1.2. Шикізаттың, дайын өнімнің және қосымша материалдардың сипаттамасы
ПЭТ бензинге, майларға, спирттерге, эфирлерге, сұйытылған қышқылдар мен сілтілерге жоғары химиялық тұрақтылық қасиет көрсетеді.Полиэтилентерефталат суда және көптеген органикалық еріткіштерде ерімейді, 40-150 град. С аралығында фенолда, анилинде, бензил спиртінде, хлороформда, пиридинде, дихлоруксусты және хлорсульфондықышқылдарда және т.б. ериді. Кетонға, күшті қышқылдарға және сілтілерге тұрақсыз келеді. Су буының әрекетіне жоғары тұрақтылық қасиет көрсетеді.
Аморфты полиэтилентерефталат – қатты, түссіз сұр – сары реңкпен, кристальды – қатты, мөлдір емес, түссіз. Қажалудың төменгі коэфицентімен ерекшеленеді. ПЭТ термодеструкциясы температуралық диапазонда 290-310°Cорын алады. Деструкция полимер тізбегінің бойымен статикалық өтеді; негізгі ұшқыш өнімдері терефталат қышқылы, сірке альдегиді және көміртегі монооксиді болып табылады. 900°Cкезінде әр түрлі көмірсутектер; негізінде көміртегі диоксидінен, көміртегі монооксидінен және метаннан тұратын ұшқыш өнімдер генерацияланады.ПЭТ-тің тотығуын болдырмау үшін өңдеу кезінде кең қатарлы антиоксиданттарды қолдануға болады. ПЭТ-тің қасиеттері кестеде (5-кесте) көрсетілген.
5-кесте.Полиэтилентерефталаттың негізгі қасиеттері
Қасиеті
|
Жылудың кеңею коэффиценті (балқыма), / K
|
6,55 x 10-4
|
Қысылуы (балқыма), Мпа
|
6,99 x 106
|
Тығыздығы г/см3
аморфты
кристалды
|
1,335
1,420
|
Диэлектрлік тұрақтылығы (23°C, 1кгц)
|
3,25
|
Үзілу кезіндегі салыстырмалы ұзару, %
|
12-55
|
Шынылану температурасы,°C
аморфты
кристалды
|
67
81
|
Балқу температурасы, °C
|
250-265
|
Сыну көрсеткіші (Na линясы)
аморфты
кристалды
|
1,576
1,640
|
Созылу кезіндегі беріктілік шегі, МПа
|
172
|
Созылу кезіндегі серпімділік модулі, МПа
|
1,41 x 104
|
Достарыңызбен бөлісу: |