Қалдықтарды өңдеуге дайындау және жинау ұйымдары
Полиэтилентерефталат қалдықтарын өңдеуге дайындау және жинау ұйымдары екіншілік полиэтиленетерефталат нарығының құрылуының ең маңызды экономикалық факторы болып саналады. Екіншілік шикізат ретінде пайдаланатын ластанған және араласқан қалдықтарды өңдеуге дайындауға кететін шығын біріншілік шикізат құнынан басым болып келуі мүмкін. Полиэтилентерефталат қалдықтарын жинау және өңдеу кезіндегі шығындардың көбеюі қалдықтарды жинауда және сорттауда жұмыстың қолмен жасалуы, көптеген жағдайда импортты аса қымбат қондырғыларды қолдану, соңғы жылдардағы энергоресурс шығындарының тұрақты өсуі, салық салудың жоғары дәрежесі. [18].Қазіргі заманға сай жаңа технологиялар бойынша екіншілік ПЭТ-ті жинауға кететін шығынды аралық өнімнің (әр түрлі тазалық дәрежесіндегі, өлшемі 5-10мм болатын «флекс-хлопья») өзіндік құнынан 50%-ға дейін төмендетуге болады.[19].
Екіншілік полиэтилентерефталат бөліктеп жиналып, өндірістік кәсіпорындарында дайындалады және осы жерде шикізатты бұйымға өңдеу процесі кезінде өндірістік қалдықтар да пайда болады. Бірақ қалдықтарды жинау көлемінің ең негізгі бөлігін пайдаланылған ПЭТ бутылкалар құрайды.
ПЭТ бутылкаларын біріншілік сорттау арнайы қабылдау пункттары мен қоқс сорттайтын заводтарда жүргізіледі, сонымен қатар қоқс тастайтын жерлерде де жинайды, ең маңызды назар бөлінетін жері бутылкаларды түсіне қарап жинау. Бөтелкелерді идентификациялау қйынға соқпайды, себебі барлық сусындар жасауға кететін бөтелкелер полиэтилентерефталаттан жасалады, ал басқа да сұйықтықтардан жасалатын бөтелкелерде рецеклинг белгісі «1» саны таңбаланып жазылады.Негізінен жиналған бөтелкелер байламдарға пресстелінеді, және өңделуге жіберіледі.[20].
Екіншілік ПЭТ-тің қолдану бағыттары
Өңделген ПЭТ қалдықтарының қолдану аймағы оның молекулалық массасымен анықталады, ол тұтқырлық сипаттамаларына байланысты есептеледі. Кестеде ПЭТ-тің әр-түрлі қолдану аймағына байланысты мәндер диапазоны көрсетілген.[12].
2-кесте. Қолдану аймағына байланысты ПЭТ-тің
тұтқырлық сипаттамасы[12].
Қолдану аймағы
|
Тұтқырлығы
|
Орам (талшық)
|
0,6-0,65
|
Үрлеу (бутылка)
|
0,75-0,80
|
Орам (шиналық корд)
|
0,35
|
Melt-blown
|
0,35-0,8
|
Экструзия (пленка)
|
0,5-0,8
|
Екіншілік полиэтилентерефталаттың негізгі қолдану аймақтары суретте көрсетілген.(2-сурет)
Талшық
Үлдір
Орау материалы
Орама
2
Орама
-сурет. Екіншілік ПЭТ-тің қолдану аймағы.
Суретте көрініп тұрғандай екіншілік ПЭТ-тің маңызды қолдану аймағы талшық өндірісі болып саналады. Мысалы, АҚШ пен Батыс Европада ПЭТ-бутылкаларының негізгі массасы талшық пен тоқыма материалдарын алуға жұмсалады. Себебі екіншілік өңдеу процесінде ПЭТ-бутылка маркаларының тұтқырлығы әсіресе материалды жеткіліксіз кептірген кезде кемиді (0,8-ден 0,4-0,6-ға дейін).[43]. Әйткенмен, екіншілік негізден қалыптасатын ПЭТ-талшық, кең гаммалы өнімдерді өндіру шарттарына сай қанағаттандыратын механикалық қасиеттері бар. Мысалы: текстил, тұрғын және офистік бөлмелерге арналған тоқыма негізіндегі клемдер, машиналарға арналған орамалар және т.б.[12]. Талшықтың қалыптасу процесі пластификацияланатын екіншілік полимерден біріншілік полимердегідей реологиялық (ағын жылдамдығының градиенті) қасиеттерді талап етеді. Екіншілік полиэтилентерефталаттан алынған талшықты материалдар сорбент сипатында АЗСғимараттарында жылытқыш немесе толтырғыш ретінде қолданылады.[44]. Melt-brown технологиясы арқылы дайындалған талшықты ПЭТ маталары шумоизоляциялық материал, геотекстиль, фильтрлік және абсорберлік элемент, синтепон өндірісінде қолданылады.[12].
Барлық европалық ПЭТ-тің шамамен 70%-дай көлемі талшық өндірісіне кетеді. Үлкен диаметрлі талшықтарды спорттық және қысқы киімдерде жылытқыш ретінде, ұйықтайтын қаптарда, ойыншықтар ішіндегі толтырғыш ретінде қолданады.
Қытайда, текстил индустриясының орталығында да екіншілік ПЭТ-ті талшыққа өңдеу технологиялары белсеңді дамуда. Мысалы, қытайлық компания Jiangyin Changlong Chemical Fiber Co., Ltd. ПЭТ қалдықтарынан полиэфирлі талшық өңдеу технологияларын ішкі және ресей нарығында дамытуда. Компания жетекшілерінің пікірлерінше бұл бизнес экономикалық және социальдық жағынан қолайлы болып келеді.[11].
Реологиялық және физико-механикалық қасиеттеріне байланысты екіншілік ПЭТ-ті жуу құралдары үшін сыйымдылықтар дайындауда қолданады, және де поливинилхлорид (ПВХ) және жоғары тығыздықтағы полиэтиленге (ПЭЖТ) жақсы альтернатива болады.[12].
Екіншілік ПЭТ негізінде тамақ өнімдері мен сусындар сақтауға арналмаған, ол орама дайындауда қолданады. Бірақ кейбір компаниялар екіншілік ПЭТ-ті өңдеудің супертаза технологияларын (Super-Clean-Recycling) ойлап тапты, және де осы технологияны сусындарға арналған бөтелке өнеркәсіптік өндірісінде қолдануда.[45].
Сонымен қатар, екіншілік ПЭТ-ті клей, эмаль өндірісі кезінде шикізат ретінде пайдалануға болады.[37]. Және де құрылыс үшін конструкционды материалдар, машина құрылысы және т.б. өнеркәсібі үшін композиционды материалдар өндірісінде кеңінен қолданылады.
Әр-түрлі толтырғыштары (ағаш үгінділері, қйыршықты өндіріс елеулері және т.б.) бар екіншілік полиэтилентерефталат негізінде әр түрлі композиционды материалдар алудың ресейде өндірістік технологиясы ойлап табылған және патентелінген. Осындай композиттердің (3-кесте) эксплуатациялық қасиеттеріне сай кровельді черепица, тротуарды плитка, листты материалдар және т.б. бұйымдарды жасауға мүмкіндік береді.[46].
3-кесте. Толтырғыш материалдарына байланысты ПЭТ негізіндегі құрылыс материалдарының жалпы физико-механикалық және функциональды қасиеттері[12].
Серпімділік модулі (қысуға байқау)
|
350-1000 МПа
|
Қысуға беріктік шегі
|
50-75 МПа
|
Қаттылығы (HRB)
|
60-80
|
Тығыздығы
|
1,2-1,8 г/куб.см
|
Жылу өткізгіштігі
|
0,13-0,21 Вт/К
|
Су жұтылуы
|
0,6%кем емес
|
Суыққа төзімділігі
|
200 циклдан кем емес
|
Сонымен қатар, ПЭТ қалдықтарынан және минеральды толтырғыштардан полимербетон алады. Полимербетон-берік және ұзақ қолданысты материал және де әр-түрлі салаларда қолданыс тапқан. Толтырғыш пен шайырдың үйлесімді арақатынасы 9:1.[12].
Жоғары жылудың әсерінен екіншілік ПЭТ өндірістік қондырғылар үшін қатты отын ретінде қолданылуы да мүмкін.[37].
Екіншілік ПЭТ аздаған көлемін автомобиль компоненттерін, электротехникалық бұйымдар, әр-түрлі фурнитура жасауда қысым астында құю (литье под давлением) әдісі арқылы қолданады.
Екіншілік ПЭТ-тен алынатын классикалық өнімдері: лист (пластмассалық коробка және контейнер өндірісі үшін) және бандажды лента (өнеркәсіптік мақсаттар үшін). Шамамен екіншілік ПЭТ-тің жалпы қолданыс көлемінің 9%-ы пластмассалық коробкалар (жұмыртқа үшін, жидектер үшін және т.б.) мен әр-түрлі контейнерлер ие.[44].
Достарыңызбен бөлісу: |