ПоәК 042-18-38-57/03-2014 №1 басылым


Томсон және Тартаковский тәжірибелері



бет18/44
Дата08.12.2023
өлшемі7.58 Mb.
#485962
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   44
Ïî?Ê 042-18-38-57 03-2014 ¹1 áàñûëûì

3.2.2. Томсон және Тартаковский тәжірибелері. Рентген сәулелері үшін Дебай және Шеррер ұсынған әдісті қолданып, Дж. Томсон және С.Тартаковский (1928ж.) жұқа поликристалдық пленкалар арқылы электрондар өткенде пайда болатын дифракциялық көрініс дәл Дебай – Шеррер рентгенограммалары сияқты болатындығын көрсетті. Тәжірибе схемасы 3.4 – суретте кескінделген.
Ш апшаң электрондардың (1) жіңішке шоғы жұқа (2) поликристалдық пленканы атқылайды. Дифракцияланған (3) электрондар шоғы (4) фотопластинкаға түседі. Сонда бұл пластинканың бетінде орталығында тұтасқан дағы бар бірнеше концентрлік шеңберлер түріндегі көрініс пайда болады. Осы электронограмма 3.5 – суретте көрсетілген.
Сөйтіп Дж. Томсон тәжірибелерінің нәтижелері электронның толқындық табиғаты жөніндегі де Бройль гипотезасының дұрыс екендігін көрсетті.
Дж.Томсон тәжірибелерінде шапшаң электрондар шоғы пайдаланғандағы айтылған болатын. Ал орыс физигі П.С. Тартаковский баяу қозғалатын электрондар шоғын жұқа слюда, алюминий пленкадан өткізіп, жоғарыда айтылғандай дифракция құбылысы байқады. Сонымен тәжірибе жүзінде электорнның толқындық табиғаты толық дәлелденді.



Металл

Тордың тұрақтысы d, нм
рентген сәулесі электорндық шоқ

Al
Au
Pb

0.405
0.406
0.492



0.406-0.400
0.418-0.399
0.499



3.2.3.Молекулалық шоқтармен жүргізілген тәжірибелер. Де Бройль жорамылына с»йкес кез келген материалдық бөлшектердің, соның ішінде атомдар мен молекулардың толқындық қасиеттері болуға тиіс. 1929ж. Штерн және оның қызметкерлері жүргізілген тәжірибелері де Бройль жорамалының нейтрал атомдар (Не) мен молекулар (Н2) үшін дұрыс екендігі көрсетті.
Молекуланың де Бройль толқын ұзындығын бағалау үшін формула:

Осы өрнектегі универсал тұрақтыларды сандық мәтіндерімен алмастырамыз, сонда
  нм.
Мысалы, Н2 жағдайында М   болады,   – протон массасы. Егер Т  болса, онда   Осы мысалдан жеңіл атомдар немесе молекулалар үшін де Бройль толқын ұзындығы криталдық тордың атомдық жазықтарының аралығымен шамалас екендігі көрінеді. Сондықтан тәжірибенің сәтті болатынына үміттенуге болады. Осылай болды да тәжірибелерге атомдар мен молекулалардың толқындық қасиеттері байқалды. Штерн тәжірибелерінің схемасы 3.6 – суретте көрсетілген.
Т температурадағы пештен шығатын атомдар немесе молекулалар ағыны LiF кристалының бетіне   бұрышпен түсіп, шашыраған.
Сутегі молекуласының дифракциясы да LiF кристалында байқалды. Сутегі молекуласы үшін интенсивтіліктің таралу қисығының түрі 3.7 – суреттегідей болды.
С онымен тәжірибе жүзінде толқындық қасиеттер тек электронның ерекшелігі емес, дәл осындай дәрежеде атом және молекулаларға тән қасиет екендігі көрсетілді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   44




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет