Полимерлік материал қалдықтарын қоқыс сақтау орындарында жер астына көміп тастау уақыт өте келе өз әйгілігін жоғалтуда



бет5/25
Дата12.05.2024
өлшемі372.67 Kb.
#500909
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
Полиэтилентерефталат печать

Грануляция. ПЭТ қалдықтарын өңдеу үшін уатқыштар (дробилка), диірмендер (мелница), ұсатқыштар (гранулятор) қолданады. Механикалық және жылу әсерінен қалдықтар смоло тәрізді жағдайға көшеді. Содан кейін ұсатқыштан шығуда балқыма калибрлік тесіктер арқылы басылып шығады және ұсақталып кесіледі де салқындатылады. [35].Кейде бұл процессті алуан түрлі стабилизаторлар, модификаторлар, бояуыштар және де гранулят сапасын көтеру үшін басқа да қосымша қоспалар пайдалану арқылы өткізіледі.
Екіншілік полиэтилентерефталат басқа полимердің физико-механикалық немесе электромеханикалық қасиеттерін жақсарту мақсатында қосымша қоспа ретінде де қолданылуы мүмкін.[12].
Агломерация. Пленкалы қалдықтар өңдейтін қондырғыға жиналып жуылғаннан соң, кейін агломерациядан өтеді. Агломерация кезінде пленкадан үйілу тығыздығы жоғары және жақсы ұнтақталатын (компактные зерна) құйындылар алынады.[36].
Грануляцияға қарағанда агломерация энергосыйымдылығы кемірек, өнімділігі көбірек, сондықтан материалды алдағы кездегі өңдеуге дайындауға кететін шығындарды төмендетуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, агломеризация кезінде материалдың молекулалық массасы өзгеріссіз қалыпты болады және де агломеризация процесінде полимерге бояғыштар, стабилизаторлар, толтырғыштар[36]. қосуға болады. Ең нәтижелі үздіксіз қозғалыстағы дискты агломераторлар болып саналады. ПЭТФ қалдықтары ұсақталғаннан кейін (флекс өлшеміне дейін 5-10мм), үздіксіз агломеризация зонасына беріледі.[12].
Экструзия. Полиэтилентерефталаттың ұнтақталған қалдықтарын өңдеудің кең тараған әдісі болып табылады және бір шнекті немесе екі шнекті экструдерлер қолданылуымен өтетін процесс.
ПЭТ қысым астында құю (литье под давлением) термопласттарды өңдеуге арналған барлық құю машиналарында өңделеді.[12,13].
Өңделген екіншілік және бірінші ПЭТ-тің қоспаларының соэкструзиясын пайдалану екіншілік полимердің реологиялық қасиеттерінің жақсаруына алып келеді және оны үрлеуге жарамды қылады.
Мүмкін варианттардың бірі, құю (литье) үшін ПЭТ-ті жоғары қысымдағы полиэтиленмен және модификаторлармен композиция алынғанға дейін араластырады. Қасиеттеріне қарай лавсан құюлуына жақын болып келеді, балқу температурасы-250-260С.[13]. Толық аморфты құрылым форма температурасы 50С болған кезде болады. Аморфты бұйымдар екпінді тиеулерге қарсы жақсы беріктілік қасиет көрсетеді де, бірақ эксплуатация температурасы төмен болып келеді.[12,35].


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет