ПОӘК 042-18 23/03-2014 №2 басылым 11. 09. 2014



бет10/17
Дата11.07.2016
өлшемі1.16 Mb.
#190235
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17

«Несие бойынша төлемдер» бабы бойынша (бұл ауыл шаруашылығы өндірісінде ерекше бөліп көрсетіледі, өйткені мұндай өндіріс несиесіз өркендемейді, және соған орай несие бойынша шығындар ауыл шаруашылығы өнімдерінің өзіндік құндарының жалпы құрылымында үлкен үлес салмақ алуы мүмкін) банктерден алынған несиелерді проценті бойынша төлеуге, мерзімінде төлемегендігі үшін қосылатын процентті, жеткізіп берушілердің ақысы, банктер мен басқа ұйымдардың финанс лизинг операцияларын жүзеге асырғандары үшін лизинг субъектілерінің ақылары төленеді.

Жыл бойы бұл төленетін шығындарды жалпы шаруашылықтық шығындардың құрамында есепке алып отырады. Оларды өнімдердің түрлері бойынша өндірістің тікелей шығындарына пропорционалды бөледі.



«Малдардың өлім жітімдерінен болған шығындар» бабына бағылған және бордақыда болған жас мал мен үлкен малдардың, құстардың, аңдардың, көжектердің, үй қояндарының, сондай-ақ ара ұяларының кінәлі тұлғалардан өндіріп алынатындары мен табиғи апаттардан өлгендерінен басқалары жатқызылады.

«Басқадай шығындар» бабында жоғарыда көрсетілген баптарға жатпайтын, өнім өндіруге тікелей қатысты шығындар көрсетіледі.

Жер үшін төлемді бекітілген ставкалар бойынша есептейді және «Басқадай шығындар» бабы бойынша алған жерлерінің аудандарын қарай өзіндік құндардың құрамына кіргізеді.



7.4 Ауыл шаруашылығы өнімдерінің өзіндік құндарының факторлары және оларды төмендетудің жолдары
Бүгінгі күнде ауыл шаруашылығы өнімдерінің өзіндік құндарына әсер ететін факторлар болып табылатындар мыналар:

- шикізаттар мен материалдарды өңдеудегі ауыр жұмыстарды қысқарту;

- қондырғылардың пайдаланылу коэффициентін көтеру;

- жұмыс уақытының өнімсіз жоғалуын қысқарту;

- өнімдердің ауылшаруашылығын төмендету;

- өткізілмеген өнімдердің қалдықтарын төмендету;

-материалдар мен шикізаттар шығындарын азайту.

Негізгі пайдақұрушы фактор болып табылатындықтан жақсы шараларды енгізу өнімдердің өзіндік құндарының мөлшеріне қолайлы әсер ететіні белгілі. Өнімдердің өзіндік құндарын төмендетудің негізгі бағыты еңбек өнімділігін арттыру болып табылады. Еңбек өнімділігінің артуы еңбек ақыны өсуімен салыстырғанда елеулі артық болуы өнімдердің өзіндік құндарының деңгейін төмендетуге тікелей әсер етеді. Тиімділікті арттыруға бағытталған шараларды қолдануға байланысты еңбек өнімділігін өсіру факторларын мына бағыттар арқылы классифиикациялауға болады:



  1. Өндірістің техникалық деңгейін көтеру:

  • істеп тұрған қондырғыларды модернизациялау;

  • өнімдердің сапасын арттыру;

  • материалдарды, жанармайды және энергияны пайдалануды жақсарту;

  • шикізаттар мен матриалдардың неғұрлым тиімді түрлерін енгізу.

  1. Өндіріс пен еңбекті ұйымдастыруды жақсарту:

  • өндірісті басқаруды жетілдіру;

  • нормалар мен қызмет көрсету зоналарын ұлғайту;

  • өндірісті мамандандыруға өзгерістер енгізу;

  • жұмыс уақытының жоғалуын қысқарту;

  • ақаулықтан жоғалуды қысқарту;

  • шығару нормаларын орындамайтын жұмысшылар санын қысқарту;

  • маусымдық салаларда жұмыс кезеңдерін өзгеру немесе өндірістің маусымдық өзгерістерін және өнімдерді өткізудің өзгерістерін жеңілдету.

  1. Өнімдерді өндірудің көлемі мен құрылымдарын өзгерту:

Өндірістің технологияларын жақсарту есебінен материалдарға шығындарды қысқарту айналымдық қаражаттардың мөлшерін азайтумен қатар өнімдердің өзіндік құндарын төмендетуге де алып келеді.

Өндірістің ағымдағы жайын толығырақ сипаттайтын жай ағымдағы шығындар деңгейі болып табылады, ол 1 теңгеге келетін тауарлы немесе өткерілген өнімдердің қатынасы:



P = CC/PΠ

Ағымдағы шығындардың құрамына материалдық шығындар, еңбек ақысы төленетін шығындар және бюджеттен тыс қорға аудару, амортизациялық аудару және басқадай шығындар кіретін болғандықтан олардың деңгейлері жеке есептелінуі мүмкін және бұл жағдайда талдау шығындардың әр элементі бойынша жасалады.

Ағымдағы шығындардың деңгейін есептей келе өткерілген өнімдердің 1 теңгесіне келетін пайда былайша есептелінеді:

n=1- p,

бұдан өндірістегі шығындарды азайту пайданы өсірудің маңызды көзі болып табылатынын көруге болады.

Ағымдағы шығындарды төмендетуге өнімдердің еңбекақы көлемі мен материалдар көлемін азайту елеулі әсер етеді.
Бақылау сұрақтары:


  1. Жасырын шығындар деген не және олар айқын шығындардан қалай айырылады?

  2. Ұйымдардың қалыпты пайдаларын қалай анықтайды?

  3. Бухгалтерлік немесе экономикалық пайдалардың қайсысы көп болады?

  4. Орташа деп қандай шығындарды атайды?

  5. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің толық өзіндік құнына нелер енеді?

  6. Шығындардың негізгі элементтерін атаңыз?

  7. Ауыл шаруашылығы өндірісінде өзіндік құндардың қандай негізгі калькуляциялық статьялары пайдаланылады?

  8. Ауыл шаруашылығы өндірісінің өзіндік құн деңгейіне қандай факторлар әсер етеді?

  9. Өндірістің және айналымның үлесті шығындарын төмендетудің негізгі бағыттарын айқындаңыз.

Модуль 3. Ауыл шаруашылығының қызметтінің тиімділігі мен даму бағыттары

Тақырып 8. Ауыл шаруашылығында табыстардың қалыптасуы



МАҚСАТЫ:

Студенттерді ауыл шаруашылық өнімдерін өткізуден түскен табысты қалыптастыру мен бөлудің негізгі қағидаларымен таныстыру.


8.1 Ауыл шаруашылық кәсіпорындарының табыстары және олардың түрлері

Кез келген ұйымның табысы болып активтердің (ақша құралдары, басқа да мүлік) келіп түсуі және (немесе) міндеттемелерді өтеу нәтижесінде экономикалық пайданың артуы табылады (мүлік иелерінің, яғни қатысушылардың салымын қоспағанда).

Келесі түсімдер ұйым табысына жатпайды:


  • қосымша құнға салық, акциздер, сатудан түскен салық, экспорттық алымдар және сол сияқты міндетті төлемдер сомасы;

  • комитент, приципиал пайдасына жасалған мәмілелер, агенттік және комиссия мәмілелері бойынша;

  • өнім, тауар, жұмыс, қызмет үшін алдын-ала төлеу тәртібі бойынша;

  • өнім, тауар, жұмыс, қызмет төлемінің есебіне жіберілген алдын-ала төлем;

  • төленетін қаржы есебінен алдын-ала аударым;

  • кепілдеме, егер келісім шарт бойынша кепілдегі мүлік кепілдік ұстаушыға берілсе;

  • қарыз алушыға берілген несиені, займды өтеуге.

Ауыл шаруашылық ұйымдарының табыстары олардың сипаттамасына, алу шартына және ұйым қызметінің бағыттарына байланысты төмендегідей бөлінеді:

  • қарапайым қызмет түрінен табыс;

  • операциялық табыс;

  • өткізуден тыс табыс.

Қарапайым қызмет түрінен табыс басқа түсімдерге жатады. Мұнда төтенше кірістер кіреді.

Ұйым кірістері ақша құралдарын алумен немесе дебиторлық қарыздылықтың пайда болуымен – сатып алушыға тауарды түсіріп беру бойынша бағаланады.

Агроөнеркәсіптік кешенде қарапайым қызмет түрінен табыс болып ауыл шаруашылық өнімдерін сатудан түскен түсім табылады.

Түсім есепке түскен ақша құралдарының немесе басқа да мүліктің және дебиторлық қарыздылықтың мөлшеріне тең түрдегі қаражат есебінде алынады.

Егер түсімд-ер көлемі түсімнің белгілі бір мөлшерін ғана жапса, онда есепке алынатын түсім түсулер мен дебиторлық қарыздылық сомасы ретінде анықталады.

Түсімдер мен дебиторлық қарыздылық мөлшері ұйым мен сатып алушы (тапсырыс беруші) немесе ұйым активтерін пайдаланушы арасында жасалған келісім шартта бекітілген бағамен анықталады. Егер баға келісім шартта қарастырылмаған болса және келісімнің шартына байланысты белгіленбейтін болса, онда түсулер мен дебиторлық қарыздылық мөлшерін анықтау үшін ұйым салыстырмалы жағдайда ұқсас тауарлардың түсімін анықтайтын баға мөлшері қолданылады.

Егер өнім төлемді кешіктіру түрінде болатын коммерциялық несие жағдайында сатылса, түсім бухгалтерлік есепке толығымен дебиторлық қарыздылық сомасында қабылданады.

Келісім шартта міндеттемелерді ақшалай емес құралдармен өтеу қарастырылған болса, мұндай жағдайда түсулер мен дебиторлық қарыздылық мөлшері ұйым алатын немесе алуға тиіс тауарлар құны бойынша есепке алынады. Ұйым алатын немесе алуға тиіс тауарлар құны салыстырмалы жағдайда ұқсас тауарларға белгіленген баға мөлшерімен анықталады.

Алынған тауарлардың құнын белгілеу мүмкіншілігі болмаған жағдайда түсулер мен дебиторлық қарыздылық мөлшері ұйымға жіберілген немесе жіберілуге тиіс өнім құнымен анықталады.

Ұйымға жіберілген немесе жіберілуге тиіс өнім (тауар) құны салыстырмалы жағдайда ұқсас (өнімнен) тауарлардан түсетін түсімді анықтайтын баға мөлшерімен белгіленеді.

Келісім шарттағы жағдайлар өзгерген күнде түсулер мен дебиторлық қарыздылықтың алғашқы мөлшері ұйым алуға тиіс актив құнына байланысты өзгертіледі. Ұйым алуға тиіс актив құнын салыстырмалы жағдайда ұқсас активтер құнын белгілейтін баға мөлшерімен анықтайды.

Түсулер мен дебиторлық қарыздылық мөлшері келісім шартта белгіленген ұйымға жасалынатын барлық шегерімдерді есепке ала отырып анықталады.

Түсулер мөлшері сонымен қоса, төлем шет ел валютасының сомасына эквивалентті мөлшердегі теңгемен жүзеге асырылған жағдайдағы сомалық айырмашылықты есепке ала отырып анықталады. Сомалық айырмашылық болып бухгалтерлік есепке алынған күндегі ресми немесе келісілген курс бойынша есептелінген шет елдік валюта түріндегі іс жүзінде түскен активтің теңгемен белгіленген мөлшері мен осы активтің бухгалтерлік есепте түсімді қабылдаған күндегі ресми немесе келісілген курс бойынша теңгемен белгіленген мөлшерінің айырмашылығы табылады.

Операциялық табыстарға келесілер жатады:


  • ұйым активтерін уақытша пайдаланғаны үшін берілетін төлемдермен байланысты түсімдер. Табыстың бұл түрі ауыл шаруашылық кәсіпорнының иелігінде жалға беруге болатын уақытша бос өндірістік ғимараттар болған кезде пайда болады;

  • басқа ұйымдардың жарғылық капиталдарына қатысумен байланысты түсімдер (бағалы қағаздар бойынша проценттер мен басқа да табыстарды қосқанда). Операциялық табыстың бұл түрі кейінгі кезде ауыл шаруашылық өндірісін мамандандыру мен орталықтандыру процесінің тереңдеуімен байланысты үлкен үлеске ие болуда;

  • бірлескен қызмет нәтижесінде ұйымға түскен пайда – ақша құралдарынан, өнімнен, тауардан өзге активтерді және негізгі қорларды сатудан түскен түсім. Табыстың бұл түрі өндірістік немесе басқарушылық қызметте пайдаланылған мүлік басқа жаққа сатылған кезде пайда болады;

  • ұйым қаражатын пайдаланғаны үшін төленетін пайыз, сонымен қатар банктің ұйым есебіндегі қаражатты пайдаланғаны үшін төлейтін пайызы.

Өткізуден тыс табыстарға келесілер жатады:

  • келісім шарт талаптарын бұзғаны үшін төленетін айып пұлдар мен өтем ақылар;

  • қайтарымы жоқ активтер, соның ішінде сыйға беру шарты бойынша;

  • ұйымға келтірілген шығынның орнын толтыру үшін аударымдар;

  • есепті жылда белгілі болған өткен жылдың пайдасы;

  • шағымдану мерзімі өткен несиелік және депоненттік қарыз сомасы;

  • курс бойынша айырмашылықтар;

  • активтерді бағалағанға дейінгі сома (айналымнан тыс активтерден басқа);

  • басқа да өткізуден тыс табыстар.

Келісім шарт талаптарын бұзғаны үшін төленетін айып пұлдар мен өтем ақылар, сонымен қатар ұйымға келтірілген шығынның орнын толтыру үшін аударымдар бухгалтерлік есепке сот белгілеген немесе қарыз төлеуші мойындаған сома көлемінде аударылады.

Төтенше табыстар болып шаруашылық қызметтегі төтенше жағдайлардың салдарынан болған түсімдер табылады (апат жағдайлары, өрт, жол апаты және т.с.с.); сақтандыру қайтарымы, ары қарай қолдануға және қалпына келтіруге жарамсыз активтерді шығарып тастаудан қалған материалдық бағалықтардың құны және т.с.с.

Қайтарымы жоқ активтер бухгалтерлік есепке нарықтағы бағасы бойынша алынады. Қайтарымы жоқ активтердің нарықтағы құнын ұйым оларды бухгалтерлік есепке алған күнгі активтің осы немесе ұқсас түрінің бағасына сәйкес анықтайды. Бухгалтерлік есепке алған күнгі баға туралы мәліметтер құжатпен немесе тексеру жүргізу арқылы бекітілуі керек.

Шағымдану мерзімі өткен несиелік қарыз сомасы ұйым табысына осы ұйымның бухгалтерлік есебінде белгіленген қарыз сомасы көлемінде енгізіледі.

Түсім бухгалтерлік есепте келесідей шарттар орындалғанда ғана есепке алынады:



  • ұйым нақты келісім шартта көрсетілген немесе сәйкес басқа жолмен бекітілген түсімді алуға ғана құқылы;

  • түсім сомасы анық болуы керек;

  • нақты операциялардың нәтижесінде ұйымның экономикалық табысының көбейетіндігіне сенім болу керек;

  • тауардың немесе өнімнің жеке меншік құқығы ұйымнан сатып алушыға өтті немесе жұмысты тапсырыс беруші қабылдады (қызмет көрсетілді);

  • осы операциямен байланысты жұмсалатын немесе жұмсалған шығындарды анықтауға болады;

Егер ұйымға төлем ақы түрінде түскен ақша құралдарына немесе басқа активтерге байланысты жоғарыда көрсетілген шарттардың біреуі орындалмаған болса, онда ол ұйымның бухгалтерлік есебінде түсім емес кредиторлық қарыз болып танылады.

Егер сатылған тауардан, көрсетілген қызметтен, орындалған жұмыстан түскен түсім сомасы анықталмаған болса, онда ол бухгалтерлік есепке осында белгіленген өнімді жасауға, жұмысты орындауға, қызметті көрсетуге кеткен шығындар деңгейіне пара-пар мөлшерде қабылданады және соңында бұл сома ұйымға қайтарылуы тиіс.

Ауыл шаруашылық кәсіпорнының табысы ауыл шаруашылық өндірісінің экономикалық тиімділігі көрсеткіштерін есептеу және алынған экономикалық тиімді анықтау базасы болып табылады. Тиім және тиімділік ұғымдары арасындағы айырмашылық келесідей: тиім – бұл абсолютті көрсеткіш (мысалы, түсімнің немесе пайданың жалпы сомасы), ал тиімділік – салыстырмалы. Экономикалық талдау мақсаттары үшін өндіріс тиімділігінің көрсеткіштері үлкен мәнге ие.

Өндіріс тиімділігі - өндірістік қызмет нәтижелері мен соған кеткен материалдық және еңбек ресурстары шығындарының қатынасы.

Өндіріс тиімділігін арттыру процесінің мәні болып әр-бір шығын бірлігіне экономикалық нәтижелерді арттыру табылады.

Экономиканың жан-жақтылығы өндіріс тиімділігінің глобалды көрсеткіштерін анықтаудың әртүрлі әдістерін қолдануға мүмкіндік береді. Осылайша, өндірісі социалистік экономика қағидалары бойынша жүргізілетін мемлекеттік кәсіпорындар үшін мұндай көрсеткіштер түрі келесідей болады:

- біріншіден, таза өнімнің (материалдық шығындар мен негізгі өндірістік қорлардың амортизациясын алып тастағандағы жалпы немесе тауарлық өнім), жалпы немесе тауарлық өнімнің өзіндік құнына қатынасы. Таза өнім көрсеткіші әртүрлі сала кәсіпорындары өндірісінің негізгі экономикалық көрсеткіштерін салыстыруды қамтамасыз ету мақсатында қолданылады, өйткені материалдық шығындар сомасы негізгі өндірістік қорлар құны тәрізді сала ерекшелігін көрсетеді.

Екінші жағынан, мемлекет шегінде барлық кәсіпорындардағы таза өнім сомасы ұлттық табысқа тең болады. Осылайша, егер өндіріс көрсеткіштерінің талдауы сала немесе жалпы халық шаруашылығы деңгейінде жүргізілетін болса, онда таза өнім көрсеткішін өндіріс тиімділігін бағалауда қолдану ақталған болып табылады. Ал, егерде негізгі аналитикалық жұмыс тек кәсіпорында жүргізілетін болса, онда негізгі көрсеткіш ретінде тиімді түрде тауарлық немесе өткізілген өнімді қолдану қажет:

- екіншіден, өндіріс рентабелділігі – баланстық (жалпы рентабелділік) немесе таза (есепті рентабелділік) пайданың негізгі өндірістік қорлар мен нормаланатын айналым қорларының орташа жылдық құнына қатынасы.

Мемлекеттік емес кәсіпорындар үшін өндіріс тиімділігінің басты көрсеткіші болып пайда нормасы, яғни пайданың аванстық капиталға қатынасы табылады.

Жаһандану көрсеткіштермен қатар өндіріс тиімділігінің жеке көрсеткіштері де кеңінен қолданылады. Оларға жататындар:


  • өткізілген өнімнің 1 теңгесіне шаққандағы өзіндік құн;

  • өткізілген өнімнің 1 теңгесіне шаққандағы НӨҚ құны;

  • өткізілген өнімнің 1 теңгесіне шаққандағы нормаланатын айналым қорлары;

  • өткізілген өнімнің 1 теңгесіне шаққандағы баланстық пайда;

  • еңбек өнімділігі;

  • қор қайтарымдылығы;

  • өндірістің материал сыйымдылығы;

  • айналым қорларын пайдалану тиімділігінің көрсеткіштері;

  • ағымдағы шығындарды пайдалану тиімділігінің көрсеткіштері.

Жеке көрсеткіштерді қолдану рентабелділік деңгейінің қалыптасуына жеке факторлардың әсерін зерттеу қажеттілігімен негізделеді. Мұнсыз жалпы рентабелділік динамикасын талдау толығымен нақты болмайды. Мысалы, баланстық пайданың өсуі өткізілген өнімнің 1 теңгесіне шаққан шығындардың өсуімен қатар жүруі мүмкін, бұл шығындар құрылымындағы кері өзгерісті және осы өзгерістің себептерін анықтау қажеттілігін көрсетеді. Алайда, бұл жағдайда жалпы рентабелділік көрсеткіші тек өндіріс тиімділігінің жақсарғанын көрсетеді. Сонымен қатар, негізгі қорлар құнының артуы өндірісті техникалық қайта қаруландыру мен жаңарту болған кезде жүзеге асады, ал бұл шаралар енгізген жылда бірден пайда көлеміне әсер етпеуі мүмкін. Солай бола тұра жалпы рентабелділік көрсеткіші өндіріс тиімділігінің нашарлауын көрсететін болады.

Алынған көрсеткіштердің дұрыс бағалануы және оның ауыл шаруашылық кәсіпорнының басқарушылық қызметінде қолданылуы үшін қаржылық нәтижелердің талдауы жүргізілуі керек.

Ұйым қызметінің қаржылық нәтижелерін талдауға жататындар:

а) әрбір талданған кезең өзгерістерін зерттеу;

б) сәйкес көрсеткіштер құрылымын және олардың өзгерісін зерттеу;

в) бірнеше есепті кезеңдегі көрсеткіштер өзгерісінің динамикасын қарастыру (трендтік талдау);

г) факторлардың пайдаға әсерін зерттеу (факторлық талдау).

Талдау барысында келесідей көрсеткіштер есептелінеді:



  1. Абсолюттік ауытқу

П = П1 – П0, мұндағы:

П1 – ағымдағы жылда алынған пайда;

П0 – өткен жылда алынған пайда.


  1. Өсу қарқыны

ТР = П1 : П0 х 100%

  1. Өткізуден түскен түсімдегі әрбір көрсеткіш деңгейі

УП = П1 : П0 х 100%

Көрстекіштер базистік және есепті кезеңге есептелінеді.



  1. Құрылым өзгерісі

ΔУ = У П1 : У П0

Таза пайда сомасына оны анықтайтын барлық көрсеткіштер-факторлар әсер етеді. Аддитивті тұрпаттағы факторлық үлгі келесідей түрде болады:



Түсім - Өзіндік құн = Жалпы пайда

Жалпы пайда – Сату шығындары = Сатудан түскен пайда.

Сатудан түскен пайда + Алынған пайыздар – Төленген пайыздар + Басқа ұйымдарға қатысудан түскен табыс + Басқа да операциялық табыстар – Басқа да операциялық шығындар + Өткізуден тыс табыс - Өткізуден тыс шығын = Бухгалтерлік пайда (салық салғанға дейін).

Бухгалтерлік пайда – Пайдаға салық + Төтенше табыстар – Төтенше шығындар = таза пайда.

Ұйым пайдасына әсер ететін негізгі факторлар болып, алдыменен өткізілген өнімнен (жұмыстан, қызметтен) түскен түсім немесе табыс және шығын (өзіндік құн және басқалары) табылады. Түсімге тоқталатын болсақ, оның көлемі өткізілген өнім мөлшерімен және өткізу бағасыман анықталады.

Бухгалтерлік баланс мәліметтері және пайда және шығын есебі негізінде шығындар өзгерісінің пайда мөлшеріне әсерін талдауға болады, алайда бұл мөлшерге әртүрлі факторлардың әсерін бағалау мүмкін емес. Ол үшін аналитикалық есеп мәліметтерін (калькуляциялық шығындар баптары бойынша өзіндік құнды талдау), басқарушылық есеп мәліметтерін (өнім түрлері бойынша маржиналдық пайданы талдау) және бухгалтерлік баланс анықтамаларын (шығын элементтері бойынша өзіндік құнды талдау) пайдаланған жөн.
8.2 Табыстылық кеңейтілген ұдайы өндірістің негізгі шарты ретінде

Кәсіпкерлік қызметтің негізгі мақсаты жүйелі түрде пайда алып тұру болғандықтан өндіру және өткізу процесі үнемі жаңарып отыруы керек. Бұл ұдайы өндіріс көмегімен жүзеге асады.

Кез келген шаруашылық субъект пайда алуға ұмтылады. Демек, өндіріс дамуының жалпы тенденциясы болып оның үнемі кеңейіп отыруы табылады, яғни кеңейтілген ұдайы өндіріс (мұнда қосылған өнімнің бір бөлігі - тұтынуға жіберілудің орнына - ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру мен өткізуде қолданылатын өндірістік запастар мен басқа да ресурстарды көбейтуге бағытталады).

Қарапайым және кеңейтілген ұдайы өндірістің анықтамалары жоғарыда берілген (тарау 3). Сондықтан бұл жерде қарапайым және кеңейтілген ұдайы өндіріс теорияларына тікелей қатысы бар бірнеше экономикалық категориялардың анықтамаларын келтірген дұрыс.



Таза өнім - өткен жылдардағы затталған еңбек шығындарын алып тастағандағы жалпы қоғамдық өнім. Ол жеке қолдануға арналған тұтыну заттары мен өндірісті кеңейтуде пайдаланылатын өндіріс құралдарының құнын көрсетеді. Басқа атауы – ұлттық табыс.

Қажетті өнім – жұмыс күшінің ұдайы өндірісіне, яғни оның жұмысқа қабілеттілігін қамтамасыз етуге қажетті таза өнімнің бір бөлігі. Қажетті өнім тамаққа, киімге, тұрғын үйге, қалыптасқан мәдени және әлеуметтік қажеттіліктерді қанағаттандыруға қажетті шығындарды жабады.

Қосымша өнім – қажетті өнімнің үстінен құрылған таза өнімнің бір бөлігі.

Жиынтық қоғамдық өнім құны жалпы түрде келесі формуламен беріледі:



С + V + M, мұндағы

С – келесі өндірістік цикл алдында жаңартуға қажетті тұтынылған өндіріс құралының құны;

V+M – қайта құрылған құн;

V – «жұмыс күші» тауарын жаңарту үшін тұтынуға бағытталуға тиіс жаңа құрылған құнның сомасы;

M - өндірісті кеңейтуге де және тұтынуды арттыруға да бағытталуы мүмкін қосымша өнім.

Дәстүрлі түрде елдегі барлық өндіріс шығаратын өнім түріне байланысты екі бөлімшеге бөлінеді: I - өндіріс құралдарын шығаратын және II – тұтыну заттарын өндіретін.

Агроөнеркәсіптік кешенді қарастыратын болсақ, бірінші сфера I-ші бөлімге, ал ауыл шаруашылығы – II-ші бөлімге жатады. АӨК-нің үшінші және төртінші сфераларына жататын ұйымдар алдыңғы екі сфераға қызмет көрсетеді.

Бүкіл ел масштабында ұдайы өндіріс процесі үздіксіз жүзеге асуы үшін келесідей пропорцияларды ұстанған жөн:



Қарапайым ұдайы өндірісте:

1. Өндіріс құралдары материалдық шығындарды жаба алатындай және өтем қорына тең болатын көлемде өндірілуі тиіс:


I (С+V+M) = IС + IIС.
2. Тұтыну заттарының өндірісі екі бөлімшеде де жасалған таза өнімге тең болуы қажет, яғни:
II (С+V+M) = I (V+M) + II (V+M).
3. Бірінші бөлімшенің таза өнімі екінші бөлімшенің өтем қорына тең болуы керек, яғни:

I (V+M) = II С.

Кеңейтілген ұдайы өндірісте:

1. Бірінші бөлімшенің барлық өнімі өтем қорының сомасынан өздерінде жиналған өндіріс құралдарының мөлшеріндей көлемде артық болуы керек, яғни:



I (С+V+M) > I С + II С.
2. Тұтыну заттарының өндіріс көлемі (екінші бөлімше өнімі) екі бөлімшеде де құрылған таза өнім көлемінен өндірістің жинақталған қор көлеміне тең мөлшерде төмен болуы тиіс, яғни:
II (С+V+M) < I (V+M) + II (V+M).
3. Бірінші бөлімшенің таза өнімінің көлемі екінші бөлімшенің өтем қорының көлемінен екі бөлімшеде де жинақтау мақсатына қажетті өндірістің қосымша қорының көлеміне артық болуы қажет, яғни:
I (V+M) > II С.
Жоғарыда келтірілген теңсіздіктерден көріп отырғанымыздай, ұйым немесе сала деңгейінде кеңейтілген ұдайы өндірісті жүзеге асыру үшін кем дегенде келесідей шарттарды орындау қажет:

  • қосымша өнімнің бар болуы – пайданың немесе кеңейтілген ұдайы өндірісті қаржыландырудың басқа бір көзінің бар болуы;

  • нарықта қажетті ресурс мөлшерінің бар болуы – келесі өндірістік циклде ауыл шаруашылық өнімдерінің өндірісін кеңейтуді қамтамасыз ету үшін жердің, негізгі қорлардың, материалдық-өндірістік запастардың, еңбек ресурстарының бар болуы;

  • ауыл шаруашылығы өнімдері нарығында өндіріс көлемін арттыруды жоспарлап отырған өнімге деген сұранысты өсіруге қолайлы жағдайдың болуы;

  • ұйым қосымша өнімнің бір бөлігін (немесе қосымша өнімнің барлығын) әлеуметтік көрсеткіштерді төмендетпей-ақ өндірісті кеңейтуге бағыттай алады.

Ұдайы өндіріс процесінде тірі және затталған еңбек шығындары жабылуы керек. Тірі еңбек шығынының орны жұмыс күшін төлеу арқылы толтырылады (өнімді өндіру және өткізу процесіндегі жұмыскерлердің еңбегін төлеу және аудару). Затталған еңбек шығындарын толтыру процесін шартты түрде екі процеске бөлуге болады:

  • негізгі қорлардың бөлшектелген ұдайы өндірісі;

  • айналым қорларының толық ұдайы өндірісі.

Негізгі қорларды жаңарту оларды өнімнің өзіндік құнының құрамына кіргізу және амортизациялық аударымдар арқылы жүзеге асады, ал айналым қорларын пайдалану құны толығымен қайтарылады.

Осылайша, ұдайы өндіріс процесін экономикалық жағынан сипаттағанда, кем дегенде, оның үш негізгі классикалық құраушы бөліктерін жекелей қарастырған жөн:



  • негізгі қорлар;

  • айналым қорлары;

  • еңбек өнімділігі.

Алайда, бұлай бөлу негізсіз емес. Қазіргі кезде негізгі қорлармен қатар өндірілген өнімге материалдық емес активтер объектілері де өз құнын бөлшектеп аударады. Өзіндік құнды қалыптастыру мен дайын өнімді өткізуден түскен түсімді анықтаудың әртүрлі жолдарын өндірісті жоспарлау мен оның экономикалық тиімділігін анықтаудың әрқилы жолдары негіздейді. Қазіргі кезде өндіріс нарық пен тұтынушының талаптарына негізделеді, бұл өз кезегінде, материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын пайдалану тиімділігінің бірнеше көрсеткіштеріне деген қатынасты өзгертті және өткізу сферасын ұдайы өндіріс процесіне қатысу деңгейіне байланысты өндіріс процесімен бірге бір баспалдаққа қойды (бұрындары өткізу көмекші процесс ретінде қарастырылатын).

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет