;
-
өзіндік құн;
-
еңбек өнімділігі;
-
жем-шөптің техникалық жағынан ақталуы, яғни мал шаруашылық өнімінің (натуралдық көрсеткіштермен) жем-шөп бірлігіне (центнермен) шығымы;
-
экономикалық жағынан ақталуы, яғни мал шаруашылығының жалпы өнім қосындысының жем-шөп өндірісінің қосылған құнына. Сонымен қатар мал шаруашылығының өткізілген өнімі мен ішкі тұтынуды есепке алмағандағы жем-шөп құнының қатынасының есебін жүргізген дұрыс;
-
жем-шөп құрылымы, яғни қатты және шырынды жем-шөп түрлерінің олардың нақтылануымен қоса қатынасы (шөп, силос, жемдік қызылша және т.б.). Осындай талдау нәтижесінде, өндірілетін өнімнің сапасы мен санын арттыра отырып, шығындарын азайтуға мүмкіндік беретін тиімді зоотехникалық шешімдер қабылдау мүмкін болып табылады.
Шындығына келгенде, Қазақстан Республикасында жем-шөп өндірісі ауыл шаруашылығының толық дамымаған саласы болып табылады. Сондықтан ауыл шаруашылығын мемлекеттік қолдаудың артықшылықтарын анықтағанда жем-шөп өндірісін дамыту бойынша шаралар тізімі кеңірек болуы қажет. Жем-шөп өндірісінің тиімділігін арттырудағы магистральды бағыттар:
-
табиғи жем-шөп егістіктерін тиімді пайдалану және тамырымен жақсарту;
-
далалық жемдік дақылдардың сорт және түр бойынша құрылымын жетілдіру және олардың өнімділігін арттыру;
-
жем-шөпті дайындаудың қарқынды технологияларын енгізу арқылы өсірілген өнімнің жоғалтуларын азайту;
-
жем-шөпті сақтаудың материалды-техникалық базасын нығайту;
-
бұршақты бидай мен май дақылдары өндірісінің дамуын қамтамасыз ету;
-
қатты және шырынды жемнің тағамдық құндылығын арттыру;
-
шөптердің тауарлық тұқым шаруашылығы жүйесін жақсарту, бірінші орында бұршақты дақылдарды;
Жем-шөп өндіруінің басты міндеті – бұл малдардың жем-шөп рациондарындағы белок бойынша теңсіздікті жою.
Бақылау сұрақтары:
-
Кестеде берілген мәліметтер негізінде сала дамуының негізгі тенденциясын анықтаңыздар.
-
Қазақстанда қалыптасқан жағдайларға байланысты бидай өндірісінің негізгі ерекшелігі болып не табылады?
-
Қандай экономикалық ауданда бидай өнімділігі өте жоғары және неліктен?
-
Көкөністер мен жем-шөп өндірісінің экономикалық тиімділігін анықтау жолының негізгі ерекшеліктерін анықтаңдар.
-
Қазақстан Республикасында жем-шөптің қандай түрлері өсіріледі?
Тақырып 10. Мал шаруашылығының өнімдерін өндіру экономикасы
МАҚСАТЫ: Студенттерге мал шаруашылығы өнімдері өндірісінің тиімділігін анықтау әдістері, сала жағдайы мен даму перспективасы туралы білім беру.
10.1 Халықты азық-түлікпен қамтамасыз етудегі мал шаруашылығының маңызы
2012 жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемінің деңгейі 764,8 млрд. теңгеге жетті, бұл 2008 жылмен салыстырғанда 9,4% артық.
Жалпы өндіріс құрылымында мал шаруашылығы саласының үлесі өсіп келеді, егер 2008 жылы ол 39%-ға төмендеген болса, қазіргі кезде ол 46,5%-ды құрайды. Өнім болмаған жылдары нарықтағы сүт пен жұмыртқа мөлшерінің төмендеуімен қатар ет көлемі бірден өседі.
Ұлттың амандығы мал шаруашылығы өнімін адам басына шаққандағы тұтыну көлемімен анықталады. Мұндағы ет пен ет өнімдері елдің стратегиялық азық-түлік қауіпсіздігі құрылымының ажырамас элементтері болып табылады.
Сонымен бірге, мал шаруашылығы өнімдері көптеген аралас салаларда да белсенді түрде қолданылады (өсімдік шаруашылығында – қи, жеңіл өнеркәсіпте – жүн, қауырсын), және тағы басқалар. Демек, мал шаруашылығы саласының маңыздылығы және оны дамытуға деген халық пен мемлекеттің қызығушылығы туралы қорытынды жасауға болады.
Мал шаруашылығының соңғы өнімдері:
-
ет және ет өнімдері;
-
сүт және сүт өнімдері;
-
жұмыртқа;
-
жүн.
Мал шаруашылығының келесідей салалары болады:
-
ірі қара мал шаруашылығы;
-
қой шаруашылығы;
-
шошқа шаруашылығы;
-
құс шаруашылығы;
-
түйе шаруашылығы;
-
ешкі шаруашылығы;
-
қоян шаруашылығы және т.б.
Мал шаруашылығы салаларының классификациясы шартты сипатқа ие, өйткені ірі қара малды өсіру тек сүт пен сүт өнімдерін өндіруге ғана бағытталмаған, бұл салада үлкен үлесті ет өндірісі (сиыр еті) алады. Дәл осылай қой шаруашылығы туралы да айтуға болады – мұнда жүнмен қатар қой еті де өндіріледі. Малдарды ет пен сүтке өсірудің өндірістік процестерінің ұқсастығына қарамастан технологиялық сызбаларда өнімнің өзіндік құнының, пайда мен өндіріс тиімділігінің басқа да экономикалық көрсеткіштерінің мөлшері мен қалыптасу процесіне тура әсерін тигізетін өте маңызды айырмашылықтар бар. Соңғы жылдардағы мал шаруашылығының жағдайы 10.1. кестесінде берілген мәліметтермен сипатталады.
Кесте 10.1. Қазақстан Республикасында мал шаруашылығы өнімдерін өндіру мен тұтыну көрсеткіштері
ЕТ ЖӘНЕ ЕТ ӨНІМДЕРІ ЕТКЕ ШАҚҚАНДА
|
мың тоннамен
|
|
2008 жыл
|
2009 жыл
|
2010 жыл
|
2011
жыл
|
2012
жыл
|
1. Ресурстар
|
|
|
|
|
|
Жыл басына қорлар
|
103,6
|
144,6
|
149,3
|
143,8
|
124,4
|
Өндіріс (сойылған салмақта)
|
874,2
|
896,3
|
937,4
|
939,4
|
934,1
|
Импорт
|
214,3
|
179,7
|
202,4
|
245,5
|
314,5
|
Барлық ресурстар
|
1192,1
|
1220,6
|
1289,1
|
1328,7
|
1373,0
|
2. Пайдалану
|
|
|
|
|
|
Мал азығына өндірістік тұтынуға
|
7,2
|
7,3
|
7,7
|
8,0
|
8,2
|
Өзге де өнеркәсіптік пайдалану
|
6,0
|
6,1
|
6,4
|
6,6
|
6,9
|
Жоғалтулар
|
15,5
|
15,9
|
16,8
|
17,3
|
17,8
|
Экспорт
|
3,0
|
0,3
|
2,5
|
1,6
|
3,2
|
Болуы мүмкін тұтынудың көлемі:
|
|
|
|
|
|
Жеке тұтынуға
|
1015,9
|
1041,7
|
1111,9
|
1170,8
|
1193,7
|
Жан басына шаққандағы тұтыну, кг/жыл
|
64,8
|
65,4
|
68,1
|
70,7
|
71,1
|
Жыл аяғына қорлар
|
144,6
|
149,3
|
143,8
|
124,4
|
143,2
|
СҮТ ЖӘНЕ СҮТ ӨНІМДЕРІ
|
мың тоннамен
|
|
2008 жыл
|
2009 жыл
|
2010 жыл
|
2011
жыл
|
2012
жыл
|
1. Ресурстар
|
|
|
|
|
|
Жыл басына қорлар
|
1216,1
|
1763,0
|
2213,2
|
2435,1
|
2564,3
|
Өндіріс
|
5198,0
|
5303,9
|
5381,2
|
5462,5
|
5547,6
|
Импорт
|
860,1
|
878,8
|
862,3
|
881,5
|
897,8
|
Барлық ресурстар
|
7274,2
|
7945,7
|
8456,7
|
8678,8
|
9074,7
|
2. Пайдалану
|
|
|
|
|
|
Мал азығына өндірістік тұтыну
|
644,2
|
659,0
|
661,8
|
677,2
|
684,5
|
Өзге де өнеркәсіптік пайдалану
|
0,7
|
0,8
|
0,8
|
0,9
|
0,95
|
Жоғалтулар
|
36,4
|
47,7
|
50,7
|
51,2
|
55,6
|
Экспорт
|
23,0
|
31,1
|
9,2
|
10,5
|
13,5
|
Мүмкін болатын тұтыну көлемі:
|
|
|
|
|
|
Жеке тұтынуға
|
4806,9
|
4994,0
|
5197,2
|
5277,7
|
5564,8
|
Жан басына шаққандағы тұтыну, кг/жыл
|
306,7
|
313,6
|
318,4
|
325,6
|
355,3
|
Жыл соңына қорлар
|
1763,0
|
2213,2
|
2537,0
|
2637,5
|
2748,9
|
|
ЖҰМЫРТҚА ЖӘНЕ ЖҰМЫРТҚА ӨНІМДЕРІ
|
млн. дана
|
|
2008 жыл
|
2009 жыл
|
2010 жыл
|
2011
жыл
|
2012
жыл
|
1. Ресурстар
|
|
|
|
|
|
Жыл басына қорлар
|
63,5
|
117,1
|
201,0
|
127,8
|
143,3
|
Өндіріс
|
2989,1
|
3306,4
|
3720,4
|
3718,5
|
3673,4
|
Импорт
|
33,3
|
36,0
|
29,8
|
34,4
|
14,1
|
Барлық ресурстар
|
3085,9
|
3459,5
|
3951,2
|
3880,7
|
3830,8
|
2. Пайдалану
|
|
|
|
|
|
Өндірістік тұтыну
|
209,8
|
224,2
|
273,6
|
294,6
|
275,9
|
Соның ішінде
|
|
|
|
|
|
мал азығына
|
67,9
|
79,6
|
90,9
|
97,0
|
88,1
|
инкубацияға
|
141,9
|
144,6
|
182,7
|
197,6
|
187,8
|
Жоғалтулар
|
27,8
|
34,6
|
39,5
|
48,8
|
42,1
|
Экспорт
|
|
|
|
|
|
Болуы мүмкін тұтынудың көлемі:
|
|
|
|
|
|
Жеке тұтыну
|
2731,2
|
2999,7
|
3510,3
|
3394,0
|
3397,2
|
Жан басына шаққандағы тұтыну, кг/жыл
|
174,3
|
186,4
|
215,0
|
205,0
|
202,3
|
Жыл аяғына қорлар
|
117,1
|
201,0
|
127,8
|
143,3
|
115,6
|
Нарықтық қайта құру кезеңінде шаруа қожалықтары мен тұрғын халық шаруашылықтарында құс пен мал өсіру мәселелері мал шаруашылығының соңғы өнімдері мен жемге деген баға диспаритетіне байланысты қиындап кетті. Қосымша салмақ пен сүт мөлшерін алу үшін пайдаланылған жемнің іс жүзіндегі құны алынған өнімді өткізу құнынан да асып кетті.
Мал шаруашылығы өнімінің басым бөлігі әртүрлі меншік формасындағы кәсіпорындарда өндіріледі. Шаруа қожалықтары мен тұрғын халық шаруашылықтарында материалдық-өндірістік запастар (жем, отын және энергия) бағасының жоғары болуына, мал өсіру еңбегін механизациялау мүмкіншілігінің төмен болуы мен шаруа еңбегін қолдау облысында мемлекеттік саясаттың әлсіз болуына байланысты өндіріс тиімділігін қамтамасыз ету мүмкін емес.
10.2. Мал шаруашылығы өнімдерін өндірудің тиімділігі
Мал шаруашылығы тиімділігін бағалауда тек қана құндық емес, сонымен қатар натуралдық көрсеткіштер де пайдаланылады. Негізгі натуралдық көрсеткіштер:
-
мал басының мөлшері белгілі бір түрдің, жыныстың және жастың, ол– «табын айналымы» деп аталатын арнайы баланспен анықталады;
-
табын айналымы жыл ішіндегі немесе басқа уақыт кезеңіндегі малдардың әртүрлі жыныстық-жастық топтарының өзгерісін көрсетеді. Ол кесте болып табылады, оның екі бөлімінде мал басының барлық кіріс көздері мен шығыс бағыттары бірігеді, сонымен бірге жыл басы мен соңындағы барлық жыныстық-жастық топтардың саны көрсетіледі. Бұл кестеге табынның жыныстық-жастық топтары бойынша мал басының орташа жылдық саны, мал салмағының орташа тәуліктік және жалпы өсімі сияқты есепті көрсеткіштерін енгізген дұрыс болар еді.
Мал басының орташа жылдық санын табынның ай сайынғы айналымының негізінде, әр айдың басындағы мал санын қосып (жоспарлы жылдың 1 қаңтарынан 31 желтоқсанына дейін), осы санды 12-ге бөлу арқылы, немесе малдың сол немесе басқа жыныстық-жастық топта болу ұзақтығымен (жемдеу-күнмен) анықтайды.
Табын айналымы кестесінің мәліметтері мал басының ұдайы өндірісінің қарқынын, асыл тұқымды төлді сату қарқынын, малдың тірі салмағы мен тауарлық өнім көлемінің (сүт, жүн және жұмыртқа) өсім қарқынын жоспарлауда, сонымен қатар жұмыс күшіне, өндіріс құралдарына (ғимараттар, жабдықтар, жиһаз және т.б.), жемге деген қажеттілікті анықтау үшін пайдаланылады.
Табын айналымымен бір кезде малдарды жемдеу мен өріске жіберу үшін жеткізудің айлық жоспарлары жасалады, мұнда олардың саны, тірі салмағы, орташа тәуліктік өсу қарқыны бейнеленеді.
Ет өндірісін жоспарлауда жыл бойғы өсірудің өнімін (малдың тірі салмағының өсу қарқыны) және ішкішаруашылық үшін тұтыну мен өткізуге арналған етті өндіру көлемін жеке есептеген жөн.
Өсіру өнімі мал түрлері бойынша және жалпы көлемі етке және асылдандыру мақсатқа өткізген малдар салмағының қосындысы ретінде, ал табынның өсімі сатып алынған малдардың тірі салмағын (оларды сатып алған кездегі) алып тастау арқылы анықталады. Жоспарлау барысында табын бойынша орташа бір бастың орташа салмағы, сонымен қатар әр-бір 100 ұрғашыға келетін төл басы малдарды жемдеу мен ұстау жағдайындағы алдағы өзгерістердің әсерін, сонымен бірге табынның тұқымдық жетілуін есепке ала отырып өткен кезең мәліметтері негізінде қабылданады. Әр-бір жыныстық-жастық топтың жалпы өсімі келесі формула бойынша анықталады:
Мв = Пср.г х Мср.с х Тг, мұндағы:
Мв – жалпы өсім;
Пср.г – орташа жылдық мал басы;
Мср.с – орташа тәуліктік өсім;
Тг – жылдағы күндер саны.
Жалпы өсім мөлшері жоспарлы орташа тәуліктік өсімді жемдеу күндерінің санына көбейту арқылы есептелінеді.
Ет өндірісі жалпы өсімнің бір бөлігі болып табылады, және тірі салмақты сатуға және шаруашылық ішілік қажеттілікке сойылған малға есептеу жолымен анықталады. Бұл үшін тұқымдық жастық құрамы мен күйлілігіне байланысты болатын өзгерістерді есепке ала отырып мал түрлері бойынша сәйкес коэффициенттер қолданылады.
Сүт өндірісі орташа жылдық сиыр басымен және 1 кг салмаққа немесе 1 литр көлемге есептелген сиыр басына шаққандағы орташа сауын сүт мөлшерімен есептелінеді. Сиыр басына шаққандағы жоспарлы орташа сауын сүт мөлшері барлық сиыр басынан алынатын мүмкін жылдық сауын мөлшерін қосып, оны сиырлардың орташа жылдық санына бөлу арқылы анықталады. Мұнда сиырлардың орташа жылдық санына жемдеуге қойылған сиыр саны мен бұзау емізетін аналық сиырлар саны қосылмайды.
Табынның ұдайы өндірісі 100 сиырға шаққандағы бұзау саны және жыл сайынғы аналық мал басының жарамсыздық пайызы туралы мәліметтер негізінде есептелінеді. Сүтті малдың ең жоғарғы өнімділігі 4-5 лактацияға (бұзаулағаннан кейінгі сүттің қалыптасуы мен бөлінуі) келетін болғандықтан сүтті мал санының жыл сайынғы 20% -ның жарамсыз болуы оңтайлы болып табылады. Табындағы өлген малдың үлестік салмағы 3-5% -дан жоғары болмауы керек.
Мал шаруашылығы тиімділігін бағалауда келесідей құндық көрсеткіштер пайдаланылады:
-
шаруашылықтағы жалпы мал санындағы жеке мал түрлерінің үлестік салмағы. Мұнда абсолютті көрсеткіштермен қатар (малдың әр түрінің бас саны) салыстырмалы (ірі қара мал, кәрі шошқалар, қойлар және т.б. санына келтірілген) көрсеткіштер де қолданылады. Бір жағынан, мұндай талдау мал шаруашылығы өнімін өткізу көлемін нақты жоспарлауға, екінші жағынан – шаруашылық дамуының жақын перспективалары мен резевтерін бағалауға мүмкіндік береді (мысалы, тоқтылар мен қозылардың алты айға дейінгі тобындағы санының азаюы 10-12 айдан соң ферманың өткізу мен союға арналған қой басының болмауымен байланысты күрделі мәселелерге тірелетіндігін көрсетеді);
-
абсолютті көріністегі және өткізілген өнімнің 1 теңгесіне шаққандағы өндірістік шығындар қосындысы;
-
өткізілген өнімнің рентабелділік деңгейі;
-
ауыл шаруашылық малдарының өнімділігі. Шаруашылықтың мамандану түріне байланысты өнімділік көрсеткіші ретінде келесілер қолданылады:
-
бір сиырдан алынатын орташа сауын сүт мөлшері;
-
бір қойдан қырқылатын орташа жүн мөлшері;
-
бір тауықтың орташа жұмыртқалау саны;
-
жемдеудегі бір бастың орташа тәуліктік салмағы;
-
бір ара ұясына шаққандағы бал шығымының орташа мөлшері және т.б.
-
малдар тобы бойынша өнімділік. Бұл көрсеткіштің мөлшеріне екі фактор әсер етеді:
-
мал топтары бойынша өнімділіктің өзгеруі;
-
мал басы құрылымының өзгеруі;
-
мал басына немесе 1 ц өнімге шаққандағы пайда сомасы;
-
кәсіпорынның жалпы өнім рентабелділігі. Мұнда өнім рентабелділігі көрсеткіші ретінде де (алынған пайда сомасының барлық өндірілген өнімнің жалпы өзіндік құнына қатынасы), сонымен бірге кәсіпорын рентабелділігі көрсеткіші ретінде де (пайданың айналымнан тыс активтер мен материалдық айналым қорлары құнының қосындысына қатынасы) есептеуге болады. Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылық Министрлігінің мәліметтеріне сүйенсек, 2005 жыл қорытындысы бойынша мал шаруашылығы өнімдерінің ішінен сүт өндірісі ғана рентабелді болған (23,4%).
-
пайда нормасы – рентабелділік көрсеткішінен пайда нормасының ерекшелігі, пайда активтер құнымен немесе өнімнің өзіндік құнымен ара қатынаста емес, аванстық капитал мөлшерімен ара қатынаста болады. Көрсеткіштің өзгеру динамикасын бірнеше жыл бойынша қарастырған дұрыс.
Мал шаруашылығы өнімінің тиімділігін сипаттайтын жеке көрсеткіштерді есептегенде бұл өнімнің екі бөліктен тұратындығын білген жөн:
-
малды шаруашылықта пайдаланғанда алынатын өнім (сүт, жүн, жұмыртқа және т.б.);
-
малды өсіру (өндіріс) нәтижесінде алынатын өнім (төл, өсім, қосымша салмақ).
Ет өндірісінің өніміне етке өткізген малдың тірі салмағының еті мен сойылған салмақтағы мал етін жатқызады. Сойылған салмақтағы ет өніміне терісі мен 1-2 категориялы ішек-қарынды қоспағандағы (бастар, сирақтың төменгі жағы мен ішкі органдар) тұша салмағы кіреді. Нәтижелер мен талдауды бағалау мақсатында тірі малды сойылған малға есептейді. Нақты есептеуді малдың тұқымы мен күйлілігін есепке алғандағы коэффициенттер бойынша жүргізеді. Іріленген мөлшерлі есептеулер үшін орташа коэффициенттерді қолдануға болады:
-
ірі қара мал бойынша - 48%;
-
шошқа бойынша - 65%;
-
қой мен ешкі бойынша – 42%.
Жемдеуде тұрған бір бас малдың тәулігіне қосқан салмағы маңызды көрсеткіш болып табылады. Бұл көрсеткіш жинаған (салмағын немесе ірілігін өлшеу арқылы көрсеткіштерді жазып алған күнгі) және жемдеуге қояр алдындағы (жемдеуге қойған күнгі немесе жемдеуге қояр алдында өлшеген) салмақтар айырмасының жемдеу кезеңіндегі күндер санына қатынасы арқылы анықталады. Мұндай жағдайда осы күндер аралығында өткізуге жіберілген мал басының саны бойынша өзгерістер енгізу керек немесе шығып қалған мал басының санына келетін жемдеу күндерін қысқарту қажет, тағы бір жолы мал басының әр тобы бойынша жеке есептеулер жүргізген жөн.
Мал шаруашылығы өнімінің өндірісі бізге тәуелсіз себеп – мал басының бір бөлігінің жоғалуымен байланысты. Бұл көрсеткіш жоспарланбайды, алайда оның динамикасы мен құрылымына талдау жүргізу керек. Мал шаруашылығы өнімдерін жоғалту мал дәрігерлік шаралардың экономикалық тиімділігімен байланысты. Методология жағынан қарастырғанда мұнда өте күрделі есеп жүргізіледі. Мал дәрігерлік шараларды жүргізуге кететін шығындарды мал басын жоғалтудан болатын ықтималды материалдық шығындар сомасымен салыстырған жөн. Мал басын жоғалту деңгейіне әсер ететін факторлар өте көп және де олар әрқашанда мал дәрігерлік шаралардың сапасы мен көлеміне тәуелді болмайды. Осыған қарамастан бұл факторларды табу керек.
10.3. Мал шаруашылығының тиімділігін арттыру жолдары
Елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету халықты мал шаруашылығының өнімімен қамтамасыз етумен тығыз байланысты, бұл өз кезегінде ерекше әлеуметтік тиімге ие.
Қазақстан Республикасының 2006-2010 жылдарға жасалған АӨК тұрақты даму Тұжырымдамасын іске асыру бойынша 2006-2008 жылдарға құрылған алдыңғы кезектегі шаралар Бағдарламасында қарастырылған мал шаруашылығын мемлекеттік қолдаудың негізгі артықшылықтары болып келесілер табылады:
-
жем-шөп дақылдарын өсіруге арналған егістік алқаптарын үлкейту және жем-шөп дайындау бойынша қызмет көрсетуге мамандандырылған сервис-орталықтар құру жолдары арқылы малдарды толыққұнды және теңдестірілген жемдеумен қамтамасыз ету және тұрақты жем-шөп базасын құру;
-
орта және ірі тауарлық мал шаруашылығын қалыптастыру процесін ынталандыру, оны өнеркәсіптік негізге ауыстыру, соның ішінде құрама жем құнын субсидиялау механизмін пайдалану арқылы, саланы техникалық және технологиялық жағынан қайта жабдықтау үшін лизингтік бағдарламаға енгізу;
-
жергілікті малдың асыл тұқымдық және өнімділік сапасын жақсарту үшін мақсатты бағытталған селекциялық-асылдандыру жұмыс, соның ішінде шетелдік генофондық қорды пайдалану арқылы, сонымен бірге импорттық селекция тұқымдарын әкелу және бейімдеу;
-
жоғары кластық асыл тұқымды малдарды алу мен ұстауды субсидиялау және кеңейтілген ұдайы өндіріс үшін жөндеу төлін өсіру;
-
отандық ауыл шаруашылық тауар өндірушілеріне өткізілген асыл-тұқымдық өнім құнын арзандату;
-
асылдандыру істі дамыту үшін алынған арнайы технологиялық, зертханалық жабдық, сонымен қатар ауыл шаруашылық техникасы мен оргтехника құнын қайтару;
-
жергілікті бюджет қаржысының есебінен малдарды жасанды ұрықтандырудың, мал шаруашылығы өнімдері мен шикізатын дайындаудың мемлекеттік бөлімшелерін, ауыл шаруашылық малдарын сою алаңдарын салу, ұстау және қайта жаңарту;
-
мал шаруашылығы өнімдері мен шикізатын сатып алу бойынша дайындау бөлімшелері жүйесін құруды ынталандыру;
-
карантинді-экспорттық алаңы бар сиыр еті мен қой еті өндірілетін жемдеу алаңдарын салу;
-
құрама жем өнеркәсібін дамыту арқылы малдар мен құстарды толық құнды және теңдестірілген жемдеуді қамтамасыз ету;
-
сүт, сиыр етін, қой етін, шошқа мен құс етін және жұмыртқа өндірісі үшін құрама жем құнын арзандату арқылы мал шаруашылығы ман құс шаруашылығы өнімдерінің сапасы мен өнімділігін арттыру;
-
табиғи жайылымдарды көптеп пайдалану арқылы малды өсірудің шығынсыз технологиясын қолдану;
-
ірі елді мекендердің маңынан сүт өндіру зонасын салу;
-
2008 жылдан бастап әлемдік селекцияның жоғары өнімді тұқымдарын пайдалану арқылы сүтті малдың бәсекелестік қабілеті бар түрін құру бойынша жүргізілетін ғылыми-зерттеу жұмысын қаржыландыру.
Мал шаруашылығы өнімін арттыру бойынша шешім қабылдау барысында келесі факторларды есепке алған жөн:
-
сүтті мал шаруашылығын тиімді дамыту жоғары өнімді сүтті сиырлар басын көбейту мен осы сиырлардың өнімділігін арттыру бойынша бірнеше шаралар жүргізу негізінде ғана жүзеге асады. Тиімділікті арттырудың осы және басқа да бағыттары:
-
біріншіден, күрделі салым салуды;
-
екіншіден, алғашқы нәтижелерге қол жеткізу үшін біраз уақытты (бір жарым-екі жыл) талап етеді;
-
шошқа шаруашылығын дамыту жем-шөптік дән мен белок жемін өндірудің нақты мүмкіншілігі бар аймақтарда ғана тиімді болып табылады;
-
қой шаруашылығы мен ешкі шаруашылығын жеткілікті түрде табиғи жем-шөптік жерлері бар аймақтарда, яғни Қазақстанның барлық жерлерінде дамытқан қолайлы;
-
құс шаруашылығында құс фабрикасының жұмыртқа және бройлер өндіру бағытындағы қуатын толығымен пайдаланған жөн. Бүгінгі міндет мүмкін қуатты, қолда бар қорларды тиімді түрде пайдалана отырып мал басын көбейту болып табылады. Әрине, құс фабрикасының эксплуатациялық сипаттамасын қалпына келтіру үшін қосымша қаражат керек болады. Құс шаруашылығы үшін салыстырмалы түрде жаңа болып құс шаруашылығы өнімін терең өңдеу бойынша кәсіпорын құру табылады.
Жағымсыз және белгісіз факторлардың болуына қарамастан қазіргі кезде мал шаруашылығының барлық бағыттарын дамыту үшін жақсы перспективалар бар.
Бақылау сұрақтары:
-
Мал шаруашылығы өнімінің мәні неде?
-
Мал шаруашылығының соңғы өнімінің құрамына не кіреді?
-
Жалпы өсім дегеніміз не және ол қалай анықталады?
-
Мал шаруашылығы тиімділігін бағалауда қандай құндық көрсеткіштер пайдаланылады?
-
Мал шаруашылығы тиімділігін арттырудың негізгі жолдарын құрастырыңдар.
Тақырып 11 БАҒА ЖӘНЕ САЛАНЫҢ ӨНІМДЕРІНЕ БАҒА БЕЛГІЛЕУ
МАҚСАТЫ:
Студенттерге бағаның пайда болу негіздері жөнінен мағлұмат беріп, оларды әртүрлі экономикалық жағдайларда ауыл шаруашылығы өнімдерінің босату бағаларын анықтаудың әртүрлі әдістерін пайдалануға үйрету.
11.1 Бағаның, баға механизмінің экономикалық мәні және бағалардың функциялары.
Сұраным мен ұсыным қатынастарын негізгі анықтаушы өнімдердің бағасы болып табылады.
Баға дегеніміз – бұл тауардың ақшамен көрсетілген құны.
Баға - өнімдерді өткізуден түскен табысты анықтайтын негізгі факторлардың бірі, демек ол кәсіпорынның алатын пайдасының мөлшеріне және оның қаржылық экономикалық жағдайына тікелей әсер етеді.
Егер жоспарлы экономика кезінде баға өндірістің орташа шығындарына тең болып оны мемлекет реттеп отырса, енді нарықтық жағдайда ол шығындар шектері деңгейлерімен, яғни тауарлар партиясы нарықтың тануына қарай қойылатын болды. Осы орайда сұраным азайып, ұсыным көбейсе бағаның төмендейтінін, сұраным көбейіп ұсыным азайса керісінше болатынын айту керек.
Нарықтық экономика жағдайында бағалар мынандай негізгі функцияларды орындайды:
- ынталандырушы, мұның мәні мынада: баға қою өнімдердің сапасына тура пропорционалды, неғұрлым жоғары баға қойып, неғұрлым жоғары табыс алу көзделеді. Сөйтіп бұл функция мынаған әсер етеді: селолық тауар өндіруші неғұрлым жоғары бағамен сату үшін өнімдерін неғұрлым сапалы етіп шығаруға тырысады;
- реттеуші, бұл нарықтық тепе-теңдікті сақтау кезінде көрінеді: сұраным көбейгенде баға төмендейді, рынокта қандай бір өнімдердің жетімсіздігі көрінген кезде олардың бағалары көтеріледі;
- бөліп таратушы, ресурстардың белгілі бір түрлерінің бағалары өзгеретін болса ақша қаражаттары ағындарының қозғалысын басқа бақыттарға аударуға тура келеді. Мысалы, технологиялық қондырғылардың бағалары өсіп кетсе ауыл шаруашылық кәсіпорын оны алудан бас тартуына тура келеді де, өзінің ақша қаражатын басқа нарықтарға бағыттайды.
Агроөнеркәсіп кешені жағдайында баға функцияларының еркін көрінуі белгілі шамада шектеулі болады. Бұл елдің азық-түліктік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге орай ауыл шаруашылығын мемлекеттік реттеудің қажеттілігінен барып туады.
11.2 Агроөнеркәсіп кешенінің өнімдеріне бағалар жүйесі және баға белгілеу
Нарықтық қатынастар жағдайында бағалардың негізгі түрлері мыналар болып табылады:
- еркін бағалар, яғни бұл бағалар сұраным мен ұсынымның негізінде ғана қалыптасады;
- реттелетін бағалар - өндірушінің нарықтағы монополдық жағдайын есепке алып немесе өндіретін өнімдерінің жоғары әлеуметтік маңыздылығын ескеріп мемлекет тарапынан деңгейлері реттелетін бағалар;
Экономикалық зерттеулердің мақсаттарына байланысты бағалардың түрлері мынандай болып бөлінеді:
- кәсіпорынның көтерме бағалары – бұл дайындаушы кәсіпорынның осы саладағы қайта сатушыларға өнімдерді көтерме бағалармен қойғандары;
- салалардың көтерме бағалары - бұл - өнімдерді сауда ұйымдарына өткізгендегі бағалар; мұндай жағдайда өткізуді тікелей сауда ұйымдары жүзеге асырады және бағаларға толайым сауда базаларының және қоймалардың шығындары мен жоспарлы пайдалары қосылмайды, белгіленген баға болмайды;
- бөлшек сауда бағалары - бұл өнімнің түпкі сатып алушы өткізілетін бағасы;
- сатып алу бағалары - мемлекет өз қажеті үшін (мемлекеттік резерв және т.б.) сатып алатын бағалар, кейде мұндайды кепілді бағалар деп те атайды, өйткені бағалар деңгейі мен өткеру көлемдері дер кезінде белгіленеді және мемлекет кепілдік береді;
- салыстырылатын бағалар - бұл өндірістің физикалық көлемдерінің динамикаларын және өнімдердің өткізілуін өлшеу үшін пайдаланылады.
Нарықтық экономика жағдайында бағалардың пайда болуының келесі әдістері пайдаланылады:
-
орташа шығындар деңгейіне пайданы қосып бағаларды бекіту;
-
өнімдердің жоспарлы рентабельділігі деңгейлері бойынша бағаларды бекіту (зиян шекпеуді және мақсатты табыстарды алуды қамтамасыз ету үшін);
-
өнімдердің нақты құндарынан шығарып бағаларды белгілеу;
-
бағаларды орташа бағалардың деңгейі негізінде белгілеу.
Бірінші әдіс бойынша баға өнімдердің өзіндік құндары және стандартты үстемелер негізінде бекітіледі. Үстеменің мөлшері тауардың түріне және өткізілетін партияның көлеміне қарай өзгеріп отырады.
Рентабельділіктің жоспарлы деңгейі негізінде бағаны бекіту жалпы шығындар (өндіруге кеткенімен) мен алынар деген жоспарлы пайданы салыстырудың негізінде бекіту (есептесу) жасалады. Пайданың мөлшері қалыптыдан кем болмауы керек және өнімдердің түрлеріне қарай маңызы елеусіз шектеулер шегінде өзгеріп отырады.
Бұл екі әдістің кемшілігі олар нарық механизмінің әсерін – сұраным мен ұсынымның қатынастарын есепке алмайды.
Бағаларды тауардың нақты бағалығы негізінде белгілегенде өндіру мен айналымның нақты шығындары бойынша емес бағалардың өзгеруіне (сұраным икемділігі) негізгі сатып алушылардың етер әсерлері ескеріледі. Өйткені ауыл шаруашылығы өнімдерінің көп бөлігінің эластиктілігі төмен болғандықтан бағалар деңгейі мемлекет тарапынан реттеу қажеттілігі туады.
Бағаларды орташа ағымдағы бағалардың деңгейлерінің негізінде белгілер кезде тауар сатушы өздерінің өндіруі мен өткізулеріне кеткен шығындарды есепке алмайды, тек осындай өнімдерді шығаратын бәсекелестіктерінің қойған бағаларына қарай бағдар жасайды. Егер бұл баға жаңа өндірісті ұйымдастыру кезеңінде анықталатын болса, рынокқа жаңа тауар өндірушінің шыққанынан кейін барып сұраным мен ұсынымның өзгерістерін ескерген жөн.
Тауарларға, жұмыс пен қызмет көрсетулерге (салық салу үшін) баға қоюды анықтау Қазақстан Республикасының Салық кодексінде көрсетілген.
Жалпы жағдайда нарықтық бағалар ретінде тауарларға, жұмыс немесе қызмет көрсетуге келісуші жақтардың қойған бағалары алынады.
Нарықтық бағалардың деңгейлеріне мына факторлар әсер етеді:
- тауарларға (жұмыстар, қызмет көрсетулер) тұтынушылар сұранымның маусымға және басқадай жағдайларға байланысты өзгеруі;
- тауарлардың сапасы немесе тұтынушылық қасиеттерінің жоғалуы;
- тауарлардың жарамдылық немесе өткеру мерзімдерінің өтіп кетуі;
- маркетингтік саясаттың, оның ішінде рынокта оған ұқсастығы жоқ тауарлардың қозғалулары, сондай-ақ тауарлардың (жұмыс, қызмет көрсету) жаңа рынокта қозғалулары;
- тұтынушыларға таныстыру мақсатымен тауарлардың тәжірибелік модельдері мен үлгілерін өткізу. Бұл ауыл шаруашылығының өңдеуші саларының шығарған тауарларына қатысты.
Тауардың, жұмыстардың немесе көрсетілер қызметтің бағаларын анықтаған кезде осы тектес тауарлардың салыстырмалы бағалары жайындағы ақпараттар есепке алынады. Мысалы, жеткізілетін тауарлардың саны (көлемі), міндеттемелерді орындау мерзімдері, төлем шарттары есепке алынады.
Бұл жағдайда келісім шарттары тауарлардың тұтас бөлігіне елеулі әсер етпейді, не болмаса түзетулер енгізу арқылы есептелінеді.
Нарықта осындай тауарлардың болмауынан немесе осы нарықта мұндай тауарларға сұранымның жоқтығынан барып тиісті бағаларды анықтау мүмкін болмаған жағдайда, ақпараттар жоқ немесе оны алу өте қиын болғанда нарықтық бағаларды анықтау үшін бағаларды өткізгеннен кейін белгілеу әдісі қолданылады.
Өткізгеннен кейін белгілеу әдісі қолдану мүмкін болмаған жағдайда шығындану әдісі қолданылады, бұл жерде тауарлардың, жұмыстардың, немесе көрсетілер қызметтердің нарықтық бағалары өндіру шығындары мен қызметтің осы сферасынан алынатын пайдалардың жиынтық сомасымен анықталады. Өндіріске (алуға) және тауарларды өткізуге, тасымалдауға, сақтауға, қауіпсіздендіруге және басқадай осы сияқты шығындардың бәрін есептегендегі тура және жанама шығындар есепке алынады.
Сөйтіп, ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізуден түсетін пайданы жоспарлағанда, бағаларды бекіткенде менеджер ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізу үшін беруге келісілген бағаларды есепке алуы керек. Алайда, жоспарлау есеп берілетін жылдың аяғында, яғни жеткізу туралы келісім жасалмай тұрған кезде бағаны анықтаудың бұл нұсқауды қолдануға келмейді.
Ондай жағдайда шығындану әдісі қолданылып, мыналар анықталады:
-
өндірістік өзіндік құн;
-
толық өзіндік құн;
-
өнімдердің толық өзіндік құндарын (жоспарлы) рентабельділіктің деңгейіне (жоспарлы) көбейту арқылы өнімдердің өткізу бағалары.
Үшінші әдіс нарықтық бағаларды анықтау - өткізуден кейін келеді, бұл орайда шикізаттар мен олардан өңделіп шығарылатын өнімдердің құндарының қатынастарының нормативтерін білу керек.
Дайын өнімдердің көтерме бағаларының құндары мен шикізаттардың құндарының нормативті қатынастарын анықтау үшін қатынас коэффициенттері қолданылады, оны ауыл шаруашылығы шикізаттары мен азық-түліктердің шектеулі номенклатурасы бойынша белгілеу ұсынылған, мысалы:
-
сиыр еті – мүйізді ірі қара малы;
-
шошқа еті – шошқа;
-
қалыпты сүт – сүт;
-
ұн – астық;
-
күнбағыс майы – күнбағыс;
-
қант – қант қызылшасы.
Нормативті коэффициент ретінде кәсіпорынның дайын өнімдерінің көтерме бағаларындағы құндарының дайын өнімдердің әр өлшеміне есептегендегі ауылшаруашылығы шикізаттарының сатып алу бағаларына қатынасы қолданылады.
Дайындаушы кәсіпорынның көтерме бағасы былайша анықталады:
- егер техникалық жарақтандырулары, өндіретін ассортименттері және өндіріс көлемдері жағынан бірегей болса аймақтағы саланың барлық кәсіпорындарын тұтас алғанда
- біртектес кәсіпорындардың топтары бойынша.
Калькуляция жасау жоспарлау, есептеу және өнімдердің (жұмыстардың, қызмет көрсетудің) өзіндік құндарын калькуляциялау жөніндегі салалық нұсқауларға сәйкес жүзеге асырылады.
Бұдан ары өнімдердің нақты түрлері бойынша және тұтас кәсіпорын бойынша пайда мен рентабельділік анықталады.
Есеп айырысатын көтерме бағаларға қосылатын пайда қолданылатын нормативтік актілерге сәйкес кәсіпорынның қалыпты қызметін қамтамасыз етуі тиіс.
Нақты өнім бойынша рентабельділік (Р) мынаған тең:
P = ( П : З ) х 100 мұнда,
П – пайда (теңге);
З – толық өзіндік құн (теңге);
Түпкі (ақырғы) өнімдердің көтерме бағалары мен шикізаттар –құндарының арақатынасы мына формуламен шығарылады:
К = Ц : C мұнда,
К - ақырғы өнімдердің нақты түріне қатынас үшін алынатын нормативті коэффициент;
Ц – ақырғы өнімдердің нақты бір түрінің көтерме бағасы (тоннасы үшін теңгемен);
С – нақты ақырғы өнімдерді әзірлеуге пайдаланылатын шикізаттың құны (тоннасы үшін теңгемен).
Аймақтағы бір саланың жеке кәсіпорындарды бойынша коэффициенттерді дифференциялау ұсынылмайды. Ерекше жағдайларда аймақтық органдардың шешімдері бойынша жеке кәсіпорындардың техникалық жарақтандыруларына қарай коэффициенттер мен нормативтер дифференцирлендірілуі мүмкін.
Ақырғы өнімдердің белгілі бір түріне нақты бағаларды қалыптастырғанда рыноктың конъюктурасы мен жұртшылықтың өз сұранымдарына төлеу қабілеттерін ескеру керек.
11.3 Саладағы бағалық реттеу
Ауыл шаруашылығында бағаның пайда болуы екі фактормен дараланады:
- ауыл шаруашылығы өнімдеріне сұраным эластиктілігінің төмендігі, яғни өнімдерге бағалардың өзгеруі сұраным деңгейіне былайша ғана әсер ететіндігімен;
- аймақ пен шығарылатын өнімдердің ерекшеліктеріне қарай құрылымның дифференциацияларының дәрежелері және шығын деңгейлері үлкен болатындықтан ауыл шаруашылығы өндірісінің шығынға батушылығы жоғары болады.
Осы факторлар ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағаларын реттеуге мемлекеттің қатысу қажеттілігін тудырады. Бұл бір жағынан жұртшылықты күнделікті тұтынатын азық түліктердің (нан, сүт, ет) өткізу бағаларын орынсыз көтеруден қорғаса, екінші жағынан табиғи жағдайларға байланысты қалыпты жұмыс істеулері (рентабельді) қиындап отырған ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын қолдау үшін (субвенциялар мен дотациялар бөлу арқылы) қажет.
Экономиканың агроөнеркәсіп секторындағы мемлекеттің баға саясаты кепілді және мақсатты бағалар қолдану арқылы жүзеге асырылады.
Ауыл шаруашылығы өнімдерінің шикізаттар мен азық-түліктердің нарықтағы экономикалық қатынастарының негізі болып сұраным мен ұсынымның әсерімен қалыптасатын нарықтық (келісімді) бағалар болып табылады. Алайда бірқатар жағдайларды өнімдер нарығын реттеу және тауар өндірушілерді қолдау мақсатында мемлекет кепілді және мақсатты бағаларды енгізуге мәжбүр болады.
Кепілді баға мақсатты бағалар негізінде есептелінеді және мемлекеттік үкімет органдарымен белгіленеді, сонымен қатар, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің табысты болуларын және өз өндірістерін ұлғайтуларына жеткілікті қаражат табулары қамтамасыз ету үшін қойылады.
Кепілді бағалар ауыл шаруашылығы өнімдерінің тек белгілі бір түрлеріне және шектеулі көлемдерде қойылуы мүмкін.
Мақсаттағы баға (нормативті индикаторлар) өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы өнімдері қатынастарының артықшылықтарын қамтамсыз ету, шығындарды жабу, салық және басқадай төлемдерді алу, несие бойынша проценттерді төлеу, ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің экономиканың салалары бойынша орташа деңгейдегі табыстар алуларына жетулерін және өндірістерін ұлғайтуларына жеткілікті қаражат табуларын камтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің ұйғарымымен бекітіледі.
Бақылау сұрақтары:
Баға тұралы ұғым.
Бағаның жасалуы (құрылуы) тұралы түсiнiк.
Бағаны босату.
Босатудың әсерi.
Баға түрлерi.
Баға жүйесi.
Бағаның қызметi (ұғымы, мәнi, мағынасы).
Баға жасау айласы туралы ұғым, түрлерi.
Сыйлықты баға.
Ортақ қасиеттi баға айласы.
Бағаны бұзу айласы.
Өткеру бағаларын анықтаудың қандай негізгі әдістері бар?
Өткізудің нақты бағаларын қалыптастырған кезде ескерілуі тиіс екі негізгі факторды атаңыз.
Кепілді баға деген не?
Тақырып 11. Ауыл шаруашылығындағы инвестициялар мен инновациялық қызмет
1. Инвестициялар түсінігі, түрлері
Инвестициялар – пайда табу мақсатында кәсіпкерлік қызмет объектілеріне капитал жұмсау. Мақсатына және мерзіміне қарай инвестициялар келесі топтарға бөлінеді:
-
қоржынды – бағалы қағаздарды сатып алу және оларға басқару жүргізу.
-
венчурлық – жаңа қызмет өрістеріне немесе жаңа өнімдерге жұмсалатын қаржы
-
тура – шаруашылық жүргізуші субъектілерінің жарғылық капиталына жасалынатын салымдар
-
аннуитеттер – сақтандыру және зейнетақы қорларына жасалынатын салымдар.
Жалпы алғанда инвестициялар қоржынды және нақты болып бөлінеді.
Нақты инвестициялар келесі түрде бөлінеді:
-
мүлікке – күрделі шығындар
-
материалдық емес (кадрларды даярлау, жарнама, зерттеулерге, құрастыруларға).
Формасына қарай инвестиция түрлері:
-
ақшалай немесе оған эквивалентты қаржымен;
-
жер қорымен;
-
ғимараттармен, құрлыстармен, жабдықпен немесе басқа мүлікпен;
-
ақшалай саналған мүлік құқықтарымен (патент, сауда маркалары, лицензия).
Инвестиция көздері:
-
кәсіпорынның өзіндік қаржысы (пайда, амортизация, сақтандыру қоры);
-
келтірілген қаржы (акция, облигация, бағалы қағаздар сату);
-
қарызды қаржы (несие, облигациялық қарыз, шетел банктердің, ұйымдардың несиелері, сақтандыру және зейнетақы қорларының несиелері);
-
Жоғары тұрған холдингпен, қаржы-өнеркәсіптік топтармен берілетін қаржы;
-
Мемлекеттік бюджет пен қаржы қорларынан тегін салымдар;
-
Шетел инвестициялары.
Инвестициялау қағидалары:
-
«замазка» қағидасы. Инвестиция тиімділігін алдын-ала анықтау.
-
Адаптациялық шығындар қағидасы. Жаңа инвестициялық ортаға бейімделу шығындары.
-
Мультипликатор қағидасы. Салалардың байланысын ескеру.
-
Q қағидасы. Қатаң реттеу жүргізілмейтін кәсіпорындарда қолданылады. Инфляцияны, тәуекелді, қайтарып алу мерзімін және капитал салу шарттарын есебке алу.
Инвестицияларды жасау нәтижелері: экономикалық, техникалық, әлеуметтік, экологиялық, саяси
Күрделі шығындар - өндірістік қорлардың құнын өсіруге жіберілетін салым
Күрделі шығын түрлері:
-
ескі – іс жүзінде істейтін негізгі қорлар құны (Ке).
-
жаңа – жаңа жабдықтың құны: бағасы, жеткізу және орнату құны, модернизация шығыны, жобалауға, құрылысқа және айналым қаржыны өзгертуге кеткен шығындар:
-
Кқолд– қолданылған күрделі шығындар.
-
Кқос=Кж–Ке
2. Инвестициялардың экономикалық тиімділігін анықтау әдістері.
Инвестиция тиімділігін анықтағанда келесі көрсеткіштер анықталады:
-
Коммерциялық тиімділік көрсеткіштері – тікелей қатысушылар үшін нәтижелерді сипаттайды.
-
Бюджеттік тиімділік көрсеткіштері – мемлекеттік, жергілікті бюджетке әсерін сипаттайды.
-
Экономикалық тиімділік көрсеткіштері– қатысушылардың, аймақтың, жалпы елдің тура мүддесіне қатысты болатын жоба бойынша шығындар мен нәтижелерді сипаттайды.
Достарыңызбен бөлісу: |