ПОӘК 042-18 23/03-2014 №2 басылым 11. 09. 2014


Модуль 3. Ауыл шаруашылығының қызметтінің тиімділігі мен даму бағыттары



бет16/17
Дата11.07.2016
өлшемі1.16 Mb.
#190235
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

Модуль 3. Ауыл шаруашылығының қызметтінің тиімділігі мен даму бағыттары

Тақырып 8. Ауыл шаруашылығында табыстардың қалыптасуы



МАҚСАТЫ:

Студенттерді ауыл шаруашылық өнімдерін өткізуден түскен табысты қалыптастыру мен бөлудің негізгі қағидаларымен таныстыру.



Сабақтың құрылымы
8.1 Ауыл шаруашылық кәсіпорындарының табыстары және олардың түрлері

8.2 Табыстылық кеңейтілген ұдайы өндірістің негізгі шарты ретінде

8.3 Ауыл шаруашылығында табыстарды бөлу
Бақылау сұрақтары:
1.Қандай табыстар басқа түсімдерге жатады?


  1. Алынған табыс мөлшері қалай анықталады?

  2. Директ-костинг жүйесі дегеніміз не және ол не үшін қолданылады?

  3. Ауыл шаруашылық өндірісі кеңейтілген болуы үшін не қажет?

  4. Өтем қоры дегеніміз не?

  5. Тұтыну қорының қаржысын қайда жіберуге болады?

  6. Кеңейтілген ұдайы өндірісті жүзеге асыру мүмкіншілігін бағалау үшін қандай көрсеткіштер қолданылады?


Тест сұрақтары
1. Кәсіпорынның өңдірген өнімін сатқаннан алынатын ақшаны қалай атайды?

А) Пайда


Ә) Түсім

Б) Табыс


В) Өзіндік құн

Г) Зиян
2. Кәсіпорынның атқарған жалпы қызыметінен түскен ақша дегеніміз не?

А) Пайда

Ә) Түсім


Б) Табыс

В) Өзіндік құн

Г) Тиімділік деңгейі
3. Өнім бағасының және осы өнімнің өзіндік құнының арасындағы айырманы қалай атайды?

А) Пайда


Ә) Түсім

Б) Табыс


В) Өзіндік құн

Г) Тиімділік деңгейі


4. Табыс пен экономикалық шығынның айырмасы қалай аталады?

А) Бухгалтерлік пайда

Ә) Өнімнің өзіндік құны

Б) Жалпы пайда

В) Экономикалық пайда

Г) Таза пайда


5. Бір теңге жұмсаған шығын қанша пайыз пайда әкелетінін көрсететін шама?

А) Таза пайда

Ә) Экономикалық пайда

Б) Зиян деңгейі

В) Түсім

Г) Тиімділік деңгейі


6. Кәсіпорынның таза пайданы жұмсау бағыттарына не жатпайды?

А) Кәсіпорын қызметін дамыту

Ә) Салықтарды төлеу

Б) Әлеуметтік мақсаттарға

В) Сақтық қор құруға

Г) Жұмыскерлерге сый ақы төлеу


7. Пайданың түрлерін дұрыс атаңыз.

А) Жалпы пайда, таза пайда, бухгалтерлік пайда, экономикалық пайда

Ә) Бухгалтерлік, технологиялық, инновациялық (жаңашылдық), салым пайдасы

Б) Жалпы және бөлшекті пайда

В) Сақтық пайда, бухгалтерлік пайда, өндірісті дамыту пайдасы

Г) Негізгі пайда, қосымша пайда, жанама пайда, тікелей пайда


8. Тиімділік мөлшерін қалай анықтайды?

А) Таза пайданы өнім шығаруға кеткен шығындарға (өзіндік құнға) бөлу қажет

Ә) Таза пайданы төленетін салықтар көлеміне бөлу қажет

Б) Таза пайданы өнім көлеміне бөлу керек

В) Таза пайданы айналымдағы қорлар құнына бөлу қажет

Г) Шығындарды таза пайдаға бөлу керек


9. Негізгі қорларды пайдалану тиімділігін қандай көрсеткіш айқынырақ көрсете алады?

А) Таза пайда

Ә) Тиімділік мөлшері

Б) Тиімділік деңгейі

В) Өзіндік құн

Г) Айналымдағы қорлар құны


10. Тиімділікті жоғарлатудың ең негізгі жолдарын атаңыз.

А) Пайда мөлшерін көбейту, өндірістік шығындарды төмендету

Ә) Өндіріс көлемін көтеру, салықтарды азайту

Б) Жаңа нарықтарға шығу, бәсекелестікті жою

В) Айналымдағы қорларды жаңарту, олардың тозуын төмендету

Г) Өнім бағасын азайту, жарнаманы қарқынды жүргізу


11. Берілген қаржы салымдары негізгі қорларды көбейтуге жұмсалады, мақсаты басшылыққа араласу.

А) Тәуекелдік

Ә) Тікелей

Б) Қоржынды

В) Аннуитет

Г) Жанама


12. Берілген көрсеткіш бағдарламадан алынатын табыс (пайда) шығынымен тең болған кездегі есептелінетін табыс есесін сипаттайды, яғни келтірілетін таза құн нөлге тең болады. Бұл көрсеткіштің атын атаңыз.

А) Шығын өтеу мерзімі

Ә) Ішкі табыс көлемі

Б) Ең аз шығын

В) Тиімділік деңгейі

Г) NPV
Есептер


10.1. Шаруашалықта жоспар бойынша өндірілетін өнім 13248 дана, түспекші түсім 993,6 мың теңге, өндірістік шығын 736 мың теңге. Нақты өндірілгені 14129 дана, әрқайсысының бағасы 83 теңге, өзіндік құны 52 теңге. Болғандағы жоспарлары, нақтылы пайданы, тиімділік деңгейін табыңыз.
10.2. Кәсіпорын 12346 дана түсімінен 716,1 мыңтеңге түсім алған, шығыны 543,2 теңге. Жоспар бойынша 11984 дана өнімді 43 теңгеден сатып, өзіндік құны 38 теңгеден болуы керек еді.

Нақтылы, жоспарлы пайданы, тиімділіктерін шығарыңыз.


10.3. Кәсіпорын жоспар бойынша 12246 дана өнімнің орнына 13086 дана сатқан. Жоспарлы өзіндік құны 49 теңге нақтылысы 44,5тенге. Бағасы жоспардағыдан 4 теңге қымбатталып 69 теңгені құраған. Жоспарлы нақтылы пайданы, тиімділіктерін есептеңіз.
10.4. Нақтылы өндірілген өнім 11846 дана, жоспардан 12% артақ. Өзіндік құн 82 теңгеден 15% төмендеген,сату бағасы 103 теңге болып, межеленгеннен 5% жоғары. Нақтылы жоспарлы пайданы,тиімділіктерін табыңыз.
10.5. Нақтылы өндірілген өнім жоспардан 8,2% пайыз артып 10485 дана болған. Жоспарды, нақтылы бағалар 83,91 теңгеден болып өзіндік құндар сәйкесінше 27,35% кем. Нақтылы жоспарлы пайда мөлшерін тиімділіктерін, шығарыңыз.
10.6. Кәсіпорын өндіріліген өнімі 8346 дана, бағасы жомъспарлыдан 7% пайыз артық, өзіндік құны 66 теңге. Жоспар бойынша межеленген нақтылы өнімнен 8% кем, бағасы 88 теңге, өзіндік құны 5% артық. Жыл басындағы негізгі қор 4351 мың теңге, жұмсалған айналым қоры 2468 мың теңге, бұлар жоспардың 95,97 пайыздары. Нақтылы жоспарлы пайданы, тиімділік мөлшерінен табыңыз.
10.7. Кәсіпорын негізгі қоры 3968 мың теңге, айналым қоры 1869 мың теңге. Жоспарда бұлардың өсуі 6-8% межеленген. Өндірген өнім жоспардан 12% артық, бағасы 91 теңге, өзіндік құн одан 35% кем. Жоспарлы өнім 7896 дана, өзіндік құны 67 теңге, бағасы 25% артық болады деп есептелген. Нақтылы, жоспарлы пайданы, тиімділік мөлшерлерін табыңыз.
10.8. Жоспар бойынша кәсіпорын 76 теңгелік 12298 дана өнім өндірілмекші, өзіндік құны бағадан 25% болсын. Нақтылы өндірген жоспардан 8% көп, сұранысқа байланысты бағасы 6% өскен. Өзіндік құны жоспардан 7% кем. Жыл басындағы негізгі қорлардың құны 6247 теңге, айналым қоры 2134 мың теңге. Жоспар бойынша олар 5-8% көп болуы көзделген. Нақтылы жоспарлы пайданы, тиімділік мөлшерінен табыңыз.
10.9. Кәсіпорын теңгеден 12386 дана өнім сатқан өзіндік құны 28% бағадан төмен. Жоспардағы өнім нақтылығының 94% құрайды, межелеген баға 2% кем, өзіндік құны бағаның 69% құраған. Жыл басындағы негізгі қор 7262 мың, айналым қоры 2105 мың теңге, бұл жоспардан сәйкесінше 5-6%көп. Нақтылы, жоспарлы пайданы, тиімділік деңгейі мен мөлшерін шығарыңыз.
10.10. Кәсіпорын 8976дана өнім өндірген, бұл жоспардан 7% артық. Жоспарлы баға 85 теңге, сатқанда ол 9% қымбаттаған.Өзіндік құн 70 теңгенің орнына 73 теңге болған. Негізгі қор өзгеріссіз 5386 теңге, айналымдағы қор 1896 мың теңге жоспардағыға сай. Нақтылы, жоспарлы пайданы, тиімділіктерін табыңыз.

Тақырып 9. Өсімдік шаруашылығының өнімдерін өндіру экономикасы



МАҚСАТЫ: Студенттерге өсімдік шаруашылығы өнімдері өндірісінің тиімділігін анықтау әдістері, сала жағдайы мен даму перспективасы туралы білім беру.

Сабақтың құрылымы
9.1 Өсімдік шаруашылығы саласының халық шаруашылығындағы маңызы
9.2 Бидай өндірісінің экономикасы
9.3 Картоп және көкөніс өндірісінің экономикасы
9.4 Жем-шөпті өндіру және пайдаланудың экономикасы

Бақылау сұрақтары:

  1. Кестеде берілген мәліметтер негізінде сала дамуының негізгі тенденциясын анықтаңыздар.

  2. Қазақстанда қалыптасқан жағдайларға байланысты бидай өндірісінің негізгі ерекшелігі болып не табылады?

  3. Қандай экономикалық ауданда бидай өнімділігі өте жоғары және неліктен?

  4. Көкөністер мен жем-шөп өндірісінің экономикалық тиімділігін анықтау жолының негізгі ерекшеліктерін анықтаңдар.

  5. Қазақстан Республикасында жем-шөптің қандай түрлері өсіріледі?


Есептер:

1. Төменгі мәліметтер бойынша шаруашылықтың жоспарланған жылға көкөністік жәшіктерге қажеттілігін анықтаңыз:

1. Көкөністерді жіберу жоспары (Астанаға) – 7500 тонна, оның ішінде капуста -3500 т, қызанақ –4000 т.

2. Жергілікті сауда ұйымдарына – 1000 т, оның ішінде капуста -600 т, қызанақ –400 т.

3. 1 жәшікке салынатын мөлшері: капуста -27,8 кг, қызанақ – 8 кг.

4. Жәшіктердің айналым коэффициенті: жергілікті к/о -3,Астанаға -1,15.

2. Мәлiметтердiң негiзiнде үшiншi тоқсанның аяғына шаруашылықта көкөнiс қоймасындағы ауыл шаруашылық өнiмдердiң қалдықтарына талдау жасаңыз:

1. 1 қазанға нақты қалдық:

Картоп – 3000 ц; көкөністер 200 ц; жұмыртқа – 85 мың. дана.

2. Есепті жылдың ІІІ тоқсанында нақты жүзеге асқан:

Картоп – 35000 ц; көкөністер – 10200 ц; жұмыртқа – 300 мың. дана.

3.Өткен жылдың 1 қазанындағы нақты күндердік қалдық:

Картоп – 8; көкөністер – 4; жұмыртқа – 6 күн.

Есеп шешімін кестеде рәсімдеңіз.


3.Шаруашылық үшін жоспарлы жылы картопты өткізудің жалпы көлемін анықтаңыз, егер:

1. Картопты сатып алудың жоспары – 14 200 тонна.

2. Жоспарланған жылдың басына картоптың қалдығы – 800 тонна.

3. Ұзақ мерзімді сақтауға картопты салудың жоспары – 1800 тонна.

Ұзақ мерзімді сақтауда картоптың табиғи жоғалуы – 2 % құрайды.
4. Берілген мәліметтер негізінде ауылдық бақшаның қара мойылдың сатып алыну жоспарын, оны жинауға керек жинаушылар мен адамдарды және дайын өнімді тасымалдауға қажет автокөлік санын анықтаңыз:

1. Жабайы қара мойыл жер көлемінің шамамен аумағы 2500 га; орташа өнiмдiлік - 2 ц/га. Аумақтың қол жетімділігі 70%. Табиғи жоғалтулар - 15%. Малдар жемінде қолданылуы - 25%; тұрғындардың мұқтаждарына - 30 %, тауарлық қара мойыл қорынан дайындау 30 % болжанады.

2. Қара мойыл жиыны 1 ай созылады, олардың iшiнен 22 күн жұмыс. Бiр жинақшыдағы жиынының нормасы күніне 20 кг орташа өнiмді құрайды. Өнімді жинау орны тұрғылықты жерден 15 км шақырымда орналасқан. Бір автокөліктің сыйымдылығы – 15 адам. Автокөлік күніне 1 рейс жасайды.
5. Саңырауқұлатардың тауарлық ресурстарын және олардың мемлекет тарапынан сатып алынған дәрежесін анықтаңыз.

Ормандардың қол жетімді аумағы - 18 мың га құрайды. Саңырауқұлатардың орташа бағалық түсімділігі – 250 кг/га. Табиғи жоғалтулар - 40 %. Малдар жемінде қолданылуы - 25%; тұрғындармен - 20 %. Мемлекетпен 100 тонна сатып алынды.


6. Мәлiметтердiң негiзiнде ЖШС «Приречное» қабылдау пункітіне картоптың шығаруы үшiн қажеттi автокөлiктердiң санын анықтаңыз:

1. Сатып алулар маусымының ұзақтығы 25 күн.

2. Келіп жеткен автокөліктердің қатарда тұруының 1 күндік орташа уақыты - 9 сағат.

3. Автокөлiктiң орташа техникалық жылдамдығы - 30 км/сағ.

4. Бiр барысқа жүк тиеудi және автокөлiктiң жүк түсiруге кететін орташа уақыты 18 мин.

5. Жүктердi өлшеуге, бiр сапарына құжатты рәсiмдеу, сараптама үшін алынатын сынаққа кететін орташа уақыт 12 минут.

6. Автокөліктің орташа жүк көтерімділігі 4 тонна.

7. Жүк көтерімділігінің пайдалану коэффициентi - 0,9.

8. Картоп тасымалдауларында автокөлiк жүрісінің пайдалану коэффициентi - 0,7.

9. Жүктi тасымалдау қашықтығы - 35 шақырым.

10. Картопты сатып алу көлемi - 4000 тонна.
7. 4.19. Шаруашылықта 13 комбайн бар, 12-сі жұмысқа дайын. Екі сменамен істеу керек, әр сменада 8 га жердің егінін орады. 2500 га егістікті неше күнде жинайды, пайдалану еселігі қандай?
8. 4.18. Кәсіпорында 24 трактор бар, үш сменамен жұмыс атқаруы керек, смена ұзақтығы 8 сағат. Бір жұманың ішінде 2183 сағат пайдаланылған. Жоспарлы жұмыс істейтін уақытын, неше сменамен істегенін, пайдалану еселігін табыңыз.
9. Егін шаруашылығында 7386 мың теңге өнім өндірілді, жұмысшы саны 8 адам, жоспарлы жылы 12 адаммен 11079 мың теңгенің өнімі өндірілмек. Даму жолы қандай, қарқынды ма, жай ма?
Есептердің жауаптары:
1. 719 787 жәшік; 2. Картоп – 38,0 ц ; көкөніс –10,4 ц ; жұмыртқа – 385мың; 3. 9560 т. 4. 34 адам; 2 автокөлік. 5. 1250 тонна; 0,4 %. 6. 4 көлік. 7. Жұмысты 13 күнде орындап, пайдалану еселігі 0,92 болған.

8. Нақтылы смена 1,62, пайдалану еселігі 0,54.

9. Жай. 923,25; 923,25 – еңбек өнімділігі өспеген өнім кісі санымен өскен.

Тақырып 10. Мал шаруашылығының өнімдерін өндіру экономикасы


МАҚСАТЫ: Студенттерге мал шаруашылығы өнімдері өндірісінің тиімділігін анықтау әдістері, сала жағдайы мен даму перспективасы туралы білім беру.

Сабақтың құрылымы
10.1 Халықты азық-түлікпен қамтамасыз етудегі мал шаруашылығының маңызы

10.2. Мал шаруашылығы өнімдерін өндірудің тиімділігі
10.3. Мал шаруашылығының тиімділігін арттыру жолдары

Бақылау сұрақтары:


  1. Мал шаруашылығы өнімінің мәні неде?

  2. Мал шаруашылығының соңғы өнімінің құрамына не кіреді?

  3. Жалпы өсім дегеніміз не және ол қалай анықталады?

  4. Мал шаруашылығы тиімділігін бағалауда қандай құндық көрсеткіштер пайдаланылады?

  5. Мал шаруашылығы тиімділігін арттырудың негізгі жолдарын құрастырыңдар.

Есептер:

1. Ауыл шаруашылық ұйымының 1 кг сиыр етінің берілген көрсеткіштермен көтерме-сату бағасын табыңыз:

1. 10 тонна жалпы салмақта 30 бас ірі қара сатып алынды.

2. 1 тонна тірі массалы ірі қараның сатып алу бағасы 56000 теңге.

Шаруашылықтың айналым шығыны – 10,6 %.

3. Жоспарлы пайдалылық – 2,0 %.

4. Ірі қараны союға кеткен шығын – 2800 тенге.

5. Субөнімді және теріні сатудан түскен ақша – 8500 тенге.

6. Ет шығымы – 48,5 %.

7. Салқындату кезіндегі табиғи кему – 0,7 %.

2. Сүйек қорының игерілу дәрежесін аудандық ет комбинатының жасаған саудасымен анықтаңыз.

Есепті жылда шұжық цехының дайындау пункіті 240 тонна сойылған ет массасын, соның iшiнде 80 тонна сиыр етi, шошқа еті - 140 тонна, қой еті - 20 тонна қайта өңдеуден өткізді.

240-320 кг массалы тірі салмақтағы iрi қара малдың тұтас ет салмағынан орташа сүйек шығымы - 11,5 - 12, 5 %; шошқалар - 5-6 %; қой - 8-9 %.

Есепті жылда сатып алынған ірі қараның бір басының орташа тірі салмағы – 320 кг.

Ірі қараның тірі салмағына, етті қайта есептеу коэффициенті: сиыр еттерi - 1,8; семіз шошқалар - 1,36; қой еттерi - 2,2.

Ет комбинаты экспортқа және жергілікті өнеркәсіптік кәсіпорындарға 20 тонна сүйекті сатып алып, өткізді.



3. Аудан бойынша жұмыртқаның жалпы қорына шаруашылық категориясы бойынша, жоспарлы жылға баланс құрыңыз және берілген мәліметтер негізінде артығын табыңыз.

1. Бір топ тауық – құс фабрикаларындағы жұмыртқа тасушы тауықтар – 22600 бас,

2. Қора саны – 1200. Бір ауладағы орташа тауық саны– 12 дана.

3. Жылына 1 тауықтың жұмыртқа салғыштығы: құс фабрикасындағы – 260 дана, халық шаруашылығында – 265 дана.

4. Құс фабрикасындағы жергілікті қажеттіліктер үшін мемлекеттік сатып алулар 1300 мың. дана.

5. Топтың ұдайы өндірісі үшін жұмыртқаға қажеттілік: құс фабрикаларында – 35 мың. дана; тұрғындарда – 40 дана жұмыртқа бір аулаға орта есеппен.

6. Тұрғындардың тұтынымына жұмыртқа жылына орта есеппен 450 дана, бір аулаға.
4. Шаруа қожалығы (физикалық салмақта) жүн комбинатына 10 тонна, 45 % таза талшық жiптiң нақты шығуымен жартылай биязы елтiрi жүнді тапсырды.

Сатып алу бағасы – 1 кг жүн үшін 10 % таза талшықтың шығымымен 150 теңгені құрайды.

Жүн орамасына мата шығыны – 32 кв.м. 1 тоннаға (1 кв. м. бағасы 15 тенге). Басқа да орам материалдарына шығын 185 тенге.

Тапсырылған жүн және оның орамы үшін шаруа қожасына төленетін төлемақы мөлшерін анықтаңыз.


5.Келесі формуланы қолдана отырып:

100- Wф


М= m1 x -------------;

100 – Wn


Мұндағы,

М –балдың салмағы;

m1- балдың іс жүзіндегі салмағы;

Wф –іс жүзіндегі ылғалдылық, пайызбен %;

Wn – нормативті ылғалдылық, пайыз %.

21 % мөлшердегі ылғалдылыққа қайта есептеуде балдың салмағын анықтаңыз.

25 % ылғалдылықпен шаруа қожалығынан 15 тонна бал келіп түсті.
6. Мәлiметтердiң негiзiнде ірі былғары шикізатының қорын есептеңіз.

1.Тұрғындардағы жыл басына iрi қараның мал саны 23000 бастарды құрады. Соңғы 3 жылда тұрғындарда малдың 100 бастарына шамамен 25 терiлерi сатып алынды. Бұл көрсеткiш 28-ге дейiн жоғарылатуға жоспарланған.

2.Жыл басына ауыл шаруашылық құрылымдарында iрi қараның мал саны 73000 бастарды құрады. Талдаумен мәліметтеріне сәйкес шаруашылық iшiнде мұқтаждықтар үшiн сойылған мал саны - 0, 6 %, малдың өлiмiне - 0, 1 % мал санын құрайды.
7. Ауыл шаруашылығы дайындау пункітінің сатып алулар бойынша жоспардың жүзеге асу және ірi былғары шикізатының сапасы бойынша сатып алулардың жоспарда орындалу дәрежесін анықтаңыз.

Терiлердi сатып алу жоспары - 2400 дана.

Нақтылы сатып алынғаны - 2750 дана.

Соның iшiнде терiлер: 1 сортты - 1300, 2 сорт - 600, 3 сорт - 500, 4 сорт - 250, қалыпсыз - 10 дана.

Бiрiншi сортты бiрлiктерде iрi былғары шикізатының жеке сортқа көшу коэффициенттерi: 1 сорт - 1,0; 2 сорт - 0,87; 3 сорт - 0,66; 4 сорт - 0,46.

Iрi тері шикізаты сорттылығының жоспарлы коэффициентi - 0, 865.


8. Мәлiметтердiң негiзiнде сатып алу жоспарының орындалу дәрежесін iрi терi шикізатының сапасы бойынша сатып алулар жоспарының орындалу дәрежесін анықтаңыз:

1. Кәсіпорынмен бекітілген, iрi терi шикізатын сатып алу жоспарда – 4000 дана, iрi терi шикізаты сорттылығының жоспарлы коэффициентi - 0,827.

2. Нақтылы сатылып алынған барлық терiлер - 5000 дана; оның ішінде 1 сортты – 2400; 2 сортты - 1200; 3 сортты – 1200; 4 сортты - 200 дана.

3. Бiрiншi сортты бiрлiктерде iрi терi шикізаты сорттылығының жеке сортқа көшу коэффициенттерi: 1 сорт - 1,0; 2 сорт - 0,87; 3 сорт - 0,66; 4 сорт - 0,46.


9. Сүйек қорының игерілу дәрежесін аудандық ет комбинатының жасаған саудасымен анықтаңыз.

Есепті жылда шұжық цехының дайындау пункіті 240 тонна сойылған ет массасын, соның iшiнде 80 тонна сиыр етi, шошқа еті - 140 тонна, қой еті - 20 тонна қайта өңдеуден өткізді.

240-320 кг массалы тірі салмақтағы iрi қара малдың тұтас ет салмағынан орташа сүйек шығымы - 11,5 - 12, 5 %; шошқалар - 5-6 %; қой - 8-9 %.

Есепті жылда сатып алынған ірі қараның бір басының орташа тірі салмағы – 320 кг.

Ірі қараның тірі салмағына, етті қайта есептеу коэффициенті: сиыр еттерi - 1,8; семіз шошқалар - 1,36; қой еттерi - 2,2.

Ет комбинаты экспортқа және жергілікті өнеркәсіптік кәсіпорындарға 20 тонна сүйекті сатып алып, өткізді.




  1. Келесі формуланы қолдана отырып:

2,5х (ДхО)

Х=---------------, мұнда

100

Х – тірі салмағы, кг;



Д – малдың желкесінен құймышағына дейінгі денесінің ұзындығы, см;

О – жауырынның соңында кеудесінің орамы, см.

Өлшеулер арқылы сатып алынған етті ірі қара малының тірі салмағын анықтаңыз. Д – 108 см; О – 120 см.
Есептердің_жауаптары:__1._2._3._4._5.'>Есептердің жауаптары:

1. 2. 3. 4. 5. М= 14,24кг;

6. 7. Жұмысты 13 күнде орындап, пайдалану еселігі 0,92 болған.

8. Нақтылы смена 1,62, пайдалану еселігі 0,54.

9. 10. 324 кг.

ТАРАУ 1. БАҒА ЖӘНЕ САЛАНЫҢ ӨНІМДЕРІНЕ

БАҒА БЕЛГІЛЕУ
МАҚСАТЫ:

Студенттерге бағаның пайда болу негіздері жөнінен мағлұмат беріп, оларды әртүрлі экономикалық жағдайларда ауыл шаруашылығы өнімдерінің босату бағаларын анықтаудың әртүрлі әдістерін пайдалануға үйрету.



Сабақтың құрылымы

11.1 Бағаның, баға механизмінің экономикалық мәні және бағалардың функциялары.

. 11.2 Агроөнеркәсіп кешенінің өнімдеріне бағалар жүйесі және баға белгілеу



11.3 Саладағы бағалық реттеу
Бақылау сұрақтары:

Баға тұралы ұғым.

Бағаның жасалуы (құрылуы) тұралы түсiнiк.

Бағаны босату.

Босатудың әсерi.

Баға түрлерi.

Баға жүйесi.

Бағаның қызметi (ұғымы, мәнi, мағынасы).

Баға жасау айласы туралы ұғым, түрлерi.

Сыйлықты баға.

Ортақ қасиеттi баға айласы.

Бағаны бұзу айласы.

Өткеру бағаларын анықтаудың қандай негізгі әдістері бар?

Өткізудің нақты бағаларын қалыптастырған кезде ескерілуі тиіс екі негізгі факторды атаңыз.

Кепілді баға деген не?
Тест сұрақтары:
1. Төменде көрсетілген қызметтердің қайсысы баға ұғымына қатысты емес?

А) Ынталандыру

Ә) Табысты бөлу

Б) Сұраныс пен ұсынысты теңдестіру

В) Жоспарлау

Г) Іс нәтижені өлшеу, қадағалау, есебке алу

2. Баға жасау қағидаларына не жатпайды?

А) Бәсеке мен кәсіпорын бостандығының деңгейін сәйкестендіру

Ә) Сұраныс пен ұсыныстың қатынасын қамтитын баға теңдестігі

Б) Ауылшаруашылығы мен басқа салалардағы баға өзгерiстерiнде бiрегейлiктi сақтау

В) Елдегi бағаның дүниежүзiлiк деңгейiмен байланысын қамтамасыз ету

Г) Аталған қағидалардың бәрі дұрыс


3. Бағаның бұл қызметі өндiрiстiң өсуiн, тауардың сапасының жоғарлауын, шығынды азайтуға, үнемдеуге және тиiмдiлiктi көбейтуге бағытталған.

А) Сұраныс пен ұсынысты теңдестіру

Ә) Ынталандыру

Б) Өлшеу, есепке алу

В) Өндірісті орналастыру

Г) Бөлу
4. Бағаның бұл қызметі бағаның ақшалай құны (денежные выражения стоимости) мәнiмен анықталады.

А) Сұраныс пен ұсынысты теңдестіру

Ә) Ынталандыру

Б) Өлшеу, есепке алу

В) Өндірісті орналастыру

Г) Бөлу
5. Тұтынушылардың тауарды алатын бағасы қалай аталады?

А) Көтеріп сату бағасы

Ә) Құрылыстағы баға

Б) Бөлшектеп сату бағасы

В) Сыйлықты баға

Г) Мемлекеттік бағалық


6. Мемлекеттің бағаны реттеу әдістерін атаңыз.

А) Реттелетін, босатылған

Ә) Мемлекеттік, мемлекеттік емес

Б) Сыйлықты, ортақ қасиетті

В) Қаржылық, экономикалық

Г) Экономикалық, әкімшілік


7. Тағайындалуына байланысты баға түрлерін атаңыз

А) Көтеріліп сату бағасы, бөлшектеп сату бағасы

Ә) Реттелетін, босатылған

Б) Сыйлықты, ортақ қасиетті баға

В) Аймақтық, әлемдік, мемлекеттік

Г) Тағайындалған, салу, келісімдік бағалар


8. Арнаулы тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтердiң бағасын тағайындап, бекiтiлген ресми жинақ дегеніміз не?

А) Мемлекеттік бағалық

Ә) Құрылыста қолданылатын салу бағалары

Б) Бағаны бұзу айласы

В) Баға жүйесі

Г) Бағаны реттеу әдістемесі


9. Экономикалық талдауда қолданылмайтын көрсеткішті көрсетіңіз.

А) Жоспарлы баға

Ә) Нақты баға

Б) Баға индексі

В) Реттелетін баға

Г) Орта баға


10. Кәсiпорынның мақсатына сәйкес келетiн баға деңгейiнiң өзгеру мүмкiндiгiн таңдау дегеніміз не?

А) Баға жасау айласы

Ә) Баға жүйесі

Б) Бағаны реттеу әдістемесі

В) Баға жасау ілімі

Г) Баға жасау қағидасы


11. Берілген баға жасау айласы бойынша тұтынушылардың қабылдауынша тауардың экономикалық құндылығынан жоғары деңгейде баға қойылады.

А) Ортақ қасиетті баға айласы

Ә) Бағаны бұзу айласы

Б) Сыйлықты баға жасау айласы

В) Шығынды тез қайтару айласы

Г) Ауыспалы баға жасау айласы


12. Бәсекелестi ығыстырып шығу үшiн әдейi нарық бағасынан төмен баға қою айласын қалай атайды?

А) Демпинг бағасын қолдану айласы

Ә) Келісіп баға қою айласы

Б) Басымшылықпен баға қою айласы

В) Алыпсатарлықты мақсат етiп қоятын баға айласы

Г) Шығынды тез қайтару айласы


Есептер

Кәсiпорын бағасын, босатылған бағасын, оның құрамын анықтау.
Кәсiпорын бағасы (Кб)=Өзiндiк құн (Өқ)+Таза пайда (Тп)

Тпқ ƒ Тд тиiмдiлiк деңгейi):100.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет