Полимерлік материал қалдықтарын қоқыс сақтау орындарында жер астына көміп тастау уақыт өте келе өз әйгілігін жоғалтуда



бет4/25
Дата12.05.2024
өлшемі372.67 Kb.
#500909
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
Полиэтилентерефталат печать

Көміп тастау. Ең перспиктивасы жоқ варианттың бірі, себебі бағалы полимерлі шикізат көміледі, ал көптеген жерлер ауыл шаруашылығында пайдалануға жарамсыз болып қалады.
Өртеу. Бұл әдіс белсенді қолданылады, мысалы, АҚШ-та, ал бұл әдіс арқылы алынған энергия халық мұқтаждарына[23]. пайдаланылады. Әдіс экологиялық жағынан қауіпсіз емес. Сонымен қатар, өртеу экономикалық мақсаттарға лайықты емес болып келеді.[31].
Радиодеструкция. Әдіс нейтрондар көмегімен полимерлер макромолекуласының химиялық байланысын үзілуін көрсетеді, бета-бөліктерін, гамма сәулелендіру, бұл фото және термототығу деструкция процесіне жағдай жасайды, және төменгі молекулалық өнімнің пайда болуына алып келеді, бұлар биоциклдық процесстерде қолданылуы мүмкін. Ресейде бұл әдіс практикалық қолданылмайды.[32].
Термиялық ыдырау. Термиялық ыдырау-екіншілік полимерлік шикізатты утилизациялау әдісі, осы әдісте ол төменгі молекулалық қосылыстарға дейін ыдырайды. Бұған: пиролиз және каталитикалық термолиз жатады. Дәл осылай, АҚШ-та полиэтилентерефталаттан пластикалық ыдыстарды өңдеу кезінде мономерлер алады-диметилтерефталат және этиленгликоль, бұлар өз кезегінде қайтадан ПЭТ алуда қолданылады.[23,31].
Химиялық рециклинг ПЭТ-сольволиз. Сольволиз кезінде ПЭТ химиялық заттармен өзара әрекеттесуі арқылы деполимеризацияға ұшырайды, мысалы, метанол (метанолиз диметилтерефталат мономерінің алынуымен); этиленгликоль (гликоз бисгидроэтилентерефталат мономері алынуымен); қышқылдар (гидролиз терефталь қышқылының алынуымен) немесе сілтілер (сабындану).[34]. Сольволиз әдісі жеткілікті энергосыйымды, жоғары технологиялық қондырғыларды талап етеді және сондықтан өте қымбат болып келеді. Бірақ бұл әдістер төменгі сапалы шикізатты қолдануға мүмкіндік береді, себебі химияялық процесстер қосымша тазалаудан өтеді.
Бұл бағыт болжам, мысалы, нейтральды гидролиз арқылы терефталь қышқылы мен этиленгликольға дейінгі ПЭТ қалдықтарының деполимеризация процесінің өткізілуі, бұл қайтадан ПЭТ синтезіне кетеді. Процесс үздіксіз болып келеді. Бұл ПЭТ қалдықтарын өңдеудің ең көп тараған, экономикалық және қоршаған ортаға қауіпсіз әдіс болып табылады.[12].
Полиэтилентерефталат қалдықтарын химиялық өңдеудің ең кең таралған әдісі гликоз және екіншілік ПЭТ конденсациясы салыстырмалы арзан полиэфирлі смола алу мақсатымен көпнегізді қышқыл немесе оның ангидридтерін қосу арқылы жүреді.
Деполимеризация процесі екіншілік ПЭТ өндірісінің салыстырмалы қымбат әдіс болып табылады, себебі энергетикалық шығындардың көп болу және қымбат химиялық өнімдердің қолданылуына байланысты.
ПЭТ деструкция өнімдері ескірген қалдықтардан кеңінен қайтадан ПЭТ синтезінде қолданылады, пластификатор, лак, жабынды және т.б. материалдар алуда пайдаланылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет