ПОӘК 042-18 23/03-2014 №2 басылым 11. 09. 2014


Ауыл шаруашылығында табыстарды бөлу



бет11/17
Дата11.07.2016
өлшемі1.16 Mb.
#190235
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17

8.3 Ауыл шаруашылығында табыстарды бөлу
Ауыл шаруашылығы саласының кәсіпорындары мен ұйымдары түсірген жалпы табыс келесі қорларға бөлінеді:

  • өтем қоры - өндірістік қуат пен айналым активтерінің деңгейін бұрынғы қалпында ұстап тұруға қажетті материалдық-өндірістік запастар немесе ақша құралдыр. Өтем қоры ауыл шаруашылық өнімдерін өткізуден түскен түсімнен қалыптасады.

  • тұтыну қоры – ұйым жұмыскерлерімен есептесуге бағытталған (өткізген өнім түсімінің есебінен), сонымен қоса өндіріске қатысы жоқ әлеуметтік бағдарламалар мен басқа да шараларды жүзеге асыруға бағытталған өз өндірісінің өнімі және ақша құралдары, - өндіріске қатысы жоқ материалдық көмек, сый ақы төлеу, әлеуметтік немесе өндірістік емес сфера объектілерін ұстау және т.б. (тек ұйымның таза пайдасының есебінен құралады);

  • жинақтау қоры - өндірісті кеңейтуді қамтамасыз етуге бағытталған ақша құралдары мен материалдық-өндірістік запастар. Қор ұйым пайдасының есебінен құралады. Негізгі қорлардың жаңа объектілері банк несиелері мен амортизациялық аударымдар есебінен алынуы мүмкін. Алайда амортизациялық аударымдар өтем қорына енгізіледі, ал банк несиесі таза пайда есебінен жабылады.

Кеңейтілген ұдайы өндірісті жүзеге асыру мүмкіншілігін бағалау үшін кеңейтілген ұдайы өндіріс нормасы деген көрсеткіш қолданылады, ол келесі формула бойынша анықталады:
Нрв = Фн : (ОС+ОбС) мұндағы,
Фн – жинақтау қорына жіберілген пайда сомасы;

ОС - өндірістік негізгі қорлар құнының сомасы;

ОбС – ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру мен өткізу процесіне қатысатын айналым қорлары құнының сомасы.

Кеңейтілген ұдайы өндіріс нормасы ұйым ресурстары қаншалықты көбейе алатындығын көрсетеді. Осыдан кейін ұйым табысы қаншалықты өсетіндігін анықтау үшін қосымша жұмысқа тартылатын жұмыскерлердің еңбек ақысына кететін шығындарды есепке алу керек.

Пайданың мүмкін болатын өсімінің сомасы өндіріс рентабелділігінің пайдаланылған жинақтау қорының сомасына туынды ретінде анықталады.

Капитал жинағының нормасы жинақтау қорының ұйымның таза пайдасына қатынасы ретінде анықталады. Бұл норма пайданың қандай бөлігі кеңейтілген ұдайы өндіріске, ал қандай бөлігі тұтыну қорына жіберілгенін көрсетеді.



Бақылау сұрақтары:
1.Қандай табыстар басқа түсімдерге жатады?

  1. Алынған табыс мөлшері қалай анықталады?

  2. Директ-костинг жүйесі дегеніміз не және ол не үшін қолданылады?

  3. Ауыл шаруашылық өндірісі кеңейтілген болуы үшін не қажет?

  4. Өтем қоры дегеніміз не?

  5. Тұтыну қорының қаржысын қайда жіберуге болады?

  6. Кеңейтілген ұдайы өндірісті жүзеге асыру мүмкіншілігін бағалау үшін қандай көрсеткіштер қолданылады?

Тақырып 9. Өсімдік шаруашылығының өнімдерін өндіру экономикасы



МАҚСАТЫ: Студенттерге өсімдік шаруашылығы өнімдері өндірісінің тиімділігін анықтау әдістері, сала жағдайы мен даму перспективасы туралы білім беру.
9.1 Өсімдік шаруашылығы саласының халық шаруашылығындағы маңызы
Біздегі мәліметтерге сүйенсек, халықтың тұтыну тауарларына деген сұранысын қамтамасыз ету үшін республика бойынша жылына:

  • бидай – 11 млн. тонна;

  • картоп – 2415 мың тонна;

  • көкөніс – 3285 мың тонна;

  • ет – 3915 мың тонна;

  • сүт – 3285 мың тонна;

  • жұмыртқа – 4920 мың дана өндіру қажет.

Ауыл шаруашылық өнімдерінің негізгі түрлерін іс жүзінде өндіру мен тұтыну мөлшері 9.1.1. кестесіндегі мәліметтермен сипатталады.

2005 жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнім деңгейі 764,8 млрд. теңгені құраған, бұл 2004 жылмен салыстырғанда 9,4%-ға артық.

Ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру көлемі 6,7%-ға артқан, мұның ішінде өсімдік шаруашылығында – 3,1%-ға, мал шаруашылығында 10,4%-ға артқан.

Жалпы өндіріс құрылымында мал шаруашылығы саласының үлес салмағы артып келеді, егер 2001 жылы ол 39%-ға төмендеген болса, қазіргі кезде 46,5%-ды құрайды.


Кесте 91.1. Қазақстан Республикасында ауыл шаруашылығы дақылдарын жалпы жинау (мың тонна)


Көрсеткіштер

2008

2009

2010

2011

2012

Күздік және жаздық бидай

12538,2

17052,0

9638,4

22732,1

9841,1

Күздік қара бидай

39,7

75,1

42,1

28,4

28,6

Тары

27,4

31,3

16,5

43,4

22,6

Қарақұмық

16,6

61,6

27,0

37,4

48,0

Дәндік жүгері

420,2

471,2

462,0

482,0

520,4

Күріш

254,7

307,0

373,1

346,8

350,8

Сұлы

137,8

204,0

133,8

258,3

147,2

Күздік және жаздық арпа

2058,5

2518,6

1312,8

2593,1

1490,6

Бұршақты дақылдар

48,2

67,0

69,3

134,9

76,2

Майлы дақылдар

414,0

703,6

775,4

1141,9

976,8

Күнбағыс

185,8

367,9

328,9

409,1

400,3

Соя

88,7

94,3

113,9

133,1

169,8

Рапс

82,7

107,2

109,2

148,4

116,9

Картоп

2354,4

2755,6

2554,6

3076,1

3126,4

Көкөністер

2280,0

2457,2

2576,9

2877,7

3061,5

Қызанақ

549,3

580,9

593,4

609,4

650,7

Қияр

268,0

270,3

298,8

331,6

362,8

Басты пияз

376,8

388,2

440,5

545,4

573,4

Қырыққабат

361,1

376,3

412,0

465,5

442,4

Асханалық сәбіз

271,1

321,5

331,3

404,2

445,8

Асханалық қызылша

103,8

118,7

113,2

132,0

129,4

Соңғы жылдары сыртқы саудада ауыл шаруашылық өнімдері мен одан өңделген өнімдер арасында оң сальдо сақталып келеді. 2008-2012 жылдар аралығында ауыл шаруашылық өнімдері мен одан өңделген өнімдер экспорты осы өнімдер импортынан 8%-ға артық болған.

Ауыл шаруашылық өнімдерінің барлық түрлерінің өндірісі (мал шаруашылығы мен өңдеуді қосқанда) өсімдік шаруашылығының жағдайына тікелей түрде тәуелді болады – мал шаруашылығын дамыту мен ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеу мен өткізу бойынша кәсіпорындар құру тек отандық аграрлық сектор есебінде жүзеге асады. Басқаша мұндай кәсіпорындардың тұрақты жұмыс істеуіне ешкім де кепілдік бере алмайды. Ауыл шаруашылығының өнімі шикізаттың, стратегиялық шикізаттың ерекше түрі болып табылады, егер жеткізушілер мен тұтынушылар мемлекеттік қолдаумен және ұзақ мерзімді бірлескен қызметпен байланысты болмаса, онда екі жақтың да қызметі тиімді болуы мүмкін емес.

Кеңес үкіметі кезінде теңдестірілген және энергетикалық жағынан толық тамақтануды қамтамасыз ету үшін бүкіл ел бойынша жылына 1 адамға орташа есепппен 1000 кг бидай өсірілу керек деп саналды. 1985 жылдары бидай өндірісінің деңгейі 1 адамға 750 кг құрады. Тұтыну бағдарламасы бойынша 1990 жылдары адам басына 950-960 кг бидайды жинау міндеті қойылған. Кеңес үкіметі кезінде жоспарлы тапсырма (тек ауыл шаруашылығы бойынша ғана емес, барлығы) 85-90%-ға орындалып жүрді (тоғызыншы бесжылдықты қоспағанда, ол кезде тапсырма тек 60%-ға орындалған). 2012 жылдың қорытындысы бойынша бүкіл елде өндірілген бидай көлемі 11 221,9 тоннаны құрады.

Ақырғы бес жылда (2005-2012 жылдары) ауыл шаруашылығы пайдалануындағы жердің көлемі 11,5 млн. га ұлғайтылған және қазіргі уақытта 93,4 млн. га құрайды, оның ішінде егістік жер - 24,2 млн.га, соның ішінде суармалы жер - 1,4 млн.га, көпжылдық көшеттер -70,4 мың. га, тыңайған жерлер – 2,6 млн.га, шабындық жерлер – 2 млн. га, жайлымдық жерлер – 61,1 млн. га, ауыл шаруашылдық пайдалануда емес жерлер – 3,3 млн.га.

Өсімдік шаруашылығының саласын шартты түрде келесідей салаларға бөлуге болады:

бидай өндірісі; май дақылдарының өндірісі; картоп және көкөніс өндірісі; жеміс - жидек өсіру.

Әр-бір сала өнімін өндіру мен өткізу технологиясы өзінше бір қасиетпен ерекшеленеді. Сонымен қатар, қазіргі жағдайда пайдалы болып табылатын ауыл шаруашылық дақылын таңдауға табиғи-климаттық факторлар, транспорттық байланыстың дамуы, аймақта өңдеумен айналысатын кәсіпорындардың болуы және осы дақылға мемлекеттік қолдау шараларының әсер ету деңгейі сияқты факторлар әсер етеді.

Барлық бидай өнімдерін тұтынуға арналған және жемдік деп екіге бөлуге болады. Осының ішінде тұтынуға арналған бидай нан және жарма өнімдеріне бөлінеді.

Негізгі ауыл шаруашылық дақылдарын келесі түрде жіктеуге болады:



Азық-түліктік нандық бидай дақылдары: бидай, қара бидай;

Азық-түліктік жарма бидай дақылдары: жүгері, күріш, тары, қара құмық;

Жем-шөптік дақылдар: сұлы, арпа, бұршақты бидай;

Май дақылдары: күнбағыс, соя, рапс және т.б.

Картоп;

Көкөніс: қызанақ, қияр, басты пияз, сарымсақ, қырыққабат, сәбіз, асханалық қызылша;

Жеміс-жидек: сүйекті жеміс, шемішке жемісі, дақылдық жидек, жүзім, бақша дақылдары.

Жоғарыда келтірілген тізім еліміздің аумағында өсетін барлық ауыл шаруашылық дақылдарын қамти алмайды. Бұл тізімде тек ауыл шаруашылық өндірісінің жалпы көлемінде үлестік салмағы үлкен дақылдар ғана келтірілген.

Кейбір дақылдарды өсіруді ұйымдастыру ерекшеліктері ауыл шаруашылық кәсіпорындарының ұйымдастырушылық-құқықтық формасын негіздейді, мұнда олар тиімді түрде өсіріледі. Мысалы, 2008 жылы бидайдың жалпы мөлшерінің 40%-ға жуығы ауыл шаруашылық кәсіпорындарында өндірілді. Шаруа қожалықтарында 60%-ға жуығы өсірілді. Жеке шаруашылықтарда бидай өсірілген жоқ. Ал картоптың және көкөністің жеке түрлерінің 60%-ы тұрғын халықтың шаруашылықтарында өндірілді.

Қазіргі кезде еліміздегі ауыл шаруашылық дақылдарының егіс алқабы 18,4 млн. га құрайды. Егіс алқабының құрамында негізгі үлесті бұрынғыша бидай дақылдары (80%), соның ішінде бидай - 68% алады, өйткені жарма және жем дақылдарының алатын үлесі өте төмен. Кейінгі кезде май дақылдары мен қант қызылшасының егіс көлемі қарқынды өсіп келеді.

Бүгінгі күні өсімдік шаруашылығының келесідей мәселелерін атап көрсетуге болады:


  • аймақтарда егіс алқаптарының құрылымы оңтайландырылмаған. Алқап құрылымындағы пайдалы дақылдардың ауданы жеткіліксіз, қант қызылшасы мен жемдік дақылдардың егіс алқаптары қысқарып барады, бидай дақылдарының ауруымен және арам шөптермен күресу үшін шаралар жеткілікті түрде жүргізілмейді;

  • ауыл шаруашылық дақылдары шығымдылығының төмен деңгейде болуы;

  • ғылыми негізделген агротехнология тәртібі сақталынбайды, агротехникалық жұмыстардың оңтайлы мерзімдері ұсталынбайды;

  • жер құнарлылығының төмендеуі;

  • отандық селекция мен тұқым өсірудің жеткіліксіз түрде дамуы, қазақстандық селекция гибридтері мен жоғары сапалы сорттарының болмауы;

  • жаңа сорттар мен гибридтерді жеделдетіп енгізуге кедергі келтіретін ауыл шаруашылық өсімдіктерін аудандандыру облысындағы бар заңдардың жетілмегендігі;

  • тұқымдар сапасын сараптау, тұқым өсіру, сортты тексеру процестерінің әлсіз техникалық жабдықталуы;

  • кадрлармен жеткілікті түрде қамтамасыз етілмеуі;

  • өнім сапасы төмендемейтіндей етіп ұзақ уақыт бойы сақтауды қамтамасыз ететін, реттелетін газдалған ортасы бар, арнайы жеміс сақтайтын орындардың болмауы;

  • ғылыми негізделген агротехнологияны сақтауға ынталандыру;

  • мемлекеттік сортты тексеру жүйесін реформалау.


9.2 Бидай өндірісінің экономикасы
Қазақстан аймақтарының территориялық ерекшеліктері күздік және жаздық бидай дақылдарын себу сәйкестігіне өз әсерін тигізеді. Бидай дақылдары өнімділігінің жалпы өсімінде 35-50% үлес жоғары сапалы тұқымдарға келеді. Бидай дақылдарының тұқымын дайындау шаруашылығының басты міндеті болып жоғары сортты, өнімділік қасиеті мен сапасы жоғары тұқымдарды қажетті мөлшерде тұрақты өндіру болып табылады. Бұл тұқымдар сорттардың биологиялық пайдалы және негізгі шаруашылық-бағалы қасиеттерін сақтау мен жақсартуды қамтамасыз етуі керек.

Кесте 9.2.1. Қазақстан Республикасындағы негізгі тағам өнімдерін өндіру және тұтыну




Атауы

2008

2009

2010

2011

2012

өндіру (млн.т)

тұтыну (мың т)

өндіру (млн.т)

тұтыну (мың т)

өндіру (млн.т)

тұтыну (мың т)

өндіру (млн.т)

тұтыну (мың т)

өндіру (млн.т)

тұтыну (мың т)

Нандық бидай (бидай, жұмсақ бидай, қатты бидай, күздік қара бидай)

12750,2


6218


12806,5


6843,9


11579,3


6823,3


9958,1


6429,6


11221,9


6854,8


Жармалық бидай (тары, қара құмық, жүгері, күріш)

320,4

308,7

742,5

509,6

761,9

536,3

786,1

573,3

781,7

529,3


Жемдік дақыл (сұлы, арпа, бұршақты бидай)

2495,5

2249,3

2425,9

2070,5

2364

1790,7

1554,6

1309,3

1719,1

1648,7


Май дақылдары (күнбағыс, соя, рапс)

149

2,6

91,9

3,803

300

4,81

270,1

5,24

331,7

5,02

Картоп







139,3

2268,8

139

2308,3

134,5

2260,7

140

2354,8

Көкөністер (қызанақ, қияр, пияз, ащы пияз, қырыққабат, сәбіз, асханалық қызылша)




550,6

1080,8

566,7

1095,9

591,8

1140,2

605

1163,4


Кез-келген меншік формасындағы шаруашылықтарды бидай дақылдарының жоғары сапалы тұқымдар ассортиментімен қамтамасыз ету мәселесін ғылыми және тәжірибелік жолмен шешу, мысалы, Семей аймағының ерекшелігін есепке ала отырып, алғашқы рет тұқымдарды тұрақты түрде алып тұру мен жалпы жиналатын бидай мөлшерін арттыруды қамтамасыз ететін микрозоналық деңгей мен сортты аудандандыру зоналарында ұсынылды. Мұндай экологиялық және экономикалық көзқарас жаңа жер қатынастарында үлкен өзгерістерге әкеледі:

  • біріншіден, акционерлік қоғамдарда, жауапкершілігі шектелген және шектелмеген серіктестіктерде, өндірістік кооперативтерде, шаруа қожалықтарында өндіріс мамандандырылуын таңдауға – оларға өндірістің жаңа экономикалық жағдайларына тез қалыптасуға көмектесу қажет;

  • екіншіден, артықшылығы бар дақылдар тізімін және егіс алқабының оңтайлы құрылымын таңдау керек;

  • үшіншіден, егістік жерлер құнарлылығы мен оның ұдайы өндірісінің төмендеуін тоқтатуға тырысу, яғни минералды және органикалық тыңайтқыштарды қолдану, эрозияға қарсы, орманды қорғау жұмыстарын жүргізу, егін шаруашылығын жаңа ұрпақ жүйесіне – ресурс пен энергияны үнемдеуді, экологиялық қауіпсіздікті, ауыл шаруашылығындағы пайдаланатын жерлердің жоғары өнімділігін қамтамасыз ететін егін шаруашылығының ландшафты жүйесіне аудару;

  • төртіншіден, ұсынылатын экологиялық зоналар мен микрозоналарда жоғары сапалы сорттардың тұқым шаруашылығын дамыту;

Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында өсіруге қолайлы дақылдар – жаздық бидай, күздік қара бидай және арпа, ал Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстарында – күздік бидай, жаздық бидай, арпа.

Тәжірибе жүзінде көргеніміздей күздік және жаздық дақылдардың үйлесуі қолайсыз табиғи-климаттық жағдайлармен байланысты тәуекелді төмендетуге мүмкіндік береді – суық қарсыз қыс күзгі егістің біршама бөлігін жоғалтуға әкеледі, ал ерте түскен суық жазғы егіске кері әсерін тигізеді.

2013-2020 жылдарға жасалған Қазақстан Республикасының агро өнеркәсіптік кешенінің тұрақты дамуы Тұжырымдамасын жүзеге асыру бойынша 2006-2010 жылдарға арналған алғашқы шаралар Бағдарламасына сәйкес егіс алқаптарының құрылымы төмендегідей болуы керек: бидай – 2008ж.- 68,9%, 2009ж.–64,6%, 2010ж.- 62,3%, 2011ж.- 60,0%; арпа-жылдар бойынша сәйкесінше - 8,6; 10,0; 10,8; 12,1%; күзгі қара бидай - 0,2; 0,2; 0,3; 0,4%.

Ауыл шаруашылық дақылдары егіс алқаптарының оңтайлы құрылымын бекітуден келесідей нәтижелер күтіледі:



  • ғылыми негізделген себу айналымын игеру және енгізу;

  • өнімділікті, жалпы жинауды және өсімдік шаруашылығы өнімдерінің сапасын арттыру;

  • мемлекеттің негізгі тамақ өнімдеріне деген ішкі қажеттілігін қамтамасыз ету;

  • бәсекелестік қабілетті, өңдеу көлемін (терең), экспорт мөлшерін арттыру;

  • қазақстандық экологиялық және биологиялық жағынан таза өсімдік шаруашылығының өнімдері мен одан өңделген өнімдердің коммерциялық брэндін құру және ассортиментін кеңейту;

  • отандық өңдеу өнеркәсібінің дамуын қамтамасыз ету үшін қажетті тұрақты шикізат негізін құру және өңдеу кәсіпорындарының жұмыспен қамтамасыз етілу деңгейін көтеру;

  • құс шаруашылығы мен мал шаруашылығы өнеркәсібінің дамуына қажетті тұрақты жем-шөп базасын құру.

Өсімдік шаруашлығындағы кәсіпкерлікті дамыту туралы шешім қабылдау барысында, бірінші кезекте, жердің құнарлылығын, оның құнарсыздануын, қажетті минералдық тыңайтқыштар мөлшерін алу, сонымен бірге аймақтағы егістік жерлердің ұдайы өндірісін мемлекеттік қолдау мүмкіншілігін бағалау қажет.

Эрозияға қарсы және орманды қорғау шараларын жүргізу күрделі салымдарды жүзеге асырумен байланысты, яғни кәсіпорынның белгілі бір мөлшерде бос өзіндік қаржысы болуы керек. Мұндай шаралардың тиімділігі Қазақстанның барлық зоналары мен микрозоналары үшін ғылыми түрде дәлелденген.

Бүгінгі күні жетілдірілген технологияларды енгізбей, материалдық, энергетикалық және еңбек ресурстарын тиімді пайдалануға негізделген интенсификацияның сапалы жаңа деңгейіне көшпей, агроэкологиялық ресурстар мен өсімдіктердің жаңа сорттарының өнімділігінің биологиялық потенциалынсыз ауыл шаруашылық өнімдері өндірісінің тұрақты дамуы мүмкін емес.

Кейінгі бірнеше жылдар бойы егістік жұмыстарын бастаудан 2-3 ай бұрын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бірнеше өңдеу технологиялары бойынша барлық шығын түрлерін есепке ала отырып трансферттер бөлінеді: тұқымдар мен отырғызатын материалдар, минералды тыңайтқыштар, отын, электроэнергия, суға, қосымша бөлшектер мен құрылыс материалдарына кететін шығындар, жұмыстар мен қызмет көрсетулердің төлемдері. Бұл трансферттер өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіруге салынатын салымдарды пайдалану тиімділігі туралы соңғы қорытынды жасауға көмектеседі.

Бидай өндірісінің тиімділігін бағалау көрсеткіштері ретінде келесідей көрсеткіштер қолданылады:


  • өнім бірлігі өндірісінің өзіндік құны (1 центнер бидай);

  • өнім бірлігін өткізуден түскен түсім;

  • өнім бірлігін өткізуден түскен пайда;

  • өндірістік ауыл шаруашылық жұмысшыларының еңбек өнімділігі;

  • бір жұмысшыға шаққандағы өндірілген бидай көлемі;

  • жекелеген дәнді дақылдардың өнімділігі;

  • 1 га егістік алқабына себілген минералды тыңайтқыштардың мөлшері;

  • бидай дәнінің тауарлығы;

  • және басқалар.

Бұл көрсеткіштердің барлығын сол және басқа көрсеткіш деңгейіне әсер ететін объективті факторларды есепке ала отырып динамика бойынша қарастыру қажет. Бұл жерде объективті факторлар дегеніміз табиғи-климаттық жағдайлар. Соңғы жылдары объективті емес факторлар әсері күштірек болып жүр. Олардың ішіндегі ең бастысы бағалар диспаритеті, яғни ауыл шаруашылық өнімдері бағаларының өсу қарқыны ауыл шаруашылық өндірісінде пайдаланылатын материалдық-өндірістік ресурстардың, отын-энергетикалық кешен өнімдері және ауыл шаруашылық машиналары мен жабдықтары бағаларының өсу қарқынымен салыстырғанда өте төмен.

Осы негізгі фактордың әсерінен дәнді дақылдарды сату бағасы Қазақстан бойынша орта есеппен 80 еседей өсті, ал негізгі қорлардың бағасы 100 есеге, жанар-жағар майдың бағасы 80-90 есеге өсті, дәнді дақылдар өндірісінің рентабелділігі бес еседен артық төмендеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет